Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі



1. Кіріспе бөлім.
Ұжымның қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы

І Тарау
2. Негізгі бөлім.
1.1. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір . бірімен сабақтастығы.
1.2. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс . әрекетін мен қарым . қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері

ІІ Тарау
2.1. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиет . сапалары

2.2.Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі

3. Қорытынды бөлім.
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқшылармен және қоқушылардың бір – бірімен дұрыс өзара қарым – қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым – қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барыындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:
1. Мұғалім іс - әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механзмдерінің обьектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.
М. Көпжанова. Оқушылардың коастан тыс жұмыстарында колективизмге тәрбиелеу. Алматы 1978ж
2. В.А. Сухомлинский. Колективтің құдіретті күші. Алматы. 1979ж.
3. В.А. Сухомлинский. Методика воспитание колектива. Москва. 1981ж
4. Я.Л. Коломенский. Психология детского колектива. 1984 ж. Минск.
5. Ж.Б. Қоянбаев.
Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана 1998ж.
6. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі

Жоспары.
1. Кіріспе бөлім.
Ұжымның қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы

І Тарау
2. Негізгі бөлім.
1.1. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір – бірімен сабақтастығы.
1.2. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс - әрекетін мен қарым –
қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері

ІІ Тарау
2.1. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби
маңызды қасиет – сапалары

2.2.Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі

3. Қорытынды бөлім.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам
жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі фориасы. Жеке тұлғаның
дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан- жақты
даму мүмкіндігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас
бостандығы болуы басты шарт болып табылады.Балалар ұжымын
ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір
сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымды ортақ іс - әрекетінің түрлеріне қарай
ажыратады.Мысалы, кәсіпщіл ұжымдар ( өндіріс, щығармашылық, әскери ,оқу
орындары ) , қоғамдық ұйымдар (партиялар ,халық конгресі , бірлестіктер)
ерікті қоғамдар (ғылыми ,ғылыми – насихат) , өз әрекетімен істейтін
ұжымдар (көркемөнерпаздар) және т. б. Осы ұжымдарда адамдардың
шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету,
қоғамның дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық
шауашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық
принциптерінің негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен
өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден – бір құралына
айналады.Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін ,
жасампаздығын, күш – қуат мәдениетін , ойын ұйымдастырудың ең тиімді
құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және
халық ағарту орындарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К.
Крупская, А.С. Макаренко, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский
аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі
жағдайы ұжым болады деді.Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек,
ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл қоғамдық мүддені жоғары
санайтын болуы тиіс.Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжвм
деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым
– қатынастарына үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және
жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті.Ол
балалар қозғалысына байланысты бір сыпыра мәселелерді атап көрсетті.
Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері,
өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым
мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жекеадам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын яғни белгілерін
көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі жеке адам ұжымнан тыс
дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа еңбеке және еңбекті ұйымдастұруға
біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері –
ұыйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым
контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың
бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым –
факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың
Комунар әдісі игі әсер етуде. Комунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын
бейнесін ұыймдастыру. Онда барлығы өнегелік принципне шығармашылыққа
негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық
жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекерттері, ұжымдық талқылау,
шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың
Колектившілерді тәрбиелеу атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым – бұл көздеген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терен ойлары бір сыпыра ғылыми еңбектерінде Мудрая власьт
колектива, Колективтің құдретті күші т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі
тәрбие құралы болады. Балалармен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-
қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомленскидің қарым-қатынас
жағдайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек,
ынтымақтастық балалармен қармым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды.
Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми
әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қалыптатыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы
– бұл іс-әрекетімен бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған
тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өз-ара байланысты оқушылар
ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы,
клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. бұлардың барлығын
бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
ұжымылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас
байланстылығын көрсетеді.
Адам ұжымында өз күшінің, өз қабілетін керек екенің түсінеді.
Сондықтан оларды үнемі дамытып жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту
және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастырылуына байланысты. Қорыта
айтқанда ұжым – тәрбиенің маңызды құралы.
Ұжымның даму кезеңдері, және олардың бір-бірімен сабақтастығы.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған
А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің
мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты
ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ
сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды.Талап іс- әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты
міндеттер.Талап қою балаларды мінез – құлық нормасына үйрету,
әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек
кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайда бастауыш сыныптарда және әр
мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы
мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс - әрекетінде белсенді, ынталы,
оқушыларға сүйену керек.Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді
жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен
мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған
жөн:
- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау
- ұжым іс - әрекетінің дамуы;
- жеке адам арасындағы қарым – қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық
іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс - әрекеттеріне
қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасацтын құралға
айналдыру.
А.С. Мокоренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды
тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін -өзі басқаруға, яғни сынып
жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына
көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы
зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық
еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс -
әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі --- коммуникативті яғни балалармен байланыс
жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы
міндеттерді орындауға барлық оқушылардың күш қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принціпті
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең --- бұдан былай белсенді топтың және ұжым ( сынып)
іс - әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі
деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір
пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі.Ұжым өмірәінде,
оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық,
гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір - біріне
ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға
дайын тұру, мінез құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты
болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым
мүшелерінің талаптарды, пеікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті
ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар хайындағы пікірлерді мақұлдайды
немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялық,
әрекеттілік - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды
мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау.
Осыған орай, А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын,
орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пйда болып жеке адамда әр-
түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтұру, Егер балалар алдында қуаншты,
қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С.Макаренко адам
өмірін шын ынталандыруды ертенгі қуаныш - деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және
көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива – бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын
өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және
этикалық тақырыптарға пікір талас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған
оқиға оқушылар үшін өте қунышты болады.
Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ
мерзімде орындауға талаптану мақсаты қашық перспективаға келешек мамандықты
таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс
істеуге тілек белдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу
жатады.
Қоғам адамдары қаық перспектива арқылы мүмкіндігіне ұжымға, отанға
пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және олрта перспективалармен
мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда
әрбір мұғалімнің міндеттері; біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың,
мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас
ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың
сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақта, ықпалды және
тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға
болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олемпиадалар, соңғы қоңырау,
артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер
үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен
күтуге үйрену, ұжым абройы үшін күресу.
Дәстүр – бұл тарихи қалыптасқан, бір буннан екінші буынға беріліп
отыратын қоғамдық өмірдегі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің функциялары
Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың тиімділігі
Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылар ұжымын диагностикалау
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде.Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Мұғалім мен балалардың педагогикалық процестегі ынтымақтастығы
Дүниетану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Пәндер