Жедел іздестіру қызметінің түсінігі


15. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1 Лекция . Тақырыбы:Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
Жоспары:
1. Жедел іздестіру қызметінің тусінігі
2. Жедел іздестіру қызметінің түрлері
3. Жедел іздестіру қызметінің функциялары
Лекция мақсаты: Жедел іздестіру қызметінің тусінігін, жедел іздестіру қызметінің түрлерін және жедел іздестіру қызметінің функцияларымен таныстыру.
Лекция мәтіні: Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Жедел-iздестiру қызметi» туралы заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi. Азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, республикада тұрақты немесе уақытша тұратын немесе оның аумағына келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар айтылады.
Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi: азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн және меншiктi (нысандарына қарамастан) заңға қарсы қол сұғулардан қорғау; қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу; қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу; жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру; шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау; Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз ету; мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға (меншiк нысандарына қарамастан) жәрдемдесу; бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау; жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
2 Лекция . Тақырыбы:Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері және қағидалары.
Жоспары:
1. Жедел іздестіру қызметінің құқұқтық сипаты
2. Жедел іздестіру қызметінің қағидалары.
3. ҚР -дағы жедел іздестіру қызметінің даму сатылары
Лекция мақсаты: Жедел іздестіру қызметінің құқұқтық сипатын, жедел іздестіру қызметінің қағидаларын және ҚР -дағы жедел іздестіру қызметінің даму сатыларын анықтау.
Лекция мәтіні: Жедел-iздестiру қызметiнiң қағидалары.
Жедел-iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттары құрайды. Республика Бас Прокурорының келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн қалыптық құжаттар шығарады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң (бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдарға жәрдемдесуге мiндеттi. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапқа тартылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.
3. Лекция . Тақырыбы:Жедел іздестіру қызметінің субъектілері, олардың мінднттері мен құқықтары.
Жоспары:
1. Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдары
2. Жедел іздестіру қызметін іске асыру шы органдарының міндеттері мен құқықтары
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар.
Лекция мақсаты: Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарымен таныстыру, жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарының міндеттері мен құқықтарын анықтау, сонымен қатар жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар туралы айтып өту.
Лекция мәтіні: Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:
- азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн және меншiктi (нысандарына қарамастан) заңға қарсы қол сұғулардан қорғау;
- қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;
- қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу;
- жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
- шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау;
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз ету;
- мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға (меншiк нысандарына қарамастан) жәрдемдесу;
- бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау;
- жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзi
1. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттары құрайды.
2. Республика Бас Прокурорының келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн қалыптық құжаттар шығарады.
Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:Iшкi iстер органдары; Ұлттық қауiпсiздiк органдары; Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; қаржы полициясының органдары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi; Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары; кеден органдары жүзеге асырады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
б) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың құқықтары:
1. Жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар:
а) өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру шараларын жария және жасырын жүргiзуге;
б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келiсiм берген адамдармен тегiн немесе ақылы негiзде ынтымақтастық қатынас орнатуға;
в) жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер және хабарлама жүйелерiн құруға және пайдалануға;
г) жедел-iздестiру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен иелерiне өтей отырып, азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктерiн пайдалануға;
д) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды, бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға;
е) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға;
ж) меншiк нысандарына қарамастан басқа министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн мәнi бар хабарламаларын, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн алуға және пайдалануға;
з) Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың күшi мен қаражатын тартуға;
и) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына (меншiк нысандарына қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге;
к) қылмысты топқа жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерiн немесе, жеке өздерiне қатысты шынайы деректердi құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық жасап жүрген адамды енгiзуге;
л) қылмысы iс-әрекетке елiктей мiнез-құлық үлгiсiн қолдануға;
м) қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қылмысты әрекеттерде қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағында тасуға, шетке тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық құндылықтардың жеткiзiлуiне жедел бақылау жасауға;
н) қылмыстық процесте пайдалану үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беруге құқылы.
2. Ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмдерi мен құрамалары лауазымды адамдарының осы Заңда көрсетiлген органдарға өздерiнiң құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруына кедергi жасауға құқығы жоқ.
4 Лекция . Тақырыбы:Жедел іздестіру қызметінің іске асырушы органдарының бірлесіп жұмыс жүргізуі.
Жоспары:
1. Қазақстан Республиксының Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарының бірлесіп жұмыс жүргізуі
2. Қазақстан Республиксының Жедел здестіру қызметін іске асырушы органдарының Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарының халықаралық құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуі
Лекция мақсаты: Қазақстан Республиксының Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарының бірлесіп жұмыс жүргізуі туралы сонымен қатар Қазақстан Республиксының Жедел здестіру қызметін іске асырушы органдарының Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарының халықаралық құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуі туралы айту.
Лекция мәтіні: Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң (бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.
2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапқа тартылады.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.
1. Жедел-iздестiру қызметi үрдiсiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес олар тексерiлгеннен кейiн қылмыстық iс бойынша айғақтар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу нәтижесiнде алынған материалдар оларға қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген сипат бергенге дейiн, не оларды қылмыс процесiне енгiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда ешқандай құқықтық зардаптарға әкелiп соқпайды және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектеу үшiн негiз бола алмайды.
3. Жедел-iздестiру қызметiн ұйымдастыру, нақты жедел-iздестiру шаралары, хабарламаларды алу көздерi мен тәсiлдерi туралы мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мағлұматтар заңдарда көзделген реттерден басқа жағдайда, сондай-ақ азаматтардың жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, жария етiлмейдi.
4. Кәсiби мiндеттерiн орындау нәтижесiнде жедел-iздестiру қызметi туралы өзiне мәлiм болған мағлұматтарды жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапты болады.
Жедел-iздестiру қызметiндегi шектеулер
Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде: аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға; қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге; азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға; азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға; жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға тыйым салынады.
Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi
Жедел-iздестiру шаралары:жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген
мiндеттер орындалған ретте; алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте; тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде тоқтатылады.
Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылы
Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары:
- өздерiнiң алдарында тұрған мiндеттердi дербес, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасап, мемлекеттiк, қоғамдық және өзге ұйымдардың мүмкiндiгiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн пайдалана отырып шешедi;
- осы органдардың құзыретiне қатысты қылмыстық әрекеттердiң мәлiм болған деректерi туралы бiрiн-бiрi хабардар етiп отыруды қамтамасыз етедi және өзара қажеттi көмектi көрсетедi.
Басқа мемлекеттердiң органдарымен өзара iс-қимыл
1. Басқа мемлекеттердiң жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқық берiлген органдары Қазақстан Республикасы аумағында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы заңда және тиiстi шарттар мен келiсiмдерде белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары басқа мемлекеттердiң аумақтарында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы Заңда, сондай-ақ тиiстi шарттар мен келiсiмдер негiзiнде сол мемлекеттердiң заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы құқықтық көмек туралы шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес және осы Заңда белгiленген қалыптар шегiнде жүзеге асырылады.
5. Лекция . Тақырыбы:Жедел іздестіру қызметін іске асыруға атсалушы тұлғалар.
Жоспары:
1. Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарының қызметкерлері
2. Жедел іздестіру қызметін іске асыру барысындағы заңдылықтың сақталуы және құқұқтық кепілдіктердің негіздері
Лекция мақсаты: Жедел іздестіру қызметін іске асырушы органдарының қызметкерлерін анықтау және жедел іздестіру қызметін іске асыру барысындағы заңдылықтың сақталуы және құқұқтық кепілдіктердің негіздерін түсіндіру.
Лекция мәтіні:Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар
Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:
а) Iшкiiстер органдары;
б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары;
в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;
г) қаржы полициясының органдары;
д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi;
е) Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары;
ж) кеден органдары жүзеге асырады.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдардың мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
б) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
1. Жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz