Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату


ӘОЖ 343. 233/20 Қолжазба құқығында

ӘБІЛҚАСЫМОВ ЕГЕМБЕРДІ ДАЙРБЕКҰЛЫ

Жәбірленушімен татуласуына байланысты

қылмыстық жауаптылықтан босату

12. 00. 08 - қылмыстық құқық және криминология;

қылмыстық-атқарушылық құқық

заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының қылмыстық-құқықтық саясат және криминология кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі заң ғылымдарының докторы, профессор

Рүстемова Гауһар Рүстембекқызы

Ресми оппоненттері заң ғылымдарының докторы, доцент

Рахметов Саттар Мұқанұлы

заң ғылымдарының кандидаты, доцент

Жылқыбаев Алтайр Жақыпұлы

Жетекші ұйым әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті

Диссертация 2007 жылдың 14 қыркүйек күні сағат 11. 00-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясындағы К 14. 20. 10 заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесте қорғалады. Мекен-жайы: 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29.

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2007 жылы «13» тамызда таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

заң ғылымдарының кандидаты Құлмұханбетова Б. А.


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Диссертациялық жұмыс қылмыстық құқық бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының қылмыстық құқықтағы рөлі, түсінігі мен мағынасы, негіздері және оны қолданудағы кездесетін өзекті мәселелеріне арналған.

Зерттеу жұмысында жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының қылмыстық құқықта атқарып отырған рөліне талдаулар жасалуымен, оның мағынасына түсінік беріліп, аталған норманы іс-тәжірибеде қолдануда кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелерге тоқтала отырып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өз алдына мемлекет болып тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, егемендігіне, азаматтардың өмірі мен бостандықтарына тірек болатын, өзінің барша құқықтықќ негіздерін қайта құру қажеттілігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыстар атқарылды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті саќтау, елді зорғау, сыртқы саясат қатынастарын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауының жиырма бесінші бағытында: «Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет» - деп құқықтық мемлекетіміздің құқығын одан ары жетілдіру демократиямен тікелей байланысты екендігін айқындап отыр [1, б. 5] .

Қазақстан Республикасында қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Осыған байланысты егеменді еліміздің мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше маңызды екендігі сөзсіз. Егеменді Қазақстанның конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбектік және қылмыстық құқықтық салаларының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті мәселелері жаңаша қарастырылуда.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-құқықтық саясат, халықаралық нормаларға сәйкестендіріліп, екі векторлы бағытқа ие болды. Атап айтқанда, олардың алғашқысы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті күшейту, екіншісі қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстар үшін жазаны жеңілдету және сотталғандарға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерін көбейту. Соңғы жылдары бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану барынша қысқартылды. Оның орнына сотталған адамды қоғамнан оқшаулауды көздемейтін балама жаза мен қылмыстық жауаптылықтан босату жиі қолданылуда.

Жањадан ќабылданѓан ќылмыстыќ зањда негізінен баламалыќ жазалар кењінен ќарастырылып қылмыстық құқықтық саясат ізгілікке баѓытталѓан. Ќазаќстан Республикасыныњ Президенті Н. Ә. Назарбаевтыњ Ќазаќстан Республикасы Соттарыныњ 3-ші съезіндегі баяндамасынан біз қылмыстық құқықтың негізгі бағыттары, жалпы қылмыстық қудалауға тоқтам салып қылмыстық құқықтағы жазалардың бас бостандығынан айыру түрлеріне баламалы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерімен алмастырып, қажет болған жағдайда қылмыс жасаған адамға жаза тағайындамау, мүмкіндігінше оларды қылмыстық жауаптылықтан да босату қажет екендігін түсінеміз [2, б. 2] .

Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясат тұжырымдасына сай қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының басым екендігін және ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс.

Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық-құқықтың негізгі қағидаларын бұлжытпай сақтай отырып жүргізілуі тиіс екендігі тұжырымдама талаптарының бірі болып танылады [3, б. 18-19] .

1997 жылы 16 шілдеде қабылданып 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап заң күші бар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында орын алған «Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» нормасы қылмыстық құқықта бірінші рет орын алып отыр. Бұл норма қылмыстық құқықта алғаш рет орын алғанымен қылмыстық іс жүргізу құқығында осыған дейін және қазіргі уақытта келелі орын алып келе жатқан норма болып табылады. Қазіргі уақыттағы қылмыстық құқықтың саяси бағыт бағдары қазақ елінің бұрынғы замандағы Тауке ханның «Жеті жарғы» қағидаларына сәйкестендірілу барысында пайда болған тәрізді. Себебі, Тауке ханның «Жеті жарғысы» қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқықтардың барлығын қамтыған заң нормалары болып келген. Қазіргі кездегі қылмыстық құқықтағы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы да қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық құқықтың міндеттерін өз бойына жинауда.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы статистикалық ақпараттарда арнайы көрсетілмеген. Оның себебі аталған норманың өзі және оны қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы мен 38-баптарына бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілуге байланысты екендігімен түсіндіріледі.

Статистикалық ақпараттар негізінде Ішкі істер министрлігімен 2004 жылы барлық тергеумен аяқталған қылмыстық істердің 87, 4 % тергелген болса, 2005 жылы барлық тергеумен аяқталған қылмыстық істердің 86, 4 % тергелген [4, б. 4-44] . Осыған орай «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату» мәселесі бойынша 2004 жылдың сәуір айында ішкі істер органдарының тергеушілерімен сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 2059 тергеуші ат салысып, олардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекснің 65-бабы (Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 4, 5%; 66-бабы (Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 0, 4%; 67-бабы (Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 75, 5%; 68-бабы (Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 2, 1%; 69-бабы (Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде 2, 2% қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданғандығы анықталды. Көріп отырғанымыздай қылмыстық жауаптылықтан босату институты түрлерінің ішіндегі іс-тәжірибеде көп, әрі сирек қолданылатыны жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы екендігі анықталды [5, б. 201-237] .

Алматы қаласының сотымен 2004 жылы 1677, 2005 жылы 1665 адамға байланысты қылмыстық іс қысқарса, оның 2004 жылы 1467-і, 2005 жылы 1419-ы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67-бабы негізінде қысқартылғандар қатарын құрап отыр. Осы қылмыстық іс қысқартылған адамдардың 2004 жылы 71-і, 2005 жылы 70-і жасы кәмелетке толмағандар [6] .

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын іс-тәжірибеде жиі және жаппай қолдану азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына алып келуі сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабы мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38 және 37 бабтарының арасында қарама-қайшылықтар орын алуда. Сонымен қатар, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолдану барысында қылмыстардың алдын алудағы мемлекеттің атқаратын рөлі көлеңкеде қалып отыр деуге болады.

Елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық құқықтық саясаттың алға қойған мақсаттары, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасына талдау жасау қажет ететіндігін дәлелдейді. Мұның өзі осы көрсетілген мәселені зерттеудің қажеттілігін және оның өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың өңделу дәрежесі . Қылмыстық құқықта орын алып отырған қылмыстық жауаптылықтан босату институты және жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату аумағында туындаған сұрақтарға көптеген ғалымдар көңіл бөлді. Атап айтсақ, олардың ішінде жақын шет елдердің белгілі ғалымдары: А. В. Василевский, В. В. Виттенберг, Л. Головко, Е. В. Давыдова, А. В. Ендольцева, Л. Л. Кругликов, В. В. Ценева және еліміздегі осы тақырып бойынша еңбек еткен белгілі ғалым заңгерлер: А. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Т. Ә. Бапанов, И. Ш. Борчашвили, У. С. Джекебаев, С. Е. Еркінов, А. Ж. Жылқыбаев, Е. І Қайыржанов, С. С. Молдабаев, С. М. Рахметов, Д. В. Синев т. б.

Бұл ғалымдардың еңбектері қылмыстық жауаптылықтан босату институтының дамуына қосқан үлестері мол, алайда олар аталған институттың барлық қырларын айқындады деуге болмайды, себебі осы институт төңірегінде әлі де болса талас тудыратын шешілмеген сұрақтар анықталып іс-тәжірибеде қылмыстық-құқықтық саясаттың іске асырылуында кездесетін кемшіліктермен түсіндіріледі.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы бойынша 2001 жылы Ресей Федерациясында Е. В. Давыдовамен, 2002 жылы В. В. Ценевамен заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін арнайы зерттеу жұмысы жүргізілген.

Ал, Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы бойынша арнайы монографиялық зерттеу жүргізілмеген болып отыр.

Диссертациялыќ зерттеудіњ маќсаты және міндеті. Диссертациялыќ зерттеудіњ басты маќсаты болып, жәбірленушімен татуласуына байланысты ќылмыстыќ жауаптылықтан босату нормасының теориялық және практикалық мәселесін кешенді түрде зерттеу, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қылмыстық заңды теориялық және тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны одан әрі дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылады:

- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мағынасын ашып түсінік беру және оның мақсаты мен міндетін, қылмыстық құқықта атқаратын рөлін айқындау;

- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының іс-тәжірибеде қолданылу механизміне талдау жасай отырып, кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелерді анықтап оларды шешу жолын қарастыру;

- алыс, жақын шет елдер қылмыстық құқығында орын алып отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы қалай қарастырылған және олардың өзара айырмашылығын салыстыра отырып, талдау жасау;

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдануда қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылар мен басқа да тұлғалардың Конституциялық құқықтарының қорғалуына баға беру; зерттеліп отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы бойынша қорытынды жасап, аталған норманы жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау;

- «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының жобасын ұсыну.

Зерттеудің объектісі - жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының қылмыстық құқықтағы рөлін айқындау, оған талдаулар жасау, мағынасы мен түсінігін беру және оны іс-тәжірибеде қолдануда туындап отырған өзекті мәселелерге тоқталу болып табылады.

Зерттеудің заты - қылмыстық құқық бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы және оны қолдануда басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының заңдары табылады.

Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық еңбектің методологиялық және әдістемелік негіздерін метериалистік диалектиканың заңдары мен қылмыстық құқықтық зерттеудің негіздері мен қағидалары құрайды. Зерттеуде сондай-ақ, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын қолданудың тарихи, салыстырмалы құқықтану, статистикалық әдістемеліктер, жүйелі- құрылымдық талдау әдістері кеңінен пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық негіздерін жақын шет елдердің белгілі ғалымдары: Х. Д. Аликперов, А. В. Василевский, В. В. Виттенберг, Л. Головко, П. М. Давыдов, Е. В. Давыдова, А. Я. Дубинский, А. В. Ендольцева, Н. Г Кадников, Л. Л. Кругликов, Д. Я. Мирский, А. В. Наумов, В. А. Новиков, Е. В. Ремзинов, В. М. Савицкий, В. В. Скибицкий, Т. Г. Хатеневич В. В. Ценева және еліміздің белгілі ғалым заңгерлері: Н. М. Абдиров, З. О. Ашитов, Б. З. Ашитов, Н. А. Абдиканов, А. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Б. И. Ахметов, Б. Ә Әбдірахманов, Е. Т. Әбілезов, К. Ж. Балтабаев, Т. Ә. Бапанов, И. Ш. Борчашвили, У. С. Джекебаев, С. Е. Еркінов, А. Ж. Жылқыбаев, А. А. Исаев, Е. І Қайыржанов, М. Ч. Қоғамов, Б. А Құлмұханбетова, К. А. Мами, А. Х. Миндағұлов, С. С. Молдабаев, М. С. Нәрікбаев, М. О. Нүкенов, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, Г. А. Рахимжанова, И. И. Рогов, Г. Р. Рүстемова, Д. В. Синев, Қ. Ш Уканов, Д. С. Чукмаитов және тағы басқа ғалымдардың еңбектері құрады.

Зерттеудің нормативтік негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының нұсқауларына негізделді.

Салыстырмалы түрде Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және 1998 жылға дейінгі Қазақ КСР-нің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері; Қазақ КСР-нің және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары; Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексі; Ресей Федерациясының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері; Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексі зерттелді.

Зерттеу жұмысына қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Қазақ КСР-нің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Қазақстан Республикасы, Қазақ КСР, КСРО, РКФСР Жоғарғы Сот Пленумдарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының нұсқаулары, ғылыми заң әдебиеттер және іс-тәжірибиедегі Қызылорда облысы, Ақмола облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласының 2000-2006 жылдардағы сот үкімдері мен қаулылары және прокурордың, тергеушінің және анықтау оргындары қызметкерлерінің қаулылыры қолданылды.

Зерттеудің эмпирикалық негіздері . Диссертациялық жұмыстың теориялық базасын бұрынғы және кейінгі жылдарда жарық көрген қылмыстық құқық бойынша ғалымдардың ғылыми еңбектері құрады. Сонымен бірге мерзімді баспасөзге жарияланған материалдар және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистикалық ақпараттар орталығынан алынған 2000-2006 жылдардағы құқық қорғау органдарының жұмыстары жөніндегі статистикалық ақпараттар пайдаланылды.

Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы бойынша 2000-2006 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабы негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған 432 құжаттар мен қаулылар және өндірістен қысқартылған 310 қылмыстық іс құжаттар мен қылмыстық істі қысқарту туралы қаулылар оқылып танысылды.

Өзге де ғылыми зерттеу бағдарламаларымен байланысы. Диссертациялық зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Ғылыми Кеңесінде 2001 жылдың 17 қыркүйегінде бекітілген (№ 18 хаттама) . Зерттеу Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының 2002 жылға арналған ғылыми зерттеу жұмыс жоспарына (1. 3 бөлім, 1. 3. 2 бөлімше, 194 позиция) сәйкес жүргізілген.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату тақырыбындағы зерттеу жұмысы, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына енгелі бері теориялық және іс-тәжірибелік материалдарға негізделіп жазылған тұңғыш монографиялық зерттеу болып табылады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы диссертацияда келтірілген қорытындылар мен мысалдардың, заң нормаларын жетілдіру процессінде қолданылу мүмкіндігімен ұштасады.

Зерттеу нәтижесі мемлек тарапынан қылмыстылықтың алдын алу шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық мен тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациядағы теориялық зерттеу негізінде көрініс тапқан ғылыми ұсыныстарды қылмыстық қудалау органдары мен сот органдары тәжірибеде кеңінен қолдануға болады. Зерттеу нәтежиесінде құрылған ұсыныстар, қорытындылар, тұжырымдар жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын қолданудың түсінігі мен негіздері туралы ұғым-білімінің өзгеруіне әсер етеді, яғни қылмыстық құқықтағы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданудың заңдылық негіздерін жетілдіруге өзіндік үлес қосады. Сонымен қатар, диссертация материалдарын жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінде, қылмыстық құқық пәнінен дәріс, семинар және тәжірибелік сабақтарды өткізгенде, ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырғанда пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар . Қылмыстық құқықтағы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын қолдануда орын алып отырған өзекті мәселелерге талдаулар жасау мен шешуде мынадай тұжырымдарды ұсынамыз:

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабындағы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасына «Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» дегеніміз онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамға, немесе бірінші рет адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмысты жасаған адамға, жәбірленуші деп танылған адаммен татуласуына және оған келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты мемлекетпен кешірім беріліп оны қылмыстық жауаптылықтан босату» деген авторлық түсінік беріледі.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын іс-тәжірибеде қолдануда: заң нормасының бұрын қылмыс жасағандарға қолданылу; «қылмысты бірінші рет жасау» деген ұғым; сыбайлас жемқорлық қылмыстар; арақ құмар, нашақор, уытқұмар, есі дұрыс емес адамдармен жасалған қылмыстар бойынша олқылықтар мен өзекті мәселелер кездесуде. Осыған байланысты:

- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы бұрын қылмыс жасаған адамдарға; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамға; медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдануды қажет ететін адамдарға қолданылмауы қажет .

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін «Қылмысты бірінші рет жасау» деген 11-1 бабымен толықтырып , ол: «Қылмысты бірінші рет жасау деп бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған адамның қылмыс жасауы танылады» деп көрсетілуі тиіс;

3. Көршілес жақын шет елдердің қылмыстық құқықтарындағы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормаларын өз-ара салыстыра зерттей отырып, осы елдердің барлығында аталған заң нормасын қолдану факультативті екендігі анықталды, яғни қылмыстық іс жүргізу органы оны қолдануға міндетті емес. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының 1-бөлігінің негізінде қолданылуы міндетті болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабының 1-бөлігі негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға құқық береді. Осы қарама-қайшылықты жою үшін келесі ұсыным жасалады:

- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабының негізінде тек қозғалған қылмыстық істер бойынша жүзеге асырылып, қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы «мүмкін» болуы тиіс.

4. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасын қолдануда азаматтардың Конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс жүргізу органдары қылмыс жасады деп күдіктелген адамның қылмыстық іс-әрекетін толық және жан-жақты дәлелдеуі қажет, демек оған қатысты келесі ұсынымдар жасалады:

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігінің диспозицияда көрсетілген: «Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту» деген сөзден кейін «немесе қылмыстық жауаптылықтан босату» деген мәтінмен толықтыру қажет;

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының диспозициясындағы көрсетілген «күдікті немесе қылмыс жасады деп айыпталған» деген мәтінді «қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті» деген сөзбен ауыстыру қажет.

5. Ќазаќстан Республикасы Жоѓарѓы Соты Пленумыныњ 9 шілде 1999 жылғы № 7 «Ќылмыстыќ процесті жүргізген органдардыњ зањсыз әректтері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі зањды ќолдану тәжірибиесі туралы» қаулысыныњ 2-ші бабындағы «… ЌК-тіњ 67-бабында көрсетілген реттерде жәбірленуші мен айыптыныњ, сезіктініњ достасқанынан» деген сөйлемді алып тастау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылу
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz