Маскүнемдік


МАСКҮНЕМДІК
Күшті алкогольды улануда этил спирті ең алдымен орталық нерв жүйесіне әсер еткендіктен адамның көңіл-күйі кетеріңкі болады. Қлиникалық түрде мас болудың үш кезеңі бар: жеңіл, орташа, және ауыр. Мас болудыд әр түрлі кезеңінде қанда болатын алкоголь мөлшерін биохимиялық тәсілдер арқылы анықтауға болады.
Мастықтың жеңіл түрінде қандағы алкоголь мөлшері 0, 5-1, 5% орташа кезеңінде 1, 5-2, 5%, ауыр түрінде 2, 5-3% болады. Қандағы алкогольдың мөлшері 5%-тен асса адам өледі.
Биохимиялык, мәліметтердің мас болудың деңгейін аныктауда маңызы зор, бірақ маскүнемдікті анықтауда клиникалық әдіс негізгі болып саналады.
Алкогольды мастықтың клиникалық көрінісі тек алкогольдың мөлшеріне емес жеген тамаққа, дененің сал-мағына, денсаулыққа, жоғары нерв қызметінің типіне, адамның жеке басының сезгіштігіне байланысты.
Мастықтың жеңіл түрі алкогольды қабылдағаннан сон бірнеше минуттың ішінде болады. Адам жылынған-дай болып, бұлшықеттері босаңсып, рахаттанып, көңіл-күй көтеріліп, езіне өзі сеніп, жалған оптимизм туып, мақтана бастайды. Мас болған адам көңілденіп, елең аітып, би билеп, белсенді болып, қатты және көп сөй-лейді.
Мастықтың орташа түрінде кейде кеңіл-күй көтеріңкі, кейде жүріс-тұрысы қозып, ашуланып, көңіл-күйі тәмендейді. Мас болған адамның сөзі түсініксіз болады. Организмнің координациясы мен тепе-теңдігі бұзылады. Мінез-құлқы күлкілі, ал кейде езгеріс білінбейді. Бұл кезевде алкогольды «палимпсестер» болып (еміс-еміс амнезия болады) тек жартылай не істегенін есінде сақтай-ды.
Мастықың ауыр түрінде сана бұзылады. Қозғалы-сында координация жоқ, сөйлегені түсініксіз, үзінді. ре-тінде. Кейде қояншық тәрізді булығу болып, еріксіз не-себін және нәжісін жіберіп қояды.
Мас болудың ауыр түрінде сананың қарауытқан бұзылуы болғандықтан ол адамның есінде ештеңе сақтал-майды.
Мас болудың атипті түрінің бірі - патологиядық мастық. Алкогольды аз мөлшерде қабылдаудың езі па-тологиялық мастыққа әкеліп соқтырады. Патологиялық мастық әлсіреген, ауыр соматикалық аурулармен ауыр-ған, миы зақымданған, қозғыш психопатиялық адамдар-да жиі кездеседі. 50-100 г алкоголь кабылдағаннан кейін патологиялық мастық болуы мүмкін. Оның дамуы мен ағымы қатты болып, дәрігердің көмегінсіз қалады. Аурудың клиникалық көрінісі көргендердін, айтуы бой-ынша, қылмыс жасағанда куәләрдің көрсетуі бойынша анықталады. Клиникалық көрінісінде күшті психомо-торлық қозу болып, елестеушілік- сандырақ түрде қайғырып, үрейленіп, ашуланып, ырықсыздық әрекеттер жа-сауы сананың қарауытқан түрде бүзылуын көрсетеді. Патологиялық мастық бірнеше минуттан бірнеше сағат-қы дейін созылып, соңынан ес-түсінен толық айырылады (толық амнезия болады) .
Патологиялық мастық бірден дамуы не физиология-лық мас болудан пайда болуы мүмкін. Мас болудың физикалық белгілері басынан бастап білінбей не физио-логиялық патологиялық мастыққа ауысқан кезде бірден жоғалады. Патологиялық мастықта ауру адамның тұрпайы әрекеттері айналадағы жағдаймен байланыспайды. Мысалы, ауру адам мас болудын, белгілерінен айық-қан кезде, санасы қарауытқан жағдайда өзіне таныс емес адамды өлтіруі және соньщ жанында үйықтап қалуы мүмкін. Оянған соң ол өзінің өлтірген адамның жанында жатканын көреді. Мұндай адамдар өздерін актамай, болған оқиға үшін шын кайғырады. Патологиялық мастық өте сирек кездеседі және бір адамда екінші рет қайталанбайды.
Физиологиялық мастықты патологиялықтан ажыратудың сот психиатриялық тәжірибеде маңызы зор. Адам физиологиялық мас болу кезінде әлеуметке қарсы әрекеттер жасаса, ол қабілетті болып саналады. Ал, патологиялық мастықта адам қабілетсіз болып саналады. Жедел ағымды мастықтың диагнозы. Ен, алдьшен клиникалық белгілеріне негізделуі керек. Эікспертиза жүргізетін дәрігер алдындағы адамның сыртқы пішініне, жүріс-тұрысына, сөйлеуі мен ойлауына назар аударуы лық-вегетативтік сынамалар жаоайды. Ромберт позасын» керек. Ол карапайым зерттеулер жүргізіп координацияда, 'Қозғалыстардың дәлдігі жоғалып, аяқ-к, олдары дірілдейді. Бес рет айналдырған кезде, адамның көздері жүгіреді (нистагм)
Оңай, қарапайым химиялық зерттеулер әдістері бар. Мохов-Шинкаренко әдісі бойынша дем шығарған ауа-да алкогольдың бар-жоғын анықтау (кабылданған алко-гольдың 10% өкпе арқылы белінеді) . Хром ангидриді қосылған мақтаға түтік арқылы дем шығарғанда, ішкен алкогольдын мөлшеріне байланысты мақта қоңырлана-ды. 0, 5 л сыра не 150 мл арақ ішсе 4-5 сағаттың ішінде проба оң болады. Ал, 0, 5 л арақ ішсе, 15-18 сағат ішінде оң пробаны көрсетеді.
Рапоппорт сынағы. Дистильденген суы бар пробиркаға күшті күкірт қышқылы және аз мөлшерде калий пермаганатын қосып, зерттелушінің 1, 5-2 минут ішінде шығарған демін түтік арқылы пробиркаға жібереді. Егер шығарған демде алкоголь булары боЛса, пробиркадағы алқызыл сұйықтың түсі мөлдірленеді. Бақылаудағы про-бирка сұйықтығының түсі алқызыл болып қалады. Егер адам спиртте не эфирде ерітілген дәрі ішсе де пробирка оң реакцияны көрсетеді. Сондықтан зерттеуден бұрьш осы жағдайды анықтап алу керек.
Көлік жүргізушілерін МАИ қызметкерлері арнайы электронды аспап арқылы тексереді.
Лабораториялық жағдайда химиялық тәсілдер арқы-лы қандағы және зәрдегі алкоголь мөлшерін анықтап (газ-сұйық хроматография арқылы) осыньщ негізінде мастықтың деңгейі туралы тұжырым жасайды.
Зерттеудің қорытындысына сай акт жасалып, онда клиникалық және лабораториялық зерттеулердің мәлі-меттері келтіріледі.
Мастықты тәртіп бұзғанда, жұмыс орнында мас бо-лып жүргенде тексереді. Тексеруге мекеме бастьщтары, тергеу және сот органдары қатынасады,
Мастықтың диагностикасын дәрігер-психиатрлар, нарколог-психиатрлар, басқа мамандықтағы дәрігерлер (невропатологтар, терапевтер) анықтайды.
Күшті алкогольды улануды қайтару үшін төменгідей емдеу комплексі қолданылады:
- Жұтқыншақты тітіркендіру арқылы (саусақтармен) алкогольдың иісі кеткенше құсу. Онан соң 5-10 тамшы нашатыр спирті не калий перманганаты қосылған жылу суды беру (содалы су, бал қосылған жылысүт) .
- Тиімді түрде мастықтан айыру үшін құстыратын және алкогольды жек көрінішті жасайтын атропин (0, 5-1 мл, 1% ерітінді) және метранидазол (1, 5-8 г-ға дейін) беріледі.
- 0, 01 г фенамин, 0, 2 г коразол (не 1-2 мл 10%ерітіндіні тері астына жібереді) 0, 1 г никотин қышқылыберіледі.
- Бұлшықетке ВІ В6витаминдері аз мөлшерде инсу-лин, венаға глюкоза, С витамині жіберіледі.
Көп мөлшерде физиологиялық ерітінді, камфора, кофеин, кордиамин, адреналин, лобелин, цититон беріле-ді. Оттегімен дем алу ұсынылады. Мастықтың ауыр тү-рінде седуксен (2-4 мл 0, 5% ерітінді), галоперндол (1-2 мл 0, 5% ерітінді) не амназин (2-3 мл 2, 5% ері-тінді) беріледі.
Маскүнемдіктің клиникасы
Ұзақ уақыт, көп жыл бойы алкогольды (арақ, коньяк, шарап, сыра) жүйелі түрде ішкеннен соң маскүнемдік қалыптасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы-мының мәліметі бойынша жақсы дамыған елдерде мас-күнемдіктің жайылуы 1000 адам ішінде 11 ден 44 дейін. Маскүнемдік көбінесе еркектер арасында тараған. Кей-інгі кезде әйелдер арасында да баршылық. Маскүнемдік-тің еркектер мен әйелдер арасындағы қатынасы орташа 6:1, ал кейбір мәлімет бойынша 1:1 Әйелдер арасында шараптық маскүнемдік етек алған. Балалар мен жасес-пірімдер арасында алкогольды ішушілер көбейгендіктен маскүнемдік жасарып келеді.
Маскүнемдікте тек орталық нерв жүйесінде ғана емес жүрек-қан тамырлар, асқазан, неееп-жыныс, ішкі секреция бездері жүйесінде де езгерістер болады.
Маскүнемдіктің үш кезеңі бар:
Бірінші кезеңі бірнеше жыл алкогольды ішкеннен кейін болады. Мұнда организмнің алкогольге деген тұрақтылығы көтеріледі. Бұл организм реакциясының өзгергенін керсетеді. Ауру адам алкогольды қанша қабылдағанымен мас болмайды, оған ол мақтанып, езін «күштімін» деп санайды. Шынын-да организм тұрақтылығының көтерілуі - бұл маскү-немдіктің белгісі. Сонымен катар кептеген адамда болатын, қорғаныс ролін атқаратын құсу рефлексі жойылады. Ауру адамдарда алкогольге деген психикалық тә-уелділік, олардың ойынан кетпейтін (обсессивті) ішуғе деген құмарлық пайда болады. Алкогольдің атын естісе жанданып, сөйлегіш болып кетеді. Көтеріңкі күй орнына ашуланшаіқтық, кеңілсіздік орын алғандықтан мастык-тың түрі езгереді. Ес-түсінен айырылатын күшті мас бо-лудың түрі пайда болады. Кейде ол мас болған кездегі кейбір жайттарды есіне түсіреді, ал кейбіреулері есінде мүлде болмайды. Ішкен алкоголь мөлшерін бақылау қабілеті жоғалады. Мас болу үшін ауру адамдар алко-гольды басқалардан бұрын ішіп қоюға тырысады («алға шығу» белгісі) . Бұл кезеңде өтірік айту, мақтаншақтық, мылжыңдық, сияқты жеке басында өзгерістер болады. Ішуге қаражат және жағдай табу күшейе туседі.
... жалғасыЕкінші кезеңінде абстинентті не «бас жазу» белгісі қалыптасады. Басқаша айтқанда организмнің алкоголь-ге деген тәуелділігі дамиды. Мұндай тәуелділік 2-10 жылдың ішінде қалыптасады. Алкогольды қабылданған 6-8 сағаттан кейін адам есін жияды және онда өте қиын соматовегетативтік және нерв-психикалық белгілер білі-не бастайды. Солардың ішінде тахикардия болып, жүрек ауырып, артериялық қысым мөлшері кетеріліп, бас айналып және ауырьш, аяқ-қол, дене, бас дірілдей бастайды. Кейде дірілдеу қатты болғандықтан ауру адам қолын қоя алмайды, жазуы бұзылып, тәбеті төмендеп, жүрегі айнып, құсып, іші етіп, ұйқысы қашады. Ауру адамның көңіл-күйі нашарлап мазасызданып, қорқа бастай-ды. Жедуге болмайтын алкоголые деген құштарлык пайда болады. Осы мезетте аз мөлшерде алкогольды қа-былдау ауру адамньщ жағдайын жеңілдетеді. Аурудьщ асқынуына байланысты «бас жазу» белгісі үнемі және тұрақты болады. Егер аурудьщ басында «бас жазу» бір-неше күннің ішінде болса, артынан екі апта және онанда ұзаққа созылады. Абстинентті белгіні жою үшін ауру адамдар алкогольды 4-10 күн удайы ішеді.
Біртіндеп ауру адамдардың есі төмендеп, интеллек-туальды қызметі нашарлайды. Ол дөрекі, өзімшіл, өтірікші болып, отбасына қамқорлық жасамай, жұмыс орнын үнемі ауыстыра береді. Олар үйдегі заттарды сатып, иісті су мен басқа қоспаларды ішеді. Қисынсыз қалжың-дар, анекдоттар айтып езін-езі мақтайды. Бул кезеңде 10-13% ауру адамдарда алкогольды психоз дамиды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz