Қазақстан және келімсек діндер



1. Қазақстан және келімсек діндер
2. Миссионерлер
3. Иегова тарихы
4. 4 Иегова куәгілерінің пікірлері
5. Бұл сектадан қалай сақтаймыз
6. Елбасымыз қашан ауызашар береді
Қазақстан және келімсек діндер
Аса діншіл болмасақта, қай заманда да аузымыздан “Алламыз” түспеген, оразамызды ұстаған, бес уақыт намазымызды қаза қылмаған халық едік. Ал, атамыз – евангелист, анамыз – кришнант, әкеміз – леоговашыл, баламыз – сатанист, болып кеткен қандастарымызды жиі кездестіретін болдық. Тіпті, бір отбасында екі діннің өкілі табылатын жайттар қоғамдық “нормаға” айналып бара жатқандай. Тәуелсіздік алып, енді дінімізді де, тілімізді де дұрыс жолға қоямыз ба деген кезде еліміз де жат пиғылды миссионерлердің қаптап кетуі өкінішті – ақ. Олардың Қазақстанда он жылдан астам уақыт ішінде атқарған қызыметі бүгін өз жемісін беріп жатыр. Осы уақыт аралығында жатжерлік ағым – секталар мыңдаған қандастарымызды өзара бөлісіп алды, қалалардың қақ ортасынан шіркеулері мен діни орталықтарын ашып, енді ауылдарға бас салды. Бұқаралық ақпарат құралдарынан насихат жүргізіле бастады, сан – мыңдаған уағыздың кітаптарын таратып үлгерді. Олалдың мақсаты – таяу жылдары Ислам дініндегі адамдарды арандатып, іріткі салу.
Әдетте, осынау ағымдардың мұнда қол жеткізген “Жетістіктері жайлы арттарында тұрған алпауыт елдер мен ұйымдарға есеп беріп жүргеніне шүбә жоқ. Мысалы: евангелист сияқты келімсек ағындардың артында АҚШ – тың орталық барлау басқармасы бар дейді. ІІ Дүние жүзілік соғыстан соң Американың әскери базасы Оңтүстік Кореяда орналасқан болатын. Көп ұзамай арттарынан діні де жетіп, не бары жарты ғасырда буддағы Корей халқын тұтастай евангелилендіріп жіберген. Ғасырлар бойы дініне бекем Корейліктерді евангелиеге кіргізуге 50 жылдай ғана уақыт кетсе, 70 жыл бойы атистік қоғамда өмір сүрген қазақтарды әлгілер 10 – 20 жыл ішінде шоқындырып тастамақшы. Осы дінді қабылдаған Корецліктердің бүгінгі басқа елдерге миссионерлерін жіберуге шамасы жетіп отырғанға ұқсайды.
Ресми мәліметтерге қарағанда әлемде 40 ел миссионерлерді жібереді, ал 100 ел миссионерлерді қабылдайды. 60 ел олардың келуіне толықтай немесе жартылай шектеу қойған. Миссионерлік қызыметке жылына 12 млрд. Доллар жұмсалады екен. Қазір әлемде 420000 миссионерлер жұмыс істеп жатса, соның 346 – сы біздің елімізде жүр. Бұл тек ресми деректер ғана. Ал, ресми емес деректерге қарағанда елімізде жұмыс істеп жатқан миссионерлер бұдан да көп.
Секта ( латынша.Sekta – ой жүйесі, ілім, бағыт) – қайсыбір діннің өз ішіндегі оппазициялық топ. Шіркеудегі болып жатқан түрлі жағдайға көңілі толмай, әдетте ерекше деп танылған, кейде шектеуге, тұйықтыққа, негізгі діни бағыттан қол үзушілікке бастайтын топ. “ЭПК” тайные общество и секты кітабынан”.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан және келімсек діндер
1. Миссионерлер
2. Иегова тарихы
3. 4 Иегова куәгілерінің пікірлері
4. Бұл сектадан қалай сақтаймыз
5. Елбасымыз қашан ауызашар береді

Қазақстан және келімсек діндер
Аса діншіл болмасақта, қай заманда да аузымыздан “Алламыз”
түспеген, оразамызды ұстаған, бес уақыт намазымызды қаза қылмаған халық
едік. Ал, атамыз – евангелист, анамыз – кришнант, әкеміз – леоговашыл,
баламыз – сатанист, болып кеткен қандастарымызды жиі кездестіретін болдық.
Тіпті, бір отбасында екі діннің өкілі табылатын жайттар қоғамдық “нормаға”
айналып бара жатқандай. Тәуелсіздік алып, енді дінімізді де, тілімізді де
дұрыс жолға қоямыз ба деген кезде еліміз де жат пиғылды миссионерлердің
қаптап кетуі өкінішті – ақ. Олардың Қазақстанда он жылдан астам уақыт
ішінде атқарған қызыметі бүгін өз жемісін беріп жатыр. Осы уақыт аралығында
жатжерлік ағым – секталар мыңдаған қандастарымызды өзара бөлісіп алды,
қалалардың қақ ортасынан шіркеулері мен діни орталықтарын ашып, енді
ауылдарға бас салды. Бұқаралық ақпарат құралдарынан насихат жүргізіле
бастады, сан – мыңдаған уағыздың кітаптарын таратып үлгерді. Олалдың
мақсаты – таяу жылдары Ислам дініндегі адамдарды арандатып, іріткі салу.
Әдетте, осынау ағымдардың мұнда қол жеткізген “Жетістіктері
жайлы арттарында тұрған алпауыт елдер мен ұйымдарға есеп беріп жүргеніне
шүбә жоқ. Мысалы: евангелист сияқты келімсек ағындардың артында АҚШ – тың
орталық барлау басқармасы бар дейді. ІІ Дүние жүзілік соғыстан соң
Американың әскери базасы Оңтүстік Кореяда орналасқан болатын. Көп ұзамай
арттарынан діні де жетіп, не бары жарты ғасырда буддағы Корей халқын
тұтастай евангелилендіріп жіберген. Ғасырлар бойы дініне бекем
Корейліктерді евангелиеге кіргізуге 50 жылдай ғана уақыт кетсе, 70 жыл бойы
атистік қоғамда өмір сүрген қазақтарды әлгілер 10 – 20 жыл ішінде
шоқындырып тастамақшы. Осы дінді қабылдаған Корецліктердің бүгінгі басқа
елдерге миссионерлерін жіберуге шамасы жетіп отырғанға ұқсайды.
Ресми мәліметтерге қарағанда әлемде 40 ел миссионерлерді
жібереді, ал 100 ел миссионерлерді қабылдайды. 60 ел олардың келуіне
толықтай немесе жартылай шектеу қойған. Миссионерлік қызыметке жылына 12
млрд. Доллар жұмсалады екен. Қазір әлемде 420000 миссионерлер жұмыс істеп
жатса, соның 346 – сы біздің елімізде жүр. Бұл тек ресми деректер ғана.
Ал, ресми емес деректерге қарағанда елімізде жұмыс істеп жатқан
миссионерлер бұдан да көп.
Секта ( латынша.Sekta – ой жүйесі, ілім, бағыт) – қайсыбір
діннің өз ішіндегі оппазициялық топ. Шіркеудегі болып жатқан түрлі жағдайға
көңілі толмай, әдетте ерекше деп танылған, кейде шектеуге, тұйықтыққа,
негізгі діни бағыттан қол үзушілікке бастайтын топ. “ЭПК” тайные общество и
секты кітабынан”.

Миссионерлер
Еліміздің дін туралы заңына көңіліміз толмайтынын, оның
асығыс қабылданғанына бірнеше дәлеліміз бар. Біріншіден, ол уақытта
діндерді зерттеуші, әр діннің ерекшелігін, негізгі мақсатын, догмаларын
білетін мамандар жоқтың қасы еді. Тек бізде атеист – ғалымдар ғана болды.
Олар заңның жобасын бұрынғы кеңес заманында коммунистердің жазған ождан
бостандығы туралы заңынан ала салған. Ал одан бері заман өзгерді, қоғам
өзгерді, дінге деген көзқарас өзгерді. Ең бастысы – шетелдіктердің елімізге
еркін келуіне мүмкіндік берілгеннен кейін әртүрлі миссионерлердің бос
кеңістікке лап қоятыны ескерілмеген. Екіншіден,біздер Азия құрлығында
отырмыз,Еуропа мен Азияның арасында көп айырмашылық бар.Еуропадағы
құндылықтар Азияда түкке тұрмауы мүмкін. Ондағы халықтар мен мұндағы
халықтардың өмірлік көзқарастары, діні мен ділі екі түрлі. Жоғарыда
аталған заңды әзірлеушілер Еуропадағы өркениетті елдердің дін туралы
заңдарын басшылыққа алған. Мысалы, 1992 жылғы еліміздің “Діни сенім
бостандығы және діни бірлестіктер туралы” Заңының 4 – бабында былай деп
жазылған: “Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей. Ешқандай
дін мен діни бірлестіктер бір – біріне қатысты ешқандай артықшылыққа ие
бола алмайды”. Міне, заңның еуропалық өлшеммен жазылғанының дәлелі. Себебі,
Еуропа елдерінде бір ғана христандық дін бар. Тек олар жүздеген ұсақ
секталарға бөлінген. Діни бірлестіктердің бір – бірінен артықшылығы жоқ
деген де сол секталарға қатысты айтылған. Әйтеуір христиан болса болады
сектаға бөліне берсін деген сөз ғой. Екінші жағынан, қандай дін ұстаса да
адамдарға бостандық бердік деп өздерін демократ етіп көрсеткісі келеді. Ал
бізде жағдай басқаша. Қазақтар ежелден мұсылман және осы ислам арқылы
еліміздегі тұтастығы сақталған. Егер елімізде секталарға бостандық берсек,
онда халқымыздың христиан дініне енуіне ерік бергеніміз болып шығады. Бұдан
шын мұсылмандар көне қояр ма екен. Мұның арғы жағында діни негіздегі
дүрдараздық тұрған жоқ па? Құдайым ондайдан сақтасын, бірақ не нәрсенің де
алдын алған жөн ғой. Қысқасын айтқанда, тәуелсіздік таңымен бірге елімізге
мыңдаған миссионерлер лап қойды. Олар діннен безген орыс тілді халықтар
қатарында діни сауатсыз қазақтарды да секталарға сүйреп жатыр. Олардың
негізгі бағдарламасы 2010 жылға дейін Қазақстанның тұрғындарын
евангелизациялау. Әрі бұл мақсаттарының орындалатына сенеді. Себебі,
батыстың 40 – тан астам елі өз миссионерлерін әр түрлі елдерге, соның
ішінде Қазақстанға жіберіп отыр. Олар жыл сайын осы мақсатқа 12 миллиард
доллар қаржы бөледі. Мұнша қаржының бөлінуі діннің рухани дүние емес, саяси
нысана екені түсінікті болуға тиіс. Бір кездері үндістер: “Біздерге ақ
адамдар келгенде, олардың қолында Библия, бізде жер болды, енді біздің
қолымызда Библия, олардың қарамағын жер”, - деген болса, мұндай кейіпті
миссионерлердің арқасында талай халық көргені тарихи шындық. Өкінішке орай,
дәстүрлі дінге жатпайтын, атап айтқанда, протестанттық харизматикалық
сипаттағы секталарға баратын қазақтардың саны көбейіп барады. Қазақтың
әйелдері мен еркектерінің, кәрісі де, жасы да миссионерлердің шылауында
жүр. Біздің бір таңқалғанымыз кеше ғана ауылдан шыққан, қазақтың тілін,
салтын жақсы білетін қандастарымыздың секталарға баруы. Олардың көбі ата -
әжелерінің намаз оқығанын, ораза ұстағанын жақсы білетіндер, өздері де
құралақан емес. Бірақ, жексенбі сайын олар қазақ тілінде христианша Құдайға
сыйынып, Інжілдің орысшадан қазақшаға аударылған нұсқасын оқиды. Біздер бес
рет Грейс, үш рет Тірі Бұтақ шіркеуіне барғанымызда Құдайға сыйыну қазақ
тілінде жүргізілді. Бір қорқыныштысы сол, секталарға барып жүрген
қандастарымыздың көбі исламға дұшпан көзбен қарайды. Олармен сөйлесе қалсаң
ислам дінін жерден алып, жерге салады. Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит
шығып тұрғандардың айтқанын қайталауға дәтіміз бармайды. Баспасөздің
мәліметіне қарағанда Қазақстандағы секталар 2002 жылы ғана шетелдерден 200
миллион теңгенің гуманитарлық – медициналық көмегін алған. Сонымен қатар,
діни ағартушылық кітаптар алып, тегін таратабы. Әрине, кедейшілік қамытынан
айырыла алмаған қарапайым халық үшін ондай гуманитарлық көмектің пайдасы да
болуы мүмкін. Бір күн болса да қарны тойсын дейік. Бірақ сол миссионер
“жаны ашығаннан” емес, рухани диверсия жасауға ақша бөліп жатса қайтеміз.
Мұндай гуманитарлық көмектер ұлы державалық амбициясы бар, экономикасы
дамыған мемлекеттерден келіп жатыр. Мысалы, 1979 жылғы мәлімет бойынша 650
американдық және канкдалық ұйымдар жалпы алғанда шетелдерде жүрген 40 мың
миссионерлерді ұстауға 1 миллиард доллардан астам қаржы жұмсалған. Ал 1993
жылғы мәліметтерде әлемде 76120 шетелдік протестантық миссионерлерге жұмыс
жасайтыны айтылады. Осы саланы зерттеуші ғалымдардың бағасы бойынша
шетелдік әрбір миссионерді отбасымен асырап – сақтау діни ұйымдар үшін
жылына 50 мың долларға түседі екен. Осы соманы жоғарыдағы 76 мыңнан астам
миссионерге көбейтіңіз. Мұнша қыруар ақша не үшін жұмсалып жатқанын өзіңіз
іштей түсіне беріңіз. Дінтанушы ғалымдардың айтуынша қазіргі діни негіздегі
қақтығыстар себепші миссионерлік екен. Сондықтан миссионерлік дегеннің өзі
не екенін түсінік көрейік. Ол үшін ғалымдардың еңбектерінің, түрлі
мерзімдік басылымдарды, сөздіктерді пайдаланып, соларға сілтеме жасаймыз.
Мысалы, 2002 жылы Мәскеуде шыққан “Шетелдік сөздер мен тіркестердің жаңа
сөздігі” кітабында: “Миссионерлік – басқаша прозелитизм, яғни басқа дінге
сенетіндер арасында өз діни сенімін таратуға арналған әрекет, ол
христиандықта барынша көп тараған, басқа діндерде де кездеседі” деп
жазылған. Қарағандылық профессор Я.Трофимовтың кітабында да осындай түсінік
беріледі. Басқаша айтқанда қандайда бір дін Құдайдан жеткен миссияны
орындап, басқаларды өз дініне өткізуге тырысады. Барлық сөздіктерде
“миссия” деген сөз тапсырма ретінде түсіндіріледі. Ал “Атеистің қалта
сөздігінде” жан – жақты ұғындырылады. “Миссионерлік латынның missio сөзі –
тапсырма,аманат – діни ұйымдардың өз еліндегі басқа дінге сенетіндер
арасында (ішкі миссия) және басқа елдерде (сыртқы миссия) дін таратуы.
Миссионерлік барлық діндерге қатысты, бірақ отарлық басып алу кезінде
ерекше қанат жайған. Христиандық миссионерлер “пұтқа табынушыларды құтқару”
сұлтауымен Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне барып, олардың қарсылығын
әлсіретіп, құлдыққа даярлаған” – деп жазылған. Осындай анықтамалардан
“миссия” сөзі Батыс Еуропа елдерінің тарихына көбірек қатысты екенін
байқаймыз. Әрине, бұл сөздің негізі тапсырма, аманат ретінде аударылады. Ол
өмірдің барлық саласында қолданылған, айталық елшілік миссиясы, әскери
миссия. Бұл сөз әсіресе, дін саласында кеңінен қолданылып, шіркеулер өз
миссионерлерін алыс елдерлерге жіберіп отырған. Олар бөтен елге миссия
орындауға барған тапсырмалар еді. Жалпы миссия мен миссионерлік ғалымдардың
зерттеуі бойынша өзінің бастауын ұлы жағрапиялық ашу заманынан алған.
Сондықтан миссионерлік тарихын екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі, жаңағы
ұлы жағрапиялық ашу. Екіншісі, осы уақытқа дейін жаңа түрде жалғасып келе
жатқан батыс державаларының орталық саясаты. Миссия мен миссионерліктің
шынайы мағынасын түсіну үшін енді ресейлік миссиолог ғалымдар Н.Трофимчук
пен М.Свищевтің бірлескен еңбегіне жүгініп көрейік. Сонымен, бұл термин
біздің заманымызда нені білдіреді және діни тілде қалай түсінуге болады?
Оны түсіну үшін авторлар миссионерлік пен евангелизацияны салыстырады. Діни
әдебиетте “евангелизация” деп евангелияны уағыздау ұғындырылады, яғни
қоғамда христиандық діни оқуды тарату. Зайырлы авторлар көбіне
“евангелизация” терминін діни ұйымдардың халықтарды немесе жекелеген
адамдарды христиандыққа тарту, діннен ауытқыған адамдар арасында өз ықпалын
жүргізуге бағытталған жұмыстарын көрсетуге пайдаланады, - деп жазды мақала
авторлары. Ғалымдардың одан әрі баяндауынан байқағанымыз, миссионерлік
қызымет пен евангелизация арасында онша айырмашылық жоқ. Егер аздаған
айырмашылық болса, онда евангелизация жеке адамдар арасында жүргізілетінін,
ал миссионерлік қызымет дүние жүзілік көлемде атқарылатын айтуға болады.
Дінтану докторы Дж. Мак Артур мынадай анықтама береді: “Миссия дегеніміз
әлемдік көлемдегі евангелизм”.
Діни әдебиеттерді оқыған кезде тағы бір нәрсе анық байқалады.
Евангелизм қалайда миссионерлік қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Сондықтан евангелизация адамдардың діни сезімін қалыптастыру немесе
жаңғыртумен байланысты шектелген міндеттерді орындауға бағытталған. Сол
себепті бұл қызметтің анық объектісі, міндеті және әсер ету ұстанымы
болады. Ғалымдар Трофимчук пен Свищевтің атап еткеніндей, бұл арада крест
арқылы құтқару, оларды күнәдан арылту үшін шоқындыру, адамның жүйкесіне
әсер ететін көптеген тәсілдер қолдану туралы болып отыр. Миссионерлік пен
евангелизмді салыстырғанда оған прозелитизмді қосуға болады. Ал прозелитизм
термині басқа діндегі, басқа сенімдегі адамдарды өз дініне тартушыларға
қолданылады. Прозелитизм көптеген діни ұйымдарға, соның ішінде
протестанттық, сондай-ақ жаңа діни қозғалыстарға тән құбылыс. Осы
айтылғандар бізді мынадай қорытындыға келтіреді:евангелизация
мен миссионерлік бір ұғым ретінде XVI ғасырға дейін қаратуына байланысты
"миссия" сөзі жаңа мағынаға ие болады. Сол уақытта алыс отар елдерге
шіркеудің екілін жіберу аса маңызды болғандықтан, олардың қызметтерін
"миссия" деп, өздерін "миссионерлер" деп атады. Бірінші рет бұл сөзді
иезуиттер орденінің негізін қалаушы Игнатий Лойола (1491-1556 ж.) аузына
алған. Бұдан әрі оның ізбасарлары осы терминді басқа адамдар арасында
христиан дінін тарату құқы ретінде таратқан. Қазіргі заманғы протестантық
миссияны зерттеуші Г.Андерсон осы құбылысқа дәл зайырлық анықтама беріп,
миссионерлікті "дінге жол салу, тақуалық, саясат пен патриотизмнің" өте
берік қоспасы ретінде сипатгаған.
Сонымен, Н.Трофимчук пен М.Свищев мақаланын соңында миссионерліктің
нақты жаңа анықтамасын береді: "Миссионерлік— жағрапиялық, саяси, діни және
қоғамдық шекаралардан өтіп адамдарды дінге енгізу және сол аймаққа діни-
рухани құндылықтарды немесе оның жаңа үлгілерін жеткізуге арналған қызмет".
Мұндай дәл берілген анықтамамен келіспеуге басқадай дәлел жоқ. Енді біз
ислам дінінде миссионерлік бар ма деген сүрақққа жауап беріп көрелік. Яғни,
мұсылмандар басқа діннің өкілдерін үгітгеуге бара ма дегенді анықтайық.
Егер христиандардың Құдайы өз дінінде емес адамдарды адасып жүргендер деп
санап, Исаға сену арқылы оларды құтқарғысы келеді. Аллаһ қасиетгі Құранда
өзінің жалғыз екенін мәлім еткен. Ол туралы адамдардың бәрі біледі. Оған
сену немесе сенбеу әркімнің ісі. Аллаһ пенделерге ақыл-ой, сенім берді.
Бірақ адасып жүретін адамдардың болатынын да біледі. Олар кәпірлер болып
табылады. "Ғимран" сүресінің 178-аятында: "Жер бетінде ұзақ жасағандарына
кәпірлер қуанбай-ақ қойсын, ұзақ жас оларға күнәларының көбейе тусуі үшін
ғана берілген. Қияметте олар масқаралары шығып, таусылмас тауқымет
тартады",- деп -жазылған. Құран Кәрімнің көптеген сүрелерінде қиямет
қайымға дейін ондайлардың болатыны айтылған. Олардың тағдыры шешілген,
адасқандарды құтқару туралы әңгіме жоқ. Одан пайда да жоқ, себебі олар
шайтанның қарамағында. Құран Кәрімде: "Қасарысқандар, қорыт-қорқытпа,
бәрібір, иман келтірмейді. Алла жүректерін — жібімейтін қатал, құлақтарын —
естімейтін керең етіп, көздерін көлегейлеп тастағандықтан, оларды алдында
үлкен азап күтуде" ("Бақара"сүресі, 6-7аят),- дейді.
Басқа діндегілерді мұсылмандыққа үгіттеудің қажеттігі бар ма, жоқ па
деген сұраққа қатысты. Аллаһ өзінің құлдарына былай дейді. Мұхаммедке
(с.ғ.с.): "Сен оларды сол бетінше (адасқан күйінде) қоя бер. Өздеріне уәде
етілген күнге жеткенше (өтіріктерімен) алданып, (бұл дүниеде) тайраңдан
жүре берсін... Алланы мойындамай, олардың өздері тәңір деп табынғандары
шапағат тигізе алмайды. Тек шын куәлік бергендер бұған шапағат
тигізе алмайды. Тек шын куәлік бергендер бұған қосылманды" ("Зүһруф"
сүресі, 83-86-аяттар),- дейді. Ал "Зумар сүресінің 41-аятында: "Сөз жоқ,
адамдар үшін жол тапса, ол өзі үшін табады. Кім азса, оның зобалаңы өзін
табады. Сен оларға күзетші емессің",- дейді. Қасиетті Құранды оқи отырып
біздер "миссионерліктің" исламға жат екенін білдік. Мұндай қызмет тек
христиан дініне және басқа да діндерге ғана қатысты. Олай болса
протестанттық сипаттағы секталардың елімізге келіп, қандастарымызды өз
қатарына тартып, Алла жолынан адастырып жатканын көріп отырмыз. Ислам діні
өзі миссионерлік жасамайды деп басқа діни секталарды тайраңдатын қоя
беруіміз керек пе? Жоқ олай болмауға тиіс.
Иегова тарихы
Иегова тарихы Құдай Иегова мен шайтанның бітіспес ұрысын бейнелейді.
Рассель христиандықты өзінше пайымдап: "Құдай жалғыз және Иегова жалғыз,
Киелі Рух Иегованың күші, оны Исаға және Иегова куәгерлеріне ғана берген.
Бүкіл әлем шайтанның, патшалығы, тек иеговашылар ғана тура жолда. Иегова
мен шайтанның (Армагедон) шайқасы жақындап қалды. Иегова куәгерлері
болмағандардың барлығы дерлік күнаһар. Олар өліп, таңдап алынған 144
мың иеговашыл ғана 1 жердегі Исаның мың жылдық патшалығында бақытты
өмір сүреді. Иегова куәгерлерін Құдай көкке, мәңгі өмірге әкетеді",-- деп
жазды. Осылайша осы сектаның рассельдік ілімі пайда болды.
Рассель өзінің уағызын тарату үшін 1879 жылы "Бахттурм" ("Күзет
мүнарасы"), 1881 жылы "Общество трактатов" "Информатор" журналдарын
шығарады.
1909 жылы осы шығымның штаб пәтері Питербургтен Бруклинге (Нью-Йорк
маңы) көшті, Рассель ХІХ ғасырдың 70 жылдары халыққа: Иса 1914 жылы келеді.
Оны Құдай Иегова жерге жібереді, сонда үлкен қиямет болады",-деп
"көріпкелдік" айтты. 1914 жылы Иса келмеген соң Рассельдің шәкірттері
ұстазының қателігін жасырып: "Пайғамбарлық жасырын келді. Шайтан жеңілді.
Иса қазір көкте, жердегі болатын ұрысқа дайындалып жатыр",-деп
уағыздады. Оның ең үлкен еңбегі "Ключ к Библии" деген алты томдық кітабы.
Рассель 1916 жылы дүние салып, оның орнын басқан Р.Рутерфорд 1931
жылы "Інжіл зерттеушілері" ұйымын (Общество Свидетелей Иеговы)
"Иегова куәгерлерінің ұйымы" деген атпен өзгертеді. Олар
өздерін: "Құдайдың таңдаған құлдарымыз", "Адамзаттың соңғы күні деген
хабарды жеткізу бізге міндеттелген",-дейді. 1931-1937жылдар аралығында өз
насихаттарын тікелей радио кешені арқылы, кейін келе ұнтабақтармен таратты.
Р.Рутерфорд бұл ұйымды 1942 жылға дейін басқарды. 1961жылы дүнежүзілік
жаңа аудармасын" ағылшын тілінде дайындап шықты. 1963 жылы осы Інжілдің
"Жаңа өсиет" кітабын неміс тілдерінде бастырып, оның 237 жеріне өздері
қолданатын "Иегова" сөзін қосты. "Крест" сөздерін "столб" сөзімен.
"Собранне" сөздерін "Организация" сөздерімен ауыстырды.
Секта (лат. Zekta - ой жүйесі, ілім, бағыт) - қайсыбір діннің өз
ішіндегі оппозициялық топ. Шіркеудегі болып жатқан түрлі жағдайға көңілі
толмай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі діндер және ислам дінінің пайдасы
Дін тарихы Республика жерінде таралған негізгі діндер
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Егеменді елдің діни басылымдары
Діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Діни басқармаға филиал
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Дәстүрлі діннің белгілері
Пәндер