АҚЫН БАЛМАҒАМБЕТ БАЛҚЫБАЙҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ
1. Ақын Балмағамбет Балқыбайұлының әдеби мұрасы
2. Ақынның өлең.толғаулары
3. Балмағамбет шығармалары
2. Ақынның өлең.толғаулары
3. Балмағамбет шығармалары
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орыны болуы тиіс қаламгер Балмағамбет Балқыбайұлының туындылары оқырман қауымға бүгінгі күні ғана танымал болып отыр. Ақын шығарашылығының өз халқымен кешірек табысуының сыры тереңде. Оны түбегейлі тарқатып айтсақ, желісі ұзақ әңгімеге түсіп, негізгі тақырыптан ауытқып кеткен болар едік. Сол себепті, қысқа қайырып жеткізер болсақ, бұл кешігудің ақын шығармаларының Қожа Ахмет Ясауимен, сопылық іліммен байланысты болуынан екенін алдыңғы кезекте айту керек. Неге десек, ислам мәдениетінің қоғамды алға сүйрейтін ілгерішіл, адам мен қоғам бірлігін қамтамасыз ететін адамсүйгіштік құндылықтары тұтас ұлттарды отарлауды көздеген патшалы Ресей мен ұлт болмысын жоюды мақсат еткен Кеңес үкіметінің қиратушы саясатымен мүлдем қабыспайтын еді. Қабыспау өз алдына, бұл саясатқа ислами құндылықтар үлкен тосқауыл болды. Сондықтан ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына қатысты басқыншылық, отаршылдық саясат ұстанған көршілес мемлекеттердің барлығы ең алдымен Қожа Ахмет Ясауи жолын ұстанған ғұламаларды қуғындауды қолға алды. Олардың кейбіреуі өздерін ислам дінін тұтынушы мемлекет санағанымен, жоғарыда айтылған себепке байланысты, Ясауи жолына жау болды. Формальды ислам мен шынайы исламның бітіспес күресі бұған дейін де үздіксіз жүріп келген еді. Ал Кеңес үкіметі бұл мемлекеттердің ең бастыларын жау ретінде жойғанымен, дәл осы мәселеде олардың ісін жалғастырушы қызмет атқарды. Біздің Ясауи жолын шынайы исламға мегзеуіміз де кездейсоқ емес. Бұны Қожа Ахмет Ясауидің өз хикметтерінде де, ислам әлеміне кең тараған ауызша әңгімелерде де баяндалатын құрма түріндегі пайғамбар аманатының Ясауиге берілгенінен аңғара аламыз. Ал рухани ілімнің басты ерекшеліктерінің бірі болып табылатын кереметтік оқиғалар мен ғажайып әңгімелерге күдікпен қарайтын материалист-прагматик пайым-түсінік иелеріне де айтылар дәлелдер жоқ емес. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи мен оның кейбір шәкірттерінің Мекке мен Мәдинада патшалық құрғанын, арабтардың өзі Қожа Ахмет Ясауиді «Ахмед Сәни» яғни «Екінші Ахмет» (бұл – Мұхаммед с.а.у. пайғамбардың төрт есімінің бірі Ахмед болуына байланысты) деп атағанын айтсақ та жеткілікті. Осындай себептермен бір ғасырға жуық қатты қуғын көрген, тіпті қанды қырғанға ұшыраған қазақ даласындағы Ясауи жолы осы тарихтан сабақ алып, айналаға сақтықпен қарап, қорғанушы ұстанымға көшті.
1. Құдайбердіұлы Ш. Иманым (құрастырғандар – Б.Байғалиев, Е.Қасейінұлы). Алматы: Арыс, 2000, 130 б.
2. Балқыбайұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Хадис-назым (құрастырып, баспаға дайындаған, алғы сөзін жазған – Қ.Игісін). Алматы: Алаш, 2005,85 б.
3. Балқыбайұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. ІІ том. Хадис-назым (құрастырып, баспаға дайындаған, алғы сөзін жазған – Қ.Игісін). Алматы: Алаш, 2005, 167 б.
4. Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Йасауи. Көңілдің айнасы (Мират-ул қулуб) (дайындаған – Д.Кежетай). Анкара: Билиг, 2000, 15 б.
5. Иасауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Ақыл кітабы) (баспаға әзірлеп, қазақша аударғандар – М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи). Алматы: «Мұраттас» ғылыми-зерттеу және баспа орталығы,1993, 175 б.
6. Ислам.
7. Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. Алматы: Арыс,2001,22 б.
8. Борев Ю.Б. Эстетика. Теория литературы: Энциклопедицеский словарь терминов. Москва: ООО «Изд. Астрель»: ООО «Изд. АСТ», 2003, с. 352
9. Досмұхамедұлы Х. Аламан (құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар – Ғ.Әнесов, А.Мектепов, Ш.Керімов). Алматы: Ана тілі, 1991, 24 б.

Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының доценті.
АҚЫН БАЛМАҒАМБЕТ БАЛҚЫБАЙҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орыны болуы тиіс қаламгер Балмағамбет
Балқыбайұлының туындылары оқырман қауымға бүгінгі күні ғана танымал болып
отыр. Ақын шығарашылығының өз халқымен кешірек табысуының сыры тереңде. Оны
түбегейлі тарқатып айтсақ, желісі ұзақ әңгімеге түсіп, негізгі тақырыптан
ауытқып кеткен болар едік. Сол себепті, қысқа қайырып жеткізер болсақ, бұл
кешігудің ақын шығармаларының Қожа Ахмет Ясауимен, сопылық іліммен
байланысты болуынан екенін алдыңғы кезекте айту керек. Неге десек, ислам
мәдениетінің қоғамды алға сүйрейтін ілгерішіл, адам мен қоғам бірлігін
қамтамасыз ететін адамсүйгіштік құндылықтары тұтас ұлттарды отарлауды
көздеген патшалы Ресей мен ұлт болмысын жоюды мақсат еткен Кеңес үкіметінің
қиратушы саясатымен мүлдем қабыспайтын еді. Қабыспау өз алдына, бұл
саясатқа ислами құндылықтар үлкен тосқауыл болды. Сондықтан ХІХ ғасырдың
екінші жартысында қазақ даласына қатысты басқыншылық, отаршылдық саясат
ұстанған көршілес мемлекеттердің барлығы ең алдымен Қожа Ахмет Ясауи жолын
ұстанған ғұламаларды қуғындауды қолға алды. Олардың кейбіреуі өздерін ислам
дінін тұтынушы мемлекет санағанымен, жоғарыда айтылған себепке байланысты,
Ясауи жолына жау болды. Формальды ислам мен шынайы исламның бітіспес күресі
бұған дейін де үздіксіз жүріп келген еді. Ал Кеңес үкіметі бұл
мемлекеттердің ең бастыларын жау ретінде жойғанымен, дәл осы мәселеде
олардың ісін жалғастырушы қызмет атқарды. Біздің Ясауи жолын шынайы исламға
мегзеуіміз де кездейсоқ емес. Бұны Қожа Ахмет Ясауидің өз хикметтерінде де,
ислам әлеміне кең тараған ауызша әңгімелерде де баяндалатын құрма түріндегі
пайғамбар аманатының Ясауиге берілгенінен аңғара аламыз. Ал рухани ілімнің
басты ерекшеліктерінің бірі болып табылатын кереметтік оқиғалар мен ғажайып
әңгімелерге күдікпен қарайтын материалист-прагматик пайым-түсінік иелеріне
де айтылар дәлелдер жоқ емес. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи мен оның
кейбір шәкірттерінің Мекке мен Мәдинада патшалық құрғанын, арабтардың өзі
Қожа Ахмет Ясауиді Ахмед Сәни яғни Екінші Ахмет (бұл – Мұхаммед с.а.у.
пайғамбардың төрт есімінің бірі Ахмед болуына байланысты) деп атағанын
айтсақ та жеткілікті. Осындай себептермен бір ғасырға жуық қатты қуғын
көрген, тіпті қанды қырғанға ұшыраған қазақ даласындағы Ясауи жолы осы
тарихтан сабақ алып, айналаға сақтықпен қарап, қорғанушы ұстанымға көшті.
Ал Балмағамбет Балқыбайұлы заманында бұл жолдың билік тұрғысынан аяусыз
жазаланатыны әбден әшкере болған еді. Алайда пайғамбар ісі мен өсиетін
өздеріне өнеге еткен Ясауи жолының өкілдері бұл ілімді таратуды да Құдай
алдындағы жауапкершілік деп қарайтын. Олар осы аралықтан жол таба білді.
Билік иелері мен дүмше молдалар (олардың ортақ мүдделері осы тұста
көрінеді) тарапынан екі жақты қысым көргендеріне қарамастан, мінез-құлық
көркемдігімен көпшілікке өнеге бере білді. Өз көзқарастары мен ұстанымдарын
барынша құпия ұстай отырып, қоғамдық тәрбие мен ақиқат жолына нұқсан
келетін шеуші сәттерде өз тұрғысын берік танытып, өз қарсылықтарын да
білдірді. Мұндай сәтте олар өз бастарын бәйгіге тікті. Мұның жарқын мысалын
Балмағамбет өмірі мен шығармашылығынан айқын көре аламыз.
Ақын шығармаларының елеулі бөлігі жарық көрген журналист Құсыман Игісін
баспаға дайындап шығарған Хадис-назым атты жинағының таралымы 200 дана-ақ
болғандықтан, оны республика жұртшылығына тарады деп айта алмаймыз. 2005
жылы Алаш мұрасы сериясының қатарында Арыс баспасынан жарық көрген ақын
шығармаларының екі томдық жинағы ақын шығармаларын насихаттаудағы елеулі
табыс болғанымен, бұл бағытта атқарылатын шаралардың шаш-етектен екені
белгілі. Осы екі томдық жинақта діни-рухани, сопылық темин-атаулардың дұрыс
оқылмағандықтан, қате жазылған тұстары жеткілікті. Бұл – Балмағамбет
шығармаларының терең зерттеулерге негізделген ғылыми басылымын шығарудың
қажеттілігін көрсетеді. Осы болып жатқан ғылыми конференцияның
Б.Балқыбайұлы шығармашылығының зерттелуіне қомақты үлес болып қосылары
сөзсіз.
Балмағамбет Балқыбайұлының сопылық поэзияға, оның ішінде, Ясауи жолына
қатысы, ең алдымен, оның шығармаларының мазмұндық жағынан көрінеді. Ақынның
өлең-толғауларының, дастандарының тақырыбы мен көтерген мәселелері, айтпақ
ойы ясауия тариқатының негізгі прициптерімен, ұстанымдарымен, шарттарымен
тонның ішкі бауындай астасып жатады. Сопылық жолдың басты мұраты – Алланың
дидарын көру және Оның ризашылығын табу болса, оған жеткізетін ең басты
шарт – жүректің тазалығы. Жанмен, тәнмен және малмен (дүние-мүлікпен)
жасалатын барлық құлшылықтың нәтижесі – осы таза жүрек болмақ. Жүрек
тазалығы бағдарға алынғанда ғана бұл құлшылықтардың жетілуі, мән-мазмұнға
ие болуы, жемістілігі жүзеге аспақ. Ал мақсатсыз атқарылған құлшылықтардың
әсерсіз құр дағдыға айналып, құлшылық иесін догматқа айналдыратыны – тарих
дәлелдеген шындық. Сопылық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі
Ш.Құдайбердіұлы бұл жайында:
Тәңір жолы – ақ жүрек,
Сайтан деген – қиянат.
Ақ жүректі ертерек
Ескер-дағы қыл әдет, -
дейді [1]. Балмағамбет те бұл мәселеге ықыласпен назар аударады.
Он екі мүше патшасы
Кірленбесін діліңіз [2], -
дейді ол. Кірленген жүректің тазартқышы – Алланы еске алу, яғни Оны зікір
ету. Құран сөзіне сүйенер болсақ, адамды Құдай алдында бақытты ететін нәрсе
де осы – таза жүрек. Ол күні (яғни қиямет күні) малыңның да, балаларыңның
да пайдасы тимес Бірақ кім Аллаға таза жүрекпен (қалб-и салим) келсе ғана
(пайда береді) (26:88,89), - дейді Құран аяты. Осындай маңыздылығы
болғандықтан, Қасиетті Құранда Алланы зікір ету (еске алу) көп жерде арнайы
бұйырылған. Бірақ: Алла қаласа (жасаймын), - (де). Ұмытқан заман
Раббыңды есіңе ал да: Раббымның мені бұдан да туралыққа жақынырақ жолға
салуынан үміткермін, - де (18:24); Сондай иман келтіргендер, Алланы еске
алу арқылы көңілі жай тапқандар, естеріңде болсын: Алланы еске алумен
жүректер орнығады (13:28); Әй, муминдер! Алланы өте көп зікір етіңдер.
Оны ертелі-кеш пәктеңдер (33:41,42) - деген аяттар бар. Осы аяттарды
басшылыққа алған Ясауи жолының өкілдері Жаратушыны бір сәт те естен
шығармауға әрекет еткен және соны насихаттаған.
Осылайша, өз нәпсіңе насихат қыл,
Күмәнсіз басқа түсер ақиқат бұл.
Көз бұлап, көңіл хақтан жылап тұрсын,
Басқаға хақ зікірінен бармасын тіл, -
дейді Балмағамбет те [3].
Жүректі таза ұстау барлық сопылық жолда алдыңғы орынға қойылса, оған
жетудің жолдары әр тариқатта әр түрлі көрсетіледі. Қожа Ахмет Ясауи жолында
жүрек тазалығына жету үшін Құран мен хадистегі барлық бұйрықтар есепке
алынады. Оның ақиқат жолы екендігінің де дәлелі осында. Бұл жолда Құдайды
зікір ету практикасы да Құран бұйрықтарын басшылыққа алудан келіп шыққан.
Көптеген сопылық тариқаттар дәстүрінде жоқ ясауиядағы жария зікір де Қашан
хаж ғамалдарыңды өтесеңдер, (Минада) Алла (Т.)ны ата-бабаларыңды зікір
еткендей, тіпті одан артық зікір етіңдер (2:200), - деген Құран аятына
негізделген (Ислам діні тарамаған кезде құрайыштар Арафатқа бармай
Музделифеден қайтып, Минада жиналып, ата-бабаларын айғайлап мақтайтын еді.
Бұл аят соған байланысты айтылған). Ясауия тариқатында қолданылатын
зікірдің үш түрі бар: алқа, ара және құпия зікір. Рухани кемелдікке (камил
инсан, толық адам) жету жолында олардың әрқасысының өзіндік орны бар. Бұның
ішінде ара, алқа зікірлері дағдылы дене қимылдарымен бірге атқарылады. Бұл
дене қимылдары да жүрек тазалығына қызмет етеді. Оның әрбірі оң қабақтың
ұшынан жүректің түп жағын нысанаға алып, ұрудың ишарасын жасаған қимылмен
аяқталып отырады. Ясауи жолына тән бұл дәстүр Балмағамбет шығармашылығында
айқын көрініс тапқан.
Аллаға күндіз-түні зікір етсең,
Айтылған тәубадағы шартқа жетсең,
Жетерсің мақсұтыңа махшар күні,
Дүниеден сол әдетпен өтіп кетсең.
Пенденің ұқсар ділі қара тасқа,
Тесетін зат жоқ деме, тасты басқа.
Зікір – қайла, тас – ділге ұрсаң қатты,
Муафиқ болса ділің ықыласқа.
Өлімнің келетінін ойға сақтап,
Толар көзің мөлтілдеп ыстық жасқа.
Оңнан тарт, ла иллаһа ил алланы,
Астына ұр, сол емшектің, бұл дұғаны.
Қалыптан тыншы кетіп шықса ханнас,
Ойға алар тәфсір керек, мәддұғаны [3,135-136], -
дейді ақын бұл туралы. Осынау санаулы жыр жолдарында Құдайды ұмыту
салдарынан адам жүрегінің тасқа айналатыны, ол барлық қатыгездіктің,
жауыздықтың себепкері болатыны; Құдайды еске алу, яғни зікір ету арқылы тас
жүректің жібіп, жұмсарып, мейірімге, толатыны; зікір амалдарын барлық
шарттарымен, дене қимылдарының ишарасымен (Ясауи жолында оның чор зарба,
ду зарба деп аталатын түрлері бар) дұрыс орындағанда, адамды үнемі
азғырып, жүректе отыратын, Құранда ханнас деп аталатын шайтанның жүректі
тастай қашатыны сияқты ясауия тариқатында үнемі ескерілетін ақиқаттар
көрініс тапқан.
Сопылық жолдағы кемелденудің шариғат сатысынан өтіп, хақиқат жолына
түскендер Құдайға деген ғашықтық хал тапқан [4]. Ғашықтық хал Құдай
жолындағы барлық қиындықтарды ауырсынбай, жеңіл өткеруге себеп болады.
Қожа Ахмет Ясауидің:
Хас ғишқыңни көрсат меңа шакир болай,
Арра қойса Закариядик закир болай.
Аюб сифат баласига сабыр болай,
Һар не қылсаң ғашық қылғыл, паруардигар.
(Шын сүюіңді көрсет маған, шүкір етушіден болайын,
Арамен кессе Закариядай зікірші болайын.
Аюб сипат бәлесіне сабыр етушіден болайын,
Не қылсаң да ғашық қылғын, Паруардигар) [5], -
деген хикметінен ғашық халіне жетудің қаншалықты маңызды екені аңғарылады.
Балмағамбет те ғашықтық ахуал табудың Хаққа жетудің сенімді жолы екенін
көрсетеді.
Әй, достарым, келіңіз,
Жиылып, зікір салайық. (...)
Зікірші хақтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz