Қоғамның құқықтық жағдайы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қоғам ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары ... ... ... ... ... 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰМТЫЛУЫ ... ... ..11
2.1 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның дамуы ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық құқықтық қоғам құру жолына түскен ел. Мұндай жолдағы мемлекеттің негізін қалау азаматтық қоғамнан бастау алатыны белгілі. Осыған орай Қазақстан алдымен азаматтық қоғам құру жолына түсті. Қазақстан жағдайында азаматтық қоғам құру одан құқықтық мелекетке өту өте күрделі процесс болғандықтан алдымен азаматтық қоғамның тарихына қысқаша тоқталып кетейік.
Азаматтық қоғамның даму тарихы Ежелгі Греция мен Римнен, сол кездегі саяси-құқықтық ілімдерден, оның ішінде Марк ,Тулий, Цицеронның, Аристотелдің шығармаларындағы азаматтылық пен азамат, қоғамдағы азаматтардың жиынтығы деп қарастыратын ілімнен бастау алады.Азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы туралы толып жатқан әр түрлі ой пікірлер, теориялар бар. Азаматтық қоғам Батыс Еуропада ең алғаш XVII ғасырдың ортасында пайда болған. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, Батыс Еуропада азаматтық қоғам екі түсінікке сүйеніп пайда болған:1) жеке тұлға 2) жеке меншік. Азаматтық қоғам Еуропада жеке адам мен мемлекет арасындағы тартыстан және мемлекет тарапынан әділетсіздіктен пайда болды деген көзқарас бар. Ал ең алғаш «азаматтық қоғам» түсінігін ғылымға енгізген Т.Гоббс пен Дж. Локк болатын. Олардың ойынша адам мұқтаждықтарын қанағаттандырудың нәтижесінде азаматтық қоғам пайда болды, олар -тамақ, киім, баспана яғни адамға ең бірінші кезекте қажетті мұқтаждықтар.
Ал енді азаматтық қоғам мазмұны мен анықтамасына келсек, бұл қоғам- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және рухани –мәдени қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп көрсетіледі. Азаматтық қоғам –саяси , әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық жағынан жоғары деңгейде жетілген азаматтардың мемлекеттен тыс, бірақ мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның түрі.
Бүгінде Қазақстан Республикасы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Қазақстандағы азаматтық қоғамның пайда болуына, дамуына, қалыптасуына келетін болсақ, Қазақстанда азаматтық қоғам Қазақстан егемендік алғаннан кейін қалыптасты. Осы мәселеге қатысты атақты ғалым Белгібаев Қазақстандағы азаматтық қоғамның пайда болуы мен дамуын екі кезеңге бөліп қарастырады

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мухаев Р.Т. «Политология» Алматы, 1999 ж, с.56
2.Әуелғазина Т.«Қазақстан қоғамын демократияландыру жағдайындағы саяси әлеуметтендіруді жүзеге асыру мәселелері»//Саясат, 2005 ж,№10, 43 б.
3. Белгібаев С. «Развития гражданского общества в Казахстане» //Саясат,2002 ж, №1, 25 б.
4. Нысанбаев А.«Гражданское общество:о формах взаимодействия»//Саясат,2002г, №7, с 23
5. Арғынбаев Д. «Құқықтық мемлекет: қалыптасуы мен дамуы»//Саясат,2005 ж, №2, 19 б.
6. Казақстан Республикасының Констиутциясы. Алматы, 1998ж.
7.Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқық негіздері» Оқу құралы.: Жеті жарғы, 2003ж. 296 б.
8.Д.А.Булгакова. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқу құралы, Алматы, Заң әдебиеті. 2004ж.
9.Қ.Д Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, ҚазМЗУ -дың полиграфия баспа орталығы. 1999ж
10.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық. -Алматы, 2003ж. 692 б
11.Сапарғалиев Ғ. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы., 1997ж. 96 бет

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Қоғам
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен
функциялары ... ... ... ... ... 7
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰМТЫЛУЫ ... ... ..11
1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның
дамуы ... ... ... ... ... ... .11
2. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН
РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...26
ҚОЛДАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 29
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егеменді және тәуелсіз мемлекет
ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық құқықтық қоғам құру жолына
түскен ел. Мұндай жолдағы мемлекеттің негізін қалау азаматтық қоғамнан
бастау алатыны белгілі. Осыған орай Қазақстан алдымен азаматтық қоғам құру
жолына түсті. Қазақстан жағдайында азаматтық қоғам құру одан құқықтық
мелекетке өту өте күрделі процесс болғандықтан алдымен азаматтық қоғамның
тарихына қысқаша тоқталып кетейік.
Азаматтық қоғамның даму тарихы Ежелгі Греция мен Римнен, сол кездегі
саяси-құқықтық ілімдерден, оның ішінде Марк ,Тулий, Цицеронның,
Аристотелдің шығармаларындағы азаматтылық пен азамат, қоғамдағы
азаматтардың жиынтығы деп қарастыратын ілімнен бастау алады.Азаматтық
қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы туралы толып жатқан әр түрлі
ой пікірлер, теориялар бар. Азаматтық қоғам Батыс Еуропада ең алғаш XVII
ғасырдың ортасында пайда болған. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша,
Батыс Еуропада азаматтық қоғам екі түсінікке сүйеніп пайда болған:1) жеке
тұлға 2) жеке меншік. Азаматтық қоғам Еуропада жеке адам мен мемлекет
арасындағы тартыстан және мемлекет тарапынан әділетсіздіктен пайда болды
деген көзқарас бар. Ал ең алғаш азаматтық қоғам түсінігін ғылымға
енгізген Т.Гоббс пен Дж. Локк болатын. Олардың ойынша адам мұқтаждықтарын
қанағаттандырудың нәтижесінде азаматтық қоғам пайда болды, олар -тамақ,
киім, баспана яғни адамға ең бірінші кезекте қажетті мұқтаждықтар.
Ал енді азаматтық қоғам мазмұны мен анықтамасына келсек, бұл қоғам-
мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және рухани
–мәдени қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп көрсетіледі. Азаматтық қоғам
–саяси , әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық жағынан жоғары
деңгейде жетілген азаматтардың мемлекеттен тыс, бірақ мемлекетпен бірлесе
отырып, дамыған құқықтық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның түрі.
Бүгінде Қазақстан Республикасы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет
құру жолына түсті. Қазақстандағы азаматтық қоғамның пайда болуына, дамуына,
қалыптасуына келетін болсақ, Қазақстанда азаматтық қоғам Қазақстан
егемендік алғаннан кейін қалыптасты. Осы мәселеге қатысты атақты ғалым
Белгібаев Қазақстандағы азаматтық қоғамның пайда болуы мен дамуын екі
кезеңге бөліп қарастырады
1 ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Қоғам ұғымы
Қоғамның қалай,қандай жағдайларда пайда болуы туралы бұрынғы және
қазіргі ғылыми болжамдарда бір ойды түйіндейтін шешімдер жоқ.Дегенмен де,
барлық оқымыстылар,әдеттегідей,қоғамның қажетті белгісін – саналы және
ерікті адамдардың жиынтығы ретінде бөліп көрсетеді. Тарихи және әлеуметтік
ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке тұлғалардың адамзат қоғамына
бірігуін , олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы
анықталады.Жалпы алғанда , мақсатсыз қоғам болмайды.осындай тұжырымдарға
мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-
бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Әр адамның алдына қойған жеке
мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі
сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне әділетті түрде
қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының
басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы және жеке
мүдделерінің үйлесуіне байланысты.Олардың мүдделерінің сәйкес келмеуі қоғам
өмірін тұрақтандырмайды.
Қоғам – мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың
орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатыныстарына байланысты болады.
Яғни, бірігіп жұмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын
мақсаттарына жетуге болады. Мысалы, К.Маркс қоғамды адамдардың қарым-
қаттынасының жемісі - деп қысқа анықтаған.
Бірақ,ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп
қоғам болмайды. Дегенмен,бәрі бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы
адамдардың жиынтығы, жалпы мүдделердің негізінде қоғам құрмайды. Қоғам –
деп айтуға тек, адамдардың, бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес, олардың
мүдделеріне сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар жиынтығы болуы
қажет. Мұндай қоғамдық қатынастар, қоғамдас адамдардың өз мәніндегі
жұмыстарын қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі дамытады.
Қоғам, қалай болса солай, не болмаса, күштеумен біріккен адамдардың
жиынтығы емес. Адам қоғамсыз,әлеуметтік қатынастарсыз уақыт өткен сайын
еркімен маңызды бағалылығынан айырылады. Бұл жөнінде К.Маркстің, адамның
мәні, оның қоғамдық қатынастарының жиынтығында деген ойына ешбір талас жоқ.
Адам – қоғамның ағашқы клеткасы. Бірақ, қоғам жеке адамдардың
механикалық конгломераты емес. Бұл өте қиын, көп түрлі байланыстағы,
қатынастағы әлеуметтік құрылым, яғни қоғам мүшелерінің және олардың әр
түрлі қосылымдарының арасындағы қалыптасқан көп түрлі байланыстар және
қатынастар.
Қоғам, өзара қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы ретінде,
ұйымдастырушылық факторға ие, себебі ол адамдық тәртіптің шекарасын барлық
қоғамның мүддесі үшін белгілейді. Бұл қызмет, қоғам белгілеген жалпыға
бірдей міндет, жөнге сай арнаулы өкімет органдары арқылы орындалады.
Сонымен, қоғам түсінігіне мынадай негізгібөліктер, белгілер кіреді:
- саналы және ерікті адамдардың жиынтығы.
- тұрақты және объективті сипаттағы жалпылама мүдделердің болуы.
- жалпы мүдделердің негізінде әрекеттік және ынтымақтастық.
- қоғамның ішкі тәртібін және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қабілеті бар, ұйымдасқан күштің құрылуы.
1.2 Азам аттық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты
әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi
мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам.
Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр
сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және
басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң
әралуандылығын көрсетедi.
Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық
болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының,
мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара
тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым
демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны
кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами жеке
тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы
ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк
және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының
заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының
әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.
Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз
БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ
жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.
Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм
негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.
Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын
пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк
институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi. Азаматтық
қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам
арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары
даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк
қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн
билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi
жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi
(партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және
басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және
соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды
жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал
болу.
Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау,
оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық
бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi
қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық
және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-
ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске
асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар,
коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары),
қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар
түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.
Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың
өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк
топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында
олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi
бiрлестiгi.
Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы
негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-
экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек
жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке
мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.
Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар),
дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен
ғибадатханалар.
Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және
теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк
қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және
басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе
үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны.
Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және
азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн ерiктi негiзде құрылған,
заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер
коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар
және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси
партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).
Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын,
өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту
мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi
ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi
тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары
(институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер
шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының
нысаны.
_____________________________
Әуелғазина Т.Қазақстан қоғамын демократияландыру жағдайындағы саяси
әлеуметтендіруді жүзеге асыру мәселелеріСаясат, 2005 ж,№10, 43 б.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰМТЫЛУЫ
2.1 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құқықтық дамуы
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық,
әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi әлеуметтiк
топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң
құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес
секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тәуелсiз кәсiподақтар пайда
бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер,
саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. "Невада - Семей" қоғамдық
қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз
алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.
Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дәрежеде
дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық және өзге де
жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жәрдем етедi.
1991 жылғы 27 маусымда "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы"
Қазақ ССР-iнiң Заңы қабылданды.
Нәтижесiнде елде "Қазақстанның халық конгресi", "Алаш" партиялары,
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк
партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, "Лад" республикалық славян
қозғалысы және "Азат" Қазақстанның азаматтық қозғалысы, "Мемориал" қоғамдық-
ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, "Бiрлiк" қозғалысы, "Әдiлет"
тарихи-ағарту қоғамы, "Поколение" зейнеткерлер қозғалысы және басқалары
пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның
аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негiзде
шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28
түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi. 1994 жылғы желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Президентi әлеуметтiк-экономикалық және еңбек
қатынастары саласындағы әлеуметтiк серiктестiк жөнiнде республикалық
үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты
қатынастарды дамытуға және әлеуметтiк серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы
болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi және, тиiсiнше,
елдiң партиялық жүйесiнiң одан әрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995
жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан
Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" және "Саяси партиялар
туралы" заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары
Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мәдени орталықтар белсендi дами бастады.
Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк
беретiн iргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кәсiбиленуiмен
ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен
мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге
мүмкiндiк бердi. Бұқаралық ақпарат құралдарының, баспа кәсiпорындарының
мемлекет иелiгiнен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттiк қаржыландыру мен
дотациялау жүйесiнен мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге арналған
мемлекеттiк тапсырысқа көшу процесiне байланысты масс-медиа нарығында
сапалық өзгерiстер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының
Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау
енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс
процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы
тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның
Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), "Азамат" демократиялық партиясы,
Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), "Отан" республикалық саяси партиясы,
Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы, "Алаш"
Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар
пайда болды.
1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде "YЕҰ ақпарат орталықтары"
ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-
қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық және әдiстемелiк
қолдау көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң ("Epкiн де
еңселi әрi қауiпсiз қоғамға" атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың
түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен-күнге артып келе
жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде
Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi.
2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан әрi - билiк) өзара iс-
қимыл тетiктерiн жасау үшiн YEҰ күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның
үкiметтiк емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк
органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi
арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат
дәрежесiне көтердi.
2002 жылғы шiлдеде қабылданған және күшiне енген "Саяси партиялар
туралы" Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан
арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi.
2001 жылы "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы, 2002 жылы - Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасы
қабылданды. 2003 жылы ел Үкiметi үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк
қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi, соған сәйкес
облыстық (қалалық) бағдарламалар әзiрлендi.
__________________________________
Арғынбаев Д. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы мен дамуыСаясат, 2005 ж,№2,
19
Сол жылдың өзiнде-ақ Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi
съезi өткiзiлiп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, әртүрлi
конфессиялардың өкiлдерi қатысты, "Бейбiтшiлiк пен келiсiмге" декларациясы
қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың
қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың
саяси танылуын белгiледi және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк
органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы
болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық
өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi.
Орталық және жергiлiктi деңгейлерде "билiк - қоғам" серiктестiгiнiң
ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн және түрлi үндесу алаңқайларын құру
жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы
сәуiрде "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының
принциптiк жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi.
2003-2005 жылдары бiрiн бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан
әрi демократияландыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi
тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық
комиссия жұмыс iстедi.
Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары
арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi жөнiндегi
жалпыұлттық үндесудi тереңдету және саяси жүйенi жетiлдiру мен елде
демократиялық қайта құруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп
тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар
бағдарламасын әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылды,
оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi
қатысады.
Барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде
елде әкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (бұдан әрi - ӘҚСК) сияқты
азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. ӘҚСК жұмысының
тәжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары
бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi.
Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары - саяси
партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кәсiподақтар, ұлттық-
мәдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттiк
емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта
мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi
бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы,
471 ұлттық-мәдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды
бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 БАҚ ресми
тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары
елдi одан әрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
Сонымен бiрге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрi өсуiне ғана емес,
елдi әлемдiк жаһандану процесiне барған сайын тартып бара жатқан қыр
көрсетулерге де байланысты бiрқатар проблемалық мәселелер көрiнiс бере
бастады. Олар тұтастай алғанда елдегi азаматтық қоғамды одан әрi үйлесiмдi
дамытуды тежейдi, оның әр бөлiгi үшiн сипаттамалық ерекшелiктерi бар және
өз шешiмiн талап етедi. Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрi -
КЕҰ) мемлекеттiк органдармен тең құқылы азаматтық әрiптестiгi мәселелерi
шешiмiн тапқан жоқ. Конкурстық рәсiмдердiң ашықтығын арттыру және
бағдарламалар мен жобалардың қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда
КЕҰ-ның қатысуы үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi
жетiлдiрудi талап етедi. Өңiрлердегi, әсiресе ауылдық жерлердегi КЕҰ
әркелкi дамуда. Тiркеу тәртiбi күрделенген және рұқсат беру сипатына ие,
тiркеу алымының мөлшерi ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып
құрылмаған бейресми бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселе реттелмеген.
Бизнес-құрылымдар КЕҰ-дың әлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға
нашар қатысуда.
Әлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялық құрылыс баяу
қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi. Партиялардың
көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық және материалдық ресурстар, саяси партияларды
тiркеу үшiн қол жинау мәселелерi жөнiнде нақты ережелер мен регламент жоқ.
Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру және қосу мәселелерi заңнамалық
реттеудi қажет етедi. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу
тетiгi жетiлдiрiлмеген. Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк-
экономикалық саясатын әзiрлеу мен iске асыруға толық көлемде қатыспайды.
Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер әлi де болса еңбекшiлердiң құқықтарын
қорғаудың пәрмендi тетiгiне айналған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz