Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі туралы ақпарат


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

қазакстандық кызметкерлер де табылды. Татарстанның белгілі қоғам жйне мемлекет қайраткері, сол кезге карай тұткындалған Сұлтанғалиевпен байланыс жасағаны үшін айыпталған Т. Рыскұлов еткір сынға алынды. Кеңестің қорытындылары мен елдегі өлеуметтік-экономикалык реформа-лардың бұдан былайғы барысы КСРО республикаларындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің түбіне жетіп тынды. 1

20-жылдардың соңында елде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуіне жөне тыныс-тіршілікті камтамасыз етудің дәстүрлі қалып-тасқан қүрылымдарын түбірімен өзгертуге байланысты большевизмге баламалы партиялар мен қозғалыстардың, солардың ішінде IV Бүкілукраи-налық Раданың, «Иттихат-ва-Тараккидің», «Шура-исламидің» кезінде Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан республикасында жөне баска да аймақ-тарда әрекет жүргізген өкілдері тұтқынға алынып, куғынға түсті.

Тарихи аренада «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің пайда болуына байланысты қазақ халқының үлт-азаттык козғалысы жаңа сатыға көтерілгені белгілі. Алайда Қазак ұлттык автономиясын құру жөніндегі бастанқы идеялар Кеңес өкіметінің жеңісіне байланысты түбегейлі өзгерістерге ұшырап, алдағы оқиғалардың барысын көп жыл бұрын бел-гілепберді.

Бұрын езгіде болып келген халықтардың еркіндігі мен тендігін ресми мөлімдеудің, бүкіл қазақжерлерін түгел Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының қамқорлығына алудың ұлттық мемлекет-тілікті қалыптастыру жолындағы белестік кезең болғанын мойыңцау керек. Алайда практика жүзінде большевиктік партияның кызметі халыктың шынайы мүдделеріне барған сайын кайшы келе бастады.

«Пролетариат диктатурасының» мемлекеті жүргізген әлеуметтік-эко-номикалық өзгерістер, таптық күресті күшейту мен жасанды түрде қозды-рудың салдарынан 20-жылдардың соңына қарай республикадағы ахуал кенеттен өткір сипат алды.

Экономикалық салада кабылданған шаралар, капитализм қамалда-рына жанкешті шабуыл жасау идеологиясы мен практикасы өктемдік пен зорлық-. Қазақстанныңпартиялық жөне кеңестік үйымдары да Қызыл Армия мен қалаларды азық-түлікпен жаб-дықтауда дәл осындай жүмыс жүргізді. Мөселен, 1920 жылы бір ғана Қос-танай уезінің өзі-ақ мемлекетке 6 млн пұтастықөткізген. Сол жылы Гурь-евтен Орталык Ресейге су көлігімен 600 мың пұттан аса мұнай жөнелтілді. Қазақстанның мындаған еңбекшілері фабрикалар мен зауыттарды калпына келтіруге арналған коммунистік сенбіліктерге қатысты.

Халық шаруашылығын соғысқа лайықтап қайта құру> экономиканы командалық басқару жүйесі, еңбекті ұйымдастырудың өскерилеңдірілген түрлері, тендей бөлушілік принципі, бұқара халықты қайыршыландыру -осылардың барлығы большевиктер басқаратын елде Кеңестердің социа-листіккоғам орнату эксперименттеріне дайын емес екендіктерін айғактадьь Елде жеке меншікке нысаналытүрде бағытгалған жаппай экспроприі ациялау үрдісі басым болды. Ол қоғамды түрлі жікке бөліп, бір-біріне карсы қою үрдісін орнатты. ХалыК шаруашылығынЫң негізіне теңдей бөлу прин-ципін алғдн өскери-коммунистік аждаһа пайда болды. Қоғамдықбайлық-тың түп негізі ретіңдегі еңбек туралы түсінікті көмескілендіру, социализм жайлы ұшкары да тұрпайы үғымдар калың бүкара халықтың санасын ула-ды. Қазакстан халкы кыруар шығыңдар мен қүрбандыкка үшырай отырып, жарқын болашакка деген өрі күдік, өрі үмітпен Ресейдің пролетарлык орталығының эксперименттерін қайталады. Сөйтіп халықтық стихиянын аркасына бекіген жана өкімет ілгері асығып, өзін-өзі таныту процесін жеделдетті.

«Қанаушы тапты экспроприациялау» психологиясы, зорлық-зомбы-лық саясаты жаңа дүниені құрудың өмбебап өдістері ретіңце жеңіске жетті.

Бүрын артта қалған халыктардың социалистік революция жағдайында дамуының капиталистік емес жолы, елдің қоғамдық-саяси, экономика-лык, мәдени өмірінің барлық салаларын кдмтитын революциялық процесті алға тартты. Лениндік қағида бойынша - бүл тек қысқа ғана емес, сонымен бірге ең алдымен жедел даму жолы, мұндай даму кезінде дамыған да, сон-дай-ақ артта қалған халықтар да социализмге біртұтас майданмен жүреді, социалистік коғам орнату барысында экономика мен мөдениеттің деңгейі теңестіріледі деп түсіндірілді.

Өз дамуында кенже қалған баска халықтар сияқты қазақ халкының социалистік қоғамға өтуі уакыты мен мазмүны бойынша, езінің мөні жағы-нан социализмге бірте-бірте, жоспарлы, белгілі бір шамада жедел етуді камтамасыз етуі тиіс жаңа экономикалық саясатқа ауысумен сәйкес кедді. Алайда большевиктердің «алға озып кеткен Орталық Ресейге жетуі үшін үлы орыс халкьшан басқа халыктарға көмектесу керек» деген ұзақ мерзімді перспективалык бағдарламасы көбіне бос қиял ғана болып кадцы. Ең алдымен, өнеркәсіптік дамудың «орташа-осал» деңгейі ұлтгық шеткері жерлер-дің экономикалык дамудағы сілкінісін қамтамасыз етуге дөрменсіз еді. Өз кезегінде Ресейдің үлттық отар аймақтарында өнеркөсіптін дамуы рево-люцияға дейін шектеулі сипат алды. Ол кезде монополиялық капитал шаруашылыктың жартылай феодалдық ескі тәсілі пайдаланылатын шикізат қорына салынатын еді. Шет аймақтарда капиталист формация арқылы социализмге алып адыммен секіріс жасау үшін қажетгі экономикалык, мәдени-техникалық, психологиялык нақты негіз болған жоқ. Мұқтаж-дықпен, отаршылдық тонаушылықпең, қанаумен жаншылған, геноцидке (зұлматқа) ұшыраған еңбекшілердің миллиондаған бұқаралары социа-листік идеяның «жаңалыктарын» қабылдауға мүлде дәрменсіз болды. Ха-лықаралык пролетариат революциясының көмегіне үміт арту да орын-далмайтын арман болып шықты. Тұтас тарихи формацияға соқпай, бұрын езілген халықтарға дамудың жаңа үлгісін жоғарыдан күштеп таңу, өркени-еттің жеделдетілген серпінді козғалысы жағдайында «капиталға кызыл-гвардиялық шабуыл жасау» идеологиясының жалғасы болыл табылды.

Шаруалар, өсіресе қазақ шаруалары өте қиын жағдайға душар болды. Дәстүрлі қалыптасқан емір салтынтүбегейлі өзгерту, күштеп ұжымдас-тыру, ауыл шаруашылығы енімін дайындаудың мемлекеттік саясаты аш-тыктан бұратылып, елуге шақ тұрған оларды Кеңес өкіметіне үйымдасқан түрде наразылық білдірудің жолына итермеледі.

Толық емес деректер бойынша, 1929-1932 жылдарда Казақстанда 372 кетеріліс болды. Ең ірі қақгығыстар Батһаққара, Созійс, Бостайдық, ЫрғЫз, Қазалы, Қызылқұм, Қармақшы, Ақсу, Бөрібай, Сарқант, Абыралы, Шұбартау жөне т. б. аудандарында өтті. Зырянов, Өскемен, Самара, Шемо-наиха, Қатонқарағай аудандарында күшті толкулар орын алды. 2

Адай округінде халыктың қарулы қарсыласуымен ұласқан қоныс аудару қозғалысы кең етек жайды. Жаппай наразылық халықтың едәуір бөлігінің республикадан тыс жерлерге, соның ішіңде Қытайға, Иран мен Ауғанстанға кетуіне үласты. Бұған алдын ала тұтқындау шаралары да Алаш қозғалысының басшылары мен қатысушыларын жер аудару да бөгет жасай алмады.

1929-1930 жылдарда, КСРО республикаларында ұлт-азаттық қозға-лыстарының бұрынғы басшылары мен катысушыларына қарсы жүргізілген алғашқы қуғын-сүргін кезеңінде, Қазақстанда Алаш қозғалысына қатысу-шылар, соның ішінде А. Байтүрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев және т. б. тұтқындалды және өр түрлі мерзімге соттадды. ОГПУ үштігінің бұларға таққан айыптарының қатарында - Кеңес өкіметінің саясатына карсы әрекет жасау; Шығыс Бүха-рада басмашылықты басқарған, кейін эмиграцияға кеткен Заки Вали-довпен байланыс орнату; Ферғанадағы басмашылармен қарым-қатынаста болу; жауапты қызметкерлерге қатысты лаңкестік өрекеттер жасау үшін жастардың жауынгерлік топтарын жасақтау; жастардан өскери кадрлар даярлау; байлармен тығыз ынтымақтасу мақсатында «Алқа» үйірмелерін үйымдастыру; қоныстандыру (жерге орналастыру) науқандары мен іс-шараларына нұқсан келтіру; Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізу жөне тағы басқалары бар. 3

Үжымдастыру мен одан кейінгі 1931-1933 ашаршылық жылдарында казақ халқының жартысына жуығы жөне Қазақстанға қоныстанған 200 мындай халық каза тапты немесе отанынан тыс жерлерге көшірідці. Толық емес деректер бойынша, республикадағы ашаршылықтың қүрбандары 2 млн 200 мыңнан аса адамды құрады.

Жан түршігерлік касірет бүкіл халықты жаппай шарпыса да, билік басындағылар шындықтың сыртқа шықпауы жөне адамдардың санасын дүрліктірмеуі үшін жасырудың бар амалын қарастырып бақты. Ашаршы-лықтың шеңгелінен, террор мен қудалаудан аман қалған адамдар наразы-лығын біддіруге құқылы емес еді. Азаматтардың, басшы қызметкерлердің, солардың ішіңде ең биік лауазымдағы Т. Рыскүлов, Н. Нұрмақов, О. Исаев сияқты адамдардың барлык мәлімдемелері мен баяндау жазбалары «күпия папкаларға» хатталып, биліктің пікірлері тиісті түрде ресімделіп отырды.

Ресми болжамдар бойынша, «колхоз қүрылысында партияның бағы-тын бүрмалаушьшыкка» жол берген жергілікті кадрлар барлығына айыпты болып шыкты, кейбір дүшпандық элементтердің осыны дереу «пайдалан-ғандығы» айтыдды. Опат болуға шак түрған халыктың орынды наразылығы, жүгенсіздік пен озбырлыққа қарсы тұруы, шаруалардың толқулары мен көтерілістері «Ауыл шаруашылығын» социалистік қайта қүру жөніндегі Кеңес өкіметінің шараларына қарсы өрекет жасауға кедей-кепшік пен орташа бұқараны айтақтайтын жөне оларды контрреволюциялык баңдиттік бүзақылықтарға итермелейтін, байлардың үгітінің нәтижесі» деп түсінді-рідці. Социализмнен басқа жаркын да бақытты болашаққа апаратын жол жоқекені туралы пікір бүқара халыктың санасына жагшай күштеп сіңіріл-ді. Сол арқылы өкімет езі жүргізген саягаттың нөтижелеріне кдтысты бүкіл жауапкершілікті өздерінен аулақтатты. Шаруалардың жан түршігерлік касіретіне тікелей қатыстылығын жасыру үшін, Сталин мен оның төңірегі, соның ішінде оның Қазақстаңдағы окілдері ашаршылық пен оның зардап-тары туралы тіпті ауыз ашуға да тыйым салды.

Қазақ даласында адамзат тарихындағы жан түршігерлік окиғалардың бірі жүріп жаткан кезде, газеттер мен журналдардың беттері халықтың ынта-жігері және еңбектегі табыстары туралы рапорттарға толы болды. Биліктің ресми құрылымдарында да өзіндік үндемеу салты қалыптасты. Жан түршігерлік оқиғаны сейілту үШін жергілікті билік орындары, сон-дай-ақ ведомстволар мен органдар тарапынан кейбір едді мекевдегі немесе аудандағы азық-түлік қиыншылықтары ғана арагідік, тиіп-қашып кана айтылатын. Бүгінде ұжымдастыру мен ашаршылыктың зардаптары жария-лылық сипатқа ие болды. Мемлекеттің осы кезеңмен байланысты жүргіз-ген қуғын-сүргін Шараларына назар аударуға қол жетті. 20-жылдардың соңында - 30-жылдардың бас кезінде 100 мыңнан аса адамның қуғын-сүргінге ұшырағаны анықталды. ОсЫ цифрды түпкілікті деп айтуға бол-майды, өйткені жергілікті билік органдарының, аудандык және округтік соттардың тарапынан әр түрлі жазаға тартылғандар туралы деректер осы уақытқа дейін беймәлім. Оның үстіне, Ресейден және КСРО-ның басқа республикаларынан куьшған «кулактар» деп аталатын жер аударылғандар осы есепке кірмеді. Үжымдастыру кезеңінде Ресейдің орталық ауданда-рынан Қазақстанға 189 мың адамның жер аударылғаны белгілі. Солардың арасынан, ашаршылық барынша өршіп түрған 1931 жылы 150 мың адам Акмола, Қарағанды, Павлодар жене Көкшетау облыстарына жер ауда-рылды. 4 Толық емес деректер бойынша 1937 жьшға карай Қазақстанға жер аударылғандардың саны 360 мың адамды құраған. Алайда 30-жылдардағы оқиғалармен байланысты мәселелер, соның ішінде шаруалардың көтері-лістері де ары карай зерттеп-зерделеуді қажет етеді.

Партия рөлінің өсуі, оның өскерилендірілген тәртіп тұрғысында ка-лыптасуы, партияға мүше Көпшіліктің еркін түншыктыру, жаппай террор мен зорлық-зомбылық партия мен мемлекетте бонапартшылдық тәртіпті орнықтыруға алып келді. Осындай жағдайларда барлық буыңцағы басшы қызметкерлердің басым копшілігі жоғарьщан бүйырылатын саясатты бас шүлғып орындауды ғана білді. Алайда болып жаткан оқиғаларға бейжай қарамайтын адамдар да болды. 20-жылдардың екінші жартысында наразы-лық білдіріп, дауыс котерген қайраткерлердің қатарына С. Сәдуақасов, Ы. Мүстамбаев, Ж. Сүлтанбеков, одан сәл кейінірек Н. Нұрмақов, 3. Торе-гожин, А. Асылбеков, М. Ғатауллин у Ғ. Мүсірепов сыңды азаматтар және т. б. жатады. 5

Жергілікті партия, кеңес, шаруашылық басшыларының елке эконо-микасының отаршылдық күрылымын, ең алдымен индустрияландырудың барысын қайта қарау туралы орынды ұсыныстарын (С. Сөдуақасов, Ж. Мыңбаев және т. б. ) БК(б) П хатшылары Ф. Голощекин, И. Қүрамысов және солардың жақтастары жергілікті үлтшыддықтың қарсылық білдіруі деп айьптгады, аЛ кейбір біліктіэкономйстердің йңдустрияландьіру қарқы-нының өңдіргіш куштердің даму деңгейіне, қолда бар еңбёк ресурстарына сәйкес келуі кджетгілігі туралы ой-пікірлері ұлыдержавалық шовинизмнің көрінісі деп жазғырылды. Теориядағы Субъективизм жене практикадайл

. г t/Miwcy рсіліуиликаның социализмге қарай жылжудағы

баламалық мүмкіндігін жокка шығарды. 6

Қазақстанда 1937-1938 жылдарда сотталған жөне атылған, «халық жаулары» аталған адамдардың істері айғақтағандай, оңшыл оппорту-нистер мен троцкистердің, сондай-ақ буржуазиялық ұлтшылдардың қызметіне қатысқандары туралы айыптаудан басқа, оларға көбіне, эко-номикадағы, өсіресе 30-жылдардың бас кезіндегі ауыл шаруашылы-ғындағы сәтсіздіктер кінә етіп тағылды. Мәселен, 1938 жылы бұрынғы Алматы облыстық комитеті мен қалалық БК(б) П комитетінің бірінші хатшысы Ж. Сәдуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, Халықағарту ко-миссариатының терағасы Т. Жүргеновке және басқаларына Қарақұмда, Ырғыз, Сарысу және т. б. аудандарда «көтерілісті ұйымдастыру» айыбы тағылды. 7 Әрине, осындай айыптаулардың ақылға сыймайтыны күмән тудырмайды. Іс жүзінде, айып тағу үшін басқа себептер негіздеме болды, солардың ең бастысы экономикадағы сәтсіздіктер үшін жауапкерші-лікті басқаларға аудара салу әрекеті еді.

Иңдустрияландыру, республика халқының дәстүрлі салтын түбегейлі өзгерту, табиғи ресурстарды игеру - осылардың барлығы халықтың өнер-көсіп жабдығын, материалдарды жеткізуге, шаруашылық және мәдени кұрылысты жүргізуге тікелей атсалысуы негізінде жүзеге асырылды. Елді, соның ішінде оның шеткері аймақтарын индустрияландыру ең алдымен шаруалардан алынатын үстеме салықтың есебінен жүрді. Ол өміршіл-әкім-шіл өдістермен, директивалы жоспарлаумен, орталыққа міңдетгі бағынды-румен іске асырыдды. Экономикалык тыныс-тіршіліктің барлық жақтарын жаппай қоғамдастыру мен мемлекеттендіру, тартып алу, яғни республи-калардың барлық қорларын мемлекеттік бюджетке кұю, РКФСР қорла-рынан, одақтық бюджеттен субсидия мен дотациялар түріңде қаржы бөлу, мемлекеттің қолына өндірісті баскару мен жабдықтауды шоғырлаңцыру -индустрияландырудың шамадан тыс жоғары карқындарын қамтамасыз етуге арналған шаралар бодцы. Қуғын-сүргіндік саясат - сыртқы дүниеден тікенек сымдармен қоршалған лагерьлерді көбейту; көшпелілердің ғасыр-лар бойы қалыптасқан өмір салтын бұзу, халықтардың дәстүрлерін езгерту; қазақ өлкесі және басқа да аймақтар шаруаларының қайыршылануы; ашаршылыққа ұшырауы, халықты титықтата жүмысқа жұмылдыру - елді , міне, осындай еді.

Басқа да ұлттық республикалар сияқты Қазақстан да алдымен РКФСР қорларыңан, кейінірек одақтық бюджеттен мемлекеттік субси-диялар жөне дотациялар түрінде тұрақты қаржылай көмек алып тұрды. Мөселен, 1931-1934 жылдарда халық шаруашылығына арналған 2 млрд 137 млн сом күрделі қаржы көлемінің 121 млн сомы ғана жергілікті бюджеттен бөлінді. Күш қолдану әдістерімен және көбіне ГУЛАГ тұт-қындарының еңбегін пайдалану аркылы жүргізілген индустрияландыру шаруадарды жаппай тонаумен ұласты. Егер 1929 жылдың соңына карай Қазақстанда толық емес деректер бойынша 45 млн-нан аса мал басы болса, ал 1934 жылдың жаз айының басында небәрі 3, 5 млн ғана мал қалды. Жаппай ашаршылық және аштықтан қырылу босқан еддін рес-публикадан тыс жерлерге көшіп кетулері, күйреген тағдырлар - күштеп ұжымдастырудың бағасы, міне, осындай еді.

Күштеп ұжымдастыру кезеңінде халықтың негізгі бөлігін шарпыған жан түршігерлік оқиға сол жыдцардағы қоғамдық-саяси ахуалға да өсерін тигізді. Жоғарыда атап көрсеткендей, экономикадағы сөтсіздіктер, ха-лыктың адамгершілікке жатпайтын эксперименттерге қарсылық білдіруі режимнің қоғамдық ой-пікірге қысымын күшейте түсті. Сонымен катар оппозицияға қарсы күрес күлаш жайып, сталиндік саясатпен шамалы да болса келіспейтін басқаша ойлайтындарды жаппай қүрту үшін жымысқы негіз әзірлене бастады.

Республикадағы ішкі саяси жағдайдың шиеленісуіне 20-жылдардын
соңы мен 30-жылдардың бас кезіндегі БК(б) П ішіндегі троцкийшілдік
оппозицияға қатысушылар мен баска да фракция өкілдерінің Қазақстанға
жер аударылуы өз әсерін тигізді. -

1928 жылы Л. Троцкийдің, кейінірек П. Серебряковтың, Г. Пятаков-тын және баска да көрнекті оппозиционерлердің Қазақстанға жер ауда-рылулары «ішкі жаулардың» іс-өрекеттерін жіті қадағалаған режимге БК(б) П саясатына наразы жергілікті кызметкерлерді солармен одақтасты деп айыптауға ілік болды. Соның нәтижесінде қазақстандық қызметкер-лердің бір белігіне троцкийшіддермен және оңшылдармен байланыс жаса-ғаңцары жөнінде айып тағылып, қуғын-сүргінге үшырады. Осы ауыртпалық 1927-1928 жылдары ең алдымен Жер шаруашылығы халык комиссары Ж. Сұлтанбековтың, Сырдария губаткомының төрағасы Ы. Мүстамбаев-тың және баскалардың басына түсті.

т*:

т*

ч1 ' J: ч 1 ' J
т*:
ч1 ' J: £ s
т*:
ч1 ' J:

Сонымен катар ішкі алауыздыктар және қазақ-стандык басшы қызметкерлердің орталықтың өлеу-меттік-экономикалық саясатын сынға алуы больше-виктік партияның сара бағытынан адастыратьш «ұлт-шыл-ауытку» деп түсіндірілді, ал жеке мәселелер бойынша олардың ортақ қимылдары мен позиция-лары - өлкелік партия үйымының ішіндегі топтық күрес деп бағаланды. Осындай топтарды үйымдас-тырды деген жаламен 20-жылдары С. Сейфуллин, С. Мендешев, кейінірек С. Қожанов және т. б. адам-дар айыптадды. Үлтшыл-ауытқушылықпен күрестің с Қожанов шырқау биігі 20-жылдардың екінші жартысында өз мәресіне жетті, сол кезде осындай «кінөлармен» айыпталған БК(б) П өлкеЛік комитетініңбүрынғы хатшысы С. Қожанов, Халық ағарту комиссары С. Сәдуақасов, ҚазКСР OAK төрағасы Ж. Мыңбаев өз кызметгерінен алыңды. 10 жылдан кейін С. Қожанов ескі «күнөлары» үшін «халық жауы» ретіңде тұткыңдадцы, тек мерзімінен бұрын кедген «ажал» ғана соңғы екеуің НКВД-ның қанды қылышынан құтқарып кадды.

20-жылдардың соны мен 30-жылдардың бас кезінде КСРО-ның өлеу-меттік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың шиеленісе түсуіне қарай айыптылар мен дұшпандарды, кеңеске қарсы қаскүнем элементгер мен астыртын ұйымдарға катысушьшардЫ іздестіру науканы едде кең етек жай-ды. Орталыкка ұксас («Прбмпартияға», «Шаруалар партиясьша» т. б. каты-сушыларға жүргізілген сот процестері) Казакстанда үЛттық нүсқада жау-ларды іздестіру өрекеті басталды. „

Шахталар мен көсіпорындардағы кездейсок авариялар, ұжымшарлар мен кеңшарлардағы мал өлімі, өрттер мен басқа да стихиялық апаттар тал жауларының іс-өрекеті деп түсіндірілді және соған сөйкес халық жау-ларына қылмыстық істер таңылды.

30-жылдардың орта шеніне қарай орталыкта жөне үлттық республи-каларда «Троцкийшіл-зиновьевшіл оппозициямен» жөне «оңшыл оппор-тунистермен» күрестің күшеюі, көпшілігі жаза мерзімін өтеп шықкан ұлт-азаттық қозғалыстың өкідцеріне, сондай-ақ жергілікті партия-кеңес жөне шаруашылық қызметкерлеріне қарсы куғын-сүргін түрінде көрініс тапты. Артынша қуғын-сүргін ерті ершіп, қалың ел ішін шарпыды, оған БК(б) П ОК-нің 1936 жылғы желтоқсандағы, содан кейін 1937 жылғы ақпан-нау-рыздағы пленумдарының шешімдері серпін берді.

Жоғарыда айтылғандай, 1928 жылдың соңында жалған айыптаумен «буржуазиялық ұлтшьшдар» аталатындардың қатарынан 44 адам, «Алаш-орданың» бұрынғы қайраткерлері, солардьщ ішінде А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов жөне басқалары түтқындалды. Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов, А. Байділдин, Д. Әділов, F. Бірімжанов ату жазасына кесіліп, калғандарына өр түрлі мерзімдерге түрмеге қамау үкімі шығарылды. Олардың кейбіреулері лагерьлерде (М. Дулатов жөне т. б. ) қайтыс болып, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жүмабаев) жазаны өтегеннен кейін, 1937 жылы «Алашорданың» қыз-метіне қатысқандары үшін жауапкершілікке екінші қайтара тартылып, 1937-1938 жылдарда атылды. Үлттық интеллигенцияның М. Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Акбаев бастаған келесі бір тобы (40 адамға жуық) 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Артынша солардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Акбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Күдерин, Қ. Тоқтабаев жөне т. б. ) Ресейдің Орталык қаратопырақты өңіріне айдалды. Олардың барлығы дерлікқайтарақуғын-сүргінгеұшырап, 1937-1938 жылдары атылды.

Сонымен, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Алаш қозғалысына қатысушыларга жарияланған кешірімге қарамастан, олардың ешкайсы-сының кейіннен ешқандай саяси қызметпен айналыспағанын ескерместен,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Алаш зиялыларының ақырғы сөзі
Жер дауы
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Ақпан төңкерісі
Алашорда үкіметінің құрылуы
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері
Алаш қозғалысының бастау көздері
Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz