Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр)

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр), Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидіңесебі бойынша 1465-66 ж. ) Батыс Жетісуда құрылды. [1] Оның негізін қалаушыларКерей ханменЖәнібек ханболды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.

Мазмұны[жасыру]:

Мазмұны

[жасыру]

1 Жәнібек хан мен Керей ханның дипломатиясы2 Қасым ханның дипломатиясы3 Тәуекел ханның дипломатиясы4 Пайдаланылған әдебиет[өңдеу] Жәнібек хан мен Керей ханның дипломатиясы

Жәнібек ханменКерей ханныңодақтық қатынас орнатқан тұңғыш . Бұл достық одақ1468ж. Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісіӘбілхайыр ханныңЖетісуға, ойраттардың (қалмақтардың) Моғолстанғашабуыл жасауына байланысты құрылып, 16 ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. 1468ж. Әбілхайыр ханөлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүргенЖошыәулетінен шыққанАхмет ханмен, Махмұт ханмен, Ибақ ханменжәне т. б. одақтасты. [2]

Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы , Сауран, Отырар, Ясы(Түркістан) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесіӘбілхайыр Шайбани ханда қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейінОрта АзиядағыТемір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.

Дешті Қыпшақтағы және Түркістан қалалары үшін ұзаққа созылған күрес 15 ғасырдың бірқатар қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетініңОрта Азияғаығысуымен аяқталды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды. [3]

[өңдеу] Қасым ханның дипломатиясы

Қасым хан

Қазақ хандығыҚасым хан(1511-1532) тұсында күшейе түсті. ОлЖетісудағыөз иелігін едәуір ұлғайтты, Жетісудағы қазақ руларын қазақ хандығына қосып алды. Қасым хан Мәскеу мемлекетімен де дипломатиялық байланыс орнатты. Қасым ханнан кейін қазақ хандықтары әлсіреп, сыртқы саясатта да өзгерістер болды, Таһир ханның(1523-33) Шайбани қалалар үшін соғысы сәтсіз аяқталды. Ноғай Ордасы маңғыттарымен соғыста да жеңіліп қалып, моғолдармен одақты нығайтудың жолын іздеді. Алайда Жетісуда өз үстемдігін қайта орнатуға тырысқан моғолдың феодал билеушілері бұған қарсы шықты. Ақыры 16 ғасырдың 30 жылдарында қазақ хандары мен моғол билеушілері арасындағы достық қатынас біржолата үзілді. МоғолстанханыӘбд ар-Рашид хан(1533ж. таққа отырды) Шығыс Түркістанда жайылымдық жердің жетіспеуіне байланысты болған экономикалық қиындықтардан құтылу үшін өзбектермен - шайбани әулетімен одақтасып, бұрынғы жерлері - Жетісу мен Тянь-Шаньды қайтарып алуға тырысты. Қазақтар қырғыздармен одақ құрып, Жетісу және Тянь-Шаньдағы өз иеліктерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.

16 ғасырдың 2-жартысында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Абд Рашид ханмен ұзаққа созылған соғыс, ойраттардың (қалмақтардың) Жетісудың шығысына қысымы, Ноғай ұлысы мен Сібір хандығының шабуылға әзірленуі, Мәскеу мемлекетінің 1552 ж. Қазан, 1557 ж. Астрахань хандықтарын басып алғаннан кейін қазақ даласына жақындауы - осының бәрі қазақ ханы Ақназарды (1538-80 ж. билік құрған) өзбек ханы Абдолла ІІ-мен «антасқан шарт» жасауға мәжбүр етті. Қазақ хандарыАқназар, Шығай(1580-82 ж. билік еткен), Тәуекел(1586-98 ж. билік құрған) Абдолла ІІ-геТашкентбилеушісі Баба сұлтанның бүлігін басуға көмектесе отырып, Сырдария бойындағы қалалардағы өз жағдайларын жақсарта түсуге тырысты. 16 ғасырдың және дипломатиялық байланысты нығайту қазақ хандықтарының бұл кездегі жағдайын бір шама жақсартудың маңызды факторы еді.

[өңдеу] Тәуекел ханның дипломатиясы

Тәуекел хан1583ж. өзбектермен «анттасқан шартты» бұзып, Бұхараға қарсыРесейменсаяси одақ құруға қадам жасады. 1594-95 ж. Құлмұхаммед және Вельямин Степанов басқарған елшіліктер алмасылды. Ресейдің Аболла ІІ мен Көшімге қарсы соғыста Тәуекелге көмек көрсетуі, сауда қатынасын ұлғайту, қазақ ханының Ресей азаматтығын қабылдауы жайлы келіссөздер жүргізілді. Тәуекел қалалар үшін ұзаққа созылған күресті сәтті аяқтады. Тәуекелдің мирасқоры Есім ханның (1598-1628 ж. билік жүргізген) 1598 ж. Бұхарамен жасасқан бітім шарты бойынша Түркістан мен Ташкент қазақ хандығына берілді.

Қазақ хандығының 17 ғасырдағы сыртқы саясаты үш бағытта жүргізілді; аштархан әулетінің қазақ билеушілерін Ташкент пен Түркістаннан ығыстыруға тырысқан әрекетіне қарсы күрес; орыс мемлекетімен қарым-қатынасты бұрыңғыдан да нығайта түсу; Жоңғар хандығының шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес.

Ал 80 жылдары Жоңғар хандарының Оңтүстік Қазақстандағы қысымы күшейді. Бұл кезеңде қазақтар мен орыстардың саяси және экономикалық байланысы жаңа сатыға көтеріле бастады. 1686-98 ж. Тәуке хан (1680-1718 ж. билік жүргізген) Сібір арқылы Ресейге бес елшілік жіберді. Жоңғарлардың шабуыл жасау қауіпі күшейе түсуіне байланысты Қазақстанның Ресей қарамағына өтуі бірінші кезекті мәселеге айналды.

[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік - экономикалық дамуы (XVI ғасырдың аяғы-ХVІІ ғасыр)
Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар
ХІХ ғасырдың I жартысындағы Орта Шығыс және Үндістандағы халықаралық қатынастар
Дүние жүзілік территориялық бөлісудің аяқталуы
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
Қазақстанның Ресейге қосылуының күнгейі мен көлеңкесі
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Орта Азия халықтарының Ресеймен қарым - қатынасының басталуы
Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының тарихи маңызы
XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz