Тәуелсіз елім – тірегім


1. Тарихи шолу
а) Тәуелсіздік жолында
ә) Желтоқсан жаңғырығы
2. Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.

1-оқушы. ХV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес қазақ хандығын құрды.
2-оқушы. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі ХVI-XVIII ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы болды.
3-оқушы. 1723 жылы қаннен-қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние-мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір-шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қырылды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Тәуелсіз елім – тірегім

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім
Мақсаты:
1. Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен,
қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей,
қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және
еңбек етуге баулу.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Тәуелсіздік – тұғырым атты қабырға газеті, лозунгі,
Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,
плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.
Сабақ түрі: Әдеби-көркем монтаж.
Әдісі: Топпен жұмыс.
Жоспар: 1. Тарихи шолу
а) Тәуелсіздік жолында
ә) Желтоқсан жаңғырығы
2. Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Музыкалық сәлемдесу. Сабаққа әзірлеу.

Мұғалім: Бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан
Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіз елім – тірегім.
Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік
әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік
халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің
тарихи нәтижесі.

1-оқушы. ХV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни
Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек
сұлтандардың басқаруымен дербес қазақ хандығын құрды.
2-оқушы. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар
көбейді. Ең қатерлісі ХVI-XVIII ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы
болды.
3-оқушы. 1723 жылы қаннен-қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан
шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние-
мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария
кемпір-шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының
бұл босуы тарихта Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама деген атпен қалды.
Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы
қырылды.

Ән: Елім-ай

4-оқушы. Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы
Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян
батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар қазақ халқын қазақтың ханы –
Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық
азат етті.
5-оқушы. XVIII ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек
қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар
хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар,
казак орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болды.
7-оқушы. Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр
бастаған қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының
құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.
8-оқушы. Ресей империясының отаршылдық және орыстандыру саясатына қарсы
қазақ халқы сан рет ұлт-азаттық көтеріліске шықты.
9-оқушы. XІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Жанқожа батыр бастаған қазақтардың
Хиуа, Қоқан хандардың езгісіне қарсы күресі.
10-оқушы. 1870 жылы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.
11-оқушы. 1783-1797 жылдары Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісі.
12-оқушы. 1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
басқарған шаруалар көтерілісі.
13-оқушы. 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық
көтеріліс.
14-оқушы. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазан
төңкерістері болды. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырап,
адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни халқымыздың 19
пайызы апат болды. 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.
15-оқушы. 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта 2 млн. 100 мың қазақ қырылды.
16-оқушы. 1937-1938 жылдардағы репрессияда қазақ халқының қаншама аяулы
азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім
деп жүріп халық жауы аталып айыпталды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың
саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

17-оқушы. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18
минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр
басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий
Колбин сайланды. Бұл, әрине, қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі
Желтоқсан оқиғасын туғызды.
18-оқушы. Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров
былай деп жырлайды:
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Қақаған күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
Омондар бастан тепкен күн,
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір дауа
Ер қайрат қыршын кеткен күн.

Ән: Қара бауыр қасқалдақ

19-оқушы. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-
қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264
адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік
партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17
желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің
жарлығымен ақталды.
20-оқушы. Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-
апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Туған елім, тірегім ( әдістемелік құрал )
Тіл-менің тірегім
Менің елім — менің Қазақстаным
Киелі жерім - қасиетті елім
«Елім-ай!» – ұрпақтың ұмытылмас өнегесі
Менің елім – Қазақтан
М. Макатаев шағырмашылығы Елім барда
Егеменді және тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь