Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

. . . «Сөнген жанды, өлген тірілді» дейді бәрі . . .

Сөнбеген де, өлмеген де. Уақыт пен Халық деген ұлылықтың ажырамас бөлшегіндей, тіпті өлшеміндей оларға халық ғұмырындай талай ғасырлардың тарту етілгенін тарих талай дәлелдеген. Бұл да - соның бір айғағы. Бүтін бір кезеңнің өңін айналдырып, өзінің адал ұлдарын өзектен тептірген, еткен еңбектерін еш, тұзын сор қылған, тағдырдың ең ауыр теперішін қазақ тартты, тарихта сирек ұшырасар қияметті қазақ басынан өткерді. Ат төбеліндей топтың қолжаулығына айналған өмірі өлшеулі шындық емес, халық қастерлеп, сенетін, түпкілікті жеңетін шындықтан өзгенің бәрінің бекер екенін тағдыры талайға, аттары жалаға таңылған арыстардың жылдар жүзін жабырқатып, қайта оралуы әйгіледі. Уақыт пен тарих еш терістей алмас, мызғымас шындық енді тәркіленбегей, жерге қарап, жүзі сынбағай.

Халықтың қуанышын өз қуанышынан бөлмес көкірегі ояу, көзіқарақты қазақтың баласы Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан сынды арыстармен ұзақ жылдар көз жазған туған жалғыз бауырымен қайта қауышқандай тебіренген, шүкіршілік еткен. Тарих саласы туралы сөз өзінше, бұл алыптардың оралуы әдебиетке екпінді леппен еніп, төңкеріс әкелді. Қазір жүріп жатқан әдебиет тарихындағы өзгерістер, қайта қараулар бұл салада атқарылар істің молдығын байқағанымыздай. Соңғы кезде тіл білімінде жекелеген ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы тілдік ерекшеліктер зерттеле бастады. Жалпы бүгінгі күні көркем әдебиет тіліне тілші ғалымдарымыз көп көңіл бөлуде. Оған байланысты соңғы отыз-қырық жыл ішінде ғылыми зерттеу еңбектер, монографиялар, сын мақалалар жарық көрді. Мысалы, Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960), Р. Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» (1968), «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1970), «Сөз құдіреті» (1997), Е. Жанпейісовтің «Қазақ прозасының тілі» (1968), Т. Қоңыровтың «Қазақ теңеулері» (1978), М. Серғалиевтің «Көркем әдебиет тілі» (1995) т. б. еңбектерді атауға болады.

Осы тәрізді қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, адамзаттың ойлау жүйесі мен парасатына зор үлес қосқан Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының да тілдік ерекшелігін ғылыми зерделеп, бағасын берудің де қажеттілігі туды. Бұл ретте ірі ақын, үлкен ойшыл, ағартушы-ғалымның әсіресе діни-теологиялық, қоғамдық-философиялық тақырыпқа жиі қалам тербеуі, соған сәйкес аталған салада соны ұғымды бейнелейтін лексикалық топтың қалыптасуына ықпал етті. Ал бұл атаулар өз кезегінде қазақ әдеби тілінің қанатын жайып, өсіп-өркендеуінің бір көзі-лексикологияға зор үлес қосатыны анық. Сондықтан Шәкәрім шығармашылығының тілдік ерекшелігін зерттеу-қазақ әдеби тілінің нормалануы мен ғылыми атаулардың жүйеленуі мен қалыптасуына қосқан оның сүбелі үлесін жан-жақты тани түсуге жол ашып, терминтаным саласындағы рөлін айқындауға көмектеседі.

Зерттеуіміздің негізгі нысанасы-Шәкәрім шығармаларына қалам тартып, ой бөліспегені кемде-кем. Ақынның аяулы тағдыры, аянышты ақыры сол тағдырдан тікелей тартылған өлеңдерінің адамзаттың қай-қайсысының болмасын жүрегіне оңай еніп, өзінікіне айналар сезімділігі мен ойлылығы тартатын болар. З. Ахметов, М. Базарбаев, Р. Сыздықова, Ш. Сәтбаева, Ә. Тәжібаев, Х. Сүйіншәлиев, Ө. Күмісбаев, Қ. Мұхаметханов, М. Мағауин, Б. Әбдіғазиев, А. Жақсылықов т. б. сынды ғалымдарда әр қырынан талданып, жеке мақалалар мен тараулар арқылы пікір білдірілсе, А. Тілеуханова, Т. Көшенова, Р. Қосақбаева, С. Ізтілеуова, А. Қонарбаева т. б. жас ғалымдар үлкен ғылымға сапарын сол ақын мұралары арқау болған ғылыми еңбектермен бастады. С. Ізтілеуованың «Шәкәрімнің поэтикалық бастаулары», «Шәкәрімнің сырлы сөзі», Ш. Сәтбаеваның «Шәкәрім Құдайбердиев» еңбектері, А. Қонарбаеваның «Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканың қолданысы», А. Айтбаеваның «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығындағы діни және дүниетанымдық мәселелер», «Шәкәрім Құдайбердіұлының діни-этикалық көзқарасы», Г. Әбдрасылованың «Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясындағы адам мәселесі», А. Үсенованың «Шәкәрім өлеңдерінің құрылысы», А. Қыраубаеваның «Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім» т. б. диссертациялары мен зерттеу еңбектері - ақын шығармашылығының жан-жақты зерттеліп жатқандығының айғағы. Сондай-ақ өткен жылы «Шәкәрімтану мәселелері»сериялық ғылыми жинағы жары көрді. Ол кітап төрт: мақалалар, естеліктер, шәкәрімтану тарихы, сөзтізбе бөлімдеріне тұрады. Аталған еңбекте ақын шығармашылығын сан қырынан ашатын М. Мағауин, Қ. Мұхаметханұлы, Р. Нұрғали, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, М. Әуезовтердің көлемді мақалалары берілген.

Шәкәрім, оның шығармалары туралы сөздің басы бұл емес. Әңгіме әріректе басталған. Қазан төңкерісінен кейін Шәкәрімнің бірнеше кітаптары жарық көрген: «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» 1911 жылы Орынборда басылған, «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары 1912 жылы Семейде жарияландған. Осы жылдары Шәкәрім «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетігін көтерген мәселелеріне белсенді араласып, бірнеше мақалалар жазған.

«Төңкерістен кейін Шәкәрімнің шығармаларынан жарық көргендері: «Абай» журналының 1918 жылғы 3-4 санында екі мақала, «Хафизден аударма», «Ләйлі-Мәжнүн»-Фзулидің осы аттас поэмасынан еркін аударған нұсқасы алғасында «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы 2-8 сандарында, кейін жеке кітап болып, С. Сейфуллиннің алғы сөзімен 1936 жылы Алматыда шыққан, Пушкиннің «Дубровский» романын қазақша өлеңмен аударғаны 1924 жылы Семейде басылса, «Боран» повесінің аудармасы «Әдебиет майданы» журналының 1936 жылғы 2- санында жарық көрген. Шәкәрімнің бір топ өлеңдері «Қазақ әдебиеті» газетінің 1959 жылғы бір санында және Ленинградта шығатын «Ақын кітапханасы» сериясы бойынша 1978 жылы жарық көрген «Қазақстан ақындары» атты жинақта бірнеше өлеңдері алғашқы рет орысша басылған. 1988 жылы Шәкәрімнің шығармаларының жинағы жарық көрген. Оған ақынның 164 өлеңі, 4 поэмасы, 3 прозалық шығармасы, үлкенді-кішілі 18 аудармасы енген». /1, 3-4/.

Ақынның көзі тірісінде-ақ «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті шығармаларын жоғары бағалап, С. Торайғыров ерекше қадірлеп, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ә. Бөкейханов, Ы. Дүйсенбаевтар Абайдан кейінгі орнын белгілеген-ді. Кеңестік қоғам билеген қаһарлы жылдарда қаймықпай, ақын есімін атап, газет-журналдарға бастырып, ақынмен жүздестірген М. Мағауин, Ә. Тәжібаев, Ә. Әлімжанов, Ә. Нұрпейісовтардың азаматтық істері көпке өнеге еді. Шәкәрімнің зерттелу жайы 1988 жылы шыққан академиялық жинақта егжей-тегжейлі баяндалады. «Біз енді Абай мен Сұлтанмахмұт, Сәкен аралығындағы ақтаңдақ орынға енді бар зор тұлғасымен Шәкәрімді отырғызамыз» деп жинақтың алғы сөзінде ғалым Ш. Сәтбаева мен ақын, ғалым Ә. Тәжібаевтар ақынның қазақ әдебиетіндегі түпкілікті орнын меңзейді /2, 21/.

Осы күнге дейін жарияланып жатқан ғылыми еңбектердің барлығы дерлік Шәкәрімді Абай дәстүрінің бірегей жалғастырушысы, дамытушысы ретінде танытып, екі ақын творчестволарындағы сабақтастықты саралауға бағытталған. «Шәкәрім Абай шәкірттерінің ішіндегі ең ұзақ өмір сүргені ғана емес, артына ең мол мұра қалдырғаны да. Оның поэзиясы шын мәнінде Абайдың ақындық дәстүрінде туған, құнарлы топырақтан нәр алған қуатты поэзия» /3, 54/.

Көркем әдебиет тілі, көркемдік мәні, тіл байлығының қайнар көздері хақында әдебиетшілеріміз де, тілшілеріміз де аз пікір айтып жүрген жоқ. Көркем шығарма тілін қарастырғанда тілдік материалдар нені жасады, өтейтін қажеттілігі қандай, ақын алған объектісіне сол сөзді қандай формада керекке жаратты, қызметі қандай екен, осыларға назар аударып, өлеңнің тілдік материалын осы тұрғыдан қарастырған абзал. Бірақ, бұл тіл байлығын тануда тек осылармен шектелу керек деген бір жақты түсінікке де әкелмесе керек.

Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,

Қиыстырып, жымпитып қойсам демек.

Атқа тыным, адамға жайлы келіп

Көзге сұлу, өз оңды болса керек, -деп айтқысы келген сөз құдіретін әсерлі суретке айналдырып, ер қосу өнері шебердің шеберінің ғана қолынан келетініне және сөз өнері, тіл мәдениетінің бітім-болмысына өмірлік тәжірибе арқылы келуі Шәкәрімді бір қырынан танытса керек. Жоғарыда келтірілген өлең жолдарына саралай үңілсек, ұлы ұстазы Абайдың: «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы», -деген ұлағатты жолдарының заңды жалғасын аңғарамыз. Сөз сөйлеу мен өлеңге қояр талабын байқаймыз.

Көркем сөз-көрікті ойдың көрінісі, құнды сөз-құнарлы ойдан ғана туады. Шәкәрімнің өзге тілдерден сөз алуы, өз тұсынан сөз жасауы, сонымен қатар, бұрын қазақ тіл рәсімінде кездеспеген сөздерді өзінше тіркестіріп, жаңаша қолдануы-ұстазы Абай мектебінің үлгі-жемісі және соларға сай түсініктерден туған талап болса керек, сондай-ақ қазақ әдеби тілі сөздігін байыту мақсатынан туған заңдылық екенінде дау жоқ.

Шәкәрім Құдайбердіұлының ХХ ғасыр басындағы жазба дәстүрдің бұқаралық сипат алуымен қатар уақыттың сұранысынан туып, әлеуметтің қажетін өтеген танымдық еңбектерінің тілдік тұрғыдан талданып, саралануының ғылым үшін мән-мағынасы зор. Сол арқылы бұған дейін де қазақ тіл білімі ғылымы саласындағы қалыптасқан теориялық тұжырымдар мен қағидаларға, көзқарастар мен үрдістерге жаңаша үңіліп, тың өзгерістер енгізуге, қаламгер шығармашылығының өзіне тән ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Филология ғылымдарының докторы, белгілі тілші ғалым Б. Момынованың «Шәкәрім поэзиясы тілін зерттеу бағыттары» атты мақаласында Шәкәрім шығармаларының тілі туралы мынадай пікір білдіреді:

«Біздің ойымызша, Шәкәрім шығармалары тілдік тұрғыдан бірнеше бағытта зерттелуі тиіс:

1. Шәкәрімнің әдеби тілді дамыту, ілгерілету бағытындағы еңбегін таразылау-қазақ тілші-ғалымдарының міндеті. Шәкәрімнің, сондай-ақ ақын тағдырына ұқсас өмір кешкен Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ғұламалардың, репрессияланған бір шоғыр қазақ зиялыларының қазақ әдеби тілі тарихындағы орны анықталуы керек.

2. Шәкәрім шығармаларының лексика-грамматикалық ерекшеліктері, әсіресе, діни лексиканың (сопылық поэзияның сарыны Шәкәрімде бар) табиғатына ақын мұралары арқылы тереңдеп бару, оның философиямен астарласуын ашу мен қазақ тіліндегі лексиканың нақ осы түрінің тілдік жақтан Шәкәрім еңбектері арқылы толығуын көрсету.

3. Поэзия, проза, аударма жанрларының дамуына, өрістеуіне Шәкәрімнің қосқан үлес-салмағын тілдік тұрғыдан сараптау, қандай тілдік конструкциялар енгізгенін айқындау, ақын мұралары тілінің морфологиялық құрылымына тоқталу, оның шығармаларының лексикалық қабаттарын сүзіп шығып, тіл тазалығы, тіл мәдениеті конондары тұрғысынан ой саларлықтай ғылыми ізденістерге қол жеткізу-Шәкәрімнің әдеби тіл тарихындағы орнын анықтауға бастайтын тура бағыттағы ғылыми соқпақтардың бірі т. б. » / 4, 4 /.

Шәкәрімнің өмір сүрген кезеңі- екі ғасыр тоғысындағы Ресей патшалығына кіріптар қазақ халқының саяси-әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің сапалық жаңа өзгерістерді қажет еткен тарихи дәуірге тап келеді. Бұл қалыптасқан қоғамдық-әлеуметтік ахуал ой ойлаған барша қазақ зиялыларын толғантқаны даусыз. Қоғам өміріндегі күрт өзгерістер соны ұғымдарды туғызып, ол өз кезегінде ана тілінің сөздік қорынан көрініс тапты. Шәкәрім мұрасының стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы-осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді. Сондықтан Шәкәрім шығармаларындағы ана тілін байытқан үлгі-қалыптар, әдіс-тәсілдер, лексика-грамматикалық ерекшеліктерді ғылыми зерттеп игерудің қазақ әдеби тілін дамытуда орны ерекше.

І ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сөз белгілі бір затты не құбылысты атап қана қоймайды, сонымен бірге тіліміздегі басқа сөздермен байланысқа түсіп, ерекше образ жасап та қолданылып жатады. Кез келген суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы шындықты оқырманына жеткізу үшін бейнелі сөз орамдарын сомдап, жалпыхалықтық қолданыстан өзінің ой-жүйесіне сай сөздерді таңдап жұмсайды және оларды тиімді, жүйелі түрде қолданады. Ол үшін суреткер тіл байлығының көзі полисемия, омоним, синоним, антоним, фразеологизм секілді экспрессивті-эмоционалды сөздерді стильдік қызметте пайдаланады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының лексикалық қат-қабаттары әр алуан болып келеді. Көп мағыналы сөздер, антоним, синоним, омоним, фразеологизмдер өте шебер қолданылып, өлеңнің көркемдігін арттырып, стильдік бояуын айқындай түседі.

І. 1. Антонимдердің эмоционалдық-экспрессивтік сипаты. Антонимдердің негізгі қасиеті-контрасс суреттер беруде. Антонимдер дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, көлемін салыстырып және қарама-қарсы қоюдан шығады. Күнделікті ауызекі тілден бастап көркем әдебиет тілінде антонимдер-өте жиі қолданыстағы актив сөздер. Прозалық шығармаларға қарағанда поэзияда жұмсалу аясы кеңірек және әсем. Олар сөз табының біразына қатысты, олардың жасалынылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілінде антоним болатын негізгі сөз табы-сын есім, одан басқа зат есім, етістік, үстеулерден де ұшырасады. Ақын өлеңдері мен поэмаларында антонимдер молынан кездеседі, олар тіпті өлеңнің бір жолының бойында екі реттен де болып отырады. Шәкәрім шығармаларындағы антонимдер сөз табының әр түрінен жасалған, соларды былайша топтастыруға болады:

1. Зат есімдерден болған антонимдер: «Бүгін дос , таң атса қас бола қалып», « Өтіріктің орнына Шын ұсталық», «Жасты көксер кемпір мен шал арманда», «Қайтсе зиян , қайткенде пайда болмақ?», « Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, // Дұспан мақтар елірте бермек үшін», «Ішіне пайда, зиян -бәрі толмақ», « Өтірік пе, рас па көрмей ішін», «Күндегі таныс күн мен түн », « Шынды алмаса, алар деп өтірікті », «Ойы- өмір мен өлім жайын әнге дәл салмақ», « Артың -анау, алдың -су, көз жетпейді», « Ішің у, сыртыңды майла», « Қуаныш, қайғы, күлкі, ашу», «Үйтсең- қатын болғаның, // Еркек олай бола ма», Досыңды жау , дұшпанды дос көрсетіп, //Көзді байлап нәпсінің қылғаны осы», «Жақсы әйел жаман ерді түзетпей ме?», «Осы көрген түсім бе, иә өңім бе», «Онан бері қыс өтіп, болды ғой жаз » т. б.

2. Сын есімдерден болған антонимдер: « Жақсы, жаман әр істі сол тексермек», « Ыстық, суық, ашытықтан сақтау үшін», « Жеңілді ауыр , алысты жақын қылып», « Адалыңды арам деп, // Мен адалға барам деп», « Қараңғы мен жарықты жүрміз өлшеп», «Сөзімнің іші жұмсақ, сырты қатты », «Тұлымының бірі ұзын, бірі қысқа », «Өлеңнің сырты ащы , іші тәтті », «Мейлі кәрі , мейлі жас », « Жақсы қымбат, жаманның бағасы арзан », «Бұл жұмбақ өлі де емес, тірі де емес» т. б.

3. Үстеулерден болған антонимдер: « Күні-түні ойланып, // Жазудан да жалықтым» (26), «Өкінерсің, көрерсің, // Не таң ертең, не кешке», «Бірі ерте , бірі кешке, // Шөп те келіп жиылар», « Аз ойна, көп ойла, осынымды ұқ», «Мен сені алып жөнелсем осы түнде , //Жиылмай ма бар Матай жалғыз күнде ?» т. б.

4. Етістіктерден болған антонимдер: «Не өлтір , не тірілт , осы шын сырым-ау!», « Тумақ, өлмек -тағдырдың шын қазасы», « Келер-кетер зиян жоқ мұнан тағы», « Туды-өлді, жанды-сөнді , // Өршіп, өнді қайтадан» т. б. антонимдер кездеседі

ІІ. 2. Синоним сөздердің қызметі. Тілімізді байытатын, сөздік қорымызды молайтып тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі-синоним екені баршамызға мәлім. Ғалымдарымыз синонимдерді жан-жақты зерттеп, құнды пікірлер айтқан. Көптеген пікірлерге қарағанда, синонимдер-дегендер-тек мағыналас, мәндес келген сөз қатарлары ретінде лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әсіресе көркем сөзде ең қуатты, икемді, актив стильдік құрал. Шәкәрім өлеңдерінде кездескен синоним сөздерді де сөз таптарына қарай бөлуге болады.

1. Зат есімнен болған синонимдер: «Күнде дау , күнде жанжал, шу болмақты», «Денеде қандай орын , жайда болмақ?», « Туысқан мен жақының , // Оларға толса тақымың», « Қайғы менен уайымды , // Ойлауды да қойғызар», « Отқа әкеліп отынды салып еді, // Жалын шығып лапылдап жанып еді», « Сабыр деген әр іске шыдамдылық », «Қар, суық, аяз, боран -бәрі кетіп», «Ойдан маржан, меруерт төгілгенде», «Әлде сайтан , әлде жын », «Жел мен бұлт- дуана, бақсы болып», « Жамағайын, жақыны сол кісінің, // Бар екен Кебек деген бір інісі», « Жел шығып, боран болып кеткен екен, // Аң қуған аңғал батыр аңдасын ба?», « Қаза келсе, малдыдан мал таймай ма? // Ажал жетсе, батырдан жан таймай ма?», « Ашу менен ызаға, // Толы емеспін, ортамын», « Жарлылар , жалаңдама, сендер де ойлан, // Кер кедей , кежірлікті шығар бойдан».

2. Сын есімнен болған синонимдер: «Мына бала- қу бала, неткен залым », « Қайырусыз, қағусыз өскен басым», «Көзі өткір, қара торы жігіт екен, // Орта бойлы, тапалдау , кең иықты»т. б.

3. Етістіктен болған синонимдер: « Кекеп , мұқап қыздырма», «Ақылдың өсіп-өніп зораймағы», « Таңырқап, таңғалады бәрі келіп» т. б.

Жинақтай айтқанда, Шәкәрім қолданған синонимдердің ерекшелігі мынада:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары: грамматикалық құрылымы және танымдық мәні
Синонимия және сөз варианттары
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Тілдік бейнедегі “жүрек” концептінің көрінісі
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер.фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы туралы ақпарат
А.С.Пушкиннің шығармаларын аударудағы Шәкәрім Құдайбердіұлының шеберлігі
Фразеологизм мен сөз және фразеологизмнің мақал-мәтелдерден айырмашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz