Логопедияның мақсаты мен міндеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Дефектология: зерттеу мен тәжірибе

Қалаубек СЕРКЕБАЕВ.

Логопедияның

мақсаты мен міндеттері

(Жалғасы, басы өткен санында)

Сөйлеу тілінің патологиялық бұзылудан жетілмеуінің немесе кінәраттықтан мүкістенуінің әлеуметтік-қоғамдық қарым-қатынас байланыстарына тигізетін зардаптарының салдары қандай болады деген мазасыз ойлар әсіресе логопедия мен психологияны және лингвистиканы ұдайы толғандырып келе жатқаны баршаға мәлім. Сондықтан да ғылымның бұл салаларының білікті мамандары сөйлеу тілінің кемістіктерін жан-жақты тексеріп зерттеуде, оларды болдырмаудың жолдарын қарастыруда және арнайы педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып түзетуде үздіксіз еңбек етіп келеді.

Сөйлеу тілдерінің кемістіктерінде оқу үлгеріміне кедергі келтіріп, мектеп қабырғасынан ойдағыдай білім алып шығуына мүмкіндік бермейтін күрделі түрлері де кездеседі. Мысалы мұндай кемістіктердің қатарына жататын тіл мүкістіктері мен дыбыстарды ажырата алмайтын ақаулықтарға бірдей шалдыққан бала дұрыс оқып, қатесіз жазуды игеруде қатты қиындық көреді. Нәтижесінде олар оқу үлгерімі төмен оқушылардың

Баланың мектепте ойдағыдай оқып жеткілікті білім алып шығуына оның сөздік қорының кедейлігі, тілінің грамматикалық құрылымының бұзылуы, оқығанын түсінбеуі және сөзінің дыбыстық құрамының ауытқуы сияқты сөйлеу тілінің толық жетілмеген жалпы кеңістіктері де айтарлықтай күшті кедергі жасайды. Сонымен қатар, алалия мен афазия кемістігіне шалдыққан балалардың сөйлеу тілдерінің лексика-грамматикалық және фонетикалық жағынан даму барысы да мектептің оқу бағдарламасын меңгеруге жеткіліксіз болып шықты.

Логопедия ғылымының ойдағыдай дамуы үшін есту қабілеттері, ақыл-ойлары және көру қабілеттері патологиялық кінәраттардан бұзылған немесе жетілмеген балалардың психологиясы мен физиологиясын зерттеу және оларды оқытып тәрбиелеу арқылы кемістіктерін түзетумен айналысатын сурдопедагогика, олигофренопедагогика және тифлопедагогика сияқты педагогиканың арнайы салаларымен өзара байланысын тексеріп зерттеп алу қажет.

Есту қабілетінен айырылған балаға дыбыстық тітіркендіргіш күші жетпегендіктен оның сөйлеу тілі мүлдем шықпай қалады. Ал нашар еститін баланың тілі әдеттегіден едәуір кешеуілдеп шығады және сөйлеу тілінің сөздік қоры мен грамматикалық құрылысы күрделі ауытқулармен бұзылып жетіледі.

Көру қабілетінен мүлде айырылған көр соқыр және нашар көретін балалардың да сөйлеу тілдерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер көру түйсігінің қызметіне тікелей қатысы бар кейбір процестерге байланысты болады. Баланың нәрестелік шағынағы сөйлеу тілі оның дыбыс шығаратын тіл мүшелерінің амалдарына сүйеніп ауыз қуысында қалыптасып дамиды. Алайда, көр соқыр және нашар көретін балалардың организмдерінде компенсаторлық(толықтыру) мүмкіншіліктері бола тұрса да олардың сөйлеу тілдеріндегі кемістіктері көретін балаларға қарағанда жиі кездеседі.

Ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілдерінің дамуы мен ой-өрістерінің талдап қорытатын қызметтерінің өзара байланыстарының барысын олардың тіл мүкістіктерінің ерекшеліктерінен байқауға болады. Егер ақыл-ойы кем балалардың байқап бақылай алатын және сөздердің дұрыс айтылуы мен бұзылып айтылуын салыстырып айыратын, тілдің дыбыстық үнін ажырататын және оны фонематикалық жағынан талдап қорытынды жасай алатын қабілеттерімен танымдық белсенділіктерінің төмендігін еске алған жағдайда олардың сөйлеу тілдерінің кемістіктері шын мәнінде заңды құбылыс екенін көрсетеді. Сөздік қорының кедейлігі, сөздерінің мағыналық жағынан жұтаңдығы, сөйлеу тілдерінің грамматикалық құрылысындағы еліктеушіліктің басымдылығы ақыл-ойы кем балалардың басты кемшіліктері болып саналады. Педагогика тарихының деректеріне қарағанда логапедия педагогикалық дербес ғылым ретінде бірден қалыптаспаған. Оның әуелі даму барысы сурдопедагогика мен медицина ғылымдарынан басталғандығы байқалады. Өйткені тіл кемістіктерін түзету туралы алғашқы ұғым XVII ғасырдағы сурдопедагогиканың оқу материалында кездеседі. Ол кезде саңырау-мылқау деген біріккен ұғым дербес мылқаудан немесе есиуінің бірқалыпты дұрыс кезіндегі тіл кемістіктерінен оншалықты ажырытылып бөлінбеген болатын. Сондықтан да сурдопедагогиканың оқулықтарында естігендердің тілдерін оқытып үйрету туралы нұсқаулар жиі кездесетін. Тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана афазия кемістіктерін зерттеу жұмысының дамуына байланысты оның есту қабілетінің бірқалыпты дұрыс кезіндегі тіл кемістіктерінің ерекшеліктері ғылымның осы саласымен арнайы айналысып жүрген мамандардың назарларын аудара бастайды. Осыған орай, естігендердің сқйлеу тілдерінің паталогиясын өз алдына арнайы зерттеу жұмысы невропатологтар мен отоларингологтардың міндеттеріне жүктелетін болды.

Сайып келгенде, сурдопедагогика сөздің айтылуындағы ауытқулары мен ақаулықтарды түзетудің тек техникалық тәсіліне ғана баса көңіл аударып, оның патологиясының клиникалық ерекшелігін назардан тыс қалдыратын, ал медицина тіл кемістіктерін дәрігерлер мен медбикелердің тікелей араласуымен емдеу арқылы түзету бағытын ұстайтын. Алайда, сурдопедагогика мен медицинаның сол кездегі тіл кемістіктерін түзетуде қолданатын тәсілдері сөйлеу тілінің дамуын қалпына келтіріп, жетілдіру талаптарын қанағаттандыра алмайтындығын іс жүзінде көрсетті. Сондықтан сөйлеу тілі кемістіктерін және олардың ерекшелңктерін жан-жақты тексеріп зерттеуді бір орталықтан ұйымдастыратын арнайы мамандандырылған білікті педагогтарды дайындаудың қажеттігін талап ететін ғылыми көзқарас пайда бола бастады. Нәтижесінде логопедия ғылымы дүниеге келді.

Сөйлеу тілі дұрыс жетілген бала біріншіден, өзінің ойындағысын еркін сөйлеп, түсінікті жеткізеді, екіншіден, болмыстың мағлұматын оңай игереді, үшіншіден, өзі қатарлы балалармен және ересектермен өзара қарым-қатынасын мағыналырақжәне мазмұндырақ өткізуге тырысады, сонымен қатар оның психикалық дамуының белсенділігі де артады. Сөйлеу тілінің кез келген дәрежедегі кемістіктері баланың мінез-құлқына және тіршілік болмысына келеңсіз кері әсерін тигізеді. Сондықтан да тіл мүкістіктеріне шалдыққан балаларға логопедиялық жәрдем көрсету педагогикалық жұмыстың ең негізгі салаларының бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедия ғылымы негізі
Сөйлеу мен мектеп дағдыларының спецификалық бұзылыстары
Логопедиялық жұмыстар
Дефектология ғылымына жалпы түсінік туралы
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Жартышарлардың ассиметрия мәселесі. Cөйлеу кезіндегі сол (доминант) және оң (субдоминант) жартышарлардың рөлі
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Арнайы педагогика
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz