Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары



1. «Криминология заты, әдістері және жүйесі»
2. «Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары»
3. «ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫ»
4. «НАҚТЫ ҚЫЛМЫС СЕБЕПТЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ»
Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.
Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.
Тіпті, «қылмыстылық» өзінің құрамына әралуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.
Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның «дербестігі» өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.
Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық – жалпы¬әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар жекелеген қылмыстар белгілібір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.
Қылмыстылықтың дербестігі оны құрайтын жекелген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ оның қоғамға кауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Куз¬нецованың «қоғамға қауптілік» белгісінің «қылмыстылық» ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік – осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік «қосындысына» қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек; әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты қылмыстылық та әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.
. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңы // Егемен Қазақстан. 1998. 3-шілде.
2. Аликперов Х. Д., Расулов Р. И. Понятие и причины латентной преступности. – Баку. 1989.
3. Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. – М., 1987.
4. Бабаев М. М. Социальные последствия преступности. – М., 1982.
5. Бышевский Ю. В. Использование показателей, характеризующих преступность в деятельности органов внутренних дел. – Омск, 1983.
6. Каиржанов Е. И. Криминология ( Общая часть ). – Алматы, 1995.
7. Кларк Р. Преступность в США. – М., 1975.
8. Ковалкин А. А. Латентная преступность и ее выявление ОВД. – Киев, 1985.
9. Криминология / Под ред. В. А. Коробейникова және бас алар – М.,1988.
10. Криминология / Под ред. В. Н. Кудрявцева және В. Е. Эминова. – 1995.
11. Криминология и профилактика преступлений / Под ред. А. И. Алексеева. – М., 1989.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
Контактік дәрістер.


Тақырыптар
Жалпы сағат
Барлығы
1.
Криминология заты, әдістері және жүйесі
4
4
2.
Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары
2
2
3.
ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫ
2
2
4.
НАҚТЫ ҚЫЛМЫС СЕБЕПТЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
2
2
Барлығы: 10

Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары
1. Қылмыстылық ұғымы және негізігі белгілері

Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.
Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.
Тіпті, қылмыстылық өзінің құрамына әралуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.
Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның дербестігі өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.
Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық - жалпы - әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар жекелеген қылмыстар белгілібір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.
Қылмыстылықтың дербестігі оны құрайтын жекелген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ оның қоғамға кауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Куз - нецованың қоғамға қауптілік белгісінің қылмыстылық ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік - осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік қосындысына қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек; әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты қылмыстылық та әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада, бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді және оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.
Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа сапасы жағынан әрқилы құбылыс деп қарау жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге болмайды, өйткені мұндай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы байланыстарды үзіп оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі теорияға айналдырға итермелейді.
Қылмыстылықтың мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтығы арқылы ғана танып-білуге де болмайды. -кономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда, қылмыссыз қылмыстылық болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б. Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев).
Қылымыстылық - бұл өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір кезеңде жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі; қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сиаптталатын барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Қылмыстылықтың келесідей тектік белгілерін бөліп көрсетуге болады: тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың болуы, әлеуметтік-құқытық табиғаты.
Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заңда осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалайда қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.
Қылмыстылық -- нақты-тарихи құбылыс. Ол адамзат қоғамы дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған, оның тууы жеке меншіктің, қоғамды тапқа бөлудің тууымен және мемлекеттік биліктің пайда болуымен және қоғамдық қатынастардың жетілдірілуімен байланысты.
Қылмыстылық анықтамасында көрсетілген жалғыз-ақ тектік белгі -- ол мемлекетте (аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстылықтың мәнді белгісі -- оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы белгі ғана қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсіз құбылыстардың жиынтығы екендігін көрсете алады.
Криминология ғылымы кейбір ғалымдардың құқықтық және морал,дық нормаларға қайшы келетін қылмыстылық ұғымына көрінген қылық-әрекеттерді тықпалайтын тұжырымдарын жоққа шығарады.
Көрініп тұрғанындай, қылмыстылық ұғымы мұқият зерттеу мен зерделі көзқарасты талап етеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы құқықтық реформасының Мемлекеттік бағдарламасында осы құбылыстың анықтамасын қазіргі жағдайға лайықтап белгілеу қажеттігі де айтылған.

2. Қылмыстылықтың сандық және сапалық сипаттамасы
Қылмыстылықтың сандық және сапалық қасиетермен сипатталады. Қылмыстылықтың сандық көрсеткіштері деңгейі мен қозғалысы (динамикасы) болып табылса, сапалығы - оның құрылымы болып табылады. Бұл көрсеткіштер бір-біріне байланысты әрі бір біріне бағынышты. Осылардың біреуі өзгерсе жалпы қылмыстылықты тұтастай өзгеріске ұшыратады.
Қылмыстылықтың бәріне бірдей сипаттама - олардың жай-күйі.
Қылмыстылықтың жай-күйі - бұл белгілі бір аумақта, белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың сандық көрсеткіші.
Қылмыстылықтың нақты жай-күйі көп жағдайда мәлім бола бермейді, өйткені қылмастардың біраз бөлігі көбінесе тіркелмей қалады. Қылмыстылықтың мұндай көлеңкеде қалып қоятын жай-күйі шетелдік криминологтар үшін оны күңгірт есеп деп атауына негіз болды. Қылмыстылықтың есепке, яғни тіркеуге енгізілмей қалған бөліктері латентті, яғни жасырын қылмыстылық деп аталатын болды.
Қылмыстық сататистика мәліметтері бойынша қылмыстылықтың жай-күйіне баға берген кезде осы жоғарыда айталған мәселені естен шығармау керек.
Деңгей белгілі бір аумақта белгілі бір кезең ішінде тұрғындар санына шаққандағы қылмыстың санымен (мәселен, 10 немесе 100 мың адамға шақканда). Деңгейді кейде қылмыстылық ко-ффициенті деп атайды. Қылмыстық коэффициенті төмендегі формула бойынша есептеп шығарылады.
П
К= - - - :: 100000,
Н
бұл жердегі К - қылмыстылық ко-ффициенті, П - қылмыстың саны, Н - тұрғын халықтың саны (жаппай немесе 14 жасқа дейінгілер және одан жоғары).
Ко-ффициенттер әкімшілік-аумақтық бірлігі мен халқының саны әртүрлі жерлердегі, сондай-ақ әртүрлі кезеңдеңдегі қылмыстылық көрінісін және ондағы өгерістерді салыстыруға жағдай туғызады.
Сонымен бірге, қылмыстылықтың деңгейін нақытырақ анықтау үшін барлық халықты санамай-ақ, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылады-ау деген белгілі бір жастағы адамдар тобын ғана алуға болады [1].
Қылмыстылықтың құрылымы оның ішкі мазмұнын ашады, қылмыстық-құқықтық, криминологиялық, әлеуметтік-демографиялық және басқа түрлі топтық белгілермен көрінетін белгілі бір аумақта белгілі бір кезең ішінде жасалған қылмыстар мен жекелеген қылмыс түрлерінің арасындағы арақатынасты бейнелейді.
Басқаша айтқанда, қылмыстылық құрылымы - оның құрылысы мен мазмұны. Қылмыстылықтың құрылымына қарап, онымен күрестің басты соққысының бағыт-бағдарын белгілеуге болады.
Құрылым көрсеткіштері қылмыстылықтың түрі деп аталатын белгілі бір қылмыстың (қылмыскердің) үлес салмағын анықтайды.
Қылмыстылықтың құрылымын анықтаудың негізгі бірнеше жолдары бар.
Біріншіден, қылмыстылыққа кеңістік-уақыттық құрылым тән. Қылмыстылықты құрайтын іс-әрекеттер қалай дегенмен белгілі бір кеңістікте және белігілі бір уақытта (мысалы, тәуліктің мезгілі, аптаның күні және басқа) жасалады.
Екіншіден, қылмыстылықтың құрылымын іс-әрекеттердің қауіптілігінің әрқилы дәрежесін негізге ала отырып ашуға болады. Осыған байланысты қылмыстылықтың - аса ауыр қылмыс, ауыр қылмыс, орташа ауырлықтағы қылмыс, онша ауыр емес қылмыс сияқты -лементтерін айырып көрсету негізге алынады.
Үшіншіден, қылмыстылық құрылымында қылмыстық қол сұғу объектісі мен кінәлінің жасалған әрекетке психикалық қатысы сияқты маңызды қылмыстық-құқықтық белгілерін қарастыруға болады. Қылмыстылық құрылымы өзінің көлемі жағынан конститиуциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыс, меншікке қарсы, адамға қарсы қылмыс түрлері жиынтығымен көрінеді.
Психикалық қатыстылығы жағынан қылмыстылықтың қасақаналықпен және абайсыздықпен жасалған қылмыс деген екі құрылымдық -лементі (түрі) орын алады.
Төртіншіден, қылмыстылық -лементтерін кінәлі адамның белгілері бойынша айыруға болады. Мұндай белгілердің қатарына қылмыскердің жынысы, жасы, бұрын сотталғандығы, қылмысты бірінші рет және бірнеше қайталап жасауы, әлеуметтік жағдайы және басқалар жатады.
Ішкі істер органдарының алдын алу жұмыстары тұрғысынан алғанда қылмыстылықтың құрылымдық -лементтерін әлеуметтік өмірде, тұрмыста, демалыс кезінде, өндірістік қызметте жасалған қылмыстар бойынша айыру ерекше орын алады.
Қылмыстылықтың сипаты аса қауіпті деген қылмыстардың санымен және қылмысты жасаған адамның мінез-құлық сипатымен анықталады. Осы көрсеткіштер тұрғысынан алғанда криминалдық кәсіби шеберлік, ұйымдастырушылық, жағдаймен санасушылық және басқа да сапалық қасиеттер анықталады.
Қылмыстылықтың жай-күйі, деңгейі, құрылымы қозғалыспен талдануға тиіс.
Қылмыстылықтың қозғалысы - бұл белгілі бір уақыт ішіндегі өзгеріс барысы, оның айырылмас қасиеті.
Қылмыстылық қозғалысы белгілі бір уақыт ішіндегі қылмыстылықтың өзгеруімен өлшенеді. Ол төмендегідей үш факторға байланысты:
Бірініші фактор - қылмыстылыққа себеп болатын белгілі бір әлеуметтік үрдістердің қозғалысы.
Екінші фактор - қылмыстық заңнамалар өзгерістерінің көлемі мен сипаты (егер жаңа іс-әрекеттер қылмыс деп танылатын болса, қылмыстылық өседі, ал егер қылмыстық қасиеті кемісе - төмендейді).
Үшінші фактор - қылмысты әшкерелеудегі құқық қорғау органдарының белсенді құлшынысының артуы.
Кейінгі кездері көбінесе, қылмыстылықпен күрес жолында мемлекет пен қоғамға материалдық немесе басқа да шығын келтіретін (қылмыстың бағасы деп аталатын) қылмыстың көлемі мен сипатын есепке алу жөніндегі ой-пікірлер жиі айтылып жүр. Өкінішке орай, қылмыстылықты шын мәнінде нақты да толығымен өлшеп-пішудің әдістемесі әзірше жоқ.
Қылмыстылықтың дәлме-дәл нақты көрсеткіштері, оларды талдау мен жүргізе білу ішкі істер органдарының іс-тәжірибесі үшін, талдау жұмыстары мен басқару және шұғыл шешім қабылдау үшін өте қажет-ақ.
Виктимологиялық талдаусыз қылмыстылықтың сандық-сапалық көрсеткіштерін толық деп айту қиын. Көптеген қылмыстар белгілі бір дәрежеде жәбірленушінің өзінің тәртіп-әрекетіне байланысты болатындығы белгілі. Виктимологиялық көзқарас көп ретте қылмыстың құрбаны кім (полиция, ҰҚК қызметкері) болатындығын зертейді.
3. Жасырын қылмыстылық
Статистика нақты қылмыстылық туралы толық мәліметтер келтіреді, өйткені оның көлеңкесінде осы әлеуметтік құбылыстың жасырын жағына қатысы бар кейбір қылмыстар тіркелуге ілікпей қалып, жасырын қылмыстарды құрайды.
Жасырын қылмыстылық - бұл нақты бір жерде және уақытта әшкереленбей немесе қылмыстық статистикаға тіркелмей қалған қылмыстар мен оларды жасаушы адамдардың жиынтығы.
Жасырын қылмыс мәселесі шетелдік ғалымдар мен практиктерді баяғыдан-ақ толғандырған. Ресми тіркелген қылмыстар мен іс жүзінде (нақты) болған қылмыстар арасындағы арақатынастарды қарастыру мәселесін ХІХ ғасырдағы криминологтар А. Кетле, -. Ферри, Р. Мето-Смит, Е. Реснер және басқалардың еңбектерінен кездестіруге болады.
Сол кездің өзінде-ақ, жасалған қылмыстардың барлығы бірдей полицияға хабарлана бермейтіні, қылмыскерлердің бәрі бірдей сотқа немесе жазаға тартыла бермейтіні, ал қылмыстық статистика болса көзге іліккен, қолға түскен қылмыстылықты ғана қанағат тұтатындығы белгілі болған. 50-60-жылдарда математикалық статистиканы пайдалану, халыққа: қылмыскерге, қылмыс құрбандарына, полиция мен өзге де құқық қорғау органдарына қызметкерлері сұрау салу әдісімен жасырын қылмыстылықтың көлемі мен құрылымын анықтау жөнінде көлемді криминологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Мәселен, Кембридж криминология институтының бұрынғы директоры Л. Радзиновичтің айтуынша, Англияда ресми қылмыстық статистика мәліметтеріне қалтаға түсу қылмысы туралы деректердің 15 пайызы ғана түседі екен.
Ұлыбританияның 1982 жылғы қылмыстылықтың жай-күйі туралы есебінде мынадай мәліметтер келтірілген: вандализм бойынша жалпы жасалған әрекеттердің 8 пайызы әшкереленген; ұрлық - 8 %; тонау - 11 %; құлып бұзып ұрлау - 33 %. Орташа есеппен әрбір 40 тұрғын-жайдың біреуі жыл сайын құлпын бұзып жасалатын ұрлыққа тап болып отырған.
60-жылдардың аяғында 70-жылдардың басында АҚШ-та мүлік тонау мен автомобил, тонаудың бес оқиғаларының бірінде ғана қамауға алу жүзеге асырылып отырған. Полицияға хабарланған жеке меншікке қарсы жасалған қауіпті қылмыстардың жиырма оқиғасының біреуіне ғана айыптау үкімі шығарылып отырған [2].
АҚШ-та 70-жылдардың аяғында 80-жылдардың басында елдегі жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің жартысынан артығы полицияға хабарланбайтын болған. Осы елдің бұрынғы президенті Р. Рейганның, АҚШ-та қазіргі заманғы қылмыстар індеттік сипатқа ие болып отыр, қылмыстан американдық әрбір отбасы зәбір шегіп отыр деп мойындауы тегін емес болатын.
Кеңестік криминологияда жасырын қылмыстылық мәселелрінің кейбір аспектілері 60-жылдардың ортасы мен 70-жылдарда оқып-зерттеле басталды. Әдістемелік және ұйымдасытырушылық қиыншылықтарының салдарынан бұл мәселені кешенді түрде зерттеу әлі де тиісті мәнде қолға алынбай отыр.
Отандық криминологтардың көпшілігі жасырын қылмыстылықты полиция, прокуратура және сот органдарымен әшкереленбеген қылмыстардың жиынтығы деп түсінуде.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, белгілі болған, бірақ есепке енбеген қылмыстылық жасырын деп саналмайды. Әсіресе мұндай ойлар Г. И. Забрянскийдің, А. А. Коневтің, А. С. Шляпочниковтің және басқалардың еңбектерінде анық айтылады. Олар жасырынның қатарына қылмыстық сататистикада тіркелмеген қылмыстардың төмендегі үш тобын енгізбейді:
1) ісі жолдастық соттар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын кейбір қылмыстар;
2) тиісті билік органдарының мәлімдемесі нәтижесінде белгілі болған, алайда осы органдардың қызметкерлерімен жасырылған қылмыстар;
3) көптеген жағдайда бастапқы есеп жүргізу жүйесінің жетілдірілмегендігінен тіркелмейтін қылмыстар.
Дегенмен, белгілі мен жасырын қылмыстылықтардың арасындағы айырмашылықтарды айқындық белгісімен немесе қылмыстылықпен күрес субъектілердің қызметінің шеңберінде айыруға жасалған ұмтылыс та жасырын қылмыстылық табиғатының сырын білуге онша көмегін тигізе қоймады.
Ғалымдардың екінші бір тобы жасырын қылмыстылықты қылмыстық статистикада көрсетілмеген және тіркелмеген нақты жасалған қылмыстардың жиынтығы деп санайды. Жасырын қылмыстылық ұғы - мына анықтама беруде олар басты назарларын жасы - рындыққа немесе айқындыққа емес, қылмыс жөніндегі мәліметтің бастапқы құжатындағы тіркелмегендігіне аударады.
Мәселенің криминологиялық аспектілері бәрінен бұрын жасырын қылмысты белгісіз себептермен қылмыстық статистикада тіркелмей қалған нақты бір орында, белгілі бір уақытта іс жүзінде жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың тұтастай жиынтығы ретінде зерттеуді ұсынады.
Мұнымен бірге, жасырын қылмыстылықтың Қыл - мыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған қыл - мыстық белгілеріне жататын және нақты бір қылмыс құрамын құрайтын қылмыстық-құқықтық аспектілері де болуы мүмкін.
Статистикалық аспект жасырын қылмыстардың жасалу фактілерінің барлық жиынтығын оның жай-күйін, деңгейін, құрылымы мен динамикасын (ағымын) анықтау үшін, тіркелген және жасырын қылмыстылықтың арасындағы сандық арақатынасты анықтау үшін оқып-зерттейді (жинақтайды, өңдейді, талдайды).
Жасырын қылмыстылықтың криминалистикалық аспек - тілері жасырын қылмыстылық түрлерінің жасалуы мен жасыру жолдарын, онымен келтірілген зардаптарды, кінәлілерді әшкерелеудің әдістемелері мен тәсілдерін оқып-зерттеуге бағытталған.
Виктимологиялық аспект қылмыс құрбандарының жасалған қол сұғушылықтарды тиісті органдарға хабарламауының себептерін оқып-зерттеуді +-йғарады.
Әлеуметтік аспект осы қылмыстармен шын мәнінде келтірілетін зияндарды оқып-зерттеуді қарастырады, өйткені олар әлеуметтік қатынастардың жоғары деңгейде қалыптасуын тежейді, заңдылықты нығайтуға кері әсерін тигізеді.
Ақпараттық аспект қылмыс туралы хабарлардың тарап кету себептерін анықтауға жағдай туғызатын және қылмыс туралы белгі-дабылдарды қабылдау мен тіркеуді жетілдіруге бағытталған шараларды ойлап табатын қылмыс туралы ақпараттарды жинау (қабылдау), өңдеу, тіркеу және тарату жүйесін оқып-зерттеуді ұйғарады.
Жасырын қылмыстылықтың -кономикалық аспектісі оның -кономикаға келтірген зиян түрлерін оқып-зерттеуді ұйғарады.
Жасырын қылмыстылықтың әлеуметтік-психологиялық аспектісі назарын қылмыстылықпен күресте туындайтын белгілі бір қиындықтар (кейбір қылмыскерлердің жазаға тартылмауы) туғызатын қоғамдық және жеке адамдық сана-сезімде кері өзгерістер мен теріс пиғылдарға аударады.
Қылымыстылықтың осы бөлігімен күрестің теориясы мен тәжірибесі үшін оларды жіктеудің ерекше мәні бар. Өздерінің жасырындылығына қарай жасырын қылмыстылықты негізгі 4 топқа бөлуге болады.
1. Жасырындылығының дәрежесі жоғары қылмыстар: пара алу мен беру және оған делдалдық жасау; тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдау; есіртікілік заттарды заңсыз дайындау, өткізу, сатып алу; соққыға жығу, азаптау, қорлау, жала жабу; көлік құралдарын, машиналар мен механизмдерді бас пайдасы үшін пайдалану және басқалар.
2. Жасырындылығының дәрежесі орташа қылмыстар: зорлау, әйелді жыныстық қатынасқа түсуге еріксіз көндіру, жекенің мүлкін ұрлау, бұзақылық, қордалар ұстау, жеңгетайлық және өзге де қылмыстар.
3. Жасырындылығының дәрежесі бірқалыпты қылмыстар: ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін ұрлау, алсаяқтық, анасының қасақана жас нәрестесін өлтіруі, мерез ауруларын тарату, жас толмағанмен некеге отыру, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту және басқалары.
4. Жасырындылығының дәрежесі төмен қылмыстар: бандитизм, қасақана кісі өлтіру, сотталған адамның қамаудан қашуы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; оқ-дәрі ұрлау және басқалар.
Жасырын қылмыстылықтың басты қауіптілігі оның қоғам тарапынан қарсы әрекет көрмей, жазаға тартылмай қалуында, мұның өзі қылмыстардың қайтадан немесе жалғаса жасалуына жағдай туғызады.
Жасырын қылмыстылықтың себептерінің арасынан бәрінен бұрын қылмыскер мен оның құрбаны немесе жәбірленушінің жақындары арасындағы мәмілеге келу мәселесін ерекше атауға болады. Көптеген жағдайда сату-сатып алу нәрсесі ретінде адамның денсаулығы, абыройы, ар-намысы, тіпті кейде адамның өмірі саудаға түсіп жатады.
Көп ретте азаматтар лайықсыздық өлшемін басшы - лыққа ала отыра өзіне қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарды тиісті орындарға мәлімдеп хабарламайды.
Жекелеген қылмыстардың жасырындылығының жоғары болуы себептерінің бірі - қылмыскерлердің қол сұғатын объектілерін (мысалы, қылмыстық жолмен байыған адамдарды таңдап алуы) лайықтап таңдап алуы мен дәлме-дәл жоспарлап алуы.
Кейбір заңға бағынғыш азаматтардың санасында органдар қылмыскер мен ұрланған құндылықтарды қанша іздегенімен бәрібір таба алмайды, оның үстіне қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне айналған құндылықтардың қайдан келгенін қазбалап өзіңнің зықыңды шығарады деген ой қалыптасқан.
Халықтың белгілі бір бөлігінің құқық қорғау орган - дарына деген сенімдерін жоғалтып алғандарын да айтпасқа болмайды. Мұндай кереғар көріністер милиция, сот және прокуратура қызметкерлерінің кемшіліктері мен қызмет бабын пайдалануы жөніндегі баспасөздердегі алып-қашпа жарияланымдарға да себеп болып жатады. Дегенмен басты себеп - құқық қорғау органдарының сапасыз жұмыстары мен адамгершілікке жатпайтын қылмыстық-құқықтық тыйым салушылық, шын мәнісінде азаматтар мұндай тыйым салушылықты түсіне бермейді.
Жасырын қылмыстылық деңгейін төмендетудің жолдары:
халық арасында құқықтық насихат жүргізу;
қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында анықтау жүргізетін адамның, тергеушінің, прокурордың және соттың жәбірленушіден табыс көздерінің қандай жолмен келгендігін түсіндіруін талап етуге тыйым салатындай норма енгізу;
қылмыс туралы мәлімдемегені үшін қылмыстық-құқықтық санкция қолданудан бас тарту;
қылмыстық кодекске жасалған қылмыс жайында өз еркімен мәлімдегені және өзі жасаған іс-әрекетінің зиянды зардаптарын орынына келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға кепілдік беретіндей арнайы норма енгізу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңы Егемен Қазақстан. 1998. 3-шілде.
2. Аликперов Х. Д., Расулов Р. И. Понятие и причины латентной преступности. - Баку. 1989.
3. Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. - М., 1987.
4. Бабаев М. М. Социальные последствия преступности. - М., 1982.
5. Бышевский Ю. В. Использование показателей, характеризующих преступность в деятельности органов внутренних дел. - Омск, 1983.
6. Каиржанов Е. И. Криминология ( Общая часть ). - Алматы, 1995.
7. Кларк Р. Преступность в США. - М., 1975.
8. Ковалкин А. А. Латентная преступность и ее выявление ОВД. - Киев, 1985.
9. Криминология Под ред. В. А. Коробейникова және бас алар - М.,1988.
10. Криминология Под ред. В. Н. Кудрявцева және В. Е. Эминова. - 1995.
11. Криминология и профилактика преступлений Под ред. А. И. Алексеева. - М., 1989.

2. Қылмыстылық ұғымы және негізігі белгілері

Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.
Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.
Тіпті, қылмыстылық өзінің құрамына әралуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.
Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның дербестігі өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.
Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық - жалпы - әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар жекелеген қылмыстар белгілібір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.
Қылмыстылықтың дербестігі оны құрайтын жекелген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ оның қоғамға кауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Куз - нецованың қоғамға қауптілік белгісінің қылмыстылық ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік - осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік қосындысына қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек; әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты қылмыстылық та әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада, бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді және оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.
Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа сапасы жағынан әрқилы құбылыс деп қарау жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге болмайды, өйткені мұндай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы байланыстарды үзіп оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі теорияға айналдырға итермелейді.
Қылмыстылықтың мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтығы арқылы ғана танып-білуге де болмайды. -кономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда, қылмыссыз қылмыстылық болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б. Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев).
Қылымыстылық - бұл өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір кезеңде жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі; қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сиаптталатын барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Қылмыстылықтың келесідей тектік белгілерін бөліп көрсетуге болады: тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың болуы, әлеуметтік-құқытық табиғаты.
Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заңда осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалайда қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.
Қылмыстылық -- нақты-тарихи құбылыс. Ол адамзат қоғамы дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған, оның тууы жеке меншіктің, қоғамды тапқа бөлудің тууымен және мемлекеттік биліктің пайда болуымен және қоғамдық қатынастардың жетілдірілуімен байланысты.
Қылмыстылық анықтамасында көрсетілген жалғыз-ақ тектік белгі -- ол мемлекетте (аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстылықтың мәнді белгісі -- оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы белгі ғана қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсіз құбылыстардың жиынтығы екендігін көрсете алады.
Криминология ғылымы кейбір ғалымдардың құқықтық және морал,дық нормаларға қайшы келетін қылмыстылық ұғымына көрінген қылық-әрекеттерді тықпалайтын тұжырымдарын жоққа шығарады.
Көрініп тұрғанындай, қылмыстылық ұғымы мұқият зерттеу мен зерделі көзқарасты талап етеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы құқықтық реформасының Мемлекеттік бағдарламасында осы құбылыстың анықтамасын қазіргі жағдайға лайықтап белгілеу қажеттігі де айтылған.

1. Қылмыстылықтың сандық және сапалық сипаттамасы

Қылмыстылықтың сандық және сапалық қасиетермен сипатталады. Қылмыстылықтың сандық көрсеткіштері деңгейі мен қозғалысы (динамикасы) болып табылса, сапалығы - оның құрылымы болып табылады. Бұл көрсеткіштер бір-біріне байланысты әрі бір біріне бағынышты. Осылардың біреуі өзгерсе жалпы қылмыстылықты тұтастай өзгеріске ұшыратады.
Қылмыстылықтың бәріне бірдей сипаттама - олардың жай-күйі.
Қылмыстылықтың жай-күйі - бұл белгілі бір аумақта, белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың сандық көрсеткіші.
Қылмыстылықтың нақты жай-күйі көп жағдайда мәлім бола бермейді, өйткені қылмастардың біраз бөлігі көбінесе тіркелмей қалады. Қылмыстылықтың мұндай көлеңкеде қалып қоятын жай-күйі шетелдік криминологтар үшін оны күңгірт есеп деп атауына негіз болды. Қылмыстылықтың есепке, яғни тіркеуге енгізілмей қалған бөліктері латентті, яғни жасырын қылмыстылық деп аталатын болды.
Қылмыстық сататистика мәліметтері бойынша қылмыстылықтың жай-күйіне баға берген кезде осы жоғарыда айталған мәселені естен шығармау керек.
Деңгей белгілі бір аумақта белгілі бір кезең ішінде тұрғындар санына шаққандағы қылмыстың санымен (мәселен, 10 немесе 100 мың адамға шақканда). Деңгейді кейде қылмыстылық ко-ффициенті деп атайды. Қылмыстық ко-ффициенті төмендегі формула бойынша есептеп шығарылады.

П
К= - - - :: 100000,
Н
бұл жердегі К - қылмыстылық ко-ффициенті, П - қылмыстың саны, Н - тұрғын халықтың саны (жаппай немесе 14 жасқа дейінгілер және одан жоғары).
Ко-ффициенттер әкімшілік-аумақтық бірлігі мен халқының саны әртүрлі жерлердегі, сондай-ақ әртүрлі кезеңдеңдегі қылмыстылық көрінісін және ондағы өгерістерді салыстыруға жағдай туғызады.
Сонымен бірге, қылмыстылықтың деңгейін нақытырақ анықтау үшін барлық халықты санамай-ақ, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылады-ау деген белгілі бір жастағы адамдар тобын ғана алуға болады [3].
Қылмыстылықтың құрылымы оның ішкі мазмұнын ашады, қылмыстық-құқықтық, криминологиялық, әлеуметтік-демографиялық және басқа түрлі топтық белгілермен көрінетін белгілі бір аумақта белгілі бір кезең ішінде жасалған қылмыстар мен жекелеген қылмыс түрлерінің арасындағы арақатынасты бейнелейді.
Басқаша айтқанда, қылмыстылық құрылымы - оның құрылысы мен мазмұны. Қылмыстылықтың құрылымына қарап, онымен күрестің басты соққысының бағыт-бағдарын белгілеуге болады.
Құрылым көрсеткіштері қылмыстылықтың түрі деп аталатын белгілі бір қылмыстың (қылмыскердің) үлес салмағын анықтайды.
Қылмыстылықтың құрылымын анықтаудың негізгі бірнеше жолдары бар.
Біріншіден, қылмыстылыққа кеңістік-уақыттық құрылым тән. Қылмыстылықты құрайтын іс-әрекеттер қалай дегенмен белгілі бір кеңістікте және белігілі бір уақытта (мысалы, тәуліктің мезгілі, аптаның күні және басқа) жасалады.
Екіншіден, қылмыстылықтың құрылымын іс-әрекеттердің қауіптілігінің әрқилы дәрежесін негізге ала отырып ашуға болады. Осыған байланысты қылмыстылықтың - аса ауыр қылмыс, ауыр қылмыс, орташа ауырлықтағы қылмыс, онша ауыр емес қылмыс сияқты -лементтерін айырып көрсету негізге алынады.
Үшіншіден, қылмыстылық құрылымында қылмыстық қол сұғу объектісі мен кінәлінің жасалған әрекетке психикалық қатысы сияқты маңызды қылмыстық-құқықтық белгілерін қарастыруға болады. Қылмыстылық құрылымы өзінің көлемі жағынан конститиуциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыс, меншікке қарсы, адамға қарсы қылмыс түрлері жиынтығымен көрінеді.
Психикалық қатыстылығы жағынан қылмыстылықтың қасақаналықпен және абайсыздықпен жасалған қылмыс деген екі құрылымдық -лементі (түрі) орын алады.
Төртіншіден, қылмыстылық -лементтерін кінәлі адамның белгілері бойынша айыруға болады. Мұндай белгілердің қатарына қылмыскердің жынысы, жасы, бұрын сотталғандығы, қылмысты бірінші рет және бірнеше қайталап жасауы, әлеуметтік жағдайы және басқалар жатады.
Ішкі істер органдарының алдын алу жұмыстары тұрғысынан алғанда қылмыстылықтың құрылымдық -лементтерін әлеуметтік өмірде, тұрмыста, демалыс кезінде, өндірістік қызметте жасалған қылмыстар бойынша айыру ерекше орын алады.
Қылмыстылықтың сипаты аса қауіпті деген қылмыстардың санымен және қылмысты жасаған адамның мінез-құлық сипатымен анықталады. Осы көрсеткіштер тұрғысынан алғанда криминалдық кәсіби шеберлік, ұйымдастырушылық, жағдаймен санасушылық және басқа да сапалық қасиеттер анықталады.
Қылмыстылықтың жай-күйі, деңгейі, құрылымы қозғалыспен талдануға тиіс.
Қылмыстылықтың қозғалысы - бұл белгілі бір уақыт ішіндегі өзгеріс барысы, оның айырылмас қасиеті.
Қылмыстылық қозғалысы белгілі бір уақыт ішіндегі қылмыстылықтың өзгеруімен өлшенеді. Ол төмендегідей үш факторға байланысты:
Бірініші фактор - қылмыстылыққа себеп болатын белгілі бір әлеуметтік үрдістердің қозғалысы.
Екінші фактор - қылмыстық заңнамалар өзгерістерінің көлемі мен сипаты (егер жаңа іс-әрекеттер қылмыс деп танылатын болса, қылмыстылық өседі, ал егер қылмыстық қасиеті кемісе - төмендейді).
Үшінші фактор - қылмысты әшкерелеудегі құқық қорғау органдарының белсенді құлшынысының артуы.
Кейінгі кездері көбінесе, қылмыстылықпен күрес жолында мемлекет пен қоғамға материалдық немесе басқа да шығын келтіретін (қылмыстың бағасы деп аталатын) қылмыстың көлемі мен сипатын есепке алу жөніндегі ой-пікірлер жиі айтылып жүр. Өкінішке орай, қылмыстылықты шын мәнінде нақты да толығымен өлшеп-пішудің әдістемесі әзірше жоқ.
Қылмыстылықтың дәлме-дәл нақты көрсеткіштері, оларды талдау мен жүргізе білу ішкі істер органдарының іс-тәжірибесі үшін, талдау жұмыстары мен басқару және шұғыл шешім қабылдау үшін өте қажет-ақ.
Виктимологиялық талдаусыз қылмыстылықтың сандық-сапалық көрсеткіштерін толық деп айту қиын. Көптеген қылмыстар белгілі бір дәрежеде жәбірленушінің өзінің тәртіп-әрекетіне байланысты болатындығы белгілі. Виктимологиялық көзқарас көп ретте қылмыстың құрбаны кім (полиция, ҰҚК қызметкері) болатындығын зертейді.

2. Жасырын қылмыстылық

Статистика нақты қылмыстылық туралы толық мәліметтер келтіреді, өйткені оның көлеңкесінде осы әлеуметтік құбылыстың жасырын жағына қатысы бар кейбір қылмыстар тіркелуге ілікпей қалып, жасырын қылмыстарды құрайды.
Жасырын қылмыстылық - бұл нақты бір жерде және уақытта әшкереленбей немесе қылмыстық статистикаға тіркелмей қалған қылмыстар мен оларды жасаушы адамдардың жиынтығы.
Жасырын қылмыс мәселесі шетелдік ғалымдар мен практиктерді баяғыдан-ақ толғандырған. Ресми тіркелген қылмыстар мен іс жүзінде (нақты) болған қылмыстар арасындағы арақатынастарды қарастыру мәселесін ХІХ ғасырдағы криминологтар А. Кетле, -. Ферри, Р. Мето-Смит, Е. Реснер және басқалардың еңбектерінен кездестіруге болады.
Сол кездің өзінде-ақ, жасалған қылмыстардың барлығы бірдей полицияға хабарлана бермейтіні, қылмыскерлердің бәрі бірдей сотқа немесе жазаға тартыла бермейтіні, ал қылмыстық статистика болса көзге іліккен, қолға түскен қылмыстылықты ғана қанағат тұтатындығы белгілі болған. 50-60-жылдарда математикалық статистиканы пайдалану, халыққа: қылмыскерге, қылмыс құрбандарына, полиция мен өзге де құқық қорғау органдарына қызметкерлері сұрау салу әдісімен жасырын қылмыстылықтың көлемі мен құрылымын анықтау жөнінде көлемді криминологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Мәселен, Кембридж криминология институтының бұрынғы директоры Л. Радзиновичтің айтуынша, Англияда ресми қылмыстық статистика мәліметтеріне қалтаға түсу қылмысы туралы деректердің 15 пайызы ғана түседі екен.
Ұлыбританияның 1982 жылғы қылмыстылықтың жай-күйі туралы есебінде мынадай мәліметтер келтірілген: вандализм бойынша жалпы жасалған әрекеттердің 8 пайызы әшкереленген; ұрлық - 8 %; тонау - 11 %; құлып бұзып ұрлау - 33 %. Орташа есеппен әрбір 40 тұрғын-жайдың біреуі жыл сайын құлпын бұзып жасалатын ұрлыққа тап болып отырған.
60-жылдардың аяғында 70-жылдардың басында АҚШ-та мүлік тонау мен автомобил, тонаудың бес оқиғаларының бірінде ғана қамауға алу жүзеге асырылып отырған. Полицияға хабарланған жеке меншікке қарсы жасалған қауіпті қылмыстардың жиырма оқиғасының біреуіне ғана айыптау үкімі шығарылып отырған [4].
АҚШ-та 70-жылдардың аяғында 80-жылдардың басында елдегі жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің жартысынан артығы полицияға хабарланбайтын болған. Осы елдің бұрынғы президенті Р. Рейганның, АҚШ-та қазіргі заманғы қылмыстар індеттік сипатқа ие болып отыр, қылмыстан американдық әрбір отбасы зәбір шегіп отыр деп мойындауы тегін емес болатын.
Кеңестік криминологияда жасырын қылмыстылық мәселелрінің кейбір аспектілері 60-жылдардың ортасы мен 70-жылдарда оқып-зерттеле басталды. Әдістемелік және ұйымдасытырушылық қиыншылықтарының салдарынан бұл мәселені кешенді түрде зерттеу әлі де тиісті мәнде қолға алынбай отыр.
Отандық криминологтардың көпшілігі жасырын қылмыстылықты полиция, прокуратура және сот органдарымен әшкереленбеген қылмыстардың жиынтығы деп түсінуде.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, белгілі болған, бірақ есепке енбеген қылмыстылық жасырын деп саналмайды. Әсіресе мұндай ойлар Г. И. Забрянскийдің, А. А. Коневтің, А. С. Шляпочниковтің және басқалардың еңбектерінде анық айтылады. Олар жасырынның қатарына қылмыстық сататистикада тіркелмеген қылмыстардың төмендегі үш тобын енгізбейді:
1) ісі жолдастық соттар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын кейбір қылмыстар;
2) тиісті билік органдарының мәлімдемесі нәтижесінде белгілі болған, алайда осы органдардың қызметкерлерімен жасырылған қылмыстар;
3) көптеген жағдайда бастапқы есеп жүргізу жүйесінің жетілдірілмегендігінен тіркелмейтін қылмыстар.
Дегенмен, белгілі мен жасырын қылмыстылықтардың арасындағы айырмашылықтарды айқындық белгісімен немесе қылмыстылықпен күрес субъектілердің қызметінің шеңберінде айыруға жасалған ұмтылыс та жасырын қылмыстылық табиғатының сырын білуге онша көмегін тигізе қоймады.
Ғалымдардың екінші бір тобы жасырын қылмыстылықты қылмыстық статистикада көрсетілмеген және тіркелмеген нақты жасалған қылмыстардың жиынтығы деп санайды. Жасырын қылмыстылық ұғы - мына анықтама беруде олар басты назарларын жасы - рындыққа немесе айқындыққа емес, қылмыс жөніндегі мәліметтің бастапқы құжатындағы тіркелмегендігіне аударады.
Мәселенің криминологиялық аспектілері бәрінен бұрын жасырын қылмысты белгісіз себептермен қылмыстық статистикада тіркелмей қалған нақты бір орында, белгілі бір уақытта іс жүзінде жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың тұтастай жиынтығы ретінде зерттеуді ұсынады.
Мұнымен бірге, жасырын қылмыстылықтың Қыл - мыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған қыл - мыстық белгілеріне жататын және нақты бір қылмыс құрамын құрайтын қылмыстық-құқықтық аспектілері де болуы мүмкін.
Статистикалық аспект жасырын қылмыстардың жасалу фактілерінің барлық жиынтығын оның жай-күйін, деңгейін, құрылымы мен динамикасын (ағымын) анықтау үшін, тіркелген және жасырын қылмыстылықтың арасындағы сандық арақатынасты анықтау үшін оқып-зерттейді (жинақтайды, өңдейді, талдайды).
Жасырын қылмыстылықтың криминалистикалық аспек - тілері жасырын қылмыстылық түрлерінің жасалуы мен жасыру жолдарын, онымен келтірілген зардаптарды, кінәлілерді әшкерелеудің әдістемелері мен тәсілдерін оқып-зерттеуге бағытталған.
Виктимологиялық аспект қылмыс құрбандарының жасалған қол сұғушылықтарды тиісті органдарға хабарламауының себептерін оқып-зерттеуді +-йғарады.
Әлеуметтік аспект осы қылмыстармен шын мәнінде келтірілетін зияндарды оқып-зерттеуді қарастырады, өйткені олар әлеуметтік қатынастардың жоғары деңгейде қалыптасуын тежейді, заңдылықты нығайтуға кері әсерін тигізеді.
Ақпараттық аспект қылмыс туралы хабарлардың тарап кету себептерін анықтауға жағдай туғызатын және қылмыс туралы белгі-дабылдарды қабылдау мен тіркеуді жетілдіруге бағытталған шараларды ойлап табатын қылмыс туралы ақпараттарды жинау (қабылдау), өңдеу, тіркеу және тарату жүйесін оқып-зерттеуді ұйғарады.
Жасырын қылмыстылықтың -кономикалық аспектісі оның -кономикаға келтірген зиян түрлерін оқып-зерттеуді ұйғарады.
Жасырын қылмыстылықтың әлеуметтік-психологиялық аспектісі назарын қылмыстылықпен күресте туындайтын белгілі бір қиындықтар (кейбір қылмыскерлердің жазаға тартылмауы) туғызатын қоғамдық және жеке адамдық сана-сезімде кері өзгерістер мен теріс пиғылдарға аударады.
Қылымыстылықтың осы бөлігімен күрестің теориясы мен тәжірибесі үшін оларды жіктеудің ерекше мәні бар. Өздерінің жасырындылығына қарай жасырын қылмыстылықты негізгі 4 топқа бөлуге болады.
1. Жасырындылығының дәрежесі жоғары қылмыстар: пара алу мен беру және оған делдалдық жасау; тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдау; есіртікілік заттарды заңсыз дайындау, өткізу, сатып алу; соққыға жығу, азаптау, қорлау, жала жабу; көлік құралдарын, машиналар мен механизмдерді бас пайдасы үшін пайдалану және басқалар.
2. Жасырындылығының дәрежесі орташа қылмыстар: зорлау, әйелді жыныстық қатынасқа түсуге еріксіз көндіру, жекенің мүлкін ұрлау, бұзақылық, қордалар ұстау, жеңгетайлық және өзге де қылмыстар.
3. Жасырындылығының дәрежесі бірқалыпты қылмыстар: ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін ұрлау, алсаяқтық, анасының қасақана жас нәрестесін өлтіруі, мерез ауруларын тарату, жас толмағанмен некеге отыру, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту және басқалары.
4. Жасырындылығының дәрежесі төмен қылмыстар: бандитизм, қасақана кісі өлтіру, сотталған адамның қамаудан қашуы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; оқ-дәрі ұрлау және басқалар.
Жасырын қылмыстылықтың басты қауіптілігі оның қоғам тарапынан қарсы әрекет көрмей, жазаға тартылмай қалуында, мұның өзі қылмыстардың қайтадан немесе жалғаса жасалуына жағдай туғызады.
Жасырын қылмыстылықтың себептерінің арасынан бәрінен бұрын қылмыскер мен оның құрбаны немесе жәбірленушінің жақындары арасындағы мәмілеге келу мәселесін ерекше атауға болады. Көптеген жағдайда сату-сатып алу нәрсесі ретінде адамның денсаулығы, абыройы, ар-намысы, тіпті кейде адамның өмірі саудаға түсіп жатады.
Көп ретте азаматтар лайықсыздық өлшемін басшы - лыққа ала отыра өзіне қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарды тиісті орындарға мәлімдеп хабарламайды.
Жекелеген қылмыстардың жасырындылығының жоғары болуы себептерінің бірі - қылмыскерлердің қол сұғатын объектілерін (мысалы, қылмыстық жолмен байыған адамдарды таңдап алуы) лайықтап таңдап алуы мен дәлме-дәл жоспарлап алуы.
Кейбір заңға бағынғыш азаматтардың санасында органдар қылмыскер мен ұрланған құндылықтарды қанша іздегенімен бәрібір таба алмайды, оның үстіне қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне айналған құндылықтардың қайдан келгенін қазбалап өзіңнің зықыңды шығарады деген ой қалыптасқан.
Халықтың белгілі бір бөлігінің құқық қорғау орган - дарына деген сенімдерін жоғалтып алғандарын да айтпасқа болмайды. Мұндай кереғар көріністер милиция, сот және прокуратура қызметкерлерінің кемшіліктері мен қызмет бабын пайдалануы жөніндегі баспасөздердегі алып-қашпа жарияланымдарға да себеп болып жатады. Дегенмен басты себеп - құқық қорғау органдарының сапасыз жұмыстары мен адамгершілікке жатпайтын қылмыстық-құқықтық тыйым салушылық, шын мәнісінде азаматтар мұндай тыйым салушылықты түсіне бермейді.
Жасырын қылмыстылық деңгейін төмендетудің жолдары:
халық арасында құқықтық насихат жүргізу;
қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында анықтау жүргізетін адамның, тергеушінің, прокурордың және соттың жәбірленушіден табыс көздерінің қандай жолмен келгендігін түсіндіруін талап етуге тыйым салатындай норма енгізу;
қылмыс туралы мәлімдемегені үшін қылмыстық-құқықтық санкция қолданудан бас тарту;
қылмыстық кодекске жасалған қылмыс жайында өз еркімен мәлімдегені және өзі жасаған іс-әрекетінің зиянды зардаптарын орынына келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға кепілдік беретіндей арнайы норма енгізу.

Ұсынылатын әдебиеттер

12. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңы Егемен Қазақстан. 1998. 3-шілде.
13. Аликперов Х. Д., Расулов Р. И. Понятие и причины латентной преступности. - Баку. 1989.
14. Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. - М., 1987.
15. Бабаев М. М. Социальные последствия преступности. - М., 1982.
16. Бышевский Ю. В. Испол,зование показателей, характеризующих преступность в деятельности органов внутренних дел. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Криминология» пәнінен дәрістер
Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларына сипатама
Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық іс – әрекет
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы жайында
Бағалы қағаздарға байланысты қылмыстылықтың негізгі себептері
Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Криминология пәнінен контактік дәрістер
Пәндер