Халықаралық экологиялық құқық ұғымы



Халықаралық экологиялық құқық, Халықаралық экологиялық құқық ұғымы және оның мазмұны.

2. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері

3. Халықаралық экологиялық құқық қағидаларының жүйесі

4. Халықаралық экологиялық құқықтағы халықаралық ұйымдар

5. Қолданылған әдебиеттер.
Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.
Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал.
Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау құқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді.
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне:
- құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі;
- негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады.
. Виноградов С. В. Международное право и охрана атмосферы. -М., 1987.
2. Колбасов О. С. Международно-правовая охрана окружающей среды. -М, 1982.
3. Тимошенко А. С. Формирование и развитие международного права окружающей среды. -М., 1985.
4. Чичварин В. А. Охрана природы и международные отношения, -М., 1970.
5. Шишко А. А. Предупреждение трансграничного загрязнения (международно-правовые проблемы). - Киев, 1990.
6. Жанат Құлжабаева., Халықаралық жария құқық, Алматы қаласы – 2003 ж.

Жоспар:

1. Халықаралық экологиялық құқық, Халықаралық экологиялық құқық
ұғымы және оның мазмұны.

2. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері

3. Халықаралық экологиялық құқық қағидаларының жүйесі

4. Халықаралық экологиялық құқықтағы халықаралық ұйымдар

5. Қолданылған әдебиеттер.

Халықаралық экологиялық құқық

Халықаралық экологиялық құқық ұғымы және оның мазмұны

Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының
ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған
орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін
залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін
реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.
Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді.
Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны
шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі
бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен,
жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал.
Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы саласының мазмұнын
белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең
таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны
халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау құқығы",
"қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық"
сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде
белгілеп береді.
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне:
- құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе
кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі;
- негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық
қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа
қайшы әрекеттері жатады.
Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы
құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша
екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық
өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр.
Халықаралық экологиялық құқық осы заманғы халықаралық құқықтың
салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны корғау
саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық
қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын
қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. Жердің динамикасын, жағдайын,
құрылымын қасақана өзгертуте тыйым салынады. Халықаралық экологиялық құқық
халықаралық құқық субъектілеріне қоршаған ортаға әскери құралдарды
пайдалану арқылы әсер етуге кімде-кімге көмектесуге, қолдануға, түрткі
болуға тыйым салады, Оған бейбіт мақсаттар үшін ғана рұқсат береді.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастық мақсаттары
мынадай:
- адамды және оны қоршаған ортаның ауасын ластанудан қорғау;
- мемлекеттік аумақтағы қайнар көздердің ауаны ластауын шектеу,
қысқарту және оның алдын алу;
- ақпараттар, консультациялар, ғылыми зерттеулер және мониторинг
алмасу арқылы ауаны ластаумен күресу стратегиясын жасау;
- ауа сапасын реттеудің және оны ластаумен күрес шараларының ең жақсы
жүйесін жасау;
- кез келген қайшы әрекеттерге тыйым салу және алдын алу бойынша кез
келген заңды шараларды қабылдау.

Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі арнайы көпжақты алғашқы
конференция 1972 ж. Стокгольмде шақырылған болатын. Ол БҰҰ-ның қоршаған
орта жөніндегі Бағдарламасының (ЮНЕП) жүзеге асуына жол ашып берді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының XXVII сессиясында "Қоршаған орта саласындағы
халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйымдық және қаржылық шаралар" деген
қарар қабылданды.
Кейінірек, 1975 ж. Хельсинки Қорытынды актісінде "Экономика, ғылым,
техника және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық" деген арнайы бөлім
пайда болды. Бұл құжатта осындай сипаттағы ынтымақтастықтың келешегі
белгіленді. Оның ішінде, халықаралық ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау
мен жақсартудан, сондай-ақ қоршаған ортаға және оның ресурстарын қазіргі
және келекшектегі адамзат игілігі үшін ұтымды пайдаланудан келіп
шығатындықтан, ол экономикалық даму үшін үлкен маңызы бар міндеттердің бірі
болып табылады.

Мемлекеттер өздерінің аумақтарында жүргізіліп жатқан әрекеттердің
басқа мемлекеттің қоршаған ортасының нашарлауына себеп болмауы керектігін
түсінуі тиіс. Хельсинкидегі Қорытынды Акті қарастырылып отырған саладағы
ынтымақтастық мақсаттарын айқындап берді. Оларға:
- қоршаған орта проблемаларын зерттеу, қоршаған орта проблемаларының
кешендІ ғылыми амалдарын дамытуды қолдау;
- фактілерді жинауда және саралауда пайдаланылатын тәсілдерді
салыстыру және үйлестіру арқылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық
және халықаралык шаралардың тиімділігін арттыру; қоршаған ортаның ластану
проблемалары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану женіндегі білімдерді
дамыту;
- қоршаған орта саласындағы мақсатқа сай болатын және оларды
үйлестіру мүмкіндігіндегі саясатты жақындастыру үшін барлық қажетті
шараларды қабылдау;
- қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, оның жай-күйін бақылауға
арналған құрал-жабдықтарды жасау, өндіру, жетілдіру саласында мүдделі
ұйымдардың, мекемелердің және фирмалардың ұлттық және халықаралық
деңгейдегі қабылдайтын әрекеттерін қолдау жатады.
Осы бағдарламалық құжаттар халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастық
саласын айқындап берді:
1. Ауаның ластануымен күресу.
2. Суларды және ауыз суларды пайдалануды ластанудан қорғау.
3. Теңіздің қоршаған ортасын қорғау.
4. Топырақ қабаты мен жерді пайдалануды қорғау.
5. Табиғат пен қорықтарды қорғау.
6. Қоршаған орта мен елді мекендердің жағдайын жақсарту.
7. Қоршаған ортадағы өзгерістерді іргелі зерттеу, бақылау, болжау
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экологиялық құқық
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Экологиялық құқықтық қатынастар
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы мәні
Экологиялық құқықтық қатынастар және олардың субъектілері мен объектілері
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу
Пәндер