Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Экономиқалық теория негіздері» мәліметтері



1. Еңбек ресурстары ұғымы және жұмыс күшінің әлеуметтік.экономикалық сипаттамасы
2. Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері
3. Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу
Адамзат қоғамын зерттеудегі экономика теориясы, адамның бір мезгілде экономикалық игіліктер өндіруші әрі тұтынушы болып табылатындығы туралы аса маңызды қағидаларды негізге алады. Адам техника мен технологияларды жасап қана қоймай, оны пайдалану әдістерін анықтайды. Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде еңбекті жаңартады.
Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с.
Экономикалық адам - бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы.
Еңбек нарығы қызметінің тетігін (механизмін) талдауда, төрт тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді:
1. Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз етілуі нарықтың экономикалық нормасы болып табылады, ал экономикаға мемлекеттің араласпауы ең жақсы экономикалық саясат болып табылады.
2. Еңбек нарығының неоклассикалық моделі, еңбек нарығында, басқа да нарықтар сияқты баға тепе-теңдігі негізінде әрекет етеді және еңбек нарығының негізгі реттеушісі, жұмыс күшінің бағасы деп ұйғарады.
Сонымен, еңбек нарығының икемділігі нарықтық бағалар тетігі арқылы іске асырылған, жетілдірілген бәсекемен сипатталады, мұнда не жекелеген жұмыс берушілер, немесе жекелеген жұмыскерлер нарықтық ахуалға тұтасымен ықпал ете алмайды, жалақының тең ставкалары нарыққа қатысушылардың жалпы өзара келісімдерімен анықталады.
Еңбек нарығында қазіргі кезеңде жұмыс күшінің жаппай қозғалуы болуда, оның сапалық және сандық құрамы үнемі өзгеріп тұрады. Бұл мәселелер жұмыс күшіне сұраныстың өзгеруін туғызады, яғни өндірістің ұлғаюы, оның дамуы, құрылымдық өзгерістер жоғары білікті маман жұмыскерлерді талап етеді.
Еңбек нарығы - бұл динамикалық, өзгермелі нарық. Бұл ірі сегменттер мен ұсақ секторлардың, жұмыскерлердің белгілі санаттарының (категорияларының) және жекелеген экономикалық агенттердің сұранысы, ұсынысы, еңбек бағасы мен байланысты. Онда адам ресурстарының ірі, орташа, ұсақ бөлімдерінің үздіксіз айналысы жүреді, жұмыскерлердің елеулі бөлігі тұрақты түрде халықтың экономикалық белсенді құрамына кіреді, одан шығады, жұмысқа тұрады, қайтадан жұмыстан шығады т.с.с.
3. Еңбек нарығының кейнстік моделі - тұрақты және мықты тепе-теңсіздік жағдайындағы еңбек нарығы.
4. Еңбек нарығының монетаристік моделі экономи-каны тұрақтандыру және жұмыспен қамтамасыз етудің ақша-несие әдістерін жоғары қояды, сондықтан:
 нарық шаруашылығының ішкі жүйесі тұрақтылық пен өздігінен қалпына келтіруге ұмтылады;
 нарықтық шаруашылықтағы барлық үйлеспеуші-ліктер мен орындамаушылықтар сыртқы араласудың нәтижесі;
 мемлекеттің араласуы, нарыктық шаруашылық фрикциондык және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Негізгі әдебиеттер:
1. Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
2. Курс экономической теории /Под общ.ред.проф.Чепурина М.Н., проф.Кисилевой Е.А.- Изд-во «АСА». Киров 1995.
3. Макконнелл К.Р.,Брю С.Л.Экономикс: Принципы, проблемы и политика. В 2 т., пер.с англ. 11 изд.Т.1,2.-М.: Республика, 1992.
4. Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.
5. Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.
Қосымша әдебиеттер:
1. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.Микроэкономика.Макроэкономика.Основы национальной экономики: Учебное пособие / Под ред.д.э.н., А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова.- М.: Изд-во «Дело и сервис»,2001.
2. Фишер С., Дорбуш Р., Шмалензи Р. Экономика: пер.с англ.со 2-го изд. –М.; «Дело ЛТД» 1995.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Виртуалдық лекция бойынша пәнің
Экономиқалық теория негіздері мәліметтері

Виртуалдық лекциялық сабақтардың кестесі


Тақырыптар
Сағат саны
1
6 тақырып. Еңбек ресурстары, жұмыспен қамту және жұмыссыздық
2
2
7 тақырып. Капиталдың ауыспалы. айналымы мен айналысы
1
3
8 тақырып. Фирма (кәсіпорын) шығындары және табысы
1
4
9 тақырып. Ұлттық экономика - жүйе ретінде
1
5
10 тақырып. Жалпы экономикалық тепе-теңдік және оның бұзылуы
1

Барлығы
6

6 Тақырып. ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
6.1. Еңбек ресурстары ұғымы және жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
6.2. Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері
6.3. Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу

6.1. Еңбек ресурстары және жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
Адамзат қоғамын зерттеудегі экономика теориясы, адамның бір мезгілде экономикалық игіліктер өндіруші әрі тұтынушы болып табылатындығы туралы аса маңызды қағидаларды негізге алады. Адам техника мен технологияларды жасап қана қоймай, оны пайдалану әдістерін анықтайды. Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде еңбекті жаңартады.
Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: экономикалық адам, адам ресурстары, адам капиталы, кәсіпкер, жұмыс күші, өндірістің жеке факторы, еңбек ресурстары т.с.с.
Экономикалық адам - бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы.
Еңбек нарығы қызметінің тетігін (механизмін) талдауда, төрт тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді:
1. Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз етілуі нарықтың экономикалық нормасы болып табылады, ал экономикаға мемлекеттің араласпауы ең жақсы экономикалық саясат болып табылады.
2. Еңбек нарығының неоклассикалық моделі, еңбек нарығында, басқа да нарықтар сияқты баға тепе-теңдігі негізінде әрекет етеді және еңбек нарығының негізгі реттеушісі, жұмыс күшінің бағасы деп ұйғарады.
Сонымен, еңбек нарығының икемділігі нарықтық бағалар тетігі арқылы іске асырылған, жетілдірілген бәсекемен сипатталады, мұнда не жекелеген жұмыс берушілер, немесе жекелеген жұмыскерлер нарықтық ахуалға тұтасымен ықпал ете алмайды, жалақының тең ставкалары нарыққа қатысушылардың жалпы өзара келісімдерімен анықталады.
Еңбек нарығында қазіргі кезеңде жұмыс күшінің жаппай қозғалуы болуда, оның сапалық және сандық құрамы үнемі өзгеріп тұрады. Бұл мәселелер жұмыс күшіне сұраныстың өзгеруін туғызады, яғни өндірістің ұлғаюы, оның дамуы, құрылымдық өзгерістер жоғары білікті маман жұмыскерлерді талап етеді.
Еңбек нарығы - бұл динамикалық, өзгермелі нарық. Бұл ірі сегменттер мен ұсақ секторлардың, жұмыскерлердің белгілі санаттарының (категорияларының) және жекелеген экономикалық агенттердің сұранысы, ұсынысы, еңбек бағасы мен байланысты. Онда адам ресурстарының ірі, орташа, ұсақ бөлімдерінің үздіксіз айналысы жүреді, жұмыскерлердің елеулі бөлігі тұрақты түрде халықтың экономикалық белсенді құрамына кіреді, одан шығады, жұмысқа тұрады, қайтадан жұмыстан шығады т.с.с.
3. Еңбек нарығының кейнстік моделі - тұрақты және мықты тепе-теңсіздік жағдайындағы еңбек нарығы.
4. Еңбек нарығының монетаристік моделі экономи-каны тұрақтандыру және жұмыспен қамтамасыз етудің ақша-несие әдістерін жоғары қояды, сондықтан:
нарық шаруашылығының ішкі жүйесі тұрақтылық пен өздігінен қалпына келтіруге ұмтылады;
нарықтық шаруашылықтағы барлық үйлеспеуші-ліктер мен орындамаушылықтар сыртқы араласудың нәтижесі;
мемлекеттің араласуы, нарыктық шаруашылық фрикциондык және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Жұмыссыздық ретінде әдетте, статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ жұмысты белсене іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дереу дайын адамдарды есептейді. Жұмысы бар, сондай-ақ толық емес жұмыс күн уақытымен жұмыс істейтіндер жұмыссыздарға жатпайды.
Жұмыспен камтылғандар мен жұмыссыздардың жиыны жұмыс күшін құрайды. Жұмыс күшінен шыққандар жұмысы жоқ бірақ еңбекке қабілетті адамдар, жұмысты белсене іздеуші оқушылар, зейнеткерлер, тұрғылықты мекені жоқтар, үй шаруашылығындағы әйелдер, сонымен бірге институционалды мекемелерде (жүйкеден ауыратындар ауруханасы, түрме т.б) ұзақ уақыт болған адамдар.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар саны мен жұмыс күші санының арақатынасы немесе ай сайын жұмысынан айырылғандар үлесі мен ай сайын жұмыс тапқандар үлесінің арақатынасы ретінде анықталады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (НАІКІІ) елдің өткен 10 жылы мен келесі 10 жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейінің орта шамасымен анықталады.
Жұмыссыздықтың болатын табиғи (тұрақты) деңгейінің негізгі себептері мыналар:
1. Жұмыссыздықты сақтандыру жүйесі жағдайында жұмыс іздеу уақытының көбеюі, жұмыссыздар санының өсуіне және оның деңгейінің артуына ықпалын тигізеді.
2. Жалақының тұрақтылығы жұмыссыздық-ты күтуді туғызады. Жалақының "қатаңдығы" жұмыс орындарының салыстырмалы жетіспеушілігіне әкеледі, еңбек ұсынысы сұраныстан асып кетеді.
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің ұлғаю үрдісі мыналармен сипатталады:
жұмысқа кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартушылар; жұмысынан айырылғандар; жұмыстарын аяқтағандар; жұмыс алғандар т.с.с. Бұл өзгермелі ағындар қоғамдағы жұмыс күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.

6.2. Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері
Экономика жағдайын және экономикалық саясат тиімділігін жалпы бағалауға экономика теориясы тәжірибесінде "кедейлік индексі" жиі пайдаланылады, ол макроэкономикалық тұрақсыздықтың екі негізгі көрсеткіштері ретінде жұмыссыздық пен инфляция деңгейі көлемін көрсетеді.
Жұмыссыздықтың негізгі нысандары фрикциондық, кұрылымдық және циклдік техникалық, конъюнктуралық, ерікті болып табылады. Олар үш түрде болады:
:: тұйық;
:: қазіргі;
:: жасырын.
Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс іздеу және күтумен байланысты. Ол біліктілігіне байланысты жұмыс күтумен айқындалады және белгілі уақытты қажет етеді. Ол мамандықтың түрғылықты мекен-жайдың өзгеруімен байланысты т.с.с. Сондықтан фрикциондық жұмыссыздық ерікті және қысқа мерзімді болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ҒТП салдарынан "ескірген" мамандықтарға сұраныстың өзгеруінен, өндірістегі техникалық ығысулармен байланысты. Мұндай жұмыссыздық көбіне мәжбүрлеу және ұзақ мерзімді сипатта болады.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды.
Циклдік жұмыссыздық дегеніміз - жұмыссыздық деңгейінің табиғи ауытқуы. Циклдік құлдырау кезеңінде фрикционалдық және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады,ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі өткен жылға қатысты өзгермесе, онда нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны жылына 3% құрайды. Бұл қарқын халық өсімімен, қаржының қорлануымен және ҒТП-мен қамтамасыз етіледі. Жұмыссыздық деңгейінің әрбір 1%-ға ұлғаюында (өткен жыл көрсеткішіне қатысты) нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны 2,5% төмендейді.
Жұмыссыздық, осылайша, қоғамның бүкіл экономикалық өміріне қолайсыз әсер етеді. Ол ең алдымен экономикалық шығындарға әкеледі, ұлттық өнімнің нақты деңгейін төмендетеді.
Жұмыссыздық адамдардың табыстан толық немесе жарым-жартылай айырылуына, тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ол қылмыстың өсуін, психикалық аурулар санының көбеюін туғызады. Бұл әлеуметтік проблеманы жеңілдету үшін мемлекет ішінара жұмыспен қамтуға немесе толық емес жұмыс аптасына қаражат береді. "Артық" халықты қысқарту ретінде әдетте "жұмыс орындарын бөлу" әдісін пайдаланады, бір жұмыс орнын екі жұмысшыға жалақысын төмендетіп ұсынады. Осының нәтижесінде компанияларға салық жеңілдіктері туады.
Жұмыссыздықты азайту үшін жұмыс орындарын қайта құру кезінде "мерзімнен бұрын" зейнеткерлікке шығу және тұтынушыларға ұсынылатын қызметті әмбебаптандыру (универсализация) есебінен жұмыспен қамтуды кеңейту тәжірибесі қолданылады. Мұндай әдіс, сөзсіз түрде сағаттық еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуіне әкеледі, бұл жұмысшы табысымен салыстырғанда қосылған құнның өсім қарқынының неғұрлым жоғары екендігін көрсетеді.
Халықтың артық қоныстануын жоюдың маңызды әдісі, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіптік даярлық деңгейлерін арттыру болып табылады. Мәселен, Англияда мынадай бағдарламалар жұмыс істейді:
:: ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендерге байланысты:
:: жұмыс күшіндегі жастар үлесінің ұлғаюы;
:: жұмыс күшіндегі әйелдер үлесінің ұлғаюы;
:: экономикадағы кұрылымдық ығыстырулардың тым жиілігі.

6.3. Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу
Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті шығындарын есептеу Оукен заңы негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (ЖYenӨ) өзгерісімен байланыстырады .
Y-Y'Y'=B*(u-u')

мұнда:
Ү - өндірістің нақты көлемі,
Ү" - ЖҮӨ әлеуетті көлемі,
и - жұмыссыздықтың нақты деңгейі
u'- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
B- ЖҮӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік коэффициенті. Егер жұмыссыз-дықтың нақты деңгейі табиғи түрдегіден 1%-ға жоғары болса, онда өндірістің нақты көлемі әлеуетті түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%
Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі экономистер жұмысындағы өзгерістер.
Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады: кәрілігіне - мемлекеттен, жұмыс орнынан -фирмадан және мемлекеттен берілетін зейнетақы қорынан, оны құруға зейнеткердің өзі қатысады.
Швецияда әлеуметтік сақтандырудың тіптен бірегей құрылымы бар. Зейнетақы алатын адамдар жарналар үлесінің небәрі 1 %-ын құрайды, ал қалған 99 пайызы былайша көрінеді: мемлекеттен - 27%, жергілікті өкімет органдарынан - 31%, кәсіпкерлік фирмалардан - 41% алады.

Қайталауға арналған сұрақтар
1. Жалақының мәнін түсіне білу; еңбек бағасы немесе жүмыс күші күнының бағасы; олардың арасындағы айырмашылық.
2. Енбек нарығы дегеніміз не және онда тепе-теңдікке қалай жетеді? Ұлттық еңбек нарықтарының ерекшеліктері.
3. Қазіргі кезеңдегі жұмыспен толык камтылу түсінігі
4. Жүмыссыздықтың түрлері мен құрылымын айыра білу және оның қазіргі көрінісін талдау.
5. Халықты әлеуметтік корғау қажеттілігінің пайда болу себептерін түсіндіру. Халықты кімнен және неден қорғау қажет?
6. Өз республикаңның әлеуметтік қорғау жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін және тарихи тәжірибесін дәлелдей білу.
7 Тақырып. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ. АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ
7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы
7.2. Негізгі және айналыс капиталы
7.3. Негізгі капиталдың табиғи және моральдық тозуы
7.4. Негізгі айналмалы қорлар

7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы
Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игілктерді өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды пайдалану мен олардың қозғалысын талдап, қорытынды жасаймыз.
Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бip жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасайтын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады.
Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

I сатысы П сатысы Ш сатысы
ЖК
А-Т ...Ө... Т1-А1

ҚЖ

Мұнда:
А - ақша қаражаты;
Т - тауар;
ЖК - жұмысшы күші;
ҚЖ - құрал-жабдық;
Ө - өндіріс процесі;
Т1- дайын өнім;
А1 - сатылған өнімнен алынған ақша қаражаты

Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бip функцияны атқарады:
А-Т - біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;
Ө - екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады; кәсіпкер сатып алған тауарларын өндірісте қолданады. Ол тауар шығарушы ретінде әрекет етеді. Оның капиталы өндіріс процесін іске асырады. Нәтижесінде оның шығарған тауары үлкен құнға айналады, өндіріс элементінің құнына қарағанда нүктелер процесінен өндіріс процесінің қозғалысын анықтайды.
Т1-А1 үшінші сатысында дайын өнім шығарылады, оны сату арқылы табыс алынды.
Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйесі іске асады: өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында.
Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналымайналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықтажасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттармен материалдар бірнеше айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін,мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнешеайналыстан кейін айналыс қорын құрайды.
Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).
Томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын өндірістік капитал депайтады.
Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгіжәне айналмалы капиталға бөлінеді.
Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдердепайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.
Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістіңайналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалайқаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.
Айналыс қорлары - өндірістің бip кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.
Олардың құны өндірілген өнімге толығымен ауысады. Айналым қорларының негізгі элементтері - еңбек заттары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіпорнының айналым қаражаты есебінен алынады.
Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бip уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:

N = Ot
Мұнда:
n - бip жылдағы айналым саны;
о - қабылдаған уақыт өлшемі (бip жыл);
t - белгілі ресурстардың айналым уақыты.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңіндепайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өзқұнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық қорға айналуын - амортизация деп атайды.
Амортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнынакелтіру үшін қажет.
Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп- оның тұтыну құнының жойылуын айтады.
Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсеткіші қайтарым қоры болып табылады.

ФО = ПФнегізгі
Мұнда:
ФО - қайтарым қоры;
П - жасалған өнім;
Фнегізгі -негізгі өндірістік қорлардың құны.
Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (ME) анықталады:

ME - М . 100
Q
Мұнда:
ME - материал сыйымдылығы, %
М - пайдаланған шикізаттар, отын, энергия, материалдар және жартыдай фабрикаттар құндары, тең
Q - өндірілген өнімнің құны
ФайналымП - айналмалы қорлар;
П - жасалған өнім құны;

Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары кажет.
Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсалған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.
Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айналымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бip жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.
2. Айналым - уақыт пен жылдамдық арқылы өлшенеді.
Капиталдың айналым уақыты деп шектеулі ресурстардың өндіріс пен айналыс аясынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.
Өндірістік қордың құрылымы оның айналыс жылдамдығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір кезеңдегі жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты.
Ағындының айналыс уақыты (β айналым) өндіріс уақыты (β n) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозғалысында өндіріс және айналыс сатысынан өтеді.

(β об )= (β n )+(β o )

Өндіріс уақыты барлық кезеңді қамтиды. Құралдар мен өндіріс аясындағы еңбек заттары, кәсіпорнының қоймаға түскеннен бастап дайын өнімді сатуға дейін болуында.
Айналыс уақытын қоса есептегенде:
а) дайын өнімнің қоймада болған кезі;
б) оларды тұтынушыға тасымалдау уақыты.

Инвестиция (лат. Investire нем. Investiton) күрделі қаржының әрқилы түрлері. Әртүрлі өлшемдер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура сондай-ақ портерльдік болып, негізгі материалдарға және тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға тұрғын үй құрылыстарына бөлінеді.
Инвестор (ағыл. Investor - күрделі қаржы салушы) жеке серіктестіктер мен мемлекет шығаратын облигация акцияларына және басқа да бағалы қағаздарға қаржы жұмсайтын жеке адам немесе фирма.
Инвестициялық саясат - күрделі қаржының негізгі бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешімдердің жиынтығы, күрделі қаржыны шешуші учаскелерге шоғырландыру шаралары, қоғамдық өндірісті дамытудың жаңа қарқынына қол жеткізу, экономиканың теңдестірілуі мен тиімділігі, шығынның әрбір теңдесіне шаққанда мейлінше мол өнімін алу - осы шараларға байланысты.
Инвестициялық саясаттың қазіргі кезеңдегі сипатты ерекшелігі - салымның денін жаңа құрылыстан кәсіпорындарды жаңа техникамен қайта жарақтандыруға және қайта құруға көшіру, осы мақсаттарға жұмсалатын қаржының жалпы көлеміндегі үлесін көбейту, өзара машиналар мен жабдыққа жұмсалатын шығынның үлес салмағын арттыру. Шағын және орта бизнес субъектілерін тікелей және көлбеу интеграциялау.
Инвестиция саясатында күрделі қаржы салу құрылымына ерекше назар аударылады. Бұл орайда, өңдеуші өнеркәсіптің Инвестициялық тұтымдылығын арттыру және қосымша құны жоғары тауарларды өндіруді демеу үшін, Үкімет өзінің әрбір Инвестициялық жобаға қатысуына байланысты дәлме-дәл шешімдерге келуі керек. Тұтастай алғанда, Инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы және келісім-шарттардың сақталуына кепілдік жасау қамтамасыз етілетін болады. Дамудың қаржы институттарын құру қысқа мерзімдік міндеттер қатарына жатады, нақты сектордың дамуы үшін зор маңызы бар.

Қайталауға арналған сұрақтар
1. Капитал қозғалысының түрлері
2. Негізгі және айналым капиталының түсінігі
3. Капиталдың тозуы
4. Айналым капиталының жылдамдығын арттыруға әсер ететін факторлар
5. Инвестицияның-маңызы
6. Экономиканы дамытудағы инвестицияның рөлі
Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (ME) анықталады.
8 тақырып. ФИРМА (КӘСІПОРЫН) ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТАБЫСЫ
8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда
8.2. Фирманың шекті шығындары
8.3. Масштаб тиімділігі

8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда
Әрбір фирма өндірісті бастау үшін келешекте қанша пайда алатынын көз алдына дұрыс елестете білуі керек. Ол үшін сұраныс пен қызметті зерттеуге тиіс өндірілген өнімді қандай бағамен сатады, келешек табыспен шығынды салыстыру байланысты жұмыстарды іске асыру.
1. Фирма шығындарының құрылымы
Тауар мен қызметті өндіру процесіндегі және өткізудегі фирманың шығындарын қарастырамыз. Ең алдымен көңіл аударатынымыз ашық және баламалы шығындар, біріншісі де, екіншісі де фирманың қызметін есепке алады. Ашыққа жататындар фирманың өндірістік факторларды пайдаланғаны үшін төленген шығындар. Өндірістің классикалық факторы болып есептелетіндер еңбек, жер (табиғи ресурс) және капитал. Фирманың барлық ашық шығыны, негізінен, өнімді өндіруге қолданған өндірістік фактордың орнын толтырады. Бұған кіретіндер еңбек ақы түрінде еңбекке төлеу, жер - жер төлемі капитал - негізгі және айналмалы қорлар шығындары. Сонымен бірге кәсіпкердің еңбегіне төленетін төлемдер өндіріс және сатуды ұйымдастыру шығындарына жатады.
Ашық шығынның барлық жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып есептеледі. Нарықтық бағамен өзіндік құнның айырмашылығы - пайда болады.
Ашық шығынды және балама шығынды есептеу арқылы фирманың пайдасын толық анықтауға болады. Жиынтық табыспен және барлық шығындар арасындағы айырмашылық пен экономикалық пайданы анықтайды.
Пайда дегеніміз -
1. Тікелей және жанама шығындар.
Шығынның ашық және баламалы болып бөлінуі басты мүмкіндік болып есептеледі. Сонымен қатар шығын-ның сыныптамасының тікелей және жанама түрі бар.
Тікелей шығындарға мыналар жатады: шикізат пн материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Жанама шығындар - бұл тауармен байланысты емес шығындар фирмаға толық қатынасты.
Бұған жататындар: әкімшілік шығындар, жалдау ақысы, аммортизациялық өтемдер, қарыз пайызы т.с.с.
2. Азаймалы қайтарым заңы.
Фирма өндіріс факторын белгілі пропорцияда пайдалануға тиіс, тұрақты және өзгермелі фактор арасындағы тұрақты фактордың бірлігіне шектен тыс өзгермелі факторды көбейтуге болмайды. Бұл кезде азаймалы қайтарым заңы әсер етеді. Оны келесі үлгіден көруге болады (8.1. кестеден).
Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты фирма шығынының өзгеруінің тәуелділігі.
Өндіріс көлемінің өсуімен және сату өзгергенде фирманың шығыны өзгереді:

8.1. кесте

А) Бір қалыпты. Бұл жағдайда шекті шығын әр уақытта тұрақты шама және бірлік тауардың өзгермелі шығынына тең.
Б) Жеделдетілген. Бұл жағдайда шекті шығын өседі, өнімнің артуына байланысты. Бұл ахуалға байланысты азаймалы қайтарым заңымен, не болмаса материалдармен басқа фактордың қымбаттауына қарай айналым сыныптамасына жататын шығындар.
В) Баяу сатушылық. Егер фирманы сатып алу шығыны шикізатқа, материалға азайса, өнім көлемі өссе, онда шектеулі шығын қысқарады.
Біздің пайымдауымызша жұмысшы күші өзгермелі болып есептеледі. Күнделікті жағдайда фирма көп өзгерістерге тәуелді болады. Өндірісті ұлғайту үшін көп мөлшерде шикізат, материалдар, энергиялар керек. Шығынның бір бөлігі тұрақты жылдық төлем, сақтандыру жарнасы, қолданылған құрал - жабдықтардың құны. Қысқа мерзім кезінде шығынды тұрақты және өзгермеліге бөлсек, сол кезде қайтармалы өзара заңы әсер етеді.
3. Тиімділік масштабы
Оң және теріс тиімділік масштабы
Фирма ұзақ мерзімдік уақыт интервалында пайдаланатын өндіріс факторын, барлығын өзгертуі мүмкін. Басқалай айтқанда барлығы да өзгермелі болады. Ұзақ мерзімдегі шығынды талдау фирманың ұзақ уақыттағы бағдарламасын айқындауға байланысты. Ірі кәсіпорын мен орташа кәсіпорынның қандай мөлшерде өнім шығару атының қандай вариант ыңғайлы екенін анықтау үшін шығынды барынша азайту керек. Практикада неге машина жасау және металлургия саласында ірі кәсіпорындар, ал киім тігуде орта кәсіпорындар жұмыс істейтінін білген дұрыс. Қызмет көрсету тек ұсақ фирмаларда шоғырланған.
Нан пісіру зауыты тоқаш шығарады делік. Күнде 1000 тоқаш шығарғандағы орташа қисық жиынтық шығыны АТС 8.3 кестеде көрсетілген.
8.3 кесте

1000 2000 3000 Q

Азаймалы қайтарым заңының әсерін қайтару үшін, өндіріс ауқымын ұлғайту керек, ол үшін жаңа цех ашу, жаңа технология қолдану т.с.с. Мұның өзі мыңдаған жаңа орындардың ашылуына салалас өндірістердің дамуына жеткізеді.
Азаймалы қайтарым заңы өз әсерін тигізе отырып көп көлемде өнім өндіру кезінде, біздің мысалда, нан зауыты1000 тоқаш пісіргенде ең аз шығын өз шегіне жетеді.
Егер біз оған әрі өндіріс көлемін ұлғайтсақ, онда орташа жиынтық шығын АТС, жоғары көтеріледі. Ең төменгі шығын 2000 қарағанда 3000 тоқаш. АС догмасы, қисық жазушы АТС1, АТС2, АТС көтеріледі. Ең төменгі ұзақ мерзімді шығын, орташа жиынтық шығын қисығын жасайды, әрбір өндіріс ауқымында әртүрлі. Ең төменгі шығын мөлшері 2000 тоқаш пісіргенде жүзеге асады.
Осындай жағдайдың болуын экономика түсіндіреді. Оң және теріс тиімділік ауқымының болу есебінен тиімділік ауқымы оң өндіріс көлемінің мөлшері өскен сайын орташа шығын азаяды, мөлшері, егер олар көбейсе керісінше болады.
Енді тиімділік ауқымы немен түсіндіріледі дегенге келсек
Тиімділік ауқымыныңмасштабының оң және теріс түсінігін көп жағдаймен түсіндіруге болады. Үнемдеу, өндіріс, көбеюі және көбейтуге байланысты, оның себебі:
- кәсіпорын мөлшерінің өзгеруіне байланысты өндіріс процесінің мамандану және басқару артықшылығы артады;
- мөлшері жоғары кәсіпорындарда еңбек өнімділігі жоғары техника және құралдар пайдалануға болады;
- қызметті әр тараптандыруға толық мүмкіндік туады, жанама өнім шығаруға болады, ол үшін негізгі өндіріс қалдықтарын пайдалану арқылы т.с.с.
- көлем тиімдіктің теріс болуы, басқаруда жіберілген кемшіліктерге де байланысты, кәсіпорындардың ірі болуына қарай;
- кейбір өндіріс саласында фирманың пайдасына қарай жергілікті шеңберден аспайтын мақсатқа байланысты қарама қайшылық болады;
- фирма көлемінің артуы негізінде шешім қабылдауға керекті ақпараттар беру шығыны артады;
- тиімділік ауқымы әрбір өндіріс салаларында әр жағдайда болуы мүмкін. Кейбір өндіріс саласында орташа шығын өзінің тиімділік шегіне жетеді, егер көп өнім өндірсе.
Жоғарыда көрсетілген қысқа мерзім және ұзақ мерзім кезеңіндегі фирманың шығынын талдау қажетті емес, себебі жоспарлау кезінде қысқа уақытта шығарылатын өнім көлемін анықтамайды (және ұзақ мерзімде де). Ең төменгі шығын емес, тек құра,л пайданы арттырудың және зиянды азайтудың ең соңында нарықтық экономиканы тұрақтандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Электрондық оқулық ұғымы
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (Глоссарий)
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Қазіргі кезеңдегі тарих пәнін оқыту сипаты және заманауи әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары
Пәндер