Ақыл-ой және танымдық ойындар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 3

1. Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері

1. 1. Мектепке дейінгі жастағы ақыл -ой тәрбиесі . . . 6

1. 2. Ақыл -ой тәрбиесінің міндеттері мен құралдары . . . 10

2. Ақыл-ой тәрбиесінің әдістемелік негіздері

2. 1. Ақыл -ой әрекетін басқару . . . 16

2. 2. Дүнитанымды қалыптастыру мен ақыл -ой дамуының халықтық

жүйесі . . . 22

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31

Кіріспе

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмытылыс халық санасының тереңнен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл- тозбас киім, білім - сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен - ақ байқауға болады.

Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдары мен ұштасып жатыр. Халық өмір мен ғылымның тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ.

Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамалары мен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл- ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл -ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл -ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешінің мақсаты іс - әрекетін түсіндіруді айтамыз.

Бірақ оқушы өмірінің іс- әрекеті тек тәрбиешілердің макқсатты ықпалы мен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл- ойдың дамуы ұғымымен анықталады.

Ақыл - ой тәрбиесі - тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығын зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіппен орынды мінез - құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш -қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Қорта айтқанда, ақыл- ой тәрбиесі - адам зиялылығының негізі. Ақыл -ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл -ой күштері.

Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерделенген мәселелердің бірі.

Ойлау дегеніміз не ? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті айтады. Ойлау - таным іс -әрекетіндегі күрделі процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалыстың адам миында бейнеленуі.

Ой - түйсіну, қабылдау, елестету алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процессінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнән терең түсінуі, олардың тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл- ой қабілетінің дамуын әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Енді әр- бір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.

Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс- әрекетінде байқалады.

Ақыл -ой дамуы және ойлау білігі негізі ойлау операцияларын меңгеруде қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, класификация жатады.

Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша бүктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.

Синтез - заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне - бірі қарама- қайшы ойлау операциялары болғаны мен, олар бір- бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастық та нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады.

Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.

Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.

Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгере және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.

Ақыл -ой тәрбиесінің тағыда бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүниетанымдық жұмысты бегітеді, баянды етуді талаптандырады. Ақыл -ой тәрбиесінің маңызды мндеті - ақыл -ой қызыметінде, білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту. Ғылымның, техниканың және мәдениеттің қарқынды дамуы мен байланысты бұл міндет ерекше үлкен мәнге ие болып отыр. Оны шешпейінше талаптылық пен білуге құштарлық дамыту, ауқымды ғылыми информациядан бағдар табуды қалыптастыру мүмкін емес.

Ақыл- ой тәрбиесін және мәдениеттілікті көтеру - оқушыларды біліммен қаруландыру, ойды таным және творчествалық қабілеттерді дамыту, ақыл- ой жұмысы мәдениетін бойға сіңіру міндеттерін алға қояды. Ақыл - ой тәрбиесі процесінде интеллектуалдық қызымет жоғарлайды.

1. Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері

1. 1. Мектепке дейінгі жастағы ақыл- ой тәрбиесі

Ақыл- ойдың дамуы - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шап- шаң қарқын мен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл- ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл- ой дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс- әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл- ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым- қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл- ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл- ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызымет әдістерін меңгереді деп есептейді.

Карл Юнг «интеллектуал» ретінде анықтайтын адамды онша жақсы көрген жоқ. Ол бір клиенттің мінез-құлқын былай талдады: «Бұл науқас нағыз қылмыскер ретінде болмаған, тек, атап айтқанда, интеллектуал болып, ақыл күшіне сенгені соншама, істеген жаманынан «өз ойынан қайта алады» деп түсіндірді [2; 96 б ] .

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл- ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл- ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл- ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл- ой тәрбиесін шешу жолдары : бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттерді жүктеуді болдырмау болып табылады. «Бізге білім «дайын түрінде» келмейді», - деп Пиаже айтады [3; 65 б. ] .

Ақыл -ой тәрбиесі -балалардың белсенді ойлау қызыметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған ьдүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.

Ақыл - ой тәрбиесінің басты құралы- айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге деген көзқарасы кеңейіп, танымы дамиды. Ақыл- ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі- ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың ерекше дамуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп, сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсінуіне, тілінің дамуына әсер етеді. Ақыл - ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі - оқыту процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастырудың әсері күшті болады. Оқыту баланың ойлауға күш салса білу қабілетін, еркін, табандылығын, төзімділігін, қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін, тәртібін тәрбиелейді. Ақыл -ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы - еңбек. Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстар мен олардың пішіндері, көлемдерімен, сан алуан материалдардың қасиеті мен танысады.

Ақыл- ой тәрбиесінің әдістері: табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру, әңгіме әдісі, көркем сөзбен әңгімелеу, көрнекіліктер пайдалану, қызықтыру т. б. Ақыл- ойды дамытуда сезім ( сенсорлық) тәрбиесінің алатын орны ерекше. Сенсор латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық тәрбие и- ақыл -ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным - ақыл- ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері - ақыл- ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз - түйсвік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Баланың сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс- әрекеттің тиімді түрі - көркем сурет салу, саз балшықтан, ермексаздан мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып желімдеу әрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар, педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған іс- әрекет болып табылады.

Сенсорлық тәрбие мазмұны - баланың түстерді ажырата алуы, олардың реңктері туралоы, яғни бояуларды араластыру арқылы түс немесе реңк пайда болатынын үйрету. Сондай -ақ, суретті қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамытады. Мектепке дейінгі шақта «алға - артқа», «жоғары - төмен», «алыс- жақын», «солдан- оңнан» т. б. кеңістік туралы түсініктерді игереді. Уақыт туралы ұғымдарды: «кеше», «бүгін», «ертең» т. б. арнайы мақсатты оқыту нәтижесінде қол жеткізеді. Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағыдайда дыбысты мұқият тыңдап, ажырата білуі музыкалық есту қабілеті енеді. Сондай-ақ, заттың сапсын сипап сезу арқылы ажырата білуі және оларды: тегіс, мамық, кедір -бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы, т. б. деп дұрыс айта білуге үйренеді.

Қорыта келгенде ақыл- ой тәрбиесі және айналадағы тіршілік құбылыстары жайлы дұрыс түсініктерін қалыптастыруға баса көңіл бөлуге, танымдық психикалық процестерді дамытуға мән береді. Ақыл- ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері, баланың ақыл -ойын дамытудағы сенсорлық тәрбиенің мааңызын түсінеді.

Әдістемелік нұсқау. Дәрісте ұсынылған материалдарды оқушы - студенттер толық меңгеру үшін төмендегідей мәселелерге басым көңіл бөлуі шарт:

  • ақыл- ой тәрбиесіне сәйкес негізгі тірек түсініктердің мәнін ашып, тмағынасын түсінуі ;
  • ақыл- ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін нақты білуі ;
  • ақыл- ой тәрбиесінің мазмұны мен құралдарын айқындай білуі ;
  • ақыл - ой тәрбиесінің шарттары мен принциптерін және құралдарын жете түсінуі ;
  • ақыл- ой тәрбиесінің әдіс - тәсілдеріне таратпа материалдар арқылы талдау жасалып, педагогикалық жағыдайаттарды шешу арқылы меңгерту, тәжірибелік жаттығулар жасату.

1. 2 Ақыл -ой тәрбиесінің міндеттері мен құралдары

Ақыл -ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмытылыс халық санасының тереңнен

әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп біледі. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінеді. Білімнің мазмұнын «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен- ақ байқауға болады. Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдамаларымен ұштасып жатыр. Халық өмір мен білмнің тығыз байланысты болуын талап етеді. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. «Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген - ақиқат».

Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғым дарын анықтамаларыныңда ғылым педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалды. Халық педагогикасы бойынша ақыл- ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана сезімін оқу және еңбек процесінде дамуды айтады. Ғылыми педагогиканың анықтамасы бойынша ақыл - ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл - ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл -ой еңбек мәдениетін дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс- әрекетін түсвіндіруді айтамыз.

Бірақ оқушы өмірінің іс- әрекет тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек ақыл- ойдың дамуы ұғымы мен анықталады.

Ақыл -ой тәрбиесі тұлғаның жан -жақты дамуының негізі. Ақыл - ой тәрбиесі еңбек өнімділігінің арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Ақыл - ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілік көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез- құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш -қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Қорта айтқанда, ақыл - ой тәрбиесі - адам зиялылығының негізі. Ақыл - ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл- ой күштері.

Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке -жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.

Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не ? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті аитады. Ойлау таным іс- әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.

Ойлау адам миы қызыметінің нәтижесі. Ол - түйсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән түсінік. Жеке адамның дамуы процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл- ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Ақыл- ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады Олар:

  • ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау ;
  • негізгі ойлау операцияларын меңгерту ;
  • зиялылық біліктерді қалыптастыру ;
  • дүниетанымды қалыптастыру ;

Аталған міндеттерге жеке - жеке тоқталайық.

Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың біріде бір құнды сапалы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағыдайда білімдер көлемін білім беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуымен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.

Өмірге жолдама алушы жастардың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайындығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгерді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелер, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнелейтін және араларындағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдері білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынудың жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінен орнын түсіну де жатады.

Білім қорын жинаудың жоғары деңгейге жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсат пен оны танымдық іс - әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс- әрекетке дағдылану қажет.

Ақыл - ой дамуы және ойлау белгілі негізі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтиз, салыстыру, класификация жатады.

Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана, білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.

Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгерудің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын оарны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс- әрекеті іскерліктердің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет. Жалпы оқу іс- әрекеті іскерліктердің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндауға, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр ттүрлі пәндер және сыныптар бойнша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекеттерінің іске асырылуының айтады. Мысалы, сауатты жазу үшін граматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу - сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы.

Ақыл - ой тәрбиесінің тағыда бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүниетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

Ақыл - ой тәрбиесінің құралдары.

Ақыл - ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту. Ақыл ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операциясына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орындататын танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді.

Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл - ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдамасынан орын алады.

Бұл тұжырымдаманың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтың жоғары деңгейінде құруға келеді. Бұл үшін оқушының білім қоры жинақталған теориялық білімдерден, ғылымдағы жетекші қағидалардан тұруы қажет. Осының негізінде қажырлы ақыл - ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке деректер мен құбылыстар сырына ене алады. Сондықтанда дамыта оқыту әдістемесінің негізгі оқытудың іріктеу мен әдістерін таңдап алудан басқа, оқушы алатындай оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесін дәл анықтауға тіреледі.

Зиялылықты іскерлікті қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл - ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады. Мұндай оқу тапсырмалары көптеп саналады. Біз мысал ретінде кейбіреулерін еске түсіреміз.

  1. Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бар тапсырмалар ; бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспидитцялар, ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстар т. б.
  2. Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, өз бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу, белгілі тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазу т. б.
  3. Салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
  4. Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар - алгоритімдерді, алгоритімдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру т. б.
  5. Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар: заттарды құбылыстарды топқа бөлу.

Жалпы айтқанда ақыл - ой тәрбиесін ақыл - ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Дидактикалық ойын
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттырудағы ұлттық ойындардың маңызы
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Танымдық процестерді дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz