Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы



Кіріспе
1. Біз бүгін қай жерде тұрмыз?
2. ¥лттық Қауіпсіздік
3. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003.2006 жылдарға арналған бағдарламасы
3.1. Қазақстан Республикасындағы әлуметтік.экономиканың дамуы
3.2. Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым бағыттары
3.3. Шағын және орта бизнес
3.4. Ғылыми.технологиялық және инновациялық саясат
3.5. Аграрлық саясат
3.6. Денсаулық сақтау
3.7. Заң шығару қызметі
3.8. Ақша.кредит саясаты
Қортынды
Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді. Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспекгиваға ендеп бойлайтын болашақжайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен беліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздын болашағын қаңцай күеде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.
Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын тереңтусіну сезімі пісіп-жетілді. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділіктаныта отырып, біз өзімізді буралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақгандырамыз.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз'.
Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын үғыну, жолымызда түрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің үрпақгың келер үрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мөн аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте үстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақга, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді? Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті бола ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме? Олар бейбіт-татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, кешелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма? Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз бар?
Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақгарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.
Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақгың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде үдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мүның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып - біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па әлде шабандап қалып келеміз бе - үдайы таразылап отыру үшін қажет.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Біз бүгін қай жерде тұрмыз?
2. ¥лттық Қауіпсіздік
3. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
3.1. Қазақстан Республикасындағы әлуметтік-экономиканың дамуы
3.2. Үкімет бағдарламасының мақсаты мен басым бағыттары
3.3. Шағын және орта бизнес
3.4. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саясат
3.5. Аграрлық саясат
3.6. Денсаулық сақтау
3.7. Заң шығару қызметі
3.8. Ақша-кредит саясаты Қортынды
Кіріспе
Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді. Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспекгиваға ендеп бойлайтын болашақжайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен беліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздын болашағын қаңцай күеде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.
Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын тереңтусіну сезімі пісіп-жетілді. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділіктаныта отырып, біз өзімізді буралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақгандырамыз.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз'.
Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын үғыну, жолымызда түрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің үрпақгың келер үрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мөн аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте үстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақга, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді? Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті бола ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме? Олар бейбіт-татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, кешелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма? Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз бар?
Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақгарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.
Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақгың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде үдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мүның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып - біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па әлде шабандап қалып келеміз бе - үдайы таразылап отыру үшін қажет.
Бүгінгі күнді ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, проблемалардың ауқымы мен олардың маңызын езгешө қабылдайсың. Өзімізді әлеммен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын және олардың жуықтай түскенін сезінеміз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда - Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.
Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жастәуелсіз мемлекетгер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге есе түскен ауқымдану мен үлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар.
Біз басқа елдердіңтәжірибесін зерделей алсақта әрі солай етуге тиісті болсақта және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді пайдалана алсақ та, біздің жасымызға жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ете алар Қазақстанды қүру женіндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты езге ешкім де емес, тек біздің езіміз ғана игере аламыз. Неліктен нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда осы міндет тұр?
Өйткені кеше біз бұған даяр емес едік, тәжірибеміз бен білігіміз жетіспеді, жағдай, ересен түрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкіндік бермеді. Міндеттің өзі де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнің күллі мәні мынаған: басталып кеткен аласапыран өтпелі кезеңнің буырқанған жағдайында дербес мемлекет ретінде табан тіреп қалуға келіп сайды. Көптеген көріпкелдер біз сәтсіздікке ұшыраймыз және де мемлекет құрылы-сының, қоғамдық және экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған міндеттерін игере алмаймыз деп сәуегейлік еткен-ді.
Бірақ алғашқы сынға біздің лайықгы төтеп бере алғанымыз - еңсемізді тік ұстап, иілмегеніміз бүгін-ақ айқын. Барлық қиындықтарға қарамастан біз бейберекетсіздік пен жөнсіздік шыңырауынан шыға білдік.
Қазір біз түрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзеуге мүмкіндік береді.
Аса ауыр жағдайларда жинақгалған мемлекеттілік қүру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардыңтөзімділігі мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді.
Бұл міндеттерді шешуді ертеңге қалдыруға да болмайды, өйткені біз өз реформаларымызды толық аяқтағанша күтіп те отыра алмаймыз. Басқаша айтқанда, кеше әлі ерте болатынды, ал ертең кеш болып қалуы мүмкін.
Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дүрыс стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жұмылдырады және жәрдемдеседі. Ол мемлекет назарын басымдықтардың аса қысқа тұжырымды тізбесіне жинақтайды, ол тәртіпке жүмылдырады әрі Үкіметті осы міндеттер мен стратегияларды күнделікті шешіп отыруға талпындырады. Ақыр аяғында, ол біздің мақсаттарымыздың іске асуына алып келетін күн сайынғы және жыл сайынғы шешімдерді қабылдауымызға жәрдемдеседі. Бірақ мүның өзі жеткіліксіз. Осы нұсқауларды өмірге енгізудің, жобаланған жоспарларды іске асырудың маңызы мүлде кем емес. Сондықган әрбір министрлік пен ведомство өз жүмысын әрбір күн, ай мен жыл біз қадам басқан сайын қойылған мақсаттарымызға қарай ілгерілейтіндей етіп үйымдастыратын жүйені құру аса қажет. Мемлекеттік қызметшілер күн сайын алдарындағы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды көріп отыруы, екінші кезектегі және күнделікті міндеттерді шешуге алаңдамастан оларды іске асыруы қажет. Қабылданатын заңцар мен шешімдер біздің стратегиямыздың арнасында, жұмыс жинақы - жүмылған әрі үйлесімді болуға тиіс.
Келесі жылдан бастап біздің жыл сайынғы жоспарларымыз үзақ мерзімді басымдықтарымызға сәйкес болуға тиіс. Оның үстіне, мониторинг жүйесі қойылған мақсаттарымызға қол жеткізуде біз қаншалықгы ілгеріледік деген сұраққа жауап беруге тиіс. Сондықган бізге стратегиялық жоспарлау мен стратегиялық бақылау, есептілік пенжауапкершілікжүйесі қажет.
Біздің алға қарай тұрақгы жылжуымыздың басты шарты - біздің коғамымыздың алға қойылган мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топтарының қажеттіктерін дүрыс ескеруге, басымдықтарды
дәл айқындап, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бүл ақиқатқа айналады. Мұны мемлекеттің халықгыңжекелеген топтарымен және жекеше сектормен ынтымақгастығы негізінде іске асыру қажет.
1. Біз бүгін қай жерде тұрмыз?
Соңғы алты жыл ішінде біз екі басты стратегиялық мақсатты кездедік.
Біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген адамдар қазір мүны тиісті нәрсе ретінде қабылдауға әзір, бірақ қазақстандындықтар мүның біздің тарихымызда қаншалықгы сирек әрі қиындықпен болғанын үмытпауға тиіс.
Екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экочомикалық реформаларды жүргізе бастадық. Аталған мақсаттарға әлі жете қойғамыз жоқ, дегенмен, жекелеген бағыттарда кезге түсер нәтижелеріміз де бар.
Енді ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдік тәжірибе түрғысынан талдау және реформаларымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды. Өзіміздің секем және босаң тұстарымызды салиқалы түрғыдан талдап, тек содан кейін ғана дербес төл стратегиямызды талдап жасаудың маңызы бүдан бір де кем емес.
Біздің ішкі бекем тұстарымыз бен Қазақстанның қолындағы сыртқы мүмкіндіктерді, өзімізге тән босаңтұстарымыз бөн сыртқы қатерлерді талдаудан бастайын. Еліміздің қолында сегіз артықшылық бар.
Біріншісі. Біз өзіміздіңтәуелсіз, егемен мемлекетіміздің негізін қаладық. Барлық қажетті мемлекеттік институттар қазірдің езінде бар әрі ай сайын тәжірибесі мен біліктілігін ширата түсуде. Бірақ мемлекетіміздің қүрылысы аяқталатын күн әлі алыс.
Екіншісі. Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде взге саяси және экономикалық жүйе жүмыс істеуде.
Үшіншісі. Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, қүндылықгардың сапалық түрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгөрдік. Қысқасы, біз азаттық алдық. Мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы біздің еміріміздің әрбір қырын өзгертті. Әрине, ескі жүйе шақтап болса да неғүрлым сенімді әлеуметтік игіліктер беріп келді, әрі бірсыпыра салаларда жетістіксіз де болған жоқ. Алайда, экономикалық түрғыдан бәсекеге қабілетсіз болғандықтан, ол жүйенің күйреп тынғанын да үмытпауға тиіспіз. Ол әлеуметтік жағынан да осал болып шыклы, өйткені адамдардың көпшілігінің
тұрмыс деңгейі шетелдегі түрмыс деңгейінен темен еді. Ол, сондай-ақ жеке адам хақында да осалдықтанытты, өйткені еркіндік бермеді. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада еркендеу мен бостандық әкелерін уақыт өте келе біздің ез тәжірибеміз керсетуге тиіс. Өтпелі кезең уақытында біздің азаматтарымыздың көпшілігі қилы істі бастан кешірді әрі көп нәрсені қүрбан етті. Бірақ біз мұны тек сіздер мен біздің игілігіміз үшін ғана емес, ең алдымен, балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасап отырмыз.
Тертіншісі. Біздің басты он игіліктеріміздің ішінде-халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы түр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім ересі биік халқымыз бар. Көптеген елдерде бүл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мүның өзі - біздің халқымыз бен бүрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз.
Бесіншісі. Біздің табиғи ресурстарымыз - орасан зор байлық. Алайда, мұның өзі қаншалықты кереғар көрінгенімен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы бар көптеген елдердің оны дұрыс игере білмегендіктен, ақыры кедейлер қатарынан шыға алмаганын көрсетеді. Алайда, Шығыс Азияның неғүрлым серпінді дамыған елдері - табиғи ресурстары жоқелдер. Осының бәрі жетекші фактор -бұл адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы да дәлелдей түседі. Бүл - бізге гүлдену мен тәуелсіздік есігін айқара ашуға мүмкіндік беретін нақ сол "алтын кілттіңөзі".
Әлемнің келеңсіз тәжірибесін де үйрену қажет. Ол даму стратегиясының немесе оларды іскө асыру қабілетінің болмауы табиғи байлықтар әлеуетінен басым түсетінін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұдан біз шығаратын басты қорытынды -ойластырылған стратегия жасап, оны барлық қиындықтарға қарамастан жүзеге асыру қажеттігі. Жер қойнауының байлығы - барша келер үрпақтың игілігі. Бүған қарап босаңсымауымыз керек. Керісінше, Үкіметті қоса, біздің бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай емір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз.
Алтыншысы. Біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлеріміз - орасан зор әлеуетіміз. Көптеген өлшемдер бойынша біз Канада мен Австралияға ұқсаспыз, бізге тек бір нәрсе - олардың өнімділігі мен экспорттық әлеуеті жетіспейді. Бүл жерде де, тағы да, ең бастысы -нақты және тиімді стратегия, адамдар мен капитал.
Біздің жетінші бекем тұсымыз қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігінде жатыр. Біз қоғам ішінде тікелей тайталасқа жібермей, ахуалды түрақтандыра білдік, мүны мақган етеміз, өкінішке қарай, көптеген дамушы және кешегі коммунистік кейінгі елдердің бұған қолы жеткен жоқ. Алайда, толық тұрактылықтың, ал топтасу мен бірлікгің ауылы әлі алыс жатыр, сондықтан біздің баршамыз өзіміздің біртұтас отбасымыз деп сезіну,
ез мақсаттарымызды айқын біліп, оларға қарай келісе ілгерілеу үшін алдағы уақытта көп жүмыс тындыруға тура келеді.
Бүл бір-бірімізбен кедейшілік пен жоқшылықжағынан теңесу, теңгермешілікгіңжаңа жүйесін орнату да емес. Сондай-ақ қандай да бір этникалық немесе діни топтарға басқалармен салыстырғанда, басымдықгар беру жөнінде де әңгіме болуы мүмкін емес. Біздіңстратегиялықміндетіміз-халықг ығы көптегентоптарыныңбірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздері салиқалы үйлестіру, мүның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі.
Байлардың аттөбеліндей шағын тобы жарлы адамдардың үлкен тобынан едәуір алшақгап кеткен жерде қоғам еш уақытта еңсесін көтеріп, абаттанып гүлдене алмайды. Түрлі этникалықжәне дінитоптардыңқұқықтары әртүрлі болып келетін, біреулерге мүмкіндіктерберіліп, өзгелерге берілмейтін, саяси партиялар мен қозғалыстартікелей қарама-қарсы тараптарға "бұра тартатын", бұқаралық ақпарат қүралдарының еркіндігі мен жауапкершілігі, либерализм мен демократияның және мемлекет күшінің арасында орасан зор сәйкессіздіктер бар елдің де болашағы жоқ. Біз шектен тыс шығандап кетудің бірін бастан кешірдік, екіншісіне түсіп малтықпасақ игі. Менің ойымша, осы бір ақылға сыйымды дүниелерді ұғыну қоғамдық санада нық орын тепкен де тәрізді.
Сегізіншісі. Мен қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілділігі мен ақжарқындығын атап айтқым келеді. Мүны шетелдіктердің баршасы дерлік айтып жүр. Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған тезіп отырғаны үшін ризамын және осы қасиеттер -біздіңтабысқажетуіміздің, қоғамымыздыңтоптасуының, шетелдік инвестицияларды тартудың және халықаралық қоғамдастықгы біздің проблемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санаймын.
Біздің осындай күшті жақтарымызбен бірге сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктеріміз бар. Біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз ең алдымен, еліміздің географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады. Қазақстанның негізгі үш мүмкіндігін бөліп айтуға түрарлық.
Бірінші мүмкіндік біздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан геофафиялық жағдайымыздан туындайды.Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Біздің бабаларымыз түркі халықгарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері арасында кең ау қымды сауда арнасы үйымдастырылған болатын. Бүгін біз осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақгаса отырып және әлемдік қоғамдастықгың қолдауымен қалпына келтіре бастадық. Сөз жоқ, келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардың көші-қоны ұлғая түседі.
Көптеген саяси тұрақтандырушы факторлары туралы айтпағанның өзінде, мен нақ осы себептен, Еуразия идеясын үсындым және оны дамыта бермекпін, әрі оның стратегиялықболашағына да сенімім кәміл. Бізбен шектес кез келген ел тәрізді Қазақстанның жеке өзі де тиімді транзиттік әлеуетін іске асыра алмайды. Мүны бірлесе, тығыз әрі өзаратиімді ынтымақпен жасау қажет.
Осындай тоғыз жолдың торабында орналасқандықган, шөкараларымыздың өн бойында өз өнімімізді еткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сыйымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықгардың бірен-сарандары болмаса, қалған кез келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оныңбәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жүтып қоюға қабілетті. Бүл көршілер - Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерініңтобы. Таяу және Орта Шығыс елдері - тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады. Күллі Еуразия қүрлығында бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-қатынастарын орнықгыру - табысты дамудың қажетті шарты. Соғыстарға, бақталастыққа, бәсекеге және егеске киліккен елдер өздерін тоқырау мен артта қалушылыққа үрындыра отырып, өз ресурстарын, уақыты мен күш-қуатын орынсыз шығындайды.
Екіншісі. Мемлекет құрылысы мен реформаларды жүргізудіңауыр процестерін шетелдік мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау бізге қосымша мүмкіндіктер береді. Бұл түрғыда көптеген елдердің бізге қарағанда оншалықгы жолы болмады. Осы фактор, әсіресе, етпелі кезеңнің бастапқы кезеңдерінде ете маңызды, өйткені бізге сырттың қаржы ресурстары мен білім-білігі қажет.
Үшіншісі. Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс процесі, әсіресе, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы біздің аумақты әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер үсынады. Алайда, біздің осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Демек, осы технологияларды үғыну, олардың біздің қоғамымызға толық кіру іне қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды.
Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпші-лігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мүра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарыныңсалдары екенін атап өту қажет.
Бірінші. Бүл коммунистік принциптер рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше үрпақтары қалыптастырған біздіңділіміз. Кейбіреулер жақында болған өзгерістерді ынта-жігерімен пайдаланды, бірақ басым бөлігі олай істеген жоқ. Адамдарға субъективтікжәне объективтік факторлар ықпал етеді, олар болып жатқан өзгерістерге баяу бейімделіп, өз проблемаларын шешуде бұрынғысынша мемлекеттің кемегіне иек артып отыр. Мүндай пәлсапа мен түрмысқа деген көзқарас олардың жаңа қиындық-тарға төтеп
беруіне бөгет болады, күш-қуаты мен өзінше іс-әрекет жасау талабынан айырады.
Мемлекеттің ендігі жердегі жаңа рөлі адамдар үшін шешімдер қабылдауда емес екенін көптеген шенеуніктердің өздерінің де әлі түсіне бермейтіні құпия емес. Керісінше, оның рөлі бәрінен бүрын азаматтар мен жекеше сектор өздері мен өз отбасылары үшін тиімді шаралар қолдана алатын жағдайларды қалыптастыруда болып отыр. Біз бүл ретте жаңа қүндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас үрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз.
Адамның ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекөттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады.
Екінші. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеу іне әрі осының салдары ретінде - әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей қоймады. Технологиялық түрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылықжүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған менеджмент - бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген кәсіпорындардың түрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің қүлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне осылар. Осыныңсалдарынан біздіңелімізде соңғы сегізжылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттіктүсімдер одан да кебірек қысқарды. Мүның өзі көптеген даму шы елдердегі экономикалық өсудің жоғары қарқынымен бір мезгілде болғандықган, біздің экономикамыз шартты түрде алғанда үш еседен астамартта қалып қойды. Осы факт сізді бұрынғыдан да бізді, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.
Үшінші. Біздің экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшілігініңтабысы мен өмірсүру деңгейі нашарлап кетті. Теңгермешілікті жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында елеулі айырмашылықтыңтуындауына әкеліп соқты. Бүл ретте - мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі түрақтандырушы факторы - орташа таптың шоғыры аз.
Төртінші. Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттық жинақталымдардың үлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен жинакталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрі тәуелді бола түсті. Экономиканы әрі қарай
сауықгыру инвестициялардың зор көлемде келіп құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық ахуал едәуір жақсартылса ғана мүмкін болады.
Бесінші.Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалық пен өтубұған дейін осындай ауқымда бізге беймәлім болған кедейлік пен жұмыссыздық проблемаларын туғызды. Бұлар қылмысқа, есірткіқұмарлыққа құнарлы негіз қалап, қоғамдықтүңілушіліктітуындатады және қоғамдықтүрақсыздықмүмкіндігін арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы төленбеуімен астасқан жоғары жүмыссыздық деңгей негізінде экономикалық проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегі әлсіз стратегиялардан туындады. Аграрлықжәне әлеуметтік секторларды (денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және т.б.) реформалаудыңтиімді бағдарламаларыныңжоқгығы және өтпелі кезеңнің қысылшаң жағдайларында бюджет қаражатын бөлуді қысқарту осы бір өмірлік маңызы бар салалардың нашарлауы мен тұралап қалуына алып келді.
Осы процестер алтыншы осал жағымызды, кез келген түрғыдан қауіпті -демографиялың өнімсіздігімізді де сипаттап отыр. 1992 жылдан бастап соғыстан кейінгі 50жыл ішіндетүңғыш ретбіздіңхалқымыздыңсаны қысқара бастады.
Біздің босаң түстарымыздың қатарына жетінші осал жағымызды -жете даярланбаған және нашар үйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған жөн. Мұның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бүл қүбылыспен тугелдей барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі таңда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес. Әзірше бізде стратегиялық міндеттерді, жоғары кәсіби деңгейде, отансүйгіштікпен және адал шешуге қабілетті адамдар мүлде аз.
Барлық істерге жөн-жосықсыз араласу әдеті, ақпаратты қоғамнан жасыруға жетелейтін қүпияшылдықтың қажетсіз және зиянды сілемі, ведомствошылдық пен жершілдік, жекжатшылдық пен топшылдық, ұжымдықжауапсыздық, сүреңсіздік пен бойкүйездік, сәйкессіз және көп сатылы құрылым, сыбайлас жемқорлық - міне біздің бюрократияның бұрынғы режим тәрбиелеп кеткен әрі соңғы жылдары анық көрініс берген, жасырын нысаннан ашық күйге ауысқан "қадір-қасиеттерінің" әлі де толық емес жиынтығы осы.
Бұл проблеманыңекінші бөлігі кәсіпорындардағы менеджерлер корпусының мүлде төмен сапасы болып табылады.
Жағдайды оңалту үшін көп іс істелді, соның ішінде кей сәтте отаршылық әдістерін де қолдандық. Бірақбүл проблеманыңбасым проблемалар қатарындатүрғаны айқын.
Мемлекет басшысы ретінде мен бір нәрсені айтуғатиіспін. Шенеуніктердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін біз беле алатын уақыт өтіп кетті. Ендігі жерде өзге адамдардың есебінен жарылқаушы болуға, елдің дамуына нүқсан келтіруге болмайды. Осы зиянды әдеттердің қаулап өсу
әлеуетіне түбірінен балта шауып, Үкімет аппараты мен мемлекет қызмет реформаларын жеделдету қажет.
Ақыр соңында, бізге заңдарымыздың жартыкештігіне және тұрлаусыздығына көңіл бөлу қажет. Үйдің іргетасын қалау жеткіліксіз -оның қабаттары, қабырғалары мен шатыры болуы қажет. Мұныңөзі инвестициялық ауанды жақсартуға, кедейшілікгі азайтуға, қылмыс біткенді құртуға және әлеуметтік саланы дамытуға қатысты маңызды мәселе.
Мен теріс факторларды оң факторлармен қатар ұлттықстратегиямызды іске асыру үстінде өзіміз ұшырасуға тура келетін міндеттерді белгілеу үшін санамалап еттім. Мықты түстарымыз бен мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ әлсіз түстарымыз бен елімізге келер қатерді бөліп атай отырып, олардың уақыт кеңістігіндегі серпінділігін әрі диалектикалықтүрғыда өзара байланыстылығын назарда үстау қажет. Мүмкіндігіміз қатерге ұласуы да, керісінше болуы да мүмкін. Бүгінгі мықты түстарымыз әлсіз тұстарымызға айналуы және керісінше болуы да мүмкін.
Біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз - бұл біздің өзімізге, мақсаттар мен басымдықгарды дәл қоя білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты.
2.¥лттық Қауіпсіздік
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және түрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оңың ултының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің урпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болаша құрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекет тілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашакты бағамдаудың мұндай қисыны кез-кеген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңцестіре байсалды әрі барабар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Арал өңiрiнiң проблемалары
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңы
Банктік реформа және теңге жүйесі
Жастардың нашақорлығы әлеуметтік мәселе ретінде және оны шешу жолдары туралы
Пәндер