Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Заң факультеті

Табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

“Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау”

Орындаған: 4 курс студенті Сейдулла М.

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Түндікбаев А. Ж.

Қорғауға жіберілген күні

“” 2006 ж.

Табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасының менгерушісі з. ғ. к., доцент Еркінбаева Л. Қ.

Алматы 2006

РЕФЕРАТ

Осы бітіру жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау туралы заңдылықтарды зерттеуге және берілген саладағы құқықтық қатынастарын жетілдіру мәселелерін анықтауға арналған.

Жұмыстың мазмұны кіріспе, 2 тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілердің тізімінен турады. Жұмыстың жалпы көлемі - 36 бет.

Жүмыстың бірінші тарауында “Судың құқықтық ережелерінің жалпы сипаттамасы” су қорының түсінігі және оның құрамы, су құқықтық қатынастар және олардың объектілері мен субъектілері, суды пайдалану құқығы және оның түрлері қаралған.

Екінші тарауда “Суды қорғаудың құқықтық негіздері” суды қорғау саласындағы басқару органдарының құзыреттері және суларға зиянды әсерді болдырмау туралы сұрақтар анықталған.

Мазмұны:

Кіріспе. . …. . …4-6

1 тарау. Судың құқықтық ережелерінің жалпы сипаттамасы.

1. 1. Су қорының түсінігі және оның құрамы . . . …7-10

1. 2. Су құқықтық қатынастары және олардың объектілері мен субъектілері . . . …11-15

1. 3. Суды пайдалану құқығы және оның түрлері . . . 15-19

2 тарау. Суды қорғаудың құқықтық негіздері.

2. 1. Суды қорғау саласындағы басқару органдарының құзыреттері . . . 20-27

2. 2. Суларға зиянды әсерді болдырмау. . . . . 27-30

Қорытынды . . . …31-33

Пайдаланылған нормативтік актілер мен

әдебиеттердің тізімі… . . . 34-36

Кіріспе.

«Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңында құқықтық реттеуге жататын жоғарыда көрсетілген табиғи ресурстардың түрлері аталған. Солардың ішінде жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғи қорықтар, жердің климаты мен озон қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа, табиғи экологиялық жүйелер мен биосфераның құрамдас бөлігі ретінде өзге де табиғи объектілер бар.

Құқықтық қорғалуға тиісті объектінің ерекше түріне адамның денсаулығы мен өмірі де жатады. Адамның денсаулығы мен өміріне айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуы, шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпалына жол бермеу сияқты экологиялық қатынастар экология құқығының объектісі бола алады.

Шаруашылық немесе өзге де қызметтің салдарынан табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылып, табиғи экологиялық жүйелердің бүлініп, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюына байланысты табиғи ортаның түрақты және орны толмас өзгерістері болатын аймақ учаскелері экологиялық апат аймақтары деп жарияланады.

Қоршаған ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның енді қалпына келмейтіндей тұрақты үрдісі, ондағы тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда түратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын тез арада заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.

Судың Қазақстан Республикасында халықты, өндірісті және барлық тірі биоресурстарды қамтамасыз ету үшін маңызы өте зор. Біздің Республика аумағында 39500 өзендер ағады. Олардың ішінде Сырдарья, Шу, Іле, Ертіс, Жайық және Нұра ірі өзендерге жатады. Арал және Балхаш көлдерінің тіршілікте атқаратын қызметі өте жоғары. Арал теңізі құрғанү кіші көлге айналды. Балхаш көлінің суы да азайып, ыластанып, қиынқыстау жағдайда. Ірі өзендердің көпшілігі Сырдария, Жайық, Шу, Іле, Ертіс шет елдерден ластанып ағып келеді. Олардан келетін су мөлшерін бізге табиғаттан басқа шет мемлекеттер белгілейді, немесе олар мен жасасқан келісім-шартқа байланысты болады. Қазақстан Республикасының солтүстік аудандарында көлі көп, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарында мұздық көп, толық не жартылай республика жеріндегі өзендері бар. Сонда да болса судың жалпы қоры жеткіліксіз. Республика аумағы қуаншылық өлкеге жатады. Оның үстіне Арал теңізінің апатқа ұшырауы, Балқаш және басқа, әсіресе солтүстіктегі кіші көлдердің тартылуы, ірі көлдер деңгейінің төмендеуі су қорының азаюын көрсетеді.

Каспий теңізінің суы да біздің Республикамыз үшін өте қажетті объектілерге (қорына) жатады. Ол кейінгі кезде ірі мұнай-газ өндірісінің базасына айналып, табиғаты өзгере бастады.

Аспаннан түсетін жаңбыр мен қарда өндіріс қалдықтарымен (түйіндері) араласып, кейбір кездерде ащы жаңбыр, ащы (түстіде) қарға өзгеріп жауады.

Республикамызда жер астындағы су мөлшері шамамен 40 млд. жыл көліміне жетеді. Қазақстан Республикасында өзен, көл, мұздақтар, жер асты сулары барлық суға деген қажеттіктерді қамтамасыз өте алмайды. Сондықтан су тапшылығы пайда болады. Оның үстіне халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы сияқты өзекті мәселе де пайда болды. Оған себеп жоғарыда аталғандай сулардың ластануы болып тұр.

Су органдарының мәліметтеріне қарағанда су объектілеріне жыл сайын 5, 1 мың тонна органикалық заттар, 0, 2 мың мұнай өнімдері мен мындаған тонна металдар тасталады. Сондықтан да өзендер лас өзендерге айналады. Осындай өзендердің қатарына - Ертіс, Іле, Сырдария, Ертіс, Нұра, Елек өзендері жатады. 2 Республикамызда 3 млд. Артық адамдар (20, 9 %) суды арықтардан, бұлақтардан, өзендерден пайдаланады. Олардың сапа көрсеткіштері белгіленген сапа нормаларына сәйкес келмейді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау органдарының мәліметтеріне қарағанда сапасыз судан жер жүзінде 5 мл. Адам өледі екен. Біздің Республикада 9, 1 пайыз су санитарлық нормаларға сай келмейді. Су құбырларының Жамбыл облысында 87, 7, Павлодар облысында 57, 1, Шығыс Қазақстан облысында 55, 8, Батыс Қазақстан облысында 46, Қарағанды облысында 36 пайызы, Алматыда 50, Астанада 31, 2 осындай жағдайларда.

Қазақстан Республикасы Қоршаған органы қорғау министрлігі "2001-2002 жылдарға Ауыз суы" мемлекеттік бағдарлама жобасын жасап, Үкіметке ұсынған. Егер бұл Бағдарлама іске асса халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жолға қойылмақшы. Осындай жағдайларға байланысты және жалпы экологиялық жағдайдың нашарлауынан 80% аурудың, 20% адам өлімінің себебі лас судан болып отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" деген Қазақстан халқына жолдауына "Экологиялық нашар ахуал бүгіне адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланды. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады"- деп көрсетті.

Табиғатта су қоймалары (мүхит, Каспий сияқты теңіздер), олардың табаны, минералды заттары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі және басқа байлықтар бар. Егер мемлекет сондай су қоймаларының жағасында болса, континентті қайраң аумағында олардың жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдалану құқыгына ие бола алады.

Мемлекет аумағындағы табиғат байлықтары дүние жүзі немесе Жер шары байлықтарынын иемденген бір бөлігі болғандықтан, оларды табиғи ресурстар дейміз.

Экология құқығының объектілері - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіктеріне жүмсалатын табиғи ресурстар мен адамның экологиялық денсаулығы мен өмірі.

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына - мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты байлықтар жатады.

Қазақстан Республикасы аумағында 85 мыңға жуық өзен мен шағын өзендер бар, олардың ішіңде 8 мыңнан астам өзендердің әрбірінің үзындыгы 10 шақырымнан асады. Жер асты су қоры 40 млрд. м 3 жыл деп болжанылуда. Мүздықтардың көлемі 98, 4 км 3 -ге жетеді.

Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар мол екені аңғарылады. Олар халықтың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

1 тарау. Судың құқықтық ережелерінің жалпы сипаттамасы.

1. 1. Су қорының түсінігі және оның құрамы

Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта - адам өмірі мен денсаулығына қатысты әлеуметтік және экономикалық қажеттіктерді өтейді, оның байлығын дұрыс пайдалана білсе, ол сарқылмайтын игілік көзі болмақ. Бірақ, ол қоғам, мемлекет тарапынан әлемдік мәні бар жәйттерді ескере отырып, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қатынастарды реттеуді талап етеді. Бұл ретте қоғам табиғи байлықты ұтымды пайдалану, оның сапасын арттыру, жаңарту, табиғи ортаны бүгінгі және келешек үрпақтардың мүддесі үшін қорғау шараларын жүзеге асыруды міндеттейді.

Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды жүзеге асыру үшін көптеген жүмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ол - барлық басқа заңдардың түпнүсқасы. Қоршаған ортаны қорғау, Жер, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, Су, Орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды. Олардың нарықтық экономиканың өтпелі кезеңіндегі талаптарына сай қызмет ететін сапалық деңгейі қарастырылған.

Осы және басқа да экологиялық зандар қршаған ортаны қорғаудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеумен бірге, адамның денсаулығы мен өміріне экологиялық қолайлы жағдайлар жасауға, табиғатты жаңғыртуға, оны тиімді пайдалануға, қорғауға, тәртіпті нығайтуға және заңдылықты орындауға қызмет етеді.

Су - заңдық ұғым бойынша пайдалануы мемлекеттік-құқықтық жолмен реттеліп отыратын су ресурстарын (айдындарын) қамтиды. Су ресурстары - Республика аумағындағы жер беті және жер асты сулардың қорлары1.

Су қоры - Қазақстан Республикасында барлық суларды қамтиды: өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар, су қоймалары және басқа да жер бетіндегі су қорлары, сондай-ақ каналдар мен магистралды су құбырларының сулар, жер астындағы сулар, мұздықтар, сонымен қатар мемлекеттік шекара шегіндегі Каспий және Арал теңіздерінің сулары.

Осы аталғандардан-ақ судың орналасуына байланысты алдымен жер үсті және жер асты суларына бөлуге, сосын батпақтағы, каналдар мен магистральды су құбырларындағы, су қоймаларындағы, тоғандардағы, өзендердегі, көлдердегі суға, мұздықтарға бөлуге болады. Теңіз суларын да жеке су объектілері ретінде қарау орынды.

Суды шаруашылыққа, денсаулыққа, мәдени-тұрмыстық қажеттер үшін пайдалануға байлансты оларды - ауыз суы, тұрмыстық, көлік суы, ағаш ағызу, балық өсіру, курортты немесе шипалы су және балшық сулары деп бөлуге болады.

Су мемлекеттік мәртебесіне қарай - ішкі және шекаралық, аумақтық теңіз суына бөлінеді. Судың аталған түрлерінің құқықтық мәні бар. Сондықтан олар құқықтық жағдайы мен ережелерінің өзгешеліктерімен де ерекше сипатталады. Суды қорғау объектілеріне жоғарыда аталған су қорының су түрлері жатады.

Су пайдалану мемлекеттік-құқықтық жолмен реттеуге жататын суаттардың жиынтығын қамтитын заңдық ұғым. Суаттарға (су пайдалану) ағын сулар мен іркінді сулардың табиғи немесе жасанды жолмен жиналуы (өзен, көл, бөген, теңіз сулары т. б. ) жатады. Су ресурстарына - жер беті және жер асты суларының жиынтығы жатады.

Судың құқықтық ережелері мен оны қорғаудың түсінігін анықтап, оларға жалпы сипаттама беру үшін су заңдарының мақсатын анықтап алу қажет. Ол мыналардан тұрады:

  • суға мемлекеттік меншік құқығын сақтау;
  • халықтың, экономика салалары мен айналадағы табиғи ортаның мұқтаждары үшін суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
  • су қорларын ластанудан, сарқылудан қорғау;
  • судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеу;
  • су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру барысында реттелетін су қатынастарының ережелері су заңдарында жалпы және ерекше ережелерге бөлініп қаралады. Су заңдарындағы барлық ережелердің жиынтығы су құқығын құрайды.

Судың құқықтық ережелерінің жүйеге келтірілген жинағы - Қазақстан Республикасының Су кодексі. Онда су қатынастары, соның ішінде мемлекеттік суға меншік құқығы, суды пайдалану мен қорғау, есепке алу, басқару мен бақылау, басқа су қатынастарының мазмұнына қарай тарауларға, институттарға бөлінеді. Су пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері заңда ерекше орын алады. Су заңдарының ережелерін орындамау, бұзу, суды қорғамау, су пайдаланушылардың өз міндеттерін орындамауы салдарынан су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық пайда болады, су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық пен су дауларын шешу Су кодексінде тиісті орын алған.

Заң әдебиеттерінде экологиялық мәселені бірегей екі өзара байланысты аспекттер - табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау ретінде қарастырады2. Осы екі өзара байланысты қоғамның табиғатқа әсер ету нысандары негізгі мазмұнын құрайды. Сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайда табиғатка араласудың нәтижесіндегі жағымсыз салдарының зардап шешушісі ретінде адам, оның денсаулығы мен жағдайы болды.

Сондықтан да республика азаматтарының өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау экологиялық қауіпсіздіктің негізі болды, және ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық және фундаменталды компоненті болып саналады, халықаралық және интеграциялық процесстері кезіндегі елдің мүдделері мен басшылықтарын қорғауда негізгі аспект болып табылады. Осы міндеттердің заңды аспектілерін шешу экологиялық құқықка берілген және осы заңдылықтың интегралды актісі “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңы болып табылады.

Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ол - барлық басқа заңдардың түпнұсқасы. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, Жер, Жер қойнауы және жерқойнауын пайдалану, Су, Орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды. Олардың нарықтық экономиканың өтпелі кезеңіндегі талаптарына сай қызмет ететін сапалық деңгейі қарастырылған.

Осы және басқа да экологиялық заңдар экология құқығының мақсаттары мен міндеттерін белгілеумен бірге, адамның денсаулығы мен өміріне экологиялық қолайлы жағдайлар жасауға, табиғатты тиімді пайдалануға, қорғауға, тәртіпті нығайтуға және заңдылықты орындауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті қүқығын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғатты үтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.

Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де Қазақстан Республикасының құқықты актілерімен реттеледі3.

Ол заңдардың міндеттері:

адамның түруы үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету, табиғи қорларды ұтымды пайдалану, ұзақ мерзімге сақтау, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру мен жақсарту, оған шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпал жасауына жол бермеу мақсатында табиғи ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеу;

осы қоғамдық қатынастар саласында азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың құқықтарын қорғау;

табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын белгілеу;

әр алуан экологиялық жүйелер мен ландшафтарды, бірегей табиғи объектілерді және соларға байланысты мәдени мұраны сақтау;

қоғамдық қатынастардың осы саладағы заңдылық және қүқықтық тәртібін нығайту.

Осы аталған экологиялық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының мемлекеттік, қоғамдық ұжымдары мен азаматтардың табиғатты қорғау жөніндегі қызметімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік экология қызметі оның табиғатты қорғау шаралары жүйесінде қаралады. Олардың ішінде су ресурстарын есепке алу, бағалау, айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың экономикалық тетіктерін белгілеу (жоспарлау, қаржыландыру, ақы төлеу т. б. ), экологиялық заң актілерін қабылдау және оларды қолдану, осы су ресурстарын қорғау саласында басқару мен бақылау, сараптама жүргізу, ғылыми зерттеу қызметтерін ұйымдастыру, экологиялық кадрлар даярлау, білім, тәрбие беру және бұл салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ерекше орын алады.

Қоршаған ортаның қолайлы жағын анықтап, оны сауықтыруды қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы да тиімді қызметін ұйымдастыру үшін республикалық мемлекеттік экологиялық бағдарламасы, облыстардың, қалалар мен аудандардың экологиялық бағдарламалары әзірленіп жүзеге асырылады.

Экология құқығының негізгі тақырыбы су ресурстарын тиімді пайдалану, молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып табылады. Ол қатынастар белгілі бір принциптерде жүзеге асырылады. Бұл ретте табиғат қорларын пайдалануды оны қорғаудан, табиғатты қорғауды оны пайдаланудан бөліп алып қарауға болмайды. Бірақ, кейде табиғат қорларының объектілерін пайдаланудың, жаңғыртудың немесе қорғаудың басымдылығы да болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы - тәуелсіз үлттық мемлекет, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі. Сол себепті ол экологияны құқықтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысып, айналадағы табиғи ортаны қүқықтық қорғаудың халықаралық мәселелерін шешуге атсалысады. Халықаралық экологиялық заң актілерін қолдап, оны дамытуға қатысады. Өзінің экологиялық заң актілерінің халықаралық заң актілеріне қайшы келмеуін, өз аумағындағы шаруашылық және басқа қызметтердің басқа елдерге зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз етеді4.

1. 2. Су құқықтық қатынастары және олардың

объектілері мен субъектілері.

Табиғатта су қоймалары (мүхит, Каспий сияқты теңіздер), олардың табаны, минералды заттары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі және басқа байлықтар бар. Егер мемлекет сондай су қоймаларының жағасында болса, континентті қайраң аумағында олардың жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығына ие бола алады.

Мемлекет аумағындағы табиғат байлықтары дүние жүзі немесе Жер шары байлықтарынын иемденген бір бөлігі болғандықтан, оларды табиғи ресурстар дейміз.

Экология құқығының объектілері - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіктеріне жүмсалатын табиғи ресурстар мен адамның экологиялық денсаулығы мен өмірі.

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына - мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты байлықтар жатады.

Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар мол екені аңғарылады. Олар халықтың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылады,

"Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңында құқықтық реттеуге жататын жоғарыда көрсетілген табиғи ресурстардың түрлері аталған. Солардың ішінде жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғи қорықтар, жердің климаты мен озон қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа, табиғи экологиялық жүйелер мен биосфераның құрамдас бөлігі ретінде өзге де табиғи объектілер бар.

Құқықтық қорғалуға тиісті объектінің ерекше түріне адамның денсаулығы мен өмірі де жатады. Адамның денсаулығы мен өміріне айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуы, шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпалына жол бермеу сияқты экологиялық қатынастар экология құқығының объектісі бола алады.

Аталған табиғат объектілері мемлекет меншігіне айналған және оған жатпайтын объектілер болып бөлінеді. Мемлекет меншігіне жататындар - жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі. Олардың ішінде кешенді табиғат объектілері де табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ландшафтар, үлттық парктер және табиғат ескерткіштері бар. Жер жеке меншікте болуы мүмкін. Жердің климаты, озонды қабаты, атмосфералық ауа, биосфераның қүрамдас бөліктері табиғат объектілері болғанымен, меншік объектісі емес.

Табиғат қорларына зандарда құқықтық мәні бар қосымша нысандар беріледі. Мысалы, жер қорғалатын табиғат объектісі оның жоғарғы қабаты, құнарлы топырағы және теңіздердің, көдцердің, өзевдердің табандары жатады. Жер қойнауына шаруашылыққа пайдаланатын табиғи ортаның бір бөлігі - жер асты мен пайдалы қазбалары жатады. Су көзіне - жер үстіндегі және жер астындағы сулар мен табиғи мүздақтар, ормандарға табиғи ағаштар мен бүталы алқаптар жатады.

Табиғи ресурстар қалпына келетін, жаңартылатын, қалпына келмейтін, жаңартылмайтын, сарқылатын, сарқылмайтын түрлерге бөлінеді. Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оны қорғау экологиялық қүқықтың негізі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйелік қызметтердің экономикалық құндылығын бағалау
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Орман қорын құқықтық қорғау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Жер мониторингі мәліметтерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz