Сауыт құрылысының геометриялық пішініне қарап тіс сауытының кескінін келтірудің, анатомиялық ерекшеліктері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Сауыт құрылысының геометриялық пішініне қарап тіс сауытының кескінін келтірудің, анатомиялық ерекшеліктері

Тістер жақ сүйектеріне тіс сауттары сыртына жайғасып, жоғарғы және төменгі тіс доғасы түрінде орналасқан. 16 - дан тіс болады.

Әрбір тістің 4 беті болады:

1) Ауыз алдында қараған бет, ол алдынғы тістерде еріннің шырышты қабықшасымен, ал артқы тістерде жақтың шырышты қабықшасымен жанасады.

2) Ауыз қуысында, тілге қараған бет.

3) Өз қатарындағы көршілес тістермен жанасатын бет. Тістердің тіс доғасы орталығына бағытталған жанасқыш беттері деп белгіленеді. Алдынғы тістерде мұндай бет - медиальды, ал артқы тістерде дистальды болып табылады. Алдынғы тістерде бұл бет латеральды, ал артқы тістерде - артқы болып табылады.

4) Шайнау беті, немесе қарама - қарсы тістермен қабысу беті.

Тістегі патологиялық процестердің болған жерін анықтау үшін стоматологтар аталған беттерге сәйкес терминдерді пайдаланады: вестибулярлы, оральды медиальды, мезиальды, дистальды, окклюзиялы, апикальды. Тістің оң немесе сол жаққа жататынын анықтау үшін үш белгіні пайдаланады:

1) Түбір белгісі.

2) Тіс сауыты бұрышты белгісі және.

3) Тіс сауыты қисығы белгісі.

Түбір белгісі мынада: түбірдің бойлық осі тіс сауыты ортасымен өтетін сызықпен бұрыш түзе дистальды жаққа қарай қисайған. Тіс сауыты бұрыштының белгісі мынада: тіс сауытының вестибулярлы жақ бойынша тістің шайнау жиегі сызығы мезиальды бетке ауысқанда дистальды бетке ауысқандағыға қарағанда кішілеу бұрыш түзеді.

Тіс сауыты қисықтығы белгісі мынада: тіс сауытын вестибулярлы беті дистальды бетке ауысқандағыға қарағанда мизальды бетке тіктеу ауысады. Демек вестибулярлы беттің медиальды кесіндісі көлденең бағытта дистальды кесіндіге қарағанда дөнестеу болады. Бұл тіс сауытының медиальды бөлігінің дистальды бөлігіне қарағанда мықтылау дамығандығына байланысты. Тіс сауытының вестибулярлы бетінің медио - дистальды еңісі түзіледі.

Жеке тістің жоғарғы немесе төменгі жақ сүйекке қатысты екенің тіс сауыты пішіні, сондай-ақ түбірлердің пішіні мен саны арқылы анықтауға болады. Сондықтан тістердің белгілі бір тобының тіс сауыты пішіні мен түбірі санын ғана емес, сол топтың әрбір тісінің тіс сауыты пішіні мен түбірінің санын білу керек.

Әрбір жақ сүйекте төртеуден болатын күрек тістердің, пішіні қомақты тамақты кесіп - бөлетін қашау тәрізді келеді. Жоғарғы күрек тістер сауыты көлемділеу, ал төменгілерінікі екі есе енсіздеу. Түбірі біреу, төменгі күрек тістердікі бүйір жақтарынан қысыңқы. Түбір төбесі аздап латеральды қисайған.

Жоғарғы медиальды күрек тіс - күрек тістер тобындағы ең ірісі. Оның сауытының ерін беті көлденең және бойлық бағыттарда дөңес. Оның үш кішкене бойлық бөлігі бар, олардың әрқайсысы шайнау бетінде бедерімен аяқталады. Ортаңғы біліктің екі жағында біреуден бойлық ойыс жатады. Тіс сауытының тілге қараған беті көлденең және бойлық бағыттарда ойыс келеді. Мойын бөлмінде төмпешік болады, одан тілге қараған бөлімінде төмпешік болады одан тілге қараған беттің дистальды және мезиальды жиегімен тістің шайнау жиегіне қарай кететін біліктер шығады. Тістің үш белгісінің тіс сауытының қисықтығы барынша айқын бөлінеді. Түбірі конус пішінді және сауытынан ұзындау; бүйір жүлгелері онша байқалмайды. Оның үш беті бар: ерін беті және екі апроксимальды беттер.

Жоғарғы латеральды күрек тіс. Медиальды күрек тістен кішілеу және одан мынадай өзгешеліктері бар: тіс сауытының ерін бетінде ортағы бойлық жүлге орналасады ал оның екі жағында мұқалмаған тістердің кесетін жиегінде бір-бірден кішкене төмпешікті қырат жатады. Медиальды күрек тістерге қарағанда бұлардың тілге қараған бетінде бүйір біліктері жақсы байқалады. Көбіне осы бетінде тіс төмпешігінің окклюзиялды орналасқан ойыс - шұңқыр болады.

Медиальды беті дистальды бетіне қарағанда ұзындау және тік бұрыш жасай кесетін жиекке айналады, ал дистальды беті едәуір дөнгелектенеді. Тіс сауыты бұрышты белгісі жақсы байқалады. Медиальды күректістікіне қарағанда түбір қысқалау, мезодистальды бағытта қысыңқы: көп жағдайда ол түзу, бүйір жүлгелері болады. Дистальды беті медиальды бетіне қарағанда дөңестеу.

Медиальды және латеральды төменгі күректістер. Төменгі күрек тістер екі жақсүйекте де ең кішкене тістер. Соның өзінде медиальды күректіске қарағанда кішілеу. Екі тістің де барлық күректістерге тән белгілері бар. Олардың тіс сауыттары нағыз қашау пішінді. Ол алдынғы бетінде бойлық бағытта сәл дөнестеу де, көлденең бағытта жайпақтанған, артқы бетінде бойлық бағытта ойыстанып, көлденең бағытта жайпақтанған. Біліктер онша дамымаған, кейде болмайды. Түбірі едәуір жайпақтанған. Медиальды күректісте бұрыш пен түбірдің қисықтық белгілері болмайды. Оң жақтағы медиальды күректісті сол жақтағыдан айыру үшін түбірдегі айқын байқалатын латериалды бойлық жүлгенің маңызы бар.

Медиальдыға қарағанда латериальды күректістің сауыты кендеу де, түбірі қомақтылу. Соның өзінде бұл тісте бұрыш пен түбір белгілері айқын, ал қисқтық белгісі нашар білінеді.

Иттістер әрбір жақ сүйегінде екеуден болады, бүйірленген қисынқы және бүйір жүлгелері бар ұзын жалғыз түбірі бар. Тіс сауытының бұрыш жасай түйісетін екі кескіш жиегі бар; оның тілге қараған бетінде мойнында төмпешік орналасады. Ол тіл және ерін беттері кескіш жиегінде түйісетіндей болып жайпақтанған. Оның вестибулярлық беті көлденең және бойлық бағыттарда дөнес. Онда әр уақытта, әсіресе кескіш жиегінде бетті кіші медиальды бөлікке және үлкен-дистальды бөлікке бөлтін жақсы байқалатын бойлық бөлік болады. Тілге қараған бетінде мойынға қарай тістің төмпешігінде түйісетін бүйір біліктері айын байқалады. Тіс сауытының кескіш жиегі 2 жартыдан тұрады: кішілеу - медиальды жарты және үлкендеу - дистальды жарты, бұлар жиектің төбесіне тоғысады. Жиектің дистальды жартысы медиальды жартыға қарағанда сәйкесті апроксимальды бетке қарай тіктету түседі. Иттістерге барлық тіс белгілері тән бетке қарай тіктеу түседі. Иттестерге барлық тіс белгілері тән (түбірінің, бұрышының, тіс сауыты қисықтығының) .

Жоғарғы иттіс. Сауыты қомақты. Оның жанасатын беттері кескіш жиекке қарай едәуір ажырайды. Тіс сауытының тілге қараған бетінде қомақты орта білік етеді, ол тіс төмпешігінен басталып, едәуір қалындап, кескіш жиекке қарай кеңейеді. Жанасу беттері табанына кеңдеу де, бірақ қысқалау. Түбірі қомақты және барлық тістер түбірлері ішіндегі ең ұзыны. Оның апроксимальды беттері кең. Ерін жиегі тіл жиегімен салыстырғанда доғал әрі кең.

Төменгі иттіс жоғарғыдан кішілеу. Сауытының вестибулярлы бетінде де сондай-ақ тілге қараған бетінде бойлық біліктер нашар байқалады. Тіс сауытының вестибулярлы беті сәл дөнес, тілге қараған беті ойыс; жанасу беттері параллель келеді, соның өзінде медиальды беті мойынға мүлде ұқсастанбайды, ал дистальды беті беті оған шамалы қисайған. Сауытының кескіш жиегі жоғарғы иттістікіне қарағанда қысқалау да және оның медиальды бөлігінің ұзындығы жағынан дистальды бөлігінен айырмасы шамалы.

Иттістердің алдында орналасқан тістер бір бағытта өзгеріске ұшыраған- оларда тіс сауыты жайпақтанып, кескіш жиек - тіс ұщы, ал олардың арт жағында орналасқан тістер басқа бағытта өзгерген: тамақты ұсақтап, ұнтауға арналған тіс сауыты жақсы дамыған, ал иттістер бейтарап аймақта қалғандай бастапқы конус пішінін және тістің өте ертедегі қызметін - тамақты жару және жұлып - бөлу қызметін сақтап қалған. Сондықтан олар алдыңғы және артқы тістердің шекарасында орналасқан.

Кіші азу тістер, әрбір жақ сүйегінде төртеуден іле-шала иттістерден кейін орналасқан. Бірінші медиальды, ал екінші дистальды орналасады. Тіс сауытарының түйісу бетінде екі тіс төмпешігінің болуы тән. Сондықтан бұл тістер екі төмпешікті деп аталады. Төмпешіктердің біреуі - вестибулярлы, екіншісі тілдік бетінде. Түбірі жалғыз бірақ көбіне бірінші жоғарғы премолярға екіге бөлінеді; ол арғы-артқы бағытта жайпақталған.

Бірінші жоғарғы кіші азу тіс. Сауытының вестибулярлы беті иттістің осындай бетіне ұқсайды. Оның шайнау беті жақ төмпешігінің түйісетін медиальды және дистальды бөліктерден тұрады. Медиальды бөлік көбінесе ұзындау және әдетте, горизонталь дерлік өтеді; дистальды бөлігі тіктеу түседі. Төмпешіктен жақ бетіне бойлық жүлгелермен шектелген білік келеді. Тіс сауыты қисықтық белгісі керісінше. Тіс сауытының тілге қараған беті жақ жақ бетіне қарағанда енсіздеу, дөнестеу және дөңгелектене тіс төмпешігіне ауысады. Оның жанасу беттері төртбұрыш және сәл дөңестеу. Ең дөңес жері беттің жаққа қараған жартысында арналады.

Екінші жоғарғы кіші азу тіс, әдетте, біріншіден кішілеу. Пішіндері жағынан олардың арасындағы айырмашылық болмашы ғана. Жақ төмпешігі екінші премолярда біріншіге қарағанда нашар дамыған. Түбірі конус тәрізді көбінесе жалғыс. Жанасу беттерінде терең жүлгелер көрінеді. Түбір өзегі айырланған.

Бірінші жоғарғы кіші азу тісті екіншіден ажырату үшін бірнеше белгілерді пайдаланады; бірінші тістің жақ төмпешігіне қарағанда биіктеу; түбірі едәуір қысыңқы және көбінесе айырылған; екінші тістің түбірі конус пішінді және тек төбесінде ғана ажырауы мүмкін; тіс бірі конус пішінді және тек төбесінде ғана ажырауы мүмкін; тіс сауыты төмпешіктері бір деңгейде дерлік орналасқан. Бірінші тіс сауытының вестибулярлы беті үшбұрышты кіші азу тіске қарағанда көбінесе иттістің сәйкес бетіне ұқсайды.

Бірінші төменгі кіші азу тіс. Төменгі кіші азу тістер жоғарғыларға қарағанда кішілеу, көлденең кесіндісіне шеңбер пішінді шар тәрізді сауыты бар. Бірінші премолярда сауытының вестибулярлы беті тілдік жағына қарай қисайған; тілдік беті вестибулярлық бетке қарағанда енсіздеу және төмендеу; жанасу беттері дөңес те, мойын жағына қарай онша жақындамайды. Ең дөнес жерлері көрші тістерімен жанасу аймағында жатады. Тіс сауытының қабысук бетінде тіл төмпешігі жақ төмпешігінен едәуір кішілеу де, сондықтан бұл бет тілідк жағына қарай еніс. Түбірі тік, өте сирек қисаяды, шенбері тегіс, соның нәтижесінде тісті жұлғанда ротационы қолдануға болады. Тістердің белгілерінен түбірі белгісі айқын байқалады.

Екінші төменгі кіші азу тіс. Оның сауыты алдыңғы тіске қарағанда біршама үлкендеу. Тіс сауыты осі түбірінің осімен ауыз қуысы түбіне қарай ашылатын бұрыш түзеді. Тіс сауытының қабысу беті төртбұрышты әрі ауыз қуысының түбіне қарай сәл еңістеу. Жақ және тілдік төмпешіктердің бөлетін жүлгеден қосымша жүлгелер шығуы мүмкін, ондай жағдайда 3- төмпешікті тіс пайда болады. Тіс сауытының осындай пішіні арқасында кіші азу тістері тамақты ұсақтап, ұнтайды. Түбірі бірінші төменгі кіші азу тістікіне қарағанда конус пішінделу керек. Сонымен қатар ол қомақтылау әрі ұзындау. Тіс жанының барлық белгілері айқын байқалады.

Үлкен азу тістер, әрбір жақ сүйегінде алтаудан орналасқан және алдынан арт жағына қарай кішірейеді: - біріншісі - ең үлкені, үшіншісі-ең кішкенесі. Үшіншісі тіс кеш шығады және ақыл тіс деп аталады. Сауытының пішіні куб тәрізді, қабысу беті шаршыға жақындау келеді. Жоғарғы азу тістердің үш түбірі бар: екеуі жақ түбірі, біреуі тілдік түбір; төменгі үлкен азу тістердің түбірі екеу: алдыңғы және артқы. Ақыл тістің үш түбірі конус пішінді бір түбірге айналып қосылып кетуі мүмкін. Тістердің бұл тобы үшін тіс сауыты қисықтығы тән.

Бірінші жорғарғы үлкен азу тіс. Сауыты қомақты, оның қабысу беті ромб пішінді, ұзын диоганальды тіл пункіне қиғаш өтеді. Тістің үш түбірі бар: екеуі жақ түбірі және біреуі тілдік түбір. Екінші жоғарғы үлкен азу тіс біріншіден кішілеу. Тіс сауытының сыртқы түбі мен қабысу бетінің сипатына қарай бұл тістің бірнеше нұсқаларын ажыратады.

Ең жиі кездесетін бірінші нұсқа: сауыттың жанасу бетінде үш төмпешік бар: екеуі жақ төмпешігі және біреуі тілдік төмпешік. Қабысу беті төбесіне тіл жағына қараған үшбұрыш пішінді.

Екінші нұсқа - қабысу бетінде төрт төмпешіік бар да, тіс бірінші үлкен азу тіске ұқсайды. Мұндай жағдайда екінші жоғарғы үлкен азу тісті бірінші тістің түбірлеріне қарай ажыратады: бірінші тіске тілдік түбір екі жақ түбірі аралығында қарсы орналасады; екінші тістің тілдік түбірі материальды жақ түбіріне қарсы орналасады және тіпті онымен қосылып-тұтасып кетуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы
Стоматологиядан дәрістер
Тіс қатары ақауының жіктелуі
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Алмалы-салмалы протезді бекітумен тұрақтандырудың қазіргі заманғы әдістері
Қазіргі кезеңдегі құрылымдық жадиғаттар
Төменгі жақ сүйегін резекциялағаннан кейінгі протездер
Ортопедиялық стоматологияда қабылдауда болған науқасты негізгі және қосымша тексеру әдістері
Тіс құрылысы жайлы
Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендемеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емдеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz