Әкімшілік процесс түсінігі, түрлері және қағидалары


Әкімшілік процесс түсінігі, түрлері және қағидалары
Әкімшілік процесс - бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі.
Әкімшілік процестің мазмұны - бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.
Әкімшілік процестің қағидалары.
Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:
1) заңдылық қағидасы - ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.
Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.
2) Объективтілік (әділдік) қағидасы - істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.
3) Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;
4) Жариялық қағидасы - ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. Әкімшілік процесте қоғамдық өкілдер жиі қатысады.
5) Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. Процесс жүргізілетін тілді білмейтін тұлалар ана тілінде аудармашы (тілмаш) арқылы өтініш беруге, түсініктемелер беруіне болады;
6) Тиімділік жне үнемділік қағидасы. Бұл қағида көп мөлшерде материалды шығынды қажет етпейтін, сонымен қатар процестің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын, іс бойынша шешім қабылдауды ұзаққа созбайтын процесті қамтамасыз етуге бағытталған.
7) Процестің безвозмездности қағидасы - процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген;
8) Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы. Процестің ережесін бұзғаг немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Мазмұны бойынша бөлінген әкімшілік процестің бөлімдері:
1) Әкімшілік құқық шығармашылық процесі;
2) Құқық беруші процесс (мадақтау өндірісі, таратушы өндіріс, рұқсат берушілік өндіріс, жеке құрамды жинақтау бойынша өндірісі) ;
3) Әкімшілік - юрисдикциялық процесс ( азаматтардың шағымдары мен өтініштері бойынша өндіріс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізушілік, акімшілік бұлтартпау шараларын қолдану бойынша өндіріс, тәртіптік іс жүргізушілік) .
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады. Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.
Әкімшілік процестің субъектілері
Әкімшілік процестің субъектілері:
1) бұл өзінің нақты мүддесін процестің 2-ші жағы бұзған немесе даулаған өз құқығын қорғайтын жақ (тарап) . Бұл кезде әкімшілік процестің тараптарында процессуалдық құқықтар мен міндеттердің жиынтығы болады;
2) бұл әкімшілік процестің қатысушылары куә, сарапшы, маман, аудармашы (тілмаш) ретінде қатысуы мүмкін.
Әкімшілік процестің барлық қатысушылары өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру үшін әкімшілік іс жүргізушілік құқық қабілеті болуы керек, яғни мінез-құлық, тәртіптің нақты түрін таңдау мүмкіндігі болуы қажет. Мысалы, ҚР Конституциясы ҚР азаматтарына мемлекеттік және қоғамдық органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекетіне шағым жасау құқығына кепілдік береді. Осы құқықты әрбір азамат тікелей немесе өзінің өкілі арқылы субъективті құқығын қорғау үшін құзырлы мемлекеттік органға немесе заңмен қарастырылған жағжайда сотқа барумен жүзеге асырылады.
Әкімшілік процестің субъектілері болып мыналар табылады:
1) ҚР азаматтары, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар
2) Мемлекеттік органдар
3) Мемлекеттік кәіспорындар мен мекемелер
4) Қоғамдық ұйымдар
5) Мемлекеттік қызметкерлер
6) Қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері және қоғамдық ұйымның өкілдері.
ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік процестің субъектілерінің үлкен тобын құрайды. Әкімшілік процесте олар мынадай түрде қатысады:
1) істі шешуге құылы орган алдында әкімшілік істі қозғайтын тұлға ретінде;
2) құқығы бұзылған немесе даулы құқығын қорғауда әкімшілік даудың тарабы (жағы) ретінде;
3) үшінші тұлға ретінде, яғни даулы құралға талап берген тұлға ретінде, сондай-ақ осындай талап бермеген, бірақ тараптардың біреуінің талаптарына қосылған тұлға ретінде;
4) өкілетті өкіл ретінде, егер де өзгедей заңмен қарастырылмаса;
5) әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде;
6) жәбірленуші ретінде, яғни әкімшілік құқық бұзушылық нәтижесінде моралдық, күштеу арқылы немесе мүліктік зиян келген тұлға ретінде;
7) куә;
8) басқа тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын тұлға ретінде (қорғаушы, адвокат) .
Бұл кезде заң осы лауазымды тұлғаны қажетті айғақтар келтіруге, туындаған іс бойынша түсінік беруге, процеске кедергі келтірмеуге міндеттейді. Әкімшілік теріс қылықты жасаумен байланысты туындаған істерде әкімшілік-процестің тарабы болып құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама толтырған лауазымды тұлға табылады.
Прокуратура органдары да көбінесе әкімшілік-процессуалдық қатынастардың тараптары болып қатысады, мысалы, жалпы қадағалау тәртібінде заңсыз басқару актісіне шағым түсіргенде, заңның талаптарына қайшы шығарылған әікмшілік жазаға шағым түсіргенде. «ҚР Прокуратурасы туралы» заңда шағым түсірудің тәртібі белгіленген, сондай-ақ басқару органының немесе қоғамдық ұйымның шағымды белгіленген мерзімінде қарау міндеті де белгіленген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуден басқа әкімшілік процесс және оның іс жүргізу түрлері әлі күнге дейін тиісті құқықтық реттелумен қамтамасыз етілмей отыр. Процестің барлық түрлерінің ішінде тек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық түрлері ғана құқықтық құбылысқа ие болуына байланысты, процестің осы түрлерін реттейтін нормалар жиынтығы маңызды жүйелік сипат - азаматтық - іс жүргізу, әкімшілік - іс жүргізу және қылмыстық - іс жүргізу түріндегі қазақ құқығындағы іс жүргізудің дербес саласының мәртебесіне ие. Осыған байланысты, процестің жаңа түрі ретіндегі әкімшілік іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс қызығушылық тудырады.
Әкімшілік процесті түсіндірудің осы түрдегі тәсілінің тиімсіздігін біз төмендегідей мәселелерден байқаймыз:
Біріншіден, юрисдикциялық қызмет, мемлекеттік органдар және ұйымдар жүргізетін атқарушы әкімшілік қызметінің тек бір бөлігін ғана білдіреді.
Екіншіден, әкімшілік процесс шеңберінде юрисдикциялық сипаттағы істердің санаттарын ғана қарастыру, мемлекеттік басқару органдарының көпжақты ұйымдастырушылық қызметінің әкімшілік іс жүргізу, басқару сипатын жоққа шығару болып табылады.
Үшіншіден, әкімшілік процесс функцияларын юрисдикциялық сипатта ғана қарастыру барысында, оның шеңберінде көптеген жеке істерді шешу мәселелері елеусіз қалады.
Төртіншіден, әкімшілік процесті тек юрисдикциялық қызметпен шектеу, оны қылмыстық және азаматтық процестермен теңестіреді, бұл мәселені оң деп айту қиынға соқтырады.
Бесіншіден, әкімшілік процесті, процесс және әкімшілік іс жүргізу деп бөліп қарастыру, осы құқықтық құбылыстың мәнін дұрыс анықтауда қиындық тудырады, өйткені әкімшілік істердің нақты санаттары бойынша іс жүргізу процесстің құрамдас бөлігі болып табылып, ерекше және жалпы түрдегі ара қатынаста болады.
Алтыншыдан, әкімшілік процесс әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін қолдану түрі болып табылады және материалдық әкімшілік құқықтың салаларымен қатар, басқа да құқық салаларының материалдық нормаларын қамтиды.
әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының генезисіне талдау жасау, осыған орай зерттеу жұмысында заң процесінің түсінігі, мәні және сипаттары, заң санаты ретіндегі процестің ерекшелігі жан-жақты қарастырылды;
• заң процесінің құрылымын, іс жүргізу түрлерін, кезеңдерін, сатыларын айқындау;
• процестердің түрлік құрамын және оларды жіктеудің принциптерін анықтау;
• заң процестерінің түрлерін құқықтық реттеу ерекшеліктерін қарастыру;
• процестің дербес түрі ретіндегі әкімшілік процестің орнын анықтау;
• әкімшілік-іс жүргізу құқығының мәнін, нормаларын және институттарын ашып көрсету;
• әкімшілік -іс жүргізу құқығының заңды мәні туралы жаңа мағлұматтар алу;
• әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының әдіснамалық және теориялық негіздеріне талдау жасау;
• әкімшілік-құқықтық даулар санатындағы жалпы мәселелерді қарастыру;
• Қазақстан Республикасындағы әкімшілік соттардың теория және тәжірибелері мәселесін анықтау;
• әкімшілік юрисдикцияның іс жүргізу түрлерін ашып көрсету және талдау жасау;
• әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының шет елдік үлгісіне шолу жасау.
1. Қазіргі таңдағы әкімшілік-құқықтық қатынастардың, құқықтық нормалармен бекітілген және қамтамасыз етілген, құқық пен міндеттердің жеткізушісі ретінде өзара байланысты бірнеше жақтары бар. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әрқашанда мемлекеттің мүддесін білдіретін болғандықтан, мемлекеттің даму жолындағы өзгерістерге байланысты әкімшілік-құқықтық реттеу нормалары да өзгереді. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, шынайы әкімшілік тәжірибесіндегі осы түрдегі реттеу әкімшілік-құқықтық даулар түрінде іске асырылады.
2. Әкімшілік процесті заңды іс жүргізу түрі теориясы тұрғысынан қарастыра және Қазақстан Республикасындағы құқықтың басқа да іс жүргізу салаларындағы қалыптасқан түсініктерді ескере отыра, іс жүргізу түрін қолдана отырып, әкімшілік іс жүргізу түрін сот ісін жүргізу сипаттамасымен қатар, мемлекеттік-билік қызметінің әдістері сипаттамасымен байланыстыру керектігі туралы қорытынды жасауға болады.
3. Әкімшілік процесс - бұл ең алдымен, құқықпен реттелген, мемлекеттік-биліктік басқару өкілеттілігі берілген, субъектілердің құзыретін іске асыру барысында пайда болатын әкімшілік - құқықтық дауларды шешуге бағытталған, ерекше түрде жүзеге асырылатын және әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша қызмет. Кең мағынадағы құқық шығармашылық қызметі «әкімшілік процесс» түсінігіне кіргенімен, позитивті басқару іс әрекеттерін әкімшілік процестен айрықшалап, басқару процессі шеңберіне біріктіруге болады. Мұндай жағдайда, әкімшілік процесс әкімшілік - юрисдикциялық қызмет түріне айналады.
4. Көптеген авторлар, барлық мағынада әкімшілік-құқықтық дауды әкімшілік процесс құрылымына жатқызады, дегенмен процесті түсіндіру тәсілдерінің шеңбері әкімшілік-құқықтық дау түсінігінің ауқымына да әсерін тигізеді. Біздің пікірімізше, әкімшілік құқықтың мәні, әкімшілік процестің мәнін анықтауы тиіс.
5. Әкімшілік әділеттің барлық жүйесіне, бір жағынан азаматтар мен заңды тұлғалар және екінші жағынан әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалар арасындағы әкімшілік басқару саласындағы дауларды қарастыру тән. Кейбір жағдайларда әкімшілік-құқықтық дауларды шешу функциясын, әкімшілік даулардан басқасын да шеше алатын, әкімшіліктен тәуелсіз жалпы соттар атқарады. Келесі бір жағдайларда юрисдикциялық функциялар, жалпы соттар жүйесінен және әкімшілік органдардан тыс құрылатын арнайы әкімшілік соттарына жүктеледі. Қазақстан Республикасында осы екінші үлгі әкімшілік реформалар шеңберінде іске асырылған. Алайда, әкімшілік соттар жүйесін қалыптастырудың толық аяқталмауына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінен тыс әкімшілік құқықтың іс жүргізу нормаларының кодификацияланған құқық көздерінің болмауына байланысты, берілген жүйенің тиімділігі туралы сөз қозғау ерте болып отыр.
6. Әкімшілік құқық ғылымында, әкімшілік әділет ретінде азаматтар мен мемлекеттік басқару органдары, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары арасындағы (оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару) әкімшілік - құқықтық дауларды ерекше іс жүргізу тәртібінде (қарапайым іс жүргізу түрінен ерекше түрде) шешетін арнайы әкімшілік соттардың қызметі қарастырылады.
7. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық дамуында, басқа да биліктік әкімшілік құқық қолдану түрлеріне қарағанда жоғарғы соттың үстем ролін арттыратын үрдіс байқалады. Нәтижесінде қазіргі таңдағы Қазақстандағы әкімшілік әділет, әкімшілік құқық туралы даулар (кең мағынадағы) сот қарастыруының нысаны болып табылатын даулы істерді шешуге бағытталған.
8. Біздің ойымызша, әкімшілік-құқықтық даулардың басым бөлігі соттан тыс тәртіпте шешіле алады және шешілуі тиіс. Ең алдымен бұл биліктік (субординациялық) қатынастар шеңберіндегі, сонымен қатар бірқатар жағдайларда өзара іс әрекет қатынастары шеңберіндегі әкімшілік-құқықтық дауларға қатысты. Маңыздысы, мұндай дауларды шешу механизмдерін таңдауда басымдық императивтікке қарағанда консенсуалды тәсілге беріліп, әкімшілік келісім-шарттар және соттан тыс әкімшілік процедуралардың бірыңғайлылығы негізінде іске асырылуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz