«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 « МУЛАН » ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ . . . 6
1. 1 «Мулан» жырының жазылу тарихы . . . 6
1. 2 «Мулан»жырындағы тарихи оқиғалар-ғұндармен соғыс . . . 13
1. 3Жырдағы Мулан образы . . . 20
2 « МУЛАН » ЖЫРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЭПОСТАРЫМЕН ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ . . . 26
2. 1 Қазақ-қытай жырларындағы батырлар бейнесінің сомдалу ерекшеліктері . . . 26
2. 2 Мулан образының және қазақ әдебиетіндегі ұлттық болмысқа тән қыздар бейнесінің өзара байланысы . . . 36
2. 3 Қайсар рухты қыздар-Отан сүйгіштіктің үлгісі . . . …. . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49
КІРІСПЕ
Әдебиеттің үлкен бір саласы - ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті - халық өмірінің көркем шежіресі. Халықтың ауыз әдебиеті - халықтың ерте заманда жасаған мәдени мұрасы. Халықтың өткендегі тарихын түсінуіміз үшін аңыз әдебиетінің, оның ішінде батырлар жырының мәні зор екені күмәнсіз. Әр халықтың ел қорғаған ерлері туралы шығарған батырлық жырлары ұшан - теңіз. Тарихтағы әрбір кезең, яғни ел басынан өткен, халық тағдырына терең із қалдырған тарихи, саяси оқиғалар нақты тарихи тұлғалардың-батырлардың бейнесі арқылы, солар өмір кешкен, азаттық жолында арпалысып өткен заман, уақыт кеңістігі арқылы көркем шежіреленеді. Ел тағдырындағы батырлардың тарихы орнын бейнелеген, сомдаған өнер туындыларын сөз еткенде біз ауыз әдебиетін, яғни халық мұрасын алдымен атаймыз. Бұл мұралардың аса маңыздылығын, ел тағдырындағы тарихи мәнінаға буын, әдебиеттанушы ғалым-зерттеушілер астын сыза айтады. Батырлар жырынан ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық ету секілді халықтың ерекше қасиеттерін көреміз. Әр халықтың батырлар жырындағы бас қаһарманның мақсаты - отанын жаудан қорғау, елін шапқан басқыншыларды қуып, туған жерді жаудан тазарту. Батырлар жырындағы басты кейіпкерлердің бәріне тән ортақ қасиет: өжеттілік, ерлік, адалдық, әділдік, дос үшін отқа түсуге әзірлік, қиындыққа төзгіштік, уәдеге беріктік, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік және жеңімпаздық. Сондықтан ұнамды кейіпкер әрқашан барлық кедергілерді жеңіп, мақсаттарына жетеді. Аңыз әдебиеті талай - талай ғасырлар жемісі. Халық оны сонау ықылым заманнан рухани қазына ретінде сақтап, үрпақтан - ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Батырлар жырындағы басты идеялық лейтмотив, алтын арқау алдымен тарихи шындыққа бас тірейді. Яғни, белгілі бір тарихи тұлғаның тарихи орны мен оның ел алдындағы тарихи қызметі басты нысанаға алынады. Халқының қамын ойлаған батырлардың ерлік әрекеттері көп көңілінде қалды, ұрпаққа өнеге болды. Сондықтан халық арасынан шыққан ақын - жыршылар батырлардың ерліктері жайында көптеген өлең - жырлар тудырды. Ұлтының азаттығы үшін күрескен ерлерді дәріптеген мұндай тарихи жырлар ауызша тарап, халықтың рухани өжетін өтеп келеді. Батырлардың, басқа да сандаған ұлттық деңгейдегі тұлғалардың қай - қайсысын алсаңыз да олардың тұлғасын алдымен халық ішінен шыққан өнер иелері көркем сомдауға, әдебиет тілінде жырға қосуға ұмтылған. Оның ішінде халық ауыз әдебиетінің үлесі дара көрінеді.
Жазу - сызу болмаған ерте кезден-ақ халық өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы т. б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, жеке авторлар болып, творчестволық өзгерістер енгізіліп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің еңбегіне, яғни халықтың ауызша шығарған әдебиетіне айналып кеткен.
Ауыз-әдебиетінің, соның ішінде батырлар жырын зерттеуде басқа теорияларға қарағанда «тарихи мектебінің» пікірлерінше ауыз әдебиеті халықтың өміріне, тарихына байланысты туады деуі бұрын айтылмаған тың пікір болатын. Өйткенмен ауыз әдебиетін түгелімен өткендегі тарих және оның құжаты деп қарау қате айтылған пікір еді. Рас, халықтың тарихынан елеулі орын алған оқиғалар әдебиетке әсерін тигізбей қоймайды, кейде ол әдеби шығармалардың тууына себепші болады. Бірақ та, ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды өз қалпында, болған күйінде жырлай бермейді. Тарихи фактілерді негізге ала отырып, оны ақындық қиял арқылы құбылтып жырлайды, суреттеп көрсетеді, кейде асырып, кейде әлсіреп елестетеді, ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды сурет арқылы бейнелейді. Олай болса, ауыз әдебиеті тарихтың өзі, соның құжаты деуге де болады.
Қазіргі ғылым ауыз әдебиеті адамдардың еңбек, кәсіп етуіне, тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне және оның дамуына байланысты туғандығын дәлелдейді. Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, оны жан-жақты суреттейді, әр-түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Әрине, бұдан ауыз әдебиеті бірден дамыған деген ұғым тумайды. Оның кейбір үлгілері ескі дәуірде, рушылдық қоғамда туған, бертін келе қоғамдық-экономикалық жағдайлардың, адам баласының дүниетанудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне қарай ауыз әдебиеті де дамып отырған. Демек, халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы және т. б. ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына әсер еткен, мазмұн берген. Сондықтан да ауыз әдебиеті өзінің даму жолында тарихи дәуірлерді бастан кешірген, талай таптық, қоғамдық тілектер мен көзқарастардың елегінен идеялық бағытына, мазмұныны ықпал жасаған, әрқайсысы өздерінің мүдделеріне сәйкес ауыз әдебиетін тудырған, оны пайдаланып отырған.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі- батырлар жыры [1, 53] . Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігін, тарихына, қоғамдық өміріне туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып даму процессінде көптеген өзгерістерге ұшыраған, әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық ой-санасының, көзқарастардың алуандаған әсерін бойына жинай берген.
Батырлар жырын зерттеуде қате-кемшіліктерде болмай қойған жоқ. Кейбір еңбектерле батырлар жыры сын көзімен қаралмай, барлығын бірдей халыққа жат деп көрсету кейбір әдебиетшілер мен тарихшылардың еңбектерінен орын алды.
Шынына келгенде, батырлар жыры жайында орын алған бүл екі көзқарастың екeуі де теріс, зиянды еді. Батырлар жырының бәрін кіршігі жоқ, таза халықтың шығармалары деп бағалау немесе олардың бәрі де халыққа жат деп көрсету тарихқа жасалған үлкен қиянат болып табылады. Батырлар жырының, тіпті жалпы ауыз әдебиетінің ерте заманда, халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде туғандығын, олар ауызша туып, ел арасында ауызшы айтылуы арқылы жеткендігін, осының негізінде әр-түрлі қоғамдық, таптық тілектерге әрбір жырдың жай-күйі ашыла түспек. Кейбір жырлардың алғашқы нұсқасы халықтың ортада туып, кейіннен оны үстем таптың иемденіп кеткенін де аңғарамыз.
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың халық әдебиеті тарихынан алатын орны үлкен. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі дәлелге түседі.
Алғашқы үлгілері, есте қалмаған сонау ерте заманда туған батырлар жыры, бертін келе өзінің даму процессінде шыңдалып, жетілу үстінде болған. Ол халықтың әр кезде жасаған ерлік істерін жырлау негізінде өсіп ұлғайған. Әрбір тарихи кезеңде халыққа төнген қауіп-қатер кезінде асқан ерлік жасап, ел-жұртына қорған болған батырлардың қаһармандық істері халықтың әдебиетінен орын алған. Әрине, батырлар жыры тек қана жеке адамдардың ерліктерін суреттеп қойған емес. Ол жеке образдар арқылы бүкіл халықтың батырлық тұлғасын, ерлік ісін, сарқылмас күш-қуатын елестетеді, соларды бейнелеп көрсетеді. Батырлар жырының басты мәні де осыған байланысты.
Халық өткен кезде батырлар жырын жастарды ел-отанды сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдағы батырладрың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі-өнеге еткен. Бұл ретте де де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің заманымызда да халықтық мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін халық бұл жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бүған батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің жинақ болып, бірнеше рет басылуы, ғылыми еңбекетер жазылуы, оқу орындарында оқытылуы, театр сахналарында және киноларда көрсетілуі дәлел. Сондай-ақ патриоттық ерлік істерді, Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы үлгілері деп таниды. [2, 65]
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әрбір ұлттың тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті де біреу-ақ. Олай болса, елдегі әдеби мұра-жалпы халықтың мәдениетінің ажырымыс бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі.
Халқының қамын ойлаған батырлардың ерлік әрекеттері көп көңілінде қалды, ұрпаққа өнеге болды. Сондықтан халық ішінен шыққан ақын-жыршылар батырлардың ерліктері жайында көптеген өлең-жырлар тудырды.
Ұлттың азаттығы үшін күрескен ерлерді дәріптейтін мұндай тарихи жырлар ауызша тарап, халықтың рухани қажетін өтеп келеді.
Біздің зерттеуімізде Қытайдың батыр қызы Муланға байланысты туған «Мулан жыры» зертеу нысанына айналды.
Зерттеу объектілері. Бітіру жұмысына қажетті материалдарды негізінен қытай әдебиетінің бай бұлақтарынан ( Ахметбекқызы Г., Li Chao Yi, Алексеев В. М., Аманұлы Д. ), сондай-ақ қытай және қазақ тілдеріндегі энциклопедиялар мен сөздіктерден жинастырдық. Сонымен қатар біздің халық эпостарымыздағы қыздарды суреттеу үшін қазақ тіліндегі газеттер мен журналдардан мақалалар қолданылды. Бұдан тыс бүкіл әлемдік жүйе - интернет беттерінен де біршама мәліметтер алдық.
Зертеудің мақсаты мен міндеті. Жұмыста Қытайдың ғұн тайпаларының Қытайға үздіксіз шапқыншылығына қарсы соғысына байланысты туған тарихи жырлардың пайда болып, қалыптасу жолдарын белгілі кезең шындығымен байланыстыра қарап, сипаттама беру мақсат етіледі. Осындай өзекті мәселені шешуде төмендегідей міндеттер белгіленеді:
1. Қытайдың Ғұндармен соғысына байланысты туған тарихи жырлардың жиналу, жариялану, зерттелу деңгейін пайымдау.
2. «Мулан жырының» жанрлық табиғаты мен жырлану еркешеліктерін саралау.
3. Тарихи жыр мен тарихи шындықтың арақатынасын анықтау.
4. Мулан образының бейнелеуіне мән беру.
5. Тарихи жырлардың тәрбиелік мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс құрылымын атап өтсек, жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде берілген бітіру жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеті атап өтіліп, әр қайсысына жеке тоқталынады. Бірінші тарауда қытай халқының мұрасы - «Мулан» жыры, оның жазылу тарихы мен бірнеше ғасырға жататын нұсқалары туралы айтылады. Екінші тарауда қазақ эпостары мен тарихтағы батыр қыздар қарастырылып, «Мулан» жырымен салыстырылған. Қорытынды бөлімінде зерттеу тақырыбында жасалған жұмыстар сараланып, қорытынды, тоқ етер ой айтылады. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде жұмыстың орындалу барысында көмек болып қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
1. 1 «Мулан» жырының жазылу тарихы.
Қытай халық әндері-юе фу (б. з. д 2-6 ғ. ғ. жазыла бастаған) . Олар Хань дәуірінің (б. з. д. 2-3ғ. ғ. ), оңтүстік(махаббат лирикасы) және солтүстік дәуірдің(көбінесе әскери тақырыпта) өлеңдері болып бөлінеді. Көлемі әр-түрлі, бірақ бес иероглифтен түратыны кең тараған. Юефу-тек халық өлеңдері ғана емес, сонымен қатар әйгілі ақындардың өлеңдеріне еліктеу. Юефу жанры ең алғаш рет Цинь дәуір (б. з. д. 221-б. з. 206) кезінде пайда болды. «Юе» - (yue) музыка, «фу» -(fu) палата болса, бірігіп «музыка палатасы» деп аударылған.
Юефу жанры - Хань дәуірі кезінде (б. з. д. 206-220) кең өріс алып, б. з. д. 112 император сарайындағы халық әндерін жинап, қағазға тусіруілін басқаратын палата болды. Осыдан бастап, халық осы палата қағазға түсірген шығармаларды да юефу деп атап кеткен. [3, 44] Хань дәуірі кезінде юефу жанры қытай поэзиясының қорын байытуға көп үлес қосты. Ол Чжоу дәуірі кезінде жазылған «Әндер кітабының» («Shi jing») реализм дәстүрлерін мұраланды, Хань дәуірінің музыкалық палатасының халық әндері әлеуметтің әр бөлігін өте қарқынды және ашық түрде тойтарды. Таң дәуірі де Қтыай әдебиеті тарихының дамуына өз үлесін қосты. Таң дәуірінің ақындары Хань дәуіріндегі юефу өлеңдерінің атауларын қолданып, көптеген жаңа поэмалар жазды.
Қара сөзден қара өлеңге, одан ұлыстың үні іспетті жүрекжарды әсем халық әніне айнала салған тұла бойы сыр мен жырға тұнған, таза өрі қасиетті бір ауыз өлең. Болмыс-бітімі дербес бір өлең. Бүгінгі дүниі әдебиетіндегі ең озық үлгіге тән ішкі-сыртқы шеберліктің ең шырқау керім тұтастығы. Әдеби тарих.
«Мулан жырының» әр дәуірге жататын бірнеше нұсқалары бар. Әр дәуірде жазылса да, сюжеті, тақырыбы бір-соғысқа қартайғаннан бара алмаған әкесінің орнына Мулән қыздың өзінің аттануы.
Көлемі шағын, небәрі 332 иероглифтен тұратын мына жыр-түпнұсқасы болып саналады:
木兰辞[]
唧唧复唧唧,
木兰当户织。
不闻机杼声,
惟闻女叹息。
问女何所思,
问女何所忆。
女亦无所思,
女亦无所忆。
昨夜见军帖,
可汗大点兵,
军书十二卷,
卷卷有爷名。
阿爷无大儿,
木兰无长兄。
愿为市鞍马,
从此替爷征。
东市买骏马,
西市买鞍鞯,
南市买辔头,
北市买长鞭。
旦辞爷娘去,
暮宿黄河边。
不闻爷娘唤女声,
但闻黄河流水鸣溅溅。
旦辞黄河去,
暮至黑山头,
不闻爷娘唤女声,
但闻燕山胡骑鸣啾啾。
万里赴戎机,
关山度若飞。
朔气传金柝,
寒光照铁衣。
将军百战死,
壮士十年归。
归来见天子,
天子坐明堂。
策勋十二转,
赏赐百千强。
可汗问所欲,
木兰不用尚书郎;
愿驰千里足,
送儿还故乡。
爷娘闻女来,
出郭相扶将;
阿姊闻妹来,
当户理红妆;
小弟闻姊来,
磨刀霍霍向猪羊。
开我东阁门,
坐我西阁床,
脱我战时袍,
著我旧时裳,
当窗理云鬓,
对镜帖花黄。
出门看伙伴,
伙伴皆惊忙:
同行十二年,
不知木兰是女郎。
雄兔脚扑朔,
雌兔眼迷离;
双兔傍地走,
安能辨我是雄雌?
Түпнұсқаның аудармасы:
Есігінің алдында,
Тоқиды өрмек Мулaн қыз.
Әлсін -әлсін шығады,
Үһілеген күрсініс.
Тоқтап өрмек бір шақта,
Күшейді қыздың үһілі.
Сұрайды саған не ой түсті,
Сұрайды мұның не сыры?
Дейді қыз бөтен сырым жоқ,
Дейді жоқ ойдың да ешбірі.
Көрдім кеше шақырған,
Қағанның әскер жарлығын.
Он екі бірдей жарлықтың,
Бәрінде әкем барлығын.
Әкемде туған бала жоқ,
Алдымда тұрған аға жоқ.
Базардан ат аламын,
Әке орнына жорыққа,
Әскерге өзім барамын.
Шығыстан алып тұлпарды,
Батыстан ермен жабдыды
Солтүстіктен қамшы алып.
Жүген менен ноқтаны,
Оңтүстіктен салдырды
Қош айтып әке-шешеге,
Таңсәріден жөнеді.
Ымыртта сары өзеннің,
Бойына жетіп түнеді.
Естілмейді бақыт тілеген,
Әке менен шеше үні.
Естілед тек өзеннің,
Сарқырап аққан гүрілі.
Ертесі қош деп өзенге,
Қаратау бардық кешінде.
Естілмейді әке-шеше тілеуі,
Кісінейді тек Ғу аттары,
Қарлығаш таудың түсінде.
Жолдарды басып айшылық,
Сан белдесіп жауменен.
Құстай ұштық басынан,
Қамалдардың, тауменен.
Бақырдың шығыл сыңғыры,
Шақбаңнан соққан дауылда.
Сәулесімен түнгі айдың,
Саңлақтап сауыт-дүлыға.
Сұрапыл соғыс, сан айқас,
Сардар өліп майданда.
Он неше жыл дегенде,
Оралды сарбаз ауылға.
Жолықты ханға, хан алтын,
Отыр екен тағында.
Ағалап он екі ерлікті,
Алды және мың ділдә.
Сонда қаған сөйлейді:
Не тілегің бар дейді,
Болғын орда жігіті.
Сонда Мулән бүйдейді:
“Ұлық болғым келмейді,
Бір желмая бер”, -дейді.
Желмаямен болғаны,
Жетіп алсам ауылға.
Қызының естіп келгенін,
Бірін-бірі сүйіп ата-ана.
Сыртына шығып қорғанның,
Алдынан шығып қарады.
Әпкелері естіп келгенін,
Шаштарын түзеп тарады.
Інілері естіп келгенін,
Соятын малға қарманды
Үйіне кіріп өзінің,
Төсегіне Мулән отырды.
Сыпырып соғыс сауытын,
Көне киімін киінді.
Моншақтарын тағынып,
Шаштарын жазды түюлі.
Келгенде шыға есіктен,
Серіктері қарайды.
Қараған сайын көздері,
Бадырайып барады.
Он екі жыл жорықты,
Бірге кешіп Муләннің,
Қыз екенін кім ұқты.
Ата қоян қашан да дүбір аяқ келеді,
Ұрғашы қоян жалтаңкөз барындамас денені.
Қатарласып жүргенде бұл екеуін,
Кім ұрғашы, кім еркек қайдан ғана біледі.
Келесі «Мулан жырын»[4, 118] Таң дәуірі кезінде, Вэй Юань Фу деген кісі жазған:
木兰歌
唐 韦元甫
木兰抱杼嗟,
借问复为谁。
欲闻所戚戚,
感激强其颜。
老父隶兵籍,
气力日衰耗。
岂足万里行 ,
有子复尚少。
胡沙没马足,
朔风裂人肤。
老父旧羸病,
何以强自扶。
木兰代父去,
秣马备戎行。
易却纨绮裳,
洗却铅粉妆。
驰马赴军幕,
慷慨携干将。
朝屯雪山下,
暮宿青海傍。
夜袭燕支虏,
更携于阗羌。
将军得胜归,
士卒还故乡。
父母见木兰,
喜极成悲伤。
木兰能承父母颜,
却卸巾鞲理丝簧。
昔为烈士雄,
今为娇子容。
亲戚持酒贺父母,
始知生女与男同。
门前旧军都,
十年共崎岖。
本结弟兄交,
死战誓不渝。
今者见木兰,
言声虽是颜貌殊。
惊愕不敢前,
叹息徒嘻吁。
世有臣子心,
能如木兰节。
忠孝两不渝,
千古之名焉可灭。
怀木兰将军
唐代 无名氏
出塞男儿面,
归来女子身,
尚能降北虏,
断不慕东邻。
Бұдан басқа да нұсқалары көп. Қарап отырсақ, Отанын сүйіп, әкесін құрметтеген қарапайым қыздың батылдығы, әр дәуірдің соншама ақындарын оны жырлауға шабыттандырған.
1. 2 «Мулан» жырындағы тарихи оқиғалар-ғұндармен соғыс.
Қытайда тек қара өлең деп аталмайтын халық жырлары болған. Тарихына көз жетпейді. «Мулан» жыры V- ғасырдың ар-жақ бер жағындағы Сары өзенді сағалаған солтүстіктегі белгісіз қалың елдің арасынын жиналып, көнеден сақталған, дара музыкалы, ерекше мұқамды, бек көне халық жыры айтылған сол халық жырларының құрамына бүгінгі қытай әдебиетінің ең асыл өдеби мұраларының бірегейіне айналған. Аты шулы үлкен-үлкен мереке-мейрамдарда сахарада, сахнада және де қалың қол жорыққа аттанарда таза қытай ұлысын құраған ескі этностардың ешқайсына ұқсамайтын айрықша ұлттық аспаптармен айтылып, орындалған. Жырда Мулан қыздың далалық бейнесі, өзгеше есімі, ерен ерлігі, астына мінген сау тұлпары, ата-анасы, ел-жұрты мен туған жері, бәрі де кешегі және кейінгі қытай халқының тұтас ұлттық тарихы, мәдениет-менталитеті бейнеленген. «Мулан» жырының көлемі шағын. Жалпы жыр мәтіні небәрі 332 иероглифтен тұрады, әрі түпнұсқа болып есептелінеді. (Оның соңғы 22 иероглифі IX-ғасырдағы сарай ақындары немесе әдеби қызметкерлер жағынан қосылуы да мүмкін) [5, 2] Бүгінгі таңда аталмыш жыр Қытайдағы әр ұлт тіліндегі орта мектеп және барлық жоғарғы оқу орындарының көркем әдебиет шығармалары жинағы мен әдебиет тарихының тұтас оқулықтарына жаппай енгізіліп, онда аталмыш жырды қытай әдебиеті толық тарихындағы ең үздік туынды деп ашып көрсетеді. Әрі ең таңдаулы үлгі ретінде 56 ұлттан тұратын күллі қытай халқының отаншылдық, ұлттық рухын тек осы жырмен желпіндіріп, жетілдіріп, ел мен жерге деген намысын қозғап, махаббатын қайрайды. Ескі Ғу (ху және көне түрік) тілінен ежелгі қытай тіліне алғаш долбарланып, кесіп-пішіп, кезең сайын күзеп-түзеп жаңартып, көп кәдеге жаратып, көне тарихында атасынан қалған асылдай аялап, сан ғасыр сақтап келген.
Тұтас бір ұлттың 3500 жылдық әдебиет тарихында кейінгі және қазіргі әдебиетті-ғалымдарға жапанға шыққан жалғыз тіректей тосын әсер берген себепті де, жыр туған жылдар туралы тұспал қытай әдебиетінде алуан түрлі. Тарихшы-әдебиетшілердің бір тобы аталған жырды өз тарихының Хан-Вэй патшалықтары (б. д. д. 206-265 ж. ж. ) дәуірінде туған десе, екінші тобы, қытай тарихының оңтүстік-солтүстік патшалықтар (б. д. 420-581ж. ж. ) кезеңінде өмірге келді деген пікірді ұсынады. Соңғы топ, Сүй-Таң заманында (б. д. 581-907 ж. ж. ) халық арасында туылған деген байламға тиянақтайды. Енді, мүлдем оқшау көзқарастағылар сөз болған бұл жырды арғы-бергі дәуірлердің белгілі ақындарының қаламынан жаратылған жазба әдебиетке тәуелді туынды деп қарайды. Алайда тайталасқа толы бұл көзқарастардың ішінде дегенмен екінші топтың пікірі күні бүгінге дейін басымдылық байқатып келеді. Жырда ел шетіне жау тигенде ер жігітше киініп, әке орнына ерлерше жорыққа аттанып, он екі жыл соғыс салып, жауды жеңіп, елге елге еңселі оралған батыр қыздың даңқты да ержүреқ, ерлік ізгіліктері әсерлі әшекейленген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz