Евро валютасы


Евро
Европалық экономикалық және валюталық қауымдастықтың пайда болуы және оның ортақ бір валютаға (евро) негізделуі қазіргі уақытта ең масштабты жобалардың бірі болып табылады.
Ортақ валютаны енгізу мақсаты 1992 жылы Европлық қауымдастық құру туралы Маастрих келісімінде бекітіліп қойылған болатын. Көп жылдық дайындықтардан кейін 1999 жылы 1-қаңтарда аталған жоба іске асып, әлемде мүлдем жаңа валюта өмірге келді.
- Евроның қысқаша тарихы.
Европалық валюталық жуйе құру идеясы екі батыс европалық атақты саясаткерлері - батыс герман канцлері Гельмут Шмидт пен Франция президенті Валери Жискар д’ Эстенге тиесілі.
Шмидт- Жискар д’ Эстен инициативасын алғаш рет басқа ЕО-тың елбасыларына 1978 жылы сәуір де Копенгагенде болған кездесуде жариялады. Үш айдан соң, яғни шілде айында аталған жоба бремен саммитінде қолдау тапты. Ал 1978 жылы желтоқсанда ЕО-тың толық 9 мүше-мемлекеттердің 8-і Ортақ Европалық валюта жүйесін құру туралы келісімге келді (Ұлыбритания бұл келісімді қолдамады) .
Осылайша бұл келісім өз күшіне 1979 жылы 13-наурызда енді. Ал ортақ Европалық валюталық бірлік «ЭКЮ» деп аталды ( ECU-european currency unit ) . Алайда Италия мен Франция бірнеше рет өз валюталарын девольвацияға ұшыратып, сонымен қатар 80 жылдардың басында Франция бірнеше рет ортақ валюталық жүйеден шығып кету қаупін төндірді. Сонымен қатар экю барлық Европа елдеріне бірдей жағымды, әрі пайдалы болмады. Сол себепті 1988 жылы ақпанда ФРГ сыртқы істер министрі Г. Д. Геншер «Европалық валюталық кеңістік пен Европалық Орталық банк құру туралы» мемарандум жарилады. Бұл жоспарды сол кездегі ЕО комиссиясының төрағасы Ж. Делор ойланбастан қолдады. Ал кейінірек аталған жоба «Делор жоспар» болып авторын өзгертті. (Шын мәнінде авторы Г. Д. Гнешер)
Делор ЕО-тың үйлестірілген экономикасын және валюталық саясатын жүргізу, Европалық Орталық Банк құру және ортақ Европалық авлютағ өтуді жоспарлады.
Осы жоспар Европалық валюталық Одақтың интеллектуалды негізі ретінде 1989 жылы 26-маусымда Мадридте болған келісімде қабылданды, ал оны негізгі идеялары 1992 жылы Маастрих келісімінде бекітілді.
Бұл жоспарды келесі этаптар бойынша іске асыруды көздеді:
- Бірінші: (1990 ж. 1-шілде - 1993 ж. 31-желтоқсан)
ЕО шеңберінде капитал қозғалысын толығымен ырықтандыру (либерализация), ортақ ішкі рынок құруды аяқтау, басты макроэкономикалық көрсеткіштерді жақындату
- Екінші: (1994 ж. 1-қаңтар - 1998 ж. 31-желтоқсан )
Европалық валюталық институт құру, валюталық одақ құруға институционалдық, заңдық және әкімшілік база дайындау. Экономикалық валюталық жүйеге қатысушыларды іріктеу, Европалық Орталық банктің жұмысының басталуына байланысты арнайы заңдар қабылдау, ортақ Европалық валюта тиындарын чеканкалауды бастау
- Үшінші: (1999 ж. 1-қаңтар - 2002 ж. 30-маусым)
Ортақ европалық валюта енгізу, алғашында қолма-қол ақшасыз (электронды түрде), ал 2002 жылдан бастап ұлттық валютасымен параллель қолданысқа түседі.
Euro, Ευρώ
1999 жылы 1-қаңтардан бастап аталған жүйеге 11 Европа мемлекеті кірді. Олар:
Германия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Австрия, Ирландия, Испания, Португалия, Финляндия.
Бұл мемлекеттерден басқа евро ресми билік рұқсатымен автономды теңіздің арғы бетіндегі департаменттерде де таралды. Олар: Франция үшін Мартинтка мен Гваделупа, Реюньон, Сен-Пьенр, Микелон аралдары. Комар және Жаңа Каледония аралдары. Сонымен бірге Монако, Андорра, Сан-Марино және Ватикан.
Саяси себептермен Валюталық одаққа 1999 жылы ЕО-тың үш мемлекеті - Ұлыбритания, Дания, Швеция кіруден бас тартты. Ал Греция Конференция шарттары ме, н критериилерін орындай алмады, алайда ол 2001 жылы қаңтарда міндетті түрде жүйеге енетінін білдірді.
Валютасы ауысқан мемлекеттердің ұлттық валюта атаулары
- Австрия (австриялық шиллинг)
- Бельгия (бельгиялық франк)
- Германия (неміс маркасы)
- Греция (грек драхмасы)
- Ирландия (ирланд фунты)
- Испания (испан песетасы)
- Италия (итальяндық лира)
- Люксембург (люксембург франкі)
- Нидерланды (нидерланд гульдені)
- Португалия (эскудо)
- Словения (словен толары)
- Финляндия (финляндық марка)
- Франция (француз франкі)
Евро енгізілмеген аймақтар:
- Лихтенштейн ( Европы микромемлекеті) (швейцар франкі)
- Нидерландтық Антил аралдары (антил гульдені)
- Аруба ( Нидерланд автономды ауданы ) (аруб флорині)
2) Евроның пайдасы
- Ортақ валюта ғана заңды және жеке тұлғаларды валюталық курстың күтпеген секірістерінен қорғай алады және барлық валюталық одақ шеңберінде тауар мен қызмет көрсету бағаларын шынайы салыстыра алады
- Макроэкономикалық деңгейде ЕО елдерінде ақша рыноктарының унификациясы инфляциямен сенімді күресуге, пайыздық қойылымдар мен салықты төмендетуге әсерін тигізеді. Ол өндірістің өсуіне, жұмысбастылық, қаржы жүйесінің тұрақтануына, инвестиция ағымына оң әсерлі болады.
- Кәсіпорындарға операциялық қызмет етуде қосымша шығындарын айтарлықтай қысқартады, бағалық және валюталық қауіп-қатерден сақтайды.
- Жеке тұлғалар үшін ортақ жүйе Шенген аймағында саяхаттау, еврозонада шот ашу, несие алу және бағалы қағаздармен операция жасауға мүмкіндік береді.
- Халық үшін негізгі басымдылық валюта айырбастаудың керексіздігінде, осылайша халық көптеген банк операцияларына кететін қаражаттарын үнемдейді.
- ЕО елдерінің сауда партнерларына аралық операциялары кезінде шығындарды қысқарту, өз авуарларын диверсификациялау мақсатында евромен резервтік фонд құру және көптеген басқа да артықшылар береді.
- Бүкіл ЕО елдеріне беретін шынайы басымдылығы - ең тиімді ортақ рынок құру, халықтың жұмыс бастылық көлемін арттыру, өмір сүру деңгейін көтеру
Франкфурттегі евроға арналған ескерткіш
3) Тиынның кері беті
- Ұлттық валютадан бас тарту дегеніміз ұлттың ең маңызды символы және ұлттық егемендігінің жоғалуы болып табылады. Бұл дегенміз метал дөңгелектер мен монархтар, көшбасшылар немесе аталған елдердің ғалымының суреті бейнеленген қағаздар ғана жоғалып кетпейді, сонымен бірге валютада жатқан терең психологиялық әсер, сонымен бірге нағыз ұлттың бірлігі жоғалады. Әрине Европалықтардың тамыры бір және олар осы ортақ валютаны қабылдап отыр, бірақ орардың дәл осылай интеграциялануы әрбір жеке елдің өзінің ерекшк құндылығын жоғалтуға әкеліп соғады.
Ұлттық валютаны алып тастағаннан кейін мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін ең маңызды саяси құрал жоғалып кетеді. Бұған ең жарқын мысал - КСРО-ның құлауы. Оның құрамындағы мемлекеттер өз егемендігін алғаннан кейін бұрынғы тұрақтылықты сақтап қалу мақсатында рубль зонасынан шықпай-ақ ары қарай дами беруге болатын еді (Өйткені тиімді!) , бірақ бұл жерде ұлттық егемендік алға қойылып, әрбір КСРО-ға мүше болған елдер ең алдымен өзінің төл валютасын енгізді.
- Евро енгізудегі тікелей шығындар сараптама бойынша Жалпы Ішкі Өнімнің 1 ден 1, 5% құрайды, оның 0, 75% сауда-өндіріс корпарацияларын, 0, 25% банктерге және тек 0, 25% үкіметтер мен Орталық банктерге тиесілі ( осы цифрға банкнот пен евро тиындарын жасау шығыны да кіреді ) .
Ал тікелей пайда қайда?
- Экономикалық және валюталық одақпен бәріне ортақ валюта бәсекелестікті күшейтетіндігіне ешкінің дауы жоқ. Бәсеке барысында аса дамыған және тиімді жұмыс жасайтын компаниялар жеңіске жетеді, ал уақытпне бірге жүре алмайтындар артта қалады.
Алайда Экономикалық Валюталық жүйеге қатысатын азаматтар мен фирмалар екінші топта болып қалатындығына ешкім кепілдік бермейді.
3) Евро мен Доллар
Евроның пайда болуы әлемдік аренадан долларды шығарып тастауға бағытталғанын бүкіл әлем білді. Алайда ЕО-тың бірде-бір құжатында бұл жағдайға байланысты ешқандай тұспалдау жоқ. Ресми түрде ЕО өз алдына АҚШ-пен валюталық сферада бәсекелесу мақсатын қойған жоқ. Бірақ Объективті түрде евро мен доллар әлемдік валюталық кеңістікте екі үлкен полюске айналып отыр. Ал олардың арасындағы бәсекелестік валюта эвалюциясында орталық орындарды алады.
Американ истэблишментінің ресми өкілі де аталған жағдайды ресми бағаламайды. Бұл ең алдымен этика және саяси логикамен байланысты. Сонымен қатар АҚШ пен Европа интеграциясы НАТО келісімімен бекітілген.
АҚШ-тың позициясы бойынша:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz