Лекция тезистері


Лекция тезистері
№1 Лекция тақырыбы: «Сыни ойлау» курсының пәні, нысаны және мақсаттары мен міндеттері
Жоспары:
1. «Сыни ойлау» курсының пәнінің мәні
2. «Сыни ойлау» курсының мақсаты
Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Философияның сыни ойлау бөлімі (логика) - философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.
Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін ділірек қарастыруды және сол ділелдемелердіі қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.
Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
СТО жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. «Сын тұрғысынан ойлау»- сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бұл технологияның негізінде оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
Құзыреттер және пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар: Өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу
«Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында» (2007 ж., 28 ақпан) : «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқы-тудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген.
Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.
Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғам-дағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек, кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, орыс тілінде құзіреттіліктің аудармасы компетентность. «Компетенция» ешқандай білімге де, біліктілікке де келіп тірелмейді. Кең ауқымды білімге ие, бірақ, оны қажет болған кезде іске асыра алмайтын адамдарды кездестіруге болады. Компе-тентті болу деген оқымысты немесе ғалым болу деген сөз емес. Компетенция адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М. В. Рыжаков өз еңбегінде («Ключевые компетенции в стандарте», М., 1999) .
Кейбір сөздіктерде құзіреттілік құзырлылық деп те қарастырылып, оған төмендегідей анықтама берілген. «Құзырлылықадамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзырлылықтың пәндік дағдыдан айыр-машылығы, жаңа тапсырманы шешуде бұрын сабақта қалыптаспаған дағды пайда болады».
«Құзіреттілік -оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағат-тандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмен-дегідей анықтама берілген: «Құзырет-тілікті тәсіл - оқу процесінің түпкілікті құ-зіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйымдас-тыру мен білім нәтижелерін бағалаудың жалпы ұстанымдарының жиынтығы».
Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіруі қажет екендігін ескере отырып, біз, жаңа инновациялық әдіс - тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді деген болжам жасап, өзіміз оқып, үйреніп, үш жылдан артық уақыт бойы тәжірибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор болар деген тұжырымға келдік. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаның құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш фазадан тұрады. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады:
1) қызығушылықты ояту;
2) мағынаны ажырату;
3) ой толғаныс.
Қызығушылықты оятуоқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмек-теседі. Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын - болмайтындықтарын шешуі де алғашқы кезеңде іске асады. Қызығушылықты ояту ұзақ, әрі мағыналы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады.
Мағынаны тану кезеңі оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезде іске асады. Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабыл-даулары қажет. Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштас-тырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды.
Ой толғаныс - үйрену процесінің соңғы кезеңі болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл процесс арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Бұл ең ұзақ та, маңызды кезең. Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар, яғни әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге, монологтан диа-логқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.
Сыни ойлау философиясындағы басты мақсат: оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек. Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді. Сын тұрғысынан ойлау әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық тұжырым жасауға бағыт-тайды. Өмірде ең керекті білік пен дағды - қоғамда қарым - қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар) араласып коммуникативтік қарым - қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.
Теорияны зерттей келе, практикалық іс-әрекетті бастамас бұрын алдыма төмендегідей мақсат қойдым: мектеп психологының көмегімен және «Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарты» жобасына сүйене отырып, құзіреттіліктің критерийлерін анықтап, сынып оқушыларының оқу жылының басындағы құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіштерін белгілеп алу.
Ақпараттық құзіреттілігін тест және жеке тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін тексеру барысында анықтадық. Проблемаларды шешу құзіреттілігі байқау, бақылау, сауал-сұрақ әдістері, ата-анамен байланыс жұмыстары арқылы белгіленіп алынды. Коммуникативтік құзіреттілігін оқушы-лардың жазбаша жұмыстары мен құжаттарды тексеру, интервью әдісі арқылы жоғары, орта, төмен деңгейдегі оқушыларды анықтап алдық.
Оқушылардың құзіреттілік қалып-тасуы қорытындысын ескере отырып, құзіреттіліктерін дамыту мақсатында жұмыс жүргізу жоспарланды.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасын сабақтарда және тәрбие үрдісінде жүйелі түрде қолданып, төмендегі шаралардың орындалуын ескердім:
Үш қатарда екі-екіден тізіліп оты-ратын өзгермейтін отыру қалпы мұнда жоқ:
- жұппен жұмыс;
- топпен жұмыс;
- 3, 4 тен отыру;
- әркім өз көзқарасын қорғау үшін бұрыштарға бөлініп тұру;
- қабырғаға қарап тұру.
Сынып бөлмесіндегі өзгерістер:
- қағидалар
- идеялар тақтасы
- ең үздік сұрақтар тақтасы
- пікір бұрышы
- үздік шығармашылық жұмыстар тобы.
Мұғалім ретінде менің тұратын ор-нымның да мәні зор екенін түсінемін. Топтың атынан шыққан оқушы сөйлегенде, мұғалімнің столының қасыңда тұрсам, ма-ған қарап сөйлейді, сондықтан оқушы-лардың қасында боламын, ол бізге қарап сөйлейді. «Маған айт», «Мен солай дедім» сияқты тіркестерін қолданбауға тыры-самын. «Бізге айт», «Ортаға сал» тіркесін пайдаланамын. Оқушының «Менің пікірім былай» деген тұжырымдамасын қол-даймын.
Жоғарыдағы талаптардың орын-далуын ескере отырып, сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамы-тыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім. Проблемаларды шешу құзіреттілігін қалыптастыру барысында: торлы тақылау, венн диаграммасы, концептуалды кесте, бұрыштар алгоритмі, дәлелді эссе. Ақпаратты құзіреттілікті дамытуда: INSERT кестесі, үш қадамды сұхбат, алма-кезек сұрақ қою, ғылыми баяндама жасау, ББҮ кестесі, жолаушының қойын дәптері, ассоциация, кластер, семантикалық карта, қос жазба күнделігі. Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда: ЖИГСО - 1, аквариум, бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, хат жазу, дөңгелек стол, болжау, оқырман жауабы, жазба конференциясы, бірлесе жазған әңгіме, сауалнама т. с. с. стратегияларды қолда-нудың тиімділігі анықталды.
Пәннің мақсаты: Студенттердің интеллектуалды ойлау қабілеттерінің бірі - сыни ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған, сондай-ақ, сыни ойлау курсы барысында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінде бағдар жасап, түрлі әлеуметтік, ұлттық, діни, кәсіби қауымдастықтар мен топтардың мәніс-мазмұндық бағдарларын тұрғысынан сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, оны тәжірибеде жүзеге асыруға бейімдеу көзделеді.
Пәннің міндеттері:
- Логикалық талдау және дәйек пен дәлел келтіруге үйрету;
- логикалық қатынастарды, оның ішінде, пайымдар мен тұжырымдар арасындағы байланысты түсініп, талдау жасауға бағыттау;
- мәселенің өзектілігін, келтірілетін дәйектердің күштілігі мен сенімділігін бағалай келе, кең таралған формалды, бейформалды адасушылықтарды мойындай білу дағдысын қалыптастыру;
- дедуктивті және индуктивті дәлелдердің логикалық құрылымын түсіне білуді үйрету;
- әлеуметтік және кәсіби қатынастарда сәйкес әлеуметтік мәдени және мәдени аралық қарым-қатынастар дағдылары туралы білімді меңгерту;
- талдау жасай алуға қабілетті ойлау мәдениетін, ақпараттардан тұжырым жасай алу, мақсат-міндеттер қойып, оған қол жеткізу жолдарын таңдай алу, ауызша және жазбаша сөйлеу мәнері мәдениетін меңгерту;
- ауызша және жазбаша қалыптарда өзара байланысты монологтық және диалогтық мәтіндерді түсініп қабылдау және тудыруға бағытталған когнитивті-дискурсивті дағдыларды қалыптастыру;
- философия, теориялық және қолданбалы лингвистика, аударматану, лингводидактика мен мәдени аралық қарым-қатынас теориясының ұғымдық аппаратын кәсіби міндеттер шешімінде пайдалана алу дағдысын дамыту;
- ғылыми қызметтің әдіснамалық қағидалары мен әдістемелік тәсілдері тұрғысындағы білімді игерту
Нәтижесінде:
- - оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;
- - жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;
- - бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;
- - жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;
- - ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.
№2 Лекция тақырыбы: «Сыни ойлау» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы, философиялық және психологиялық астары
Жоспары:
1. Сыни ойлаудың философиямен байланысы
2. Сыни ойлаудың психологиямен байланысы
Ойлану, ойлау - оқытудың бір түрі. Оның түсінігі бойынша - бұл жаңа білім алу, келісімді және таза ғана адамның тәжірибеден негіз алып өзін байыту.
Ойлаудағы қабілеттілік - баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет - асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді, қабілеттілігі артады. Оның жан - тәнімен еңбек еткенінде ойлау қабілеті жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді. Баланы қалаған, қаламаған қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың моральдық - этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады.
Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін не? Отбасы да, мектеп те, жора - жолдастары да - бәрі де септігін тигізеді. Бірақ негізінде баланың өзі ізденуі тиіс. Осындай жағдайда мұғалімі де демеу беріп, жол сілтеу керек. Ол үшін баланың ағзасының « механикасын », бір нәрсеге бейімделуіне себебін тигізетін барлық компоненттерді, қала берді баланың өзінің қандай екенін түсіне білуіне ықпал жасауға болады. Жалпы даму дәрежесі жас ерекшелігіне сай, денсаулығы жақсы, оқуға даярлығы анық байқалған бала, мектеп қабырғасында жан - жақты жетіледі.
Ойлау психологиясы - психологияда күрделі әрі қызығатын бөлім. Оның күрделілігі теориялық және практикалық көп жақты аспектісін зерттейді. Ойлау заңдылығын тану психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына дейін көрінді. Ойлау әр уақытта түрлі мәнер зерттеуінде қарастырылады гноселогия және логика, педагогика, физиология. Ойлау табиғаты (сана) оның қатынасы туралы алғаш зерттеген философия.
Қазіргі заман философиясы ойларды, шындық іс-әрекетті бейнелеу процесі түрінде қалыптастырады. Түйсікден қабылдау ерекшелігі сезімдік бейнеден бөлініп, жалпылау, жалқылау сипаты заттар мен құбылыстың қасиетін шындық өмірмен байланысын көрсетеді. Философияда психологиялық зерттеу аспектісы ойлауға фундаментальды түсінік береді: ойлау және сана, ойлау және тану, ойлау және сөйлеу ретіне. Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ойлау өзекті мәселе болып табылады. Тек ойлауды зерттеу арқылы ғана ойды адам өзіне бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі. Сонымен қатар ойлау сыртқы әсерлерді толуға бағытталған ғылым. Бұл логикалық негізгі түсінік, жалқы түрден қалыптасатын кез келген ойлау процессі.
Логикалық ғылымда, логикалық ерекшелігі мен өңдеуіндегі жетістік пен тәуелсіздікке қарамастан өзіндік ойлау заңы қалыптасады. Көп уақыт бойы ойлау процесінің мазмұны, динамикасы, нақты ерекшелігі зерттелмеген. Ассоциативті психологияда нақты психологиялық зерттеуден формальды логика әсерін алғашқы кезеңнен қарастырады. Ассоцация ойлау теориясына психологиялық өзіндік жаңалық енгізген жоқ, ол белгілі логикалық ойлау заңдылықтарының әсерін өңдей келе ассоциациялық теория ұсынады. Бұл көзқарас ойлаудың механикалық концепциясына да өзгеріс енгізбеді, тек интелектуалды процес жүйесін қарапайым операциялар арқылы байланысуда. Сондықтан да ойлаудың психологиялық зерттенудің қалыптасуына ассоционизм сипата негіз болғаны да сол. Ол сын бірнеше бағытта қарастырылады. Ойлаудағы экспериментальды зерттеу вюрцбург мектебінде алғаш жүргізіледі, зерттеу заты ойланудың бір түрі - ауызша - логикалық ойлау, ал оның әдісі ерекше әдіс интроспекция болды.
Ойлау актісінің мақсаты және белсенді сипатын, оның бүтіндігін ассациалы жеке әсерлерге жатпайтынын қабылдаудан арнайы ерекшелігі бар екені қарастырылды. Ойлауды экспериментальды зерттеу кейінен гештальт психология жалғастырады, олар өз шығармашылық ойлауларына қарай жаңа әдістемелік тәсілдер қарастырады.
А. Н. Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С. Л. Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П. Я. Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж. Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады.
Б. М. Теплов еңбегінде ойлаудың интеллектуальдық ерекшелігін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекетте көрінетіне тоқталды. Л. С. Выготский «Ойлау және сөйлеу» еңбегінде сөйлеудегі ойлаудың генетикалық түбірін, ойлау және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты.
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейннің еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрлере (ал даму - қабілеттерді, жаңа қасиеттерді икемдеу) қарстырылды.
П. Я. Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті әрекетінің негізінде білімді ұғыну. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтарша, оқу - оқу әрекетінің арнаулы түрі, ал А. Н. Леонтьев теориясы бойынша, оқу (ойын және еңбекпен бірге) - жетекші әрекеттің типі. Оқу полимотивті және полимағыналандырылған іс-әрекет деп қарастырылады.
Г. В. Габайдың көрсетуінше, оқу әрекеті екі құрамдас жүйеден немесе іс-әрекеттен құралатын әрекет. Біріншісі - жүйеше немесе іс-әрекет түріндегі оның негізгі фунционалды компоненті, оқу. Оқу әрекетінің дайындаушылық функционалды компонеттері оқу іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталды. Ойлау психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан вюрцбург мектебі болды. Негізін салумен О. Кюльпе ойлауға теориялық және экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады. Кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырушы О. Зельц болды. Оның «кешенді теориясы» ойлау актісінің продуктивті, репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал гештальтпсихология өкілдері К. Дункер ойлаудың творчествалық міндеті мен дамуын Ж. Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық ойлау мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі механизмдеріне тоқталады. Ж. Пиаже еңбегінде генетикалық деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық теориясы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz