Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі жайлы ақпарат



1. Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң
негiздемесi мен шарттары
2. Жалпы ережелер
3. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
4. Банкiлердiң қызметiн реттеу және
депозиторлардың мүддесiн қорғау
5. Есеп және есеп беру
6. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларына аудит
7. Банктердi ерiктi түрде қайта құру
8. Банкiнi консервациялау
9. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
бір тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;
бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;
3) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:
банк бас ұйым болып табылатын немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылатын;
банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің топтың жиынтық активтеріне қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайтын;
банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым болатын заңды тұлғалар тобы.
Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды.
Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;
4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:
банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;
5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;
6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы

(Соңғы редакциядағы күні: 2009.01.01)
      Ескерту. Тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды, мәтін бойынша
"Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық"
деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның",
"Заң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N
162 Заңымен, Бүкіл мәтiн бойынша "(мүдде)" деген сөз алып тасталды -
2005.07.08. N 69 Заңымен.
I Бөлiм
Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң
негiздемесi мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
      1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
      1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
      2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында
(тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде
мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен
қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның
(бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.
      3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп
атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай
алмайды.
      4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған
жер деп танылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162
Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
      бір тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не
басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып
алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір
немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның
басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру
мүмкіндігі болған;
      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе
басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған;
      Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес
құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір
заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды
тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;
      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда
өзгедей түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған
кезде туындайтын бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін
айқындау мүмкіндігі;
      2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің,
банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың
акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің
бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін
айқындау мүмкіндігі;
      3) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан,
сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты
қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:
      банк бас ұйым болып табылатын немесе еншілес ұйымдардың бірі банк
болып табылатын;
      банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топтың қызметі негізінен банк
секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің топтың жиынтық
активтеріне қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайтын;
      банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топта бір банк және өзге
қаржылық ұйым болатын заңды тұлғалар тобы.
      Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып
табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды.
      Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының
резиденті емес банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті
- еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк пен оның
еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты
болып танылады;
      4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес
банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды
шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей
немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не
ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам
процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді
айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;
      5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал)
- банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;
      6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне
сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған
акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін
тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық
басқарушы компания осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ
осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен
тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік
құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал
ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;
      7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның
ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)
және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен,
алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық
немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға
тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін
ақша;
      9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды
тұлға;
      10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену
не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның
ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық
капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп
заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін
айқындау мүмкіндігі;
      11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға
қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам
процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не
ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке
немесе заңды тұлға;
      12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам
процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен
бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс
беру мүмкіндігінің болуы;
      13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған
немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы .
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.20
N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары
      Банктің аффилиирленген тұлғалары - "Акционерлік қоғамдар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ
банк конгломератының қатысушылары.
      Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi
      1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.
      2. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк
жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.
      Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi
және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан
Республикасының Заңымен белгiленедi.
      Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген
мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң
және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
      Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары
Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк
кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға
бағытталған.
      3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше
құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге
банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.
      4. (алып тасталды)
      5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен
бiрiнен астамы:
      а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
      б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу
үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi
еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды
тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде жәненемесе басқаруында болатын
Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
      в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6
(б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер
(сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы
резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде жәненемесе басқаруында болатын
екiншi деңгейдегi банк.
      6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде
құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының
Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа
(келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1997.07.11. N 154 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2001.04.25. N 179
Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен, 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз) Заңымен.
      4-бап. Банкiлердiң қызметiн құқықтық реттеу
      Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және
заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен
(келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер
бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары
негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық
Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн
             жүзеге асыратын ұйым
      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым -
уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде не
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес осы Заңға көзделген
жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды
тұлға.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      6-бап. Уәкiлдiк берiлмеген қызметке тыйым салу
      1. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы
жоқ бiрде-бiр адамның:
      а) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға;
      б) алып тасталды - 2006.05.05. N 139 Заңымен.
      в) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк"
сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай
әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық
Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес
ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
      2. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз
жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттiк органның, кредиттік
серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму
Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде бекiтiлген өкiлеттiктерi
шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп
табылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді, 2-тармақ алынып тасталды, 3-
тармақ 2-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N
154, 2001.03.02. N 162, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08. N 69, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05. N 139, 2007.02.19. N 230
(қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз) Заңдарымен.
      7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
             Банкiлердiң тәуелсiздiгi
      1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол
сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы
баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет
өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.
      2. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері - мемлекетаралық
банкілер қабылдаған депозиттердің сақталуына кепілдік береді және олардың
міндеттемелері бойынша осындай банкілердің (немесе олар уәкiлеттiк берген
мемлекеттiк органның) жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің үлесіне тепе-тең мөлшерде жауап береді.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа
реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез
келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
      Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк
жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан
Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, қолданылып жүрген банк
заңдарының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер
акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген
санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға
құқылы.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1996.12.07. N 50 Заңымен, 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2001.03.02. N 162
Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
      8-бап. Банктер үшін тыйым салынған немесе шектелген
              қызмет
      1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 6-
тармағында, 30-бабының 12-тармағында көзделмеген кәсіпкерлік қызмет
ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда
белгіленген жағдайларды және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда
бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық
емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу мынадай
жағдайларда:
      1) қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және
үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды кейіннен өткізу, қайта
құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын ұйымдардың;
      2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге
асыратын қор биржасының тізіміне уәкілетті органның нормативтік құқықтық
актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша енгізілген
қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
      3) кредиттік бюролардың, ломбардтардың, Қазақстан Республикасының
секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы
компанияларының, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған
Қазақстан Республикасының резиденті емес арнайы ұйымдардың, лизингтік
ұйымдардың, сондай-ақ айрықша қызмет түрі банктің операциялық қызметін
қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті иелену және оны
басқару болып табылатын ұйымдардың, банк қызметін автоматтандыруды жүзеге
асыратын заңды тұлғалардың;
      4) заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе
жарғылық капиталдарына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың;
      5) осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғалардың;
      6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық
қорлардың;
      7) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар
нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының
резиденті емес заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына
қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.
      Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың
банкке тиесілі акциялар саны бір заңды тұлғаның орналастырылған
акцияларының жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.
      3. Банктің осы баптың 2-тармағы 1)-3), 6) және 7) тармақшаларында
аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін не акцияларын
сатып алуы бір заңды тұлғаға:
      1) 1), 3) және 7) тармақшаларда аталған ұйымдар үшін - банктің
меншікті капиталының он бес процентінен;
      2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - банктің
меншікті капиталының он процентінен аспауға тиіс.
      Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылдаған акциялары немесе жарғылық
капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына
сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осындай ұйымдардың
акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуы кезінде
банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының
жиырма бес процентінен аспауға тиіс, бұл ретте акцияларды немесе жарғылық
капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан артық болмауға тиіс.
      Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не
акцияларының жиынтық құны:
      қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін - банктің
меншікті капиталының алпыс процентінен;
      сақтандыру ұйымдары үшін - банктің меншікті капиталының қырық
процентінен аспауға тиіс.
      Банктер он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен ұлғаю немесе
кему фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде:
      акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле
отырып) жалпы санына акциялар санының проценттік қатынасын;
      банкке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін
уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шектеулер банктің еншілес
ұйымдарының және банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты
қатысатын ұйымдардың қызметіне қолданылады.
      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының
облигацияларымен;
      уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең
төменгі талап етілетін рейтингі бар облигацияларымен;
      Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес
құрылған арнайы қаржы компаниясының банк пен арнайы қаржы компаниясы
арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында шығарған
облигацияларымен;
      банктің өз облигацияларымен және осы банктің еншілес ұйымдары
шығарған, міндеттемелеріне банк кепілдік берген облигациялармен мәмілелерді
жүзеге асыруға қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәміле жасау тәртібі
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктің
заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін
сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерiмен айналысуға құқылы:
      1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын
мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi іске асыру;
      2) банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi кез келген ақпарат жеткізуші
түрлеріндегі арнаулы әдебиеттердi сату;
      3) өз мүлкiн сату;
      3-1) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және
тарату;
      3-2) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді,
сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын
жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза
позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;
      4) заем алушылардың кепiлге қойған мүлкiн осы Заңда және Қазақстан
Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген тәртiппен сату;
      5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық
қызмет көрсету;
      6) басқа тұлғалардың банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша
мүдделерiн, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы 
заңнамасынасәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын
ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және
өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру;
      7) банк-қаржы қызметi саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру
жөнiндегi оқуды ұйымдастыру;
      8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттерi
атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары
атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгерту
енгізілді - 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
Заңыменқараңыз), 2006.12.29. N 209, 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған
күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19. N
230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2008.10.23 N 72-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптанқараңыз), 2008.11.20 N 88-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз) Заңдарымен.
      9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
      1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн
жарнамалауға тыйым салынады.
      2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға
өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап
етуге құқылы.
      Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда
уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай
келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы
жариялаған банкiнiң есебiнен нақтылауға құқылы.
      3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның және (немесе)
Ұлттық Банктiң лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына
жататын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)
      1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру,
бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн
банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен
одақтарын құруға құқылы.
      2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып
табылады.
      3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi
шектеу, сыйақы ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну
шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да
                бiрлестiктер
      Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бiрлескен
жобаларды іске асыру мақсатында банктер бiрлескен қызметi туралы шарт
негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар
жұмысына қатысуға құқылы.
      Ескерту. Жаңа 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1999.07.16. N 436 Заңымен.
      11-бап.
       Ескерту. 11-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының
2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      11-1-бап. Банктердің еншілес ұйымдары және ұйымдардың
                жарғылық капиталдарына банктердің қомақты
                қатысуы
      1. Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге
асыру мақсатында уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйым құра
алады немесе оны иелене алады.
      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Акциялары және жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл ретінде қабылданған
жағдайда, банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар банктің еншілес ұйымына
жатқызылмайды, бұл ретте осындай акцияларды және жарғылық капиталға қатысу
үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
      2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйым құруға және (немесе)
оларды иеленуге құқылы емес.
      Банктің еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді
көрсетуге және бас банктің атауын пайдалануға міндетті.
      3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге
тиіс:
      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы
хаттамалар;
      2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру немесе оны сатып алу
туралы шешімі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;
      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар
туралы мәліметтер.
      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
      осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің
шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
      егер аталған ұйымдардың директорлар кеңесі немесе басқармасы
құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса,
еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;
      5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі
немесе түрлері туралы ақпарат;
      6) құрылатын еншілес ұйымның құрылтайшылары енгізетін акцияларды
алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
      7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесі
мен сомасы, сондай-ақ олар сатып алатын акциялар саны және акцияларды алдын
ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
      8) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
      9) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның
аудиторлық ұйым куәландырған қаржы есептілігі;
      10) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік
тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің нотариат
куәландырған көшірмесі;
      11) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері
туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ банктің
жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын
акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпарат;
      12) банк жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын иемдену
арқылы еншілес ұйымын иемденген заңды тұлға туралы:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      құрылтайшысы (қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлғаның
жарғылық капиталына банктің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы
туралы мәліметті;
      акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды
сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылықты және
қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы
туралы мәліметті;
      заңды тұлғаның (оның құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк болып
табылатын) басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің
мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлға
сатып алған акциялар саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған
акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы
санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер;
      13) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде
еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар
екенін растайтын құжаттар;
      14) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын
құжаттар;
      15) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері -
банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы
қорын құрған немесе сатып алған жағдайда, осы Заңда және (немесе)
сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банк холдингі, банктің,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының
ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім алу құжаттары.
      4. Банк соңғы аяқталған екі қаржы жылының қорытындылары бойынша оның
қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш
берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген
пруденциалдық нормативтерді сақтаған жағдайда, еншілес ұйым құруға құқылы.
      5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
      1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;
      2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы
Заңның 20-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
      3) банктің көзделетін еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына
банк кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
      4) еншілес ұйымның қызметі немесе банк жоспарлаған инвестициялар
салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауы және (немесе) банк
салымшыларының мүдделеріне нұқсан келтіру көзделетін қаржылық салдарларды
талдау;
      5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде
еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар
екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
      6) банктің уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің
алдындағы соңғы үш ай ішінде жәненемесе өтінішті қарау кезеңінде
белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті
нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
      7) өтініш берілген күнгі және құжаттарды қарау кезеңінде банкке
қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының
болуы;
      8) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері -
банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы
қорын құрған немесе сатып алған жағдайда банк холдингі, Қазақстан
Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға
келісім беру үшін осы Заңмен, Қазақстан Республикасының сақтандыру және
сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен
көзделген талаптарды сақтамауы негіз болып табылады.
      5-1. Құжаттардың толық пакетін ұсынған және осы бапта көзделген
барлық талаптарды орындаған жағдайда уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға
немесе сатып алуға рұқсат береді және сонымен бір уақытта осы Заңға,
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі немесе
зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес банк холдингі,
Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім береді.
      6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат
беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге
бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
      7. Банктің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық
өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге
міндетті.
      8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі
еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен
ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын
құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер
бойынша сатып алған жағдайда банк осы факті анықталған кезден бастап бір ай
мерзімде еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы
баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
      9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті
органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
      Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті
органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге
асырылады.
      Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк
өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен
ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын
құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер банк қомақты
қатысуды банкке байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол уәкілетті
органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай
мерзімде осы баптың 10-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
      10. Рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5)-
8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып табыс етіледі.
      Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту
осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде
еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар
екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымның
жарғылық капиталға қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз
болып табылмайды.
      11. Уәкілетті орган:
      1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) еншілес ұйымдар, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар
ұйымдар не көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату
жолымен тоқтату туралы сот шешім қабылдаған;
      3) рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде еншілес ұйымға,
жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдарға бақылау жасау
белгілері болмаған;
      4) еншілес ұйым, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйым
қызметінің осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні
анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына
қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда банк еншілес
ұйымның, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымның өзіне
тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше
қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды
уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың жарғылық капиталына
қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның
нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Ескерту. 11-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгерту
енгізілді - 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-
баптанқараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-
баптанқараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-
баптанқараңыз) Заңдарымен.
2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз) Заңымен.
      12-бап.
      Ескерту. 12-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10.
N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi
      1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту
негiздерi банк заңдарында белгiленедi.
      2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке
лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi
болады.
      Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады.

      3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе
банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ
осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi
қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi
органға қайтаруға тиiс.
      4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға
және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1997.07.11. N 154 Заңымен, өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары
 
      1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар
үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер
ескерiле отырып құрылады.
      2. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда
көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
      толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар
туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi
жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты
жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
      акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы
мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген
мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
      банкiнiң толық және қысқартылған атауы;
      банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртiбi туралы
мәлiметтер;
      банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2003.05.16. N 416
Заңымен.
      15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
      1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.
      1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде
пайдаланады.
      Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға
тиiс.
      2. Ұлттық Банкiден басқа банкiлердiң бәрiне өзiнiң атауында кез
келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "ұлттық", "орталық" деген
сөздердi қолдануға тыйым салынады.
      3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және
қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
      4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның
iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен
бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде
қолдануға жол берiлмейдi.
      Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға
мiндеттi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162
Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
      16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
      1. Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
      2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге
тиiс.
      3. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
      4. (алып тасталды)
      5. Жаңадан құрылған банкiнiң жарғылық капиталына оның акционерлерi
Әдiлет министрлiгi банкiнi тiркейтiн кезге қарай елу процент мөлшерiнде
және тiркеген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде толық төлем жасауға
тиiс.
      6. (алып тасталды)
      7. Банктің меншікті капиталын және инвестициясын есептеу әдістемесін
уәкілетті орган айқындайды.
      Егер банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық
болған жағдайда, банктің меншікті капиталы теріс капитал болады.
      8. Банктің меншікті капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда
уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның
акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және
оларды банк капиталының ұлғаюына, инвестор алған мiндеттемелердi ескере
отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа
инвесторға сатып алынған баға бойынша дереу сатуға құқылы.
      Банк акцияларын уәкілетті органның мәжбүрлеп сатып алуы банк
акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында
мәжбүрлеп сатып алу туралы ол шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің
сомасы шегеріле отырып банк активтерінің құнын негiзге ала отырып
белгiленетiн баға бойынша жүзеге асырылады. Банктiң сатып алынған
акцияларын уәкілетті орган олар сатып алынған баға бойынша дереу сатады.
Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен
мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
      Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi
басталған жағдайда, бiрақ ол талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып
алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаса, жеке және заңды тұлғалардың
депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып
есептеледi.
      Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен
инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
      Ескерту. 16-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан  Республикасының
1996.12.07. N 50 Заңымен, 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1998.07.10. N 282
Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.05.16.
N 416 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен, 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз) Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз), 2007.02.19.  N 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
      17-бап. Банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi
      1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды
және жеке тұлғалар (осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Заңның 18-
бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкiнiң құрылтайшылары мен
акционерлерi бола алады.
      2. Мемлекет тек Yкiмет атынан ғана банктiң құрылтайшысы және
акционерi бола алады. Қазақстан Даму Банкінің және осы баптың 4-тармағының
1) тармақшасында көзделген жағдайда банктің акционерi бола алатын ұлттық
басқарушы компанияны қоспағанда, мемлекеттік кәсiпорындар және жарғылық
капиталдарына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының елу
процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар банктiң құрылтайшылары және
акционерлерi бола алмайды.
      3. (алып тасталды)
      4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан
Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер
уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға
әкелмесе:
      1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және
(немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық
нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен
лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп
бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен
келісім бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің
қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және
(немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін
қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім
қабылдауға құқылы;
      2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктің қаржылық
жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу
бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк
акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда
тіркелген аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе
уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды
тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын
жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің дауыс беретiн
акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және
(немесе) оған "билiк ете алмайды.
      Аталған шектеу уәкілетті орган тізбесін белгілейтін рейтинг
агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі
бар банктерге қолданылмайды.
      5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз
акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ
болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың)
осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы
көрсетеді.
      Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы
жиналысына қатысуға жіберілмейді.
      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың
5-тармағы бірінші бөлігі талаптарының бұзылуы анықталған кезде:
      1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті
табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс
берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке
алынбай қабылданды деп есептеледі;
      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған
мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша
акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.
      6. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
      7. Ұлттық холдинг пен ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, тiкелей
немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi
қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі
бойынша банктің ірі қатысушыларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Банктік несиенің түрлері
Банк филиалдары мен өкілдіктері
«Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеуді дамытудың негізгі бағыттары»
Қашықтан қадағалау механизмі
Банктік қызметтің мәні
Банктік қадағалау және оның қызметіне әсері - Оқу тәжірибесін өту нәтижелері туралы
Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтер нарығы
Банк жүйесінің ұсынатын қызмет түрлерінің жағдайына және дамуына талдау жасай отырып, коммерциялық банктердің қаржы-несие саласындағы алар орны мен тиімділігі, негізгі бағыттары
Пәндер