Фома Аквинский



Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Фома Аквинскийдің өмірбаяны.
ІІІ. Фома Аквинскидің философиясының пайда болуының әлеуметтік және идеологияның алғы шарттары.
• Теология және ғылым.
ІV. Болмыстың метафизикалық теориясы.
• Мән(маңыз) және тіршілік .
• Материя және форма (түр).
V. Құдай болмысының « дәлелдері» .
VI. Таным теориясы
• Сезімталдың танымы.
• Интелеклуальды(ойшыл) таным.
• Ақиқат теориясы.
• Ақиқат критериі.
VII. Этика.
• Жауыздық қастық проблемасы. Теодиция.
• Адамның еркі және құдай шапағаты
VIII. Хұқтық және саяси доктрина.
• Мемлекет қызметі (функциясы) және шығу тегі.
• Хұқ және оның түрлері .

IX. Қорытынды
Фома Аквинский (ежелгі филосов)

I. Кіріспе.

Орта ғасыр V ғасырдан қайта өрлеу дәуіріне дейінгі Рим империясының ыдырауынан Европа тарихында ұзақ бөлікті қамтиды. (ХІV – ХV). Осы кезеңде жинақталған философия өзінің қалыптасуында екі бағытта дамыды.
Біріншісі - ежелгі грек философиясы, ең алдымен Платон не Аристотель дәстүрінде. Екіншісі – осы философияны христиан арнасына салған қасиетті жазу. Орта ғасырдағы көптеген философиялық жүйелердің идеалистік бағытта болуы негізгі христиандық догмалармен ұсынылды, олардың ішінде негізгі мағынаға ие болғандар жеке формадағы құдай – жаратушы догмасы және «түк те еместен» әлемді жасаған құдай догмасы. Мемлекеттік өкіметтің қолдауымен бұндай қатаң діни үстемшілік жағдайда философия «дінінің қызметшісі» болып хабарланып, барлық философиялық сұрақтар теоцентризм, креационизм, провиденциализм бағытында шешіліп отырды.
Теоциетризм – (грек fheos - құдай) әлем туралы бұндай түсінікте барлық тіршіліктің көзі және себепшісі құдай. Ол әлем орталығы белсенді және оның басын жасаушы.
Теоцентризм принципі - танымдылыққа таратылған, бұнда теология білім системасының ең жоғарғы сатысында орналасқан, онан төмен теологияда қызмет ететін философия, онан да төменірек – түрлі жеке және қолданбалы ғылымдар.
Креационизм – (латын creation – жаратушы, құрушы) бұл принципке сәйкес құдай шіріптің келіп кететін, өткінші үнемі өзгерісте болатын тірі және өлі табиғатты түк те емес жасады.
Провиденциализм – (латын providenfia – құдірет, құдіретті күші) көзқарастар жүйесі бүкіл әлемдік оқиғаларға сәйкес, соның ішінде тарихты және жеке адамдардың мінез – құлқын құдайы құдірет билейді (құдіретті күш – діни көзқараста: Құдай, ең жоғары тіршілік, не оның іс - әрекеті).
Орта ғасырлық философияда минимум ретінде екі кезеңдік қалыптасуды көрсетуде болады – патристика және схоластика, олардың арасында дәл шекараны ажырату өте қиын.
Патристика – «мешіт әкесі» теолого – философиялық көзқарасының жиынтығы, антик (көне грек) философиясы және ең алдымен Платон идеяларына сүйене отырып христиандықты орнатуға кірісті.
Патристикада үш кезең ерекшеленеді: 1) апологетика, (ІІ – ІІІ ғасыр) христиандық көзқарасты қорғауда және безендіруде басты роль атқарады;
2) классикалық патристика (IV – V ғасыр) христиандық оқуды жүйелеу;
3) қорытынды кезең (VI – VIII ғасыр) догманы тұрақтандыру.
Схоластика – философиямен шұғылдану түрі, онда адамның ақыл, ес әдістері арқылы қабылданған сенімге деген идеялар мен формулаларды дәлелдеу.
Схоластика өзінің дамуында орта ғасырда үш кезеңнен өтті: 1) ерте формасы, түрі (ХІ – ХІІ ғасыр) 2) кемелденген түрі (ХІІ – ХІІІ ғасыр)
3) кешеуілдеген схоластика (ХІІІ – ХІV ғасыр)
Орта ғасырлық философияда реалистер мен номиналистер арасындағы айтысқа жетелеген рух пен материя арасындағы өткір (талас) айтыс болды. Талас табиғаттың жан – жақтылығы туралы болды, яғни табиғат туралы жалпы ұғым, жалпы ұғым екінші бола ала ма, яғни ойлау қызметінің жемісі не болмаса алғашқы реалдық (шындық) болып беріліп, өз бетімен қолданылады.
Номинализм материалистік бағыттың бастамасы ретінде қолданылады. Заттар мен табиғат құбылыстарының обьективті өмір сүруі туралы номиналистік ілім рухтың біріншілігі материяның екіншілігі жөніндегі шіркеулік догманың беделін түсіруге, қасиетті жазу мен шіркеудің беделінің әлсіруіне әкеліп соқтырды.
Реалистер кейбір табиғаттағы заттарға байланысты жалпы мәліметтердің бірінші және реалды (шын) қолданылып, өз бетінше болатындығын көрсетті. Олар жалпы ұғымға кейбір заттарға және адамға бағынбайтын жеке өмір сүруді жатқызды. Олардың түсінігінше табиғат заттары жалпы ұғымның көріну формаларын ғана көрсете алды.
Орта ғасырлық табиғаттың нақтылығы жөніндегі талас логика мен гносеологияның әрі қарай дамуына мағыналы үлес қосты, әсіресе жаңа кезеңнің ірі философтары Гоббс, Локк, Спиноза, Беркли және Юм ілімдеріне.
Ортағасырлық философия гносеологияның әрі қарай дамуы жаратылыс ғылымдары мен философиялық білімдердің негізін қалау үшін маңызды үлес қосты.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әлемдік философия антологиясы. Т1
2. Боргош Ю. “Фома Аквинский.
3. Соколов В.В. Ертедегі және ортағасырдағы шетел философиясының тарихы.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе.
II. Фома Аквинскийдің өмірбаяны.
ІІІ. Фома Аквинскидің философиясының пайда болуының әлеуметтік және
идеологияның алғы шарттары.
• Теология және ғылым.
ІV. Болмыстың метафизикалық теориясы.
• Мән(маңыз) және тіршілік .
• Материя және форма (түр).
V. Құдай болмысының дәлелдері .
VI. Таным теориясы
• Сезімталдың танымы.
• Интелеклуальды(ойшыл) таным.
• Ақиқат теориясы.
• Ақиқат критериі.
VII. Этика.
• Жауыздық қастық проблемасы. Теодиция.
• Адамның еркі және құдай шапағаты
VIII. Хұқтық және саяси доктрина.
• Мемлекет қызметі (функциясы) және шығу тегі.
• Хұқ және оның түрлері .
IX. Қорытынды

Фома Аквинский (ежелгі филосов)

I. Кіріспе.

Орта ғасыр V ғасырдан қайта өрлеу дәуіріне дейінгі Рим империясының
ыдырауынан Европа тарихында ұзақ бөлікті қамтиды. (ХІV – ХV). Осы кезеңде
жинақталған философия өзінің қалыптасуында екі бағытта дамыды.
Біріншісі - ежелгі грек философиясы, ең алдымен Платон не Аристотель
дәстүрінде. Екіншісі – осы философияны христиан арнасына салған қасиетті
жазу. Орта ғасырдағы көптеген философиялық жүйелердің идеалистік бағытта
болуы негізгі христиандық догмалармен ұсынылды, олардың ішінде негізгі
мағынаға ие болғандар жеке формадағы құдай – жаратушы догмасы және түк
те еместен әлемді жасаған құдай догмасы. Мемлекеттік өкіметтің қолдауымен
бұндай қатаң діни үстемшілік жағдайда философия дінінің қызметшісі
болып хабарланып, барлық философиялық сұрақтар теоцентризм, креационизм,
провиденциализм бағытында шешіліп отырды.
Теоциетризм – (грек fheos - құдай) әлем туралы бұндай түсінікте
барлық тіршіліктің көзі және себепшісі құдай. Ол әлем орталығы белсенді
және оның басын жасаушы.
Теоцентризм принципі - танымдылыққа таратылған, бұнда теология
білім системасының ең жоғарғы сатысында орналасқан, онан төмен теологияда
қызмет ететін философия, онан да төменірек – түрлі жеке және қолданбалы
ғылымдар.
Креационизм – (латын creation – жаратушы, құрушы) бұл принципке
сәйкес құдай шіріптің келіп кететін, өткінші үнемі өзгерісте болатын тірі
және өлі табиғатты түк те емес жасады.
Провиденциализм – (латын providenfia – құдірет, құдіретті күші)
көзқарастар жүйесі бүкіл әлемдік оқиғаларға сәйкес, соның ішінде тарихты
және жеке адамдардың мінез – құлқын құдайы құдірет билейді (құдіретті күш
– діни көзқараста: Құдай, ең жоғары тіршілік, не оның іс - әрекеті).
Орта ғасырлық философияда минимум ретінде екі кезеңдік қалыптасуды
көрсетуде болады – патристика және схоластика, олардың арасында дәл
шекараны ажырату өте қиын.
Патристика – мешіт әкесі теолого – философиялық көзқарасының
жиынтығы, антик (көне грек) философиясы және ең алдымен Платон идеяларына
сүйене отырып христиандықты орнатуға кірісті.
Патристикада үш кезең ерекшеленеді: 1) апологетика, (ІІ – ІІІ
ғасыр) христиандық көзқарасты қорғауда және безендіруде басты роль
атқарады;
2) классикалық патристика (IV – V ғасыр) христиандық оқуды жүйелеу;
3) қорытынды кезең (VI – VIII ғасыр) догманы тұрақтандыру.
Схоластика – философиямен шұғылдану түрі, онда адамның ақыл, ес
әдістері арқылы қабылданған сенімге деген идеялар мен формулаларды
дәлелдеу.
Схоластика өзінің дамуында орта ғасырда үш кезеңнен өтті: 1) ерте
формасы, түрі (ХІ – ХІІ ғасыр) 2) кемелденген түрі (ХІІ – ХІІІ ғасыр)
3) кешеуілдеген схоластика (ХІІІ – ХІV ғасыр)
Орта ғасырлық философияда реалистер мен номиналистер арасындағы
айтысқа жетелеген рух пен материя арасындағы өткір (талас) айтыс болды.
Талас табиғаттың жан – жақтылығы туралы болды, яғни табиғат туралы жалпы
ұғым, жалпы ұғым екінші бола ала ма, яғни ойлау қызметінің жемісі не
болмаса алғашқы реалдық (шындық) болып беріліп, өз бетімен қолданылады.
Номинализм материалистік бағыттың бастамасы ретінде қолданылады.
Заттар мен табиғат құбылыстарының обьективті өмір сүруі туралы номиналистік
ілім рухтың біріншілігі материяның екіншілігі жөніндегі шіркеулік догманың
беделін түсіруге, қасиетті жазу мен шіркеудің беделінің әлсіруіне әкеліп
соқтырды.
Реалистер кейбір табиғаттағы заттарға байланысты жалпы
мәліметтердің бірінші және реалды (шын) қолданылып, өз бетінше
болатындығын көрсетті. Олар жалпы ұғымға кейбір заттарға және адамға
бағынбайтын жеке өмір сүруді жатқызды. Олардың түсінігінше табиғат заттары
жалпы ұғымның көріну формаларын ғана көрсете алды.
Орта ғасырлық табиғаттың нақтылығы жөніндегі талас логика мен
гносеологияның әрі қарай дамуына мағыналы үлес қосты, әсіресе жаңа кезеңнің
ірі философтары Гоббс, Локк, Спиноза, Беркли және Юм ілімдеріне.
Ортағасырлық философия гносеологияның әрі қарай дамуы жаратылыс ғылымдары
мен философиялық білімдердің негізін қалау үшін маңызды үлес қосты.

ІІ. Фома Аквинскийдің өмірбаяны.

Ф. Аквинский батыс европадағы ортағасырлық ең көрнекті, ықпалды
философ – схоластик .
Оның Отаны Италия. Ол Неаполитан корольдығындағы Аквиноға жақын
Роколлека қорғанында 1225 жылдың аяғында, не 1226 жылдың басында дүниеге
келген. Әкесі, граф Ландольф Аквинодағы көрнекті итальян феодалы болды.
Шешесі Теодора бай неаполитан тұқымынан шыққан.
Оны 5 жасқа келгенде Монто Кассинодағы бенедиктикттар монастырына
оқуға берді, мұнда ол латын тілінде тамаша білім алып, классикалық
мектептен өтіп 9 жылын өткізеді. 1239 жылы монахтың сыртқы киімін тастап
туған үйіне оралады. Осы жылдың күзінде Неапольға бағыт алады, бұнда
Мартинмен Петр Ирланскидің жетекшілігімен университетте білім алады.
1244 жылы Фома жанұясының түпкілікті қарсылығына қарамастан Монто
Кассинада аббат лауазымынан бас тартып, домикасцтер орденіне шешім
қабылдайды. Монахша шаш қидырған, ол бірнеше айын Неаполь монастырында
өткізеді. Мұнда оны сол кезде католиктік ойдың орталығы болып табылатын
Париж университетіне жіберу ұйғарылды. Ол Парижге барар жолда салт
аттылармен - өз ағалармен ұсталынып, сақтандыру мақсатында әкесінің
қорғанына қайтарылып мұнараға қамалды. Онда 1 жылдам астам болды. Алға
қарай жанұясы ешқандай құрал тәсілсіз қабылданған шешімнен бас тартуға
мәжбүр етуге жұмыстанады.
Бірақ оның иілмейтінін көргеннен кейін 1245 жылы жанұясы онымен келісіп, ол
Парижге аттанды.
Париж университетінде болған кездерінде (1245-1248) ол өз мұғалімі
Альберт Больштедтің (кейіннен Ұлы Альберт атанған) лекцияларын тыңдады. Ол
оған орасан зор ықпал етті. Альбертпен Фома Кельм университетінде бірге 4
жылын бірге өткізді. Пікірталастарға сирек қатынасып, сабақта белсенділік
көрсетпеген Фоманы әріптестері сақау Бұқа деп атап кетті. 1252 жылы Париж
университіне қайта оралып, теология мен лиценциата магистрі дәрежесін алу
үшін қажетті барлық сатылардан өтеді. Онан кейін 1259 жылға дейін Парижде
теологиядан дәріс береді. Осында оның бірнеше теологиялық еңбектері,
қасиетті кітапқа түсінік жарық көреді және ол “Философиялық құндылық”
жұмысын бастайды.
1259 ж. папа Урбан ІV Римге шақырады, ол осыдан 1268 жылға дейін
осында болады. Фоманың папа сарайында болуы кездейсоқтық емес еді. Рим
куриясы одан шіркеу үшін басты еңбек жазатын, яғни католицизм рухымен
аристотетилизмге түсінік бере алатын нағыз адамды көрді. Бұнда Фома Парижде
бастаған “ Философиялық құндылығын ” (1259-1269) жазды, өз өміріндегі ең
басты еңбегі “ Теологиялық құндылықты ” жазуға кірісті.
1269 жылдың күзінде Рим куриясының нұсқауымен Фома Парижге аттанып,
онда латын аверроистарына және оның басшысы Сигера Брабантскийге қарсы қиян
– кескін күрес жүргізеді, сол сияқты бұрынғыша августинизмнің принциптерін
ұстанғысы келетін консервативті католиктік теологтармен сөзбен қағысады.
Бұл айтыста (таласта) ол өз позициясында болып, Августианцтарға т. б қарсы
шығып, консерватизм және келеңсіз жаңа идеяларды кінәлады. Аверроистердің
философиялық көзқарастары, қорғау- Аквинскидің бүкіл өмірінің мәні болған,
христиан – католиктік сенімнің негізін бұзды.
1272 жылы Фома Италияға қайтарылды. Неапольда теологиядан дәріс бере
жүріп, Теологияның құндылық жұмысын жалғастырады. Оны 1273 жылы бітіреді.
Фома – бірнеше шығарманың авторы, сонымен қатар Аристотиль т. б философтар
шығармаларына түсінік беруші.
Екі жыл өткеннен кейін Аквинский Лионда Х соборда Григорий папаның
шақыруына қатынасу үшін Неапольдан кетеді. Жолда қатты ауырып Фоссануовта
бернардинцтер монастырында 1274 жылдың 7 наурызда дүние салады.
Өлгеннен кейін оған ангел доктор титулы берілді. 1323 жылы
папа Иоанна ХХІІ- нің понтификат кезінде Фома қасиеттілер қатарына
енгізіліп, ол 1567 жылы бесінші шіркеу мұғалімі болып танылды.

ІІІ. Фома Аквинскидің философиясының пайда болуының әлеуметтік және
идеологияның алғы шарттары.

ХІІІ ғасыр – бұл жүзжылдыққа тән – жәй, бірақ феодализм саясында оның
ыдырауының үздіксіз өсуі, жаңа капиталистік қоғамның пайда болуы.
Батыс Европа елдерінде тауарлы – ақша шаруашылығының дамуы
экономиканы анағұрлым жандандырады. Өндірістік қатынастардағы өзгерістер
идеологиялық құрлымға белгілі бір қайта құрулар жасады. Осының салдарынан
ХІІ ғасырдың соңында ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысында феодалдық қалалар
өздерінің ойлаған және мәдинетті атмосфера құруға тырысады. Қалалық
буржуазия қала мектептерін дамытуға, университеттер ашуға жұмыстанады.
Бұл өмірдің оянуы және ғылыми танымның кеңейтілуі туралы
философиялық көрініс аристотелизммен қабылданды. Аристотель философиясында
экономикалық- қоғамдық саяси өмірде қолдануға жататын практикалық
ұсыныстарды ғана іздеуге тырысқан жоқ. Бұл философия сол кездегі ғалымдарға
бұрынғы интелектуалды жағдайдың августинизмнің сәйкес еместігін мойындатуға
түрткі болды. Себебі платон дәстүрлеріне сүйенген августинизм жаратылыс
ғалымдардың зерттеулеріне қарсы болды. Августин материалды дүниені тану
ешқандай пайда әкелмейді, адам бақытын көбейтпейді, керісінше ең маңызды,
мәнді заттарды бақылауға арналған қажетті уақытты алады. Августин
философиясының девизі: Құдай мен жанды түсінгім келеді, басқа ештеңе?
Мүлде ештеңе!.
Әрине, бұндай түсініктегі философияның жаңа рухтағы ағымдарға
шабыттандырушы бола алмайды. Ойлы сұрақтар жаңа философияны талап етті. Дәл
осындай болған аристотелизм, ол материалистік бағытта болса да шіркеулік
доктринаға ашық қарсы болды. Біркелкі Аристотельдің реализм материализм мен
идеализмді келістіруге арналған қадам болды. Аверрон қалыпты аристотельдік
реализмді талдай келіп, жекелеген заттар құдайдың жаратуы, ол құдайшыл
ойдың жанама өнімі, ал бұл құдайшыл құдіреттің әлемге оның жер әлеміне
ықпалын теріске шығарумен теңбе тең деп тұжырымдады. Сонымен,
аристотилизм шіркеулік философияға қауір төндірді және католицизмнің
негізгі догмаларын жоюға әкелді. Олай болса шіркеудің аристотель
доктриналарын таратуға белсенді қарсы шығуы, оның еңбектерін оқуға
тиым салуы таң қаларлық жағдай емес.
Бірақ Аристотельге қызығушылық азайған жоқ. Рим куриясы
Аристотель еңбектерін оқуға шартты түрде мүмкіндік берді. Егер олар
ізденушілікке бағытталып және әртүрлі қателіктерден таратылған болса; яғни
барлық материалистік элементтерден айырылған болса, Аристотелизмді шіркеу
қажеттілігіне бейімдеу мақсатын доминиканц орденіндегі ғалымдарға сеніп
тапсыру шешілді.
Папаның бастауымен интелектуалды (ойшыл) топтардың жаратылыс ғылымы
проблемалары мүддесіне қарсы идеологиялық күресі өте жақсы ойлап табылған.
Бұл компания ұзақ жылдар дайындалды және шіркеу доктринасы қажеттілігіне
бейімделген белгілі бір өз жемісін берді.
Міне, осы аристотелизмнің христиандығына Фома Аквинский өз
өмірінің ең үлкен бөлігін арнады. Осыған доминиканцтер орденіне Фома
Аквинскийде жетті.
Теология және ғылым.
Батыс Европа елдерінде ХІІ ғасырдың соңында, XIII ғасырда дами
бастаған ойшылдар қозғалысы, оның философиялық рухтандырушысы болған
Аристотель ілімі ғылымның теологиядан, ойдың сенімнен бөлініп шығуына
әкелді . Бұл көзқарас шіркеу мүдделеріне ашық қарама- қайшылық еді, сол
себепті осы теология мен ғылымға қатысты сұрақты шешудің әдістерін
іздестіру қажет болды. Бұл оңай іс емес еді, білімге толық жек көрінішті
насихаттау әдісін жасақтау туралы сөз болды, сонымен қатар, ақыл үстінен
сенімге басымдылық танытуда догма ашушыларға ұтымды ой қоса білді. Бұл
мақсатты ғылымның аристотельдік концепциясына католиктік талдау жасауға
сүйене отырып Фома жүзеге асырды. Сондықтан философияның католиктік
тарихшылары Фоманың ғылымды теологияға бағынбайтын салаға айналдырғанына
сенімді болды.
Осыған байланысты теология жоғарғы даналық болып табылды , соңғы
обьект- құдай әлемнің басты себебіндей басқа білімдерге бағынбайтын
даналық, Фома ғылымды теологиядан бөлектемейді. Негізінен Аквинскийдің
ғылым консефциясы ғылымды теология ықпалынан босатуға бағытталған ұтымды
тенденцияларға идеологиялық қарсылық болып табылады. Фома бұнымен тоқтай
алмайтын еді, теологияға бұл қажет емес еді. Бұндай көзқарас теологияның
басымдылығын және оның басқа ғылымдарға бағынбайтынын дәлелдеді, бірақ ол
сол уақыттың негізі болып рим куриясы алдында тұрған теологияны дамып келе
жатқан ғылыми ағымдарға бағындыру қажеттілігі, соның ішінде жаратылыс
ғылымдары ағындарына бағындыру мақсатын шеше алмады. Сөз ғылымның дербес
еместігі, оны теологияның қызметшісіне айналдыру жөнінде болды, адамның
теориялық және практикалық қызметі теологиядан шығып, онымен байланысты
болатыны көрсетілді.
Осы талаптарға сәйкес Аквинский теология мен ғылымға байланысты
мешіттің басты бағытын анықтайтын келесі теориялық принциптерді жасады:
1) Философия мен жеке ғылымдар теологияға қатысты қызмет функцияларын
орындайды. Бұл принцптің көрінісі ретінде Фоманың белгілі ережесі, теология
басқа жоғары ғылымдардың соңынан ермейді, бірақ оларға қызметші сияқты
бағынуға мүдделі. Оның ойынша, оларды пайдалану теологияның
жетіспеушілігінің, не әлсіздігінің куәсі емес, керісінше адамның ақылының
өте кедейлігінен. Ұтымды білім сенімнің белгілі догматтарының түсінігін
жеңілдетеді, әлемдік басты себепті, яғни құдайды тануға жақындатады.
2) Теология ақиқаттарының дерегі ашу болып табылады, ғылым ақиқаттары-сезім
тәжірибесі және ақыл. Ақиқатты алу әдісі көзқарасына байланысты Фома
білімді екі түрге бөлуге болады деп сендіреді: ақылдың табиғилығымен
ашылған білім, мысалы арифметика, өзінің негізін ашылудан алған білімдер.
3)Теология мен ғылым үшін жалпыланған кейбір объект салалары бар. Фоманың
есебінше бір проблема түрлі ғылымдарды зерттеуге арналған тақырып бола
алады. Ақылдың көмегімен дәлелденбейтін анықталған ақиқаттарда бар, және
сол себепті олар теологияның ерекше сферасына жатады. Бұл ақиқаттарға Фома
сенімнің келесі догматтарын жатқызды: қайта өрлету догматы, тариотты іске
асыру, қасиетті үштік, уақытта әлемнің пайда болуы т.б.
4) Ғылым салалары сенім догматына қарсы тұра алмайды. Ғылым теологияға
қызмет ету керек, оның принциптерінің әділ екеніне адамдардың көзін
жеткізуі керек. Құдайды тануға ұмтылу шынайы даналық. Ал білім- бұл тек
қана теологияның қызметшісі. Философия физикаға сүйене отырып, құдайдың
бар екенін дәлелдеуге тиісті, палеонталогияның мақсаты тұрмыс(болмыс)
кітабын т.б. бекіту.
Осыған байланысты Аквинский былай деп жазады: ” Жан туралы ойлау үшін
дене туралы ойлаймын, ал ол туралы ойлауым жекеленген субстанциялар туралы
ойлау үшін қажет, ол туралы ойлауым құдайды ойлау үшін.”
Егер ұтымды білімдер бұл мақсатты шешпесе, онда олардың пайдасыз
болғаны және олардан қауіпті ойлар туындайды. Дауласу кезінде түрлі ұтымды
дәлелдерді ақиқаттығы және құндылығымен жеңе білетін ашу ақиқаты критериін
шешуші болып табылады.
Сонымен Фома ғылымды теологиядан бөлмеді, керсінше еш қалдықсыз оны
теологияға бағындырды.
Аквинат шіркеу мен феодальдық таптардың мүддесін қорғай отырып,
ғылымға болмашы ғана роль берді. Фома өз кезіндегі ғылыми өмірдің толықтай
берекетін кетірді.
Қайта құру кезеңінде және онан да кештеу кезеңде ғылымның теологиялық
концепциясы Фомамен жасақталған ғылыми прогресстің докринальды және
идеологиялық тежегіші болып табылады.

ІV. Болмыстың метафизикалық теориясы.

Ф.Аквинский философиясы оның шәкірттерінікі сияқты реализм емес
объективті идеализм болып табылады. Идеализм объектілерінің тартылыс
алаңында заттар мен құбылыстар – тек ғана жан білінуін дәлелдейтін,
спиритуализм түрлі реңдері орналасқан.
Бірінші не деген сұраққа, томизм, бірінші рух – құдай, ал материя –
бұл оның жаратуы және екінші болып табылады деп жауап берді. Аквинский
философиясы тек ғана жан емес, сол сияқты таза рухтардың түгел иерархиясы,
не періштелердің бар екендігін мойындады.
Томизм объективті шындықты жоққа шығармай субъектіге мойынсынбайтын
материалды дүниенің барлығын мақұлдады, сол сияқты бірінші болатын
материалды емес дүниені де таныды.
Аквинкий философиясының идеологиялық характері тым анық не болмаса ол
екі мағынасыз креационизм идеясы- әлемнің жоқтан пайда болуынан шығады.
1.Мән(маңыз) және тіршілік .
Фоманың пайдалануынша мән мен тіршіліктен тұратын жекеленген заттар
не субстанциялар ғана шынайы тіршілік етеді. Оның ойынша мән мен тіршілік
арасындағы айырмашылық біздің есіміздегі ойлау ғана емес, дәлелді, шынайы
өмір сүретін зат. Оның дәлелдеуінше заттарға мән тән, бұның болу себебі,
дүниедегі барлық тіршілік құдайдың жаратуымен және оған бағынышты. Адам мен
жануар өз мәніне сай емес, ал құдайдың жаратуына сай тіршілік етеді.
Аквинскийдің пайымдауынша, заттардың матариялдық дүниесі табиғаттың өз
күшімен емес, жаратушыға бағынған кездейсоқтың және ол тіршілік етпеуі
керек. Оған қарама-қарсы құдай –болмыс абсолюттік қажеттілік, ол сөзсіз
болуы қажет, не болмаса ол оның табиғатында бар.

2.Материя және форма (түр).

Материя мен форманың категориясын Фома аристотель метафизикасынан
алады. Субстанцияда 2 компанентке ажырата отырып-материя және форма,
Аристотель жаратылыс ғылымында процестерді қортындылау мен классификациалау
үшін философиялық негіз құруға ұмтылды, жалпыламаның жекелікке қатысты және
керсінше проблемасын шешуге де ұмтылады.
Ф.Аквинский талдауында материя мен формадан тұратын жекеленген заттар
ғана шынайы өмір сүреді. Материя жекелеу негізін көрсетеді, формадан
айырылған материя, пассивті (енжар) онсыз тіршілік етпейді. Форма активті
(белсенді) элементі.
Аристотель жекеленген заттардың тіршілігін мойындады, өз системасы
негізінде материалистік және идеалистік эламенттерді біріктірді.
Аквинский платон дәстүрі негізінде қаланған, не ашу ақиқатымен, не
сол кезеңдегі шіркеу философиясымен келістіруге болмайтын аристотелизмді
материалистік элементтерден тазалады. Солай бола тұрса да Фома талдау
формасы Аристотельге қарағанда, басқаша мағына алады. Соңғы түсінік бойынша
белгілі бір түрдегі барлық заттарға тән жалпы тіршілік сипатының жиынтығы
болды.
Шындығында Аквинат ойынша жалпы, немесе форма жекеленген заттарда
болады, бірақ бұнымен ол тоқтаған жоқ. Ол субстанцияда форманың 3 түрін
көрсетті немесе жан-жақтылығы.
1) Оның мәні сапасын беретін, заттардағы жан-жақтылық (универсалия).
2) Адам ақылында болатын жан-жақтылық, бұл түрде ол шынайы тек ақылда
болады, ал заттарда тек өзінің негізі ғана бар. Бұл жан-жақтылықты
(универсалия) Фома рефлексивті деп атайды.
3) Универсалия- құдайшыл ақылдағы затқа бағынбау.
Жаратушының ақылындағы жан- жақтылық- бұл өзгермейтін, тұрақты,
мәңгі формалар немесе заттар негізі .
Градациялық форманы енгізе отырып, Фома табиғат әлемінде ғана
емес, барлық тәртіпке философиялық түсінік береді. Бір затты екінші
заттан ажырату критериінде олардың табиғи ерекшеліктері емес, айырмашылық
олардың формасында, яғни құдай сияқты, заттардың қатысында.
Аквинский де материя мәңгілік емес, жоқтан құдаймен жаратылған,
сондықтан- екінші мүмкіндік оған табиғаттан берілмеген, оған жаратушымен
салынған және тек соның арқасында өмір сүреді.
Дамып келе жатқан буржуазия жердің құндылығын бағалаған кезеңде
опасыз өмірдің шақыруын жек көру шіркеу мүддесінде болмады. Бұнда негізгі
ой бір жағынан әлемнің жаратушыға сөзсіз бағынышты екенін дәлелдеу,
екіншіден табиғи жоғары мақсаттардың шынайы, жер үстіндегі мақсаттар
арқылы жүзеге асатынын көрсету. Сондықтан Аквинский жаратылыс себептері
арқасында құдай әлемді билейді деген түсінік енгізді.
Аристотелдің метафизикалық барлық категорияларына Фома олардың
жаратылыс ғылыми сипатынан айыра отырып, теологиялық мазмұн енгізеді.
Аквинский этика тану, құқ және саяси оқу, табиғи теология проблемаларын
қарайды, олардың өзегі дәлелденген болмыс, құдай болып табылады.

V. Құдай болмысының дәлелдері .

Ф. Аквинский ашылу ақиқатын екі түрге бөледі: ақылға келетін
ақиқаттар, таным мүмкіндігі шегінен шығып кеткен ақиқаттар. Жаратылыс
теологиясының негізгі проблемасы болып, құдай болмысының томистикалық
дәлелдерді табылады.
Аквинскийдің болжамы бойынша, жаратушының тіршілігін екі әдіспен
дәлелдеуге болады: себеп арқылы , бақылау арқылы.
Бұл схоластикалық терминологияны қазіргі заманғы тілге аудара отырып,
былай айтуға болады, бірінші жағдайда априорлық дәлелдеу туралы айтса, яғни
себептен бақылауға, ал екіншісі- апостериорлық, яғни бақылаудан себепке.
Аквинат құдай болмысының 5 “дәлелді жолдарын” келтіреді.
1. Қазіргі заманда кинетикалық дәлел атанған қозғалыс дәлелі,
заттардың қозғалыста болатынынан, барлық қозғалыстар бір нәрсе арқылы
болатынын, не болмаса қозғалыстың материяның формаға қосылысынан шығады.
Егерде бір нәрсені қозғалысқа әкелетін, болмыс өзі қозғалыста болатын
болса, онда ол басқа нәрсе арқылы, ал бұл басқа нәрсе үшінші нәрсе арқылы
қозғалысқа келеді. Бірақ итергіштер шексіз болмайды, не бұндай жағдайда
бірінші, екінші, келесі қозғалыстар да “итергіш” болмаса, онда тіптен
қозғалыс та болмаушы еді. Сондықтан Фома мынадай шешімге келеді, біз
ештеңемен қозғалмайтын және барлығын қозғайтын қозғалыстың бірінші себебін
анықтауымыз қажет. Бұндай себеп болатын таза форма таза акт, әлем шегінде
тұрған құдай.
2. Шығару себебі дәлелдері айтады: діннің бастамасын бірінші
себептерден, яғни құдайдан алатын материалдық әлемде себептердің
өзіндік тәртібі бар. Фоманың ойынша ештеңенің егерде бұрын болмаса
жеке шығарушы себеп болуы мүмкін емес.
Егер шығару тобында абсолютті бірінші себепті мойындамайтын
болсақ, онда ортаңғы және соңғы себептер және керісінше себеп іздеуде
шексіздікке кететін болсақ, онда бірінші шығу себебін таппаймыз.
Сондықтан, деп жазады Аквинский: “теологиялық жинақта” барлығы
құдай атайтын алғашқы шығу себебін міндетті түрде жатқызу қажет.
3. Қажеттілік пен кездейсоқтық дәлелдемесі, табиғатта және қоғамда
жойылып және туындап немесе тіршілк етіп, не тіршілігін жоятын
жекеленген заттардың болуынан шығады. Өзгеше айтқанда, бұл заттар
қажетті болып табылмайды, олай болса кездейсоқ сипат алады. Фоманың
пікірінше бұндай заттардың үнемі болуын, не уақытша болуын шынайы
көрсету мүмкін емес. Бұдан, егер кез – келген зат тіршілік етпесе, онда
олар табиғатта болған емес, ал олай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фома Аквинский іліміндегі құдай идеясын негіздеу
Фома Аквинский мен Марсилий Падуанскийдiң мемлекет және құқық туралы iлiмi
Фома Аквинский жайлы
Схоластика, догматизм, формализм терминдері
Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным. Ойлаудың логикалық нормаларын зерттеу
Ортағасыр философиясы
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде)
Орта ғасырдағы христиан философиясы
Ежелгі Египет, Вавилония, Қытай
Фома Аквинский философиясы
Пәндер