Бөкей ордасы тарихы



1. Бөкей ордасы
2. Саясат жайғасы
3. Экономикасы
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).
Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.
1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады.
1815 жылдың мамырыдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады.
1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымдың 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бөкей ордасы
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен
Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000
шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен,
Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және
Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._
ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының
құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін
Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды.
1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз
қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке
карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың
ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).
Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін
коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін
біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп
қарастырды.
1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және
Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі
Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан
сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер Хан тоғайы
деп аталады.
1815 жылдың мамырыдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір
жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы
отырады.
1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж.
маусымдың 22 Хан тоғайында ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.
Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым
елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді
тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан
сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық
үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша
әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін
бастаған бой көтеруі болды.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835
ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел
ішінде оны Хан мешіті деп атаған.

1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді.
Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал
ауруларына қарсы екпе, тәжірибе — зерттеу жұмыстары қолға алынады.
1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта — телеграф
байланысы орнатылады.

1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық
жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер
енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір
Бөкейұлы қайтыс болады.

Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған
Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа
Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі Шыңғысхан деп өзгертілді.
1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару
құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес құрылады. Сол кездегі
болған ірі Исатай-Махамбет, Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей
империясы Бөкей Ордасын аннексияландырады.
Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және
жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, Орда
қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды.

1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын,
Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы
округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады.
1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О.
Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары, сондай-
ақ Ресейдің басылымдары болған.
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын
реттейтін әрі сақтайтын орын Казначейство мекемесі 1867 ж. ашылып, банк
қызметін атқарады.
1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы
обоз жасақталады.
1870 ж. Ресейден ауарайын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық
станция жұмыс жасайды.
1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет
тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман
шаруашылығы мекемесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөкей ордасының тарихи сипаттамалары
Жәңгір ханның игілікті істері
Жәңгір ханның саяси ұстанымы
Бөкей ордасының қазақтары
БӨКЕЙ ОРДАСЫ ТАРИХИ - МУЗЕЙЛІК КЕШЕНІ
Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты
Жәңгір ханның саясатын ашып көрсету
Қазақтың тұңғыш білімді ханы-Жәңгір
XIX ғасырдың басында Хиуа ханы
Бөкей хан өзінің баласы
Пәндер