Жалпы қазақ халқының діни тіршілік тұрғысы



1. Жалпы қазақ халқын діни тіршілік тұрғысы
2. Қазақ даласындағы идеологиялық саясаты
3. Ресей империясының миссионерлері
Жалпы қазақ халқын діни тіршілік тұрғысынан қарастырар болсақ, ислам дініне дейінгі, ислам дінінен кейінгі, Қазақ хандығы, Ресей патшалығы дәуірі және Кеңес өкіметі кезеңі деп бөлуге болады. Әрине, бұл қазақ елі тәуелсіздігін алғанға дейін болған процесс. Қазақ, түрік, өзбек және басқа да түрік тектес халықтарының атаулары тарих сахнасына шықпай тұрып, олар түркі халықтары деген жалпы бір атаумен аталған. Әрбір тайпа, әрбір ұлыстың өз сенімі, яғни өзіне тән өмір сүру формасы болған. Арабтардың жаулап алып, ислам дінін тарату әрекеттері Орта Азияның дәстүрлі танымына, сеніміне әсер еткенімен, жергілікті халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарымен біте қайнасып, олармен толық үндесе білді. Нәтижесінде Орта Азия халықтарының этникалық ерекшеліктеріне қаныққан өзіндік діни түсінік қалыптасты. Оның қалыптасуына А.Иасауи мен оның шәкірттерінің ролі үлкен болды. Ислам діні мен түркілердің рухани мұрасын ұштастырып өре білген Қожа Ахмет Иасауи салған жолы түркі мәдениетінің одан кейінгі ғасырлардағы басты сақтаушысына айналды.
Бұл мақала шеңберінде Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы жүргізген діни-идеологиялық саясатын қарастырамыз.
Ресей империясының қазақтарды отарлау саясатын жүзеге асыру үшін және де осы халыққа өз үстемдіктерін жүргізу үшін көптеген амал- айлаларын қарастырып, өз әрекеттерін басқа бір қырынан сынап көрмекке бел буды. Әрине, бұл рухани құндылықтар жүйесінен екендігі баршаға мәлім.
Дін – кез-келген халықтың рухани дүниесі мен мәдениетінің өзегі. Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі сол діннің ыңғайына қарай жасалады. Дін өзгерсе, олар да өзгереді. Діннен тыс мәдениет те, салт-дәстүр де болмайды. Керек десе, бір діннің ішіндегі әр түрлі ағымдар арасындағы айырмашылықтың халықтың этникалық бет-бейнесін өзгертуін күші жетеді. Оған дәлелді ұзақтан іздеп қажеті жоқ. Түркі халықтарының соңғы мың жыл ішінде жүріп өткен жолы оған дәлел бола алады [1].
Жандарбек З. Иасауи жолы және қазақ қоғамы. Алматы: «Ел-шежіре», 2006. 36 -б.
ҚРОМА, 64-қор, 1-тізбе, 436-іс, 9-10-парақтар.
ҚРОМА, 64-қор, 1-тізбек, 595-іс, 38-парақ.
Манарбек Байеке. Орталық Азия мен Қазақстанның мәсіхшілік тарихы. Алматы: Литера-м 2006. -302-307-бб
РМТА, 1574-қор, 1-тізбе, 4-іс, 8-парақ.
Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник второй. Под ред. С.Асфандиярова. Алма-Ата, 1936, с.108
Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы: Атамекен, 1993, 13б

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жалпы қазақ халқын діни тіршілік тұрғысынан қарастырар болсақ, ислам дініне
дейінгі, ислам дінінен кейінгі, Қазақ хандығы, Ресей патшалығы дәуірі және
Кеңес өкіметі кезеңі деп бөлуге болады. Әрине, бұл қазақ елі тәуелсіздігін
алғанға дейін болған процесс. Қазақ, түрік, өзбек және басқа да түрік
тектес халықтарының атаулары тарих сахнасына шықпай тұрып, олар түркі
халықтары деген жалпы бір атаумен аталған. Әрбір тайпа, әрбір ұлыстың өз
сенімі, яғни өзіне тән өмір сүру формасы болған. Арабтардың жаулап алып,
ислам дінін тарату әрекеттері Орта Азияның дәстүрлі танымына, сеніміне әсер
еткенімен, жергілікті халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарымен біте
қайнасып, олармен толық үндесе білді. Нәтижесінде Орта Азия халықтарының
этникалық ерекшеліктеріне қаныққан өзіндік діни түсінік қалыптасты. Оның
қалыптасуына А.Иасауи мен оның шәкірттерінің ролі үлкен болды. Ислам діні
мен түркілердің рухани мұрасын ұштастырып өре білген Қожа Ахмет Иасауи
салған жолы түркі мәдениетінің одан кейінгі ғасырлардағы басты сақтаушысына
айналды.
Бұл мақала шеңберінде Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына
қарсы жүргізген діни-идеологиялық саясатын қарастырамыз.
Ресей империясының қазақтарды отарлау саясатын жүзеге асыру үшін және де
осы халыққа өз үстемдіктерін жүргізу үшін көптеген амал- айлаларын
қарастырып, өз әрекеттерін басқа бір қырынан сынап көрмекке бел буды.
Әрине, бұл рухани құндылықтар жүйесінен екендігі баршаға мәлім.
Дін – кез-келген халықтың рухани дүниесі мен мәдениетінің өзегі. Халықтың
әдет-ғұрып, салт-дәстүрі сол діннің ыңғайына қарай жасалады. Дін өзгерсе,
олар да өзгереді. Діннен тыс мәдениет те, салт-дәстүр де болмайды. Керек
десе, бір діннің ішіндегі әр түрлі ағымдар арасындағы айырмашылықтың
халықтың этникалық бет-бейнесін өзгертуін күші жетеді. Оған дәлелді ұзақтан
іздеп қажеті жоқ. Түркі халықтарының соңғы мың жыл ішінде жүріп өткен жолы
оған дәлел бола алады [1].

Қазақ даласында XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ресей империясының
отаршылдық саясаты белең алып, ел өміріне айтарлықтай әсерін тигізе
бастайды. Енді Ресей империясының ұйғарымымен Қазақстанның кең байтақ
өлкесіне арнайы жіберілген шоқындырушылар мен арнайы дайындықпен келе
жатқан миссионерлер де қазақ халқының экономикалық, идеологиялық жағын
толық бақылап, әлсіз тұстарын қалт жібермей тауып, өздерінің дәстүрлі
діндерінің мәртебесін барынша көкке көтеруге күш алып, діндерін жақсы
жағынан көрсетуге тырысып бағады.
Ресей империясының мұсылмандыққа байланысты идеологиялық саясаты белгілі
тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп, сыннан өткен саяси әдістер іс-
жүзінде жетілдіре түсті. Ислам дініне байланысты Ресей империясының Қазақ
даласындағы идеологиялық саясатын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңде - Қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы ислам дінінің
шариғаты арқылы қазақ халқын дәстүрлі дінінен ажыратуға күш салған. Екінші
кезеңде - Ресей империясының ислам дінін тарату саясатынан бас тартып,
бұратана халықты бірте-бірте өз діндеріне тарту арқылы жаппай шоқындыру
саясатына көшуін қамтиды. Ресей империясы Қазақ жерін басып алған соң оны
идеологиялық жағынан да игеру мақсатында арнайы муфтилік ашып қазақ
даласына арнайы дайындықтан өткен татар молдаларын жібергені тарихтан
белгілі. Бірақ осы заказной молдаларды қазақ халқы қарсы ала қойған жоқ.
Оларға қарсы қазақтар арасында қарсылықтар болғаны, оларды дінді бұздың
деп, ауылдардан қуғаны Құрбанғали Халид еңбектерінде жазылған. Қазақ халқы
Ресей империясына муфтиліктен шығару туралы арыз жазған. Ресей империясы
қазақ халқының осы арызын пайдаланып, қазақ халқын христиан дініне өткізуге
әрекет жасайды. Бұл турасында белгілі тарихшы Зікірия Жандарбек өзінің
Иасауи жолы және қазақ қоғамы атты кітабында былай деп жазды: Өйткені,
патша қолындағы Бас Архиерейін жіберіпті. Архиерей уездік начальник
Канауалов дегеннің үйіне түсіп, 1200 қазақты шіркеу түбіне жинап қойып,
Купрян деген орысты тілмаш қылып, алтындай жарқыраған киімін киіп шығып:
Қазақ халқын мұсылман деп муфтиге қаратқан әуелгі жақсы басшыларыңыз аға
сұлтан өздеріңіздің сәбеттеріңіз бойынша: Бізге муфтидің керегі жоқ. Біз
әдет заңымен тұрамыз деп бізге арыз берген. Сол тілек бойынша сіздерді
муфтиден шығарған. Осы күнде сіздер дінсіз тұрсыздар! Сол себепті сіздерді
ақ патшаңыз жақсы, анық дінге салуға жіберді. Өйткені, мемлекет сіздерге
дін тауып беруге міндетті. Енді сіздердің дін туралы ұлықтарыңыз – мен. Өз
тілдеріңмен жаздырып, алтын дін кітабын алып келдім. Осы мақалада
айтылған татар молдаларына қарсы шығуға
Осындай озбыр саясаттың көрінісін 1887-1888 жылдардағы даланың генерал-
губернаторлары берген есебінен үзінді келтіре кетейік: "Қазіргі кезде
қазақтардың ескі әдет-ғұрпы, салт-санасы босаңқы, ал жаңасы әлі құрыла
қойған жоқ. Ал, мұндайда босаңсыған халық өзіне діннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Қорқыт философиясындағы Өмір жӘне Өлім туралы мӘселе
Ежелгі Үнді діні
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Тәңірілік және бақсылық нанымдардағы жауапкершілік мәселесі туралы
Будда діні құдіреті
Қазақ философиясының тарихы
Дінтану
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Дүниеге көзқарастың түрлері
Пәндер