Қазақ тіліндегі есім негізді туынды сөздердің сөзжасамы


Әділбеков Айдос Кя 29- 1 с
Тақырыбы «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-бет
1 КҮРДЕЛІ АТАЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 6-бет
1. 1 Тіл біліміндегі күрделі сөздер мәселесі . . . 6-бет
1. 2 Қазақ тіліндегі сын есім + зат есім үлгісіндегі аталымдардың жалпы сипаттамасы . . . 12-бет
1. 3 Қазақ тіліндегі сындық мәнді есім негізді аталымдардың мағынасы мен түрлері . . . 21-бет
ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ . . . 31-бет
2. 1 Түр-түс компонентті есім негізді аталымдардағы ұлттық дүниетанымның тілдік көрінісі . . . 31-бет
2. 2 Түр-түс компонентті есім негізді күрделі аталымдардың мағынасы мен таңбалық қызметі . . . 44-бет
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59-бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ . . . 61-бет
К І Р І С П Е
Зерттеудің өзектілігі. Диплом жұмысы тіл біліміндегі ең даулы, әлі шешімін таппай жүрген күрделі сөз мәселесіне жататын қазіргі қазақ тіліндегі есім негізді күрделі сын есімдердің құрылымын зерттеуге арналған. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздер мәселесінде тек етістіктерге ғана Б. Қасымова тарапынан арнайы зерттеу жасалған. Ал сын есімнің синтетикалық сөзжасамын зат есім сөзжасамымен бірге бұдан 40-50 жыл бұрын Ә. Төлеуов зерттегені белгілі. Жалпы зат есім мен сын есімді жеке сөз табы ретінде 40 жыл бұрын Ж. Шәкенов зерттегені де бар. Осы еңбекте күрделі есімдерге аздап көңіл бөлінген. Белгілі ғалым Н. Оралбаева қазақ тілінің сөзжасамын зертеген еңбегінде сын есімнің сөзжасамына біршама тоқталған. Н. Оралбаеваның шәкірттері Н. Шаһаман, Г. Мамаевалардың зерттеу жұмысына да зат есім мен сын есімдер арқау болған. Бірақ күрделі аталымдар ретінде сын есім + зат есімнің құрылымы арнайы жеке сөз болмаған. Ал қазақ тіліндегі мұндай үлгідегі күрделі аталымдар- тіліміздің лексикалық құрамынан мол орын алатын, өте өнімді, мол тілдік құбылыс. Тілде өзіндік орны бар, жекелеген құбылысқа жатпайтын күрделі аталымдардың құрылымының жан- жақты қарастырылуы осы мәселенің зерттелуінің қажет екеніне, зерттеу нысанының өзектілігіне дәлел.
Осындай тың мәселелердің бірі - аталымның жасалуындағы сананың, танымның, ойлаудың тілдегі таңбасы бүгінгі лингвистикада кешенді зерттелуде. Тіл мен ойлау - бір-бірімен байланысты заңды құбылыс. Қазақ тілін талдап тануда А. Байтұрсынұлының еңбегін ерекше атау керек. Тілші: « . . . қазақ сөзі не байырғы мағынасын жаңғырту (өзгерту) не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар, көбі жасанды сөздер » [1, 21 б. ] - деп жаңа термин ретінде өзі ендірген жасанды сөздердің қызметі жөнінде нақты пікір білдірген. Тілдегі таным көрінісі - таңбаны ғылыми тұрғыдан саралау қазақ тіл білімінде өзекті мәселе болып табылады. Таңба-аталым неден басталады, қандай заңдылықтармен жүзеге асады, белгілері қандай деген сұрақтар, оның дамуы және қалыптасу үдерісін терең зерделегенде, талдағанда ғана шешімін табады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Диплом жұмысының негізгі арқауы, өзегі- есім негізді туынды сөздердің сөзжасамы, атап айтқанда, қазақ тіліндегі сын есім + зат есім үлгісіндегі күрделі аталымдар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қазақ тіліндегі есім негізді туынды сөздердің сөзжасамын сипаттау, атап айтқанда, күрделі сын есім + зат есім үлгісіндегі күрделі аталымдарды теориялық негізде зерттеп, оның өзіндік белгілері, құрамы мен жасалу жолы және мағыналарының қалыптасу ерекшелігін, мағыналық топтарын белгілеу және түр-түс компонентті күрделі аталымдарды танымдық негізде түсіндіру, олардың тілдегі мазмұны мен қызметін саралау осы жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін, төмендегі мәселелерді шешу міндеті алға қойылды:
- Жалпы күрделі сөз мәселесі туралы белгілі теориялық тұжырымға келу, күрделі аталымдар мәселесін зерттеуде жалпы күрделі сөз теориясына сүйену;
- Күрделі аталымдардың құрамын және күрделі аталымдардың мағына тұтастығын анықтау;
- Күрделі аталымдар құрамындағы сыңарларды сөз табы тұрғысынан сипаттау;
- Қазақ тіліндегі түр-түс ұғымдарымен жасалған күрделі аталымдардың шығу төркінін, қалыптасу жолдарын айқындау арқылы халық дүниетанымындағы тілдік таңбалардың мәнін анықтау.
Зерттеудің дереккөздері . Жұмыстың тілдік деректері - «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1-10 т., 1974-1986), І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977), Ф. Р. Ахметжанова мен Қ. Т. Қайырбаеваның «Түр-түске байланысты тұрақты сөз тіркестері» (2000) . Сондай-ақ, қазақ тіліндегі көркем әдебиет туындылары мен мерзімді баспасөз беттерінен мысалдар алынды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысында дәстүрлі-құрылымдық грамматикаға қатысты ғылыми пікірлер негізге алынды. Ұлттық тіл біліміндегі күрделі аталымдарға қатысты ғалымдардың ғылыми тұжырымдары мен қағида, ой-пікірлері дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі болады. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов еңбектерімен қоса, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, К. Аханов, Ә. Қайдар, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, К. Құсайынов, Ж. Шакенов, Т. Әбдіғалиева, Б. Қасым, А. Салқынбай, Б. Момынова т. б. зерттеулері басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының барысында жинақтау, талдау, салыстыру, уәждемелік, семантикалық талдау, когнитивтік талдау әдістері пайдаланылды. Сөзжасам, аталым, уәждеме, когнитивтік теориялар, ғылыми тұжырымдар, танымдық лингвистиканың «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының қағидалары басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығын мынамен дәлелдеуге болады:
- күрделі аталымдардың тілдік табиғатын танытатын тіл иесінің атау жасаудағы таным негіздері ономасиологиялық тұрғыдан сараланып, күрделі атаулардағы мағынаның қалыптасуына ықпал ететін - ақ, қара, көк, қоңыр, қызыл, сары т. б. түстерінің таңбалық мәні нақты тілдік деректер арқылы анықталды;
- бірқатар түр-түс күрделі атауларының этимологиясы ашылды;
-күрделі аталымдардағы жаңа ұғым, жаңа мағына жасаудағы түр-түс ұғымдарының танымдық қызметі анықталды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттағы зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге үлес қосады. Зерттеу нәтижелерін ұлттық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған дәрістерде, жоғарғы оқу орындарында «Қазақ тілінің семантикасы», «Сөзжасам» пәндерін, когнитивтік лингвистика мәселелеріне арналған арнаулы курстарды жүргізуде, зерттеу барысында талдау жасалған тілдік деректерді «Қазақ тілі» пәнін оқытуда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 КҮРДЕЛІ АТАЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазіргі кезеңде «тіл мен этнос» мәселесіне қатысты тіл біліміндегі көптеген зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық сипатты, ұлттық танымды, ұлттық рухты тануға, танытуға негізделген. Дегенмен халық танымының дерегі ретінде тіл әлі де болса жеткіліксіз қарастырылуда. Осыған орай тілдегі мәдениеттің айқын үлгілері, әсем өрнектері ажарланған ұлттық таңбалар (символдар), соның ішінде түр-түстік таңбалар болмысын тіл арқылы ашуды осы мәселе айналасындағы зерттеулердің жалғасы деуге болады. Ұлттық таңбалардың негіздері - белгі, нышандар халық болмысында әмбебап категория екені даусыз. Бірақ бұл зерттеу жұмысында сындық түстермен жасалған күрделі аталымның қалыптасу, дамуындағы негізгі қызметі халық танымы мен рухани-материалдық мәдениетінің негізінде қарастырылады.
