Рыноктық қатынастар



І тарау. Рыноктық қатынастардың даму кезеңдері және рынок теориялары.

І.1. Рыноктың атқаратын қызметтері.
І.2. Рынок қатынастарының даму кезеңдері.
І.3. Қазіргі заман рынок теориясы.

ІІ тарау. Экономикалық мемлекеттік реттеудің теориялары.

ІІ.1. Мемлекеттік реттеудің теориялық көзқарастар.
ІІ.2. Рынокты мемлекеттік реттеу тәсілдері.
ІІ.3. Мемлекеттік емес реттеу тәсілдері.

ІІІ тарау. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу.
ІІІ.1. Қазақстанның қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары.
ІІІ.2. Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалау және болжау нәтижелері.
ІІІ.3. Қазақстанның рыноктық мемлекеттік реттеу мәселелері.
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер
Ең алдымен рынок экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Рыноксыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Рыноктың маңызды қызметтерінің бірі-оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Рыноктың реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Рыноктың басқа бір атқаратын қызметі-ақпараттық. Рынок тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік рыногының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпар беріп отырады.
Сонымен бірге, рынок механизмі мынандай қызметте атқарады-бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарына фискальдық несие, ақша саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу, әкімшілік реттеулер жатады. Сол шаралардың мәнін қысқаша ашайық.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы-Егеменді Қазақстан-16 мамыр, 1992ж.
2. Кейнс Дж.М. «Общая теория занятости, процента и денег»/Пер, с англ М., Прогресс 1978.
3. Маршалл А.принципы политической экономии« в 3 т./Пер.с англ.-М.,Прогресс т.М., 1983, т.2,3,М.,1984.
4. Харрис Л. «Денежная теория»-М., Прогресс.1990.
5. Қаржы және қаражат 19/02
6. Қаржы және қаражат 25/01
7. Қаржы және қаражат 23/01
8. Сейткасымов «Ақша, несие, банктер»
9. Пигу А. «Экономическая теория благосостояния, Т. 1,2-М., Прогресс, 1985.
10. Ст.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензее «Экономика»-М., Дело1993.
11. Рид Э., КотлерР., Гилл Э,. Смит Р., Коммерческие банки Пер с АНгл М.: «Космополис», 1991.
12. Лившиц а.Я. «Введение в рыночную экономику»-М., «Станкин» ч. 2 1992.
13. Жунусов Б.а., Мамбетов У.Е., байжомартов. Нарықты экономика негіздері, 2 бөлімді-Ақтөбе, Ноу-хау фирмасы 1993.
14. Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли в Казахстане (конец ХІХ-начало ХХ века) –Алма-Ата «Казахстан»

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І тарау. Рыноктық қатынастардың даму кезеңдері және рынок теориялары.

І.1. Рыноктың атқаратын қызметтері.
І.2. Рынок қатынастарының даму кезеңдері.
І.3. Қазіргі заман рынок теориясы.

ІІ тарау. Экономикалық мемлекеттік реттеудің теориялары.

ІІ.1. Мемлекеттік реттеудің теориялық көзқарастар.
ІІ.2. Рынокты мемлекеттік реттеу тәсілдері.
ІІ.3. Мемлекеттік емес реттеу тәсілдері.

ІІІ тарау. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу.
ІІІ.1. Қазақстанның қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары.
ІІІ.2. Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалау және болжау нәтижелері.
ІІІ.3. Қазақстанның рыноктық мемлекеттік реттеу мәселелері.
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе:

Ең алдымен рынок экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық
игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың байланыстыратын
буын түрінде көрінеді. Рыноксыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты
қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың
қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Рыноктың маңызды қызметтерінің бірі-оның ұдайы өндіріс процесінің
үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Рыноктың
реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің
тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына,
адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына
әкеліп соқтырады.
Рыноктың басқа бір атқаратын қызметі-ақпараттық. Рынок тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік
рыногының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар
сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық
қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы
объективті ақпар беріп отырады.
Сонымен бірге, рынок механизмі мынандай қызметте атқарады-бәсеке
күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен
тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай
жасайды.
Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарына фискальдық несие, ақша
саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу, әкімшілік реттеулер
жатады. Сол шаралардың мәнін қысқаша ашайық.
1. Фискальдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу
құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды
көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасын
әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салалары мен кәсіпорындар
бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар мен жәрдем ақшалар,
салық шаралары жатады.
Салықты реттеу фискальдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп
тараған түрлеріне мыналар жатады.
-кейбір экономикалық процестерді көтермелеу және шекті мақсатында салық
нарқын өзгерту. Экономикалық өсуде көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек
салалар мен өңірлер, шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар
үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады.
Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар өздеріне берілген билік
шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке
тұтынатын тауарлар сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басты
көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтар нарқы
арттырылады. Қорлану процесіне әсер ету үшін пайдаға салынатын салық нарқы
да өзгертіледі. Салық нарқы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын
жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары жағдайда өндірісті
қаржыландыру тиімсіз болады.
-салық рыногын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту.
Бұған, мысалы негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады.
Берілген салық рыногы жағдайында амортизациялау мерзімін қысқарту қорларын
ресурстарын көбейтуге мүмкіндік береді.
-салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді
ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті
пайдадан, аса жаңа техника түрлерінің жұмсалған шығында шегеруге рұқсат
беру негізгі қорлардың жаңғыртуды тездетеді.

І тарау. Рыноктық қатынастардың даму кезеңдері және рынок теориялары.
І.1. Рыноктың атқаратын қызметтері.

Жалпылама тұрғыдан алғанда рыноктың мәні оның атқаратын қызметері
арқылы ашылады. Ең алдымен рынок экономикалық тұрғыдан бөлектенген
материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың
байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Рыноксыз, іс жүзінде қоғамдық
өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын
технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін
емес.
Рыноктың маңызды қызметтерінің бірі-оның ұдайы өндіріс процесінің
үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Рыноктың
реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің
тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына,
адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына
әкеліп соқтырады.
Рыноктың басқа бір атқаратын қызметі-ақпараттық. Рынок тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік
рыногының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар
сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық
қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы
объективті ақпар беріп отырады.
Сонымен бірге, рынок механизмі мынандай қызметті атқарады-бәсеке
күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен
тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай
жасайды.
Біздің рынок терең монополияландырылған, сондықтан рынокты ортаны
қалыпты жағдайға ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру
міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда
тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді
түрде айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін
рыноктың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады. Тауардың қоғамдық
мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық
ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан
қамтамасыз ету.
Рынок күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр
түрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық
жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік шарттар орындалғанда ғана тиімді
қалыптасатын және өмір сүруін дәлелдеп береді.
-шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
-меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
-рынок инфрақұрылымын жасау;
-тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
-контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі,
олардың келісім-шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік
етуге толық құқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы
рынок өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40 проценттен
асқанда жоғалта бастайды. Олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әр
түрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан
түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне,
былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын рыноктың құрылуына жеткізеді.
Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік -әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда
кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге
асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-публицистер осы жағдайдан
шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті
жекешелендірумен байланыстырады. Біздіңше, бұл ұшқары пікір. Қазіргі
кезеңде жаппай ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық
болар еді. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қазіргі
заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және
мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгінде-қай жерде күшті
мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Рынокты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жәйт-ол өндіріс
құрал-жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң
жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі рынокты экономикаға көшудің
экономикалық мәні болмайды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, рыноктың тиімді
жұмыс істеу шарттарының бірі-өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос
жұмыскерлердің болуы. Рынокты экономика жағдайында өндіріс қуатының және
жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол
алаңдатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы маневр жасау
кеңістігінен айырады, оның сұранымға икемділігін баяулатады. Сайып
келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық
игіліктерді қайта бөлуде әкімшілік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, рынок механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның
инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы,
коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы,
капитал рыногының басты институты болып табылатын қор биржасында
акцияларды, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып
алу және сату, валюталық келісім-шартқа отыру, акциялар мен валюталардың
рыноктық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп, кәсіпкерлік
үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды
кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Рыноктық экономика жалпылама негіздегі ерекше инфрақұрылым-несие
жүйесіз жұмыс істей алмайды. Оны коммерциялы, мемлекеттік, инновациялық
(ғылыми-техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз,
ипотекалық жылжымайтын мүліктердің (жер, құрылыс) кепілдігіне ақшалай қарыз
беруші банкілер, сақтық компаниялары, әр түрлі қоғам, ұйымдардың қоры
құрайды. Рынок жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі-атқарушы
әкімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы және салалық министрліктердің
қолшоқпарына айналар еді, ал бұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет
проблемаларын ақшаның эмиссиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.
Бесіншіден, рынок механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның
негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның
ерекшелігі неде, Бюджеттің мөлшері рыноктың қабілеті жетпейтін, сондықтан
да мемлекеттің рынок қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте
ғана болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуына жол
бермеу керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше
жағдайға ғана жасалады, және де заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында
болады. Рынокты экономикада мемлекеттік бюджеттің шығынын болдырмауды
қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егер де мемлекет бюджеттің кірісімен
шығысын теңестіруге қолы жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс
жасауының көрсеткіші болар еді.

Алтыншыдан, өндірушілердің өнім өндірудегі және оны сатудағы
монополиясына жол бермеу. Рынокты экономиканы бәсеке күресінсіз көзге
елестету мүмкін емес. Бәсекені рыноктың тең құқылы субъектілерінің арасында
тауарларды барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс
саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс
деп түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеліп соқтырады, яғни
рынокта кейбір кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің өздерінің қойған
шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Рынок субъектілері
неғұрлым көп болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады.
Батыс елдері мамандарының бағалауынша бір тауар түрінің сатушыларының саны
4-5 тең, ал барынша тиімдірегі 8-15 тен кем болмауы керек. Егер 4 фирма
белгілі бір тауар түрінің 80 пайызын өндіретін болса, онда рынок
монополияландырылған деп есептеледі.
Рынок жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:
А) таза бәсеке;
ә) монополиялық бәсеке;
б) ологополиялық бәсеке;
в) таза монополия;
рыноктық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке және жетілмеген
бәсеке деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек
тоқталайық.
1. Таза бәсеке рыногын бір-біріне ұқсас тауарлардың көптеген сатушылары
және сатып алушылары құрайды, олардың бірде-береуі жеке дара сұранымға
бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда
үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті тауарларды
рыноктық бағамен еркін сатып ала алатын болғандықтан, сатушылар бағаны
рыноктық бағадан жоғары қоя алмайды. Бұндай рынокта пайда болу қалай
оңай болса, оны тастап кетуде сондай оңай. Мысалы, АҚШ-тағы ауыл
шаруашылығы өнімдерінің нарығы осыған дәлел бола алады.
2. Монополистік бәсеке рыногын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын
көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып
алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады.
Бұйымдар бір-бірінен сапасы, қасиеттері сыртқы безендірілуі, сонымен
бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Сатып
алушылар осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ондай тауарлар үшін
рынокта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай
рынокқа киімдер рыногы, аяқ-киімдер рыногы, бөлшек сауда саласы жақын
тұрады.
3. Олигопологиялық бәсеке рыногында баға белгілеу саясаты мен
маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды.
Олигополиялық рыноктың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай
рынокқа ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай рыноктың елеулі
белгілерінің бірі–оның қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді
тиімді нәтижесіне қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері
оларды бағаны төмендетуге мәжбүр етеді. Олиголополиялық бәсеке
жағдайында өнімдер стандартталады немесе дифференцияланады.
4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына
байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист
кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасасу,
сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге
асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда
табады. Монополиялық үстемдік ақша-қаржы жүйесінің дағдарысы,
жалпылама тауар шаруашылығы кезінде экономиканың ауыр жағдайын
мейлінше шиеленістіреді. Көп жағдайда монополист кәсіпорындар орасан
зор жетіспеушілікті сапалы түрде қоздырады. Ал ол ақшаның
құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашарлауына, сөйтіп тікелей
зат айырбасының өріс алуына әкеліп соқтырады.
Монополизммен күресі үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру
керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою заң жүзінде монополияға
қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жәйт-
монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын
қысым қарауына айналмауы керек. Себебі, дамыған рынок қатынастары жоқ кезде
монополизмге қарсы күрес әкімшілдік-әміршілдік жүйенің сақталуына және
күшеюіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы
монополиялық үстемдігі жоймай рынокты экономиканы дамыту мүмкін емес.
Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің рынок туралы нақтылы мәліметі,
олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да рынокты
экономиканы пайда болу шарттарына жатады.
Қазіргі рынок құрылымы жағынан сан-алуан элементтерден тұрады. Осының
құрылымын әр түрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге
бөлуге болады.
Территориялық белгілеріне қарай рынок мынадай түрлерге бөлінеді:
дүниежүзілік рынок, еларалық бірлестіктер рыногы, ұлттық рынок, аймақтық
рынок және оқшауланған немесе жергілікті рынок. Қазіргі кезде Республикада
бағалы қағзадар рыногының қызметін толық қастамасыз ететін инфрақұрылым
құрыла қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кездесетін барлық
қатынастарды толығынынан реттейтін жеткілікті нормативтік заң актілері
жоқ. Сол сяиқты бағалы қағзадар рыногында қадыптасып келе жатқан көріністі
жеткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құралдары жоқ. Бағалы қағзадар рыногын
мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын-ала дайындалған коцепцияға
жүгінгені дұрыс.
1.2. Рыноктық қатынастардың даму кезеңдері және рынок теориялары.

Рыноктың экономика-ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның
дамуының өзіндік бай тарихы бар. Рыноктың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық
еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Рынок қатынастарының дамуын
мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
А) нарық элементтерінің пайда болуы;
Б) натуралдық айырбас кезеңі рыногы;
В) тауар баламасы кезеңінің рыногы,
Г) тауар емес балама кезеңінің рыногы;
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар
өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-
саттық көріністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1, Т2 көрсетуге
болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының
нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның
субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен бітұтас болып бірігіп кеткен
жоқ, сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі
мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1-Т2
балама Т2 жергілікті рынокқа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну
қасиетіне байланысты әр дайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл
кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен
біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын
шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады.
Дүниежүзілік рыноктың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін
алтын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1-тауар емес балама-Т2.
Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның таза иеленушілері несие
ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда құнның өзінің
заттық иеленушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы рынокты сипаттайтын
құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге рынокты стихиялы түрде дамушы немесе еркін рынок,
монополиялы рынок, реттелмелі рынок деп бөледі. Стихиялы рынок
капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен
сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы рыноктық
идеологы әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-
1790) өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу
(1776) деген басты еңбегінде жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі
мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың
қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит екі
кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру
ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше мемлекет мұндай
даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті
қамтамасыз ететін түнгі күзетшінің ролін атқару қажет. Мемлекет саясатын
жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел
негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың
монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман
әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және
өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады. Рынокты реттеуге қабілеті болады
деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит рынокты экономиканың өзін-өзі реттеу
механизмін ашты. Еркін бәсеке мен рыноктың көрінбейтін қолының
пайғамбарының пікірінше жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату
мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты
рынокта анархия орын ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық рынок
қалыптасты.
Монополиялық рынок ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір
сүрді. Рыноктың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы
сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі
монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің баяулауына, бағаның
өсуіне,тауар тапшылығына, ал түптен келгенде, қоғамның барлық
қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған мемлекеттік меншіктегі
ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО ның экономикасында
жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілік-әміршілік
тәсілімен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер
рыногының типі қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі рынок тән болып отыр.
Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен
бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды
орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер
ету, белгілі бір конъюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу,
өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі
кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-ақпараттық жүйелерді құқық арқылы
реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі
әлеуметтік бағдарланған рынокқа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың
баламасыз құралы деп танылып отыр. Қазақстан Республикасында рынокты
экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуді не бұрын оның тарихына тоқталып
өтейік.
1.3. Қазіргі заман рынок теориясы.

Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі
заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі негізгі
бағытқа бөлуге болады.
Оның біріншілері-еркін рынокты және экономикаға мемлекеттің
араласпауын жақтайтындар. Еркін рыноктық жақтайтындарды либерализм, ал оның
қазіргі заманғы жақтастарын неолиберализм мектептерінің өкілдері деп
атайды.
Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсенді түрде
араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның
атақты экономисі қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс болды. Оның пікірінің
қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкіл дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс түрткі болды. Ол өзінің басты теориясы деген кітабындағы идеяларды
классикалық теория деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды
көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп реттеу жүйесіне көшу
Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып
табылады. ХХ ғасырдың 30-шы – 80-шы жылдары бойына Батыс елдерінде
Кейнсианстваның әсерімен рынокты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған
Дж.М.Кейнстің ізбасарлары, Француздардың дирижистері жатады. Олар, бір
жағынан реттелмелі рыноктың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен
қатар рыноктың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне
сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші
кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным
сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық
жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып оны тиімді сұранымды және толық
жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың
үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік
қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады. Зейнет ақы, жәрдем ақша,
халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу. Бұл бағыттағы
экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне
айналады, оның жәрдемімен рыноктың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп
отырады.
ХХ ғасырдың 70 жылдарында болған экономикалық дағдарыс және
кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндылығы туралы
идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін рынок идеясының
өкілдері рынок механизмінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни
сұраным мен ұсынымның негізінде балансыланған өсуді, яғни сұраным мен
ұсынымның тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептеді. Олар өздерінің
зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады, яғни экономиканы оқуды
әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу себебін қарастырудан, тауарларға қойылатын
бағадан бастайды. Шын мәнінде. Қоғамдық өндіріс рынок арқылы байланысқа
шаруашылық бірліктерінің жиынтығы болып табылады. Бұл экономистер
мемлекеттің ролі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп
тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға
араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын табиғи, әмбебапты заңның
әрекетімен түсіндіреді. Мұндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың
негізінде пайдаға салынатын салық рыногын төмендету жолымен ұсынымды
көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке
кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту
идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды.
Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар
екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы
дұрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда бұл мектептің жақтастарының
пікірінше өндірісті ұлғайту мен қоғамдық дәулеттілікті арттырудың негізі
және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі бой көрсетіп келе жатқан
жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бұл АҚШ экономисі пол Антони
Самуэльсонның (1915ж туған) неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын
дәлел бола алады. Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен
дәстүрлі микроэкономикалық арасындағы алшақтықты жояды. Реттелмелі
экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсонда еркін бәсеке адамдар
мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана
дағдарысты, жұмыссыздықты болырмайды деп есептейді. Сонымен бірге
белгілі бір ақылға сиымды шекте бәсекені қорғаудың қажеттігін атап
көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің
де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. Толық жұмыспен
қамту жағдайында шекті пайдалылық, шекті пайдалылық, шекті еңбек
өнімділігі теориялары түрінде көрінетін, сөйтіп Самуэльсон үшін құн және
табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип
толықтай заңды күш алады.
Жалпы неоклассикалық синтезді жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол
экономиканы реттеудегі мемлекеттің жетекші ролі жағдайындағы жоғарыда
көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады.
П.Самуэльсон өзінің неоклассикалық синтезіне ғылыми техникалық
революцияға, экономиканы реттеуде мемлекеттің, ірі корпорациялар мен
кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты
нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннен Гэлбрейттің (1908 ж.
Туған) негізгі жағдайларында қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты-
мемлекеттік әлеуметтік маневр жасау әдістерін кеңінен қолдану.

Біздің алдымызда да рыноктық экономиканы ретеудің дүние жүзінде
жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттігі тұр. Әрине олардың бәрі
біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісті емес. Біз
үшін қазіргі басты міндет-әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына
қолдау көрсете отырып барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің
бағдарланған рыноктық экономиканы құру және дамыту болып табылады.
ІІ. Тарау. Экономикалық мемлекеттік ретеудің теориялары.
2.1. Мемлекеттік ретеудің теориялық көзқарастар.

Рынокты реттеу әдістері – бұл рынок механизмінің қалыпты жұмыс жасауын
қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы
өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Бұндай реттеудің
элементтері алғаш рет бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде пайда болды. Ал
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу
өнеркәсіпті-дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Біздің елімізде бөліп үлестіру методологиясына негізделген шаруашылық
жүйесінен бас тарту экономиканы реттеу әдістерінің мазмұнын түбегейлі
өзгертеді. Рынокты құру жаңа экономикалық қатынастарға көшу, соның ішінде,
халық шаруашылығын жоғарыдан төмен қарай немесе тікелей басқару
құрылымынан бас тарту, оны көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді
білдіреді. Рынок мемлекетпен және тауар өндіруші кәсіпорындарымен шартты
түрде мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал рынокта тепе-теңдікке әсер ету
тәсілдеріне қарай-тікелей және жанама деп классификациялауға болады.
Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның
шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Рыноктық шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының жоғарғы баспалдағы ретінде
Рыноктың мәні және атқаратын қызметі
РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАРЛЫҚ ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ БАСПАЛДАҒЫ
ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Рыноктың шаруашылық тауарлық өндiрiс дамуның жоғарғы баспалдағы ретiнде
Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың қалыптасу ерекшелiктерi
РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ТАЛДАУДАҒЫ (ЗЕРЕТТЕУДЕГІ) ФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІК БАҒЫТТАР
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Рыноктық экономиканы реттеу әдістері
Пәндер