Автоматты бөлшектеу және жинақтау


АВТОМАТТЫ БӨЛШЕКТЕУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ
Елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қазақстан Республикасы Қарулыкүштеріне дген құрметті, батылдыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу.
Автоматты толық емес бөлектеу мен жинақтауды үйрету және оған қабілеттілігін арттыру, дамыту.
Көрнекті құралдар:
1. Плака «Калашников автоматы»
2. Калашников автоматы.
А. Калашников автоматын қашан, кім шығарған және оның арналуы.
Б. Автоматтың негізгі бөліктері мен мехнизмдері.
Автоматты толық емес бөлектеу тәртібі.
Оқжатарды бөлектеу. Автоматты сол қолымен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төмеңгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.
Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төмеңге түсіріледі, оны «АВ» (автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады.
Жабдықтардың пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағы мен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады, пеналды ашып, одан сұрткішті тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.
Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдн тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.
Автоматтан-ұңғылық тежеуіш компенсторын бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың орнықтырғышы батырылады.
Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш-компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.
Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолымен дұмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпақшаны алады.
Қайтармалы механизмді бөліп алу.
Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы
Механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады, бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауыныңарнасынан шығарады.
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу.
Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады, оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
Ұңқылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу.
Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналлын газ түтігі тұйықталғышының шығығқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді жапқышты өзінен тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.
Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолменгаз түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңқы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады:тұйықталғышты оның орнықтырғышты көздеу қалыбының ойына кіргенше бұйырады.
Бекітпені бекітпе жқтауына қосу.
Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса, бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңқы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауларын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
Қайтармалы механизмді қосу.
Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
Ұңғы қорбының қақпағын қосу.
Шүрітпені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою.
Атқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді
Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды қосу.
Сүмбіні қосу.
Пеналды дүм ұясына салу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz