МӘТІНДIК РЕДАКТОР ЖӨНІНДЕ Norton Commander (NC)



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
NС жөнiнде. Панельдер. Каталогтарды алмастыру
1. NC жәрдемі. Файл мазмұнын экранда көру.
2. NC жүйесінде жаңа каталог ашу. Мәтiндiк файлмен
жұмыс, SAVE, QUIT командалары.
3. NC жүйесінде COPY, REN, DEL командалары. Файлды
басып шығару.
4. NC мәзірі NC .тен шығу
5. ФОТОН МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ ЖӨНІНДЕ
ФОТОН’ды iске қосу
Файл құру, оны дискiде сақтау. Редактордан шығу
Файлды басып шығару
ЛЕКСИКОН МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ ЖӨНІНДЕ
Файлды Norton Commander программасының
мүмкiндiктерін пайдалапып архивтеу және архивтi ашу

Компьютерлiк вирустарға қарсы программалар
NС жөнiнде. Панельдер. Каталогтарды алмастыру
МS DOS жүйесiнiң командаларымен жұмыс iстеудi жеңiлдетуге арналған түрлі жүйелiк программалар бар. Олардың iшiнде жиi пайдаланылатыны NС бумасы (Norton Commander – сыртқы (қабықша) жетекшi программа). Оның орындайтын iс-әрекеттері - файлдармен және каталогтармен жұмыс iстеудi жеңлдету. Мысалы,
- экранға дискiдегi каталогтар мазмұны жазылған екi панель (такта, қаптама) шығару;
- бiрiншi деңгейлi каталогтан iшкi каталогқа, iшкi каталогтан бiрiншi деңгейлi каталогқа өту;
- Соm, Ехе, Ваt типтi файлдарды iске қосу;
- NС үшiн функциональды клавиштердiң орындайтын iс-әрекеттәрін қалыптастыру (NС iске қосылған кезде олар экранның төменгi жолында көрiнiп тұрады);
- файл мазмұнын экранға шығарып, оның мазмұнымен танысуға мүмкiндiк туғызу;
- ыңғайлы тәсiл бойынша файлды көшiру, атын өзгерту, жою не орнын ауыстыру;
- жаңа каталог құру,оны жою;
- құжат құру, осны редакциялау, т.б.
NС алғашқы рет iске қосылған кезде экранның оң және сол жақ бөлiктәріне тiк төртбұрышты бiрдей екi панель шығады да, оларда ағымдық (iске косылған) винчестерлiк дискiде жазулы каталог мазмұны көрiнедi.

NORTON COMMANDER

МӘТІНДIК РЕДАКТОР ЖӨНІНДЕ
Norton Commander (NC)

NС жөнiнде. Панельдер. Каталогтарды алмастыру
МS DOS жүйесiнiң командаларымен жұмыс iстеудi жеңiлдетуге арналған
түрлі жүйелiк программалар бар. Олардың iшiнде жиi пайдаланылатыны NС
бумасы (Norton Commander – сыртқы (қабықша) жетекшi программа). Оның
орындайтын iс-әрекеттері - файлдармен және каталогтармен жұмыс iстеудi
жеңлдету. Мысалы,
- экранға дискiдегi каталогтар мазмұны жазылған екi панель (такта,
қаптама) шығару;
- бiрiншi деңгейлi каталогтан iшкi каталогқа, iшкi каталогтан бiрiншi
деңгейлi каталогқа өту;
- Соm, Ехе, Ваt типтi файлдарды iске қосу;
- NС үшiн функциональды клавиштердiң орындайтын iс-әрекеттәрін
қалыптастыру (NС iске қосылған кезде олар экранның төменгi жолында көрiнiп
тұрады);
- файл мазмұнын экранға шығарып, оның мазмұнымен танысуға мүмкiндiк
туғызу;
- ыңғайлы тәсiл бойынша файлды көшiру, атын өзгерту, жою не орнын
ауыстыру;
- жаңа каталог құру,оны жою;
- құжат құру, осны редакциялау, т.б.
NС алғашқы рет iске қосылған кезде экранның оң және сол жақ
бөлiктәріне тiк төртбұрышты бiрдей екi панель шығады да, оларда ағымдық
(iске косылған) винчестерлiк дискiде жазулы каталог мазмұны көрiнедi. Оның
үстiне, әр панельдiң жоғарғы жағында каталогтың аты да (панель такырыбы)
жазулы тұрады. Ал, командалық жол панельдерден төменгi бiрiншi жолға
орналастырылады.
Экран бетiне шыққан панельдердің бiрiнде бiр каталог не файл аты сұр
түстi тік төртбұрыш iшiне орналастырылып қойылады. Ол - NС -тің осы
каталогты (не файлды) ағымдық етуге дайындаған белгiсi. Әдетте оны NС
панель курсоры (белгiлемесi) деп атайды. Курсорды басқару клавиштерін
пайдаланып, курсорды сол панельде жоғары, төмен жылжытуға болады. Ал оны
бiр панельден екiншi панельге өткiзу үшiн ТАВ клавишiн басса болғаны. NС
курсорының қызметі - каталогтарды алмастыруды не соm, ехе, ваt типтi
файлдарды iске қосуды жеңілдету т.б. Мысалы,
- панельде көрiнген каталогтың мазмұнын экранға шығару үшiн NС
курсорын осы атаудың үстiне әкелiп, КҚ клавишін басу жеткiлiктi;
- ішкi каталогтан бiрiншi деңгейлi каталогкқа шығу үшiн курсорды оның
сол жақ жоғарғы бұрышында көрiнiп тұрған қатар орналасқан қос нүкте (..)
белгiсiнiң үстiне жылжытып, КҚ клавишiн басса болғаны (.. - белгiсi
көрiнген каталог - ағымдық iшкi каталог);
- атауы iшкi каталогта көрiнген соm, ехе, ваt типтi файлды iске қосу
үшiн NС курсорын осы атаудың үстiне әкелiп, КҚ клавишiн басу керек.
Белгiлемені ішкі каталогта жазулы файл атауының үстiне әкелiп, КҚ
клавишiн басқан соң оның мазмұнын экранға шығарып көруге де болады (3.1.2-
тақырыпты қараңыз),т.б.
Ескерту.
* Әдетте МS DOS iске қосылған кезде NС-те iске қосылып қойылады.
Кәрісiнше жағдайда,
С:\ NС
командасы арқылы оны ОЕСҚ-ға ендiрiп алу керек. Егер компьютердi iске
қосқан кезде Windows 95 не Windows 98 терезесi көрінсе, экранда көрінген
Norton Commander - бумасын екі рет шертсе болғаны (NС’тi қосудың басқа
әдісі 8.5- тақырыпта бәрілген).
* NС жүйесінде экранда каталогтардың атаулары бас әріптермен, файл
атаулары кiшi әріптермен жазылып көрсетiледi.
* Панельдiң соңғы жолында таңдалған файлдың не каталогтың сипаттамасы
жазулы тұрады (бұл жол ды министатустық, жол деп те атайды).
NС жүйесінде панельдермен жұмыс iстеуге арналған және қажетті дискіні,
дискiжетектi панельде ағымдық ететін бiрнеше команда бар. Мысалы:
CTRL+F1 - сол жақтағы панельдi алып тастау;
CTRL+F2- оң жақтағы панельдi алып тастау.
Олар екiншi рет басылса, сәйкес панельдер экранда қайтып көрінеді (МS DOS
командасы бәрілген соң оның орындалу нәтижесін экраннан көру үшін алдын ала
панельдердi алып тастау командаларын берген жөн);
НОМЕ - панель белгiлемесiн ағымдық iшкi каталогтың басына бiрден жылжыту
(..ң-нүктелерінің үстіне әкелу);
ЕND - панель белгiлемесiн ағымдық iшкi каталогтың соңына бiрден
жылжыту.(Егер каталог мазмұны экран бетiне сыймай тұрса, РgDn, РgUp
клавиштерін басу арқылы оны экранға “парақтап” шығаруға болады.)
CTRL+F3 - ағымдық iшкi каталогта көрінген файл атауларын бiрiншi әріптері
бойынша реттеу.
АLT+F1 - сол жақ панельде басқа дискiжетектi және дискiнi ағымдық ету үшін
берілетiн команда. АLT+F1 — басылған кезде винчестерлiк диск бөліктерінің
бұрыннан белгiленуiне байланысты экран бетiне 3.1-сурет арқылы бейнеленген
терезенің шығуы мүмкін. Мұндағы С:-тiң басқа түске боялып туруы-сол жақ
панельде С: дискісінің ағымдық екенiн көрсету. (Бұл кезде панельде С:
каталогы көрініп тұрады). Осы панельде А: -ны ағымдық ету үшін А:
дискiжетегiне иiлгiш дискiнi ендрiп алып терезе курсорын

А С D Е

3. 1-сурет. Панельде ағымдық дискіні көрсету терезесі
3.1 -суретте көрсетулi тұрған А-ның үстіне жылжыту керек. Осыдан соң КҚ
клавиші басылуы тиiс. Панельде D:-ны ағымдық ету тәсілі де осы сияқты. Бұл
кезде сәйкес А не D: каталогының мазмұны сол жақ панельде көрінеді.
АLT+F2 - қажетті дискіні оң жақ панельде ағымдық етуге арналған (ол АLT+F1
командасына ұқсас).
АLT+F7 файлды iздеу терезесiн экранға шығару командасы.

NC жәрдемі. Файл мазмұнын экранда көру
NC жүйесінде F1-F3 функциональдық клавиштері басылған кезде
орындалатын әрекеттер мынадай:
F1 (Неlр) - NC пакетiн пайдалану тәсілін түсіндіретін жазба кеңесті
экранға шығару (help-жәрдем, Кеңес ағылшын тiлiнде жазылған). NC -пен жұмыс
iстеу алдында осы кеңеспен танысып алған жөн. (Бiз бұл тарауда NC жөнінде
қосымша мәліметтер берумен шектелемiз.)
F2 (Menu) - пайдаланушының мәзірін (менюiн) экранға шығару (User menu
- пайдаланушының мәзірі). М ә з i р - жалпы түрде, бәрілген режимде
қажеттісін таңдап алуға арналған командалар тізімі. NC-тің өз мәзірі бар
(негiзгi). Ол бiрнеше пункттерден (таңдамалардан) тұрады. Әр пункiтiң iшкi
(еңкіш) мәзірі бар. NC мәзірі жөнiнде бұл тарауда қысқаша мәліметтер
бәрілген, ал, пайдаланушыньң мәзірімен жұмыс баяндалмаған);
F3 (View) не АLT+F3 - ағымдық каталогта NC курсорын атауының үстіне
әкеліп, КҚ клавишiн басу арқылы файл мазмұнын экранға шығарып, көріп шығу
(view - көрініс).
Егер файл мәтіні экранға симаса, РgPn клавишiн басу арқылы оның келесi
бөлімдерін ретiмен экранға шығарып көруге болады. Iшкi каталогқа қайта өту
ЕSС клавишін басу арқылы орындалады.

NC жүйесінде жаңа каталог ашу. Мәтiндiк
файлмен жұмыс, SAVE, QUIT командалары
F7 - NC жүйесінде жаңа каталог ашу командасы. Бұл кезде экранда 9-
кесте бойынша көрсетілген терезе шығады.
Каталог дайындау
Құрылатын каталог
-

( 9-шы және келесi кестелерге терезелерде көрінетін ағылшынша мәтіндердің
қазақша аудармалары енгізілді). Оның соңғы жолына таңдап алынған каталогтың
атын (мысалы, STUD2-нi) клавиатурадан тәріп, КҚ клавишiн басса, осы атау
ағымдық каталогқа енгізіліп койылады. Ендi панель белгiлемесiн пайдаланып,
STUD2 каталогына енген кезде, экранға толық экрандық таза каталог шығып,
оның жоғарғы жағында қос нүкте (..) белгiсi көрініп тұрады да, командалық
жолда С:\STUD2 (ағымдық каталог аты) көрінеді.
Ағымдық етiлген каталогта жаңа мәтіндік файл (құжат) құру тәсілі мынадай:
* F4 не SHIFT+F4 (edit) клавиштерін басу. Ол МS DOS Edit мәтінідiк
редакторын шақыру (edit - редакциялау). Бұл кезде экранға 10-кесте арқылы
көрсетілген редактор терезесі шығады;
* файл (мысалы,”ЕРЖАН”) атын клавиатурадан ендiру.
Бұл кезде экран тазаланады да, компьютер файлды редакдиялау режимiне
көшеді;
Редакциялау
Файлды редакциялау
-

* құжатты теру. (Әр жолды терудi аяқтаған сайын КҚ клавишiн басып
отыру керек. Ол жолдың аяқталғанын бiлдiретiн белгiнi жол соңына ендіріп
кетеді). Терудi аяқтаған соң оны редакциялап шығуға болады;
* F2 клавишiн басу. Бұл - файлды дискiге тиеу үшін бәрілетiн SAVE
командасы (save - сақтау)
* F10 клавишiн басу. Бұл - режимнен шығу (QUIT) командасы (quit -
шығу, тастап кету). Команда берілген соң экранда NC панельдәрі қайта
көрінеді.
Каталогта мысалы, STUD2’де жазулы мәтіндік файлды экранға шақыру қажет
болса, оны редакциялау жолы:
* STUD2’ каталогын ағымдық ету;
* белгiлеменi онда жазулы файл атауының (“ЕРЖАН”) үстіне әкеліп, F4
клавишiн басу (мәтіндік редакторды iске қосу). Бұл кезде экранда құжат
көрінеді де, компьютер файлды редакциялау режимiне өтеді.
Бұдан әрi басқару кдавиштәрі арқылы курсорды қажетті жерге
орналастырып, құжатта кеткен қателердi жөндеу, құжатта ашық аралықтарды
қалдыру не оларды алып тастау сияқты редакциялау жұмыстарын жүргiзу мүмкін.
Әдетге редакциялау үшін пайдаланылатын клавиштер (I тараудың 1.6- такырыбын
қараңыз):
INS, DEL, BS, SPACE, ENTER (КҚ)
Мысалы,
* құжат жолдарының арасында бiр бос жол қалдыру үшін курсорды бос
қалдырылатын жолдың басына не алдындағы жол соңына орналастырып, КҚ,
клавишiн басу керек (КҚ клавишi басылған сайын бiр жол бос қалдырылып
кетеді);
* құжат арасында артық қалдырылып кеткен бос жолды алып тастау үшін
экран курсорын одан жоғары орналасқан жол басына не жол соңына әкеліп, DEL
клавишiн басу керек;
* бiр жолдың соңына курсорды орналастырып, DEL клавишiн басу арқылы
келесi жолдың мәтiнiн осы жолға жалғастыруға не оны алып тастауға болады,
т.б.
Құжатты редакциялауды аяқтаған соң F2 клавишiн басу мiндеттi.

NC жүйесінде COPY, REN, DEL командалары.
Файлды басып шығару
NC жүйесінде F5, F6, F8 функциональды клавиштерінің қызметтері
мынадай:
F5 (COPY) - ағымдық каталогта таңдап алынған iшкi катлогтың, файлдың
не файлдар тобының мазмұндарын көшiру. Мысалы,
1) сол жақ панельдегi С:\BASIC каталогын D:-ға көшіру жолы мынадай:
* он жақ панельде D: -ны ағымдық ету;
* С:\ - те көрінген панель белгiлемесiн BASIC-тің үстіне әкеліп, F5
клавишiн басу. Бұл кезде экран ортасытнда 11-кесте арқылы бейнеленген
терезе көрінеді. (Кестенiң соңғы жолына енгiзiлген сөздер мынадай
аудармалар көшіру-сору, ағаш-tree, болдырмау – cancel)
* КҚ клавишiн басу.
2) Бiрiншi панельдегi ағымдық С:\FOTON каталогында жазулы kazega.com
файлын осы панельде көрінген DOS каталогына көшіру жолы мынадай:
BASIC көшірілетін
D:\
[ х] iшкi каталогтар тiзiмiне
енгiзiлген
[ Көшіру] [F10 ағаш] [болдырмау]

• екiншi панельде С:\ DOS -ты ағымдық ету
• бiрiншi панельдегi С:\FOTON каталогында көрiнген kazega.com атауыньң
үстіне белгiлеменi әкеліп, F5 клавишiн басу. Бұл кезде экран бетiне жоғарғы
бөлiмi 12-кесте арқылы бейнеленген терезе шығады
КҚ клавишiн басу.
kazega.com көшірілетін
С:\ DOS

Ағымдық каталогта жазулы файлдар тобын (n файлды) басқа каталогқа
көшіру үшін алдымен олардың атауларының үстіне ретiмен панель белгiлемесiн
орналастырып, INS клавишiн басып шығу керек. Бұл кезде олар бөлек түске
боялып қойылады. Ол – NC-тің файлдар тобын көшіру үшін атауларын белгiлеп
қоюы. Одан әрi екiншi панельде қажетті каталогты ағымдық етiп, F5 клавишiн
басу керек. Мысалы, ағымдық С:\BASIC каталогынан n файлды белгiлеп, екiншi
панельде ағымдық етiлген D:\FOTON каталогына көшіру үшін F5 клавишi
басылса, экран бетiнде 13-кесте арқылы бейнеленген сияқты терезе көрiнедi
де, белгiлеме D:\FOTON жазуының үстiнде орналасып тұрады. Егер n файлдан
тұратын файлдар тобын көшіруге сенiмдi болсаңыз, КҚ, клавишiн басу
жеткiлiктi.
Ағымдық каталогта жазулы файл мазмұнын принтер арқылы қағазға көшіруге
(басып шығаруға) болады. Ол үшін:
1) принтердi дайындау (қағаз ендiрiп, компьютерге қосу);
2) kazega.com, kazega.com файлдарын iске қосу;
3) панель белгiлемесiн файл атауының үстіне жылжыту;
4) F5 клавишiн басу. (Бұл кезде экранда 12-кесте сияяты кесте көрінеді.);
5) клавиатурадан PRN (print) сөзін тәріп алып, КҚ, клавишiн басу.

Көшіру
N файл көшiрiлетiн
D:\ FOTON

[ Көшіру] [F10 ағаш] [Болдырмау]

F6 (Ren Mov) – таңдап алынған файлдың не каталогтың атын өзгерту
немесе басқа каталогқа орнын ауыстыру (rename or move - басқа ат беру
немесе жылжыту).
NC-те бұл команданың берілуi де COPY командасының берілуiне ұқсас,
бiрақ файл атын өзгерту кезінде алғашқы файл өшіп қалады.
F8 DEL - ағымдық каталогта белгiлеме бойынша таңдап алынған файлды,
каталогты не файлдар тобын жою. Фаил таңдап алынып, F8 клавишi басылған
кезде экранға 14-кесте арқылы көрсетілген терезе шығады да, “Жою” (Delete)
жазуының үстінде белгiлеме және оның бас жағында курсор

Жою
Сiздiң жоюға дайындағаныңыз
“атау”
[ ] iшкi каталогтар тiзiмiне
енгiзiлуi
[ Жою]
[Болдырмау]

орналасулы тұрады. Егер аталған файлды не каталогты жоюға сенiмдi болсаңыз,
КҚ клавишiн басу керек. Өшiрудi болдырмай, Delete (жою) режимiнен шығу
үшін белгiлеменi “Болдырмау” жазуының үстіне әкеліп, КҚ клавишiн басу керек
(мұның орнына ESC клавишiн басуға да болады

NC мәзірі NC -тен шығу
NC’те F9, F10 клавиштерінің қызметтері мынадай:
F9 (PullDn) - бес пункттен (таңдамадан) тұратын NC-тің негiзгi мәзірін
шақыру (Pull down – төмен түсіру). F9 клавишi басылған кезде негiзгi мәзір
LEFT FILES DISK COMMANDS RIGHT
түрінде экранның жоғарғы жолында көрінеді де, мәзір белгiлемесi олардың
бiрiнде орналасып тұрады. Бұлардың әрқайсының түрлі командалардан тұратын
iшкi пункттері бар. Оған өту үшін қажетті тандама атауының үстіне мәзір
курсорын жылжытып, КҚ. клавишiн, ал iшкi пункттен таңдамаға, таңдамадан
негiзгi мәзірге өту үшін ESC клавишiн басу керек.
Негiзгi мәзір құрамындағы әр пункттің (жәрдем) орындайтын iс-
әрекеттеріне анықтама алу үшін мәзір курсорын оның үстіне әкеліп, F1
клавишiн басу жеткiлiктi (анықтама ағылшын тiлiнде жазылған) таңдамалардың
кейбiр негiзгi iшкi командалары мынадай:
LEFT, RIGHT (left – сол, right - оң) пункттерінің iшкі комадалары:
Brief, Full, Info, Tree,... .
Brief (қысқа) - тек файл атауларының тiзiмiн экранға шығару не
көрінген қосымша беттен NC терезесіне қайта өту;
Full (толық) - файл сипаттамаларының тiзiмiн экранға шығару;
Info (информация) - жад және дискi келемi, олардағы бос орындар
жөнiнде панельге қысқаша мәлiметтер шығару;
Tree (ағаш) - каталогтар құрылымдарын ағымдық панельге бұтақ тәріздес
түрде шығару. (Iшкi пункт командасын орындау үшін мәзір курсорын оның
үстіне жылжытып, КҚ клавишiн басу керек.)
FILES файл пункітіне енгізілгендер F1-F10 Функциональнық
клавиштерінің бірін басқан кезде орындалатын командалар (NC жүйесінде
олар экранның төменгi жолында да көрсетіліп қойылған

Help F1
User menu F2
View F3
Edit F4
Copy F5
Renmov F6
Mkdir F7
Delete F8
Pulldown F9
Quit F10

COMMANDS (Командалар)- пунктінің iшкi командалары:
NCD- tree, Find file, Swap panels, Ega lines, ...
NCD- tree - ағымдық дискiге жазылған каталогтар тiзiмiн ағаш бұтақтары
түрінде экранға шығару (ол iшкi каталогтардың кез келгенiне тез енуге
мүмкіндік бередi. NCD - NC жүйесіндегі каталогтар);
Find file - ағымдық дискiден аты бойынша файлды iздеу (find -iздеу
Команданы Alt+F7 клавиштерін басу арқылы да беру мүмкін. Команда бәрілген
кезде iзделетiн файл аты сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезе
өрiсiне файл атын не оның толық атын енгiзу керек);
Swap panels - оң және сол панельдердің орнын алмастыру (swap –
алмастыру);
Ega lines - экранның мәтіндік режимiнде қалыптасқан жолдар санын
өзгерту (25-тен 50-ге және кәрісiнше).
DISK (Диск) пунктінің iшкi комндалары:
Дискеттi көшіру; Дискеттi форматтау, т.б.
Ескерту. NC’-тің бiрнеше варианты бар. Олардың алғашқыларында мәзірге
DISK орнына OPTIONS (Параметрлер) пунктi енгізілген. Онда сағатты экранға
шығару (Clock), мәтіндік редакторды қосу (F4), компьютердің функциональдық
бөліктерінің байланыстарын орнату, т.б. командалар бар.
F10- Norton Commander-ден шығу командасы. F10 клавишi басылған кезде
экранда Сiз Norton Commander ден шыққыңыз келе ме? сұрағы

Norton Commander
Сіз Norton Commander ден шыққыңыз келе ме?
Иә Жоқ

көрінеді. Егер NC режимiнен шығу қажет болса, Y, не КҚ клавишiн, ал шығу
қажет болмаса, N не ESC клавишiн басу керек. Бiрiншi жағдайда компьютер NC
-тен шығып, Windows терезесiн шығарады (ескi типтi компьютер қалыпты MS DOS
режимiне өтеді).
Ескерту.
* Ішкi мәзір командасын орындау үшін мәзір курсорын оның үстіне
әкеліп, КҚ клавишiн басу керек.
* пайдаланушының MS DOS командаларының кез келгенiн әдеттегідей
орындай беруiне Norton Commander кедергi жасамайды.

ФОТОН МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ ЖӨНІНДЕ
ФОТОН’ды iске қосу
Құжат (мәтіндік файл) құру, оны сақтау, дискіден оқып өңдеу не принтер
арқылы қағазға басып шығаруға арналған қарапайым MS DOS Edit мәтіндік
редакторынан басқа күрделі редакторлар да жеткiлiктi. Мысалы, Фотон,
Лексикон, Microsoft Word, Write (соңғылары Windows жүйесі үшін), т.б.Олар
арқылы орындалуы мүмкін әрекеттер:
* клавиатурадан тәрілген құжатты дискiде сақтау және экранға шығарып,
редакциялау;
* құжат iшiнде кестелер сызу;
* автоматты түрде беттерді нөмірлеу және абзацтарды қалыптастыру;
* бiр құжатты екiншi құжатпен бiрiктiру не құжат үзiндiсiн бөліп алып,
екінші құжатка кiрiстiру;
* құжатты принтер арқылы басып шығару, т.б.
Күрделі редакторлардың түрлі шрифтi символдарды, математикалық,
химиялық формулаларды және төменгі, жоғарғы индекстердi пайдалану т.б.
көптеген мүмкіндіктері де бар.
Қазақ,орыс тiлдәріндегi құжаттарды теру, өңдеу үшін пайдаланылатын
қарапайым мүмкiндiктi редакторлардың бiрi Фотон мен Лексикон. Лексиконмен
жұмыс iстеу тәсілі Фотонмен жұмыс iстеу тәсіліне шамалас. Кiтапiта
бiрiншiсiмен жұмыс iстеу жолы қысқаша көрсетілген.
Компьютерге Фотон редакторы енгiзулi болса, оны iске қосу тәсілі
мынадай:
* ұлттық әріптерді пайдалануға мүмкіндік беретiн арнайы
программадарды, мысалы, kazega.com kazprn.com файлдарын iске қосу
(екіншісін файлды принтер арқылы басып шығару кезiнде қосу керек);
* FOTON 1 каталогын ашыл, ft.com файлын іске қосу;
* экран бетiнде екі рет көрінетін Кез келген клавиштi басыңыз нұсқауын
орындау. Бұл кезде экранда бейнеленген терезе көрінеді;

F1 - демонстрациялық протрамма
F2 - Фотон-да редакциялау режимi
ESC – DOS-қа қайтып оралу

* YF2 клавишiн басу.
Бұдан соң экран тазаланып, оның жоғарғы жолында Күтіңіз хабарламасы
көрінеді. Оның өшуі - редактордың толық iске қосылғанын бiлдiретiн белгi:
* F2 клавишiн екiншi рет басу. Ол - Фотонның он пункттен (таңдамадан)
тұратын негiзгi мәзірін шақыру командасы. Бұл кезде экранның жоғарғы
жолында
Терезе Файл Құжат Құжатты Басу Макро Режим Сервис Кәрі Шығу
пункттерінен тұратын негiзгi мәзір көрінеді де, мәзір курсоры Терезе
пунктінің үстіне орналасулы тұрады. Курсорды басқару клавиштерін
пайдаланып, оны кез келгенiнiң үстіне жылжыта беру мүмкін (әр пункттің iшкi
мәзірләрі бар).
Курсор орналасқан жәрдем орындайтын iс-әрекеттерімен танысу үшін F1
клавишiн басса болғаны (F1 жәрдем). Бұл кезле экранда таңдаманың қызметі
баяндалған мәтіннің алғашқы бөлімі көрінеді. Оның келесi бөлімдеріне өту
(мәтінді “парақтау”) үшін РgDn клавишiн, мәтіннен таңдамаға кайтып оралу
үшін ESC клавишiн басу керек. (2-тақырыпта Фотон мәтіндік (құжаттық)
редакторымен жұмыс істеудің кейбiр негізгі тәсілдері ғана баяндалған.)

Файл құру, оны дискiде сақтау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Norton Commander операциялық қабыршығы
Ақпарат және информатика бойынша материалдар
Norton Сommander программасымен жұмыс істеу
Norton commander (nc) бағдарламамен жұмыс iстеу
Norton Commander сервистік қаптама бағдарламасының функциялары мен қызметі
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
Ms dos операциялық жүйесi. Графикалық редактор
Norton Commander программасы
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы
Norton Commander бағдарламасы
Пәндер