МЕМЛЕКЕТТІК ТУ


МЕМЛЕКЕТТІК ТУ
Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендігінің нышаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 1996 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығымен белгіленген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою-өрнектен нақышталған тік жолақтан тұрады.
Тудың параметрі
Құн, шұғыла, бүркіт және өрнектің бейнесі - алтын түстес.
Тудың ені мен ұзындығының қатысы - 1 : 2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы суретші Шәкен Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған.
КӨК ТҮС
Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, биік те игілікті идея бірлестігіне шақырады.
Зеңгір көк ашық аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің, аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған.
Елтаңбатану ғылымы геральдика тілінде, көк тұс адалдықтың, кіршіксіз тазалықпен бейкүнә пәктіктің нышаны .
Көне түркі тілінде, яғни барлық түркі тілдес халықтар тілінде "көк" сөзі "аспан" деген ұғымды білдіреді.
Ү-ҮШ ғ. Алтай шындарынан Қара теңіз жағалауына дейінгі кеңбайтақ елді-мекенді қоныс еткен ежелгі түріктер аспанға, көкке табынған.
"Жоғарыда әкеміз - түріктердің көк аспаны, төменде - Жер-анамыз. Солардың арасында алғашқы адамдар - түріктер -пайда болды", - делінген Күлтегін ескерткішіндегі жазбаларда.
Олар жерді көк өгіз мүйізімен көтеріп тұр дегенге сеніп, оны өздерінің жауынгерлік туларында бейнелеген. Өздерін "көк түркілер" деп атаған. Тарихи сенім тұрғысынан қарағанда, көк түс - тәңірілік түс. Сондықтан да көк түсті Атамекеннің, ата-бабалардың бейнесі есебінде кие тұтқан.
Ұлы даланың билеушілері Ақсақ Темір, Шыңғысхан өздерін тәңіріден жаратылған Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Кытай императорларында "Аспан Ұлы" деген дәреже болған.
Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге - Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған.
Бұл сезім әлі күнге дейін сақталып келеді. Оған XX ғасырдағы қазақтардың мазарларындағы көк түсті қасиетті күмбездер мен әлемнің төрт құбыласын бейнелеу үшін салынатын төрт құлақты бейіттер дәлел.
Осы дәстүрлерден арна алған көк түс түркі тілдес барлық аяықтар үшін қасиетті, киелі, таза, пәк, бейкүнә күйінде қала бермек.
Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз: Мемлекеттік тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді .
ӨРНЕК
Өрнек - көркем безендірілген әшекей кесте. Оның саналуан түрі бар: көркем, графикалық немесе өсімдік элементтерінен, геометриялық фигуралардан тұратын мүсін өрнегі.
Өрнек - белгілі бір дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
Ғасырдан ғасырға жалғасып, бізге жеткен қазақтың ұлттық ою өрнегінің ең көп таралған түрі зооморфтық өрнек - «қошқар мүйіз».
Ерге кезде халық ою - өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп-жебеп, қорғайтын керемет күш көрген. Сондықтан да ою-өрнекке деген көзқарас ерекше болған.
Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек - қазақтың дәстүрлі декоративті өнерінің негізгі нақыштарымен үилесім тапқан .
КҮН
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.
Сары тұс - қымбат асыл металдың, алтынның түсі, Ай мен Күннің, түпсіз - тұңғиық қараңғылықтан шашырап шыққан Жарықтың, одан жаратылған Космостың түсі.
Жер шарының барлық халқы Күнге табынған.
Таңбалы тастағы (Оңтүстік Қазақстанда) жартастарда бейнеленген суреттерге қараңызшы - бәрі қозғалыста!
Күн мәңгілік Қозғалыстың , даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың символы. Күн - уақыт өлшемі.
БҮРКІТ
Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын құс патшасы қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.
Ол да тәңірі сияқты бір жағынан - көрегендік пен қырағылықтың белгісі болса, екінші жағынан - жер бетіндегі тірі жәндіктерге опат әкелетін жыртқыш. Сондықтан да ескі металл теңгелер мен мөрлерде құдіреті күшті дала қыранының бейнесі бедерленген.
Қанатты қыран кең дала биігінде жеке-дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт бейнесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық тәкаппарлық, биік ой-мақсат, маңғаздық, қырағылық, намысқойлық тән. Сол себепті де ол - көреген, қырағы, болжағыш.
Кең даланың көгілдір аспанында шарықтап ұшқан бүркіт дала халқының барлық халықтар мен ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көпұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой-ниетінің биіктігін білдіреді.
Қасиетті құстар мен жануарлар нышаны тарихынан:
Ежелгі түріктер мен қазақтардың төтемдік белгілерінің бірі құстар, оның ішінде аққу-қаздар болған. Құстар мен жануарлар бейнесі кескінделген тұмаршалар белгілі бір рулар мен тайпалардың төтемдік белгісіне жатқызылып, оны қадір тұтқан, кейбіреулерінің төтемдік белгісі бар елтаңбасы болған. Мәселен, Қу (Аққу) өзенінің маңына қоныстанған алтайлықтар өздерінің этникалық атауын осы уақытқа дейін сақтап кешун, оларды орыстар «аққу татарлары» деп атайды.
МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБА
Герб деген термин немістің «Erbe» - мұра, поляктардың «herb» - белгі деген сөзінен шыққан. Дәл осы ұғымды өз тіліміздегі таңба сөзі анық жеткізеді, яғни: мұралық ерекшелгі белгі - ел иелерінің тарихи дәстүрлеріне бейнелі түрде мән-мағына беретін заттар мен бейнелердің таңбасы.
Елтаңба туларда, мөрлерде, монеталарда, сәулет құрылысында, үй аспаптары мен қару-жарақтарда, өнер туындылары мен қолжазбаларда, кітаптарда бейнеленеді.
Елтаңбаның көне үлгілерінде жануарлардың, алғашқы қауымдық құрылыста тайпа немесе ру қамқоршыларының төтемдік белгілері болған.
Елтаңбаның тікелей негізін салған - тайпалық және отбасылық жекеменшік белгілер - славяндардың тулары, таңба, ендері және моңғолдар мен түріктердің тамға - таңбасы.
Таңба тарихынан:
Таңба туралы алғашқы мәліметтер түркі халықтарына Ү ғасырдан белгілі.
Қытай деректерінде: Түріктер үй жануарларына ен, таңба салған, сондықтан басқа отарға не үйірге қосылыл кетсе де, жоғалмайды, оған ешкім тимейді, - делінген.
«Таңба - тайпа, ру белгісі, қазіргі шекара бағандарына мемлекеттік елтаңба соғылса, ежелгі тайпалар жаңа жерге қоныстанғанда шекарадағы тасты өз таңбаларымен белгілеген».
Олжас Сүлейменов
Алғашқы кезде таңбаны мал иесі қойдың құлағына, аттың сауырына салған. Кейін таңба мөрге, алым-салық, бажға соғылып, жаңа мәртебеге ие болды.
Моңғол-татар шапқыншылығы кезінде орыстардың елді-мекенінде алым-салық жинаушы әрбір адамның өз мөрі болды. Осыдан барып өзіміз кеден деп жүрген таможня сөзі шықты. Ол да төл тілімізді «таңба бажы» деген ұғымды білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz