Эмпирикалық зерттеу әдістері



1 Зерттеулердің эмпирикалық әдістері.
2. Педагогикалық эксперимент, оның түрлері және жүргізілу кезеңдері.
Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер)- зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғым мен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері.
Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты - нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.
Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:
- мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б. жатады;
- бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.)
- педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп жағдайында тексеру).

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
9-тарау. Эмпирикалық зерттеу әдістері.
Жоспар:
9.1 Зерттеулердің эмпирикалық әдістері.
9.2. Педагогикалық эксперимент, оның түрлері және жүргізілу кезеңдері.

Практикалық сабақтар мазмұны:
№9 Педагогикалық тәжірибелік жұмыс.
Мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені зертеу және жинақтаудың әдістемесі.

Жоспары:
1. Педагогикалық тәжірибе түсінігі.
2.Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдістемесі мен талаптары
3.Озық тәжірибелер өлшемі.
4.Озық тәжірибелер қоржыны, түрлері, оларды топтап мбөлу.
Тапсырма. Озық тәжірибені зерттеудің моделін дайындаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасаңыз.
Әдістемелік ұсыныстар. Озық тәжірибені зерттеу кезеңдеріне,апробациядан
өткізу мәніне назар аударыңыз. Тұтастықты сақтау жағын қарастырыңыз.
Тәжірибе қорытудың үш деңгейін ес те сақтаңыз. Озық тәжірибенің қорыту,
тарту түрлеріне сипаттама беріңіз.

9.1. Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер)- зерттелетін мәселе
бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды
тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғым мен белгіленген
деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс
шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми зерттеу
міндеттерін шешу тәсілдері.
Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана
емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша
педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да
қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты - нақтылықпен тікелей байланысты
болғандығында.
Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:
- мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу,
сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы
тәжірибесін талдау және т.б. жатады;
- бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.)
- педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда
зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп
жағдайында тексеру).
Педагогикалық зерттеу әдістерінің ішінде педагогикалық бақылау жиі
қолданылады.
Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау
арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.
Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, экскурсия,
т.б. жағдайда) жүргізілу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс.
Педагогикалық бақылау-бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде
зерттеудің таным әдісі.
Бақыаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және
дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы
обьектінің іс-әрекетіне тікелей белсене қатысса,(оқушылармен бірге)
бақылау тиімді болып табылады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті)
қабырға арқылы немесе телекамерамен жүзеге асады.
Бақылау әдісін бастамас бұрын зерттеуші қандай мақсатпен және қанша
уақыт бақылау жүргізетінін және қандай күтілетін нәтижелерге келетінін
білуі тиіс. Жинаған фактілерді тіркеп жазып қою керек, күнделік жазып,
хаттама күйінде тіркеп, бейнетаспаға, үнтаспаға жазып алып, фотосүретке
түсіру керек.
Бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар:
-мақсаттылығы;
-жүйелілігі;
- ұзақтылығы;
-жан-жақтылығы;
-обьективтілігі;
-бұқаралық;
-әдептілікті сақтау.
Бақылау әдісі. Нақтылы бақылау обьектісі белгіленіп, жоспарлы
жүргізіледі.
Бақылау кезеңдері:
-мақсат пен міндеттерді анықтау,
-обьекті, пәні таңдалады;
-бақылау жолдарын анықтау;
- бақылау барысын есепке алу;
-алынған ақпараттарды өңдеу және талқылау.
Кемшілігі-қорытындысына жеке тұлғаның ерекшелігі ықпал етуі.
Бақылау-зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай
да педагогикалық құбылысты назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті
түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жеке танысуға орай алдын-ала
белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге
бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау,
2) бақылаатын обьект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді
тәсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау- ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың
мүшесі ретінде қатысады, сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына
тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдмалы
бақылау.
Бақылау-орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де
жоқ емес. Көп жағдайларда бақылау барысындағы ең соңғы нәтижеге
зерттеушінің тұлғалық -әлеуметтік жеке-дара бітістері (көзқарасы, мүддесі,
жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылықтан ауытқуына
себепші болуы мүмкін.
Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен
толықтырады.
Әңгіме әдісі.
Әңгіме -1. тұлғаның жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатымен (мотивациялық
және эмоционалдық аясын, білімін, сенімін, қызығушылығын, артықшылығын,
ұстанымын, ортаға, ұжымға қатынасын, т.б.) ұйымдастырылатын психологиялық-
педагогикалық зерттеу әдісі. 2.Мұғалімнің мұқият ойластырылған сұрақтар
жүйесін қою жолымен оқушыларды жаңа материалды түсінуге әкелетін немесе
енді оқып үйренгенді меңгергенін бақылайтын оқытудағы әдіс.
Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-
ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда
барлығы да тіркеледі: жауапты нысанв, әңгімеге көзқарас, мінез-құлық және
т.с.с.
Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі
сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерін
нақты көрсеткен жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғаллімдер мен ата-
аналар және басқа қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында
зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Әңгімені
жасөспірімдермен өткізгенде өте жоғары шеберлікті қажет етеді. Әсіресе
бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу өте күрделі. Мұны тек бастауыш
сынып оқытушылары ғана жүргізе алады. Себебі олар осы жастағы балалардың
жас ерекшеліктерін жақсы біледі.
Әңгіменің келесі түрі көбінесе жоғары сынып оқушыларымен мәселені
талқылау барысындағы әңгімелесу.
Әңгімелесу еркіндік негізінде жүргізіледі, анықталған мәселеге
байланысты сұрақтар дайындалады. Оқушы көзінше жазба жұмысы
жүргізілмейді.
Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-
ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда
барлығы да тіркеледі: жауаптың нысаны, әңгіме көзқарасы, мінез-құлық және
т.с.с.
Бұл әдістің артықшылығы: оқушыларды ширатып, жады мен сөйлеуін
дамытады, оқушылардың білімін жария етеді, елеулі тәрбиелік мүмкіндіктері
бар.
Әңгімелесушілердің түрлері-ауызша қарым-қатынас үдерісінде педагогке
тәрбиеленушілермен өзара әрекетте тактика таңдауда ескеруге пайдалы
адамның әр түрлі жеке сипаттарының көрінуі.
Басым ойлы әңгімелесушімен (қайсар, шешім қабылдап, жауапкершілікті
өзіне ала алатын) әңгімені текке үзіп жібермеуге тырысып, сабырлы болу
тиімді, бірақ өзіңнің көзқарасыңды оған батыл, шешімді түрде айту
керек; басым ойы жоқ әңгімелесушіні (сапайы, жұмсақ, тез абыржып қалатын)
жиі жігерлендіріп, қызығушылықпен тыңдап, дұрыс қорытындыларын қолдау
пайдалы. Қарым-қатынаста ұтқыр тәрбиеленуішіні (еті тірі, тақырыптан
тақырыпқа жеңіл ауысатын) әңгіме тақырыбына оралып, сыпайы сөйлесіп
отыру ләзім. Ригидтіні (тақырып ауысуына ілесе алмайтын шабанды)
асықтырмай, оған ақырына дейін сөйлеуге мүмкіндік берілуі тиіс. Экстраверт
(төтенше) көпшіл, белсенді, көбінесе әңгімелесушіге бағытталған. Онымен,
әдетте, қарым-қатынас жасау жеңіл. Интраверт әңгімеге онша құлы жоқ, егер
алдыңғысы аяқталмаса, тақырыптан тақырыпқа қиын ауысады. Оны шыдамды, ойлы
түрде тыңдау қажет.
Сұхбат әдісі- қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында
түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша
өолданылатын зерттеу тәсілі.
Сұхбат- сұхбат алушының респондентпен қатынасын көздейтін, белгілі
жоспар бойынша өткізілетін сұрау, әңгіме әдісінің өзге түрі.
Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойцынша күні ілгері түзелген
жоспар мен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің
жауаптары хатталмайды,э
Сұхбат алу- қандай да болсын ақпаратты алу мақсатында респондентпен
жүргізетін әңгіме, сұрақ:
- деректі (құжатты)- фактілер мен оқиғалар нақтыланатын әдіс,
- жабық – ұсынылған тұжырымдардан бір немесе бірнеше стандартталған
жауаптарды таңдау қарастырылады, ия, жоқ, білмейтін,
келісемін, келімпеймін, айту қиын сияқты стандарт сұрақтарға
ұқсас жауаптардың мысалдары;
- пікір – адамдардың қандай да болмасын құбылыстар мен оқиғаларға
қатынасының білуге бағытталған әдіс;
- ашық – жауаптардың сипаты мен саны, олардың түрі және саны
ескерілмейді, сыналуышылар оны еркін таңдайды. Осындай сұрақтардың
жауаптары, жабық түрге қарағандағы айырмашылығы, әдітте сандық емес,
сапалы талдауға салынады.
- Еркін – тақырыбы мен түрі регламентпен белгіленбеген әңгімелесулер.
- Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген
сұхбат алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын-ала түзіліп, бірізділікпен
қойылып барады. Сұхбат жауаптары анық жазылып, хатталады.
Сауалнама – 1) белгілі бір тақырып бойынша сұрақтар және оларға қажетті
мәліметтер алу мақсатымен жауап жазуға орын қалдырған (немесе жауаптары)
сұрақ қағазы; 2) зерттелуші адамдар контигентіне зерттеушінің құрастырған
тізімі, олардың жауаптары жалпылау үшін эмпирикалық материал ретінде
қызмет етеді:
- алып- жүз, екі жүз сұрақтары бар сауалнама;
- жабық – ұсынылған жауаптардан таңдау;
- найзағай – екі-үш сұрақтардан тұратын сауалнама;
- ашық- жауап берушілердің еркін жауаптары;
- аралас-сұрақтарының бір бөлігі таңдау бойынша берілетін, сондай-ақ
ұсынылатын сұрақтардың шеңберінен шығып кететін сауалнама.
Сауалнама белгілі бір құбылыс туралы ақпаратты зерттеушілердің үлкен
тобында анықтап алу үшін сын мен ұсыныстарды анықтау үшін өткізіледі.
Ұжымдағы қарым-қатынасты анықтап алу үшін социометриялық сауалнамалар
өткізіледі. Мұндағы сұрақ әдістернің артықшылығы – зерттеуші әр түрлі
ақпаратты, үлкен аудиторияны қамти отырып, жинап алады. Кемшілігі - әр
сауалнамада толығымен шындық айту элементі болмай қалады, кейдір жауаптар
жалған болуы мүмкін және кейбір сұрақтар белгілі бір жас ерекшелігіне сай
келмеуі мүмкін.
Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:
- зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат
беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен таңдау.
- Жауаптарды нақтылауға мүмкіндік беретін тікелей әжәне жанама
сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;
- берілген сұрақтардың мәні мен маңызы және оларды дайындау кезінде
ешкімнің араласпауы;
- ашық (кейде жауап беруші өзінің жеке пікірін айтуына болады), жабық
(жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалнамаларды пайдалану;
- дайындалған сауалнаманы сынақтан өтушілердің шағын тобына тексеру,
қажетті түзетулерді енгізу; балмен бағалау арұылы қарама-қарсы
сауалнамаларды пайдалану.
Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады.Сұрақ жауаптары
жазба күйінде қабылданады. Әңгімелесу мен сұхбат алу бетпе-бет әңгіме
құрумен жүргізіледі, ал анкета сырттай орындалады. Аталған әдістердің
нәтижелі болуы қойылған сұрақтардың мазсұны мен құрылымына тәуелді.
Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
2) сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі
тиіс.
4) сауалнма кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының
ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу
әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық,
шығармашылық және бақылау жұмыстары. Балалардың сүреттері, сызбалары,
жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар
оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір
салады ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп
құжатттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік
карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-
қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру үдерісін
ұйымдастыру тәжірибесінде нақты қалыптасқан обьектив жағдайлар жөніндегі
ақпараттармен қаруланады.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмыстарындағы кейбір
күдікті мәселелерді түрлі құжаттарға сүйеніп, зерттеуге болады. Бұл-мектеп
және мектептен тыс тәрбие мәселелеріндегі құжаттар мен мұрағат
материалдары.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау жұмыстары,
сүреттері, түрлі жұмыстарын зерттеу арқылы кейбір керекті материалдар
алуға болады.
Педагогикалық тест-нақты білім беру саласында оқушылардың білім, білік
пендағды құрылымын және деңгейін тиімді бағалауға мүмкіндік беретін
белгілі бір пішін мен мазмұндағы тапсырмалардың күрделілігі бойынша
сараланған жүйе. Педагогикалық тестілеу- қатаң қадағаланатын жағдайда
өткізілетін мақсатты тексеру. Ол арнауйы жасақталған міндеттер көмегімен
педагогикалық үрдістің зерттелетін сипаттамаларын обьективті өлшеуді
қамтамасыз етеді.
Рейтинг немесе өзін-өзі бағалау әдістері.
Рейтинг- іс-әрекетті белгілі бір жақтарын құзырлы экспериментпен
бағалауы. Эксперттерге қойылатын талаптар: құзыреттілігі, шығармашылық
міндеттерді шешу қабілеттілігі, обьективтілік, өзін-өзі сынау.
Бұл әдіс білікті қазылардың (сарапшылардың) іс-әрекеттің қандай да
бір жақтарын бағалау кезінде пайдаланылады. Сарапшыларға белгілі талаптар
қойылады: олар шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті, білікті
болуға, сараптамаға оң қабақ танытуға, әділ, обьективті өзіне-өзі сыни
тұрғыдан қарауға тиісті. Рейтинг үшін қарама-қарсы сауалнамалар
пайдалаылуы мүмкін. Өзіндік бағалау әдісін де пайдаланған орынды.
Рангілік бағалау әдісі.
Мұндай бағалау кезінде анықталған себептер олардың көрініс дәрежесіне
немесе кему тәртібімен орналастырады немесе осындай не басқа бір белгілер
бағалауды жүзеге асырушының ұстанған бағытына байланысты оның мәніне
қарай өсу орналастырады
Тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі.
Бұл әдіс тұлсырымдардың обьективтілігін арттырады. Оның мәні
зерттеушенің әр түрлі көздерден алынғанм ақпараттарды өңдеуден көрінеді.
Мысалы, оқушының жеке басын зерттей отырып, мұғалім ол туралы ата-
аналардан, басқа мұғалімдерден, дәрігерлерден, ұжымнан мәліметтер алады.
Тәуелсіз сипаттамаларды жалпылау әдісі- тұжырымдардың обьективтілігін
жоғарылатады. Әр түрлі ақпарат көздерінен түскен мәліметтерді өңдеу.
Статистикалық әдіс оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер
қолданылады:
Тіркеу – белгілі сыныптың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның
барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу;
Ранжирлеу- жиналған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы,
обьектілердің осы қатардағы орындарын анықтау;
Шәкілдеу- зерттеу сипаттамаларына балдар немесе басқа цифрлық көрсеткіштер
беру.
Шәкілдердің негізгі орналасу реті: аталым шәкілдері (номиналды); тәртіп
(немесе рангілік) шәкілдері, арақашықтық шәкілдері; қарым-қатынас
шәкілдері;
Аталым шәкілдері- ең әлсіз шәкілдер. Оларда сан мен- басқа да
белгіленімдер таза символдық түрде пайдаланылады. Обьектілердің аталымдарын
білдіреді. Бірден-бір математикалық сипаттама обьектілердің неге
жататындығын анықтау. Мысалы: зерттеу обьектісі сол сыныпқа жата ма,
мамандықтар тізімі, оқушылар мінездемелерін саралау. Тәртіп шәкілдерінде
шама тәртібі, үлкен мен кішінің қарым-қатынасы, жалпы иерархия
белгіленеді. Оларды қолданудың мысалы ретінде бойы сұғақтау, бесеуден
көбірек, т.б. типтегі ранжирлеу қызмет етеді.
Күшті шәкілдер – арқашықтық және қарым-қатынас шәкілдері болып
саналады. Арақашықтық шәкілі шәкілдегі жекелеген сандарың арасындағы
белгілі бір арақашықтықты көздесе, ал қарым-қатынас шәкілінде нөлдік
нүктенің өзі де анықталып қойылған. Мысалы, термометрлер, вольтметрлер
шәкілдері және басқалар.
Социометриялық әдіс.
Жеке бастың қарым-қатынасы зерттеледі. Социометрия (лат. Societas- қоғам
және metrio- өлшеймін) шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін
зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я.Морено (1892-
1974) жасады. Социометриядағы негізгі тәсіл- арнайы сауалнамадағы
сұрақтарға жауап бере отырып, топтың әрбір мүшесі өзінің басқаға деген
қатынасын білдіреді. Нәтижелері социограммаға (графикте топ мүшелерінің
таңдаулы бағдаршамен көрсетіледі) немесе социоматрицаға (топтың әрбір
мүшесінің таңдаулары есептелген кесте) енгізіледі.
Социометрия топтық қарым-қатынастың сыртқы жағын ғана қамтиды. Топты
толығырақм сипаттау үшін тұлға аралық таңдаудың түрткілерін, сондай-ақ тоты
ұжым ретінде сипаттайтын қарым-қатынастың ерекше жүйесінің дамуын анықтап
алу қажет.
И.П.Волков, Я.Л.Коломинский және т.б. педагогтар социометрияның
балалар тобындағы тұлға аралық қатынастар туралы ақпараттар алуға
мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері жайлы ақпарат
Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің бірлігі
Ғылыми танымның әдістеріне жалпы сипаттама
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері жайлы мәлімет
Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ƏДІСТЕРІ
Талдау және синтез
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Пәндер