Ал мұндай талдау ең әуелі сол күрделі мәселенің теориялық негізін айқындау арқылы жүзеге асатыны белгілі.
1. 1 Тіл біліміндегі күрделі сөздер мәселесі
Сын атауының шығу тарихы жайында белгілі ғалым С. Аманжолов: «Кейбір сын есімдердің әлі күнге шейін әрі зат есімдік, әрі сын есімдік мәні бар мысалы:) « көк » әрі нәрсенің түсі, әрі «аспан» мәнінде; « қара » әрі «мал» мәнінде: « қызыл » әрі нәрсе түсі, әрі қоғамдық топтың символы т. б. Кейбір түркі тілдеріндегі материалдарды салыстыра тексерсек, бір тілде зат есім болып жүрген сөз екінші тілде сын есім орнына қолданылады екен. Мысалы, «қызыл»
- азербайжан тілінде зат есім, «алтын» деген сөз, бізде ол сын есім мәнінде, ал азербайжан тіліндегі «қырмызы» - жібектен істелген товардың аты, зат есім» [2, 337 б. ] деген пікірді білдіреді. Бұл тұста сындық түстердің аталымжасаудағы қызметі сол кездің өзінде мәні зор екенін байқауға болады.
Тілдік таңбалар халықтың дүниені түйсінуінен хабар беретін ақпараттық дереккөз ғана емес, сонымен қатар ғаламның тілдік бейнесін жасайтын ұлттың эстетикалық таным-талғамын, кәсібін, мінез-құлқын, ырым-нанымын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық рухын ұлттық тіл арқылы сақтап, жан-жақты таратып танытады. Осыған орай белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениетінің көріністері тілде тарихи-мәдени тілдік таңба ретінде қалыптасады.
Демек «әлемді тіл арқылы танудың» әр ұлт тілінде түрлі сипатқа ие екендігі туралы шешімге келіп, осы түстердің тілдік сипатын тануға, әр ұлттың болмысын тануға күрделі аталымдардың негізінде келуге болатынына көз жеткіздік. Күрделі аталымдарды танып білуде профессор Қ. Жұбановтың еңбегі ерен. Ол қазақ тіліндегі күрделі сөздердің жасалуына мән бере отырып, күрделі атаулардың тілдік таңбалық мәнін қарастыру өзекті мәселе деген болатын [3] . Сондықтан да қазақ тіліндегі түр-түс негізді күрделі атаулардың тілдік таңбалық мәнін қарастыру - тіл мен таным, тіл мен ойлаудың бірлігінен туған өзекті мәселенің бірі.
Күрделі сын есім мәселесі тіл біліміндегі күрделі сөз мәселесіне жатады, оның анықталмаған мәселелері өте көп. Ал күрделі сөз мәселесі жалпы тіл біліміндегі өте күрделі, түрлі көзқарастарға толы мәселелер тобына кіреді.
Күрделі сөздердің тілдерде алатын орны бірдей емес. Олар тілдердің лексикалық жүйесінен әркелкі орын алады. Күрделі сөздер жоқ тілді көрсету өте қиын, бірақ күрделі сөздер, әсіресе, неміс, ағылшын, жапон, хинди, орыс тілдерінде кең дамыған.
Неміс, орыс, түркі тілдерінде күрделі сөздердің зерттелуіне шолу жасай келіп, Ф. А. Ганиев өзінің күрделі сөздерге арналған еңбегінде былай деп жазады: « Как видно, разработка теории словосложения и сложных слов в языкознании имеет давнюю историю. Несмотря на это, до сих пор нет стройной теориисловосложения, все еще окончательно не установлены единые критерии классификации сложных слов » [4, 3] .
Жалры тіл білімінде күрделі сөз мәселесінің теориялық мәселелерінің шешілуі жеке тілдердегі әр сөз табының күрделі сөздерінің толық зерттелуіне байланысты екні даусыз. Осы ретте, қазақ тіл білімінде күрделі сөздер мәселесі Г. Жәркешованың, А. Ысқақовтың, К. Ахановтың, Н. Оралбаеваның еңбектерінде сөз болғаны, осы мәселеде бұл ғалымдардың өзіндік пікірлері бары белгілі. Б. Қасымова күрделі етістіктерді зерттеп, арнайы ғылыми еңбек шығарған. Бірақ тілден кең орын алатын сан алуан түрлі күрделі сөз мәселесімұнымен де шешімін таба қоймаған.
Ал күрделі сын есім ешқашан арнайы жеке зерттелмеген екені де анық болды. Тіпті күрделі сын есім атауы мектеп грамматикасына 1952 жылы / А. Ысқақов / алғаш рет кірген екен. Осыдан ол ғылыми айналымға ене бастады. Ж. Шәкенов « Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы » деген зерттеу еңбегінде күрделі сын есім жөнінде біраз өзіндік пікір айтқан [5] .
1954 жылғы ғылыми грамматика мен 1964 жылғы қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан жоғарғы оқу орнына арналған оқулықта А. Ысқақов күрделі сын есім туралы пікір айтып, оның жасалу жолын көрсеткен [6, 7] . Бұл күрделі сын есімнің алғаш рет ғылыми грамматикадан орын алуы болып саналады. Бірақ мұндағы күрделі сын есімдер туралы мәлімет оқулық көлемінде ғана болғаны белгілі.
Күрделі сын есімдердің құрылымын анықтауда жалпы күрделі сөз теориясына сүйену және күрделі сөздің ғылымдағы анықтамасы, жасалу жолы, түрлері, күрделі сөздің жалпы тіл білімі мен түркология, қазақ тіл білімінде көрсетіліп жүрген белгілерін анықтау қажет.
Түрлі тілде күрделі сөзге беріліп жүрген анықтамаларды, сипаттамаларды қорыта келгенде, онда күрделі сөздердің төмендегі белгілеріне ғалымдардың назар аударғаны анықталды:
- күрделі сөздің құрамы екі не одан да көп сыңарлардан құралатыны;
- күрделі сөздің біртұтас сөз, бір мағыналы лексикалық бірлік екені;
- А. И. Смирницкийден басталған сөздің бір белгісі ретінде көрсетілген цельнооформленность деген ұғым. Рас, А. И. Смирницкий оны ішкі мағына бірлігі мен сөздің сыртқы бірлігі ретінде түсіндірген;
- сөйлеуде жеке сөз ретінде бөлінуі, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаруы;
- сөйлемде мағына және грамматикалық жағынан тұтастығы арқыы бөлінетін сөздер тобы;
- сыңарларының негізгі және туынды сөз болып келуі;
- сөйлемге басқа сөздер сияқты дайын сөз ретінде алынатыны;
- күрделі сөздердің толық мағыналы сыңарлардан жасалатыны;
- күрделі сөздердің сыңарларының түрлі сөз таптарынанқұрала беретіні, бірақ оның тұтас бір сөз табына жататыны;
- күрделі сөздердің сөз тіркесінің бір ғана мүшесі болатыны сияқты белгілеріне ғалымдар анықтамаларында көңіл бөліп отырған.
Күрделі сөздердің бұл белгілерінің бәрін түгел көрсеткен бір де бір еңбек жоқ, бірақ әр ғалым күрделі сөздің өзі таныған белгілерін көрсетіп отырған.
Күрделі сөздерді тануда жалпы тіл білімінде күрделі сөз сыңарларының бірге жазылуы негізгі белгі етіп алынады, сондықтан онда біріккен сөздер ғана күрделі сөз болып / словосложение / танылады, басқа күрделі сөз түрі мүлдем көрсетілмейді деуге болады.
Ағылшын тілінің маманы А. И. Смирницкий сөздің бір белгісі тұтастық деп дәлелдегені белгілі [8] . Бұл теприя ғылымда көп уақыт қолданылады. Ол туралы О. Д. Мешков былай дейді: «Известно, что термин «цельнооформленность» был введен А. И. Смирницким и весьма плодотворно использован при исследовании словосложения как английского, так и других языков» [9] .
Көпшілік еңбектерде А. И. Смирницкийдің бұл пікірін мағына тұтастығы мен орфографиялық аспектідегі бірге жазылумен байланыстырады. Ал осы орфографиялық белгінің біріктіру тәсілінің тиянақсыздығы индоевропа тілдерінің өзінде де көрсетіліп жүр. Бұл туралы О. Д. Мешков ашық айтқан. Ол: « Всякому, кто хотя бы поверхностно знаком с совроменными периодическими изданиями стран английского языка, хорошо известен тот разнобой, который царит в написании ряда лексических единиц. Одни и те же единицы, подчас в одном и тот же номере газеты или журнала, могут писаться по- разному: раздельно, через дефис, слитно », - дейді [9, 3] .
Бұл жекелеген европа ғалымдарына ғана қатысты пікір емес, ондай пікірлер тіпті жиі кездеседі. Оған дәлел ретінде француз, испан тілдеріндегі күрделі сын есімдерді зерттеген О. В. Азарованың пікірін келтіруге болады. Ол: « . . . если для А. И. Смирницкого термин цельнооформленность предполагает прежде всего внешнее формальное единство слова, то мы считаем, что формальная цельнооформленность не являеться основным признаком цельности всех моделей сложных приглагательных французского языка ( и до которой степени испанского ), так как не всегда оба компонента имеют единую флексию, например, sourd- muet- sourds- muets.
Основными признаками цельнооформленности, на наш взгляд, являются: фонетическое единство ( нельзя сделать паузу между компонентами слова), семантическая цельность и синтаксическая ( невозможность сопроводить определением отдельно каждый компонент сложного слова) . Орфография, вследствие своей условности, не является релевантным признаком сложных слов во французском и испанском языках » [10, 37] .
О. Д. Мешков А. И. Смирницский ғылыми айналымға « цельнооформленность » деген терминді келтіргенімен, оның мәні ғылымда әлі ашылмай қалып келеді, оны ғалымның өзі де ашқан жоқ еді деген қорытынды жасайды. Бұл пікірді О. Д. Мешков төмендегіше білдірген: « Вместе тем до сих пор не существует однозначной и представленной в одном месте расшифровки этого термина, чего не было сделано и самим А. И. Смирницким », - дейді [9, 44] .
Ғалымның мұндай қорытындыға келуіне күрделі сөздердің түрліше жазылуы себеп болғаны сөзсіз, өйткені оның А. И. Смирницкийдің тұсында да болғаны О. Д. Мешковқа белгілі.
Егер күрделі сөз біріктіру арқылы жасалады деп саналатын тілдердің өзінде күрделі сөздер бірге де, дефис арқылы да, бөлек те жазылып жүрсе, онда ол орфографиялық белгінің күрделі сөзді танудағы дәрменсіздігін білдіреді. Олай болса, түркі тілдері, оның ішінде күрделі сөздің аналитикалық тәсілдің ішкі түрлі тәсілдері арқылы жасалуын танитын қазақ тілінің орфографиялық белгіні негіз тұтпай, күрделі сөздің мағына тұтастығын, күрделі сөзді лексикалық бірлік, бір сөз болып танылу, сөйлемде бір сөздің қызметін атқаруын негізгі белгі деп санап, соған сүйенуін дұрыс деп қабылдап, біз де күрделі сөзді тануда сол белгілерді негізге алдық. Сондықтан қазақ тіл білімінде күрделі сөздің түрлері дұрыс белгіленген деп санаймыз.
Құрамындағы сыңарларының бөлек жазылуы жалғыз қазақ тілінде ғана емес, басқа түркі тілдерінде де күрделі сөздің танылуына кедергі болып саналмайды. Анығырақ айтсақ, түркі тілдерінде орфографиялық белгі күрделі сөздердің танылуында есепке алынбайды.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, өзбек тілінің маманы М. Ганиходжаеваның осы мәселедегі пікірін келтірейік: « Под сложными словами мы понимаем слова состоящие из несколких компонентов, объединенных одним понятием, т. Е. Передающих название одного предмета, что возможно при лексикализации свободного словосочетания, в результате которой синтаксические отношения сочетающихся слов отходят на задний план и словосочетания воспринимаются как обозначение единого понятия. При этом слитное или раздельное написание роли не играет, и в то времия как в индоевропейскихязыках, в германских ( в часности, в немецком ) « цельнооформленность» является одним из ведущих критериев при определении сложного слова » [11, 38] .
Жоғарыда индоевропа тілдерінде де орфографиялық белгінің талас туғызып жүргенін айтқан болатынбыз. Олай болса, түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің күрделі сөздің құрамындағы сыңарларының бірге я бөлек жазылуын күрделі сөзді ажыратуда есепке алмауы дұрыс екені тағы да анықталып отыр.
Осымен байланысты қазақ тіліндегі күрделі сөздер деп профессор Н. Оралбаева көрсеткен аналитикалық тәсілдің 4 түрі яғни сөзқосым тәсілі арқылы жасалған біріккен сөздерді, қосарлау тәсілі арқылы жасалған қос сөздерді, тіркестіру тәсілі арқылы жасалған тіркесті күрделі сөздерді, қысқарту тәсілі арқылы жасалған қысқарған сөздерді танып жүр [12] . Бұл барлық ғылыми еңбектерде баяндалып, сонымен бірге орфографиялық принциптің күрделі сөздерді тануда негіз бола алмайтыны да жан- жақты дәлелденіп келеді.
А. И. Смирницкий сөз деп танылу үшін қойылатын белгілерді көрсеткенде, негізгі белгінің бірі ретінде сөздің шек арасын оған қосымшалардың қосылуы арқылы көрсеткен. Мұны жұмысымызға арқау болып отырған күрделі сын есімдердің біртұтас сөз болып танылуының бір белгісі ретінде сын есім шырайларының көрсеткішінің күрделі сынның соңғы сыңарына жалғануын мысалға келтіру арқылы да дәлелдеуге болады. Мысалы, қара сұрлау жігіт, қара торылау өңі, қызыл жирендеу шаш, т. б.
Күрделі сөздер тіл атаулыға өте кең тараған құбылыс болғанымен, бұл- ғылымдағы өте үлкен талас мәселе, осы мәселеде пікір алалығы да күшті, күрделі сөздер- ғылыми шешімін әлі толық таппай келе жатқан мәселе.
Әртүрлі жүйелі тілдерде күрделі сөздердің жасалуында айырма жоқ емес. Бұл жағдайдың күрделісөз туралы түрлі пікір туғызуы заңды. Бірақ бір жүйеге жататын түрлі туысқан тілдердің өзінде де күрделі сөз туралы тұрақты пікір болмай келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz