Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ..3
І Бөлім Қазіргі кезде мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың мәні мен мазмұны ... ... ... ... 7
1.2. Орта мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..15
ІІ Бөлім Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастру жолдары

2.1. Орта мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формалары мен әдістері ... ...19

2.2. Қазіргі мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыру жолдары ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ..29

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... 31

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... .32
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивгі технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бугінгі таңда еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқьндалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда.
Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, ұлтгық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың жөне оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек.
Қоғамдық-экономикалық қатынастардағы өзгерістер: нарықтық қатынастарға өту, ашық демократиялық қоғам құру талаптары өз кезегінде өскелең жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесінің ұстанымдарына, мазмұны мен құрылымына айтарлықгай жаңалықтар ендіруді қажет етіп отыр.
Осы кезге дейін еліміздегі білім жүйесі бұрынғы методология, құрылым мен фактологиялық мазмұн күйінде қалып келеді. Мұның өзі отаңдық білім саласының әлемдік білім кеңістігіне кірігуін, оның бүгінгі өмірдің өзгермелі жөне өскелең талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруың, жаңа инновациялық өзгерістердің ендірілуін тежеп отыр. Қазіргі мектептегі білім мазмұны пәндік негіздерге құрылған, ал мемлекеттік білім стандарттары уақыттан едәуір, мектеп түлектерінің өмір талаптарына сай бейімділігін, компетенттілігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды толық қамтамасыз ете алмай отыр.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамьггу Тұжырымдамасы» отаңдық білім саласында соңғы жылдары қордаланып қалған басқа да көптеген меселелерді түбегейлі шешуге бағытталған, олардың нақты ұстанымдары мен бағыттарын анықтап беруші құжат болып отыр. Осы жылы Елбасымыз Н. Назарбаевтың наурыз айының 19 күні Казақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі білім саласын дамытудың аса маңыздылығы баса айтылып, оны дамытудың және таяу жылдарда жоғары сапалы деңгейге көтерудің нақты міндеттері белгіленіп берілді.
1. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: ҚР Ғылым Академиясының философия институты, 1994ж.
2. Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, - Алматы:Дарын, 2004ж.
3. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, «Санат», 1995 ж.
5. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл: Адамгершілік. – А., Білім, 1994ж.
6. Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980ж.
7. Әділова З.Ә. Этнопедагогика. – А., ҚазМӘТУ, 1997ж.
8. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
9. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
10. Болдыров Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, 1987ж.
11. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
12. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы.-А., 1994ж.
13. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.
14. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы., 2000ж.
15. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.
16. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж.
17. Құрсабаев М. «Атамекен» бағдарламасы. – Алматы., 1991ж.
18. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж.
19. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. / Құраст. Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1996ж.
20. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – А., 1995ж.
21. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995ж.
22. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.
23. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны
ұйымдастыру

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Бөлім Қазіргі кезде мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
теориялық негіздері

1.1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1.2. Орта мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

ІІ Бөлім Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны
ұйымдастру жолдары

2.1. Орта мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формалары мен
әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..19

2.2. Қазіргі мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .29

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи
қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивгі
технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде.
Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің
алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бугінгі таңда еліміздің әлеуметгік-
экономикалық дамуының перспективалары нақты айқьндалып, арнаулы
бағдарламалар қабылдануда.
Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын
қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, ұлтгық
қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың жөне оның жаңа сапалық
деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам
капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз
керек.
Қоғамдық-экономикалық қатынастардағы өзгерістер: нарықтық
қатынастарға өту, ашық демократиялық қоғам құру талаптары өз кезегінде
өскелең жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесінің ұстанымдарына,
мазмұны мен құрылымына айтарлықгай жаңалықтар ендіруді қажет етіп отыр.
Осы кезге дейін еліміздегі білім жүйесі бұрынғы методология, құрылым
мен фактологиялық мазмұн күйінде қалып келеді. Мұның өзі отаңдық білім
саласының әлемдік білім кеңістігіне кірігуін, оның бүгінгі өмірдің
өзгермелі жөне өскелең талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруың,
жаңа инновациялық өзгерістердің ендірілуін тежеп отыр. Қазіргі
мектептегі білім мазмұны пәндік негіздерге құрылған, ал мемлекеттік білім
стандарттары уақыттан едәуір, мектеп түлектерінің өмір талаптарына сай
бейімділігін, компетенттілігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды
толық қамтамасыз ете алмай отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамьггу
Тұжырымдамасы отаңдық білім саласында соңғы жылдары қордаланып
қалған басқа да көптеген меселелерді түбегейлі шешуге бағытталған, олардың
нақты ұстанымдары мен бағыттарын анықтап беруші құжат болып отыр. Осы жылы
Елбасымыз  Н. Назарбаевтың наурыз айының 19 күні Казақстан халқына
арнаған Жолдауында еліміздегі білім саласын дамытудың аса маңыздылығы баса
айтылып, оны дамытудың және таяу жылдарда жоғары сапалы деңгейге көтерудің
нақты міндеттері белгіленіп берілді.
Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін қазіргі заманның талабы
тұрғысынан талдап, оны жетілдіру жолдарын анықтайды. Мектеп және
мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері, сынып
жетекшілері, мектепке дейінгі мекеме, мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді.
Бірлестіктердің мәжілісі тоқсанына бір рет, керек болған жағдайда тағы да
өткізіледі. Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау әрі күрделі, тәрі
шығармашылық іске жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің іс-
жүзінде қолданысы арқылы көрінісі, ол жан-жақты зерттеу объектісі де,
сондықтан ол нақты мәліметтер мен ғылыми ойды жинақтаудың негізгі
көздерінің бірі. Ол оқу-тәрбие жұмысын жеңілдету, жетілдіру мен дамытуда
үлкен қызмет атқарады. Олай болса әр мұғалімалдыңғы қатарлы озат тәжірибені
зерттеп оны өз ісінде қолдануға тырысады. Озат тәжірибені зерттеу ең
алдымен өз мектебі, өзінің ізденуі арқылы нақтылы іске аса бастайды. Атап
айтқанда олар: әр мұғалім өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау,
педагогикалық шеберлердің еңбектерін, жұмыс жүйелерін зерттеп жинақтау,
жалпы тақырып бойынша бірнеше педагогтің іс-тәжірибелерін зерттеп жинақтау,
жаңашыл мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап тарату және оны оқу-тәрбие
процесіне енгізу, ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен оқу-тәрбие
саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу және жинақтау.
Мұғалімге өз тәрбиесін қорытындылап жинақтау әрі қиын, әрі күрделі іс
болып табылады. Ол үшін басты мәселелерді таңдап алады, олардың тиімділігін
тәжірибеде бақылайды, зерттейді. Қортындыларын дәптеріне үнемі жазып
отырады. Ол әр сабақта немесе тәрбие жұмысында әр істің өзіне тән
ерекшелігін, әр әдісті қолданғандағы нәтижені, оны қолданудың тиімді
жолдарын, оны қабылдауда оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды
шығармашылық ыждаһатпен іздестіреді.
Өз мектебіндегі немесе басқа мектептердегі мұғалімдердің сабақтарына
қатынасып, өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиісті қорытынды
жасайды. Зерттеу жұмысына қажетті құжаттарды: сабақ жоспары, бағдарлама
тақырыптары бойынша перспективалық жоспарларды, оқушылардың жазба,
графикалық жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының
жоспары, сынып жиналыстарының протоколдары, түрлі тақырыптағы оқушы
баяндамаларын жинайды. Осы жинақталған материалдарды зерттеу арқылы өз
тәжірибесін қорытып бір бағытқа салады. Ол жоғары айтқандай оп-оңай шаруа
емес. Сол жинақталған тәжірибені мектеп мұғалімдері конференциясында
жасаған баяндамасында жария етеді. Дұрыс деп табылса аудан, облыстық,
республикалық “педагогикалық оқуларға” жолдама алады. Күнбе-күнгі басылым
беттерінде жарияланатын мақалаларда көпшілік талқысына салады.
Бұл мұғалімге кең жол ашып, ізденуге белсендіре түседі. Ол өз жұмыс
жүйесін зерттеп, озат тәжірибені кеңінен таратудың басты түрлеріне жатады.
Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша методикалық кеңестің пән
бірлестігі басқарады. Зерттеу жұмысы ең алдымен танысу, бақылау кезеңінен
өтеді.
Қазір республикада білім беру ісінде өзгерістер жүріп жатыр.
Тәжірибелерді зерттеу, оқу-тәрбие жұмысындағы жаңалықтарды, мектеп жұмысына
енгізу мәселелерімен бүгінде қазақ білім проблемалары институты айналысып
республикадағы тәжірибелерді жинақтайды.
Бүгінгі талапқа сай мұғалім үнемі, әрқашан жаңалықтың “тізгінін ұстай
білуге” тиіс. Бүгін білім беруге байланысты жұмыста стратегиялық
жаңалықтардың ішінен қадала көңіл аударарлығы Эльконин-Занковтың дамытып
оқыту идеялары, этнопедагогика, Вальдорф педагогикасы. В.С.Библер,
Г.С.Батишев т.б. философтардың авторлық бағдарламалары.
Ғалым-педагогтар оқу процесін өзгертетін жаңалықтар ашуда:
В.З.Дьяченконың оқытудың ұжымдық әдісі, П.М.Ердниевтің ірілендірген
дидактикалық бірлестіктері, К.Я.Вазинаның ұжым болып ойлау қызметі, сондай-
ақ тілді оқытудың кейбір проблемалары, оқу құралдарын жасау, тест жасау
т.б.
Республикада Н.Д.Хмель біртұтас педагогикалық процесс теориясын
жасауда, В.К.Шабельников психика жөніндегі білімдерді пайдаланудың
теориялық негіздерін зерттеп келеді. Ол бұл мәселеге шәкірттер мен
мұғалімдердің дара тұлғаларын қалыптастыруды функционалдық жүйе ретінде
қарайды. С.к.Қалиева мектептегі тәрбие процесін ұйымдастыруға мәдениет тану
тұрғысынан келеді. А.М.Ким мәдениеттердің өзара қарым-қатынастарын түсіну
құбылыстарын зерттейді.Үзбей білім беру ғылымы жұмыстарының нәтижелерімен
таныстыруды қамтамасыз етуде М.И.Жадринаның, К.Ж.Жүнісованың,
С.Қ.Қалиеваның, Б.Баймұратованың, М.Сәтімбекованың, Ш.Таубаеваның,
Б.Дүйсембаеваның еңбектерімен таныс болу керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен
оны ұйымдастыру жолдарын анықтау
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Педагогика
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Мектептегі әдістемелік жұмыстың мәні мен мазмұнын сипаттау;
2.Орта мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
ерекшеліктерін көрсету;
3.Орта мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формалары мен
әдістерін анықтау;
4. Қазіргі мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны
ұйымдастыру жолдары көрсету.
Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық және ғылыми
әдебиеттеге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау,
қорыту т.б. әдістері қолданылды.

І Бөлім Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың мәні мен мазмұны

Біздің еліміздегі экономикалық және әлеуметтік прогресте жалпы білім
беретін мектептердің барлық даму сатысында білім беру жүйесі маңызды роль
атқарады. Мектептің негізгі міндеті – жаңа қоғамда тұлғаның дамуы мен
қалыптасуында қоғамдық талапты шешіп орындауы үшін, алдын-ала барлық
қажетіліктерді жасау. Мектептегі барлық құрылымда өкімнің түпкілігі және
қарқынды дамуынан инновация дами түседе.Жыл сайын жұртшылықтың мектепке
әсері, қызметтің өркендеуі мектепішілік басқарудың күрделенуі күшейе
түсуде.
Жалпы білім беретін мектептерді басқару-күрделі динамикалық прогресс,
соның ішінде оларға өз алдына мақсат пен міндет қою, оқу тәрбие жұмысының
деңгейінін мәнін талдау мен зерттеу, мектептегі педагогикалық кеңес
жұмыстарын толық жетілдіріп іздену, барлық педагогикалық ұжымының
координациясын күшейту, ғылыми негізде мектеп қызметшілердің басқару
жатады.
Мектептің басты шығармашылық позициясын қалыптастыру, алқалық органның
мұғалімдік ұжымға айналуынан педагогикалық кеңес-мектепті басқаруда басты
роль атқарады. Тәжірибеде көрсетілгендей, көптеген мектеп директорлары оқу
тәрбие жұмысындағы мұғалімдердің, сыныып жетекшілердің және тәрбиешілердің
маңызды мәселерін шешу үшін педагогикалық кеңесті кең көлемде қолданады.
Мектеп қызметіндегі негізгі арнайы мәселер арқылы педагогикалық кеңесті
кең көлемде қолданады. Мектеп қызметіндегі негізгі арнайы мәселер арқылы
педагогикалық кеңес шешім қабылдайды, сондықтан мектеп директорының қолымен
бекітілген соң, барлық ұжым мүшелері орындауға міндетті, міне басқарушы
ролі осыдан тұрады. Педагогикалық кеңес (мектептің педагогикалық ұжымының
жалпы жиналысы)Педагогикалық ұжымда жоғары басқару органы болып табылады.
Мектептің педагогикалық кеңесінің атқаратын жұмыстары:
-мектептің педагогикалық тұжырымдамасын, оқушылардың жұмысына бірдей
талап қоюды, олармен және ата-аналармен әлеуметтік құқықтық және
психологиялық педагогикалық қарым-қатынас жасауды талдайды және бекітеді;
-мектептің нормативті құжаттарына сәйкес педагогикалық ұжымының
құрылымын ұйымдастыруды анықтайды, директор мен оның орынбасарлары
арасындағы қызметтік міндетті бөліп бекітеді;
-педагогтармен оқу тәрбие жұмыстарының әдістері мен формаларын,
оқушыларды тәрбиелеу мен әртүрлі әдістер арқылы білімдерін дамытуды таңдап
енгізеді;
-жағдайларды ұжыммен талдау, оқу-тәрбие процесіндегі қорытындылар мен
жағдайды және ұжымның тәсілі мен жолдарын анықтауды жүзеге асыруды
жоспарлайды;
-мектептің педагогикалық советте қабылданған ереже мен басқа да
нормативті актілерге мұғалімдердің іс-шараларды орындауын талдау және
анықтау.
-оқу тәрбие іс-әрекетіндегі басқа құрылымдар мен іс-қатынас мәселерін
қарайды.
Педагогикалық кеңесте осы сұрақтарды жан-жақты талдауда директордың
шебер ұйымдастыру қабілеті мен білімділігі қажет. Осыған байланысты
педагогикалық кеңесте ғалым педагогтардың еңбектерін, педагогикалық
баспадан шыққан психологтардың мақаларын, әртүрлі құжаттарын, сынып
жетекшілері мен мұғалімдердің жұмыстарының практикалық тәжірибелерін
зерттеу тапсырылды. Оқу жылының соңында мектепті бітірушілер мен сыныптан
сыныпқа көшірушілер туралы педагогикалық кеңесі өтіледі. Мектепті
бітірушілер мен келесі сыныпқа көшірілетінін оқушылардың үлгерімін шындықты
және талдау таза шынайы педагогикалық кеңес жұмысында өте ұқыптылық
жауапкершілікті талап етеді.
Мұнда ешқандай қателікке жол бермеуі тиіс.Егер дау талас себеп
болмаған жағдайда, шынайы талдауды талап ететін ұсыныстар жоқ, болған
бұндай жағдайда педагогикалық кеңес әрбір мұғалімнің жұмысына басар назар
аударуы дұрыс болады. Оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіру педагогикалық
кеңесін формальді түрде өткізуге жол, берілмейді. Себебі әрбір бағалайтын
білімнің арқасында өскелең білім қуған оқушы тұр. Сондықтан оған қойылған
білім бағасы немқұрайлы акті емес.
Барлық құжаттар кеңеске дайындалғанда бірнеше рет тексеріліп, мұқит
түрде журналдарды және бақылау жұмыстарына қойылған ерекше белгілерді қарау
керек. Мектептердің бұрыннан қабылданған ережесіне сәйкес дәлелденуі тиіс
кеңестегі пікір ойлар сынып жетекшісі өзі жүргізіп отырған бақылау жұмысы
мен журналына сенеді. Тәжірибеде кеңес мүшелері мұғалімнен оқушының
үлгермеуін дәлелдеуді, түсіндіруді талап ететін кезеңдер кездесіп отырады.
Бір жағдайда оқушының білімін көтерлісі, екінші бір жағдайда төмендетіліп
отырады.
Кеңесте мұғалім оқушыны басқаша бағалау керектігін дәлелдеп көрсетуі
тиіс. Мүмкін педагогикалық кеңес оған керісінше дәлелдер көрсетіп беруі де
мүмкін. Егер даулы сұрақтарды шешуге мектеп директорының жеке өзі ұжымның
пікірінсіз шешіп оған жол берсе, онда оның қателескені болады. Әкімшілік
тарапынан болатын аз ғана кемшіліктің өзі қарым-қатынасқа кері әсер
келтіреді. Бітіруші оқушылар мен кластан –класқа көшіруге арналған
педагогикалық кеңесі мұғалімдер лабораториясына, әрбір мұғалім мен барлық
ұжымның сеніміне кіру және қандайда бір мәселе болмасын кеңес отырысы оған
шыншыл жауабын берулеруі керек.
Сондықтан педагогикалық кеңестен әрбір мұғалімнің күтетіні өз
жұмыстарының оқу жылындағы атқарған іс-шараларының нәтижесі және
оқушылардың алған білімінің сапасы туралы мәлімет. Басқаша айтатын болсақ,
өзіміздің өнімнің сандық және сапалы көрсеткіштерін талдаймыз және жан-
жақты өзіндік жемісізді өскелең ұрпағымызды қалай тәрбиелегенімізді
бағалаймыз. Оқу ісі жөніндегі меңгерушісінің алдын-ала дайындалған
анықтамасындағы қорытынды нәтижелер педагогикалық хаттамасында міндетті
түрде түсірілуі тиіс, сондықтан емтихан қорытындысы бойынша мәліметтер мен
керекті мағлұматтар отырыс мәжіліснде қаралады.
Біздің кзөқарасымыз бойынша кеңеске осындай оқушылар ұжымының, жастар
мен басқа да мүшелер өкілдерінің шақырылуы өте керек, сондай-ақ көп жылғы
байқау көрсеткіштері бойынша дәл осындай шақырулар әлі көңілге толмайды,
яғни жеткіліксіз. Көптеген кеңестер отырысында өзіміздің қазіргі
тәрбиеленушілердің тағдырын оқушылар ұжымының пікірінсіз шешіп отырамыз.
Бұл біздің оқушылармен қарым-қатынасымыз үстірттігіне әкелетін нағыз шешім
болып табылады. Шындығын айтатын болсақ, сол немесе басқа оқушының кері
мінезінің мәнді сатысына ескерту мен себептерін, оның мән-жайын аша
алмайтынымызды көрсетеді.
Педагогикалық кеңес-сот емес. Оның міндеті оқушыны кінәлау мен жазалау
да емес, керісінше оны тәрбиелеу болып табылады. Парасатты және шын жазалау
кеңесте қаралатындықтан оқушының жеке басын қорлауға және кемістуге
болмайды. Педагогикалық әдепсіздікке, кек алуға мұғалімді жібермеу керек,
кеңесте барлық мәселеге мұқият қарауымыз керек.
Мектепте кейбір уақытта қорытындысы бойынша кезектен тыс кеңес болуы
мүмкін: бұл жерде мектеп басшысының немесе тексеруші комиссия басшылары
немесе білім органына сәйкес өкілдердің баяндамалары таңдалады. Мұндай
баяндаманы дайындау қарапайым емес. Педагогикалық кеңесте мектепте көрген
барлық оқиғаларын айтуға тырысатын басқарушы тұлға сирек кездеседі. Бұл
жағдайда барлық тексерушіліердің пікірін жалпылауға тырыспаса, әрбір адам
өз ойындағысын айта беретін болса мәжіліс тартымсыз, ұжымды түгелдей
шаршататын дағдайға әкеледі. Барлық педагогикалық ұжым жұмыстарының одан
әрі жүзеге асырылуына бағыт-бағдар беру, негізінен мазмұнды қорытынды
шығару, баяндаманың мазмұны мақсатқа сәйкес келуі тиіс.
Әрине педагогикалық кеңесте барлық мұғалім қобалжиды. Басқаша болуы да
мүмкін емес. Мектеп басшысының бағытын бақылайтын комиссияның мүшелері
қорытындысын көптеген кеңес мүшелері өте жоғары қызығушылығын тыңдайды,
сонымен бірге мектеп директорының қызметіне және өзінің жеке басының
ұжымының кемшіліктерін жасырмауы, оған тексерушілердің сын ескертпелеріне
қалай қарайтынын және кеңес мүшелерінің сөйлеген сөздеріне бар кемшілікті
үйден шығара алмайтын ережесін қолданбайтынына қалай сезінентін, ал бөгде
адамдар бар кезде мектеп жұмысының атқарылған қызметтерін бағалау,
комиссиясының кейбір қорытындылармен келіспейтінін, жұмыстың әлсіз жақтары
туралы сенімді шешімді түрде айтады. Мектептің директоры егерде аса беделді
кезеңдерде тапаведомосты ықпалдан сенімдерінен жеке кемшіліктерін
сезінбесе, онда ол мұғалімдер ұжымын тәрбиелеуде қаласа да, қаламаса да
үлкен моральдық зиян келтіреді де, өзінің авторитетін түсіреді.Соңғы
уақыттарда кішіпедагогикалық кеңестуралы жиі айтылады. Педагогикалық
жұмыстағы мәжіліске күн тәртібіне қойылатын сұрақтардың жеке қаралатын
белгілі бір маңызды шешім ұжымның мүшелері бұрынғы формаларына ұқсас
үстірттік танытатын әлсіз шешім ұжымның мүшелері бұрынғы формалары шындық.
Мысалы: емтиханға оқушылардың жіберілуі туралы нұсқаны барлық ұжымымен
талдауға енгізу. Осындай күн тәртібінде көбінесе барлық қызығушылығын
үлкен педагогикалық кеңестің мүшелері мен бітіруші сыныптардың
мұғалімдері дұрыс шеше ала ма? Бастауыш сыныптар бойынша кіші кеңес
туралы айтатын болсақ, бұл сұрақты үлкен кеңестің бөліп қарауға болмайды.
Бұл дұрыс, себебі көптеген мектептерде тәжірибе көрсетілгендей мектеп
басшылары кіші сыныптарынды өзінің орынбасарларының оқу-тәрбие жұмыстарына
сенімділікпен қарап, сұрақты талқылауды тапсырады. Ал бастауыш сыныптар
барлық мектеп жүйесінің жартысын құрайды; бұл жерде мектеп білім фундаменті
мен тәрбие нақты бастауыштан басталатынын айтпағанда.
Тағы да бір маңызды мәселені көрсетеміз. Кіші педагогикалық кеңесте
көптеген сұрақтардың терең талданып шешілетіне мүмкіндік береді, мектептің
оқу процесі ұжымындағы әрбір мұғалімнің дәлме-дәл қызығушылығын арттыруға
мүмкіндік беріп келешекте көңілге толатын мәселерді тиянақты шешетін, әрі
мұғалімдердің өз уақытын үнемдейтін кеңес болады. Кіші педагогикалық
кеңесте оқу және тәрбие мәселерді мұқият ойланып, және тиянақты дайындалуды
талап етеді. Осы жерде ескеретін жайлы, кіші кеңестің қабылданған қаулысы
әр уақытта ескеріліп мектептің жалпы педагогикалық кеңес мәжілісінде
қабылданған қаулы мен мұғалімдерге төраға мәлімет беруге тиіс.
Мектептегі кіші педагогикалық кеңесті өткізуге кімді жауапты деп
есептеуге болады? Педагогикалық әдебиеттерде бұл сұрақтар әлі толық
шешілмеген. Тәжірибе оған жауап беруге жауапты директор екенін толық
анықтап көрсетеді. Талданатын сұрақтардың белгі ерекшілік сипаттамасы
бойынша оқу- тәрбие процесіндегі ұжымды басқарудың осы формасына
қатысатындардың жұмысына қатысы бір мәселе бойынша маңызды шешілетіндіктен
кіші кеңес деп аталады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейбір мектеп директоры мен оның
орынбасарлары арасындағы жұмыстарды дұрыс бөлінбегендіктен педагогикалық
кеңесті өткізуде көптеген директорлар өзінің орынбасарларына жүктейді. Ал
мектептің жұмыстарында өте маңызды жауапты жұмыстары туралы жоғарыдан
келген ақпаратты директор бірінші таныстыруы керек. Кіші кеңесті өткізу мен
дайындауды директор жанама түрде іске асырады. Осындай әдіспен директорлар
қоғамдық басшылықты әлсіретіндіктен директорлар қоғамдық басшылық
әлсіретендіктен директорларға ұжым сенімсіздік білдіріп өзінің авторитетін
жоғалтады.
Иә, шындығында кей жағдайда әртүрлі себептерге байлансты кіші
педагогикалық кеңесті өткізу орынбасарға жүктеледі, бірақ бұл жүйелі болуы
мүмкін емес. Әрбір мектептің барлық ерекшелік жағдайына байланысты
сұрақтарды кіші және үлкен кеңесте шешуге біз ұсыныс береміз. Оқу-тәрбие
процесінің сапасы мен белсенділігін көтерудегі оның белсенді қатысушыларна,
мекетптің педагогикалық кеңесіндегі жұмыстарды одан әрі жүзеге асыру
тапсырманың маңыздылығы болып қалды.
Педагогикалық шеберлікті жетілдіруде мұғалім үнемі ізденісте болып жан-
жақты терең білімді талап ететін өзінің табиғи шығармашылық еңбекті қажет
ететін ғылыми-пеадгогикалық еңбектенуден басталады. Өзіміздің
тәрбиленушілерімді қоғамда сенімді және белсенді азамат етіп тәрбиелеу
үшін, мұғалім осы маңызды жауапкершілікке тек қана жоғары оқу орнында ғана
емес, барлық тәжірибелік қызметті процесте түпкілікті дайын болуы қажет.
Жастық шақта алған білім қоры тек қана дайындық болып есептелінеді,
сондықтан білімді үнемі толықтырып отыруды талап етеді.
Ата-аналардың жалпы педагогикалық мәдениетін арттыруда, сынып
жетекшілер мен мұғалімдердің әдістемелік шеберлігі және идеялық-теориялық
деңгейін жоғарлатуда мектеп басшысының үнемі көңіл бөліп отыруын талап ету
оқу-тәрбие міндетіндегі күрдаелілікті және ұзақ уақытты талап етеді.
Тәрбиелеу мен оқыту процесінде әдістемелік жұмыстарды жетілдіру үшін
педагогикамен психология ғылыми мүмкіндіктерін падаланып жетістікке жету
және адамды тәрбиелеу тәсілі туралы психологиялық-педагогикалық білім
қазіргі заман талабы. Оқу-тәрбие жұмысындағы ең үлкен қауіптілік формализм,
басқару стилінің немқұрайлығы, іс-шарада көрсетілетін және маслихаттың
әбігершілену, яғни жүйелі жұмыстарды көтеретін және мұғалімдердің
шығармашылық ынтасын тежеу болып табылады.
В.Давыдов оқу қызметінің құрылымында оқу қажеттілігі, мотивтер,
міндеттер, әрекеттер мен операциялар секілді бөліктерді атап көрсетеді.
"Мектептің бірінші сыныбына келген балаларда оқу қызметінің біртұтас
құрылымы болмайды. Қолайлы жағдайда ол мектеп қабырғасында бірнеше жыл
ішінде, әсіресе, бастауыш сыныптарда қалыптасады - дейді ғалым. Бастауыш
мектепте оқу қызметтің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару
барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз
қалайтын және ең алдымен, заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын
ашуға бағытталған теориялық ойлау негізі дамиды "Педагогика ғылымы
теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың теориясын
іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.

Мектеп директорының басты міндеті-жеке тұлғаны қалыптастыру мен
оқытудың сәйкес келетінін, мектеп ұжымындағы қызметтер мен осындай өмірді
ұйымдастырумен қамтамасыз ете алатын, оқу тәрбие жұмысындағы мықты басқару
жүйесін құру.
Мектеп жұмысын директор жоспарлайды. Көптеген мектеп директорларының
тәжірибесіне қарағанда, алдағы оқу жылының жұмысын жоспарлау дайындығын
осы оқу жылының соңғы тоқсанын, яғни наурыз айынан бастаған жөн. Бұл
пікірді мектеп басшылары толық қуаттайды.
Мектеп өмірінде жылдық жоспарды жасаудың бірнеше түрлері байқалады.
Кейбір мектеп директоры оқу жылының қорытындысын өз бетінше талдап,
оқу – тәрбие жұмысына байланысты негізгі құжаттарды зерттейді. Зерттеу
нәтижесінде сүйеніп, мектептің жылдық жалпы жоспарын жасайды да, оны
педагогикалық ұжымның мүшелеріне талдауі жасауға таратып береді. Олардан
түскен ұсыныстарды еске алып жоспарға қажетті өзгерістер енгізеді. Осыдан
кейін жоспар педагогикалық кеңесте талқыланады, бекіту жөнінде шешім
қабылданады.
Директорының өзінің іс - әрекетін осылай ұйымдастырғанда ғана
уақытын тиімді пайдаланады. Білімін, іс – тәжірибесін мектептің басты
мәселелерін зерттеуге, шешуге жұмсайды.
Жалпы білім беретін мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны:
Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу- әдістемелік
жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен
психологияның жетістіктерін, дүниетанымның, өзіндік жұмыстың, өзіндік
білімнің іскерлігі мен дағдынысын қалыптастыратын, ақыл-ес және танымдық
белсенділікті дамытатын тиімді әдістерді меңгеру;
2) білім беру саласындағы нормативтік құжаттармен танысу;
3) сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын оқытудың
түрлі нысандары мен әдістерін және шығармашылық түрде меңгеру;
4) үздік, жанашыл тәжірибемен және оның идеяларын шығармашылықпен
пайдалану, менеджменттің қызметтерімен және прогресивті идеяларымен,
иновацияларымен танысу;
5) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына
практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әр түрлі
нысандарын дайындау және өткізу;
6) оқыту сапасына, оқыту жетістіктерінің деңгейіне, оқушылардың
тәрбиесіне талдау жасау;
7) педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды
аттестаттау рәсіміне белсенді түрде қатысу;
8) әдістемелік өнімді әзірлеу;
8. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу
бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды
қамтиды:
1) нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының
ұсынымдамаларын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар
енгізу;
2) жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу
үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;
3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып оқу бағдарламаларына және
стандарттарға өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
4) ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау; оқушылардың
білімнің, іскерлігінің дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған
педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтар
өткізу, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс шаралар өткізу;
6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және
оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы
алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу,
іріктеу және практикаға енгізу;
7) кәсіптік шебершіліктен пәндер мен мамандықтар бойынша тақырыптық
семинарлар, конференциялар және әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және
өткізу;
8) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға,
әдістемелік әзірлемелер мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және
электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды ұйымдастыру;
9) ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды
жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара
тексеру және өзара көмектің тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім
алушыларды тарту.
9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік
жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) нормативтік құқықтық құжаттарды, кәсіптік жоғары білім
мамандықтарының жіктеуішін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және дидактикалық
материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық
қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық
кітапханалық жүйелерін енгізу;
3) оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының
жобаларын дайындауға қатысу;
4) оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде
электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды
әзірлеу;
5) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді
ақпараттандыруды қорыту және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;
6) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу
және енгізу;
7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік құжаттар
әзірлеу және енгізу;
8) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын
бірыңғайландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
9) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып
сараптау;
10) арналған оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім алушылардың
ағымдық үлгеріміне әсерін талдау;
11) тест тапсырмалары мен білім алушылардың білімін бақылаудың басқа
да нысандарын әзірлеу және сараптау;
12) білім беру үдерісін оқу әдебиеттерімен және әдістемелік
әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
13) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді
әзірлеу;
14) оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік
құралдардың сапасына талдау жүргізу;
15) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін
талдау;
16) оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар,
конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
17) білім алушылардың контингентін олардың бейінін, дайындық деңгейін
және мүмкіндіктерін ескере отырып жыл сайын қалыптастыру жұмысты
әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
18) даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша
мамандарға қажеттілікті болжау үшін деректер базасын құру мақсатында
маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;
19) бітірушілерді жұмыспен және оқу орнын бітіргеннен соң оқу мен
қамту жөніндегі әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу (мамандарға сұранысты
зерттеу, бітірушілерді сауалнамадан өткізу, кәсіпорындармен байланыс жасау,
бітірушілерді бөлу картасын құру, бітірушілер жәрмеңкесін ұйымдастыру);
20) білім беру үдерісін келешектегі демографиялық, экономикалық және
салалық ахуалды ескере отырып өңірлер бойынша және жалпы ел бойынша
жоспарлауды ұйымдастыру;
21) оқытудың барлық деңгейінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерін
оқыту жөнінде ұсынымдамалар әзірлеу;
1.2. Орта мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
ерекшеліктері

Жалпы айтқанды мектептегі әдістемелік жұмыстың міндетін келесі үлгіде
тұжырымдауға болады: жұмыстағы әдістемелік жұмысқа ғылым жетістіктерін
енгізу бойынша педагогикалық тәжірибелерді талдау және тарату, оларды
жүйелілік түрде зерттеп, мектептің педагогикалық ұжым қызметінде
инновациялық бағыттарды қалыптастыру;
- мұғалімдердің дайындығын психологиялық-педагогикалық және теориялық
(пәндік) деңгейде жоғарлату;
- мемлекеттік білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, жаңа білім
бағдарламаларын зерттеу арқылы жұмыстарды ұйымдастыру.
- Жаңа педагогикалық технологиялармен, формалармен және тәрбиелеу
әдістерімен сапаландыру.
- Жекелеген және әртүрлі диагностикалық негізде мұғалімдерге ғылыми-
әдістемелік көмек көрсету, жаңа нормативті құжаттарды зерттеу арқылы
жұмысты ұйымдастыру: сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге; пән-
мұғалімдеріне, жас мұғалімдерге; педагогикалық жұмыстан қиыншылық
көретіндерге; педагогикалық стажы аз мұғалімдерге; педагогикалық
білімі жоқтарға және т.б.
- өз білімін жан-жақты жетілдіруді ұйымдастыруда мұғалімдерге жеке
кеңес көрсету.
- Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жалпы деңгейін көтеру.
Мұғалім қызметіне көбнесе жалпы сипаттама бергенде мұғалімнің
жалпы мәдени дайындығы әдістемелік, зерттеу, диагностикалық, басқару,
кәсіби-адагершілік, тәрбиелік мәдениетін, кәсіби-педагогикалық бөлім құрамы
арқылы мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын мақсатқа сәйкес
анықтайды.
Ұзақ уақыттың өз пәнінен сабақ өткізіп мүмкіндігінше кәсіби-
педагогикалық мәдениеті қалыптастырып әрбір бағыттар бойынша әдістемелік
жұмыстың мазмұны нақтыланды.
Мұғалімдердің әдістемелік, мүмкіндігін туғызатын инновациялық
жаңалықтарды меңгеру қатысуынан педагогикалық қызметте дара өзінің стилі
қалыптасу қорытындылады. Егерде мектепте әдістемелік жұмыс нашар қойылған
болса, қазіргі уақыттағы мектептің оқу-тәрбие процесінің жоғары сапалы
болуына сенуге болмайды. Бұл жағдайды әрбір мұғалім өз бетінше жұмыс
атқарады және әріптестерін сезіне алмайды.
Әдістемелік бірлестік мұғалімнің идеялық-теориялық деңгейін
көтеруге, үздік мұғалімдер мен тәрбиешілердің жұмыс озық нәтижелерімен
тәжірибе алмасуына, оқушылардың тәрбиелеу мен оқыту әдістерін, тәсілдерін
көптеп меңгертуге міндетті. Озық тәжірибелерді уақытысында есепке ала отыру
мен тәрбиелеудегі көптеген күрделі мәселелерді педагогикалық процестен
байланыстыру қажет.
Оқу жоспарындағы барлық пәндер, барлық тәрбие жұмыстарының
салалары компонентті басқарылып, қамтылуы керек. Оқу процесінде көптеген
мүмкін болатын ауытқушылықтар кездеседі, сондықтан оны ашу мен жою қиын:
жеке пән бойынша жеке оқушылардың біліміндегі мәселенің болуы, оқушыларды
тәрбиелеудегі кемшіліктері ескерілмей қалуы және жеке мұғалімдердің төмен
әдістемелік сапасын байқатады. Оқу-тәрбие процесін өз деңгейінде ұстау
үшін, мектеп басшылары әртүрлі әдіс-тәсілдері болуы тиіс, өйткені кез-
келген маңызды ауытқушылықты айқындау үшін, оны өз уақытында жылдам орындап
шешуге болады.
Мұғалімдердің жұмысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі және
жауапты іс. Мұғалім олармен өз деңгейінде жұмыс атқару үшін, көмекті үнемі
беруді ұмытпай оларды рқытуға үйрету, көмектесу керек және дұрыс
әдістемелік тәсілдерді көрсете білуі тиіс. Оқу-тәрбие процесінде өзінің
шеберлі-педагог екенін көрсетіп кірісуі керек, оқу процесінің бағытымен
оларға көмекке кез-келген уақытта дайын тұрады, ал егер керек болса қалай
дұрыс оқу жолдарын, әдістерін көрсетеді.
Мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен
тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Ол озат мұғалімдердің іс
тәжірибелерімен танысады. Педагогикалық оқуларға, ғылыми – практикалық
конференцияларға қатысады. Мұғалім әсіресе өз мамандығына байланысты және
жаңадан шыққан әртүрлі әдістемелік еңбектерді үнемі оқып зерттейді, тиімді
етіп пайдаланудың әдістерін, сара жолдарын іздестіреді.
Оқыту процесінің маңызды компененттерінің бірі – бақылау, баға қою
және есепке алу. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және ерекшелігі
бар. Олар оқу тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына
байланысты.
Директордың орынбасары өазіргі ғылым жетістіктермен хабардар
әдістемесінің ерекшелігін білсе, онда кез-келген мұғалімге көмектесе алады.
Мектеп басшысының іскерлігі мынадай көрсеткіштермен қорытындылады, ол оқу-
тәрбие қызметін жүргізе асыра алуы, оқушылар мен педагогикалық ұжыммен
өзара тіл табыса алуына.
Мектепшілік бақылау жүйесі көптеген элементтерден құралады, өзара
байланыс пен белгілі бір қарым-қатынастың арасындағы мәнге және оған
төмендегідей анықтама береді; жүйе дегеніміз-бұл элементтер арасындағы
бірнеше байланысытар, белгілі бір іс-шараларды атқаруарқылы ұжымының немесе
адамдар арасындағы қарым-қатынасты тәртіпке келтіру түрлері. Оқу-тәрбие
жұмысы бойынша мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру қызметтері
директор оқу ісі жөніндегі орынбасарына бекітеді.
Бұл, педагогикалық тәжірибеде толығымен оған беріледі деген мағына
бермейді. Бүгінде, барлық оқу-тәрбие жұмыстарының сапасына көтеру қиын
мәселе болып отырғандықтан, оның маңызды жоғары дәрежесін тауып алу
әдістері жүзеге асырылуда.
Мектеп басшысының, іскерлігі мен шеберлігі болып табылатын осы әдістер
үнемі педагогикалық процесте өз нәтижесімен анықталады. Мұғалімдердің сабақ
өткізуі немесе басқа да жұмыстардың нәтижесі тек директор мен оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасарларының жұмысы осылармен шектеліп ғана қалмауы тиіс.
Бұл процесті педагогикалық ұжымды дамыту керек, мектептегі пәндік
әдістемелік бірлестік болып-мұғалімнің шығармашылық шеберлігін жатқызады.
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс мазмұны сан алуан. Олар мынадай
мәселелерді қарастырады: оқу-тәрбие жұмысының жетілдіру деңгейін және
оқушылардың білім сапасын, үздік педагогикалық тәжірибелерді енгізу,
тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және педагогикалық ғылыми жетістіктерін, жаңа
бағдарламалар мен әдістемелік тақырыптарын, оның қиын бөлімдерін талдайды.
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі білім бағдарламасындағы және
оқулықтардағы экспериментальды нұсқаларды талдайды олармен жұмыс жүргізу
қорытындысын қарайды.
Әдістемелік бірлестік мүшелері оқытатын және бақылайтын
компютерлік бағдарламаларды өңдейді және қабылдайды, оның сапалылығы мен
қорытындысын бағалайды. Оқушылардың білім сапасынан мұғалімнің
педагогикалық қызметінде өзінің өткізетін пәнін жалпы сипаттайтын, арнайы
бағыт бойынша әдістемелік бірлестіктің жұмысы іске асырылады. Жаңа оқу
жылында мектептің жылдық жоспарына мақсаты мен міндеттеріне байланысты
негізгі педагогикалық с-шараларды ұйымдастыру, кабинеттерді безендіру,
оқушылардың дағды, әдет, білім сапасын бақылау мерзімі мен пән бойынша оқу
формалары анықталып, сыныптан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық кадрларының жұмысы мен аттестациясы
Мектептанудың негізгі мәселелері
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Біріккен сабақ
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Тарих кабинетін безендіру
Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы
Пәндер