Экологияның дамуы



І.Кіріспе
Экология деген не?
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экологияның қысқаша дамуы
2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары
3. Экологияны дұрыс қорғай білейік
4. Экологиялық факторлар
5. Экологиялық факторлардың организмге әсері
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.
20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.
1. Ағдарбеков Т., «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, 2003ж.
2. Ашитов З.О., «Қазақстан Республикасының құқық негіздері» Алматы, 2003ж.
3. Маймақов Ғ., «Қазақстан Республикасының саяси құқық тарихы»
Алматы, 2000ж

Жоспар

І.Кіріспе
Экология деген не?
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экологияның қысқаша дамуы
2. ХХІ ғасырдың күн тәртібінің негізгі бағыттары
3. Экологияны дұрыс қорғай білейік
4. Экологиялық факторлар
5. Экологиялық факторлардың организмге әсері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Экология деген не?
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің
қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ
организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің –
популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның
ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология
терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып,
көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында
ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың,
организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.
20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың
арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік
арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен
адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның
ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен
энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында
зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады
және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық
дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға
да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен
салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан
әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым
салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі
ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама
беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына
қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде
организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі
биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін,
өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін
минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік
мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін
ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың
негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы
жатыр.

Экологияның қысқаша дамуы
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының
барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен
демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің
нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні –
табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде
қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі
Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау
мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын
алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму
заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат
қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және
әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды.
Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік
бағыттылығы өзгеруі тиіс.

ХХІ ғасырдың күн тәртібінің негізгі бағыттары
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы Біздің
жалпы болашағымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда
экономикалық дәуірге аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет тұрақты даму концепциясы ұсынылды.
Тұрақты даму дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете
отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп
туғызбайтын даму деп түсіну керек. Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға
алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық (БҰҰ
материалынан).
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның
қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы Тұрақты даму
концепциясын және ХХІ ғасырдың күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасын
қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз
ететін жалпы мәселелер қарастырылған.
Кедейлікпен күрес Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың
миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем
адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету;
кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту;
еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен
тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық
демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап
етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының
себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті
минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық
пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5
миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8
миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған
ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау
саласындағы стратегиялық міндеттер:
- СПИД-пен күреске жұмылдыру;
- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
- бала өлімін кеміту;
- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
- еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын
анықтауға құқығын қамтамасыз ету;
- халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;
- балалардың денсаулығын қорғау;
- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын
алу.
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің
халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық
малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің
60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде
бірдей.
Атмосфераны қорғау Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі –
энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану Топырақтардың құнарлылығы су және жел
эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді.
Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі;
ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны
қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда
маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған
ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі
мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл
процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының
деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады.
Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану Теңіз суының ластануының шамамен
70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл
шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен
былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар
мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды
экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі
міндеттер шешілуі тиіс:
- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне
40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін
анықтап, жүзеге асыру;
- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен
қамтамасыз ету.
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар
бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар.
Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі
уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы
келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен
шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік экология ғылымының зерттеу обьектілері
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Экологияның қалыптасуы және даму тарихы
Экологияның қалыптасуы мен дамуы
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар
Экология түрлері
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Пәндер