Сақтар мен гундардың мәдениеті мен тарихы



1. Сақтар мен гундардың мәдениеті мен тарихы
2. Шаруашылығы
3. Халық, қоғам, әдет.ғұрып
4. Сақтардың саяси тарихы
5. Археологиялық ескерткіштері
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.В.Грязнов ашты. Ғылымда шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды.1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі - қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д.15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).
Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі -жерлев салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Сақтар мен гундардың мәдениеті мен тарихы
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы
ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан
адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік
Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі
ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.В.Грязнов ашты. Ғылымда
шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп
атайды.1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да
тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет
ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі
- қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов
мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы
хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -б.з.д.
18-16 ғғ, орта қола б.з.д.15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов
мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).
Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті. Бұл өңірден көптеген
мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер.
Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының
күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле
түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі -жерлев салтында кремация (мәйітті өртев) басым
болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика
ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй
жануарларының сүйектері де табылған.

Келесі -Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да
игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі.
Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлев жиірек ұшырасады.
Кейінгі кезеңі- Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді
шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан
қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та
қолданылған.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ
қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және
тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай
облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты
тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал
алқабынан -Тегіскен кесенесі ашылды.
Шаруашылығы. Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына
егін, бау-бақша салып қоныстанған.
Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған
ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе,
ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына
құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы.
Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды
жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік
136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл
тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды
жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың
қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды
қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір
жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды.

Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында
андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй
іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді
ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс
жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты
Ежелгі кеншілер. Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды.
Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді
тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір
отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан
ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға
алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-
өрнектермен әсемделген.
Үй кәсіптері Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері
жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев
бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы,
ұршық болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен
құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп
жүрді. Әшкейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері
қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.
Халық, қоғам, әдет-ғұрып. Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір
сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде
өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын
көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған
мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік
болған.

Діні мен өнері. Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-
батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату
деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп
жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық
шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті
балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы
отбасының ең қасиетті жері болды.
Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей
қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл
суреттер - жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас
көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді.
Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен
Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды.
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар.
Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары
темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған.
Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер,
сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек
тарихшысы Геродот өзінің "Тарих" деген еңбегінде, 5 томында, географ
Страбон "Географиясында" жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің
Накширустамдағы Персопольға жақын тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп
көрсеткен.: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-европалық скифтер
немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома
сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендевшілер), тиграхауд сақтар
(шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендевшілер).
Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек
бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі
сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен
б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды,
массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып
кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері
тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз
осы кезде шықты
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий б.з.б. 521-486
жж жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5
ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары
парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон
жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты
Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы
Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді.
Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну
үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық
табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға
шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла
империясы ыдырап кетті.
Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ
бұйымдарының көмбелері.
Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.)
ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл
обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше
варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек
астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал
ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен
обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті
жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар
қойылады.

Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан
қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-
Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде
үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері
немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек
кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер
молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға
қойылады.
Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен
кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл
өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел
кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір
кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.
Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді
аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында.
іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан
табылды.
Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және
кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр
қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы
Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа
бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м.
Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.
Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді.
Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ
үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық
қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол
киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26
таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына
биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына
құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде
титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен
безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар
сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына
қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-
орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік
обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог
К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).
Арал өңірі сақтары мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен
қорымдары.
Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де
айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы
үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Көшпелілер туралы түсінік
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Ғұндар Саяси тарихы
Ғұндар, сақтар, қаңлылар, үйсіндер тарихы
Сақтар жайлы
Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар
Пәндер