Ішкі істердің аумақтық органдары



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі ... ... ... ... ...4
2.2 Қалалық ішкі істер бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.3 Криминалдық полицияның негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.4 Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.5 Әскери.тергеу органдарының негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша
ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.
1. Құқықтану: А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: 2007. — 192 бет.
2 Қазақ КСР Мемлекеттік мекемелері. Әлеуметгік-мәдени құрылыс басқармасының органдары, әкімшілік-саяси органдар мен Қазақ АКСР әділ сот органдары (1920— 1936 жж., Алматы, 1984, 81-6.)
3 1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 612-617 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).
4 "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 8 маусымдағы № 777 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001 № 21, 262-бап).
5 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 590-бап).
6 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы № 554 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 14, 151-бап).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі ... ... ... ... ...4
2.2 Қалалық ішкі істер бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.3 Криминалдық полицияның негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... .8
2.4 Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 8
2.5 Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... 9
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

Кіріспе
Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша
ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары -- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі
1920 ж. қазанда Қазақ КСР-інің Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) ретінде құрылды.
1946 жылдан Қазақ КСР-інің Ішкі істер министрлігі. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 8 маусымдағы қаулысымен министрліктің Жол полициясы комитеті құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның тағы бір ведомствосы - Жол полициясы комитеті бар екендігі көрсетілген өзгерту енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық іс-атқару жүйелері комитеті құрылды. Оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық іс-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгертулер енгізілді: Қ Р Ішкі істер министрлігінің қылмыстық іс-атқару жүйелері комитеті министрлік ведомстволарының қатарынан шығарылды, сондай-ақ министрліктің негізгі функцияларынан қылмыстық іс-атқару жүйелері қызметін қамтамасыз ету функциялары шығарылды.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен министрліктің Тыл департаменті таратылды.[1]
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 қыркүйектегі қаулысымен министрліктің Ішкі әскерлер командашысының бас басқармасы министрліктің Ішкі әскерлер комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның тағы бір ведомствосы - Ішкі әскерлер комитеті бар екендігі көрсетілген өзгерту енгізілді.
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы қаулысымен министрліктің Жол полициясы комитеті таратылды, оның мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері министрлікке берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: министрлік ведомстволарының қатарынан Жол полициясы комитеті алынып тасталынды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығымен министрлік қайта ұйымдастырылды, экономикалық және сыбайлас қылмыстарды анықтау және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне (қаржы полициясы) берілді; қылмыс жасады деп күдіктенген және айыпталған адамдарды ұстау және тергеу изоляторында жазасын өткеретін сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды атқару, сондай-ақ құжаттау және ҚР азаматтарына жеке куәлігі мен паспортын беру жөніндегі функциялары ҚР Әділет министрлігіне берілді. ҚР Әділет министрлігі есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет ету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен министрліктің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының құрамына енгізілді; министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ҚОСЫЛДЫ.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 22 маусымдағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Министрлік ҚР Ішкі істер органдары жүйесін басқаруды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлікте аумақтық органдары, сондай-ақ ведомстволары бар: Ішкі әскери комитеті және Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті. Министрліктің негізгі міндеттері қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылмыспен және есірткі бизнесімен күрес, есірткі және қару айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.[2]
Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;
ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру.
Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.

Қалалық ішкі істер бөлімі
Қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің құрылымына кіретіндер: әкімшілік қызметтің кезекшілік бөлімімен қоса жедел-іздестіру бөлімдері (бөлімшелер, топтар), МАИ, алдын ала тергеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі Істерді басқару
Республиканың Жоғарғы сотына
Азаматтық істердің соттылығы
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Сот жүйесі
Құқық қорғау органдары туралы
ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктері
Прокуратура туралы жалпы түсінік
Пәндер