Қазақ халқының кілем тоқу тарихы



Кіріспе ... ... ... ... ... .3
I Қазақ халқының кілем тоқу тарихы ... ... 6
1.1. Кілем тоқу тарихы ... ... ... .8
1.2. Түкті кілем ... ... ... ... .11
1.3.Тақыр кілем...12
II.Кілем тоқу технологиясы
2.1.Кілем шалыс әдіс.тәсілдері ... ... ... ... .17
2.2.Кілем тоқуға керекті құрал.жабдықтар, шалыс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3.Технология сабағы ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер ... 29
Сөздіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ...30 Қосымшалар
Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар
Әр халықтың қалдырған өз ізі бар.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» , деп жас ұрпақты тәрбиелеп жетілдіруші ұстаздар алдына зор міндет қойды. Осы жауапкершілікті сезініп, ұлттық жіне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып даыту және олрға жан-жақты білім мен тәрбие беру мақсаты көзделуде. олай болса біздің міндетіміз: жаңа заман үрдісіне сәйкес қажыр-қайрат көрсете білеттін, жан-жақты жетілген өнерлі де білімді ұрпақ тәрбиелеу.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі. » - деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай, жастарға халықтың өнері арқылы тәрбие беруде ұлттық тәрбиені үндестіре білсек, ұлттық санасы, ізгілік қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелей аламыз. Жастарды жан-жақты тәрбиелі азамат етіп өсіруде халықтың қолданбалы өнер туындыларының тәлім-тәрбиелік , білім-танымдық ықпалы өте зор. Өнердің барлық түрі - өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер етеді.
Заман талабына сай, мекиеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрін, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін , өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру – ұлт мектептерінің басты міндеті.
Сондықтан нарықтық экономика жайында оқушыларды кәсіби еңбекке үйретіп, ұлтымыздың бұрыннан мұра болып келе жатқан қол өнерін меңгертуге қызықтыру керек.
Көптеген жылдар аралығында талантты қазақ шеберлері өз өнерлерін дамытып, білімдері мен шеберлік – ісмерліктерін саөтап, ұрпақтан ұрпаққа беріп келді. Қазақ халқының өнерінде, тәжірибе арқасында халық ерекшелігі құрылды. Олар халықтың эстетикалық көзқарасына лайықты қанағаттандырды.
Өнердің қай түрі болмасын қажымай-талмай еңбектенуді талап етеді. “Еңбек- өнер өрісі, өнер- өмір жемісі”-дегендей еңбек пен өнер егіз.
Қол өнер- бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы.Осыған орай халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат талғамына байланысты. Сан алуан әдемі өрнектер шалып тоқылған кілемдер киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына ыдыс-аяқ тұрған жаққа тұтуға, сондай-ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелеп қоюға өте ыңғайлы болған. Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да кілем тоқыта тоқылған.
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері, А.,1987ж.
2. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері. А., 1991ж.
3. Әзірбаева С. Қолөнерінің тұрмыстық мәні “Мәдениет және тұрмыс” 1989ж.
4. Әбдіғаппарова Ұ. М. Қазақтың ою-өрнектері. А., Өнер 1999ж.
5. Джанибеков У. Культура казахского ремесла; Алма-Ата Онер, 1982.
6. Жәнібеков Ө. Жолайрықта. А., Рауан , 1995ж.
7. Ибраиова К. Казахский орнамент. А, 1994ж.
8. Қазақ совет энциклопедиясы. А., 1975ж. 6-том.
9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 том. 105 бет.
10. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері., А., 1995ж.
11. Қазақстан Республикасының білім беретін мектептерде оқушыларды тәрбиелеу және еңбекке баулу тұжырымдамасы “Қазақстан мұғалімі” 18.01. 1992ж.
12. Левин Л.М. , Свердлин В.И. Ковры и ковровые изделия.Москва, 1960г.
13. Муканов М. С. Казахское домашние художественные ремесла., Алматы, 1979г.
14.Маргулан А. Х. Казахское народное прикладное искусство. Т-1.А., 1386г.
15.Орымхан Ж. Қазақ ханымы жоғарғы оқу орны компаненті. Кілем тоқу
өнері. Алматы, 2001ж.
16.Өмірбекова М. Ш. Ою-өрнектің қолданылуы. А., 1995ж.
17.Тәжімұратов Ә. Киіз үй және оның жиһаздарына байланысты сөздер.
Мақалдар жинағы. А., 1973ж. 173-192 беттер.
18. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы. А., Рауан 1989ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Қазақ халқының кілем тоқу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Кілем тоқу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Түкті
кілем ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3.Тақыр
кілем ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

II.Кілем тоқу технологиясы
2.1.Кілем шалыс әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..17
2.2.Кілем тоқуға керекті құрал-жабдықтар, шалыс
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3.Технология
сабағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 29

Сөздіктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымшалар

Кіріспе

Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар
Әр халықтың
қалдырған өз ізі бар.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында , деп жас
ұрпақты тәрбиелеп жетілдіруші ұстаздар алдына зор міндет қойды. Осы
жауапкершілікті сезініп, ұлттық жіне жалпы адамзаттық құндылықтар
негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып даыту және олрға жан-жақты білім
мен тәрбие беру мақсаты көзделуде. олай болса біздің міндетіміз:
жаңа заман үрдісіне сәйкес қажыр-қайрат көрсете білеттін, жан-жақты
жетілген өнерлі де білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек.
Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның
барлық өміріне апат әкеледі. - деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-
Фараби бабамыз айтқандай, жастарға халықтың өнері арқылы тәрбие
беруде ұлттық тәрбиені үндестіре білсек, ұлттық санасы, ізгілік
қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелей аламыз. Жастарды
жан-жақты тәрбиелі азамат етіп өсіруде халықтың қолданбалы өнер
туындыларының тәлім-тәрбиелік , білім-танымдық ықпалы өте зор. Өнердің
барлық түрі - өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін
ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер етеді.
Заман талабына сай, мекиеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас
ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрін, еңбекке деген
шеберлігі мен икемділігін , өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру
– ұлт мектептерінің басты міндеті.
Сондықтан нарықтық экономика жайында оқушыларды кәсіби еңбекке
үйретіп, ұлтымыздың бұрыннан мұра болып келе жатқан қол өнерін
меңгертуге қызықтыру керек.
Көптеген жылдар аралығында талантты қазақ шеберлері өз
өнерлерін дамытып, білімдері мен шеберлік – ісмерліктерін саөтап,
ұрпақтан ұрпаққа беріп келді. Қазақ халқының өнерінде, тәжірибе
арқасында халық ерекшелігі құрылды. Олар халықтың эстетикалық
көзқарасына лайықты қанағаттандырды.
Өнердің қай түрі болмасын қажымай-талмай еңбектенуді талап
етеді. “Еңбек- өнер өрісі, өнер- өмір жемісі”-дегендей еңбек пен өнер
егіз.
Қол өнер- бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы.Осыған орай
халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат талғамына байланысты. Сан
алуан әдемі өрнектер шалып тоқылған кілемдер киіз үйдің керегесі
мен туырлығының арасына ыдыс-аяқ тұрған жаққа тұтуға, сондай-ақ
үлкен үйлердің ішін бөлмелеп қоюға өте ыңғайлы болған. Ертеректе
батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да кілем тоқыта
тоқылған.
Бүгінде жастар тәрбиесіне арқау болып отырған ұлттық қолөнер-
бұл күнде бүкіл қоғамымызға ортақ, кешегі ата-бабаларымыздан мирас
болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Қолөнер- ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан үлкен даналық
ойының, қажеттілігінен туындаған өнер туындысы және атадан балаға
мирас болып келе жатқан асыл мұра.
Әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып, белгілі бір жүйеге
түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар. Мол рухани
мәдениетінің маңызды бір саласы – қолөнер. Қазақ халқының шеберлік
өнері еңбек барысында және тұрмыс-тіршілігінде қолданылатын өнермен
тығыз байланысты болды.
Көкейкестілігі: Бүгінгі таңда сәндік-қолданбалы ұлттық өнерге
баулып, ата кәсіппен айналыстырып, ұлтымыздың ғасырлар бойы жалғасып
келе жатқан шеберлігін қастерлеуге , іскерлікке баулып, еңбекке деген
қабілетін дамыту басты мақсаттардың бірі болып отыр.
Халқымыздың ежелден дәріптеп,қастерлеп келген ұлттық қолөнерінің
тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-
керуеніне ілестіру. Ата-бабамыздың еңбек жолын көз алдымызға келтіру
арқылы, кейінгі ұрпақты салт-дәстүріміздің мәңгілік жалғастығының
алтын қазығын үйретуге бағыттау.
Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде
белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге
арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әрі
заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне , білім берудің мазмұнына, құрылымына,
басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен
толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Мақсаты: Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында
алатын орнын айқындау, мағыналық тақырыптық топтарын жүйелеу. Оның
ішінде кілем тоқу өнерімен технология пәнінде оқушыларды топтастыра
отырып , олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, іс-
тәжірибелік,ісмерліктерін қалыптастыру. Әлемдік білім беру кеңістігіне
ықпалдастыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруға көп деңгейде үздіксіз білім берудің ұлттық моделін
қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды
белгілейді.
Қолөнер- халықтың сәндік,әшекейлік, қолданбалы өнер туындылары.
Ежелгі дәуірден ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып,дамып келе жатқан
рухани және материалдық мұралардың бірі болып халық қолөнері болып
табылады. Халық қолөнерінің ең бір үлкен арнасы сәндік – қолданбалы өнер.
Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих
сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика
жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетінің тікелей мұрагері және сол
дәстүрді дамытушы. Жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан
жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың сондай-ақ,
Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер еттті.
Қазақтың сәндік – қолданбалы өю-өрнегі жайлы сөз қозғанада, көз
алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Осы бір қасиетті
сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу, тігіншілік
тағы сол сияқты өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының
ежелгі замандардан қалыптасып үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан өю-
өрнегі сол сұлулық әлемннің ішіндегі ерекше саласы.
Қазақтың ұлттық киімдері, қол өнер тағы басқа бұйымдарының
эстетикалық және утилитарлық қызметтері бір-бірімен үйлесіп еңбекпен өнерді
байланыстырып тұрады. Адамды қоршаған ортаға және өмір сүруге бейімділігін
арттырады.
Қолданбалы қол өнер бұйымдарының ерекшелігі – оларды тек әдемілік
ретінде ғана емес, тіршіліктегі қажетті материалдар есебінде де қолданады.
Орамал, кілем қазақтың ою өрнегімен тәрбиелік мәні зор екендігін баланың
бойына дарыта білу үшін көп іс-тәжірибелер керек. Яғни ашық сабақтарда,
еңбек сабақтарында, сабақтан тыс уақыттарда көп ізденіспен балаға
түсіндіріп, үйреткен жөн.
Ж. Аймауытов: “Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес. Ол үнемі
жаңадан жаңаны табатын өнер”, - деп бекер айтпаған. Өнердің қыр- сырын бала
бойына ұялату үшін өмірдің өзі көп ізденуді қажет етеді.
Міндеті: Кілем тоқу әдіс-тәсілдерін меңгерте отыра қолданбалы қол
өнердің материалдық мазмұны мен эстетикалық талғамының қалыптасуын тілдік
табиғаты мен халықтың танымын, оның рухани өмірін салт-дәстүрін сипаттау.
Білім беруді басқаруға одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық
білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық нормативтік, құқықтық
базасын жетілдіру, білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру, әлемдік
білім беру кеңістігіне ықпалдасу.
Жаңалығы: Қазіргі өмір талабынан туындап отырған “компьютер”
заманында бүгінгі мектеп оқушысының ой-қиялы ғылыми техникалық – прогреспен
бірге күн санап өсуде. Сондықтан еңбек пәнінің ғылыми дәрежесінің неғұрлым
жоғары болуын қаматасыз етуіміз керек.
Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде адам ресурсын озық дамытуды
және Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіруді қамтамсыз
ететін білім беру жүйесі құрылатын болады.
Курстық жұмысымның графикалық бөліміне келгенде ең алдымен кілем
бұйымының нобайы дайындалады. Нобайды мөлшерін кішкене етіп, қара және ақ
түспен жасайды. Сосын оны түрлі-түсті бояумен көрсетеді.
Енді нобайды керек мөлшерде үлкейтуіміз керек. Курстық жұмысқа
енгізген жаңалығым сол, мектепте кілем тоқу сабақтарында тоқылатын
бұйымнның нобайы компьютердің көмегімен үлкейтіледі. Бұл өте тиімді болады
деп есептеймін. Өйткені нобайды үлкейтуге кететін көп уақыт үнемделеді.
Іс- тәжірибелік талабы: Қазіргі кезде мектеп, жоғарғы оқу орындары
халық педагогикасын кеңінен қолға алуда. “Қазақ халқының қол өнері” қазақ,
орыс тілдеріне әдістемелік құрал ретінде жарық көруде.
Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзгерістер өз кезеңінде білім
беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла
үн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда
экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Ата-бабамыздың
ұлттық дәстүрі мен өнерін одан әрі дамытуға өз қабілеттерін дамытуы қажет.
Біз егеменді ел болдық. Тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, қол өнерімізді
қайта жаңғыртып жатқан заманда ұрпақтарымызды балабақша, мектеп
қабырғасынан бастап ұлттық тәрбиеге бағыттап, қазақи дүниелерді қол
өнерімізді қайта жаңғыртып, жастарымызға үйретіп беру қажет. Ұлттық
тәрбиелік маңызы бар қолданбалы қол өнерімізді қайта жаңғыртып,
жастарымызға осы ұмытылып бара жатқан халық қол өнерінің ішінен кілем тоқу
технологиясын үйрету мен бірге өз әріптестеріммен бірге бөлісуді жөн
көрдім. Қыз балалар мектеп қабырғасында оқу орындарында қол өнерге
бейімделіп әр заттың жасалу технологиясын жетік игеріп меңгерсе, оны
өмірінде бір қажетіне жаратары сөзсіз деп ойлаймын.

I Қазақ халқының кілем тоқу тарихы
1. Кілем тоқу тарихы

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер
жиынтығын айтады. Шын мәнінде осы қол өнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқының қол өнері өзге халықтар сияқты, қазақтың қөл өнер
шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып, терген мол тәжірибелері бар.
Өз ұрпағының “сегіз қырлы бір сырлы” өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат
еткен ата-анамаыз өз бойындағы асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы
ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып насихаттап үйретіп келген.
Уақыт. Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның
дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі IX-YIII
ғасырлардан бастап дала тұрғындары бүкіл сахараның шөбін түгелдей пайдалану
үшін малды бір жерден екінші жерге онан әрмен айдап бағуға мащықтана
бастаған. Қазақ жерінде көшпелі қауым осылайша пайда болған сол дәуірдің аң
табы стиліндегі кейбір туындыларының мазмұндық желісінің тек тасқа
қашалған суреттерден ғана емес, қазаққа тән аңыздардан, ою- өрнектерден
зергерлік бұйымдардан да көріне беретіні, міне, осыдан.
Алғашқы аңшының дала жағдайында қалыптастырған баспанасын жерген
қадалған сырықтардың басын қосып буатындықтан қаңқасы сүйір болып бітетін,
сырты ағаштың қабығымен, аң терілерімен жабылатын қос (бастапқы аты
белгісіз) немесе жерді шұңқырлап қазып ортасына төбедегі түтін шығатын
тесіктің ернеуін шабақтауға орайластыра әр жерден қойылатын, үстін шөп
шалаңмен жаба салатын кіріп шығатын ойығы бар кепе.
Ғасырларды артқа салып, көшпелі малшылар аңшының сүйір қосын,
егіншілер кепесін бірте-бірте жетілдіре түскендіктен қазақ даласында тұрғын
үйдің жылжымалы және тұрақты түрлері қатар дамыған.
Қостан киіз үйге өтетін баспана – күрке, абылайша түрінде, кепеден
қоржын үйге өтетін баспана – қақыра (бастапқы аты белгісіз) түрінде болған.
Қазақ мекендеген ұлан ғайыр кеңістіктегі күн көріске байланысты
баспананың о бастағы түрлерінің бірі – осыдан шамамен үш мың жыл бұрын
пайда болған қаңқасы арба үстіне көбіне мығым, сирегірек жинастырып
ажыратылатындай тұрын үй үлгісі. Мұндай үйлер ғұндарда да,түркілерде
дегмоңғолдарда да болған. Киіз үй – көшпелі өмірге бейімделген көшіп қонуға
ыңғайлы ерте заманнан келе жатқан тұрғын үйдің бір түрі. Жартылай көшпелі
және жартылай отырықшы халықтардың арасына кеңінен тараған және күні
бүгінге дейін өзінің көне пішінін сақтап қалған бірден-бір мүлік. Киіз
үйдің пайда болуы о баста малды жайлауға жайып бағуға көшкен кезеңмен
байланысты болуы мүмкін. Киіз үйдің өте ерте дәуірдегі прототипі
Анфестрийдің Қырымдағы Сағана тамының ою-өрнектерінде, сондай-ақ
Қазақстан мен Сібірдің жартастарындағы суреттерде сақталған.
Киіз үйдің әуел бастағы құрылысы мен жасау-жиһаздары алғашқы
қауымдық құрылыстан бастап біздің дәуірімізге дейін(әр дәуірдегі
әрбір ұрпақ өкілінің соны жаңалықтармен толығып, дамып жетілген.
Қазақ халқы ертедегі көшпелі мәдениеттің ең негізгі
дәстүрлерін өзіне мұра етумен бірге онан ары қарай дамытып және
байытты.
Міне, сондай мәдени дәстүрдің белгісінің бірі – көшпелі
өмірге ыңғайлы, киіз үй болды.
Мекендеген аудандарда және табиғат жағдайларына байланысты
қазақтардың қыста немесе жазда тұратын тұрғын үйлері әртүрлі
болған. Олар жаздыгүні киіз үйлерде, ал қыстыкүні тұрақты салынған
жылы жайларда , яғни кепе, жер үй, шым үйгағаш үй т.б.деп аталатын
әр түрлі үйлерде тұрған. Олардың көбісі киіз үйдің пішінін
сақтаған.
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бірі
тошала болған. Ол дөңгеленген бір бөлмелі конус сияқты күмбезделіп
келеді. Тошаланы ағаштан қиып, тоқып немесе ойылған шымнан, тастан,
күйдірілмеген кірпіштен қалайтын болған.
Қазақстанның оңтүстігі мен орталық аймағында өзінің айқын
дөңгеленген күмбезділігімен ерекшеленетін қыпшақ үлгісіндегі киіз
үйлер басым. Солай болғанымен Жетісу аймағында күмбезделініп келген,
өзінің шығу тегі жағынан тым көне, қалмақ үлгісіндегі киіз үйлер
сақталған.
Қазақтың киіз үйі , өзінің мәдени тұрмыстық, шаруашылық
жағдайына байланысты негізгі үш түрге бөлінген:
1. қазақ халқының жаздыгүні тұруына арналған киіз үй;
2. мереке-жиын кезінде немесе қадірлі қонақты күтіп алатын киіз
үй;
3. жорық кезінде тігілетін киіз үй;
Бұдан басқа негізгі үйден бөлек асханалық, қоймаға, сарайға
арналған
да киіз үйдің түрлері болған.
Негізінде, киіз үй; қазақ үйгағаш үй; қара үй деп үшке
бөлінген.
Киіз үйдің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық т.б.
Киіз үйдің ішкі және сыртқы жабдықтары: туырлық, үзік,
түндік, ши киіз әбзелдері; ішкі жиһаздары: әбдіре, жүкаяқ, түскиіз,
кілем т.б.
Төсеніштері: алаша, сырмақ, текемет, бірсалар т.б. Тұтыну
заттары: аяққап, кесеғап, тұлып, қоржын т.б.; баулар- жел бау , бас бау,
иін бау, аяқ бау, уық бау, түңлік бау, аспа бау, босаға таңғыш т.б.
Киіз үй – қазақтың өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен
бірге асқан заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі.
Қол өнер - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте
қайнасқан өміршең өмір. Шеберлер қолынан шыққан қолөнер туындыларын
халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес.Өйткені
бұл заттар адамдарға рухани ләззәт әкелген. Қол өнер бұйымдарына
салынған түрлі-түсті ою-өрнектерден адамзат пен табиғаттың қарым-
қатынасын, бірлігін көруге болады.
Қол өнер бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы.
Қазақ қол өнерінің бүгінгісі мен болашағын айтсақ оның
өткеніне назар аудармай кете алмаймыз.Ұлттық өнердің қалыптасуына
үлкен әсерін тигізетін көшпелі өмір. Сол өмірге қажетті қол өнер
бұйымдары көшуге ыңғайлы болған.

1.1. Кілем тоқу тарихы

Қолдан кілем тоқу – халықтың көне көркем кәсібі – адамзат
баласы талшықтан иірілген жіп пен мата өндіруді игергеннен бастап
өмір сүріп келеді. Кілем тоқу мәдениеттің көнелілігі туралы
мұражайларды, көркем қорларда сақталған кілемдер, сонымен қатар
тарихшылар мен этнографтардың жазбалары мәлімет бере алады. Бізге
жеткен әдеби деректер бойынша түкті кілемдер жасау Орта Азия мен
Қытайда кең дамыған. Ең көне түкті кілем (б.з.д. Yғ.)1949 ж. Алтайдағы
бесінші Пазырық қорғанындағы қазба жұмыстары кезінде профессор
Руденко тапқан кілем 2500 жылға жуық мұз астында жатқанына
қарамастан ешқандай бүлінбеген;қазіргі кезде ол “Санк-
Петербург”Мемлекеттік эрмитажында сақталуда . Бұл кілем өлшемдері
183х200 см, тығыздығы 1дм2, 36000 түйін. Кілем өрнегі жаяу адамдар мен
аттыларды бейнелеген көмкершелерден тұрады. Соңғысы өз кезегінде
әшекейлер қатарымен өрнектелген, қимамен жиектелген. Вавилондықтар мен
Ассириялықтар кілем шеберлері ретінде танымал болған. Ассирия(Ниневия
қаласы)бізге мәрмар плитадағы барельефтер жеткен; олар бойынша лотос
гүлдері, әшекейлер басқа да ұсақ уәжді өрнегі бар кілем
суреттерінің сипаты туралы түсінік алуға болады. Парфян мемлекетінде
кілем тоқу өнері Ашхабад қаласынан батыс жақта жүргізіліп жатқан
археологиялық қазбаларды дәлелдейді. Көне әдебиеттерде Ахеменидтер
династиясының негізін қалаушысы(б.з.д. Y-YIғ.ғ.)Кирдің бейітін қазған
кезде “Пазаргадта” Александр Македонскийдің бейіт ішінен жұқа кілемдер
тапқаны туралы айтылады. Кинофонның айтуынша Сардис қаласында парсы
патша сарайына арнайы кілем шығаратын фабрика болған. Гомердің
“Иллиадасында”келесі сөздер кездеседі. “Солай деп,ол оларды түрлі-
түсті кілемдермен төселген төсекке әкеліп жатқызады”.Б.з.д. II-III ғ.ғ.
Александрияда, Грецияда, кейіннен Римде де бағаланған түкті кілемдер
жасалған. Сақталған әдеби деректердің айтуынша түкті және түксіз
кілемдерді тоқу Орта Азия және Кіші Азия,Қытай, Кавказ елдерінде кең
дамыған, бұны Y,YI,XII,XIII,XYғ.ғ жататын кілем өнімдері фрагмент
түріндегі түрлі археологиялық заттар дәлелдейді. Бұл көне заттар
бізге әлі де беймәлім заттардан кейін жасалғанына күмән жоқ. Алайда
кілемдердің осы үзінділерінің өзі біршама қызығушылықтар тудырады,
себебі олардың өрнектелуі мен жасалу техникасы түрлі халықтардың
өзара мәдени байланысы мен қол өнерінің аталған түрінің дамуына
түрлі әлеуметтік – экономикалық формациялар тигізген ықпалы туралы
бізге бірқатар мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Көне Қытайда көркемдігі мен жасалу техникасы бойынша
ерекшеленген түксіз мата өнімдері – кэсалар, яғни кесілген жібек
жасалады. Оның атауы өрнектің жеке детальдарын жасауда сурет пен
негізгі жіптер арасында пышақпен кесілгендей тесіктердің қалып қоюы
мен түсіндіріледі. Xғ. Кейінгі ғасырларда да кэсалар Чэнду (Сычуань
мекені)қаласында өндірілген болатын.Кэсалардың өрнегі негіз жіптеріне
салынған түрлі-түсті жіптер көмегімен жасалады, сонымен қатар өрнекте
алтын және күміс жіптер пайдаланған. Олар императордың салтанатты
киімдерін жоғарғы лауазымды тұлғалардың киімдерін, қабылдау
бөлімдеріндегі керегелерді әшекейлеу, асыл тастарды, суреттерді орауға
арналған. Араб тарихшылары мен этногрофтарының мәлімдеуінше, кілем
тоқу өнері көптеген елдерде дамыған болатын. Мысалы, араб тарихшысы
Табари (Xғ,)18х18 м. көлемді ”Хұсырау көктемі” аталатын Ирандық кілемді
сипаттайды. Кілемде гүлденген бақ, ағаштағы құстар мен шағын су
қоймаларын біріктіретін ұсақ бұлақтар бейнеленген. Кілемді жасауда
жібек , алтын, күміс жіптер мен асыл тастар қолданылған. Бұл кілем
Сасанид патшасы Хұсырау I Ану ширванға арналып жасалған.
Араб мәліметтерінің айтуынша Арменияның көне астанасы- Двин X-
XIIғ.ғ. Әсіресе қызыл түсті кермес деп аталатын кілемдермен әйгілі
болған.
Түкті кілемдер Арменияның Бағдад Хамифтеріне әкелінген
сыйларының ішіне кірген. Xғ. Армениядан Бағдадқа 400 жылқы, 30000
динар және жеті армиян кілемі жіберілгені мәлім. Сол кілемдердің
біреуі 18х18м. Жуық көлемге ие болған, бұл кілемді Армиян қол
өнерлері 10 жыл тоқыған . XIIIғ. Араб этногрофының еңбектерінде
бүкіл әлем елдеріне тартылатын Түрікмен кілемдері Ақ-сарайда жасалған
деген мәлімет бар.
Парсы елінде, артынша Орта Азияда (Анатолы)болған Венецияндық
саяхатшы Марко Поло 1271 жылы жазған: сельджуктер мекенінде әлемдегі
ең жұқа кілемдер тоқылады. Одан кейінгі араб геогрофы (XIYғ.)Анатолыда
аралап , өзі көрген кілемдерді мақтайды да, оларды
Мысыр,Сирия,Ирак,Иран,Үндістан,Қыта йға апаратынын айтады. XYI-XYIIғ.ғ.
Қолдан кілем тоқу Кушандағы Таммаш шах сарайында (Иранда) және сол
кездегі Парсы елінің Астанасы Исфахандағы Аббас шах сарайында кең
дамыған.
Кілемдер Тебриз, Кирман және Герат шеберханаларында жасалып
жатты .Бұл қалалар Шығыстың көркем күштерін жинаған ірі өнер
орталықтары ретінде танылған. Сол кездегі Ирандық түкті кілемдер
суреттерінде қол өнер минатюра живописьінің көрнекті тәсілдері
қолданылады. Сарайда мақсаттарына сәйкес, шетел елшілеріне арналған
сыйларына арнайы жібек және алтын кілемдер жасалады.Сол кездегі
кілем өндіру Үндістандағы Ұлы Моғалдар сарайында да кең дамыған.
Европа елдерінің Шығыс елдерімен жасаған сауда қатынастары XIY-XYғ.ғ.
Европалық қол өнерінің сипатына өз ықпалын тигізді. Іскер
саудагерлер Шығыстан Францияға, Италияға, Испанияға, Англияға, Ресейге
түрлі заттар, солардың ішінде кілемдер де бар, апарып тұрған. Олармен
әкелінген ертеректе жарықтардан олжа ретінде тиген Шығыстың өнер
туындылары сол кезде Европада тез дами бастаған өнер мен қолөнердің
көркем бағыттарын анықтаған болатын. Шығыс елдерінде жасалынған
кілем бұйымдары мен кілемдердің өрнектері мен композициялық(Фломандық,
Венецияндық, Нидерландық, Испандық) амал тәсілдері XIY-XYI ғ.ғ. Ең шебер
суретшілермен пайдаланылған. Бізге Рафаэль, Тициан, Рубинс,Якоб Иорданс
және т.б. Суреттері бойынша орындалған күрделі сюжеттік
коипозицияны қамтитын, керегелерді әшекейлендіруге арналған Фламандық
шпалелар жеткен. Xyғ. Ортасы мен XYIғ. Ген, Куртрэ және Брюге
өнімдері, сонымен бірге маталар мен гобелендер үлкен сұранысқа ие
болған. Бельгиялық тоқу өнеркәсібі кесілмеген ілгекті қолдан тоқылған
брюссельдік кілемдермен танымал болған. Бұл кілемнің атаулары күні
бүгінге дейін сақталуда.
Оденарда қаласында жамандық шпалералар және гобелендер деп
аталатын жапырақты суреті бар кілемдер мен шпалералар жасалады.
Голландияда қолдан кілем тоқу ертеден-ақ дамыған. Девентер және
Поттердам қалаларындағы кілем шеберханалары шығыс кілемдері
колористикасы мен суреттері бойынша түкті кілемдер тоқыған. Сонымен
қатар кілемдер Гаога қаласындағы фабрикада да тоқылған, кейіннен ол
Девентен және Поттердам кәсіпорындары мен бірігіп қазіргі кезде де
сол атпен өмір сүріп келе жатқан.”Біріккен корольдік кілем
фабрикалары ” фирмасын құрайды. Францияда XYғ. Парижде кілем және
шпалер шеберлерінің қатары түзіледі . 1640 жылы Луврда гүлді
өрнектері бар түкті кілемдер өндірісі басталады. Бұл кілемдер
керегелерге ілінуге тағайындалған. Франциялық кілемдер мен кілем
бұйымдары жасалу техникасы мен құрылымы бойынша түрлі болып
келгенімен суретінде, өрнектерінде XYII-XYIIIғ.ғ. Францияның көркем
стильі мен талғамын береді, жеткізеді. Англияда кілемдерді тоқу
өнері XYIғ. Теңізші саудагерлермен енгізілген болатын. Олар алыс
саяхаттарынан Отанына оралғанда Кавказдық және Ирандық кілемдер
ала келетін. Ағылшын өндірісіндегі жұқа кіілемдерде иральдикалық,
яғни елтаңба(герб) бейнесіне негізделген, гүлді өрнектерді қамтитын
стиль басым болған. Кейіннен сипаты жағыннан Шығыс елдерінің кілем
өнімдеріне жақынырақ келетін жаңа стиль пайда болуы XYIIIғ. Жатады.
Алғашқы кілем фабрикалары 1151 жылы Англиядағы Киддер министр
қаласында 1755 жылы Аксминстерде, ал кейіннен Уилтонда құрылды. Бұл
қалаларда өндірілген кілемдер Киддерминистерлік Аксминстерлік және
Уилтондық кілем тарихы бойынша біздің қарамағымызда мәліметтер аз,
көне кілем үлгілері де аз сақталған.Олар Геральдикалық кілемдер
тектес болғанмен, арабтардан қабылданған Шығыс өрнектерінің ықпалының
болғаны күмәнсіз. Андалузия мен Гренада мекендері шығыс уәжі мен
өзіндік ерекшеліктерін қамтитын Испандық ұлттық суреттері тіркескен
кілемдермен әйгілі болды. Алтын және күміс жіптері қосылып қолдан
тоқылған. Польшалық кілемдерде біршама танымал болған. Сонымен бірге
олардың құрылымында қызыл қоңырқай, алтын түстері басым болған
кілемдер де белгілі. Ресейде 1607 жылдан бастап Мәскеуде шпалерлар
жасайтын шеберханалар болған. 1716 жылы I Петр бұйрығы бойынша Яков
Лефорт сарай жанынан шеберханалар ұйымдастырған, кейіннен императорлық
шпалералық мануфактура құрған болатын сюжеттік, тақырыптық шпалера
үлгілері Ленинградтық Мемлекеттік эрмитажда сақтаулы. Орыстың
шпалералары сарай бөлмелерінің ішін жиһаздандыру қызметін атқарушы
тоқылған суреттер шпалераның ең алдыңғысы (1722)атты I Петр
бейнелейді. Ол кереге кілемдері шебері атанған I Петр ұйғарымы
бойынша Бове қаласынан шақырылған француз шебері Бехильмен жазылған
болатын. Басқа шпалералардың мазмұны грек және рим мифологиясы мен
тарихынан алынған: олар Апполон мен Диананың тууын, Александр
Македонский өмірінен көрініс т.б. сюжеттерді бейнелейді.Жасалуы бойынша
ең жұқа болып I Петрдің түкті жібек кілемі табылды, ол саятшылық
көріністерін бейнелейді, көлемі 293х323 см; тығыздығы 1дм2 ,12700 түйін .
Сонымен қатар алтын және күміс жіпті жібек кілемдер Үлкен Кремль
сарайының Мәскеулік Гранатовая Оружейная палаталарының қабылдау
бөлмелерін безендірген. Ресейдің Кавказ және Орта Азия елдерімен
байланысының даму үрдісіне қарай(XYII-XIX) сол кезде әлемге танымал
бұл халықтың көркем бұйымдарын әсіресе кілемдерін Ресейге әкелу мен
тысқа экспорттау маңызы ұлғая берді. Кілемдерді қолдан тоқу және
жартылай қолдан тоқу әдісі – Ресейде XIXғасырда-ақ орын алған.
Завидов, Курск , Воронеж, Шадринск, Дубовка т.б. қалалар мен ауылдардағы
кілем фабрикалары белгілі болған. Дәстүрлі суреттерді толықтырып,
жаңартып, шеберлер ұлттық кілем өрнектерін жетілдіріп, қолданбалы
көркем өнерінің классикалық туындыларын жасап отырған. Қазіргі кезде
кілем тоқу өнері ерекше композициясымен көзге түсетін суреттермен
сипатталады. ТМД елдері мен басқалары да кілем бұйымдарын жасай
отырып, тиімді ерекшеліктерін: пішім және ритм(ырғақ) әсемділігі,
бояулардың тазалығы мен үйлесімділігі, маталардың асылдығы шебер
біріктіреді. Кілем тоқу шеберлері кілем және кілем бұйымдарын көркем
бейнелеудің түрлі композициялық, өндірістік амалдарын, тәсілдерін
жетілдіреді. Қолдан кілем тоқумен қатар механикалық кілем тоқу да
даму үстінде. Соңғысы еңбек өнімділігіне, жоғарылығына қатысты
тиімдірек. Қолдан кілем тоқитын кілем шебері орта есеппен алғанда 7
м2 25 күн (мата тығыздығы мен суреттің композициялық күрделілігіне
байланысты ) тоқиды. Ал машина көмегімен тоқылған еңбек көлемі бір
жұмыс кезінде-ақ 23-30 м2 түрлі-түсті өнім өрілмеген әдіспен 400м2 бір
түсті өнім шығаруға болады. Алайда тоқу сапасы мен сурет күнделігі
бойынша қолдан тоқылған кілемдер жоғарырақ, сондықтан олардың былғары
да 2-3 есе жоғары.

1.2.Түкті кілемдер

Түкті кілемдерді тоқу Қазақстанның оңтүстік аудандарында
(Шымкент, Қызылорда, Тараз) кең жайлаған.
Түкті кілемдер әдетте еден бойын бойлап жатқан кері
ағашта тоқылады. Еден бойын бойлап жатқан кері ағаш тіке келген
түрінен үлкенірек келеді, құрылымы жағынан да ұқсас. Олардың
айырмашылығы келесіде. Кілем желі жіптері ағаш рамаға тартылып,
төменгі және жоғарғы желі жібіне адарғымен (тіреу) бөлінеді. Төменгі
негіз жіптері күзу жіптермен өрмек ағашқа жалғанады.
Күзу жіп пен адарғы ұрғашы және еркек желі терінің
орналасуын ауыстыруға қызмет етеді: егер адарғы бос тұрса, онда күзу
жіптермен өрмек ағашқа ілінген төменгі ұрғашы жіптері еркек желі
жіптерінің үстінде болады, егер адарғы кілем кеңістігіне тіке бойлап
тұрса, онда ұрғашы желі жіптері атында қалып қояды. Еркек ұрғашы желі
жіптерінің ауысып келуі тоқыманың өрілуіне қажет.
Сонымен, өрмек ағаш пен күзу жіптер тақыр кілем тоқушы
кері ағаштарда болмағанымен, түкті кілемдерді тоқу өрмек ағаштарында
міндетті болып келеді.
Түкті кілем үш жүйелі жіптердің өрілуінен тұрады: қос
қабат желі жібі, арқау жібі, түрлі-түсті түкті теру жіптер.
Түкті кілем тоқу құралдары күрделі емес: пышақ – өрнек
жіптерін желі жіптерімен өрілуден кейін кесуге арналады; қайшы-түк
биіктігін тегістеу үшін қолданылады; тарақ – өрнек пен арқау жіптерін
тығыздайды.
Түкті кілем тоқуда күрмек алу және оңды-солды желі шалысы
– тоқу қолданылады. Түйіндер күрмеп алу шалысы кезінде өрнек жібі
желі жібінің (2) үстін орап өтіп, ұштары төменнен жоғарыға қарай сол
екі жіп арасынан шығарылады, жарым тоқуда жіп ұштары желі жіптердің
бір жағынан ғана шығарылады.
Түкті кілем тоқу келесі бірнеше әдістен тұрады.
1. Адарғы, бос орналасқан (яғни кілем желісіне бір бағытта).
Адарғының мұндай орналасу жағдайында өрмек ағашқа ілінген ұрғашы
жіптері кілемнің жоғарғы өрнек жіптерінің үстінде орналасады.
Түкті иірілген жіп желі жібіне күрмеп алу немесе оңды-солды
шаруашылығы түйінделіп ұштары пышақпен қиылады.
Тоқылып жатқан кілемдегі түйіндер жасалып біткеннен кейін арқау
жібі тартылып, тарақпен тығыздалады.
2. Адарғы тік тұрған кезде ұрғашы желі жіптері астында қалып
қояды. Бұл жағдайда ұрғашы және өрнек желі жіптерінің тоғысуы
жүреді. Соның арқасында алдыңғы өрнек және арқау жіптерінің
қатарының өрілуі жүреді. Өрнек жібі түйін ретінде желі жіпке
тіркеліп, бірқатар түйін байланғаннан кейін арқау жібі қайта
жіберіледі. Кейін адарғы алдыңғы қалпына келгенде тоқу үрдісі
қайталанып келе береді.
Кілем желісі тола бере (суретте) өрмек ағаш пен адарғы
тоқылмаған кеңістікке жылжытылыды.
Бұл тектес кілемдердің түгі аласа (түк биіктігі3-5 млм) және
жоғары (7-11млм) болып келеді. Алғашқыларындағы кілем тығыздығы 1 дм2
ішінде 2 500- 10 000 түйінге дейін жетеді. Соңғыларының тығыздығы
төменірек болады: 1 дм2 ішінде 900 – 2 400 түйін кездеседі. Түгі
аласа кілемдер керегеге ілінеді де түгі жоғары кілемдер еденге
төселеді.
Түкті кілем өрнектілігі түрлі бояуларды қамтиды.
Түкті кілем өрнегінің ерекшелігі болып бүкіл кеңістік бойында
симметриямен берілген розеткалар (шаршы , тікбұрыш, домалақ, жалпақ
т.б.тұлғадағы) кезігуінен танылады.

3. Тақыр кілемдер
Тақыр кілем - бір қабатты,ою-өрнек әуендері сыртынан да
бетінен де бірдей болып көрінеді. Оны тіке тұрған өрмек ағашта
тоқиды.
Тоқу үрдісі: желі жібінен, теру жібінен кейде арқау жібінен
тұрады.
Қазақтың қолданбалы қол өнерінде – осы кілемдерді түр-сипаты,
ою-өрнек әуендері, мазмұны арқылы айырады. Мысалы: алты ауыл кілем,
шаршы кілем, тақта кілем, таз кілем деп аталуы айқаспалардың құрамына
байланысты.
Тақыр кілемдердің өндірісі Қаратаудың сол жағында кең
таралған.Кілем өндіруде шикізат ретінде көктемгі қырқымнан алынған
жабағы жүн пайдаланылады. Ол күзем жүнге қарағанда жақсы иіріледі.
Түйе жүнін пайдалану (әдебиеттерде берілгендей) жағдайларын
кездестірмедік.
Иірілген жіпті әзірлеу алдында жүнді жақсылап жуады, артынша
қайнатып, кептіреді. Одан кейін жүн таралып, үш бөлікке бөлінеді: ең
ұзыны жәй жіп жасауға жіберіледі, сапасы бойынша жақсырақ, жұмсақ
бөлігі арқау бөлігіне жіберіледі, ал қалған бөлігі екінші сортты
жүн өнімдерін жасауға жұмсалады.
Өрнек жіптерін ұршықпен иіреді. Өрнекке арналған домалақ
жіптерді сіретке қажетті бояумен бояйды.Бұл жерде боялу сапасына
үлкен көңіл бөлінеді. Өрнекпен қатар түстердің түрлілігі, бояулардың
беріктілігі кілемнің көркемдік сапасын анықтаушы негізгі
көрсеткіштері ретінде танылады.
Иірілген жіпті даяр ерітіндіге салады да, үздіксіз
араластырып отырып 1 сағаттай қайнатады. Боялған жүнді қайтадан
сумен жуып, шаң қонбайтын жерде кептіреді. Жоғары сапалы өрнек
жіптерін иірілген қос жіптен жасайды, оның мықты болуы үшін ешкінің
жүнін қосады. Кілемнің негізіне боялмаған жіптер алынады..
Түскиіз тақыр кілемдерді өндіруге арналған кер ағаштар
ауылдық жерлерде кездесіп отырады. Олар тігінен келген 350х200 см
келген ағаш қаңқасын құрайды. Бұл киіз үй ерекшелігіне байланысты
болып келеді. Онда өрмек ағаш көп орын алар еді. Ал тіке келген
ағашы ыңғайлы. Сондықтан көшпелі халық арасында ол көп қолданылған.
Отырықшы, жартылай отырықшы мекендерде үйлерде көлденең өрмек
ағаштар қолданылу мүмкін болған. Сондықтан тік станоктар Қазақстанның
солтүстік аудандарында (мысалы, Қостанай облысы),ол көлденең
станоктар орталық аудандарда(мысалы, Торғай облысы) кең тараған.
Тік станоктың рамасына кілемнің желісі боялмаған қатты
жіптерден салынады.. Әдетте 200см екі бар рамаға 930 жіпке дейін
тартылады.
Тоқылған плотноны тоғыз тартуға серу ағаш
пайдаланылады.Ондағы жіптен жасалған түйіндер арасынан кілем желісінің
жіптері өтеді.
Кілем негізінен тоғыз тарту үшін серу ағаш асатын
бағаналар қағады. Кілем негізгі өрнекке тола салысымен бағаналар
алынып, жылжытылады да, серу ағаш қайтадан бағаналармен бекітіледі.
Негіз жіптері арасынан өрнек (арқау) жіптерін өткізу құралы
ретінде инелік пайдаланылады. Оған өрнек салуға қажетті түсті жіп
оралады.
Тік станокта тақыр кілем тоқуға ең қарапайым кең таралған
мата жіптерінің өрілу түрі сипаты болып келеді. Онда арқаудың әр
жібі негіздің әр жібімен өріліп, мата бетінде шахматтық тәртіппен
келетін бекініс жасайды..
Мұндай өрілу түрінің маталары тегіс болып, оң, сол жақтары
бірдей болып келеді.
Көлденең станокта тоқу өзіндік ерекшеліктерге ие. Көлденең станок
қарапайым құрылады. Параллель келген екі бағанадан бұрады.
Оларға кілем желісі оралады. Желі жіптерінің еркегі мен ұрғашысы
арасында адарғы орналасқан, ол желі жіптерді серу ағаш ретінде бөліп
отырады.
Тоқылып отырған желі ұршағы жібі аласа, ұзындығы тоқылып жатқан
кілемге жуық отырғыш қойылады. Осы отырғышқа шебер отырып, өз
кілемін тоқиды.
Көлденең кілем тоқуда міндетті құрал ретінде инеліктен басқа
тарақ та танылады. Онымен тоқымашы арқау жібін тоқылған матаға
тегістейді.
Кілем тоқу үрдісі екі цикльден тұрады: теру мен сүзу. Бірінші
циклде жіптер кезекпен асты үстінен алынып отырады да жіптердің
жұтқыншағын жасайды. Таңдаулы жіптер арасынан жұтқыншаққа қажетті
өрнек жібі шығарылады. Екінші сүзу циклі тоқылып жатқан кілемнің
бүкіл ені бойынша арқау жібін өткізуден тұрады. Арқау жібін
өткізгеннен кейін, саусақтар алынып желінің босатылған жіптері(ұрғашы
еркек)арқау жібін ұстап тұрады.
Осы циклдерді тоқтаусыз қайталау арқылы тақыр кілемдер
тоқылады. Тақыр кілемдерді тоқу технологиясының бір ерекшелігін атап
өткен жөн. Тақыр кілемдерді тоқу теріс жағымен жүреді, себебі белгілі
бір өрнекті тоқып болғаннан кейін арқау жібі кесіліп, оның
ұштары тоқылып жатқан кілем үстінде, яғни теріс жағында қалып қояды.
Кілем тоқылып болғаннан кейін өрмек ағашы соңғы
бағаналарындағы, жіптер тігінен келген кіндік бойынша келісіп
(тілініп) кілем оң жағына аударылады.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Нұрлы совхозының кілем
тоқымашысы күні бойы (таңғы ас пен түскі асқа босатылып) 200х300 см
көлемді түскиіз (тақыр) кілемді 25 жұмыс күнінде бітірді.
Келесілерді атап өткен жөн:
1)Тік кер ағашында тоқылған кілемдер өрнекті суреттері арқаудың
түсті жіптері мен кілем желісі жіптерінің өрілуі арқылы жасалатын
бір қабатты мата түрінде келеді;
2)Көлденең кер ағашында кілем өрнегін жасаушы өрнек жіптерінен
басқа кілемнің бүкіл ені бойынша өрнек жіптерінің әр қатарынан
кейін арқау жібі тартылады;
3)Тік кер ағаш, кілем бетінің өрнектермен толығуына қарай, желі серу
ағашын босату арқылы жылжытылып кілемнің дайын бөлігін төмен
түсіріп, серу ағаш қайтадан бекітіледі;
4)Көлденең кер ағашында кілем желі жіптері қатаң бекітіліп,
тоқымашы кілем бетін өрнекпен бір шетінен екіншісіне қарай толтыра
бастайды;
5)Тік кер ағаш өрнектер инеліктің көмегімен салынады;
6)Көлденең кер ағаш инелік желі кездесе бермейді, желі жіптер
арасынан түсті жіптер өткізіліп, жасалған өрнектер тік өрнек ағаш
тарақпен тығыздалады;
7)Көлденең кер ағаш тоқылған сурет күрделірек және көркемдірек
болады. Өзінің композициясы бойынша түкті кілемнің өрнекті суретіне
сай келеді.
Кілем тоқу өнерінде қолданылатын біраз өрнектерді қарастырып
көрейік.
1.Қошқар мүйіз – қазақ оюларындағы алғы орындағы өрнек.
2.Омыртқа – дербес өрнек ретінде қолданылады. Эколюциялық әдіс
тұрғысынан бұл өрнек түрінің қарапайымнан күрделі түріне дейін
дамуын көруге болады.
3.Ботакөз. Әдетте ол кілем бетіне белгілі бір өрнекті ерекшелеу
үшін қолданылып тік кіндіктің, екі жағынан орналасыып келеді.
4.Бота мойын өрнегі сирек кездеседі.
5.Құс тұмсық әдетте басқа өрнектермен кешенді түрде кезігеді. Жеке
өрнек ретінде ол кіндік сызығы бойында түстермен кезектесіп
орналасады.
6.Қарға тұяқ өрнегі жеке сурет ретінде емес күрделі композиция
ретінде кездеседі.
7.Сыңар мүйіз немесе сыңар өкше өрнегі әдетте кілем көмкермесі
суретін құрайды.
8.Тышқан ізі жебе тектес фигуралар, көбінесе ою қатарларын
ерекшелеуде қолданылады.
9.Сірге өрнегі мата фризінің жоғарғы жағында қатар түзеді.
10.Балта сабы – өте жиі кездесетін өрнек. Бұл өрнектің көнедегі
атауы – (қайқы құйрық) немесе ит құйрық.
11.Тұмарша жеке өрнек ретінде басқа өрнектермен қатар кешен құрай
алады.
Қазақтың тақыр кілемдеріне өрнектердің тік, көлденең бойынша
орналасуы ірі өрнектер, ою-өрнек көшендерінің тепе-теңдігі, жиек
оюларының түрлі түстердің шектеулігі тән болып келеді. Өрнекті сурет
тақтасы әдетте қызыл болады, сирек кезде сарғылт, көк түстер
қолданылады. Өрнектер көк, қызыл, жасыл, қара, ақ т.б. түсті болып
келеді. Бір кілемде 5-6-дан артық түс болмайды. Өрнектер кілем
тақтасына ашық көрінеді, баяу өту кездеспейді.
Өрнектердің көшендер бойынша бөлінетін кілемдердің төрт түрін
кездестіруге болады.
1. Шаршы кілем – бұл кілемнің ортаңғы алаңы жеке-жеке шаршысы
бөліктерге бөлініп , іші өрнекпен толтырылады.
Кілем көшеннің ортаңғы алаңы көлденең бойынша орналасқан екі
қатар шаршы бөліктерден тұрады. Олардың іші қос мүйіз өрнекпен, ал
кілем бұрыштары қошқар мүйіз өрнекпен әшекейленген. Ортаңғы алаң мен
көмкерме арасындағы кеңістік сол өрнектермен, бірақ кіші көлемде
әшекейленген. Кілем көмкермесіне сыңар мүйіз өрнегі салынған.
Кілем тақтасы қызыл. Орта алаң өрнектерінің түстері, сары
көмкермесі бар жасыл, ақ, қоңыр, Мұндай кілемдер әшекей ретінде
пайдаланып, интерьерде маңызды рөл атқарады.
II.Тақта кілем.Бұл кілем түрінде кілем тақтасының ортасы
орналасқан кілемнің ортаңғы алаңын өткір ұшты кең жолақтар
жайлаған. Беріліп тұрған кілемде түрлі түсті тік тақта көлденеле
келе бойында ромб тектес тұлғалар (өрнектер) тоқылған. Олардың іші
кезектесіп келген ботакөз өрнегімен әшекейленеді. Ромб төбелері қарға
тұяқ өрнектерімен әшекейленген. Ұзындығы бойынша орналасқан
жиегіндегі ою-өрнек әуендері кіші көлемді ромб тектес ою-өрнек
әуендерімен әшекейленген.
Тік жолақтар (тақта) мен өрнектер қызыл, көк, ақ және
сарғылт болып кезектесіп беріледі. Ортаңғы ромбтардың жақтары мен
ондағы қарға тұяқ өрнектер қара түсті болып келеді. Бұл кілем
баспана керегелерінде ілулі немесе төрде ілулі тұрады.
III.Боднос кілем. Мұндағы көшені тік және көлденең келген
көпбұрыштардың тепе-теңдік сақтауы бойынша орналасуынан тұрады.
Әрине өткен де бұл кілем атауы басқа болатын, бірақ
кейіннен ол атау орыс лексикасымен ауыстырылды.
Берілген иллюстрацияда көрсетілген кілемде ортаңғы көлденең
орналасуы бойында қос мүйіз өрнегінің ромб тектес ою-өрнек көшені
орналасқан. Ортаңғы – көлденең өрнектердің жан жағында сегіз бұрыштар
салынған. Ортаңғы кіндік бойында балдақ мүйізімен әшекейленген тіке
сызықтық ою-өрнек әуендерінен орналасады.
IY.Арабы кілем.Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша Әлкей
Марғұлан, Өзбекәлі Жәнібеков. Бұл кілемнің өрнегі бірыңғай болып
келеді. Мұндағы аз ғана өзгерістер тоқымы бұйымның ғасырлар бойы
қалыптасқан суретін бұзбайды.
Арабы кілем түрікмендерден келген деген болжам бар. Мұндай
типті кілемдердің тұрмыстық қолданыста болғаны туралы біз А.А
Семеновтың мәліметтерінен біле аламыз. Бұл кілемнің ою-өрнектері
Орта Азия көшпенділеріне араб шапқыншылығы мен Араб Халифатының
дәуірінде ауысқаны күмәнсіз.
Арабы кілемдер Орта Азия аудандарына өзінің көрші
елдерінен келген болатын. Сонымен қатар ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері
Үйірме сабағындағы педагогикалық әдістер
Тоқу өнері. Ою-өрнек
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
КІЛЕМ ТОҚУ ӘДІСІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Шығармашылық жұмыс Шахмат
Гобелен технологиясында абстарктілі интерьерлік панно тоқу
Мектепте қазақ қолөнерін үйретудің тәрбиелік мәні және әдістемесі
ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ халқының киіз басу өнері
Пәндер