Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу



1. Қазақстандық отансүйгіштікті, толеранттылықты, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу
2. Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Елімізге бойында ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дамыған, егеменді ілімізге аямай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет», - деп, жас ұрпақ бойындағы ұлттық патриотизмді қалыптастыру ісінің ел өміріндегі маңызына айрықша көңіл бөлген болатын /1/.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде: «Қазақстандық отансүйгіштікті, толеранттылықты, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу» қажеттілігі көрсетілген. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрісін байыту; ...отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту; .... оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану» деп атап көрсетілген /2/.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих – жақсы мұғалім, ол халықтың өзін-өзі құрметтеуге қалай өтетінін есіне түсіреді» деген айшықты ойы Конфуцийдің «Тарихқа қарап, жаңаны жасауға қабілетті адам мұғалім болуға лайықты» деген тұжырымымен үндесіп жатқандығы білім мен ұлттық тәрбиенің таусылмас қазына мен парасат қоры екенін тағы да айқындайды. Елбасының «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы - бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге деген берік сенім бар» деген тұжырымы барлық негізге ие.
1. Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы.
2. Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы.
3. Әбілова З.Ә. «Этнопедагогика» Алматы, 1997ж.
4. Досмұхамедұлы Х. Исатай – Махамбет. – Алматы: ССРО Мәдениет Қоры Қазақ бөлімі Қазақстан өлкетанушылар қоғамы, 1991.
5. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин және оның достары мен ізбасарлары. – Алматы: Қазақстан, 1988.
6. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994.
7. Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері (ұжымдық монография). – Алматы: Ғылым, 2002.
8. Жангелдин Т. С.Сейфуллин (Ақынның революциялық және қоғамдық мемлекеттік қызметі). – Алматы: Қазақстан, 1966.
9. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев «Педагогика» Алматы, 2002ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке
тәрбиелеу

Шеңгелбай А.А. оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Елімізге бойында
ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дамыған,
егеменді ілімізге аямай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да
жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет, - деп, жас ұрпақ
бойындағы ұлттық патриотизмді қалыптастыру ісінің ел өміріндегі
маңызына айрықша көңіл бөлген болатын 1.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде: Қазақстандық
отансүйгіштікті, толеранттылықты, жоғары мәдениеттілікті, адам
құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу қажеттілігі
көрсетілген. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер бүгінде жас
ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие
болып отырғандығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
... жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
даралықты дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрісін байыту; ...отандық
және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен
республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін
зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту; ... оқытудың
жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану деп атап көрсетілген
2.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих – жақсы мұғалім, ол халықтың өзін-
өзі құрметтеуге қалай өтетінін есіне түсіреді деген айшықты ойы
Конфуцийдің Тарихқа қарап, жаңаны жасауға қабілетті адам мұғалім
болуға лайықты деген тұжырымымен үндесіп жатқандығы білім мен ұлттық
тәрбиенің таусылмас қазына мен парасат қоры екенін тағы да
айқындайды. Елбасының Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен
Қазақстан бар. Оның көп ұлты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты
экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы - бүгіннен нұрлы,
бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге деген берік сенім бар деген
тұжырымы барлық негізге ие.

Қазақ халқының бір туар данышпаны Бұқар жырау Жаманнан жақсы
туса да, жақсыдан жаман туса да, адамның ата-тегінен деген. Қазақ
сонау ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, тұқым қуалайтын барлық
жақсы қасиеттердің жиынтығын тек деген ұғымға сыйғызып, ондай
адамдарды текті деп бір ауыз сөзбен сипаттаған. Ұлттық
ерекшеліктерін қатаң ұстап, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізуіне осы тектілік
негіз болғаны хақ. Тәрбиедегі негізгі түп – тектілік, оның тамырын,
өмір тұрғысын дұрыс қалыптастыру ата-ананың негізгі міндеті. Ол
міндетті дұрыс атқару үшін олардың өздері баласына өнеге болуы
тиіс. Этнопедагогикалық проблемалармен айналысушы ғалым А.Э. Измаилов:
Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып
келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі,
оның іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматтарының дағдыларының
жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде,
аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары,
дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады - деп атап
көрсеткен 3.

Халық қамын ойлаған ерлердің бірі дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы
1836– 1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы басқарған шаруалар көтерілісінің ең
сенімді қолбасшысы, халқының патриоты ретінде танылған. Ол көтерілісті
көзімен көріп, соғыс, ерлік туралы тарихи шындықтың шынайы шежіресін
жасаған. Отансүйгіштік маңызға ие поэзиямен өшпес мұра қалдырған біртуар
күрескер ақын екенін көрсетеді 4.

Қазақтың гуманист, ағартушы педагогы Ы.Алтынсарин қазақ балаларына оқу
– білім бере отырып, елдік, отаншылдық қасиеттерді дарытып, тек қана заман
ағымына сай білімді патриот азаматтарды тәрбиелеудің маңызына көп көңіл
бөлген 5.

Қазақ халқының ұлы ойшылы, философ Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
шығармаларының дені тәрбие, дін, саясат, қоғам, әлеумет, өмір философиясы
секілді келелі мәселелерді қамтиды. Оның педагогикалық мұраларының мәні
жеке тұлғаның өз еліне, жеріне, бауырларына, ұлтына адал еңбек етуге
тәрбиелеумен сипатталады. Сондықтан ақын шығармаларының негізгі бағыты ұлт
болмысын айқындауға бағытталады. Себебі Абай шығармаларында отаншылдық
немесе патриот сөздері нақты кездеспесе де, оның отаншылдық идеяны
насихаттайтын өсиеті көп. Әлі күнге дейін біз оны қазақ халқының патриот
ақыны деп айтылуына жеткілікті көңіл аудармаймыз. Бұл тұрғыда зерттеуші
ғалым М.Мырзахметов: Абайдың халық арасындағы орасан зор ықпалы бар әдеби
мұрасын езілген халықтың ой – санасын, азаматтық сезімін ұштап жетілдіру
бағытында, қазақ елін топқа, тапқа жіктемей ағартушылар ұстанған таным
тұрғысынан танытуға ұмтылды. Абай – бүкіл қазақ атаулының ұлтжанды
қамқоршысы, - деп келтіреді 6.

Шын мәнінде қазақ елі Абай өмір сүрген дәуірде қиын – қыстау кезеңді
басынан өткізген болатын. Бұл кезеңде қазақ халқының іргесі сөгіліп, елді
әркім билеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Тарихты оқытуда әдістемелік технологияларды пайдалану
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру моделі
Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі
Пәндер