Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың маңыздылығы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялары кафедрасы
КУСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың маңыздылығы
Қабылдаған: п. ғ. к. Жаздықбаева М.
Орындаған: Сағынбекова А.
Тобы: СМД-311 дж
Түркістан - 2014
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТҰЛҒАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҮЙЛЕСІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Балабақшада балалардың денсаулықтарын нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуында ұлттық ойындардың психологиялық-педагогикалық мәселелері . . . 6
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіндегі ұлттық спорттық ойындардың рөлі . . . 10
2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ӘРЕКЕТІНДЕ ДЕНЕНІҢ СОМДАНЫП ШЫНЫҒУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Мектепке дейінгі мекемедегі ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны . . . 14
2. 2 Балабақшадағы спорт жаттығуларының түрлерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» білім беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі, 23-бабында «Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады» [1] - деп атап көрсетілген.
Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасы әзірленіп, 2020 жылға қарай жаппай балабақшамен қамтамассыз ету іске асыруда [2] .
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі балабақшаларындағы оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып тастасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол - ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері - болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайреткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз.
Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдықка, дәлдікке, т. б. ғана тэрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді [3] .
Халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірибелік қорытындыны өздерінің бала тэрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті. Бала ойынды тоқтатса, одан қол үзіп үйде көбірек бола берсе, ол баланың денсаулығы ата-аналарын мазасыздандыратын болады. Ересек адамдардың еңбек етуі қандай қажет болса, баланың ойыны да сондай қажет нәрсе ретінде қабылданған. Медицина ғылымы тарамаған, дәрігерлік мекемелері жоқ елде баланың денсаулығын бақылайтын, анықтайтын, қарапайым құралдардың бірі ойын болғанын айта кету жөн. Ойын әрі біоімдік, тәрибелік құрал ретінде, әрі бала денсаулығын байқайтын дәрігерлік диагностика ретінде де қолданылған. Бала ойынының маңызына тоқтай келіп, Н. К. Крупская мынаны ескерткен болатын: «Егер бала ойнамаса, онда оның не ауырғаны немес шамадан тыс педагогикалык ықпалға түскені».
Ұлт ойындарының басым көпшілігі тұрмыс-салтты, соған орай жануарлар әлемін, аңшылықты бейнелейді. Сондықтан ұлт ойындарын ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындарынан басталатындығы мәлім.
Өйткені қазақ халқының ескі дәстүрі бойынша жыл басы наурыз айынан басталып, үлкен мейрам, ойын-той ретінде өтіп отырғаны белгілі. Осы Наурыз мейрамы (Наурыздың 22-сі) күндеріндегі ойын-сауықта көбінесе ұлт ойындары ойналатын болған. Әр ауылдың арасында бәсеке өнер жарысы ретінде алдымен ойын түрінде басталған. Соны бейнелейтін, бірақ бүгінгі жұртқа белгісіз, ұмыт болудың алдында тұрған «Қалтырауық Қамыр кемпір» және «Ақ боран» дәстүрлі ойынын бірінші кезекте ұсынуға болады.
Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдайшыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді. Сөйтіп, дүниені танып-білуге арналған бейнелі, жүйелі оймен астасып, қабысып жатады.
Мұндай максатты, адамгершілік іс-әрекет, әдет-ғұрыпқа қаныққан, белгілі бір жүйеге негізделген үлт ойындарының бояуы қоюланып, баланың, жас жеткіншектердің дене, ақыл-ой жағынан да дамуына тамаша мүмкіншілік туғызады. Ойын тегінде адам баласының коллективтік творчествосы орындалуы да көбіне коллективтік түрде болатындықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым-қатынаска әдеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіншілік мол. Ойынның тіл дамытудағы ролі ерекше. М. Горькийдің сөзімен айтар болсақ . . . бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады. Сонымен нақтылай айтсақ, ұлт ойындары тіпті жалпы ойын атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тэуелсіз. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Олай болса, ойын интернационалдың тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде де айтарлықтай ролі бар. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерін, халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік алады.
Қазақтың үлт ойындарының тағы бір ерекшелігі - оған өлең араласып келіп отыратындығында. Ойын барысында тақпақ, өлең жолдарын кездеспесе, оны ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды. Олар тақпақ айтып, өлең оқып, ән салады. Кейде суырып салма өлеңдер де осы ойын үстінде өмірге келе береді. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар орындалады. Ұлт ойындарына үзбей қатынасып машықталған адам үнемі ізденісте, толғаныста жүреді. Оның осылай іштей толғануы ілгері ұмтылуға, ізденіске итермелейді. Сондықтан да болар, ұланғайыр далада өз ойынан шығарып, бір ауыз өлең айтпайтын, мақалдап-мәтелдеп сөйлемейтін қазақты кездестіру қиын болған. Мүмкін, бұл бүгінгі күннің шындығына қайшы келер. Алайда өткен ғасырдың өзінде біздің даламызға келіп қазақтардың тұрмысымен танысқан Европа халықтарының өкілдері, орыс зиялылары бүкіл қазақ даласы өлең айтып тұрғандай әсер алғандықтары жайында таңдана да тамсана айтып та, жазып та кеткендері белгілі. Қазақ халқының ұлт ойындарымен таныса келіп, мұның растығына әркімнің-ақ көзі жетері анық [4] .
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемедегі дене тәрбиесі - тұлғаны жан-жақты үйлесімді және денесінің қалыпты жетілуін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ойын әрекетінде балалардың бойында өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т. б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсінінің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
- адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттілігі, қайсарлылығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапкершілдігі, ұжымшылдығы, т. с. с) айқынду;
- ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озық тәжірибелерді талдау, ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
балалардың ойын әретінде дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу және дамуын саралау, бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, білім беруді дамытуға арналған бағдарламалар, ҚР «Білім туралы» Заңы т. б.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТҰЛҒАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҮЙЛЕСІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Балабақшада балалардың денсаулықтарын нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуында ұлттық ойындардың психологиялық-педагогикалық мәселелері
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларынын түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған, осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің катарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдай жай емес.
Қазақ халқы - материалдық мұраларға коса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына үлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы ыен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген максаттарын саралап, жете білулерін, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп «мәңгүрттік» атаулыға тосқауыл коюларына септігін тигізбек.
Халқымыздың ұлы перзенттерінін, бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М. О. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен - ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойың өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңлін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек [5] .
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, өның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас та еді.
Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халық жиналған думанды-сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ үлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс.
Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол - ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері - болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы - ел қорғауға қабілетті болашақ, қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең (досқа да, дұшпанға да) еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгеді.
Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т. б. гана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойынын, толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқпай жырында:
«Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды*,
деп түйіндейді.
Мұндай мысалдарды халық ауыз әдебиетінен көптеп келтіруге болады. Бұдан керетініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта белгілі бір халықтың әлеуметтік-экономикалық дамудың төменгі сатысында тұрған кезінде, жазу өнері әлі дамымаған, оқу орыны болмаған кезде, өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын бірден-бір тәжірибелік іс-әрекет қызметін атқарған. Сонымен бірге ойын сол халықтың өзінің ішкі байланысының ғана емес, баска халықтармен де ұлтаралық қатынастарының негізін қалаған. Ойынға жиналатын орын халықтың сан алуан әнерінің де сарапқа түсетін жері болған. Сөйтіп, ол ғасырлар бойы қоғамдық тәрбиенің баға жетпес жемісті қызметін атқарған.
Абайлап, зер сала қарасақ тілімізде кездесетін кейбір сөз тіркестері: «домбыра ойнау», «қобыз ойнау», «ат құлағында ойнау», «отпен ойнау», «сумен ойнау», «жұмбақ ойнау», «жаңылтпаш ойнау», «ойын-күлкі», «ойын баласы», «доп ойнау», «асық ойнау», «ақсүйек ойнау», «тоғыз құмалақ ойнау», «дойбы ойнау», «шатыраш ойнау» (шахмат ойнау) т. б. сөз тіркестері халықтың көне мәдениетінің бір куәгері - ойын туралы түсініктің туу тарихы тым әріден басталғанынан және ата-бабаларымыз қолданған ойындар түрінің сан алуан болғандығынан хабар береді.
Тарихының көнелігіне қарамастан ойып үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да - осы ойын [5. 27-36 бет]
Олай болса, бала өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады, ол дүние сырларын түйсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - дейді Абай Құнанбаев. Абайдың бұл пікірі ойынға да толық қатысты деп ойлаймыз.
Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. Бұл жинаққа біз тек ұлт ойындарын ғана кіргізіп отырмыз. Ұзақ жүргізілген жинау, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде біз ұлт ойындарының такырыбына, мазмұнына ондағы көзделген мақсатына байланысты негізінен үш үлкен салаға бөліп топтастыруды лайық деп таптық. Атап айтқанда: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар. Шыңдап келгенде, ұлт ойындары - ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан-байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Осыған орай халық арасына кең тараған кейбір ойындардың бірнеше түрлерін қоса беруді жөн көрдік. Өйткені олардың мазмұны кеңейіп, әсерлене түседі. Жан-жануарларды бейнелейтін ойындардың кейбіреуі тұрмыстық ойын-сауықтық мақсатта берілсе, кейбірі дене шынықтыру, спорттық мақсатты көздейді.
Ұлт ойындарының басым көпшілігі тұрмыс салтты, соған орай жануарлар әлемін, аңшылықты бейнелейді. Сондықтан ұлт ойындарын ойын-сауық тұрмыс-салт ойындарынан бастауды жөн көрдік.
Өйткені қазақ халқының ескі дәстүрі бойынша жыл басы наурыз айынан басталып, үлкен мейрам ойын-той ретінде өтіп отырғаны белгілі. Осы Науры мейрамы (Наурыздың 22-сі) күндеріндегі ойын сауықта көбінесе ұлт ойындары ойиалатын болған Әр ауылдың арасында бәсеке өнер жарысы ретінде алдымен ойын түрінде басталған. Соны бейнелейтін бірақ бүгінгі жұртқа белгісіз, ұмыт болудың алдында түрған «Қалтырауық Қамыр кемпір» және «Ақ боран» дәстүрлі ойынын бірінші кезекте ұсынуды жөн көрдік.
Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-жыр мен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрел өнеге беріп, қатты әсер етеді. Сөйтіп, дүниені танып білуге арналған бейнелі, жүйелі оймен астасып қабысып жатады.
Мұндай мақсатты, адамгершілік іс-әрекет, әдет ғұрыпқа қаныққан, белгілі бір жүйеге негізделген ұлт ойындарының бояуы қоюланып, баланың, жеткіншектердің дене, ақыл-ой жағынан да дамуын тамаша мүмкіншілік туғызады. Ойын тегінде адам баласының коллективтік творчествосы орындалу да көбіне коллективтік түрде болатындықтан, ойы үстінде жолдастық, достық қарым-қатынасқа әдеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіншілік мол. Ойынның тіл дамытудағы ролі ерекше. М. Горькийдің сөзіме айтар болсақ . . . бала сәзбен де ойнайды. Осы сөзбе ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйрене ді, тілдің музыкасын ұғынады. Сонымен нақтылай айтсақ ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын атаулы біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Өзін еркін үстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Олай болса ойын интернационалдың тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде де айтарлықтай ролі бар. Ойы үстінде бдла тілдің ішкі иірімдерін, халықтың ойла жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік алады. Біздің қос тілді республикамызда орыс тілін де, қазақ тілінде үйренуге, әр ұлт балаларының өз ана тілдерін, басқа ұлт тілдерін де меңгеруіне ойынның тигізер пайдасы орасан зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz