Әулиеата қаласын тұрғызған Абылай хан



1. Әулиеата қаласын тұрғызған Абылай хан еді
Ш. Уәлиханов пен өзбек тарихшысы Махмудқа сенсек, шындық осындай
2. ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР
Тасыған дария тартылып, арнасына түскені сияқты 1774 жылы қырғыз басқыншылары да тәубасына келген еді. Ресейге қарасты Еділ қалмақтары Жоңғарияға 1771 жылы жөңкіле көшіп, жолындағы алаш баласын қырып-жойып келе жатқанда Абылай хан бастаған қазақ қолы амалсыз қарсы көтеріліп, қырғын соғыс болған еді. Осыны пайдаланған қырғыздар Аякөзден бергі Жетісуды, Шу, Талас бойын, тіпті Шолаққорған, Созақты, Қаратауды басып алғанды. Сол шапқыншылықтың белгісіндей Іле бойында және Бәйдібек баба мен Домалақ ана бейіттері маңында Қапшағай деген екі атау қалды. Қапшығай - қырғызша шатқал деген сөз. Сондай-ақ, Келте машат деген өзен атауы тағы қалды. Бұл да қырғызша келте өзен деген сөз. Сол қырғыздарды қазақ жерінен түре қуған Абылай қолы Талас жағасына қос тігіп, жеңіс тойын тойлап жатқанда шалғайдағы Қытайдан отыз ұлының екіншісі Әділ сұлтан келді.
Әділ қарақалпақ Сайман ханымнан туған, бұл кезде исі қазақ түгілі қалың қытайға да белгілі, беделді сұлтан еді. Қазақ-жоңғар соғысы аяқталған соң Қытайға бағыныштылық белгісі ретінде Абылай Бейжінге аманатқа сол Әділ сұлтанды аттандырғанда риза болған Чианлун патша кейін әкесіне үлкен сый-сияпатпен қайтарғанды. Осыдан кейін-ақ қазақтың біраз сұлтандары, тіпті кейбір бай қуатты билері Қытай астанасына жақындарын елшілікке жарыса жіберіп жатты. Әсіресе Әбілмәмбет ханның мұрагері саналатын ұлы Әбілфайыз бен Абылай сұлтан арасындағы іштей бақталастық, үнсіз арбасу осы елшілік жіберуден де байқалатын еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әулиеата қаласын тұрғызған Абылай хан еді
Ш. Уәлиханов пен өзбек тарихшысы Махмудқа сенсек,
шындық осындай

Бақтияр Әбілдаұлы

Тасыған дария тартылып, арнасына түскені сияқты 1774 жылы қырғыз
басқыншылары да тәубасына келген еді. Ресейге қарасты Еділ қалмақтары
Жоңғарияға 1771 жылы жөңкіле көшіп, жолындағы алаш баласын қырып-жойып келе
жатқанда Абылай хан бастаған қазақ қолы амалсыз қарсы көтеріліп, қырғын
соғыс болған еді. Осыны пайдаланған қырғыздар Аякөзден бергі Жетісуды, Шу,
Талас бойын, тіпті Шолаққорған, Созақты, Қаратауды басып алғанды. Сол
шапқыншылықтың белгісіндей Іле бойында және Бәйдібек баба мен Домалақ ана
бейіттері маңында Қапшағай деген екі атау қалды. Қапшығай - қырғызша шатқал
деген сөз. Сондай-ақ, Келте машат деген өзен атауы тағы қалды. Бұл да
қырғызша келте өзен деген сөз. Сол қырғыздарды қазақ жерінен түре қуған
Абылай қолы Талас жағасына қос тігіп, жеңіс тойын тойлап жатқанда
шалғайдағы Қытайдан отыз ұлының екіншісі Әділ сұлтан келді.
Әділ қарақалпақ Сайман ханымнан туған, бұл кезде исі қазақ түгілі
қалың қытайға да белгілі, беделді сұлтан еді. Қазақ-жоңғар соғысы аяқталған
соң Қытайға бағыныштылық белгісі ретінде Абылай Бейжінге аманатқа сол Әділ
сұлтанды аттандырғанда риза болған Чианлун патша кейін әкесіне үлкен сый-
сияпатпен қайтарғанды. Осыдан кейін-ақ қазақтың біраз сұлтандары, тіпті
кейбір бай қуатты билері Қытай астанасына жақындарын елшілікке жарыса
жіберіп жатты. Әсіресе Әбілмәмбет ханның мұрагері саналатын ұлы Әбілфайыз
бен Абылай сұлтан арасындағы іштей бақталастық, үнсіз арбасу осы елшілік
жіберуден де байқалатын еді. Әбілфайыз ұлы жүз ханы Жолбарыс өлтірілгеннен
кейін соның орнына сайланды дегенмен әз Төле би өзі көз жұмғанша іс жүзінде
екі тізгін, бір шылбырды қолынан шығармай, ханды ашса - алақанында, жұмса -
жұдырығында ұстады. Төле биден кейін ұлы жүздің төбе биі болған Қойгелді
батыр да Әбілфайызды сол бұрынғы сүрлеуінен шығармады. Дымы құрыған хан
дулаттар тұсауынан құтылу үшін сұлтан балаларын ұлы жүздің шет-шалғай
жағындағы елдеріне жіберіп, баули бастады. Жетісу жаққа Болат деген ұлын
жайлатты. Аңырақай шайқасында қаза болған ұлы хан Болат атасының құрметіне
әруақ шақыра қойылған есім еді бұл. Әкесінің айтуымен сол Болат сұлтан да
Қытайға өз атынан елшілер жөнелтумен болды. Қытай деректерінде сол Болат
1762 жылғы наурыздың 15 күні - сұлтан, 1773 жылғы қаңтардың 5 күні және
ақпан айының 5 күні хан аталады. Қазақ Болат ханның елшісі Ақтайлақ,
Әбілпейістің ұлы Жолшылар дидарласу үшін астанаға келді. Алдияр
Жындагуанмин сарайында оларды қабылдады (924-бума, 29-бет) дейді 1773
жылғы ақпанның 5-і күнгі Қытай дерегі. Бұл арада наймандарда да сол заманда
Ақтайлақ атты қарт би болғанын айта кеткен абзал... Жолшы сұлтан э.кесі
Әбілфайыздың жұмсауымен Қытай астанасында, 1769 жылғы қаңтар айының 24-күні
болса, осыдан төрт жыл өтісімен Ақтайлақ бимен бірге Чианлұн патшамен
екінші рет дидарласты, тағы сый-сияпат керді.

Абылай да 1769 жылғы көкек айында - Уәли, 1774 жылы қаңтар айында
Әділ атты ұлдарын Бейжінге елшілер ретінде жіберіп алды. Әділмен бірге 15
қазақ барды. Осындай сапардан абыройы аспандап оралған Әділ сұлтан туған
еліне, әкесіне жеңіс үстінде қауышты.
"... Талас өзенінің жағасы. Баяғы Тараз қаласының қираған жұртынан тек
Әулие ата атымен белгілі Ша-Махмуд қараханның еңселі күмбезі, одан сәл
әрірек Шамансұр - Дәуітбектің шағын кесенесі сораяды. Уақыт табынан мұжыла
бастапты. Алыстағы қыраттан Тектұрмас әулиенің мазары қарауытады.
Жорығы жеңіспен тамамдалған Абылай хан тобы осы әулиелерге Құран
бағыштауға келген еді Бұл топ ішінде дарабоз қарт батыр Қабанбай да, Керей
Жәнібек бастаған Арқа батырларынан бөлек үйсін Қойгелді, Өтеген, Сәмен,
Рысбек, Мәмбет, Таңсыққожа, Сеңкібай, Шойбек, Наурызбай, Нұрабай, Төлек,
жалайыр-арықтыным Қарабатыр, Жауғаш батырлар, Ақтайлақ би сияқты ел ағалары
да бар еді.
Ғұлама молдалығы бар Қойгелді батыр қоңыр даусы күңірене Құран оқыды.
Басқа бірнеше батыр да өздері білген сүрелерін қысқа қайырып, бет
сыйпасқанда әңгіме Әулие ата қарахан жайына ауысты. Абылай ғана үнсіз, ой
үстінде. Әңгімені туған жер тарихын жақсы біпетін білімдар Қойгелді
бастады:
- Алдияр хан ием, ағайын! Мына мазар астында бір кездері қара
қытайларды қылышымен қойдай қуып, Таласқа еліктерін тоғытқан бабамыз
1. қарахан Ша-Махмуд жатыр. Жарықтық жауын жеңген соң тағын тастап, осы
жерден қылует қазып алып, өле өлгенше Аллаға зікір айтумен өтіпті.
Қашқарлық ғұлама Махмуд бабамыздың Түрік сөздігі кітабына қарағанда
қарахандар әулеті шайыр ақын Фердауси жырлайтын Афрасиабтан тарайды. Шын
аты - Мадай, лақабы Алып Ер Тоңа. Парсы шахы Кейқұсырау алдап, улап
өлтірген осы Алып Ер Тоңа - Афрасиабтың қаза тапқанына қазір дәл биыл 2400
жыл толған екен. Қарахандар әулетінің тұқымын тұздай құртқан Хорезм шах
Мұхаммед еді, соның әулетінің де ақыры тақыр болды - Сіздің арғы бабаңыз
Шыңғыс хан қырып салды.
Қарахан Әулиеата, Афрасиаб - Алып Ер Тоңа да өзіміздің жалайырлар ғой,
- деп әңгіме шетін бір қайырып еді, сөзге Абылай араласты:
- Бәсе, исі қазаққа ноқта ағасы саналатын жалайырлардың тамыры
сондай терең де киелі, қасиетті екен ғой. Уа, арықтыным-жалайыр
Қарабатыр, кәне, әулие бабаңа сен де бір дұға бағыштап жібер! - деген соң
Қарабатыр да екі көзін жүмып теңселе бір ұзын сонар сүрені оқи
жөнелді.
Талас арнасынан бұл күнде таси ақпаса да бұлкіл қаққан толқындарының
шуылы алыстан баяу сарынмен жетеді. Дұға оқылып біткен соң жұрт орындарына
жапа-тармағай тұрғанда шыдамсыздау, қызба мінезді шымыр жаңабай Таңсыққожа
батыр Абылай ханға қарап оқыс тілек айтты:
- Алдияр! Сіз енді Сарыарқаға кетесіз. Біз, үйсін баласы, осында
туған жерде қаламыз. Міне, кешегі ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға
дейін жоңғарләр қиратқанша, ертегенше мына үйінділер болған үйлерде ата-
бабаларымыз тұрушы еді. Бұл күнде жоңғарлар да жоқ, біздің
Тараз қаласы да жермен жексен болған.
Сарыарқаны қоршай орыстар салып жатқан
қалапар мен сонау Сайрам, Шымкент, Ташкент арасында қазақтың атын
байлайтын қазығы сияқты еш қаласы қалмапты. Жетісуда да ешқандай керуен
тоқтап, тыным алатын сарайымыз да жоқ. Жау шапса паналайтын бір қорған
қамалымыз да көрінбейді осы аралықта. Рас, Түркістанымыз бар, Ташкентіміз
бар. Жел қуған қаңбақтай ұшып-қонып жүрген көшпелі қазақтар да баяғыда
сарайлар салып, жат елдің елшілерін қабылдап жатушы еді. Хан ием, Сіз
кеткен соң мына қалың үйсіннің күні не болады? Әбілфайыз сұлтан Ташкентте
отыра берсін, ал мына қираған Тараздың орнына Әулиеата баба мазарының
маңына тағы да үйлер тұрғызып, қала салсақ қайтеді? Соған Өзіңіздің
кенереңізден шыққан бір сұлтан ұлыңызды әкім етіп қалдырсаңыз қайтеді? -
деп арындап барып тоқтады.
Өз туысының бұл сөзін Мәмбет батыр да бірден қоштай жөнелді:
- Уа, Алаштың ардақтысы Абылай ханымыз! Сіз жаз жайлайтын
Көкшетаудағы, Қызылжардағы орыстар қаласы түптің түбінде бізге пана болып
жарытпайды. Бізге мына сонау қалың қытайдың қақ ортасына барып, аты барда
жер таныған, талай ел таныған ұлыңыз Әділ сұлтанды әкім етіп қалдырыңыз.
Әділ сұлтанның нағашысы қарақалпақтар ғой. Бір жағы қазақтардай көшпелі
болғанымен саз балшықты қамырдай илеп, қала салуға шетінен шебер де
икемді. Біз де өз білгенімізше үй салып жатырмыз. Өзбек ағайындардың,
сарттардың шеберлерін мен әкеліп салғызған үш-төрт үйлік қыстауым анау тұр.
Түбі қала салған, егін салған, тоған, арық қазған ел озады, - деп барып
тоқтады.
Мәмбет батырдың сөзін қалған үйсіндер шуылдап, қоштай жөнелді де, қос
алақандарын жайып Абылайдан бата сұрады. Хан тебіренуде еді. Қытайдың
астанасы Бейжінге барып, елшілік міндетін ойдағыдай орындап келген ұлы Әділ
сұлтанның жүзіне назар салып еді, қылыштай қылпып тұрған жас жігіттің неден
болса да қайтпайын қайсар бейнесін көрді. Қайыны қарақалпақ Құлашбек батыр
да қос қолын көтере, қандай бұйрық болса да орындауға әзір тұрғандай.
Абылай тамағын сәл кенеп, даусын көтере сөйлеп кетті:
- Уа, қалың елім, қазағым! Өшкенді қайта жаңғыртайық дейсіңдер,
қираған қаланы қайта салайық дейсіңдер. Көп түкірсе - көл деген. Халық
қаласа, хан астындағы атын союы тиіс. Болсын солай! Баяғыда халық үшін әзиз
басын көрге тірідей тыққан Әулие ата бабамыздың мазары айналасына қала
салынсын! Менің жарлығым - осы! Әкімдерің - Әділ сұлтан! Қала салуды қайным
Құлашбек батыр мен сонау жылдары мені жоңғар тұтқынынан босатуға барған
досым Мәмбет батырға тапсырдым! Қаламыздың атауы ұмытыла бастаған Тараздың
орнына Әулиеата болсын! Әумин!
Жұрт түгел бет сыйпасты. Абылай бастаған қалың қол қырғыздар көшін
бастап Сарыарқаға аттанды да, Әділ сұлтан мен үйсіндердің игі жақсылары
Талас өзенінін жағасында қала берді. Көп ұзамай Құлашбек батыр өзінің Арал
теңізіне таяу жайғасқан ағайын қарақалпақтықтарын көшіріп әкелді. Олар
күннің жылы шағында қала салып үлгеру үшін саз балшықты илеп, қыш құйып,
қызу іс-әрекетке кірісті де кетті. Бұл 1774 жылдың көктемі еді. Бірақ
қарақалпақтар мен үйсіндер өздері осыншама еңбекпен салған қаланы көршілес
қоқандықтар ширек ғасырдан соң қирататынын қайдан білсін?!.
ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР
Нарбота биден кейін таққа оның үлкен ұлы Әлім (1799-1809 жж..)
отырды. Ол хан лауазымын қабылдады. Осы уақыттан бастап ферғана Қоқан
хандығы атанды. Әлім хан тарихшы В. Наливкиннің сөзімен айтқанда, күшті де
мейлінше дербес мемлекет құруды армандап, соған күш салып, Қоқан хандығын
біріктіруші болды. Жас Әлім хан өзінің жаугершілік пиғылы жөнінен Хиуа
хандарынан қалыспады. Оның билік жүргізген алғашқы жылдары туралы В.
Наливкин: Әлім хан өзінің иеліктерін кеңейте түсу, қолда бар байлығын
нығайтып, көркейте түсу, әсіресе, өзінің қазынасын барынша көбейту үшін
бірден жаулап алушылық әрекетке көшті, - деп жазды.
Әлім ханның кезінде Қоқан ханының аймағы едәуір кеңейді. Ол өзінің
басқыншылық әрекетін үш жүз жеріне бас салудан бастады. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Тараз қаласы: кейбір тарихи мәселелері
Қазақстанның ең ежелгі қаласы
Айша бибі және Бабажы қатынға орнатылған ескерткіштер
Т а р а з
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері
Тараз қаласы
XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының саяси жағдайы
Ұлы және Орта жүздің Ресейге бағынуы
Жауғаш батыр
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
Пәндер