Алтай таулы аймағының географиялық орны мен физикалық– географиялық тұрғыдан зерттелуі


Мазмұны

Кіріспе

І . Алтай тауының геоэкологиялық мәселелері.

1. 1. Алтай тауының физикалық - географиялық орны, зерттелу тарихы.

1. 2. Геотектоникалық құрылысы, пайдалы қазбалары.

1. 3. Жер бедері.

ІІ. Алтай тауының экологиялық мәселелеріне қатысты факторлар.

2. 1. Алтай тауының климаты.

2. 2. Алтай тауының ішкі сулары.

2. 3. Топырағы, органикалық дүниесі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:

  1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір-бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы-жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
  2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың батыс беткейінде мол жауын -шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің айқындауы.
  3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым болуы.

Алтай таулы аймағының табиғатының ерекшеліктерін жан-жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Бітіру жұмысының мақсаты:

  • Жеке физикалық-географиялық аймақ ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктерін айқындау;
  • Ғылыми жазба деректерге сүйене отырып, қазіргі жер бедерінің сыртқы бейнесін айқындайтын геологиялық құрылысы мен табиғатының қалыптасу тарихын, пайдалы қазбаларының түзілу жолдарын анықтап, ой қорытындыларын шығару;
  • Климатының қалыптасуына ішкі суларының қоректену режиміне, биіктік белдеулерінің ауысуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасау;
  • Табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелер мен оны шешу жолдарын анықтау.

Бітіру жұмысын жазу барысында алдыға қойған мақсаттарды шешу үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

  • Алтай таулы аймағының географиялық орны мен физикалық- географиялық тұрғыдан зерттелуі;
  • Геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын Палеозой, Мезозой, Кайназой эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайы;
  • Геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктері мен неотектоникалық қозғалыстардың қазіргі жер бедері мен пайдалы қазбаларының түзілуіне әсері;
  • Климатының қалыптасуына, температура мен жауын- шашынның таралуына әсер ететін негізгі факторларды, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктер.

Ішкі суларының қоректену режимі, топырағы мен органикалық дүниесінің қалыптасуына әсер ететін орта жағдайларына, адамның шаруашылық әрекетінен қазіргі ландшафтларының өзгеруі мен оларды қалпына келтіру мәселелеріне жан - жақты талдау жасау.

Бітіру жұмысының әдістемелік - методологиялық негіздері:

Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М. И. Давыдова мен Э. М. Раковскаяның «Физическая география СССР», Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. М. Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының практикалық маңызы:

Ұсынылған практикалық жұмыстағы жазба деректер, тақырыптық карталар мен графиктік кестелерді, география мамандығының студенттері, туристік фирмалардың қызметкерлері, өндірістің жеке салаларының мамандары.

1. Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері

  1. Алтайдың физикалық - географиялық орны, зерттелу тарихы.

Алтай таулы аймағы еліміздің шығыс бөлігінде орналасқан. Ол Алтай Саян таулы аймағының құрамына кіреді. Қазақстан аумағына Алтайдың батыс бөлігі кіреді. Таулың абсалют биіктігі оңтүстік шығысқа қарай артады. Ең биік нүктесі Батыс және оңтүстік Алтайдың түйіліскен жеріндегі Қатын жотасындағы Мұзтау шыңы (4506м) .

Батысында біртіндеп аласарып, Сарыарқаға ұласады. Геолдогиялық құрылысының ерекшеліктеріне сай шекарасы бірнеше рет қайталанған тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген жарықтар арқылы бөлініп жатқан екі бөліктен тұрады. Олар: Батыс және Кенді Алтай.

Алтайдың Қазақстандық бөлігінің солтүстік шекарасы Құлынды даласы, Кузнецк Алатауы; Оңтүстік шекарасы Зайсан қазаншұңқыры, Монғол Алтайы; батыс шекарасы Ертіс өзенінің аңғары; шығыс шекарасы Қатын тауының биіктік жоталары арқылы өтіп, Ресейдің аумағында ұласады. Алтайды жеке физикалық - географиялық аймақ ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері мүмкіндік береді:

  1. Бір-бірінен тауаралық ойыстар мен аңғарлар бөлініп жатқан орташа биік және биік қатпарлы-жақпарлы тау жоталары. Жер бедерінің қазіргі келбеті палеозой эрасындағы каледон, герцин қатпарлы құрылымдарының неоген-төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен тауаралық ойыстарда 500-1000 м тау жоталарында 3000 м- ге дейін көтерілуінен қалыптасқан.
  2. Еуразияның орталық бөлігіндегі физикалық-географиялық орнының ерекшелігімен таулы аңғарлары жер бедеріне сәйкес климаты шұғыл континентті болуымен ерекшеленеді. Батыс циркуляциясының Алтай тауының жел өтіндегі батыс беткейінде 2000 м биіктікте айқын байқалатындықтан Қазақстандағы жауын - шашын ең мол түсетін аймақ болып табылады. (1600 мм)

Жауын-шашынның мол түсуі аймақтың табиғат кешендері мен биіктік белдеулердің қылқан жапырақты ормандардың таралуына әсер етеді.

  1. Биіктік белдеулерінің біртұтас құрылымын орманды шалғынды, субальпілік және альпілік шалғындар мен биік таулы невальды- гляциальды белдеулер құрайды. Орман белдеуін негізінен қылқан жапырақты (тайга) ағаштардың бірлестіктерінен тұрады. Ормансыз алқаптарда дала, альпілік, субальпілік шалғындар мен таулы тундра таралған. [1]

Батыс Алтай немесе Кенді Алтай Ертістің оң жақ жағалауымен Оба - Нарын өзендерінің алаптарының аралығын алып жатыр. Оның орталық және шығыс бөлігін биік және орташа биіктіктегі Холзун және Листивияга (2578 м), Көксу (2600 м), Теректі (2300 м), Иванов (2776 м), Оба және Үлбі (1900 м) .

Қатын жотасы (4506 м) жоталардың басым бөлігі солтүстік батыстан оңтүстік - шығыс бағытқа созылып жатыр. Кенді Алтайдың ең аласа бөлігі солтүстік батыс бөлігімен Ертістің жағалауына тән, оның орташа биіктігі 500 - 1000 м-ден аспайды. Оңтүстік Алтайды Кенді Алтайдан ендік бағытта 150-170 шақырымға созылып жатқан ені 5-15 шақырымнан аспайтын Нарым-Бұқтырма ойысы бөліп жатыр. Аумағы 28000 шаршы шақырымға жететін оңтүстік Алтай бір-бірінің аралығын тектоникалық жарықтар бөліп жатқан субендік бағытқа созылып жатқан солтүстік және оңтүстік жоталар тізбегінің жүйесінен тұрады. Солтүстік жоталар тізбегінің құрамына Нарым-Тарбағатай (2500 м), Сарымсақты (3373 м), оңтүстік жоталар тізбегіне Азутау (2385 м), Күршім (2644 м), Оңтүстік Алтай (3400 м) .

Ертіс өзенінің аңғары бөліп жатқан Қалба жотасы да (1449 м) Алтай тауының Сарыарқаға ұласатын сілемі болып табылады.

Алтайдың физикалық - географиялық тұрғыдан зерттелуі .

XVIII-ғасырдың бірінші жартысында патшалық Ресей Алтайды үш түрлі мақсатпен зерттеді. Олар: біріншіден әскери барлау жұмыстары; екіншіден бекіністерді салу арқылы қазақ жерін біртіндеп отарлау арқылы орыс үкіметінің билігін орнату; үшіншіден басып алған жерлерді шаруашылықтық мақсатта игеру.

Қолайлы географиялық жағдайы аталған бекіністердің Қытаймен, Қазақстан, Орта Азия елдерімен сауда-экономикалық байланыста ерекше орын алып тез өркендеді. Жоғарыда аталған үш мақсатты жүзеге асыру үшін I Петр 1714 жылы А. Бекович - Черкасский мен И. Д. Бухгольцтің әскери барлау экспедициясын ұйымдастырды. И. Д. Бухгольц экспедициясы Ертіс өзенін, Зайсан көлі мен оған жапсарлас жатқан Алтай Тарбағатай тауларын зерттеді.

Жоңғарлардың тұтқынында болып қайтқан экспедиция мүшелерінің бірі Швед И. Ринато Алтай Тарбағатай таулы аймағының картасын жасады. 1919-20 жылдар аралығында И. Д. Бухгольц экспедициясын Лейб-гвардия майоры Иванохоров жалғастырды. 1722-24 жылдар аралығында И. Ушинский Жоңғарияға елшілікке барған сапарында Ертіс бойы мен Зайсан қазаншұңқырын, Алтай Тарбағатай тауларының табиғатының ерекшелігін сипаттап берді. Сапар қорытындысы бойынша жазбаша есебінде ететін жерлер картасында Шығыс Қазақстан мен Ыстық көлдің аралығы кескінделді.

Алтай Тарбағатай тау жүйелерін зерттеуде Орынбор экспедициясы үлкен қызмет атқарды. Сенаттың Обер-хатшысы И. К. Кириловтың жобасы бойынша 1734 жылы құрылған бұл экспедицияның негізгі міндеті башқұрт, қазақ, қарақалпақ халықтарының арасында орыс билігін нығайту орта Азиямен сауда байланыстарын нығайту шараларын жүзеге асыруға болады.

И. К. Кирилов Орынбор экспедициясына басшылық жасаған кезде оның қазақ жері туралы жинаған мәліметтері Ресей империясының шолу карталарына да енді. 1734 жылы И. К. Кирилов жасаған бас картада Қазақстан аумағы 42 - 55º с. е. пен 47 - 87º ш. б. аралығында деп көрсетілді. Оған Каспий мен Аралға іргелес аудандар мен Алтай, Ертіс аралығы толық қамтылды. 1760 - 62 жылғы патшалық Ресей сенатының жарлығымен Кенді Алтайды игеру мақсатында орыс шаруаларын қоныстандыру басталды. [2]

Академик Паллас пен оның көмекшілері Н. Л. Соколов Ертіс пен Өскемен төңірегін, Х. Барданец Ертісті бойлай Семейге одан әрі Тарбағатайға дейін барып, географиялық зерттеулер жүргізілді. Академиялық экспедицияның қорытындысының нәтижесінде 1786 жылы Риддер, 1791 жылы Зырян, сонымен қатар Белоусов, Крюков, Талов, Глубокое басқа да полиметалды кен орындары игеріліп, Алтай папшалық Ресейдің күміс қндіретін басты ауданына айналып, түсті металлургия дами бастады. 1768-74 жылдар аралығында Қазақстанның табиғат жағдайлары мен байлықтарын жан-жақты зерттеп, болашақта шаруашылықтық мақсатта игеру үшін академиялық экспедиция ұйымдастырылды. Мазмұны жағынан жалпы ғылыми сипатқа ие болып, бүкіл табиғат элементтерін, сонымен қатар археология, тарих, этнографияны қамтыды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында елшілік пен әскери экспедициялар басым болғанымен жаңадан қосып алынған жерлерде орыс билігін нығайту болды. Нығайтуды шаруашылық мақсатта игеру үшін арнайы ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады.

1800 жылы П. Бурнашев пен Поспелов Алтай мен Ертіс маңынан бастап Сарыарқа Бетпақдала арқылы Ташкентке саяхат жасады. Саяхат барысында олар бұрынғы зерттеулерде назардан тыс қалған пайдалы қазбалар туралы деректер жинады. XIX ғасырдың II жартысында белгілі орыс ғалымдары П. С. Паллас, П. А. Курапаткин, И. Д. Черский геологиялық, физикалық-географиялық зерттеулер жүргізіп, Алтай тауының табиғатының жалпы ерекшеліктеріне, геологиялық құрылысына сипаттама берді. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде полиметалл, алтын, күміс кен орындары ашылды. Олар тұрақты гидро - метеорологиялық зерттеулер жүргізді. [3]

1840-1850 жылдар аралығында А. И. Щнерк Шығыс Қазақстандағы Алтай Тарбағатай таулары мен Сарыарқаны аралап, өзі болған аумақтардың жер бедерінің ерекшеліктерін геологиялық құрылысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттейді. 1886-93 жылдар аралығында Р. Закржевский мен Богданов Алтай мен Тарбағатайдың табиғатын зерттеп, барлық жотасында көз мөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Томск университетінің профессорлары Н. П. Крылов пен В. В. Сапожников өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жүйелі зерттеулер жүргізді. Олар Қатын тауының ең биік бөлігі Мұзтау шыңына көтеріліп, Алтай тауындағы биіктік белдеуліктің таралу заңдылықтарына толық сипаттама берді [4]

1914 жылы Томск университетінің студенттері ағайынды Борис пен Михайл Троновтар Қатын тауындағы Мұзтау (Белуха) шыңына көтерілді. Олар ұзақ жылдар бойы Алтай мен Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігіндегі таулы белдеулердегі мұздықтарда гляциалогиялық зерттеулер жүргізді. Бұрынғы КСРО-ның ірі гляциолог ғалымы М. В. Тронов 1949 жылы Алтайдағы мұзбасулардың очерктері атты монографиясын басып шығарды. 1920 жылдары ағайынды Н. В. және В. В. Ламаниктер Алтай мен Саян тауларын картаға түсіріп, кешенді физикалық-географиялық зерттеулер жүргізді. Кеңестік кезеңде Алтайда кешенді физикалық-географиялық зерттеулер геологиялық, геоморфологиялық, гляциологиялық, топырақтанулық тұрғыдан жүргізіліп, органикалық дүниесін қорғау, табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты туындаған экологиялық зерттеулер жүргізді. 1930-1970 жылдар аралығында Қ. И. Сәтпаев, М. П. Русанов, Н. Г. Насин, Е. Д. Шолигин, Н. С. Шатский, Г. Ц. Медоев арнаулы геологиялық зерттеулер жүргізді. 1: 25 геологиялық карталары жасалды.

1940-1970 жылдар аралығында И. П. Геросимов, Б. А. Федерович, Л. Г. Гаен, З. А. Савричевский (1940-1961) Е. Е. Милановский (1961-1967), К. В. Никлорова (1960), В. И. Бабана (1961-1968) зор үлест қосты. 1950 жылдардан бастап Алтайда В. А. Буков, А. С. Утешев климаттық зерттеулер жүргізді. 1939 жылдан бастап КСРО ғылым академиясының қазаұ бөлімшесі Алтайда тұрақты гляциялогиялық зерттеулер жүргізіп, оны география ғылымының ірі өкілдері С. В. Каясник, К. К. Макаров, Г. А. Авсуон, география секторының гляциолог ғалымдары Н. Н. Лалогов, С. А. Тоқмағанбетов, К. Г. Манаревичтер жүргізді. 1930 жылдардан бастап Алтайдын топырағын зерттеу мәселесі қолға алынды [5]

1. 2. Алтайдың геотектоникалық құрылысы.

Алтай таулы аймағы Кембрийге дейін Шығыс Европа, Сібір, Тарым, Қытай, Корея платформаларының аралығында бөліп тұрған Орал Монғол (Орал-Тянь-Шянь) қатпарлы белдеуінің құрамына кіреді. [6]

Кембрийге дейінгі архей протерозой эрасында қазіргі Алтай тауының орнында ежелгі платформаларды бір-бірінен бөліп жатқан геосинклинальды белдеу болған. Палеозой эрасының бірінші жартысындағы Силур девон дәуірлерінде оңтүстік Алтай түзілді. Каледон қатпарлығының Кембрийде Алтай таулы аймағының аумағында теңіз суы алып жатты.

Теңіз табанында эвгеосинклинальды типтегі Кремний сазды тақта таста, Тиллит тәрізді конглеифаттар (ежелгі мұз басулар нәтижесінде түзілген) мен хеногенде эффузивті шөгінділер жинақталды. Теңіздерден Кембирийге дейінгі қатпарлықта түзілген жанартаулық аралдар көтеріліп тұрды. Кембирий дәуірінің палеоклиматы құрғақ әрі ыстық болуымен ерекшеленді. Кембрий дәуірімен салыстырғанда Ордовикте аймақтағы геологиялық режимде айтарлықтай күрделі өзгерістер болған жоқ. Теңізден аралдар тізбегі көтеріліп тұрды.

Тау жыныстарының шайылуы нәтижесінде теңіз табанына Кремний сазды шөгінділер жинақталады. Ордовиктің бірінші жартысы мен соңында магмалық әрекет қарқынды жүрді. Терең тектоникалық жарықтарда жүрген интрузивтік әрекеттің нәтижесінде ультра негізгі және негізгі тау жыныстары түзілді. Ордовиктің басында климат Кембридегідей құрғақ, ыстық болғанымен трансгрецияның артуы нәтижесінде теңіздердің аумағының артуына сай климат біршама жылы әрі ылғалды болады.

Төменгі силурдың соңында қуатты қатпарлану үрдісінің жүруіне байланысты. Оңтүстік Алтайдың негізгі жоталар тізбегі Нарым, Сарымсақты, Азутау, Сарытау, Күршім, Тарбағатай жоталары мен олардың аралықтарын бөліп тұрған тектоникалық иіндер түзілді. Силурдың соңында құрлықтың біршама көтерілуіне байланысты оңтүстік Алтайдың қиыр шеті мен батыс Алтайда сақталды. Каледон қатпарлығының нәтижесінде түзілген тау жоталар орасан зор кесек шөгінді жыныстардың жинақталуына мүмкіндік берді. Олардың қатарына Силурдың жоғарғы қабатында жинақталған кремнилі және сазды тақта тастар, кремнилі құм тастар, жанартаулық күлдермен спилиттер жатады.

Оңтүстік Алтайдын қиыр оңтүстігінде теңіз маржандарының фациялары мен қызыл түсті сазды жыныстарды кездесуі Силурда жылы субтропиктік климаттың басым болғанын көрсетеді [6]

Құрлықтың көлемінің ұлғаюына байланысты Силурдың соңыда біршама құрғақ әрі жылы субтропиктік климат қалыптасты. Магмалық үрдістер біршама қарқынды жүрді. Девонның басында ежелгі саяз теңіздер қазіргі батыс Алтайда ғана сақталды. Оңтүстік Алтай каледон қатпарлығында түзілген биік тау жүйелерінің біріне айналды. Төменгі девонда эндогендік (сыртқы) күштердің әсерінен денудация үрдісі артып, пенепленде аласарды.

Орта және жоғарғы девонда жүрген трнсгрессия нәтижесінде батыс Алтайды су басты. Теңіз табанына кесек тау жыныстарымен қатар хелогенді әктасты шөгінділер жинақталды. Девон дәуірінде күшті тау түзілу үрдістері болған жоқ. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған бұрыштардың аздап үйлеспеуі мен су массаларының ығысуының байқалуы тектоникалық қозғалыстардың болғанын көрсетеді.

Девонның қызыл түсті құмтастар мен эффузивті жыныстары Алтайда кең таралған. Девон қабатарында қызыл түсті шөгінділермен теңіз маржандарының кездесуі құрлықтық жағдайдың сақталуына сай төменгі девонда палеоклиматының жылы әрі құрғақ субтропиктік болғанын айғақтайды. Орта және төменгі девонда теңіздің аумағының артуына байланысты орта девонда ылғалды субтропиктік климат қалыптасты. Девон дәуірінде Алтай тауында магмалық әрекеттер біршама қарқынды жүрді. Нәтижесінде қышқылды және негіздік лавалар түзілді.

Тас көмір дәуәрәнде қазіргі Алтайдың аумағында қарқынды тектоникалық қозғалыстардың жүруі Қазақстанның шығыс бөлігін тұрақсыз қозғалмалы облыстарға айналдырды. Нәтижесінде қазіргі Батыс Алтайдың аумағындағы Холзун, Листивяга, Көксу, Үлбі, Иванов, Қатын жоталарының тізбегі түзілді. Ерте тас көмірде батыс Алтайдың орнындағы теңіз табанына Эвгеоцинклинальды шөгінді қабаттар жиналып, орта және жоғарғы тас көмірде құрлық бетінде эффузивтік шөгінділер жинақтала бастады. Қазіргі пішініне ұқсас болды.

Орта және төменгі тас көмірдің шөгінділері негізінен құрлықтың конгомераттардан, құмтастардан, әктастардан, жанартаулық күлдерден тұратын эффузифті-шөгінді кешендерден құралған. Тас көмір дәуірінің уақыт пен кеңістік ішіндегі палеоклиматтық жағдайлары алуан түрлі болды. Жоғарғы тас көмірде құрлықтың көлемінің біртіндеп ұлғаюына байланысты төменгі тас көмірде палеоклимат құрғақ болып, соңында біртіндеп ылғалданды. Орта және жоғарғы тас көмірде климат тағы да құрғай бастады. Тас көмір дәуірінде герцин қатпарлы облысында интрузивті әрекеттер қарқынды жүрді.

Пермь дәуірінде тектоникалық қозғалыс тіктеліп, Алтай таулы аймағының аумағы платформалық режимге көше бастады. Герцин қатпарлығы нәтижесінде түзілген кесек тау жыныстарының қалың қабаты Нарым, Бұқтырма, Бобров, Жоғарғы қара Қобы, Өспен, Марқакөл, Жайсан сияқты тауаралық тектоникалық ойыстарға шөкті. Алтайдағы пермь дәуірінің шөгінділері негізінен құмтастардан, алевролиттер мен әктастардан, құрлықтық эффузивті-кесек тау жыныстарының қалың қабаттарынан тұрады. Пермде Алтай тауында Селигумитті ылғалды климат қалыптасты [8]

Пермде аймақта интрузивті әрекет біршама қарқынды жүрді. Герцин тектогенезі аймақтың ежелгі құрылымдарын күрделендірді. Мезозой эрасында аймақта толығымен құрлықтық жағдай сақталып, денудация үрдісінің нәтижесінде біртіндеп аласарып тегістеле бастады. Палеогенде ұсақ шоқылы асала таулы аймаққа айналды. [9]

Мезозой эрасының триас дәуірінде Алтай таулы аймағында толығымен құрлықтық жағдай сақталды. Климаты ыстық континентті құрғақ болуы тау жыныстарының химиялық үгілуін күшейтті. Триастың соңында тауаралық иіндер мен тау беткейлеріне шөкті. Тектоникалық әрекеттер жарылуға дейін барғанмен, Кендірлік, Нарым, Бұқтырма сияқты иіндердің ірге тасының біртіндеп мантияға батуы байқалды. Палеографиялық зерттеулердің деректеріне қарағанда триас дәуірінің соңы мен юра дәуірінде Алтайдың климаты біртіндеп ылғалдана бастады.

Ылғалды климат жағдайларында ағаш тәрізді Папоротниктен, Қырықбуыннан, Плаундар мен Қылқан жапырақты ағаштардан тұратын орман флоралары тауаралық тектоникалық ойыстарда кендірлік тас көмір кен орнының түзілуіне қолайлы жағдай тудырды. Ылғалды климат жағдайында үгілу қабатында сілтісізденген коалинді шөгінділер түзілді. Алтайдағы төменгі бор шөгінділері негізінен тауаралық тектоникалық ойыстарға жинақталған құрлықтық жағдайда түзілген. Қызыл түстік саздар мен қиғаш қабатты құмдар мен конгломераттардан тұрады.

Бор дәуірінде құрғақ және аридті климат бірін-бірі алмастырып отырды. Палеогенің соңы мен неогеннің басында Альпі қатпарлығының нәтижесінде Алтай тауының қайта жаңғырып біртіндеп көтерілу үрдісі болды. Тау жоталарын бір-бірінен бөліп тұрған тауаралық аңғарлар мен Зайсан қазаншұңқырына кесек конгломератты шөгінділер жинақтала басталды. Неогеннің соңы мен төрттік дәуірдің басында қазіргі Нарым, Берел, Бұқтырма, Оба, Үлбі өзендерінің аңғарлары пай да болды. Ерте және орта плиоценде Памир, Капетдаг, Кавказ бауларының қатпарлануына байланысты Алтай тауында қарқынды қозғалыстар жүріп, тәрттік дәуірінде (төменгі және жоғарғы плейстоценде) 2000-3000 м дейін көтеріліп, қатпарлы - жақпарлы жаңғырған биік тау жүйесіне айналды.

Құрлықтың көлемінің ұлғайып, ежелгі теңіздердің тартылуына байланысты шамамен 600 мың жыл бұрын Алтайда ежелгі плейстоцен мұз басуы басталды. Ол шамамен 10 -12 мың жыл бұрын аяқтады. Белгілі гляциолог ғалым П. А. Шеркаосовтың пікіріне сүйенсек Алтайда үш мұз басу жүрген (Рисс Минадаль Вюрм) олардың алғашқысы жабын болса, соңғысы жабын сипатында болды. [9]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің географиялық орны
Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Сарыарқаның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын айқындау
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz