Қазақстанның саяси партияларының президенттiк сайлауға қатысы бар ма?


Қазақстанның саяси партияларының президенттiк сайлауға қатысы бар ма?
Предстоящие выборы - это не борьба политических партий, а, скорее, борьба личностей. На Востоке говорят, «каждый народ достоин того правителя, которого выбрал сам». Совершенно очевидно, что на этих выборах победит Нурсултан Назарбаев, но причем здесь партии, в частности, «Отан» и иже с ними? Нам сейчас нужны не эрзацпартии, созданные на авторитете одного человека, а Личности, именно Личности с большой буквы. Ведь ни для кого не секрет, что именно поэтому ряд политический партий счел сообразным поддержать на предстоящих выборах кандидатуру Назарбаева, и не выдвигать своих . . .
Қазақстан парламентi халықтың құлағын бiраз шулатып барып, ақырында президенттiк сайлаудың уақытын атады. Талай саясаткерге азық болған бұл тақырып, көпшiлiктiң болжағанындай биыл, яғни 2005 жылы желтоқсан айында өтетiн болып шешiлдi. Әрине, бұл мәселеде Конституциямыздың келiспей қалған екi бабына шұқшия қалу емес, айналып келгенде, өмiрдiң өзi қойып отырған тиянақты логикаға сүйену негiзге алынғаны өте дұрыс болды. Сұрақтың осылай шешiлетiнiн саясаткер ғана емес, қарапайым етiкшi де бiлген болатын…
Осыны сезiп-бiлiп отырған барлық саяси күштер болашақ саяси ойынға - анау-мынау емес, «президенттiк сайлауға» - дайындығын әлдеқашан бастап кеткенi анық. Осының алдында ғана болып өткен парламенттiк сайлауда өз күштерi мен мүмкiншiлiктерiн «ақтық байқаудан» өткiзiп алған олар, ендi «осы сайлауға сақадай сай отырмыз» деп жариялауын үдете түстi. Ал шындығында солай ма? Бiздiң ойымызша олай емес. Себебi, егер күнделiктi және апталық баспасөздi мұқият қадағалап отырсаңыз, онда бұл саяси ойынның көлеңкесiнен талай қайшылықты көрер едiңiз. Олар қандай қайшылықтар, ендi соған тоқталып өтсек.
Бiрiншiден, барлық саяси партиялардың «айқай-шуын» таразы басына салсақ, онда оның бәрi жиылып Қазақстанның қазiргi және бiрiншi Президентiнiң халық арасындағы, әрi халықаралық деңгейдегi беделiн басып кете алмауында жатыр. Тiптен, билiк партиясы саналатын «Отандықтардың» да «Назарбаевты Президенттiкке бiз ұсынып жатырмыз» деуге толық моралдiк құқылары жоқ. Әрине, Президент саяси ереженi ұстана отырып, өзi төрағасы болып отырған партияға өзiн ұсынуға ерiк бердi. Бiрақ, ондай болмаған жағдайдың өзiнде, халық тарапынан стихиялы қозғалыс туып, ол президеттiкке кандидат етiп Н. Назарбаевты бәрiбiр ұсынар едi. Өйткенi, оның соңғы жылда жүргiзген әлеуметтiк оңды саясатын халық партиялардың ықпалы деп емес, Президенттiң жеке басының ықпалы деп ұғынды . . .
Қазiргi Қазақстанда көппартиялық саяси жүйе қалыптасты деп айтуға толық болады. Олай деуге заңдылық негiз де бар. Бiрақ, көппартиялықтың «атына заты сәйкес келмей тұрғаны» айдын анық. Олай дейтiнiмiз, демократияға сүйенген билiк, басқа да әлеуметтiк топтар, жеке тұлғалар, олигархтар мен «өз қолдары аузына жетiп қалған» бизнес өкiлдерi және басқалар шешушi кезеңдерде саяси партиялар қызметiн қолданбай қала алмайды. Олай болса, партияларға салмақ салу қандай да бiр партияның «қоғам дамуының ең дұрыс көзiн таба бiлiп, соны жүзеге асыруында» емес, өз мүддесiн қорғауға ұмтылған сыртқы күштердiң тапсырысында жатыр. Бiздегi саяси партиялар сол тапсырысты мүлтiксiз орындап шығуға ұмтылушылар деңгейiнде әрекет етуден жазбай келедi. Бұған олар өткiзетiн бiрлi-жарым акциялардың билiк тарапынан тиянақты қолдау тауып жатпағаны нақты дәлел бола алады. Ал Президент пен оның командасының соңғы «әлеуметтiк бетбұрысына» партиялардан бұрын, БАҚ арқылы өз талаптарын қойып жатқан халықтың ықпалы басымырақ десек еш қателеспеймiз. Халық өздерiнiң ойлы-зиялы өкiлдерi арқылы билiкке сөзiн өткiзе алатындай деңгейге жетiп қалды. Оның үстiне, хал-ахуалы жақсарған сайын, қоғам азаматтарының өз құқықтарын қорғау қабылетi де үздiксiз арту үстiнде. Демек, жағдай осылай қалыптасатын болса, онда болашақты билiк пен халық арасындағы «делдалдарға» (партияларға) деген сұраныс та азая түсетiн болады. Олардың ролiн тәуелсiз БАҚтар мен үкiметтiк емес ұйымдардың алмастыру үлесi ұлғая бермек. Мысалы, Президенттiң тiкелей қолдауымен құрылған «адам құқығын қорғау» және т. с. с. комитеттер осы күннiң өзiнде ондаған партияларыңды алмастыра алатын құзырға ие. Сонда қазiргi, бағдарламасын бiр-бiрiнен көшiрiп алған, кез-келген қайырымдылық қоры жасап жатқан тiрлiктi саяси акция деңгейiне көтерiп жүрген партиялар уақыт тезiне төзiп, көшiне iлесе алмас деген күмән күшейе беретiн шығар деп ойлаудан басқа лажың қалмайды екен.
Мысалы, қазiргi таңда «Отан» партиясы үшiн ең басты сұрақ коррупция мәселесi болуы тиiс. Себебi, бұл партия билiктiң бар тұтқасын қамтып, көп жағдайда соның ықпалымен санын көбейтiп отырған партия екенiн жасырмай-ақ қойсақ болады. Ал, қазiргi таңда шағын кәсiпкерлiктi қарқынды дамыту туралы Президенттiң талабына бiрден-бiр қолбайлау болып отырған да, сол әкiмшiлiк емес пе? Басқаша айтсақ, көбiнде «Отан» партиясының мүшелерi ғой. Елiмiздегi бюрократтанған коррупцияның желi сол жақтан соғады дейдi, оны бiлетiндер. Ендеше, партия Президенттi қолдап қана отырған жоқ, керiсiнше, оның беделiне зор нұқсан келтiруде деп те айтуға болады!. . Ал қазiр, еңсесiн көтерiп қалған жұрттың санасы артты. Сондықтан да олар отаншыл Президент пен «Отандық» Президентiң кiм екенiн ажырата алады, және де Нұрсұлтан Назарбаевтың бойында шын мәнiнде алғашқы қасиет басым екендiгiне шексiз сенедi.
Бiздiң елiмiздiң даму стратегиясы Президенттiң тәуелсiздiктiң арай таңы атқан кездегi бағдармен, сатылы түрде дамып келедi. Президент ол бағдарламаны жасау кезiнде әлемдiк деңгейдегi тұлғаларды: экономистер мен заңгерлердi, қоғамтанушылар мен саясаткерлердi кеңiнен тартқаны бәрiмiзге мәлiм. Әрине, кейбiр қадамдардың сәтсiз эксперимент ретiнде қалғанын да бiлемiз. Мысалы ауыл шаруашылығындағы жекешелендiрудiң асығыс жүргiзiлгендiгiн қазiр бәрiмiз мойындап отырмыз. Бiрақ соған қарамастан, бiздiң ел қиыншылық тезiнен алғашқылардың бiрi боп шығып келедi. Ең бастысы, мемлекеттi құрудағы бағыттың дұрыс болғандығын уақыт та дәлелдей түсуде. Естерiңiзде болса «бiзде бiр ғана даму векторы бар, ол халықтың жақсы жағдайын қамтамасыз ету» деген көршiлер де болған-ды. Қазiр ше? Кеше ғана теледидардан сол елдердiң мыңдаған заңсыз жұмысшылары Қазақстаннан шығарылғанын, оларды жұмысқа алған басшыларға айыппұл салынып жатқанын көрiп жатырмыз. Осыдан-ақ қай вектордың қай жаққа бұрылып кеткенiн байқауға болатын шығар…
Мұны айтудағы мақсатымыз - бiреулердi бастан кешiп жатқан қиыншылығымен табалау емес. Өз жетiстiгiмiзге шамадан тыс масайрау да емес. Оның себебi, ешқандай партиялар пайда болмаған кезде-ақ бiздiң Президентiмiз көрегендiк танытып, маңайына терең ойлы әлемдiк интеллектуалдарды топтастырып, бүкiләлемдiк тәжiрибенi стратегиялық басшылыққа ала ағанында болып отыр емес пе?! Бұл - мәселенiң бiр жағы ғана. Ең қиыны: сол жобаларды туған топыраққа сiңiру, ғасыр бойына қалыптасқан ұлт менталитетiн өзгерту, сонымен қатар тарихымыз бен салт-дәстүрлерiмiздi жаңғырту, жаһандану заманына көзi ашық, оған дайын ұлт боп келу және тағысын тағы сияқты шараларды «қаламаса ханын да басынан сипай қоймайтын» халықпен бiрге жасап шыққаны емес пе! Сондықтан, қазiргi азды-көптi жетiстiгiмiздiң иесi халық болғанымен де, оның басында Президент тұрғанын жасырудың еш қажетi жоқ.
Қалай дегенмен, қазір, халық үшiн қиыншылық атаулы артта қалып келедi. Ал болашақ Президент үшiн нағыз қиындықтың ұшпағы ендi келе жатыр десек - қателеспеймiз. Өйткенi, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарған сайын, оның билiкке қояр талабы да еселене түспек. Ол талапқа жан-жақты тәжiрибе жинақтаған тұлға сай келетiнiне академиктен бастап, қарапайым жұмысшыға дейiнгiлердiң түйсiгi жетiп отыр. Ал адамды көп жағдайда түйсiгi алдаған емес…
Қорыта келгенде айтарымыз: бұл сайлау партиялар мен оппозициялық топтар, немесе бұрынғыдай таптар арасындағы тартыс болмайын деп тұр. Бұл сайлау - тұлғалар арасындағы, адамның адамгершiлiк келбетi арасындағы тартыс, тартыс емес таңдау болайын деп тұр. Шығыс ғұламаларының бірі, «әрбiр халық өзi таңдап алған көшбасшысына татиды» деген екен, сол рас сөз бе деймiн. Ал қазiр, менiң шамалауымша жетпіс-сексен пайызбен Назарбаев сөзсiз жеңiске жетедi. Ал партиялар ше? Партиялар бұл жерден пайда iздемей-ақ қойсын. Қазiр бiзге бiр адамның беделiн асыруға, болмаса оның қажетiн өтеуге құрылған эрзацпартиялар емес, Тұлғалар керек! Соны сезген көп партиялардың өз кандидатурасын ұсынбай, қазiргi Президентiмiздi ашық қолдауға көшкенi бекерден-бекер емес шығар деп ойлауға толық құқығым бар сияқты…
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап) . Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап) . Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.
Көп партиялылық - плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы өткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша көп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен көруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы жағдайлармен байланысты.
Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс ІV съезінде сөйлеген сөзінде Президент Н. Ә. Назарбаев «… Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады» [1], - деп ашық айтуы бекер емес.
Қазақстанда азаматтардың партиялар мен қоғамдық ұйымдар арқылы саясатқа қатысу еркіндігі де біркелкі бірдей деуге болмайды. Мысалы, азаматтар үшін «Нұр Отанның» беделі жоғары. Ал «Әділет», «Азат», «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият», «Патриоттар», 2 компартия; Қоғамдық қозғалыс ұйымдарының мүшелері: «Тәуелсіздікті қорғау» (М. Шаханов), «Рух пен тіл» (Н. Мамай), «Ұлт тағдыры» (Д. Көшім) және т. б; жастар ұйымдары (бірнеше ондаған) «Қаһар», «Айбын» және т. б. имидждері туралы олай деу қиын. Сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулеріміздің нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. «Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба?» - деген сұраққа «ия» деп жауап бергендер 30-40 пайыздың төңірегінде.
Саясатқа еркін араласудың алғы шарттарының тағы бірі - саяси, құқықтық факторлар. Міне солар демократиялық тәртіпті қоғамда демократиялық саяси мәдениет басымдығын, билік құрылымдарын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуі саяси басқарушылық шешімдерді қабылдап, жүзеге асыру қажет. Саяси салада да қарама-қайшылықтар аз емес. Мысалы, демократиялық даму жолындағы саяси-ұйымдастырушылық шаралар (сайлау жүйесінің өзгеруі т. б. ) мен қоғамда басым болып отырған саяси мәдениет деңгейінің төмендегі арасындағы қарама-қайшылық және т. б.
Саяси салғырттықтың көбісі халықтың әлеуметтік жағдайларындағы қиыншылықтарға байланысты екені анықталып отыр.
Әдетте, саяси партиялардың ықпалында болатындар бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, олардан кейін бюджет саласындағы қызметкерлер. Бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялардың құрамы көбінесе дәл осы екі топ өкілдерінен тұратыны белгілі, бірақ олар ерікті негізде ме әлде міндеттеу, қысымшылық негізде ме? - деген тағы бір үлкен мәселе бар. Ал жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер арасындағы саяси партиялар қызметіне деген қызығушылық өте төмен тіптен жоқтың қасы. Саясатқа тартылатындарды аймақтық белгілері мен әр түрлі ұлт өкілдері ретінде қарастыратын болсақ, Солтүстік, Шығыс, Орталық аймақтарда өкілдерінің 36, 5%-ы партия бағдарламаларымен таныстығы әртүрлі болып келеді. Солтүстік және Шығыс аймақ өкілдері Оңтүстік және Батыс аймақ өкілдерімен салыстырғанда саяси партия бағдарламаларымен көбірек таныс. Ал партиялар мүшелерінің ұлттық белгілері де сондай екені белгілі болып отыр.
Саяси партиялар мен қозғалыстар өз іс әрекеттерінде жалпы ұлттық, мемлекеттік мүдделерді ескеруі негізінде ғана түрлі этникалық топтардың жарасымын нығайтуға тиісті үлес қоса алады. Осы ретте көп партиялық жүйе туралы екі түрлі пікір барын нәрсе деуге де, тек қана жағымсыз, жаман болмайтын сияқты. Әрине, партиялық жүйе түптеп келгенде қоғамның тепе-теңдік жағдайына жетуге жәрдемдеседі, яғни азаматтардың өз пікірлері мен талпыныстарын білдіруге, олардың саяси өмірге араласуына, сөйтіп саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалмен сиысып жұмыс істеуіне, өмір сүруіне жәрдемдеседі. Сонымен қатар көп партиялық өтпелі кезеңде, әсіресе дағдарыстар етек алған жағдайда, қоғамның әлеуметтік және этникалық топтары арасында алауыздыққа, қоғам мүшелерінің партиягершілдік жолға түсіп, өзара араздасуына итермелеуі ықтимал. Мысалы, Қазақстанда «Алаш» қозғалысы «Қазақстан қазақтар үшін» деген ұран тастаса, Ресейде Либерал-демократиялық партия өз лидерлері В. В. Жириновскийдің басшылығымен бұрынғы империялық саясатқа қайта оралуға шақырғаны мәлім. Ал, мұның өзі мемлекет пен мемлекет арасында, ұлттар арасында сенімсіздік пиғылдардың тууына апаруы да мүмкін. Осының бәрін саяси жүйе басшылығында отырған элита ескереді. Сөйтіп қандай бір партия немесе саяси қозғалыс болмасын қоғамның саяси жүйесінен өз бағасын, өз орнын алады. Ол ең алдымен электоратқа байланысты. Сайлаушылар қай партияны, қай қозғалысты жақтап дауыс беруіне қарай олардың қоғамда алатын орны анықталады [3] .
Елімізде азаматтардың саясатқа қатысу еркіндіктерін кеңейту және жетілдіру мақсатында мына ұсыныстарды атап кеткен орынды: Партиялардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіншілігін арттыру. Яғни, олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы талаптарын жеңілдету; Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің еркіндік сипатын күшейту, азаматтарға психологиялық әсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардан тең дәрежеде жүргізуін қамтамасыз ету; Парламентте көппартиялылықты қамтамасыз ету мақсатында партиялар үшін сайлау кедергісін қысқарту ( 7% -дан 5%-ға дейін) .
Қазақстан азаматтарының саяси қатысуының еркіндігі келесі факторларға байланысты: біріншіден, демократиялық саяси қатысу мен әлеуметтік топтардың саяси шешімдерді қалыптастыру мен қабылдау үрдісіне ықпал етудегі тәжірибесінің аздығы. Екіншіден, еліміздегі модернизациялау үрдісі мен оның қоғамға ықпалына байланысты. Ол саяси мінез-құлық еркіндігін таңдауға әсер етуде.
Азаматтардың саяси өмірге еркінірек қатысудың тағы бір жолы халықтық бақылау органдарына мүше болу арқылы жүзеге асырылады. Халықтық бақылау ұйымдары тұтас жүйе ретінде мемлекеттік ұйымдардан және қоғамдық ұйымдар мен топтардан құрылады.
Азаматтардың саяси құқықтары мен міндеттерінің заң жүзінде бекітілуі маңызды. Азаматтардың саяси құқықтарымен қатар азаматтық және әлеуметтік құқықтары да қамтылуы қажет. Азаматтық, немесе жеке құқық - бұл адамға жаратылысынан берілетін құқықтар, оның дербестігін және ерекшелігін көрсетеді. Олардың қатарына өмір сүру құқы, жеке тұлға бостандығы мен тәуелсіздігін жатқызамыз.
Саяси құқық азаматтардың мемлекет пен қоғам істерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сөз, баспасөз, ұждан еркіндігі, ақпарат алу құқы, өз пікірлестерімен біріге алу құқы, мемлекеттің өкілетті органдарына сайлау мен сайлану еркіндігі т. б. жатады.
Қазіргі кезде нарықтық саясат пен қатынастардың мемлекет ұсынған моделінің болашағы туралы пікір-таластары жүруде. Егер бұрын саяси жүйеде тар шеңбердегі партиялық саясат үстемдік етсе, қазір қоғам дамуынан одан да шектелген номенклатуралық, этнократиялық және криминалды топтар ықпал етуге тырысуда. Содан да болар, С. Хангельдин «Саяси тәуелсіздік бар ма бізде? Ол да күмәнді. Біз өзіміздің әр қадамымызды теріскейдегі көршіміздің ыңғайына қарай реттейміз. Бұл бұлжымас дағдыға айналды» [5], - дейді. Оның бұл пікірі, біздіңше, тым ұшқары. Дегенмен, біздіңше, саяси күштердің қайта топтасу кезеңінде превентивті түрде бақыланатын саясат керек.
Ол үшін:
1. Қоғамның саяси жүйесіне, сондай-ақ азаматтардың еркіндігіне түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық күштердің залалды ықпал да болмай тұрмайды. Егер елдің саяси жүйесі тарапынан оны болдырмаудың алдын алу жоспары болмаса, яғни бұл іс өз бетімен жіберілсе, онда ол түбінде бір айтарлықтай әлеуметтік бүліншіліктерге әкелмей тұрып, факторларды зерттеп, тиісінше оң ықпал жасау, превентивті саясат жүргізу саяси жүйенің ерекше міндеттерінің бірі болып табылады.
2. Саяси жүйе қоғамның тепе-теңдік, тұрақтылық, орнықтылық белгілерінің нашарлау көріністерін дер кезінде байқап, оларды қалпына келтіруге және нығайтуға бағытталған шаралар белгілеуі тиіс. Ол үшін саяси әлеуметтік және этникалық топтар, жалпы халық бұқарасы арасында өзіне тірек болатын негіздерді (экономикалық, саяси және әлеуметтік) кеңейтіп, нығайтып отырады.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту» тұжырымдамасы бекітілді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси сферадағы түбірлі реформалардың арқасында қоғамдық бірлестіктер құрылып, олар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға бағытталып әрекет ете бастады.
Зерттеулер қорытындысы бойынша саясатқа қатысатын азаматтарды, партия және қоғамдық қозғалыс мүшелерін үш топқа бөлуге болады: Саясатпен еркін және белсенді араласатындар. Олар әр деңгейде өздерінің қолдарынан келгенше іс-әрекет жасап отырады (25%) ; Саясатты түсінуге ынталы. Бірақ әлі еркін іс-әрекетке бара қоймағандар (57%) ; Саясатта не болып жатқанын түсіну мүмкін емес дейтіндер, саясатқа араласудан өзін аулақ ұстайтындар (18%) .
Бұдан көріп отырғанымыздай, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігінің саяси еркіндігі жоғары (82%) . Селқос қарайтындары - 18%.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz