Бабажанов Мұхамед-Салықтың ағартушылық қызметі



1. Бабажанов Салық өмірбаяны
2, Жылдарда сөйлейді
3. Отаршылдық саясатты әшкерелеу
4. Петербургке сапар
5. Қиын да күрделі ғұмыр
6. Салықтың рухани мұрасы
ХІХ ғасырда ағартушылық ілімдерден нәр алған қазақ қоғам қайраткерлері қарапайым халықты азапты тұрмыстан құтқарудың бірден-бір жолы білім мен ғылымды игеру деп санады. Олар іскер, жігерлі, білімді адамдарды тәрбиелеуге ыждағаттанады. Қоғамда болып жатқан өзгерістерді саналылықпен байыптап, қарқынды дамуда ілесе алатын алғыр жастарды дайындап, баулу ағартушылардың ең негізгі мақсаты болды. Солардың сапында Бөкей ордасынан шыққан Мұхамед – Салық Бабажановтың еңбегі ерен. Мұхамед-Салық – қазақ халқының аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен асыл перзенттерінің бірі. Ол – Шоқан Уәлихановпен қатар шығып, өз халқы үшін, оны бодандықтан құтқару жолында аянбай еңбек еткен жан. Мұхамбет-Салық Бабажанов – туған халқы және оның ар-абыройы мен теңдігі үшін қайрат-жігерін аямаған, әділдік жолдан таймаған аяулы, білімді, зерделі азаматтардың бірі, публицист, ғалым-этнограф әрі экономист.
Кеңес өкіметі кезінде мүлде атаусыз қалған Бабажанов Мұхамед- Салық есімі қазақ елі теңдік, азаттық алғаннан өз тұғырына қайта көтерілді.
М.Бабажанов – ХІХ ғасырдың орта кезінде Шоқанмен қатар шыққан белгілі ғалымдардың бірі. Ресей Географиялық қоғамына мүшелікке Шоқан мен Семенов-Тянь-Шанскийдің кепілдеме бергені оның ғалымдық дәрежесін айқындай түседі.
Міндеті: Бабажанов Мұхамед-Салықтың ағартушылық қызметі туралы жан жақты қарастырып барық қазақ халқында білім ғылымның қалыптасуына қосқан үлесі туралы таныстыру.
Өмірі, тағдыры, ой-арманы ұқсас қазақтың бұл аяулы ұлдары – Шоқан Уәлиханов пен Салық Бабажанов. Екіншісінің шын аты Мұхамед-Салық бола тұра, елі еркелетіп Салық атап кеткен еді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бабажанов Мұхамед-Салықтың ағартушылық қызметі.
Мақсаты: ХІХ ғасырда ағартушылық ілімдерден нәр алған қазақ қоғам
қайраткерлері қарапайым халықты азапты тұрмыстан құтқарудың бірден-бір жолы
білім мен ғылымды игеру деп санады. Олар іскер, жігерлі, білімді адамдарды
тәрбиелеуге ыждағаттанады. Қоғамда болып жатқан өзгерістерді саналылықпен
байыптап, қарқынды дамуда ілесе алатын алғыр жастарды дайындап, баулу
ағартушылардың ең негізгі мақсаты болды. Солардың сапында Бөкей ордасынан
шыққан Мұхамед – Салық Бабажановтың еңбегі ерен. Мұхамед-Салық – қазақ
халқының аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен асыл перзенттерінің бірі.
Ол – Шоқан Уәлихановпен қатар шығып, өз халқы үшін, оны бодандықтан құтқару
жолында аянбай еңбек еткен жан. Мұхамбет-Салық Бабажанов – туған халқы және
оның ар-абыройы мен теңдігі үшін қайрат-жігерін аямаған, әділдік жолдан
таймаған аяулы, білімді, зерделі азаматтардың бірі, публицист, ғалым-
этнограф әрі экономист.
Кеңес өкіметі кезінде мүлде атаусыз қалған Бабажанов Мұхамед- Салық
есімі қазақ елі теңдік, азаттық алғаннан өз тұғырына қайта көтерілді.
М.Бабажанов – ХІХ ғасырдың орта кезінде Шоқанмен қатар шыққан белгілі
ғалымдардың бірі. Ресей Географиялық қоғамына мүшелікке Шоқан мен Семенов-
Тянь-Шанскийдің кепілдеме бергені оның ғалымдық дәрежесін айқындай түседі.

Міндеті: Бабажанов Мұхамед-Салықтың ағартушылық қызметі туралы жан жақты
қарастырып барық қазақ халқында білім ғылымның қалыптасуына қосқан үлесі
туралы таныстыру. 

Өмірі, тағдыры, ой-арманы ұқсас қазақтың бұл аяулы ұлдары – Шоқан Уәлиханов
пен Салық Бабажанов. Екіншісінің шын аты Мұхамед-Салық бола тұра, елі
еркелетіп Салық атап кеткен еді.

Мазмұны: Салық Бабажанов 1832 жылы Бөкей ордасында туған. Этнограф, қоғам
қайраткері, ағартушы. Ордадағы орыс-қазақ мектебінде 1841-45 жылдырда
бастауыш білім алған соң, Орынбордағы  Неплюев кадет корпусының Азиялық
бөлімін бітірген 1851жылы бітіреді. 1852-55 жылдары Орынбор шекаралық
комиссиясының кеңсесінде қызмет етті. 1855 жылдары Ішкі Орда қазақтарының
толқуына қатысты деген желеумен қызметінен қуылып, 2 ай абақтыда
отырды. 1855-61 жылдары Ішкі Орданы басқару жөнінде Уақытша кеңестің
кеңесшісі болды. 1862 жылдары қызметтен кетіп, 1866 жылға дейін мал
шаруашылығымен шұғылданды. 1866- 71 жылдары Ішкі орданың Қамыс-Самар
бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды. Бабажанов қазақтың салт-дәстүрі,
шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық кәсібі жөнінде еңбектер жариялады.
Халықтың көне тарихи мұраларын, аңыз-ертегілерін, өлең-жырларын, мақал-
мәтелдерін жинап, зерттеді. Ресей музейлері мен ғылыми мекемелеріне қазақ
тарихы мен тұрмысына қатысты археологиялық, этнографиялық жәдігерлер
жіберді. 1861 жылы Орыс геор. қоғамының мүшесі болып сайланды. Этнография
бөлімінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін 1862 жылы аталмыш коғамның
күміс медалімен марапатталды. Бабажанов — ғылыми еңбектері үшін ресми
марапатталған тұңғыш қазақ. Ол Ресей империясының қазақ елін отарлау
саясатына наразылық танытқан мақалалар да жазды. 1860 ж. қазақ халқының
уәкілдігі құрамында Санкт-Петербургке келіп, Орынбор генерал-губернаторы
В.А. Перовскийдің үстінен патшаға шағым жасады. Бабажановтың ғылымға
сіңірғен еңбегі туралы Ш.Уәлиханов, П.П.Семенов-Тянь-
Шанский, В.В.Григорьев, П.И.Небольс ин,А.Харузин, пікір білдірген. Белгісіз
жағдайда қаза тапқан. Дәулеткерей оған Салық өлген күйін арнаған. Сондай-
ақ ақын Е.Раушановтың Бабажанов туралы Сарыөзен атты поэмасы
бар. Мұхамбет-Салық Бабажанов – туған халқы және оның ар-абыройы мен
теңдігі үшін қайрат-жігерін аямаған, әділдік жолдан таймаған аяулы,
білімді, зерделі азаматтардың бірі, публицист, ғалым-этнограф әрі
экономист. Кеңес өкіметі кезінде мүлде атаусыз қалған М.Бабажанов есімі
қазақ елі теңдік, азаттық алғаннан өз тұғырына қайта көтерілді. М.Бабажанов
– ХІХ ғасырдың орта кезінде Шоқанмен қатар шыққан белгілі ғалымдардың
бірі. РесейГеографиялық қоғамына мүшелікке Шоқан мен Семенов-Тянь-
Шанскийдің кепілдеме бергені оның ғалымдық дәрежесін айқындай түседі. Мұның
сыртында ғылыми еңбектері үшін М.Бабажанов Ресей Географиялық қоғамының
күміс медалімен Орта Азия жәнеҚазақстан ғалымдары арасында тұңғыш алған
қайраткер екенін де айтып өткен жөн. Ең алдымен айтар сөз сан қырлы саңлақ
талант өз отанына, ел-жұртына деген ыстық та айнымас махаббатын ерекше
қабілеті арқылы танытып та, дәлелдеп те берген ары биік, ойы терең, ақылы
кемел азамат ретінде өмірден ерте өтті. Тағы бір ғажабы оның өмірі де,
өнері де, өресі де, тіпті білім дәрежесі де Шоқанға өте ұқсас. Екеуі де
текті атадан, екеуі де зиялы ортадан, екеуі де бір мектептен. Ең ақыры
тағдыры да ұқсас болды, екеуі де өмірден ерте өтті. Мұхамбет-Салықты ел-
жұрты көбіне Салық деп қысқартып атаған.

1 – тапсырма.Бабажанов Салық өмірбаяны?

Әкесі Жәңгір ханның қайын атасы, Исатай, Махамбет көтерілісін де жиі
айтылатынҚарауылқожа Бабажанов. Салықтың анасының аты Жәмила, жұбайы Ғазиза
атақты күйші Дәулеткерейдің қарындасы. Әкесі Қарауылқожа – ХХІ ғасырда
Бөкей ордасында өмір сүрген старшын. Каспий теңізі жағалауындағы қазақ
ауылдарын басқарды. Оралдықтар арасынан істің тауар алмасу, сауда,
кәсіпкерлік, өсімқорлық көзін алғаш ұғынып, князь Юсуповтың, граф
Безбородконың іс басқарушыларымен келісімшарт жасасты. Мұндай әрекетінен
көрші қоныстанған қазақтар қысым көріп, аяғы Қарауылқожа мен Исатай
Тайманұлы арасындағы қақтығысқа ұласты. Жәңгір ханмен пікірлес, сыйлас
болды. 1826 жылы хан І Николайдың таққа отыру салтанатына Мәскеуге барғанда
қасына Қарауылқожаны ерткен. Патшадан Анна ленталы алтын медаль алды.
Жәңгір кейіннен оның қызы Салихаға үйленді. Қарауылқожа мұсылмандық жолын
берік ұстанды, 1847 жылы Орал қаласында мешіт салдырды. Оған келісім алу
үшін Орынбор шекара комиссиясына Жәңгір арқылы арнайы хат жазып, рұқсат
сұрады. Бірақ еуропалық білімнің болашағын жақсы түсінген ол өз балаларын
дін оқуына емес, кадет корпусына берді. Балаларынан Көпбосын Ордада хан
кеңсесін басқарса, Салық этнограф-ғалым атанды, Орданы басқару жөніндегі
Уақытша кеңестің кеңесшісі болды. Бабажановқа арнап Дәулеткерей күйші
Қарауылқожа күйін шығарған.

М.Бабажанов есімі белгілі Жәңгір ханның мектебін бітіріп және оның
қамқорлығымен 1845 жылы М.Бекмұхамедов, Ж.Ниязов, М.Жантөриндермен бірге
Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқыған 8 жастың бірі.
Бұлардың бәрі де кейін ел алдында абыройлы қызмет атқарған алғашқы білімді
қазақ азаматтарының қатарынан орын алды. Салық жас кезінен-ақ өнер мен
ғылымға өте құштар болып өсті де, кадет корпусының қабырғасында жүрген бала
кезінен-ақ Орынбордағы белгілі шығыстанушы-ғалым В.Григорьевпен танысып
алды. Талапты жастың талантын таныған үлкен ғалым оны үйіне шақырып, оған
өзінің бай кітапханасының есігін ашып қойды. Сөйтіп Салық өз бетімен оқып
әр салада жан-жақты білім алды. Орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен
танысты, оларды ден қоя оқыды. Орыс тілін де осы әдебиеттер арқылы жетік
біліп алды. Ол Пушкин,Карамзин, Щербаков сияқты  ақындар мен тарихшылардың
еңбектерін оқыды. Кадет корпусын аса зейінділігімен оқып, үлгілі-тәртібімен
бітіріп көзге түскен ол 1851 жылы Орынбор қаласындағы Шекара комиссиясында
жұмысқа орналасады. Бұл кезде ол небәрі 19 жастағы бала жігіт еді. Бірақ ол
аталған жұмыста көп тұрақтай алмады. Оның себебі сол кездегі теңсіздік,
әділетсіздік, патша әкімдерінің жергілікті халықтарға деген шектен тыс
озбырлығы, Жайық бойын жайлаған казактардың мейрімсіздігі халықтың ашу-
ызасын тудырған еді. Жас Салық халық жағына шықты, олардың сөзін сөйледі.
Жәбірленушілердің арыз-шағымын жазып беріп, оның оң шешілуіне қолынан
келгенінше жәрдем жасады. Оның бұл ісі әрине, патшаның астамшыл әкімдеріне
ұнамады. Ақыры өтірік-шыны аралас дәлелдер тауып, Салықты жұмыстан қудырды,
жер аудартты, соңына аңдушы қойды. Дегенімен қайда жүрсе де өзінің
білімімен, әділеттілігімен, азаматтық жолдан таймаған оның жақсы
қасиеттерін таныған сол Орынбор Шекара комиссиясы оны Ішкі Бөкей ордасын
басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің кеңесшісі етіп тағайындайды.

Жоғарыда айтылғандай М.Бабажанов есімі оның Шекара комиссиясындағы
қызметімен емес, түбегейлі ғылыми-шығармашылық еңбектерімен және халықшыл,
әділ қасиеттерімен танылды. Белгілі этнограф ғалым В.Григорьев оны ...аса
қабілетті және тамаша білімді адам деп өте жоғары бағалаған.
М.Бабажановтың атын шығарған оның ғылыми-этнографиялық және публицистикалық
шығармалары еді. Сегіз қырлы, бір сырлы ғалымның бұл еңбегі айрықша
тоқталуды талап етеді. Қуғындағы кезінде де, бақытты кезінде де ол қаламын
қолдан түсірмей, әділдік, шындық жолындағы өткір мақалаларын жариялап,
күресін тоқтатқан жоқ. 1854 жылдан бастап Санкт-Петерборда, Орынборда және
іргелес Астрахань губерниясында шығып тұратын Северная пчела, Санкт-
Петербургские ведомости, Деятельность, Охота, Волга, Орыс
географиялық қоғамының хабарлары мен жазбалары, Этнографиялық жинақтар
сияқты газет-журналдарды жаздырып алып, оқыды және оларға мақалалар жазды.
М.Бабажанов заманы алғашқы қазақ зиялыларының туып, өсуі мен шетел және
орыс саяхатшылары мен ғалымдарының қазақ өлкесін зерттей бастауымен тұтас
келді.

2 – тапсырма.Кестені толтырыңыз?

Орыстардың жергілікті халық өмірі мен тарихын, әдет-салтын білмей жазған,
көбінесе теріс пікірде құраған мағынасы тайыз мақалаларын оқыған ғалым
қолына қалам алып, көптеген мәселелерді өзі жазды. және білгірлікпен
дәйекті түрде жазды. Оның бұл мақалалары жоғарыда аталған газет-журналдар
кідіріссіз жариялап тұрды. Оның әсіресе Қымыз туралы жаңалық, Орал казак-
орыстары мен Ішкі Орда қазақтарының айтысы, Ішкі қазақ Ордасының
жылқылары және оны бағу, Нарын құмы жөніндегі мәліметтер, Ішкі Бөкей
ордасындағы аңшылық деп аталатын мақалалары мен зерттеу еңбектері мән-
маңызы өте жоғары еңбектер еді. Әсіресе, мұндағы жылқы, қымыз жөніндегі
жазбалары күні бүгінге дейін құны жоғалмайтын дүниелер.1860 жылы қазақ
депутациясының құрамында Петерборға барды. Осы сапарында ол белгілі
этнограф, шығыстанушы П.Небольсинмен, ұлы саяхатшы Семенов-Тянь-Шанскиймен
жүздесіп, танысады. Атағы зор екі ғалым да жас қазақ ғалымын жақсы көріп,
еңбегін бағалады. П.Небольсин 25 жаста. Келбетті. Ат жақты. Өңі қараторы,
көзінің аясы үлкен, шашы қара, қалың. Бабажанов орыстың айшықты әдеби тілін
жақсы меңгерген. Сөздері өткір, әрі көркем, әсіресе өзін толғандыратын
мәселеге келгенде қызып кетіп, шешен сөйлейді... Әңгімелескен кезімде оны
әсіресе екі мәселенің ерекше толғандыратынын байқадым. Оның бірі біздің
бәрімізге ортақ кесел – біздің заңымыз және уездік сот қызметкерлерінің
қылығы мен былығы болса, екіншісі надандыққа толы татар насихатының қазақ
арасындағы зиянды кеселі және ешбір негізі жоқ соқыр сенімдер мен ескі
аңыздарды құранға қосып халықты бұзып, аздыруы еді деп жазды. Бұл үлкен
ғалымның жас ғалымды тануы әрі берген бағасы еді. Петерборға барған қазақ
депутациясы осы сапарында Эрмитажда, мұражайдарда, көркемсурет
академиясында, Пулков обсерваториясында тағы басқа тарихи, мәдени орындарда
болған. Шоқан Уәлиханов осы депутация құрамындағы Ғ.Есенбаев, А.Байғалин,
М.Жантөрин, М.Бабажанов, Ә.Сейталин, тағы басқаларды қонаққа шақырғанын
депутация жетекшісі Л.Плотников Руский вестник журналында жазған. Қайтар
жолында Мұхамбет-Салық Мәскеу шаһарына әдейі соғып Кремльде, Үлкен театрда,
тағы басқа мәдени орындарда болған. Тағы бір айтар сөз этнограф П.Небольсин
аталған қазақ депутациясы туралы Путешествующие киргизы деген мақала
жазып, қазақ даласынан келген адамдардың саналы істерін жоғары бағалайды.
Осыны оқыған Орал казактарының мүшесі И.Железнов қарсы Киргизомания атты
мақала жазып қазақтардың намысына тиетін сөздер айтады. Бұған назаланған
М.Бабажанов аталған журналға И.Железновқа қарсы мақала жазып, қатты соққы
береді. Оның шовинистік, пасық ойларын, надандық жазбасын айыптай отырып,
кеудемсоқ казактардың ұрдажық, топастық келбеттерін айқын көрсетіп,
бұлтартпас дәлелдермен әйгілеп береді.

3 – тапсырма.Сызбаны толтырыңыз?

Кадет корпусында

Кішкентайынан өте зерек Салық Ордадағы Жәңгір хан негізін қалаған тұңғыш
қазақ мектебінде оқып, 1844 жылы бітіріп шығады. Салық, бір жағынан, патша
әкімшілігінің, екінші жағынан, жергілікті би-болыс, байлардың екіжақты
езгісінен зар илеп, жоқшылық тауқыметін тартқан қара халықтың қайғы-
қасіреті мен ауыр тұрмысынан хабардар болып өсті. Ол жаңа ес біліп, еңсесін
көтере бастаған кезде Исатай, Махамбет басқарған көтеріліс Орда өңірін дүр
сілкіндіріп өтті.
Салық 1845 жылы Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусына, әскери
училищеге оқуға түседі. Мұнда орыстың әкімшілік орындары мен әскери
мекемелерде жұмыс істейтін тілмаштар дайындалушы еді. Білім құмар бала
өздігінен көп оқып, көп ізденеді. Орынбор қаласындағы кітапханалардан сирек
кездесетін кітаптарды алып оқиды. Ол тек кадет корпусының оқу
бағдарламасымен ғана шектелмей, оған қоса тарих, археология, этнография
және көркем әдебиет кітаптарын да көптеп оқиды. Оны әсіресе өз өлкесі –
Еділ, Жайық өзендерінің бойлары мен Орал таулары баурайларын мекендеген
елдердің тарихы мен тағдыры қызықтырды. Ол осы өлкеде сонау көне дәуірлерде
пайда болып, өмір сүрген Еділ (Аттила), Хазар, Бұлғар (Қазан) хандықтарынан
бастап, өз тұсындағы Бөкей хандығы, Орынбор өлкесі, Астрахань губерниясына
дейінгі ұзақ тарихты оқып, зерттейді. Орыс тарихшылары Карамзин, Голиков,
Щербаков, Миллердің шығармаларымен де таныс болады. Сонымен бірге
А.С.Пушкиннің Капитан қызы мен Пугачев бүлігінің тарихын да оқиды. 
С.Бабажанов сонымен бірге сол кездегі Орыстың географиялық және
археологиялық жазбаларын, Петербург пен Орынборда шығып тұрған мерзімді
баспасөздерді, газет-журналдарды құр жібермей оқып отырады. Әсіресе Орынбор
шекара комиссиясының төрағасы, кадет корпусының оқытушысы В.В.Григорьевтің
еңбектерімен жақсы таныс болды. Салық белгілі шығыстанушы ғалым, кейіннен
Ы.Алтынсаринге де ұстаздық еткен В.В.Григорьевтің үйінде болып, ғалымның
бай кітапханасындағы дүниежүзілік әдебиеттің мол қорынан сусындайды.

Кадет корпусында Салық жалғыз емес, қасында Бөкей ордасынан Шалабаев
Сұлтан, Бекмұхамедов Мұқамеджан, Саңғырықов Мырзағали, Ниязов Жүсіп,
Жантөрин Сұлтанмахмұт, Бөкейханов Арыстангерей, Нұралыханов Зұлқарнай сынды
ұлдар болатын. 

4 – тапсырма. Жылдарда сөйлейді?

Салық Бабажанов 1860 жылы Петерборда болғанда Т.Небольсинмен
танысады. Білімпаз қазақтан алған әсерін жасыра алмай, орыс ғалымы оған:
Жасы 25-те, келбетті, атжақты, бірақ тотыққан қара торы өңді, әдемі арайлы
көзді, қалың қара шашты Бабажанов орыс тілінде өте мәнерлі сөйлейді.
Әсіресе әңгіме өзін толғандыратын мәселеге ауысқанда өткір де шешен, – деп
мінездеме береді. Небольсин бұл сөздерін Руский вестник журналының 1860
жылғы 29-нөмірінде жариялап отырса, мұны да құжатқа санайық. Санасақ, Салық
Шоқанмен құрдас, 1835 жылы туған болады екен.
2002 жылы Арыс баспасынан Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия жарық
көрді. Кітаптың 168-бетінде Бабажанов Мұхамед-Салық (1832, Бөкей ордасы –
1871, сонда) деп жазылған. Т.Боранғалиұлы осы энциклопедияның шығармашылық
тобының мүшесі екен. Сондықтан біз де 1832 жылға тоқтадық.
Отаршылдық саясатты әшкерелеу

1851 жылы қазан айында С.Бабажанов Орынбор кадет корпусын ойдағыдай бітіріп
шығады, оған хорунжий әскери атағы беріледі. Орынбордың шекара
комиссиясының басшылары оқуды үздік бітірген талапты жас офицер
С.Бабажановты өз қарамағындағы қызметке қалдырады. 1854 жылы Ішкі қазақ
ордасын басқаратын Уақытша кеңестің ұйғаруымен ол теңіз жағалық қазақтары
депутаттығына тағайындалды. Территориялық аймаққа байланысты Ішкі орда
қазақтарында 1855 жылы әртүрлі жалған өсек қаулап, толқу пайда болған-ды.
Бұл ушыға берсе, ашық көтеріліске ұласу қаупі бар деп Орынбор және Самар
генерал-губернаторы ескертіп, толқуға қатысқаны үшін 1855 жылы Салықтың
ағалары – Мұхамеджан мен Мұстафа Бабажановты тұтқындайды. Ағаларымен қоса,
Астраханьда Салық та қамалады. Оған жүргізілген тексеру кезінде қасақана
қоздырушы деген күдік дәлелденбейді. Пәтерінен көптеген қағаз алынып,
оларды тексеру барысында үкімет алдында ешқандай да ой мен қимылдың
оғаштығы табылмаған.
Ішкі орданың Уақытша кеңесінің төрағасы полковник Герн генерал-губернатор
Перовскийдің рұқсатымен Салықты босатып, хан ордасына шақырып, оны
кеңесшілікке тағайындайды. Бар-жоғы 22 жасында кеңесші болу – үлкен
жетістік. Қызмет бабымен Саратовта, Астрахань, Қаражар, Енетаевскіде
болады. Жергілікті жердің халқымен танысып, көп мағлұмат алады. Кейін оның
қаламынан құнды мақалалар тууына бұл да көп септігін тигізген болуы керек.
Осы өлкеге келіп-кетіп жүрген сол кездегі орыс оқымыстыларының тиіп-қашты
жазылған үстірт дүниелері де, өз халқының психологиясын, салт-дәстүрін, ән-
жырын алақандағы әжімдей білетін жанға қалам тартқызғанға ұқсайды.
5 – тапсырма.Ойды жалғастырыңыз?

М.Бабажанов есімі белгілі ... ... ... ... ... ... ... ... .. ханның
мектебін бітіріп және оның қамқорлығымен 1845 жылы
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бабажанов еңбектеріндегі Бөкей Ордасы қазақтарының жәйі
Мұхамбет Салықтың Қазақтың көне мақалы
Заманында жолы болмаған, артында жоқтаушысы аз, қайран Салық!
Мұхамбет Салық Бабажанов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы
Жәңгір хан мектебі
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Қазанда хан
Жәңгір хан кім
Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы
Пәндер