Асқазан, өңеш, сүт безі және аталық без ісіктері: этиологиясы, патологиялық анатомиясы және жіктелуі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Асқазан рагы. Қазақстанда қатерлі ісіктер арасында бірінші орында тұрып рактың 40%ын құрайды.

Этиологиясы. Асқазан рагының дамуында ракалды сырқаттардың маңызы зор. Оларға асқазан жарасы, безді полиптер, созылмалы гастрит жатады.

Жіктелуі.

1. Экзофитті экспансивті өсуі басым рактар: Жазық рак; Полипозды рактар; Саңырауқұлақ тәрізді рак;

2. Эндопифті инфилтративті өсуі басым рактар; Сіңбелі жаралы рак; Диффузды рак;

3. Экзо эндофитті, аралас түрде өсетін рактар: бір біріне өтетін түрлер

Потологиялық анатомиясы. Жазықталған рак асқазан рагының алғашқы, басталу кезеңінің бірі болып, шырышты қабықтың 2-3см көлемінде сәл қалыңдауымен сипатталады.

Полипозды рак көлденеңі2-3см домалақ түйін түрінде көрінеді, кейде оның сыртында майда бүрлер көрінеді.

Саңырауқұлақ тәрізді рак полипозды рактың асқазан ішіне қарай өсуіне байланысты дамиды.

Асқазан рагы лимфа және қан арқылы метазтаздар береді. Лимфа жолдары арқылы ісік жасушалары тек аймақтық лимфа түйіндерінде ғана емес басқа жерлердегі түйіндеріне де жетеді. Кейде рак жасушалары лимфа ағымына қарсы бағытта таралады.

Асқыну түрлеріне асқазандағы рак тінінің некрозына байланысты дамитын: асқазан қабырғасының тесіліп кетуі, қан кету және қабыну жатады. Интоксикация нәтижесінде және асқорыту жүйесінің істен шығуына байланысты науқастарда рактық кахексия дамиды.

Өнеш рагы. (Қылтамақ) . Қазақстанда жиі ұшырайтын қатерлі ісіктердің бірі.

Этиологиясы. Қылтамақтың даму себептеріне арақты салына ішу, тамақты, шайды ыссы күйінде ішу, насыбай ату, ысталған балықты жеу және басқа факторларды кіргізуге болады. Бұл ауру негізінен өңештің орта және төменгі бөліктері арасында кездеседі. Сыртқы көріністеріне қарап скиррозды, ми тәрізді және бүртікті түрлерін ажыратады. Скирозды рак өнеш қабырғасында бір тегіс таралып оның белгілі бір бөлігін шеңбер тәрізді қысып тарылтып қояды, консистенциясы қатты болады. Ойықты рак өнештің ішіне қарай өсіп. өзінің жұмсақтығына байланысты тез некрозданады, оның арасында ойықтар пайда болады. Бүртікті рак қіеш қабырғасынан оның қуысына қарай өседі. Ісік көптеген ағзаларға лимфа жолдарымен таралады. Ал қылтамақ үшін айналасындағы ағзаларға өсіп таралудың орны ерекше. Ол кеңірдекте, бронхтарда. плевраға, өкпеге кіріп көптеген асқынуларға әкеліп соқтырады. Өнеш пен кеңірдек арасындағы жыланкөз, тамақтың тыныс жолдарына түсуіне, аспирациялық певмонияның өкпе абсесі мен гангренасының, плевра эмпиемасының дамуына медиастинтке алып келеді. Ал басқа жағдайларда ісікке байланысты өәештен ас өтпей қалып науқас кахексиядан өледі.

Сүт бездерінің ісіктері

Сүт безіне тән қатерсіз ісіктерге фиброаденома жатады. Бұл ісік түйін тәрізді өсіп, консистенциясы қатты болады. Микроскоптық көрінісиеріне қарап оларды интраканаликулярлық аденомаларға бөледі. Интраканаликулярлық аденомада олар өзекті ацнала жайғасады.

Өзек ішілік папилома. Әдетте бұл көлденеңі 1см ден аспайтын жеке түйін түрінде өседі. Микроскопта қарағанда ісіктің сүт безі жолдарының ішінде бүртіктеніп өсетіндігі көрінеді. Сұт бездерене тән қатерлі ісіктерге бөлікшеішілік сіңіп өспейтін рак; өзекшілік сіңіп өспейтін рак, сіңіп өсетін рактар және Педжет ауруы жатады.

Педжет ауруының үш морфологиялық белгілері бар: 1) Емізік және оның айналасындағы экземаға ұқсас өзгерістер 2) Осы жердегі эпителий жасушаларын арасында өзгеше бір ірі ашық реңді, ядролары домалақ гиперхромды немесе ақшыл Педжет жасушаларының болуы 3) Сүт безі өзегінің рагы Головинің болжамы бойынша, Педжет ауруы бір жерден емес, ауқымды ісік алаңынан, емізік эпителиінен, ірі және әрәде жатқан майда сүт безі өзегінен бір мезгілде дамитын рак. Бұл рактың өсіп өнуі аймақтары басып алуы арқылы жүреді.

Сіңіп өсуші ісіктер

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының гистологиялық жіктеуі бойынша сүт бездеріндегі инвазиялық рактардың мына түрлерін ажыратады.

1 Инвазиялық өзектік карцинома

2Педжет ауруымен бірге дамитын инвазиялық өзектік карцинома

3. медуллярлық рак

4. Каллойтты рак

5. Тубулярлық рак

Аталық безінің ісіктері

Аталық без ісіктерінің гистиогенезі өте күрделі. Аталық без ісіктерінің негізгі тобы жетілмеген жыныстық және ұрықтық жасушалардан өседі. Оларды герминогендік ісіктер деп атайды, олар ісіктердің 95%ын құрайды. Без саркомасынан өсетін ісіктер болса герминогендік емес ісіктерге жатады, олар 5%ды құрайды.

Герминогендік ісіктер . Қатерлі ісіктерге жатады. Олар негізінен 15-34 жас аралығында кездеседі.

Халықаралық жіктелу бойынша герминогедік ісіктерге: Семинома, спермацитарлық семинома, Эмбриондық рак, сары қапшық ісігі, полиэмбриома, хариокарцинома, тератомалар кіреді. Бұл ісіктер бір типтегі жасушалардан түзілетін ісіктер. Одан басқа күрделі типтегі жасушалардан түзілетін ісіктер бар: Тератокрацинома жіне т. б Герминогендікк ісіктерге лейдигома, сертолиома, гранулезожасушалық ісіктер және күрделі құрылысқа ие немесе жетілмеген ісіктер кіреді.

Семинома. Герминогендік ісіктердің ішіндегі ең жиі кездесетін қатерлі ісік. 40жас семиноманың ең көп кездесетін кезі. Ісік тез өсіп аталық без қалыптыдан 5-10есе үлкейеді. Әдетте бұл ісік бір типтегі, шекаралары анық, цитоплазмасы ашық жасушалардан түзілген. Стромасы өте аз, ол жерде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өңеш, асқазан, шектер, бауыр және ұйқы безінің функционалдық анатомиясы мен дамуы; ішперденің анатомиясы және даму ақаулары
Рахит: этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы және клиникалық көрінісі мен жіктелуі
Жатыр, жатыр мойны және аналық без ісіктері: классификация, клиника, диагностика және ем
Атеросклероз: этиологиясы, патологиялық анатомиясы және клиникалық кезеңдері
Аналық және аталық бездердің ісіктері: патология, клиника және емдеу принциптері
Бүйрек ауруларының патологиялық анатомиясы: морфологиялық ерекшеліктері мен жіктелуі
Ас қорыту жүйесі: өңеш анатомиясы, дивертикулдары және негізгі аурулары
Аусыл ауруының этиологиясы, патологиялық-анатомиясы және эпизоотиялық басқару шаралары: ірі қара малындағы клиникалық-патологиялық зерттеу (ШҚО, Тарбағатай ауданы)
Ас қорыту жүйесінің патологиясы: асқазан, ішек, ұйқы безі және бауырдың бұзылыстары
Сүт безінің қатерлі ісігі: анатомиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz