Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары


СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Исмаилова Р. Б. - п. ғ. к. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.
Студенттерге кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі - білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жағдай туады.
Өзіндік жұмыс мәселесі бойынша біршама алыс және таяу шетел ғалымдары өз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін Г. Ахметова, Н. Асанов, А. К. Садыкова, К. Л. Гончарова қарастырды.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми, дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелері Ш. А. Абдраман, А. Р. Анасова, Ы. А. Нәби, Ш. Т. Таубаева, Р. И. Бурганова, Б. Т. Кенжебеков, Қ. М. Кертаева, М. Кұрманов, М. А. Лигай, М. С. Мәлібекова, А. А. Саипов, Г. Ж. Меңлібекова, О. Ү. Мұсабеков, О. С. Сыздықов, К. М. Беркимбаев, Р. С. Омарова, Г. К. Нұртаева, А. Н. Тесленко және т. б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастыру-дың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.
Кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың маңызы орасан зор. Студенттің өзіндік жұмысы - бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі.
Студенттің өзіндік жұмысы - жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде студенттердің өзіндік әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше бір құралы. Олай болса кредиттік оқыту жүйесінің жоғары мектепте ендірілуі және СӨЖ-дің үлесінің артуы оны белсендіруге баса көңіл аудартады.
Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы қызметі: өз әрекетін өзі ұйымдастырушы; өз бетімен ізденіп, шығармашылық әрекет жасаушы; өз тағдырын өзі басқарушы.
Студенттің өзіндік жұмысы - кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс - студенттің ғылыми, оқу кәсіби құзырлылығын қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оңтайлы шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған.
Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алсақ, өзіндік жұмыстың қай түрі болса да, оның студенттердің оқу әрекетіне жататыны белгілі. Ал оқу әрекетін ұйымдастыру оқытушының шеберлігін, студенттердің қызығушылығын тудыруын, олардың алдына мақсат қоя білуін, мақсатты шешуге жағдай жасауын, оны кәсіби тұрғыда шешетіндей міндет жүктеуін қажет етеді. Бұл өзіндік жұмысқа байланысты оқытушыға жүктелетін мәселе болса, енді тікелей студенттің әрекетіне байланысты мәселе-мақсатты әрекет ету, ойлану, ой қорыту, дұрыс шешім қабылдау, нақты нәтижеге қол жеткізу. Осындай құрылымнан тұратын өзіндік жұмыс нәтижесінде студент өздігінен білім алудың көзін ашады, кәсіби бағыттылығы қалыптасады.
Қазіргі таңдағы жоғары оқу орындарында жүргізіліп отырған өзіндік жұмыс түрлері баршылық болғанмен: біріншіден, оның мазмұнын ашу, екіншіден , оның құрылымын нақтылау, үшіншіден , өзіндік жұмысты ұйымдастыру әдістерін жетілдіру, төртіншіден, оны бағыттай отырып, кәсіптік шеберлік деңгейіне көтеру жақтары жетіспей келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz