Президент Н.Ә. Назарбаев анықтаған Қазақстан Сыртқы саясатының негізгі бағыттары


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Президент Н. Ә. Назарбаев анықтаған Қазақстан Сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

Қазақстанның сыртқы негізгі бағыттары Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясы» атты еңбегінде анықталған. Республиканың сыртқы саясатындағы байланыстардың және стратегиялық мүдделердің қазіргі жағдайын ескерсек, мына бағыттардың алар орны ерекше, олар:ТМД; АТА; Азиялық, Еуропалық, Америкалық бағыттар.

ТМД. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы КСРО кезіндегі соңғы уақиғалармен тікелей байланысты. Кеңестік қоғамның экономикалық және саяси жүйесін мүлдем қайта құру қажеттігін алғашқылардың бірі болып терең сезінген Президент Н. Ә. Назарбаев еді. Принципті мәселелерде әрқашан батылдық танытатын ол, қоғамды қоғамды демократиялық жолмен қайта құру үшін, нарықтық экономикаға көшу үшін нақты жол бар екендігін басқалардан бұрын көрегенділікпен көре білді, ақылға сай пайымдады. Бұл бағытқа бет бұрғанда солшылдаққа жол берілмеу керек екендігін қатаң әрә дер кезінде ескертті. «Былық пен анархияның рынокке апармайтынын» ашық айтты, кейбіреуділердің нарықтық қатынастардың қажетті алғышарттары құрылғанға дейін мемлекет басшылығы мен экономикалық процестерге жүргізілетін бақылауды бірден жойғысы келетіндігінің аса қауіпті екендігін де ескертті.

Н. Ә. Назарбаев өзінің ТМД бойынша әріптестеріне Достастықтың біртұтас халық шаруашылығы кешенінің не екенін (КСРО тарағанға дейінгі), ондағы еңбекті бөлу және мамандандыру жүйесінің қандай екенін пайымдап ой елегінен өткізу қажеттігін айтты. Бұл кешен, шындығында, түбегейлі өзгертуді қажет еткенімен, өндіріс пен өнім тұтыну теңдестірілген, планетамыздың алтыдан бір бөлігінде тұратын халықтың сұранымен қамтамасыз еткен кеңістік, деді ол.

Бұрынғы кеңес кеңістері елдері басшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстан Президенті жалпыәлемдік дамудың сара жолы ерекшелену, бөліну арқылы емес, интеграция, қосылу процестері арқылы өтетіндігін түсінді, соны берік сеніммен дәлелдей бастады.

Мысалы, ТМД-ның пайда болу процесін алып қарйық . 1991жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белорусь басшылары Беловеж келісіміне қол қойды. Одақ бөлінетін болса, қалыптасқан жағдай славян және түркі тілдес республикалардың біріне бірінің қарсы тұруына, этникалық негіздегі тайталасуға әкеп соғуы, болжап болмайтын салдарға соқтыруы мүмкін еді. Оның үстіне, барлық кеңес кеңістігінің өз ішінде мемлекетаралық қатынастар жүйесі, сондай-ақ ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары жоқ еді.

Уақиғаның теріс бағыт алмауы үшін 1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабад қаласында Орта Азия мемлекеттерінің басшысы-Н. Ә. Назарбаев, С. Ниязов, И. Каримов, А. Ақаев, Р. Набиев бас қосты. Өте қиын келіссөздердің барысында Н. Назарбаевтың позициясы ең дұрыс позиция деп танылды, оны И. Каримов қолдады, онда ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру үшін, славян мемлекеттерінің басшыларымен сұқбаттасу ұсынылды.

Етек алып келе жатқан ықпалдаспаушылықты тоқтатып, араға күйрейтіндей жік түсірмеу Н. Ә. Назарбаев барлық мүдделі мемлекеттердің Қазақстанда бас қосуын талап етті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина басшыларыҚзақстан астанасында бас қосты, Алматы Декларациясына және Тәуелсіз елдердің достастығын құру туралы Хаттамаға қол қойды.

Алматы Декларациясы негізінде Қазақстан Президентінің халықаралық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ортақ қорғаныс кеңістігін және ядролық қаруға ортақ бақылауды сақтау мақсатында бірқатар үйлестіруші органдар құру жөніндегі, ТМД-ға қатысушылардың өзара қарым қатынасы тең құқылық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын және осы шекарасының мызғымастығын құрметтеу принципі негізінде жүзеге асырылуға

тиіс деген идеясы алынды. Мемлекет басшыларының Кеңесін құруды көздеген ТМД-ның үйлестіру институттары туралы Келісім және басқа да құжаттар қабылданды. 1993 жылдан бері Минскіде Достастықтың атқарушы хатшылығы жұмыс істеуде. Сонымен қатар сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, қорғаныс министрлерінің Кеңесі, салалық ынтымақтастық органдары-сыртқы экономикалық ведомстволар басшыларының Кеңесі, мұнай және газ бойынша Парламентаралық кеңес, экономиканың көптеген салалары басшыларының Үкіметаралық кеңестері құрылды(80-нен астам) .

Достастықтың негізгі мақсаты-саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өзара тиімді жағдайда бірлесіп шешу мақсатында бұрынғы кеңес кеңістігі республикаларының интеграциясын қамтамасыз ету.

Достастықтың алғашқы күннен бастап-ақ Президент Н. Ә. Назарбаев ТМД-ны беделді не қабілетті бірлестікке айналдыру әрекетіне кірісті. Жалпы экономикалық кеңістікті сақтап қалу, шаруашылық байланыстарын дамыту, ұжымдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша атқарылатын шараларды үйлестіру органдарын құрудың қажеттігін бірден түсінген ол, барлық күшін осы бағыттағы жұмыстарға жұмсады. 1993 жылдың өзінде-ақ Достастық

мемлекеттерінің өзара байланысын нығайтатын және іс-әрекетерін үйлестіретін бірқатар маңызды құжаттар дүниеге келді.

Жылдың басында Минск қаласында ТМД Жарғысы қабылданды, ол Достастықтың ынтымақтасуға құқықтық негіз беретін басты құжаты болып табылады.

1993 жылғы мамырда Мәскеуде өткен кездесуде ТМД-ның үйлестіру -консультациялық комитеті мен Атқарушы хатшылығы құрылды, бұлардың қажет екендігі жайында Н. Ә. Назарбаев ТМД-ның алғашқы күндерінен бастап айтқан болатын. Бұл органдар қазір мемлекет басшылары Кеңесі мен үкімет басшылары Кеңесінің мәжілістерін өткізу мәселесімен айналысады, дайындық, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

1994 жылғы қазанда Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитеті(МЭК) құрылды.

Оның міндеті Достастықтың ұйымдық құрылымын нығайту, негізгі күш-жігерді ықпалдасуды және оның тетіктерін жетілдірудің тиімді, төте жолдарын табуға бағыттау еді.

Еркін сауда аймағын құру туралы, ал 1995 жылы мемлекетаралық валюта комитетін құру туралы шешім қабылданды.

1995 жылғы 20 қаңтарда Ресей, Белорусь және Қазақстан қатысқан Кеден одағы туралы үшжақты Келісім жасалды.

1996 жылғы наурызда Ресей, Белорусь; Қазақстан және Қырғызстан арасында жасалған жан-жақты жақындасу және ықпалдасуды тереңдету туралы Шарт экономикалық ынтымақтастықты жамыту жолында жаңа қадам болды.

ТМД елдері арасындағы нарықтық, бұрын беймәлім, экономикалық байланыстарды реттеу үшін келісім-шарттар жасасу қажет екендігіне баса назар аударылды, бұл бағытта көп жұмыс атқарылды.

Дегенмен, ТМД және оның органдары, көпе көрінеу, алда тұрған мәселелерді шеше алмады, қолда бар ықпалдасушылық әлуетті-экономикадағы бұрынан жақсы қалыптасқан ықпалдасуды, саяси-әлеуметтік құрылымдардың, халықтардың ой-түсінігінің ұқсастығын, көптеген елдердегі көпұлттық құрамды, тарихи дәстүрлердің ортақтығын пайдалана алмады.

Ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін мемлекетаралық ықпалдасуды сақтау және дамыту процесімен үйлестіре алмады.

Бұл жайында Н. Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында былай дейді: «Тарихтың айтқанына жүгінсек, әлемдік қауымдастыққа XX ғасырда қалыптасқан ықпалдастық негізге сүйене отырып, күллі Достастықтың бірлескен қимыл-әрекетімен атсалысқанымыз тиімді.

Бірақ бұл логикалық ТМД жұмысында жүзеге асырылуы мардымсыз болды. Ықпалдасу стратегиясының ауқымын кеңейту мақсатында Н. Ә. Назарбаев Кеден одағын нығайту, еркін сауда аймағын құру және Достастықтың органдарын жетілдіру жөнінде бірқатар жаңа бастамалар көтерді.

Мемлекет басшылары Кеңесінің мәжілісінде сөйлеген сөзінде ол Достастықтың керек екендігін, қазіргі өмір шыңдығын, әр елдің стратнгиялық мақсаттары мен мүдделерін, аймақтық ықпалдасудың әлемдік тәжірибесінескере отырып оның жұмысын өзгерту, жақсарту қажет екендігін айтты.

Н. Ә. Назарбаевтың алысты болжамайтын мемлекеттік қайраткер және ғалым-қоғамтанушы ретіндегі тағы бір ірі еңбегі, ол -Еуразия одағын құру жөнінде идея ұсынуы, оның тұжырымдамасын жасап алға тартуы. Бұл Одақ ТМД елдерін ықпалдасудың болашақтағы нысаны болады, еуразия өркениетіне серпіліс береді деп санайды ол.

Бұл идея 1994 жылы туған. Мәскеуге барған ресми сапары кезінде Н. Ә. Назарбаев 29 наурызда ММУ-дың профессоры-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Осы жерде ол мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі өз ойын алғаш ортаға салды.

Мұнда ТМД-дан өзгеше принциптер болатындығы, оның негізін осы бірлестіктің сыртқы саясаты, экономикалық қызметін, қорғаныс саясатын үйлестіретін, ұлттық деңгейден жоғары тұрған органдар құрауы тиіс екендігін айтты. Стратегиялық маңыздылығы бар мәселелерді талқандау үшін мемлекет және үкімет басшыларының кеңесінқұру ұсынылды. ТМД-ға қарағанда мұның ерекшелігі -идея авторының ойынша, ортақ азаматтықтың енгізілуі.

Бірақ, бұл жағдайда, толық теңдік, бір-бірінің егемендігін, және басты құқығын құрметтеу, әр мемлекеттің жеке даралығын мойындау принципі сақталуға тиіс.

Өздерін игі істермен көрсетіп келе жатқан Еуропалық одақ және басқа да одақтар бар, сондықтан «Одақ» деген сөзден секем алмау керек деді Н. Ә. Назарбаев.

Н. Ә. Назарбаевтың осы ұсынысы «Мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру туралы» жобаға кіргізілді, бұл жоба ТМД елдерінің басшыларына жіберіліп, кейін бірқатар басылымдарда жарық көрді.

Бұл идеяға қатысты айтылған пікірлерді бірдей деуге болмайды:

Ресейдің ғылыми қоғамы жобаны негізінен қолдады, ресми Киев тұжырымды түрде мақұлдады. Эдуард Шевернадзе үшін бұл бастама қызғылықты болса, Минск оны оң үрдіс деп бағалады, армян басшылары да «құлақ асты».

1994 жылғы 18 маусымда демократиялық реформалардың халықаралық қозғалысының бастамасымен құрылған «Жаңа келісімге» форумы «Еуразия қауымдастығы: әртүрліліктегі ортақтық» атты кең ауқымды конференция өткізді, оған бұрынғы кеңес кеңістігі мемлекеттерінің 30 ға жуық партиялары мен 60-тай қоғамдық қозғалыстарының өкілдері қатысты. Оның делегаттары халықтарға парламенттерге және мемлекет басшыларына бірауыздан ұжымдық үндеу қабылдады. Онда былай делінген: «Біз Қазақстан Президенті ұсынған Еуразия одағының жобасын қолдаймыз және мемлекет басшыларын оған өз халықтарының мүдделері тұрғысынан қарауға шақырамыз».

Бастама көпшілікке кең таралып кеткендіктен оны жасырып жаба салу мүмкін емес еді. Оны практика жүзінде іске асыруға әзірше қадам жасалғанмен ол көпшіліктің санасына бекем ұялап қалды. Бұл орайда Гётенің «орындалуы мүмкін емес жақсы мақсаттар қол жеткен жаман мақсаттардан қымбат» деген сөздер еске түседі. ТМД-да ол кезге дейін қол жеткен, біріқ өзінен түңілткен мақсаттар аз емес еді. Сондықтан алдағы үміттерде, бұрынғыдан қалған азды көпті сенімдер де Еуразияға бағышталуға тиісті.

Ықпалдастық әулеті зор Еуразия бастамасын ұсынғанда Қазақстан Президенті оның бұрынғы кеңес кеңістігінде жүзеге асырылуын көздеді және оны басқалардың мойындап, қолдау көрсету үшін қажырлылық танытты.

«Нұсқалар жоқ-бірінші кезекте Еуропа кеңістігін қамтитын ғаламдық ықпалдасуға оған сенімі зор» бұл біздің барлық халықтарымыз бен елдеріміздің мүддесіне сай келеді. Бұл-бір жола аман қалудың бірлден бір жолы, әрқилы гео саяси апаттар мен әлеуметтік -саяси аласапырандардан сақтандырудың бірден бір кепілдігі. Әлем түгелдей қазір ықпалдасуға күш жігерін біріктіруге қатынастарды ақылмен реттеуге ұмтылып отыр.

1999 жылы 26 ақпанда Мәскеуде Кеден одағы және бір тұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылды. Онда бес мемлкеттің-Қазақстанның, Ресейдің, Белорусьтің, Қырғызстанның және Тәжікстанның өзара қатынастарына мүлде жаңа негіз алды. Бұл «Бестік» өз іс-қимылдарын өзара келісе жасап қаржы экономикалық дағдарыстыт бірлесіп жеңуге тығырықтан бірін ала шығуға кірісті.

2000 жылы 10 қазанда Астана қаласында Президент Назарбаевтың төрағалық етуімен Кеден одағына қатысушы елдердің Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісі өтті.

Самитте сөйлеген сөзінде Назарбаев сол кездесудің бес мемлекет тарихының жаңа беттерін ашатын айтулы оқиға болатындығына сенім білдірді. Қазақстан басшысы Кеден одағы шеңберінде интеграцияның дамытудың елдердің экономикасына оң ықпал жасайтыны оның дамуына жағдай туғызытының айтты Кеден одағы құрылған бес жылда оған мүше елдердің экономикалық саясатында бір-біріне бетбұрыс бар, сыртқы экономикалық үйлестіру шаралары келісіліп жүргізілуде .

2000 жылғы мамырдағы саммитте кейін ықпалдасудың басты бағыттары анықталды, Кеден одағы және біртұтас экономикалық кеңістік туралы Шарттың мақсат міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған бірқатар келісімдер мен құжаттар қаралып мақұлданды.

ТМД елдерінің экономикалық ыңтымақтастығы .

Бұрынғы КСРО республикалары тәелсіз мемлекеттерге айналғаннан кейін жаңа мемлекеттер арасында экономикалық қарым қатынастарды реттеуде халықаралық деңгейде құқықтық вакуум пайда болды. Бұл вакуум әрине тарихи қалаыптасқан экономикалық байланыстардың әлсіреуіне және қысқаруына әкелді. Мұның өзі әр жаңа мемлекеттің экономикасына келеңсіз әсер етті.

Минск шартында 1991 жылы 8 желтоқсаннан бастап ТМД құру туралы Беларусь, Ресей және Украина «Достастықтың үйлестіру институттары арқылы, өзара тең құқықтық негізінде атқарылатын, бірлескен іс шаралар аясында « Жалпы экономикалық кеңістікті, сонымен қатар «жалпыеуропалық және еуразиялық рыноктарды»қалыптастыру және дамыту керектігін мәлімдеді»

Бұл формула бұрынғы 11 кеңес республикаларының ТМД-ға бірлесуі туралы Алматы декларациясында 1991 жылы 21 желтоқсанда қайталанды.

Қазіргі кезге дейін «жалпы экономикалық жетістікті» құру және дамыту мемлекетаралық деңгейде шартты түрде талпыныстар аз болған жоқ. Бірақ «дамыту» туралы айту дұрыс емес, КСРО ішіндегі нақты болған жалпы экономикалық кеңістіктің сақталуы қажет еді.

ТМД елдерінің мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты құқықтық реттеу көп жақты және екі жақты негізде іске асырылып келеді. 1993 жылы 22 қаңтарда ТМД-ның ең жоғарғы органы-мемлекет басшылары Кеңесі қабылдаған ТМД жарғысында мақсаттары мен принциптері арасында: жан-жақты және байланысты экономикалық және әлеуметтік даму, мемлекетаралық кооперация және интеграция; өзара тиімді экономикалық және ғылыми техникалық ынтымақтастық интеграциялық процестерді кеңейту деп түсіндіреді.

Жарғының ерекше бөлімі экономикалық ынтымақтастық құқықтық реттеу әлеуметтік және құқықтық байланысты дамыту туралы өндіріс өнімдерін стандарттау және сертификациялауды интеллектуалды меншіктің құқығын қорғауды көлік және байланыс жүйелерін дамытуды несие қаржы саясатын үйлестіруді сауда экономикалық байланыстарды дамытуды және т. б. түсіндіреді.

ТМД-ның өмір сүру ұйымдастыру құқықтық тұрақсыздығы кездейсоқ емес, ол көбінесе ел басшыларының саяси еріктерінің болмауы экономикалық кеңістікте яғни ресми мағұлымдаумен түсіндіріледі.

ТМД-ның кезінде Жарғыдан басқа да көптеген жағдайларда экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Олардың ішінде:

тауарды жеткізудің ортақ шарттары туралы 1992 жылы 20 наурыздағы келісім;

онда мемлекетаралық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы 1992 жылдың 15 мамырындағы келісім;

ТМД-ның сыртқы экономикалық қызмет саласындағы жалпы тауарлық номенклатура туралы 1995 жылы 3 қарашадағы келісім және тағы басқа. Инвестициялық қызметтегі қатынасты реттеуге-инвестициялық қызмет саласында ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 24 желтоқсандағы келісім арналған. Бұл құжатөз түрінен-инвестицияларды жан-жақты нұсқада марапаттау және қорғау туралы келісім.

Экономикалық Одақ.

ТМД елдерінің өзара реттеуде ынтымақтастықты универсалды Еуропалық одақ ұйымы түрінде шектеулі экономикалық одақ құру туралы келісім шарт жасау болды. Келісім 34 баптан құрастырылған және көптеген қосымша акттар қабылдауды қажет етті. Экономикалық Одақтың мақсаттары ішінде: жалпы экономикалық кеңістікті біртіндеп кезең бойынша құру, қызмет капитал жұмыс күшімен, тауар айналымының еркін алмасуы; ақша несиесін бюджеттік салықтық бағалық сыртқы экономикалық кедендік валюталық саясаттарды сәйкестендіру. Мұның бәрі-еркін сауда ассоциациясы арқылы кедендік одақ, жалпы рыноктік бағалар, қызмет капитал, жұмыс күш және валюталық одақ арқылы жүргізіледі. Бірақ бұл мақсаттарға жету алдын ала нақта мерзімге келісумен, кейбір іс-шаралардың орындалуымен басшы органдар құрылумен заңдастыру жағынан қамтамасыз етілмеген. Экономикалық Одақтың келісім шарты өз алдына ниеттер туралы келісім сияқты көрінеді.

Экономикалық Одақтың институттық негізін нығайтуға бағытталған әрекет 1994 жылы 21 қазанда жасалған мемлекетаралық экономикалық комитет құру турлы келісім еді. Ол мемлекеттердің кейбір мәселелері бойынша бұйрық беру сипатына ие. Бірақ комитеттің қабылдаған шешімдерімен орындалуы үкіметтердің шешімдерімен бірдей болуы керек, демек олардың міндеттемелері жоқ. Негізінен комитеттің шешімдері ұсыныс сипатында болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Ресейдің әскери - саяси жағдайы
Интеграция
Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АНГЛИЯМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігі
Федерациясымен қарым - қатынастары
Саяси құрылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
XX Ғ. 90-ЖЫЛДАРЫ МЕН XXI Ғ. БАСЫНДАҒЫ КАСПИЙ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ АХУАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz