Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

1 Аймақтық әлеуметтік- экономикалық жағдайының дамуына шағ-ын бизнестің әсері мен ерекшіліктері

1. 1 Нарық кезеңіндегі шағын және орта бизнестің облыстың эконо-микасының дамуындағы ролі

1. 2 Облыстың экономикасына әсер ететін шағын бизнесті дамытуды басқарудың мәні мен маңызы

1. 3 Аймақ бойынша әлеуметтік -экономикалық дамуының әлемдік тәжірибесі

2. Жамбыл облысының әлеуметтік экономикалық жағдайына шағын және орта бизнестің дамуының әсерін және оның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау

2. 1 Жамбыл облысы статистикалық департаментінің даму тарихы және басқару құрылымы

2. 2 Жамбыл облысының әлеуметтік - экономикалық даму жағдайы

2. 3 Жамбыл облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық салалар бойынша даму жағдайы

2. 4 Облыстың аудандарында шағын және орта бизнестің дамуын талдау

2. 5 Облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі эконо-микалық көрсеткіштері

3. Жамбыл облысының әлеуметтік - экономикасының даму жағдайына әсер етеін шағын және орта бизнесті дамытуды жетілдіру жолдары

Кіріспе

Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» (2011ж. 20 қаңтар) атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында Үкіметке экономиканың шикізаттық емес секторындағы аймақтық кәсіпкерліктің үйлесімді өсуін жеделдетуге, жұмыс орындарын сақтауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін және елді индустрияландыратын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын енгізуді қамтамасыз етуді тапсырған [1] . Осыған байланысты Үкімет 2011 жылдың 13 сәуірінде № 301 қаулысымен бұл бағдарламаны бектіп, оны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 30, 0 млрд теңге бөлінген. Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары агроөнеркәсіп кешені, жеңіл өнеркәсіп, кен өндіру өнеркәсібіндегі техникалық қызмет көрсету, металлургия, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы өзге де халыққа қызмет көрсететін салалар.

Аймақтың дамуына негізінен үлес қосатын шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары. Сондықтан жоғарыда аталған «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік ашады. Сондықтан аймақтың экономикасын жаңғыртудың қозғаушы ретінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын зерделеу өзекті мәселе болып табылады.

Елдің барлық экономика салаларында кіші нарықтық құрылымның құрылуы қәзіргі таңдағы әлемдік шаруашылықтың экономикалық процессінің даму бағытымен сәйкес, себебі кіші және орта бизнеспен айналысатын экономикалық барлық саласындағы кәсіпорындар жылдан-жылға көбеюде. Кәсіпорындардың көлемі салалардың спецификасына, технологиялық ерекшеліктеріне, тиімділік масштабына қарай дамыған. Кейбір салаларда жоғары деңгейдегі капиталды және өндірісті қажет ететін кәсіпорындар, ал кейбір салаларға үлкен көлемдегі кәсіпорындардың орнына керісінше кіші кәсіпорындар қажет.

Шағын кәсіпкерлік саласының ШБ құрылымын тереңірек жылжытуда мемлекеттік саясаттың элементтерінің бірі өндірістік инновациялық бағыттың ынталандырылуын, кіші кәсіпорындардың ірі экономикалық құрылымдардың, соның ішінде бұл проблеманы шешуде қаржылық - өндірістік топтар роль атқаруы тиіс өндірістік желілеріне интеграциялануын қарастыратын мемлекеттік қолдау жүйесі болуы тиіс.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы еңбектің сферасын дамытуға және халықтың арасында кәсіпкерлік қызметтің дамуына, оның творчествалық дамуына және бос өндірістік қуатты пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы барлық әлемде де маңызы зор. Соңғы бірнеше жылда Батыс Европода, АҚШ және Жапонияда шағын кәсіпкерліктің дамуы маңызды орын алып отыр. Олардың көбінің жұмысшыларыны саны 20 адамнан аспайды және жаңа жұмыс орнын құруда 3 есе өскен, соның нәтижесінде бұл елдегі жұмысссыздық қысқарған.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» аты Жолдауында үлкен міндеттер қойды. Осы үлкен үлесінен шығу үшін облысымызда шағын кәсіпкерлік нысандарын дамытудың маңызы зор және аймақтың экономикасының дамуына әсері көп. Оны облысымыздағы кәсіпкерліктің бүгінгі тыныс - тіршілігінен айқын аңғаруға болады.

Атап айтқанда, 2011 жылдың 1 наурызында облысымыз бойынша 43015 шағын кәсіпкерлік нысандары тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9, 3 пайызға артып отыр. Жалпы тіркелген шағын кәсіпкерлік нысандарының ішінде шағын бизнес 5533 болса, оның ішінде жұмыс атқаратындарының саны -3194, яғни 67, 7 пайызды құрайды. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс атқаратындарының саны 184418 -ге жетіп отыр.

Облыста кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің бірыңғай қаржылық несиелік жүйесі құрылып, шағын бизнес нысандарының қызметін несиелік қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджет есебінен, сол сияқты екінші деңгейдегі облыстық банк филиалдары арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлерге үлкен қаржылай көмекті «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы көрсетуде. Бұл қор 2002 жылдан бастап 2011 жылдың 1 наурызына дейінгі аралықта өндірісті, ауыл шаруашылығын және қызмет көрсету саласын дамыту мақсатында жалпы сомасы 1135, 4 млн. теңгені құрайтын 155 жобаны қаржыландырды. Соның ішінде өткен жылы өндіріс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласын дамыту мақсатында жалпы сомасы 536, 2 млн. теңгені құрайтын 41 жоба қаржыландырылды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қордың өкілдіктері Талас, Шу аудандарында ашылып отыр.

Осыған байланысты «Шағын және отра кәсіпкерліктің аймақ экономикасының дамуына әсерін бағалау» дипломдық жұмысының тақрыбы қаөіргі кезеңдегі өзекті мәселенің бірі.

Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау.

Алға қойған мақсатты шешу үшін Жамбыл облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің соңғы 2010-2011 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіліп, аймақтың экономикасының дамуындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қызметін басқару мәселесі және кәсіпкерліктің шетелдік тәжрибесі зерделенді.

1 Аймақтық әлеуметтік- экономикалық жағдайының дамуына шағ-ын бизнестің әсері мен ерекшіліктері

1. 1 Нарық кезеңіндегі шағын және орта бизнестің облыстың эконо-микасының дамуындағы ролі

Ел басы өзінің 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Өңірлердің дамуы елдің дамуы және өңірлердің дамуын рефорламай, біз жедел әр тараптандыруға қол жеткізе алмаймыз деп атап көрсетті [1] . Сондықтан әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады және аймақтың экономикасының дамуы қуатты кәсіпкерлер тобына байланысты болмақ.

Қазақстанның экономикасын реформалаудың қазіргі заманғы кезеңінде шағын бизнес секторын дамыту және оның әрекет ететін аймағын түбегейлі кеңейту үшін барлық деңгейлердегі шағын кәсіпкерлікте мемлекеттік қолдаудауды белсендетуді қажет етеді.

Қазіргі уақытта ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлес салмағы, республика бойынша барлық жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілерінің 91, 4% құрайды. Шағын және орта бизнесте тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны - 833008 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрған - 634752 бірлік (тіркелгендер санынан 76, 2%), оның ішінде -өндіріссаласында -114850 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 358583 бірлік, шаруашылық қожалықтары - 161319 бірлік [24] .

Осы уақытқа дейін шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың республикалық бағдарламалары бұл салада үйлесімді мемлекеттік стратегия жасалмауынан, тиісті салалық және аймақтық приоритеттер айқындалмауынан, кері байланыстың жоқтығынан, болып жатқан процестердің нақты мониторингі болмау себептерінен жеткілікті тиімділігі болмады.

Шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясат маңызды жеке жүйелі бағыт екенін көрсетті. Бұл саясаттың басты мақсаты шағын бизнес үшін мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын, нарықтық инфрақұрылымның дамуын, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың идеологиялық фонын болжайтын және т. с. с. жағымды жағдайларды жасауда.

Экономикасы аралас дамыған елдерде шағын кәспкерліктің тұрақты дамуының құқықтық, қаржылық, материалды - техникалық, ақпараттық қамтамасыздандырудың мемлекеттік іс - шараларының тиімді жүйелері жасалған және әрекет етуде.

Шетелдік тәжірибелерден қорытынды жасай отырып, Қазақстандағы ШБ (шағын бизнесті) қолдау мен дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың приоритетті аймағы болып табылады.

Мемлекеттік қолдау жасайтын бағыттардың бірі - бұл шағын кәсіпорындардың әрекетінің құқықтық қамтамасыздандырылуы. 1997 жылы Қазақстанда шағын бизнес субъектілері үшін құқықтық базаны жетілдіруде үкіметтік әрекет маңызды белсендірілді. Қабылданды: ҚР Президентінің екі қаулысы [2], төрт заң, Премьер - Министрдің бір бұйрығы, үкіметтің тоғыз қаулысы және министрліктер мен ведомстіліктердің нормативті актілер қатары.

Бірақ, Президент пен үкімет тарапынан заңды қолдауға қарамастан, шағын бизнес осы заңдардың бұзылуымен күнделікті кезігіп отырады. Жасалатын іс - шаралардың орындалуының егжей - тегжейлі механизмі болмағандықтан, заңдар жиі декларативті сипатта болады.

Нормативті - құқықтық актілер толық көлемде іске асырылмайды және экономикадағы нақты бәсекелестік ортамен қамтамасыз ете алмайды. Заңдардың орындалмауы, олардың өз бетінше түсінілуі, шағын кәсіпорындардың ісіне әртүрлі араласулары, олардың әрекетін тоқтату, көптеген тексеруші органдар тарапынан әртүрлі себептермен тексерулер және басқа да бюрократтық кедергілер шағын және орта бизнестің дамуын кідіртеді.

Яғни, күшті ішкі қоры жоқ және мемлекеттік органдармен және жергілікті билікпен, ірі бизнеспен қатынастар жүйесінде әлсіз позицияда тұрған ШБ мемлекеттің қорғауын мен қамқорын қажет етеді [3] . Қазіргі уақытта ШБ жергілікті билік арасындағы өзара қатынасты реттеуге ықпал етуші іс - шаралар қатары қабылданды: 1. 09. 97 ж. - дан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің міндетті статистикалық есеп беруі ендірілді; бақылаушы және қадағалаушы міндеттерді атқаратын, мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру (оптимизациялау) жасалынды.

Сонымен қатар, жеке заңдар мен әкімшілік іс - шаралар аяқталтамаған, кейбір қателіктер мен ақаулар сақталып отыр.

Шағын кәсіпкерлік саласының ШБ құрылымын тереңірек жылжытуда мемлекеттік саясаттың элементтерінің бірі өндірістік инновациялық бағыттың ынталандырылуын, кіші кәсіпорындардың ірі экономикалық құрылымдардың, соның ішінде бұл проблеманы шешуде қаржылық - өндірістік топтар роль атқаруы тиіс өндірістік желілеріне интеграциялануын қарастыратын мемлекеттік қолдау жүйесі болуы тиіс. Қосылудың ұйымдастырушылық формасы ретінде франчайзинг, лизинг, белгілі қаржылық кепілдігіне жинақтаушыларды қоятын ұзақ мерзімді келісімдер және т. с. с. бола алады. Өндірістік ұйымдастырудың мұндай нұсқасында шағын бизнестің кепілді өтім нарықтарының пайда болуы жағымды сәт болып табылады [ 2 ] .

Жоғарыда келтірілгендерден қорытынды шығаруға болады: кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік дамыған жүйесінің іргесін жасауы тиіс:

- мемлекеттік саясаттың мақсатын анықтайтын және кәсіпкерлік әрекетті қолдаудың мәселелер кешенін реттейтін оңтайлы заң және нормативті базасы;

- қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңестік, кадрлық жәрдем мемлекеттік жүйені жасау және іске асыру;

- шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тікелей және жанама іс - шараларының үйлесуі;

- мемлекеттік деңгейде, сондай - ақ, ірі жалпыұлттық қоғамдық ұйымдар деңгейінде шағын бизнесті қолдаудың мамандандырылған институттар жүйесі;

- әртүрлі деңгейлердегі мемлекеттік органдардың кәсіпкерлердің мүддесін білдіретін одақтар және бірлестіктермен әрекеттесуі;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есеп және мемлекеттік статистика жүйесін маңызды жақсарту;

- ағартушылық және насихат компанияларын жүргізу.

Қазақстандағы реформа курсын жалғастыру, шағын кәсіпкерлік пен жеке бастаманың дамуын іске асырудың айқын механизмі - өзінің орындаушы органымен, заң базасымен және ресурстық қамтамасыздандырумен жабдықталған әлеуметтік - экономикалық өзгерулерде жүргізілетін жалпы мемлекеттік доктрина болуын талап етеді.

Дәл осындай саясат Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға, оны экономикаға, халықтың әл - ауқатына түбегейлі әсер ететін өркениетті деңгейге дейін көтеруге қабілетті.

Қазіргі қоғам мемлекет алдында шағын бизнестің даму бағыттарына келесі мәселелерді қояды:

  • шағын кәсіпкерліктің салықтық әкімшілік жүйесін жетілдіру;
  • шағын кәсіпкерліктің несиелік қорларға қол жеткізуін жеңілдету;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың тиімділігін арттыру;
  • кәсіпкерліктің мемлекеттік реттелуін оңтайландыру;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай білім және ақпараттық - әдістемелік жүйесін жасау;
  • кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативті құқықты базаны жетіліру.

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006 - 2011 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда:

- шағын кәсіпкерлік субъектілер санын 2006 жылы - 510 мыңға, 2007 жылы - 610 мыңға, 2010 жылы - 650 мыңға, 2011-2011 жылдары дағдарысқа қарамастан олардың санын арттыру 20-30 пайызға арттыру жоспарланған.

- шағын бизнесте қамтылғандар санын 2006 жылы - 1, 4 млн адамға дейін, 2010 жылы - 1, 5 млн адамға дейін, 2011 жылы - 1, 6 млн адамға дейін;

- ЖІӨ құрылымындағы жеке кәсіпкерліктің үлесін 2004 жылы 20%-ға, 2010 жылы 22%-ға, 2011 жылы 25%-ға жеткізуге болжам жасалды [6] .

Осы бағдарламаның жоспарын іске асырудың нәтижелерінен 2011 жылы кіші кәсіпкерлік субъектілерінің саны 43018 бірлікке жеткен, яғни бағдарламаның тапсырмасынан 3655 бірлікке артық болғанын атауға болады. 2011 жылы шағын кәсіпкерлікке қамтылғандардың саны 126, 1 мың адамға жетті. Шағын бизнес субъектілерінің әрекетін ынталандыру мақсатында мемлекет оларға тіркеудің қарапайым ретін ұсынды. Бұл ең алдымен тіркеудің мерзімдерімен белгіленеді. Заңның талаптарына сәйкес, кіші кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және олардың бөлімшелері мен өкілеттіліктерінің қажетті қосымша құжаттарымен қамтамсыз ету, өтініш берген күннен үш жұмыс күнінен кем емес мерзімде оларды есепті тіркеу жүргізіледі.

Бұдан басқа шағын бизнестің субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың бөлімшелері мен өкілеттіліктерін мемлекеттің тіркеуге жинау ставкасы (ставка сбора) жинауды төлейтін күндегі бес еселенген айлық есеп көрсеткішін құрайды. Басқа заңды тұлғалар үшін жинау ставкасы едәуір көп - 20 айлық есеп көрсеткіші.

Қазақстан Республикасының салықтық кодексімен кіші кәсіпорындардың әрекетінің салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған белгілі озық іс - шаралар қарастырылған. Олардың ішінде шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне салық салудың жеңілдетілген тәртібін, табыс деңгейін жасауға, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ерекше режим ендіруге диференциалды жақындау маңызды болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің жеке тармағымен салықтық жүктемені маңызды төмендететін және салық салу жүйесін, соның ішінде шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына, заңды тұлғалар - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеңілдетілген арнайы салық тәртіптері қарастырылады.

Сондай - ақ, «Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» Заңына сәйкес [4] кіші кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есебі процедуралар мен есеп үлгісінің жеңілдетілген түрінде ұсынылуына болады. Бухгалтерлік есепті жүргізудің жеңілдетілген үлгісі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит Департаментінің № 451 Бұйрығымен 29 желтоқсан 1997 жылы бекітілген №23 Бухгалтерлік есептің «Кіші кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және есеп беру» Стандартымен анықталады [5] .

Банк секторының тұрақты дамуы қаржылық қызмет нарығын жетілдіруге және кіші кәсіпкерлік кәсіпорындарының активтерінің жоғарылауын ынталандыратын қаржылық - несиелік қамтамасыздандырудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың әрекетін ынталандыру және оларға қаржылық көрсету мақсатында Қазақстанда 2003 жылы бір несие алушының айлық есеп мөлшерінің көрсеткішінен мың еселік мөлшерден аспайтын мөлшерде шағын несиелер беру мүмкіншілігі қарастырылған «Шағын несиелік ұйымдар туралы» Заң қабылданды.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тендерлік негізде мемлекеттік сатып алу шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бірқатар артықшылықтары бар. «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер рыногында бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болу қажеттілігі жайлы жалпы талаптар шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне таралмайды.

Жоғарыда келтірілгендерден дамып келе жатқан Қазақстан мен оның аймақтарындағы шағын кәсіпкерлік тұрақты мониторингты және кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қолдаудың жаңа жолдарын анықтауды тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, және сондай - ақ, бағдарламаның негізгі жасаушылары мен координаторлары биліктің жергілікті органдары болып табылатын аймақтық деңгейде де қажет етеді деп қорытынды шығаруға болады.

1. 2 Облыстың экономикасына әсер ететін шағын бизнесті дамытуды басқарудың мәні мен маңызы

Аймақты шаруашылықтың тұрақты дамуын трансформациялау процесінің теориялық-методологиялық негіздеудің қажеттігі аймақтық экономиканы басқаруды ұйымдастырудың кешенді сипатына байланысты болады. Аймақтық экономиканың дамуына әсер ететін шағын кәсіпкерлікті басқаруды ұйымдастырудың дамуы күрделі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін жеңілдетілген амал-тәсілдерді қолдану әрекеттері ұдайы өндіріс процестерін ұйымдастыру нұсқаларының нысандары мен әдістерінің қолдануына әкеліп отырған. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінің маңызды нәтижесі және салдары болып экономиканы басқаруда мемлекеттің қатысуының азаюы, жоспарлау функцияларын азайту, ұдайы өндіріс процесіне әсер ету әдістерін қысқарту болды. Ал ол, өз кезегінде, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың азаюына әкелді. Сонымен, нарықтық өзін-өзі басқару тиімдірек деп ұйғарылған болатын. Мемлекеттік реттеу мен нарықтық өзін-өзі реттеу аймақтық ұйымдастыруға зиян келтіре отырып, орталықтандырылған басқаруды негізсіз күшейтуді жолымен бір-біріне қарсы қоюды жою басқару шешімін дайындау қағидасының бұрмалануына әкеледі.

Даму диалектикасы нарықтық қатынастар жүйесінде әлеуметтік-экономикалық жүйе, сонымен бірге аймақтық басқару нысанында да, орталықтандыру мен орталықсыздандырудың рационалды үйлесіміне негізделетінін дәлелдейді. Ал ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің үйлесімді әрі тұрақты іс-әрекет етуіне әкеледі. /1/

Осылайша, аймақтық басқару көп мақсатты, мақсатты бағытталған жүйе болып табылады. Көптеген мақсаттың болуы және глобальды мақсатқа сәйкес олардың тәртіпке қойылуы басқару иерархиясының түрлі деңгейлерінің, экономиканың әр түрлі ұйымдары мен кәсіпкерлікпен айналысатан субъектілерінің мүдделерін түрлі іс тәртібінде (ұзақ, орта мерзімдік және оперативті) үйлесуіне мүмкіндік береді. Сонымен, осы жерде аймақтық мүдделердің негізін, тұрғындардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қанағаттандыру мақсатында шағын және орта бизнестің дамуын қамтамасыз етеді. Бұл аймақтың экономикалық дамуымен және ұдайы өндіріс процесінде өзара қатынастардың күрделі жүйесімен байланысты. Себебі кәсіпкерліктің ойдағыдай бағытта дамуы үшін, оған материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық, инновациялық, инвестициялық және басқа да ресурстар қатысады. Демек, аймақтың басқа субъектілерімен, әсіресе шағын және орта субъектілерімен өзара әрекеттесу механизмі ұдайы өндіріс процесінде негізі салынған. Бұл үздіксіз қайталанатын процесс барысында бір өндірушілер өнім өндіруді жүзеге асырып, оны басқаларға жеткізеді, ал олар, өз кезегінде оны тұтынып, одан шыққан өнімді келесі өндірушілерге немесе индивидтерге өткізеді. Шағын және орта бизнестің даму кезеңінде материалдық игіліктерді, еңбек ресурстарын және өндірістік-экономикалық қатынастарды өндіру, бөлу, айырбас және тұтынуды қосатын күрделі, үздіксіз қайталанатын процесте басқару аймақтың операциялық қызметінің барлық қатысушыларының мүдделерін ескереді.

Аймақтың экономикасының дамуын қанағаттандыруда жалпы бағыттарды анықтау үшін, шағын және орта бизнес саласындағы қызметтер мен тұтыну заттарының ұдайы өндірісін және басқа да салаларды, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді басқаруда орталықтандыру мен орталықсыздандыруда белгілі бір үйлесімділік қажет.

Аймақтың экономикасын ұйымдастыруда басқару шешімдерін қабылдаудың көпсатылық процедурасы аймақтық басқарудың республикалық органдарымен деңгей аралық қатынасын, басқа да облыстармен көлденең өзара байланыстары мен өзара қатынастарын, сонымен қатар жергілікті басқару органдары мен ұдайы өндіріс процесінің өндірістік-коммерциялық топтарымен қатынасын бейнелейді. Аймақтық басқарудағы әр түрлі деңгейдегі субъектілердің өзара қатынастарды реттеу нұсқасы басқарудың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық нысандарын жүйелі түрде қолдануына негізделуі тиіс. Орталықтандыру мен орталықсыздандыру қатынастары келесі жағдаймен анықталады - аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйенің басқа басқару объектілерінен айырмашылық спецификасымен анықталады. Ол аймақтық экономика пәнін анықтаумен және «аймақтық басқару» және «аймақтық өзін-өзі басқару» түсініктерімен байланысты. Экономикалық әдебиеттерде «аймақ» түсінігі кеңінен қолданылады. /2/. Аймақ нақты белгіленген әкімшілік шекараларға ие және онда тұрғындардың өмірін қамтамасыз етудің әлеуметтік және экономикалық процестері ұдайы өндірілетін аумақтық құрылым.

Аймақ экономикасын дамытудың мақсаты мен әлеуметтік бағытталған ғана емес, сонымен қатар рынокты мемлекеттік реттеуін құру болып табылады. Міне осындай реттесу тұтастай алғанда аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет етуінің жағдайын құру керек. Ең алдымен бұл табиғи жағдайлар, еңбек ресурстарын қолдану және шығындарды азайту, аймақтың мамандандырылуына байланысты.

Қазіргі кезде экономикалық қатынастар субъектілерінің жаңа құрылымы шағын және орта бизнесті дамыту жүріп жатыр. Онда аймақтар маңызды орын алады. Бұл жерде Қазақстанның экономикалық, саяси және мемлекеттік өмірінің субъектілері ретінде аймақтардың теңдігі айтылып отыр.

Мемлекеттік аймақтық саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы (Жамбыл облысы бойынша)
Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайы мен міндеттері
Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы
Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz