ЖЫР-ТОЛҒАУЛАРДАҒЫ АЛЛА СИПАТТАРЫ МЕН МАХАББАТ МӘСЕЛЕСІ



1. Жыр толғаулардағы Алла сипаты
2. Кун фаякун
3. Фақыр
4. Пікір
Түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқындағы сөз өнерінің даму тарихы Ислам дінінің кеңінен таралып, рухани ілімді барынша меңгерген ғұламалардың шығуымен тікелей байланысты. Көшпенді халықтардың жойылмай сақталып қалған мұраларының осы сипаттағы еңбектер екені мәлім. Ежелгі жәдігерлерді байыптап қарап отыратын болсақ, олардың көбінесе жалғыз Жаратушыға мінәжат, Аллаға мадақ сарынында, яғни Алланың есімдерін, сипаттарын құрметтеп ауызға алып, соған жыр арнайтынын аңғарамыз. Бұл кезінде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметінен» басталды да, Алтайдан Анадолыға дейін жайлаған түркі халықтарының арасында барынша шапшаңдықпен таралуға жол ашты. Одан басқа Жүсіп Баласағұн, Хорезми, Сүлеймен Бақырғани, аталғандармен жалғас жатқан жыраулық үрдіс, хикмет дәстүрлері мен ақындардың байланысы тұрғысынан өрбиді.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде Алланың сипаттары көп еске алынады. Бұл жолдың өзі - Алланың «жамал» сипатына ғашықтық жолы. Сондықтан ол хикметін Құдайдың дидарын талап етушілерге, яғни дидар талаптарға арнайды. Бұл жерде дидар – Алланың жамал сипаты. Сонымен бірге ұлы әулие Рахман, Рахим сипатын тілге тиек ету арқылы Алланың шексіз мейірімінен үміт етеді, Ғафур, Ғаффар сипаттары арқылы кешірім тілеп, жаралы жүректің шынайы тебіренісінен хабардар етеді. Хай сипатының аясында қарайған жүректерді ағартып, өлген жүректі тірілту сырына көз жеткізеді:
«Хақ жаратқан - бір Алланың жанабына ұш,
Лағин шайтан жолдарынан қайтың, достар,
Ықыласпен махаббаттың шарабын іш
Жан-жүрекпен Хай зікірін айтың, достар» [1, 17].
Бұлардың барлығы Алла мен адам арасындағы байланысты, Алланың ұлықтығын, шексіздігін, адамның дәрменсіздігін, шарасыздығын мойындатып көрсетуде, иман кемелдігін осы тұрғыда толықтырудың қажеттігін танытуда жатыр. Бұл мұралардың өміршеңдігі - қазақ халқының арасындағы Ясауи бабадан кейінгі рухани кемелдікті, дінді жырлаған жыршы, жыраулардың теңдессіз еңбегімен тоғысында. Бүгінгі күнге дейін Құдайдың барлығын, бірлігін танып, оның сипаттарын жырларына арқау еткен сөз иелері өмір сүріп келді. Қазіргі кезде де олар жағып кеткен шырақ әлі өшкен жоқ, халықты имандылыққа тәрбиелеудің күшті құралы ретінде кең қолданылып келеді.
1. Әулиелер әуезі (Шығыс данышпан, әулие-ақындарының жырларының тәржімасы). Көркемдеп аударған С.Нұржан. – Алматы: «Эффект», 2009. -88б.
2. Майлықожа. Шығармалар. Құрастырған Ә. Оспанұлы. -Алматы, 2005. -869б.
3. Сейітжан ақын мен Жорықбай жырау: Өлең, толғау, арнаулар. -Алматы: Арыс, 2006. -104 бет.
4. Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Алматы, 2008.
5. Ойнарова Н. Нұртуғанның термесі. Біссімілла деп жаздым хат. Жүрек тазалығы. CD – диск.
6. Қыраубайқызы Алма. Ежелгі әдебиет. - Алматы, Қазақ университеті, 1999.
7. Әліпхан М. Қ.А.Ясауи хикметтерінің адамгершілік іліміне қатысы // Қожа Ясауи мұраларының бүгінгі таңдағы зерттелу көрінісі. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. - Алматы: Арыс, 2008. - 405 бет.
8. Тіл таңбалы Адайдың ақындары. 2-кітап. (ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан ХХ ғасырдың кеңестік дәуіріне дейін дүниеге келген Маңғыстау ақын-жырауларының шығармалары.) - Алматы: Жазушы, 2006. -608б.
9. Мәшһүр Жүсіп. 30 томдық таңдамалы шығармалары. 12-том. - Алматы, Ел-шежіре, 2008.
10. Қолжазба материалдарынан алынды.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖЫР-ТОЛҒАУЛАРДАҒЫ АЛЛА СИПАТТАРЫ МЕН МАХАББАТ МӘСЕЛЕСІ

Түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқындағы сөз өнерінің даму тарихы
Ислам дінінің кеңінен таралып, рухани ілімді барынша меңгерген ғұламалардың
шығуымен тікелей байланысты. Көшпенді халықтардың жойылмай сақталып қалған
мұраларының осы сипаттағы еңбектер екені мәлім. Ежелгі жәдігерлерді
байыптап қарап отыратын болсақ, олардың көбінесе жалғыз Жаратушыға мінәжат,
Аллаға мадақ сарынында, яғни Алланың есімдерін, сипаттарын құрметтеп ауызға
алып, соған жыр арнайтынын аңғарамыз. Бұл кезінде Қожа Ахмет Ясауидің
Диуани хикметінен басталды да, Алтайдан Анадолыға дейін жайлаған түркі
халықтарының арасында барынша шапшаңдықпен таралуға жол ашты. Одан басқа
Жүсіп Баласағұн, Хорезми, Сүлеймен Бақырғани, аталғандармен жалғас жатқан
жыраулық үрдіс, хикмет дәстүрлері мен ақындардың байланысы тұрғысынан
өрбиді.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде Алланың сипаттары көп еске алынады. Бұл
жолдың өзі - Алланың жамал сипатына ғашықтық жолы. Сондықтан ол хикметін
Құдайдың дидарын талап етушілерге, яғни дидар талаптарға арнайды. Бұл жерде
дидар – Алланың жамал сипаты. Сонымен бірге ұлы әулие Рахман, Рахим сипатын
тілге тиек ету арқылы Алланың шексіз мейірімінен үміт етеді, Ғафур, Ғаффар
сипаттары арқылы кешірім тілеп, жаралы жүректің шынайы тебіренісінен
хабардар етеді. Хай сипатының аясында қарайған жүректерді ағартып, өлген
жүректі тірілту сырына көз жеткізеді:
Хақ жаратқан - бір Алланың жанабына ұш,
Лағин шайтан жолдарынан қайтың, достар,
Ықыласпен махаббаттың шарабын іш
Жан-жүрекпен Хай зікірін айтың, достар [1, 17].
Бұлардың барлығы Алла мен адам арасындағы байланысты, Алланың
ұлықтығын, шексіздігін, адамның дәрменсіздігін, шарасыздығын мойындатып
көрсетуде, иман кемелдігін осы тұрғыда толықтырудың қажеттігін танытуда
жатыр. Бұл мұралардың өміршеңдігі - қазақ халқының арасындағы Ясауи бабадан
кейінгі рухани кемелдікті, дінді жырлаған жыршы, жыраулардың теңдессіз
еңбегімен тоғысында. Бүгінгі күнге дейін Құдайдың барлығын, бірлігін танып,
оның сипаттарын жырларына арқау еткен сөз иелері өмір сүріп келді. Қазіргі
кезде де олар жағып кеткен шырақ әлі өшкен жоқ, халықты имандылыққа
тәрбиелеудің күшті құралы ретінде кең қолданылып келеді.
Солардың бірі Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Оның дін тақырындағы бес жүз
жолға жуық көлемді құрайтын он бірдей шығарма, атап айтқанда, Алланың
соққан имараты, Ақиқат жолға кірсеңіз, Алал, арам деген бар, Дүниеге
көңілім сүйінесің, Алал дінің иман-дүр, Он сегіз мың әлем халық,
Жаратқан Құдай пендесін, Иман таппақ – шын дәулет, Тіліме жат алайын
бісмілләні, Өнермен өзің берген жыр-толғауларын алып қарастыратын
болсақ, өзінің ұлы да ұлағатты ұстазы Қожа Ахмет Ясауи жазып қалдырған
Диуани хикмет уағыздайтын қанағатшылдық, адалдық, әділдік,
кішіпейілділік, ақиқатшылдық, әдептілік, төзімділік секілді жоғары
адамгершілік мұраттарын жырлаумен ерекшеленеді [2, 10-11].
Бұлардан ол кісінің ислам дінінің тарихын, пәлсапасын терең
білетіндігін ғана емес, сонымен қатар оларды адамның күнделікті өмір-
тіршілігімен шебер астастыра отырып пайымдайтыны танылады. Мәселен, ақын
білігінше Алла бейнесінде алынған табиғат тұрпаты, оның жасампаз қуаты:
Алланың соққан имараты
Өле-өлгенше шыдайды,
Адам соққан имарат
Аз пұрсатта құлайды [2, 523], - деген қалыпта керемет тереңдікпен
танылады.
Майлықожа шығармаларында халықтық дүниетаныммен сабақтасып жатқан,
мұсылмандық ойлау формасымен барынша қабысқан сакральды сипат – Алла
есімімен іс жасау, яғни жырға бісміллә айтып кірісу үрдісі қалыптасқан.
Бұл Майлықожамен тұрғылас ғұмыр кешкен, сөз ұстаған көрнекті жыраулардың да
шығармашылығына тән құбылыс. Қазақ топырағындағы қабырғалы тұлғалардың бір
де бірі осы сара жолдан жаңылыс кетпеген.
Бісміллә деп бір Алла
Бере ме жыласақ тілекті.
Өкіміңізге разымыз
Қуантқай біздің жүректі.
Майлықожа есімнің арабша тұлғасын қолданған. Бисмилләһир –
тұлғасының қазақша түсіндірмесі Алланың атымен дегенді білдіреді.
Бісмілләмен бастап, Алланың ұлық есімін жад етуден кейін, дін парыздарын
насихат етуге ниет етіп, Жаратушының дүниеге қойған жолын ашықтап
түсіндіруге ынта қойған ақын басқа толғауларында:
Бісміллә деп бастайын,
Бір Алланың өзінен
Басқа сөзді қоспайын,
Тумақ – сүндет, өлмек – хақ
Адам ата әзелден
Мұнда Алла есімі істің дұрыс жүзеге асуына кепіл, Құдайдың атымен
басталмаған жұмыстың жетекшісі – шайтан. Сондықтан адал мен арамның
арасындағы алшақтық бір нәрсенің Алланың есімімен басталғандығына немесе
басталғанына қатысты. Еске тұтарлық және бір жайт, дүние де Алла есімі
айтылған кезде жаралған:
Бісміллә дедім, ия Алла,
Екі әріп кәп пен нун болды,
Кәп пенен нун қосылса,
Оқымаққа күн болды [2, 522]

Кәп пен Нун әріптері Кун деген мағынада қолданылған.
Кун фаякун ( (ﻜﻥ ﻓﮑﻭﻥ- Құдай тағаланың Бол! деген әмірімен барлық
ғалам пайда болғандығын көрсетеді. Исламдағы он сегіз мың ғаламның
жаратылыс себебі осыдан басталады.
Алланың есімімен жыр бастау ойдың дұрыс өрілуіне, тілдің тереңнен
қозғауына, жалпы айтқанда мағыналы мұра қалдыруға басты себеп. Бұған біздің
өз тарабымыздан келтіретін пікіріміз Майлықожа шайыр да осы сүрлеу-соқпақты
шабытының қуатымен жаңғыртты, Алла есімінің киелілігін, қадірлілігін
ұқтыруға талпынды. Оның жырларындағы Алла Тағаланың есімі – медет, жәрдем
сұраудың кілті:
Мәдет тілеп сөйлейін,
Атын айтып Алланың.
Алладан медет жетілсе,
Көңілде қалмас арманың.
Медет, мінәжат, зікір – пенденің Алла тағалаға мұңын, зарын жеткізіп,
одан көмек сұрауына басты жол. Адам бұл дүниеде рухани күйзеліске ұшырап,
жанына азап келсе, бұл қиындықтан ол Иесінен пана тілеуі арқылы ғана шыға
алады. Көңілі жарым, міскін, бейшара қалыпта ұстап, дүниенің алдамшы
тірлігіне бой бермеген құлдар халін сопылық ілімде пақырлық деп атайды.
Фақыр (ﻓﻘﻴﺭ) – діни мағынасында Құдайдың ризалығын табу үшін дүниеден
безініп, қатты азап, жоқшылық тартқан адамдар. Хәл ілімінің негізгі
тіректерінің бірі – пақырлық мақамы. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде
жағымды хәлдердің қатары махаббат (ғашықтық) пақырлық, батылдық, төзімділік
және т.с. болып жалғасып кете береді. Ал адам пақырлығын шынайы сипаттап
көрсетуде мінәжат, тахлил түрінде келетін өлең-жырлар айрықша маңызға
ие.
Алла – мінсіз, Алла жер дүниедегі барлық айыптардан таза. Оның пәктігі
ойға келетін қандай да пәктіктен де таза. Бұл қағида иманның ең негізгі
мызғымас тірегі.

Бейайып Алла бір өзі,
Бенделер момын білуді,
Ажал келсе бендесі
Терең орға жығылды

Алла, Тәңір, Ие, Тәңір-ие, Жаратқан, Хақ, Хақ-жаратқан, Жаббар-құдай,
Жаппар-хақ, Ұлық-Алла, Әмір, Алла-халиф, Жан ие, Пәруардигар, Жалал
атаулары діни дүниетанымдағы Алла бейнесінің алатын орнын көрсетеді.
Алланың әрбір атауында Алланың бір-бір сипаты берілген (Жалпы діни аялық
білімде Алланың тоқсан тоғыз есімі бар делінеді). Біз Майлықожа ақын
шығармаларындағы Алла сипаттарын төмендегідей ретте келтіргенді қажет деп
таптық.
Хақ – Алланың ақиқаттығын сипаттайды. Хақ – шын, ақиқат, рас деген
мағынаны білдіреді. Олай болса:
Кешіргейсің, Жаппар Хақ,
Алдамастан момынды.
Айтып жүрсем шынымды!

Жаратып ең пенде ғып.

Білесің өзің сырымды.
Жаппар (ﺍﻟﺠﺒﺎﺭ) - Алланың бәрінен ұлылығын, жоғарылығын білдіретін
сипаты.
Халиқ (ﺍﻟﺨﺎﻟﻕ) – Жаратушы дегенді білдіретін Алланың сипаты.

Көрінгенін молдалар
Кітапқа қарап айтады.

Саһар уақыт болғанда
Пәленің бәрі қайтады,
Көңілінде Құдай жоқ адам
Күн шыққанша жатады,
Күн шыққанша жатқан соң,
Сайтанға дінін сатады!
Тағат қылған пендесі
Сауапқа ақыр батады.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы,
Бір Алладан басқаның
Көп дүр қылған айыбы! [2, 36]

Алал, арам деген бар
Ажырап тұрған екі парық,
Жақсысын нәсіп еткейсің
Жаратқан егем Жаппар Хақ!
Үмбетім! дей көр Мұхаммет
Қатерлі жолда жатыр халық [2, 525]

Бір даусыз дерек, өткен ғасырларда өмір кешкен, Қазақстанның Батыс
аймағындағы біртума жыраулық мектептің көшбасшылары болған Нұрым жырау
Шыршығұлұлы мен Аралбай Оңғарбекұлы толғауларында да осы ұқсастық
ұшырасады:
Жасаған-Жаббар – Жан ие.
Жақсылыққа – жамандық,
Болмағай жақсы – рия.
Оңғарғай тізгініңді Жаббар-Құдай. (Нұрым Шыршығұлұлы)
Жаппар Хаққа жағарсың,
Зікір етіп зарласаң. (Аралбай Оңғарбекұлы)

Әмір – Алланың 18 мың ғаламға әмірін жүргізуі (Жұмла жан не бол десе,
сол болады). Оған қатысты:
Алладан әмір болған соң
Алтыннан терек құлаған.
Моллаларды көргенде
Шариғат сөзін сұраған.

Тәңір, Тәңір-ие, Ие – Алланың бүкіл ғаламның иесі екендігін білдіреді.
Жүрсе жұрттың көркі еді,
Басында алтын бөркі еді,
Ылаж бар ма Тәңірге
Халықты бастар серке еді.
Сөздің басы – бісміллә,
Бісмілләсіз іс қылма,
Мүлік егесі бір Құдай,
Дүниенің пәндә ышқында [2, 523].

Жаратты барша халықты бір Құдайым,
Жалғыз жанын қылады жұрт уайым.
Адам қылған имарат демде тозар,
Алланың бұзылмайды мүлкі дәйім

Зұлжалал
Сөйлесем медет бергін, я, Зұлжалал,
Бермесең өзің медет менде жоқ хал,
Қолдай көр құдіретіңмен Жаппар Кәрім
Тікенге гүл беріп ең, зәһәрге – бал
Зұлжалал (ﺍﻟﺟﻼﻝ) – Құдіретті деген Алла сипаты.
Алланың құдіретінде шек жоқ, Ол қаласа, барлығы да болады. Ислам
қағидасы бойынша Алла Тағаланың дүниеге қойған құдіреті мен әдеті бар.
Құдіреті қара тастан гүл шығарып, аспан мен жерді еш тіреусіз жаратқандығы.
Әдеті – жыл мезгілдерін кезегімен ауыстыруы. Бұл істердің барлығы оның
өзінен басқа ешкімнің де күші жетпек емес. Алла Тағаланың осы сипаттары
басқа ақын-жыраулар сияқты Майлықожа шығармаларынан да берік орын алған:
Тілеймін сенен медет сол себептен,
Халық қылдың қанша адамды құдіретпен,
Құдірет, жәрдем берсең тіл-жағыма,
Әзізді баяндайын ілгері өткен
Дүниенің жаратылысы туралы толғамдардың Алланы танумен байланысты
құрылуы адамзатты ақиқатқа жеткізер бірден-бір жол ретінде жыраулардың
кісілік концепциясының өзегі болып, олардың дүниетанымынан ойып орын алған.

Дүниенің пайда болуы адамзат санасына сыймайтын уақытпен өлшенеді.
Дүниенің дәл қай заманда, қай дәуірде, қай жылы жасалынғаны – адам-пенде
үшін жұмбақ. Ол тек бір Аллаға ғана аян. Бірақ дүние жаралғалы көп замандар
болған. Дүние бағзылық уақытқа бағынады. Майлықожа осы тұрғыда да Алла
Тағаланың құдіретіне бас иеді. Өйткені әуелдің де, ақырдың да иесі – бір
Алла. Оны жыр тілімен өрнектегенде төмендегідей шындық шығады:
Ақыреттің күнінде
Әлде қандай күйдесің?
Әуелімсің – бір Құдай,
Ақырымсың – бір Құдай!
Әуел, ақыр - Құдай сипаттары.
Осылармен қатар шайыр дүниелерінің арасында адам баласын адал іске,
ақиқат шындыққа жетелейтін шумақтар да жетерлік. Майлықожа бірнеше
толғауында ғылым білген адамның, ғалымның орны ерекше екендігін жеткізеді:

Алымға мойын ұсынбасаң,
Мұсылман емес бір түгің!
Мүсәпірлік тартпасаң,
Білмессің қадірін жұртыңның [2, 35]
Ғылым – Құдайдың бір есімі. Ол барлық затты көруші, түгел білуші
болғандықтан, Одан тыс он сегіз мың ғаламда ешқандай құбылыс болмайды.
Сондықтан жер бетіндегі адамдардың ғылым біліп, дүние сырларын түгел
игергені парыз болып саналады. Майлықожа ақынның бұл пікірін екі жақты
түрде түсінуімізге болады: 1) Алым дегеніміз – жоғарыда айтылған Құдайдың
бір сипаты. Ақын Құдай Тағаланың сипатын қолдана отырып, бүкіл
мұсылмандарды Аллаға күмәнсіз, күдіксіз бағынуды сұрайды. Ал олай болмаған
жағдайда мұсылман емес. 2) Алым – Құдайдың ілімін игерген, ислам дінінің
қыр-сырларын толық меңгерген, қарапайым халық үшін жол көрсетуші ұстаз
мәртебесіне лайықты адамдар. Мұндағы ой түйіні пір ұстаз бен шәкірт-мүрит
арасындағы байланысты нақтылайтын сопылық таныммен ұштасып жатыр. Сонымен
қатар ғалым мен үйренуші адамның ілім игеру кезіндегі заңдылықтары Құранда,
пайғамбар хадистерінде де барынша айтылған.
Майлықожа ақын Құдайдың сипатына құштарлық арқылы, яғни Алла Тағаланың
есімдерін үздіксіз қайталау арқылы кеудедегі қаралықты тазартуға да баса
мән береді.
Жүректі кірден тазарту – рухани ілімнің ең маңызды саласы. Жүректі
тазарту қажеттілігі жайында Майлықожа Сұлтанқожаұлы көп жырлаған. Ол бірде:
Алланың аты ашады
Көңілдегі қараңды,
Нышаны дейді пейіштің
Жазғы соққан самалды [2, 78].
десе, енді бірде:
Алланың аты ашады
Көңілдегі қараңды,
Адамның бәрі молда боп
Қолына бір-бір нама алды [2, 523], - деп, жүрек тазалығының
маңыздылығын көрсетеді. Нама дегеніміз – кітап, яғни Құран Кәрім.
Майлықожа ақынның Алла сипаттарын жырлап, тілге тиек еткендегі басты
ұстанымы – жүректі тазарту, сол арқылы екі ғаламның рухани байлығын қолға
түсіру. Бұл оның барлық шығармаларынан айқын аңғарылады.
ХІХ ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының ұзақ көлемді ғашықтық жырларын
оқи отырып байқайтынымыз, мұнда ең бірінші орында махаббат сезімі тұрады,
ол барлық өмірлік жағдайларға нәр беруші, адамның жүрегін көркейтіп,
шаттыққа, бақытқа жетелеуші себеп ретінде көрінеді. Бұл тегін емес. Себебі,
ең алдымен, түркі топырағында, оның ішінде қазақ жерінде тамыр жайған
сопылық ілімнің басты қағидалары осы жолды ұстанушылардың шығармаларында
сыртқары қалмай, қайта бірге бітісіп, қабыса бірігіп кеткен. Көп ұшырасатын
қыз бен жігіттің арасындағы махаббат – Құдайға, яғни Жарға деген асыл
сезімнің бастауының символы. Майлықожа ақын да назира дәстүрімен бірнеше
туындылар дүниеге әкелгендіктен, осындай жыр сипаттары онда бірнеше жерде
ұшырасып отырады.
Майлықожа ақын қиссасындағы патшаның түсінде сұлу қызды көріп, соған
деген ынтық сезіммен оянуы, соны тілмен суреттеп жеткізе алмай, тамсануы
қиссаның басталуындағы оқиғалар әрекетінің одан әрі өрбуіне жол ашып беріп
тұрған секілді. Патшаға ең бірінші түрткі – сұлу қызды түсінде көріп, оған
ғашық болуы. Демек тыныш жүрген адамның көкірегіндегі мхаббат сезімі бір
нәрсенің себебімен оянды. Оны Майлықожа ақын былайша береді:
Дидары нахаятсыз сұлу қыз,
Таластық қыла алмас ай мен жұлдыз,
Көрмеген бұл жаханда еш перизат,
Ашық от жүрегіме салды сол қыз.

Сөйлесіп сұхбатына мейірім қанбай,
Үстіме уәзір менің кіріп қалды-ай.
Дидары – көзден, қиялы – ділден кетпей,
Көңіліме оятқаны ашу салды-ай [2, 218].

Оянған патша түсіндегі қызды ақыры іздеп тауып, мұрат-мақсатына
жетеді. Бірақ қиссаның бұлай болып аяқталуы тек сирек жырларға ғана тән,
көп жағдайларда басты кейіпкерлер қайғылы қазаға ұшырап жатады, олар осы
жолда көптеген қиын азаптарға ұшырайды. Мәселен, қазақтың данышпан ақыны
Шәкәрім қажы өзінің Ләйлі – Мәжнүн дастанында ғашықтық мәселесін сипаттай
отырып, өзінің басындағы халін ашық жеткізетіні бар.
Басында Мәжнүн болды барға ғашық,
Жолында бір Ләйлінің жанталасып.
Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім
Менікі кеткен жоқ па одан да асып.
Сопылықта алдымен, адамға махаббат қылып, содан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Рухани мұраларда аят, хадистерді қолдану тәсілдері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Шәкәрім поэтикасы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Пәндер