Қазақтың салт – дәстүрлері жайлы ақпарат
1. Қазақтың салт . дәстүрлері
2. Киіз үй
3. Қазақтың ұлттық тағамдары
4. Қазақтың ұлттық киімдері
5. Қазақтың ұлттық аспаптары
2. Киіз үй
3. Қазақтың ұлттық тағамдары
4. Қазақтың ұлттық киімдері
5. Қазақтың ұлттық аспаптары
Той малы (дәстүр). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.
Дәмету
«Дәметкен сары майдан кеудең құрсын» (халық өлеңі).
Дәметудің әр түрі бар Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек. Жас балалар мен келіндер ата енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дәмететтін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе оның меселін қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі ісіп кетеді. Бұл өмір шындығы. Ал үлкен кісілер, аналар, әжелер жас келіншегі бар үйге дәметіп қалар деп қашанда қалтасына дәм тұзын сала жүреді. Бұл әркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым.
Қалың мал
«Қалың мал» (дәстүр, кәде). «Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» деп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», « отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», « жиырма жеті», « он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады.

ЖОСПАР:
1. Қазақтың салт - дәстүрлері
2. Киіз үй
3. Қазақтың ұлттық тағамдары
4. Қазақтың ұлттық киімдері
5. Қазақтың ұлттық аспаптары
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Той малы
Той малы (дәстүр). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген той малы деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да той малының мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.
Дәмету
Дәметкен сары майдан кеудең құрсын (халық өлеңі).

Қалың мал (дәстүр, кәде). Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы қалың мал төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне бес жақсы деп аталатын бес түйеге қосып бір жетім қыз (күң), аяқ жақсы деп беретін үш түйеге қоса бір еркек жетім (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың қырық жеті, отыз жетінің бүтіні, отыз жеті, отыз жетінің жартысы, жақсылы отыз жеті, жиырма жеті, он жеті, домалақ қалың мал, домалақ бата сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде қызды малға сату деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы қалың мал мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты.
Әрине қалың мал құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда қалың мал байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының қалың малы бес жүз жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).
Күйеуаяқ
Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны күйеуаяқ дейді.
Түйемұрындық
Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.
Қыз қашар
Қыз қашар (дәстүр). Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді болыс үй дейтін көрінеді. (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін ұрын келу десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі қыз қашар дейді. Бұл ұрын тойы өтетін күні болады. Ұрын той жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын қол ұстатар, шаш сипатар, қыз құшақтар, арқа жатар, көрпе қимылдатар тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді.
Құйрық бауыр
Құйрық бауыр (салт). Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға құйрық бауыр арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы Құйрық бауыр салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әблмәжінұлының құдалығында құйрық бауыр ұсынғанда Қанапия қызы Орынбасар құдағи осы қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті.
Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады.
Балдыз қалың
Кейде қалыңдық қайтыс болатын жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса төлеген малдың жартысы қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын алатын болса, онда бұрынғының үстіне балдыз қалың төлеуге тиіс. Оған түйе бастатқан бір тоғыз қосылады. Күйеу бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса балдыз қалың төленбейді.
Күйеу киімі
Күйеу киімі (салт). Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба? деп бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде күйеу киімін киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын күйеу атымен күл тасы дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты.
Қынаменде
Қынаменде (дәстүр). Қынаменде, жар жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл? (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы қынаменде деп аталады. Шығыс халықтарында қынаменде кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен қынаменде жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.
Өңір салу
Өңір салу (дәстүр). Отқа шақырумен (кей жерлерде үй көрсету немесе есік ашар дейді) бірге болып жататын ендігі бір кәде өңір салу. Мұнда ылғи бәбішелер келеді. Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.
Келін түскен үй бұлардың күтеді. Келіннің қоржынындағы аспен бірге келген бұлдардан (мата деген сөз) алады. Бұл да өңір (Ахмет Жүнісұлы).
Өңір салу жас шаңыраққа көрсетілген құрмет және жәрдем десе де болады. Мұны соңғы кездерде үлкен адамдардың өзі естен шығарып бара жатқаны өкінішті ақ.
Шаңырақ көтеру
Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт дәстүрін жетік білетін белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: ... қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді. (А.Жүнісов фәниден бақиға дейін). Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен мән, ырым бар. Өйткені жасы үлкен күйеу қашанда елге сыйлы және тілектес адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы жолдан әлі айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкен кішісі, еркек әйелі онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде де осындай терең сыйластық бар.
Шаңырақ түйе
Шаңырақ түйе (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі, т.б.) мініп келе жатқан көлігі шаңырқа түйе деп аталады. Және ол келін үшін ыстық қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса оны көрген жұрт пәленше келіннің шаңырақ түйесіне мініп келді деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, шаңырақ түйе деген сөз осыдан шыққан.
Итаяғына салу
Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған итаяғына сал деп сақина,күміс, жүзік сияқты заттар береді. Итаяғына салу деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни шілде суына әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.
Қапқа салар
Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол жоралғыларымен яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый сияпатымен, той малымен келеді. Той басталды. Қыз өз үйінен аттанар алдында оның әкесі барлық құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес қапқа салар деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер тоқым, жігіт жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.
Сыңсу
Сыңсу (салт). Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп тарағандарының бірі сыңсу. Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанр алдында ағайын туғандарын аралайды. Былайша айтқанда қоштасады (Бірақ бұл дәстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жәй жүрмейді. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді
Үй көрсету
Үй көрсету (дәстүр). Жаңа түскен келінді туыс туған, көрші көлем, ілік жекжаттар үй көрсетуге (шығыс жақ отқа шақыру дейді яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде жорасымен барады. Мұны ілу дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне (үлкен, кіші деген мағынада) келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез құлқын, жүріс тұрысын яғни әдеп, тәртібін байқап сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр.
Қыз ұзату
Қыз ұзату (салт, той). Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз Қоштасу жырын, жастар Жар жар, Ау жар, Аушадияр айтылады
Сәукеле кигізу
Сәукеле кигізу (салт). Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар жар ау (жар жар). Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді.
Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле келіншек киімі. Ол бас киім ғана емес қазақ сән салтанатының, салт дәстүрінің мәдениеі мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. Алтынмен апталып, күміспен күптеліп дегендей, ол інжу маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып, түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре бес жүз байталға бағалаған.
Отау көтеру
Отау көтеру (салт). Көтерілген отауың құтты болып, ұзақ жасап ішінде сүйсін жарың (Қыз Жібек). Ұлтымыздың мәдениетінде отау көтердің деген сөз бар. Ол үйлендің, жұпты болдың деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосыла берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан оны барынша әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу аз шаруа емес. Оған көрші көлем, жақын туыс, нағашы жиендер тегіс араласады. Кесе аяқтан бастап үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, әрі міндетті іс. Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. Шаңырақты да бақанға ақ мата байлап, ел ағалары көтереді. Отқа май құйылады, босаға майлау жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған мол тағам жасалады. Кіргендер шашу шашып, құтты болсын, іші жанға,сырты малға толсын деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көірмдік әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды.
Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Ал жастар мен балалар қызықтап, осы отауды төңіректейді. Ауылдастар мен жанашырлар жас отау түтінінің түзу шығуын, жаңа үйленгендердің тұрмыс тіршілігін сырттай бақылап, келінге баға беріп отырады. Жас келін ерте тұрып өз үйінің ғана емес, жанындағы іргелес үйлердің де түндігін ашуы оның әдептілігі мен мәдениеттілігін білдіреді.
Атбайлар
Атбайлар (салт). Мұның да екі түрі бар.
Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын туытсра оған шашу шашып, керегесі кең болсын, босағасы берік болсын деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты атбайлар.
Атбайлардың екінші түрі кәде. Құда құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл атбайлар деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.
Есік ашар
Есік ашар (дәстүр). Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата енесінің үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш яғни есік аша келуі дейді. Демек бұл жауапкершілігі мол, бұрын ел жұрт көрмеген күйеуді сынайтын келіс. Күйеу бұл жолы да кәде жорасымен, әдет салтымен келеді. Әзілқой жеңгелердің сын мініне де шыдайды. Ретін тауып жауап та бере алады.
Ойын тойсыз, әзіл қалжыңсыз отырмайтын қазақ ауылы үшін күйеудің есік аша келуі де көңілді мерекеден кем болмайды. Мұнда да үлкен кіші бір жасап қалады.
Жасау
Жасау(салт). Көрсін деп жиылған жұрт тамашасын, жасауын таудай қылып үйгізді енді! (Наурызбай Қаншайым). Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік жасау деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді! деген. Небір жақсы бұйым, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс аяқ, төсек орын, киім кешек, әсем әшекейлі тағымдар қыздарға берілетін болған. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
Жігіт түйе
Жігіт түйе (дәстүр). Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне сүт ақы сыйын ұсынса, атасына жігіт түйе деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе (жігіт түйе деген сөз осыдан шыққан), жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер тұрман әкеледі. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.
Өлі тірі
"Өлі тірі" (дәтүр). Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп өлі тірі яғни кәделі мал жылқы жіберіледі. Өлі тірі деген өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызы жол жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. Өлі тірі өткен соң өлген күеу жатпайды деп бұдан кейін күйеу қалыңдығына ұрын баруына жол ашылады.
Жолдық
Жолдық (дәстүр). Қайным, жолдығымды ұмытпа, толымды болсын, деді жеңгесі Қаным күле сөйлеп (ел аузынан). Алғашқы неке түні жігіт пен жас келінді жеке бөлмеге кіргізіп өздеріне төсек салып алаңсыз, жайлы жатуына жағдай жасайтын әйел әдетте жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға бақыт тілеумен бірге, әзіл қалжыңын араластыра жүріп, алғашқы төсек ләззатының жөн жосығын, әдет ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің пәктігіне де осы жеңге куәлік береді. Мұндай сәт әдепті, үлгілі, үлкен кіші бірдей сыйлайтын, бала шағалы келіндерге ғана тапсырылады. Бұл күн жұптық, некелік өмірдің ұмытылмас сәттерінің бірі. Сондықтан бұл түнді көңілді әрі жайлы өткізудің орны мүлде бөлек. Бұл күтіп, қайнысының жылы төсектен тұрған сәтін күтіп тұрып, ерініңді жібіттім, қойыныңды жылыттым, енді жолдығымды бер деп назданады. Жөн білетін қайнысы жеңгесі риза болатындай жолдығын беріп, ерлі зайыптының алғашқы таңын күліп қарсы алады.
Жолдықтың жолы бөлек. Сондықтан оған аталатын кәде де толымды әрі бағалы болады.
Беташар
Беташар(дәстүр). Уә әлеумет! Енді беташар тыңдайық!. Жаңа түскен келінді беташар дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі беташар жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда Беташар жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар көрімдік береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Анау мынау демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз,
деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл қалжыңдарын араластыра көрімдік сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарқ қылады. Беташар тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі. Осы заманғы үлгісі деп Қазақстан Республикасының халық ақыны Қонысбай Әбілевтің Торғай жерінде Жасұлан мен Ұлбосынның үйлену тойындағы беташарын беріп отырмыз.
Жарысқазан
Жарысқазан (ырым). Әйелдер босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл желпі тамақ істеп оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып жарысады. Халық ұғымы бойынша туатын бала жарысқазанға қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.
Жар жар
Жар жар (ғұрып). Ұзатылған қыз тойында қыз жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындқтан Жар жар қызықты болып естіледі.
Келін түсіру
Келін түсіру (салт). Біздің халқымыз үшін де дүниедегі қызық пен қуаныштың ең бастысы осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта тойдың болғанынан боладысы қызық деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, боладысы да қызық.
Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың қыз келіншектері жас келіннің алдынан шығып, ешкімге көрсетпей шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду, дырду, ойын сауық басталады. Шымылдық жиналған сәтте салтанатпен Беташар басталады.
Ауыз тию
Ауыз тию (дәстүр, ырым). -Қымыз әкел, ас ауыз тигіз мыналарға! (М.Әуезов). Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол Қара шаңырақтың киесі қолдасын деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастархан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса күйеуің тастап кетеді, еркек болса әйелің тастап кетеді деп әзіл айтады. Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа деген мәтел бар.
Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі.
Аяғына жығылу (дәстүр). Мұның да екі түрі бар.
1. Кейде бірін-бірі ұнатқан жігіт пен қыз ата-ананың келісімне қарамастан (әсіресе қазіргі кезде) бас қосады. Мұндайда қызды қашып кетті дейді. Қыздың әке-шешесі ренжіп, кейде қатты ашуға басады, көрместей болады. Осы кезде жігіт жағынан жігіт әкесі бас болып елшілер келіп, құдаларының аяғына жығылады, яғни кешірім өтінеді, бітім сұрайды. Оның аяғы татулыққа ұласады.
2. Аяғына жығылудың басқа ұғымды білдіретін екінші түрі де бар. Аяғына жығыл деймісің? (М.Әуезов). Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі аяғына жығылу болып табылады. Мұнда айыпты адам жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті үйіне барып кешірім сұрайды. Егер іс қиындап кетсе, айыпкер қарсы адамның алдына жығылып, аяғын құшып, жылап кешірім сұрауы керек. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш дегендей мұндай да кешірім етіледі. Аяғына жығылу да жазамен бірдей болып есептеледі.
Байлау
Байлау (салт). Бері кел, байлан мынаны! (Ғ.Мүсірепов). Қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін салттарының бірі - байлау. Соғып алған аңды кездескен кісіге сыйлау, олжаны, тауып алған дүниені (затты) жанындағы адамға ұсыну ежелден қалыптасқан ұлттық әдет. Бұл салтты бұзу адамгершілік әдебінен аттау ретінде жазаға тартылады, сөгіс жарияланады немесе ел алдында бетке басылады.
Дегенмен мұндай жағдайда аңшы адамның алғашқы олжасы болса, ол байлануға жатпайды, керісінше оған құтты болсын айтады.
Бал басы
Бал басы (ғұрып). Бұрын ел ішінде болашақты, адам өмірін болжайтын көріпкелдер, әулие-әмбие, балшы, емші, құмалақшылар, жауырыншылар көп болған. Әр адам оалрға келіп бал аштырады. Олар жоғалған малды, затты, алыстан келетін жолаушыларды, реніш-қуаныштарды болжап айтатын болған және олардың көпшілігі шындыққа айналған. Бал аштырушы кітап ашып, құмалақ салушыларға өтінішпен келгендер көріпкелдерге еңбегі үшін төлем беруі қажет. Оны сыпайылап бал басы деп атайды. Бал басының нақты бағасы, немесе өлшемі болмайды. Әркім қолда барын береді. Кедей, нашар адамдарға көріпкелдер құдай үшін, яғни тегін бал аша берген. Бұл үшін олар батаға да риза болған. Кейбір адамдар тіпті ештеңе де алмаған.
Егер бал ашушы белгілі мөлшерде ақша, мал сұраса, халық ондай кісілерге бармаған, құрмет көрсетпеген және сенбеген.
Бармағын жалау
Бармағын жалау (ғұрып). Ықыласыңызға қарай келдік, бармағыңызды жалай келдік. (Мірдің оғы). Құрметті адамды біреу қонаққа шақырғанда оның жанына 1-2 жігіт шақырылмаса да ере барып, үй иесіне Біз пәленшекеңнің бармағын жалауға келдік - дейді. Мұның қазақ ғұрпында еш ерсілігі жоқ, керісінше шақырылған қонақтың құрметін көтере түсу болады. Мұндайда келген жігіттерге үй иесі де риза болып қалады. Кейде үй иесі өзінен кіші адамдарға біздің үйге пәленше келеді, сендер соның бармағын жалаңдар дейді. Бұл арнаулы шақыру болса да өзінен кішілермен сыйласудың, құрметтеудің белгісі. Ұлт дәстүрінде адаммен сыйласудың, қатынастың мұндай жолдары көп.
Ақ құйып шығару.
Халқымызда: Үйге кірген жыланға да ақ құйып шыға-рады деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанын-да алдынан ақ шашады, үй-ге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құ-йып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жаман-дық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.
Ат тергеу.
Ол - адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайынсіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: Мырза қайнаға, бай атам, би аға, тентегім, еркежан, шебер шешей, ақ әже, сырғалым, шашбаулым. Жеңгелері қайны-ларына әзілдеп, бойлары тапал болса сұңғақтым, жайбасар болса жүйрігім деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтей-ді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды Ант атқан деп жек көріп, Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда? - деп, кінәласады.
Араша түсу.
Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру - араша түсу деп аталады. Бұрындары мұн-дай жанжалда ауылдың, ел-дің абыройлы абызы Араша! Араша! деп айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен.
Арыздасу.
Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, өмірден өтіп ба-ра жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-көлем, дос-жарандарымен соңғы рет тілдесіп, хош айтысады. Мұны арыздасу деп атайды. Арыздасуда бақи-лық болғалы жатқан пенде біліп, білмей жасаған қателік, күнә, кінәлары үшін жи-налғандардан, олар одан кешірім сұрайды.
Асар жасау.
Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз ба-су, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы - үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрме-тін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, кө-мегіне ақы алмайды.
Асату.
Оны С.Мұқанов өзі-нің Халық мұрасы деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бас-тағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүре-тін-ді.
Ат тұлдау.
Ер адам қай-тыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қон-сын деп балаларын ауна- тып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жері- не келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орын-дыққа ұлын аунатып алған көрінеді.
Ауыз тию.
Алыс сапара- ға аттанарда сол адам ауы-лындағы немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол Осы қара шаңырақтың кие-сі қолдайды деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда дастарқан үстіне келген адам ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, таңғы астан ау- ыз тимеуге болмайды. Ас- тан ауыз тию - үй иелерінің қонаққа, қонақтың дастар-қандағы асқа деген ыстық ықыласының бір белгісі болып саналады.
Аузына түкірту.
Бұл - қазақтардың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындар-ға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ға- на жасалады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен ту-ған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.
Аяғына жығылу.
Кешірім сұраудың ең үлкен, кішірею- дің ең ауыр түрі - осы ғұ-рып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. Аяғына жығылу - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.
Байғазы беру.
Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап кел- ген адамдар туған-туысқан-дарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақ- ты сыйлықтар әкеліп бере- ді. Мұны базарлық деп атайды. Ол жақсы көргеннің, сый-лағанның белгісі.
Бастаңғы жасау.
Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-сауық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әр түрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.
Бәсіре атау.
Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны бәсіре деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратыла- ды. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.
Босаға майлау.
Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.
Ен салу.
Малдың құлағын тіліп, немесе оны ойып белгі - ен салады. Ол малын та- бу, жоғалып, басқа малдармен араласып кетсе тану үшін жасалады. Енді әр құлақтың алды-артына алмастыра салу арқылы мынандай түрлерін жасайды: тілік ен, бұрыш ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа ен, тесік ен, кесік ен, т.б. Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін енді өз күндерін өздері көре алады деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шыға-рады. Сонда малынан - мал, мүлкінен - мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың ма-лы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-анасынан қалған мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен қызығын өзінің ғана көруі - тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетін-ше күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында Інім маған, балаларыма қараспайды деп күңкілдемеуге тиіс. Кейбір ата-ана балаларының еншібасын алдын-ала бөліп, атап қояды.
Ерулік беру.
Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-ту- ыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге ерулік деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтен- сімей, өз ортасына тарта білген.
Жол беру.
Қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғызады. Аң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz